Көркемдік тәжірибе және ақындық шеберлік



Адамзат тарихына аласапыран әкелген жиырмасыншы ғасырдың алғашқы жиырма жылындағы сан қилы саяси-тарихи өзгерістер қазақ ақындарының тағдыры мен танымына, тұрмысына, сол арқылы әдебиеттің де сипаттарына едәуір ықпал жасады.
Бұған дейінгі адамзат тарихында болып көрмеген, құрылысы, идеялық нысанасы мен идеологиясы басқаша қоғам құруға талаптанған мемлекет өз территориясында тұратын елдің күллі өміріне күрт өзгерістер әкелді. Тұрмысқа, рухани өмірге саналуан жаңалықтар ене бастады. Сондықтан мұндай аласапыран кезеңде болмыс туралы санқилы ұғымдардың орын алуы, соған сәйкес қақтығыстардың әралуандығы – заманның қаншалықты күрделіленгендігінің белгісі. Міне, осының барлығы көркем әдебиетте әр деңгейде көрінді. Әу баста гуманистік принциптер, идеялар түрінде белгі берген идеологиялық бағыт жиырмасыншы жылдардың екінші жартысынан бастап, саяси-қоғамдық мәні тереңдеп, мемлекеттің өмір сүру нормасына айналуға, қоғамдық санаға пәрменді жетекші болуға бет бұрды.
Тұрмыстық-әлеуметтік тіршіліктің ғасырлар бойы, оған қоса бертінгі отаршылдық дәуірінде қалыптасып үлгерген ерекшеліктері қолма-қол бұзылуы, үйреншікті, «кәдуілгі» тірліктің астаң-кестең сапырылысуы, әсіресе мемлекеттік билік басындағылардың жергілікті жағдай айрықшалығын ескермей, әлеуметтік-қоғамдық, тарихи өзгерістерді жөн-жосықсыз асығыс жүзеге асыруы сан алуан қиындықтар мен қайшылықтарды көбейте түсірді. Күллі мемлекет ішінде саяси науқанның, кейін ұзақ жылдарға созылған жүйелі озбыр науқанның алғашқы кезеңі басталды.
Міне, осындай жағдайда өмір сүрген қазақ әдебиеті, оның ішінде поэзия ақындардың өмірлік-көркемдік тәжірибесі мен қалыптасқан талғамына, өмірлік көзқарасына қарай сыр-сыпаты әрқилы шығармалар арқылы салаланды.
Бұл кезде жаңа мерзімді басылымдар көптеп ашылып, көркем шығармалар бұрнағы кезеңдермен салыстырғанда, молырақ жарық көре бастады. Әсіресе, айрықша көрінгені – екі көркемдік платформа. Біріншісінде әдебиеттегі көркемдікті ең алдыңғы орынға қойған Мағжан Жұмабаев айрықшаланса, екінші тұрғыда ең алдымен жаңа қоғамның идеяларын жалау еткен Сәкен Сейфуллин көшбасшы ретінде тұлғаланды. Сонымен бірге жиырмасыншы жылдар поэзиясында ислам гуманизмімен құнарланып, Шығыс, Батыс әдебиеті мен философиясының құндылықтарын салмақтаған Ш. Құдайбердіұлы творчествосы арқылы көрінген философиялық лирика тағы да көрінді.
Халқымыздың рухани қажеттілігін қанағаттандыруда ауыз әдебиеті, халық шығармашылығы өкілдері де өнімді, игілікті қызмет атқарғаны талассыз.
М. Жұмабаев творчествосы – отаршылдық кезеңінде күйзелген қазақ әдебиетін әлем әдебиетінің деңгейіне көтерген, психологиялық-көркемдік иірімдер мен әлем поэзиясына жаңа өрнектер мен бояулар қосқан эстетикалық құбылыс, көркемдік жаңалық. Ол поэзиямыздың эстетикалық әлемін тың бояулармен, күрделі сезімдік әлеммен байытып, жаңа биікке көтерді. Қазақ поэзиясының ғасырлар бойы қалыптасқан бай дәстүрінен, фольклор мен ауыз әдебиеті құнарынан еркін, табиғи нәр алған ақын Шығыс пен Батыс әдебиетінен де мол сусындап, өзіндік эстетикалық әлем қалыптастырды.
Ақын шығармашылығының өзіндік эстетикалық әлемін айқындаған қазыналар ретінде бірден көзге түсетіні – өзіндік образдар және образдық сонылықтары, соны толғам сарындары, түрікшілдік, лирикалық кейіпкердің рухани мөлдірлік қуаттандырған асқақтығы (Мағжанға дейінгі ақындарда мен – күнмін, пайғамбармын…, деп келетін сарындар бұлайша өр дауыспен айтыла бермейді) мен көлгірсуден аулақ сыршыл сезімталдығы. Оның лирикалық кейіпкері бұған дейінгі қазақ өлеңіндегі ешкімге ұқсамайды. Бұған дейінгі қазақ жырындағы кейіпкер субъективті өмірі жайында әсіресе жан дүниесіндегі құпияларды жайып салуға, бар шындығын ағыл-тегіл ақтарып салуға соншалықты пәрменді құштарлық білдіре қоймаса, енді лирикалық кейіпкер өзінің осалдығын да, қуатын да жасырмайды, күлбілтелеп, күмілжімейді. Бойын кернеген саналуан сезім-толғаныстарын, толғамдарын іркіп, өзін өзі сақтандырып немесе тежеп, тиып ұстаудан мүлдем аулақ. Әсіресе ынтық сезімдерді жасырмай, ақтарып айтуға құлықты. Жан сырын жарық дүниеден қымтамай, тұмшаламай, көз жасындай мөлтілдетіп, таң шығындай мөлдіретіп жеткізеді, не айтса да ағынан жарылып, адалын айтады. Лирикалық кейіпкер субъективті толғаныстарын былай қойғанда, әмбеге ортақ, драмалық сезім арпалыстары арасында да өз түйсігімен, өз түсінік-тұрпатымен дараланады.
1. Жұмабаев М. Шығармалары. Үш томдық. А.,1995, 1 том, 75-бет.

Пән: Әдебиет
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 6 бет
Таңдаулыға:   
КӨРКЕМДІК ТӘЖІРИБЕ ЖӘНЕ АҚЫНДЫҚ ШЕБЕРЛІК

Ыбырайым Б. - ф.ғ.д., профессор (Алматы қ-сы, ҚазмемқызПУ)

Адамзат тарихына аласапыран әкелген жиырмасыншы ғасырдың алғашқы жиырма жылындағы сан қилы саяси-тарихи өзгерістер қазақ ақындарының тағдыры мен танымына, тұрмысына, сол арқылы әдебиеттің де сипаттарына едәуір ықпал жасады.
Бұған дейінгі адамзат тарихында болып көрмеген, құрылысы, идеялық нысанасы мен идеологиясы басқаша қоғам құруға талаптанған мемлекет өз территориясында тұратын елдің күллі өміріне күрт өзгерістер әкелді. Тұрмысқа, рухани өмірге саналуан жаңалықтар ене бастады. Сондықтан мұндай аласапыран кезеңде болмыс туралы санқилы ұғымдардың орын алуы, соған сәйкес қақтығыстардың әралуандығы - заманның қаншалықты күрделіленгендігінің белгісі. Міне, осының барлығы көркем әдебиетте әр деңгейде көрінді. Әу баста гуманистік принциптер, идеялар түрінде белгі берген идеологиялық бағыт жиырмасыншы жылдардың екінші жартысынан бастап, саяси-қоғамдық мәні тереңдеп, мемлекеттің өмір сүру нормасына айналуға, қоғамдық санаға пәрменді жетекші болуға бет бұрды.
Тұрмыстық-әлеуметтік тіршіліктің ғасырлар бойы, оған қоса бертінгі отаршылдық дәуірінде қалыптасып үлгерген ерекшеліктері қолма-қол бұзылуы, үйреншікті, кәдуілгі тірліктің астаң-кестең сапырылысуы, әсіресе мемлекеттік билік басындағылардың жергілікті жағдай айрықшалығын ескермей, әлеуметтік-қоғамдық, тарихи өзгерістерді жөн-жосықсыз асығыс жүзеге асыруы сан алуан қиындықтар мен қайшылықтарды көбейте түсірді. Күллі мемлекет ішінде саяси науқанның, кейін ұзақ жылдарға созылған жүйелі озбыр науқанның алғашқы кезеңі басталды.
Міне, осындай жағдайда өмір сүрген қазақ әдебиеті, оның ішінде поэзия ақындардың өмірлік-көркемдік тәжірибесі мен қалыптасқан талғамына, өмірлік көзқарасына қарай сыр-сыпаты әрқилы шығармалар арқылы салаланды.
Бұл кезде жаңа мерзімді басылымдар көптеп ашылып, көркем шығармалар бұрнағы кезеңдермен салыстырғанда, молырақ жарық көре бастады. Әсіресе, айрықша көрінгені - екі көркемдік платформа. Біріншісінде әдебиеттегі көркемдікті ең алдыңғы орынға қойған Мағжан Жұмабаев айрықшаланса, екінші тұрғыда ең алдымен жаңа қоғамның идеяларын жалау еткен Сәкен Сейфуллин көшбасшы ретінде тұлғаланды. Сонымен бірге жиырмасыншы жылдар поэзиясында ислам гуманизмімен құнарланып, Шығыс, Батыс әдебиеті мен философиясының құндылықтарын салмақтаған Ш. Құдайбердіұлы творчествосы арқылы көрінген философиялық лирика тағы да көрінді.
Халқымыздың рухани қажеттілігін қанағаттандыруда ауыз әдебиеті, халық шығармашылығы өкілдері де өнімді, игілікті қызмет атқарғаны талассыз.
М. Жұмабаев творчествосы - отаршылдық кезеңінде күйзелген қазақ әдебиетін әлем әдебиетінің деңгейіне көтерген, психологиялық-көркемдік иірімдер мен әлем поэзиясына жаңа өрнектер мен бояулар қосқан эстетикалық құбылыс, көркемдік жаңалық. Ол поэзиямыздың эстетикалық әлемін тың бояулармен, күрделі сезімдік әлеммен байытып, жаңа биікке көтерді. Қазақ поэзиясының ғасырлар бойы қалыптасқан бай дәстүрінен, фольклор мен ауыз әдебиеті құнарынан еркін, табиғи нәр алған ақын Шығыс пен Батыс әдебиетінен де мол сусындап, өзіндік эстетикалық әлем қалыптастырды.
Ақын шығармашылығының өзіндік эстетикалық әлемін айқындаған қазыналар ретінде бірден көзге түсетіні - өзіндік образдар және образдық сонылықтары, соны толғам сарындары, түрікшілдік, лирикалық кейіпкердің рухани мөлдірлік қуаттандырған асқақтығы (Мағжанға дейінгі ақындарда мен - күнмін, пайғамбармын..., деп келетін сарындар бұлайша өр дауыспен айтыла бермейді) мен көлгірсуден аулақ сыршыл сезімталдығы. Оның лирикалық кейіпкері бұған дейінгі қазақ өлеңіндегі ешкімге ұқсамайды. Бұған дейінгі қазақ жырындағы кейіпкер субъективті өмірі жайында әсіресе жан дүниесіндегі құпияларды жайып салуға, бар шындығын ағыл-тегіл ақтарып салуға соншалықты пәрменді құштарлық білдіре қоймаса, енді лирикалық кейіпкер өзінің осалдығын да, қуатын да жасырмайды, күлбілтелеп, күмілжімейді. Бойын кернеген саналуан сезім-толғаныстарын, толғамдарын іркіп, өзін өзі сақтандырып немесе тежеп, тиып ұстаудан мүлдем аулақ. Әсіресе ынтық сезімдерді жасырмай, ақтарып айтуға құлықты. Жан сырын жарық дүниеден қымтамай, тұмшаламай, көз жасындай мөлтілдетіп, таң шығындай мөлдіретіп жеткізеді, не айтса да ағынан жарылып, адалын айтады. Лирикалық кейіпкер субъективті толғаныстарын былай қойғанда, әмбеге ортақ, драмалық сезім арпалыстары арасында да өз түйсігімен, өз түсінік-тұрпатымен дараланады.
Бойындағы осалдығын да, озаттығын да бүгіп қалуды, демек, көлгірсуді білмейтін кейіпкер ашықтығымен, адалдығымен, сыршылдығымен бөлекше бітім танытты. Толқымалы, өзгермелі көңілдің бүгін былай, ертең олай құштарлықтары Мағжан Жұмабаевқа дейінгі қазақ поэзиясында дәл осыншалық ағыл-тегіл, дәл осыншалық үздіксіз, жүйелі төгіле бермейтін.
Орхон-Енесай ескерткіштеріндегі басқаға бас июді білмейтін жауынгерлік рух, Ж.Баласағұн, А.Иассауи, А.Иүгінеки, С.Бақырғани, Хорезми, С.Сарай, т.б. дастандарындағы заман - қоғам - адам үштігін мәңгілік мұраттар, ислам идеялары тұрғысынан терең таразылауға ұмтылған философиялық пайымдаулар, осы бағыттағы көркемдік ізденістерді одан әрі жалғастырған кітаби ақындар шығармаларында аталған үштік мәселесін айнымас асыл гуманистік мұраттар тұрғысынан бажайлап, адам мен қоғамның этикалық тазалығын, нормасын іздеген, бұларды өмірлік қажеттілік пен тіршілік дағдысына айналдыруды көздеген, соның жолдарын табуға құшырланған лирикалық кейіпкерлердің толғаныстарында көбіне заман қалыптастырған ішкі сабыр, тереңде жатқан ұстамдылық аңғарылатын.
Махаббат кешулерін өмірдің белгілі бір кезеңдегі эстетикалық-субъективті нормасы мен рухани нысанасы ретінде сұлулап сырлаған сал-серілер (Біржан, Ақан, Балуан Шолақ, Жаяу Мұса, үкілі Ыбырай, т.б.) поэзиясы да қалыптасқан дәстүр мен заман нобайлаған шеңберден аса қоймайтын. Тек Абай шығармашылығында ғана ежелден бергі рухани-тарихи даму орнықтырған дәстүр шеңберінен шығып, лирикалық кейіпкердің тек өзіне ғана тән субъективті сезім буырқаныстарын айқын, айбынбай ажарлау мен айшықтау көріне бастады. Абайдың ұстамдылығы заман нормаларына, заңына бағыну, көз жұмып, соған мойын ұсынудан емес, өз көңілі ұйыған, өз көзі жеткен сенімнен, болмыс құбылыстарын таразылаған өз танымынан туған. Жеке адам немесе мораль типтері, махаббат, табиғат, т.т. қай-қайсысы да лирикалық кейіпкерлерді ең алдымен философиялық аяда толғандырады да, ақын поэзиясы әсіресе осы қырымен айрықшаланады.
Ақындық "меннің" сипаты мен сырынан хабар беретін лирикалық кейіпкер сомдауда бұрыннан мол тәжірибе жинақтаған қазақ поэзиясына Мағжан жырлары әкелген кейіпкер өз бойында жоқты бар ғып көрсетуге ұмтылып тыраштанбайды, ақылгөйсімейді. Ақтарып айту бар да, асыра айтудан аулақ. "Гүлмін", "күнмін" деуі - күшенуі емес, тарихынан тамыр алған, оның бағасын таныған отаншыл рухтың өз қадірін өзі сезініп, асқақ парлауы, еңсесін езгіге бастырғысы келмеген өр кеуденің ноқтаға мойын ұсынғысы келмеген арда асаудай аспанға шапшып қарсыласуы.
Осынша өр, асқақ кейіпкер - енді бірде бала, енді бірде дана. Қол созым жердегі ғашығына қолы жетпей, жалындап жаны күйіп, азап шеккенде, төгілген көз жасын да жасыра алмайды. Бұл - жан дүниесінің тазалығы, мөлдірлігі, "адалымды айтсам, жақпай қаламын-ау" деген қауіп-ойдан аулақ сенгіштігі. Лирикалық кейіпкер осындай адалдығымен, риясыздығымен баурайды, сендіреді. Осындай соны бітімді кейіпкер - М.Жұмабаев поэзиясындағы жаңалықтардың бірі деп айтуға лайықты. Идеялық аңсар-принцип, сарын ретінде белгі берген түрікшілдік те онымен тұстас немесе алдындағы ақындарда дәл Мағжандағыдай айқын дауыспен аршындап, алға шығып көріне бермейді.
Бұл орайда ғасыр басындағы және сол тұстағы түркі халықтары зиялылары көтерген идеялар Мағжанға жақсы таныс болғаны, ақынның өмір шындығын, тарихын бел-белестерді өз сүзгісінен өткізгені, сенімі өлеңдегі сырына айналғаны аңғарылады. И. Гаспиринскийдің толғаныстары қазақ даласына да жетіп, М. Жұмабаевқа да әсер еткенге ұқсайды. Автор бұл жайында арнайы атап көрсетпегенімен, кезінде белең алған идеялық сарынның жалпы қазақ зиялыларына да жақсы таныстығы тарихтан мәлім.
Мағжан поэзиясының өзіндік эстетикалық әлемін қалыптастыратын субъективті факторлар ретінде жаңа образдар және образдылық сонылықтар, соны толғам-сарындар (мәселен, түркішілдік, лирикалық кейіпкердің мөлдір сезімнің асып төгіліп жатуы, қуаттылығы, рухани тазалығы, аса асқақтығы. Мағжанға дейінгі ақындарда мен - күнмін, пайғамбармын... деп келетін сарындар кездесе қоймайды) мен көлгірсуден аулақ сыршыл сезімталдық атап айтуға лайықты. Оның өлеңдерінде символизм түрлі қырынан көрініп, түрлі тұрғыдан пайдаланылады. Ақын символизмнің өзіндік мүмкіндіктерін кәдеге жаратумен бірге өмірлік мегзеуі машақатсыз-ақ табылатын астарлық-жинақтаушылық қуат қосып, лирикалық кейпкердің субъективті сезімі немесе ой-аңсарымен табиғи өрілген суреткерлік концепцияны бейнелейтін астарлы байыптау дарыту арқылы символизмді таза эстетикалық ағым ғана емес, ауқымы одан әлдеқайда кеңірек эстетикалық-философиялық жүйеге көтерді деп айтуға болады.
Әрине, символизмнің де өз философиясы бар. Дегенмен М. Жұмабаев поэзиясындағы символизм таза осы түрдегі ағым, құбылыс ыңғайында ғана қалмайды, өмірлік тиянағы нық, реалистік мегзеуі мен романтикалық аңсары қабаттасқан жаңа құйма секілді. Сырт қарағанда, біркелкі символистік бояулардан құралған секілді көрінетін өлеңдерінің өзінде де реалистік-романтикалық астарлар бірін бірі толықтырып, бірінен бірі туындап жатады. Бұл мәселе алдағы уақытта арнайы зерттелгені игі.
Ақынның лирикалық кейіпкері субъективті толғанысымен бірге әмбеге ортақ, жалпыға мәлім драмалық сезім кешулерімен ерекшеленеді. Бұл сипат Қазан төңкерісіне дейінгі де, одан кейінгі де өлеңдеріне тән. Жиырмасыншы жылдарда кемеліне келген ақынның Мені де өлім, әлдиле секілді туындыларынан күрделі конструкция, символизм мүмкіндіктері - ой ишаралау тәсілдері мен бейнелеу құралдары белгілі бір өмірлік құбылыстар немесе абстрактылық арқылы микроәлем жасаудан гөрі көркемдік концепцияны бейнелеуге қызмет еткен, демек, өзіндік эстетикалық-философиялық көру мен байыптау жүйесін қалыптастырғаны аңғарылады.
Жиырмасыншы жылдардағы қазақ поэзиясына Мағжан Жұмабаев әкелген жаңалықтардың бірі - бейнелеу мүмкіндіктерін молайтатын, көркемдік әлемді байыта түсетін эстетикалық конструкцияны көркемдік концепцияны жеткізуге шебер пайдалануы. Алғаш рет біз қолданып отырған бұл терминге мынадай ұғым сиғызуға тырыстық. Эстетикалық конструкция дегеніміз ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
ҚАЗАҚ ПОЭЗИЯСЫНДАҒЫ ДӘСТҮР МЕН ЖАҢАШЫЛДЫҚ
А. Нұрқатовтың әдебиетке қосқан үлесі
Абай дана Абай дара
Абай шығармашылығындағы нәзира дәстүрі
Зейнолла Серікқалиевтің публицистикасы
Табиғат лирикасы. Абай поэмаларының тарихи, көркемдік негіздері
Ж.АЙМАУЫТҰЛЫ – ӘДЕБИЕТ СЫНШЫСЫ
Абай шығармаларындағы назирагөйлік дәстүрдің зерттелу жайы
XIX ғасыр қазақ әдебиетіндегі нәзиралық шығармалар
И. Оразбаев поэзиясының шеберлік тұғыры
Пәндер