Геодезия пәнінен


Кіріспе

Өнеркәсіптік кәсіпорындар белгілі өнімді өндіруді және шығаруды қамтамасыз ететін құрылыс кешені болып саналады. Оның құрамына кіретін өндірістік қызметті атқаратын құрылыстар өнеркәсіптік деп аталады. Оларға мыналар жатады: арнайы ғимараттар, оларда белгілі технологиялық процесс жүргізіледі, олармен байланысты энергетикалық, қуаттық және басқа да қондырғылардың ғимараттары; қоймалық бөлмелер, оның ішінде ; жерасты және жер үсті коммуникациялары және т. с. с. Өзінің көлемдік-орналасу және құрылымдық шешілуіне қарай өнеркәсіптік ғимараттар жоғары әр түрлілігімен ерекшеленеді, олар атқаратын қызметіне, технологиялық процестер операцияларының тізбектілігіне, жабдықтардың орналасуына және габариттеріне байланысты болады.

Өнеркәсіптер ғимараттар бір қабатты және көпқабатты, бірқалыпты және көпаралықты болып жобаланады. Бірқабатты ғимараттың негізгі құрылымдық қаңқалық элементтері бағаналар ғимараттың бойлық және көлденең бөлу өсьтері торына сәйкес орналасады. Бойлық өсьтері арасындағы қашықтық- аралық, ал көлденең өсьтеріндегісі- бағаналар адымы деп аталады. Бағаналар іргетасқа орнатылады. Бағаналардың бойлық байланысы стропила асты фермаларының және іргетастық мәткелер көмегімен, ал көлденең байланыс стропилалық фермалармен жүзеге асырылады. Жабулар және қабырғалар панельдерден салынып көтеріледі. Көпірлік кранның жабдығы үшін кран астындағы мәткелер тірек болып саналады.

Геодезия - жер туралы өте ежелгі ғылымдардың бірі. Адамзаттың бағзы заманда жер бетінде қашықтық пен ауданды өлшеудегі ашқан заңдылықтары геометрия мен геодезияның ғылым ретінде дүниеге келуіне негіз болды. Грек тілінен аударғанда геодезия сөз жерді бөлу деген мағынаны береді. Қазіргі заманғы геодезияның жерді бөлу мағынасы шеңберінен әлдеқайда шыққаны белгілі, яғни айтқанда бұл ғылым саласының қолданылмайтын жері жоқ. Біздің көріп тұрған, отырған, айналамызды қоршап тұрған барлық құрылыс зерзаттары геодезиялық жұмыстарды орындау нәтижесінде іске асқан.

Геодезия- жердің немесе оның жекелеген бөліктерінің пішіні мен көлемін, жерді карталар мен пландарға түсіру, сол сияқты адамның инженерлік қызметінің сан алуан міндеттерін атқару мақсатында жер бетін өлшеу әдістерін зерттейтін ғылым.

1 Геодезия бөлімі

1. 1 Инженерлік-геодезиялық жұмыстардың жоспарлануы

Үлкен құрылыс алаңдарындағы инженерлік-геодезиялық жұмыстарды жобалау мен жоспарлау үшін алдымен құрылысқа қажетті ережелермен танысып алған жөн, бұл ережелер құрылысты монтаждау жұмыстары кезінде үлкен рөл атқарады.

Үлкен өндіріс орындары мен кәсіпорындардың, биік объектілердің, өте күрделі жоспарланған объектілердің, тұрғын үйлердің, қоғамдық және әкімшілік ғимараттардың проектілерін ұйымдастыру өте жауаптылықты, әрі білімділікті талап етеді. Осы аталған жобаларды ұйымдастыру технологиялық жағынан құрылысты монтаждау жұмыстары барысында және де технологиялық ерекшеліктерді геометриялық жағынан қамтамасыз ету барысында да маңызды рол атқарады (1 - сурет ) .

1 - сурет

Инженерлік-геодезиялық жұмыстарды ұйымдастыру, яғни құрылысты жобалау барысында, құрылыстың белгіленген межеде бітуі немесе құрылыстың уақытында салынып бітуі және де құрылыстың монтаждау жұмыстарының сапалы жағдайда орындалуы яғни жобада белгіленгендей болып орындалуы үшін мынандай талаптар қояды: алдымен геодезиялық жоспар құрылуы шарт, содан кейін негізгі құрылысқа қажетті құжаттардың болуы керек, бұл айтылған құжаттар мен жоспарлар геометриялық өлшеулер мен құрастыруларды техникалық дәлдікпен қамтамасыз ету үшін қажет. Негізгі керекті геодезиялық жұмыстар - басты және негізгі ғимараттар мен нысандардың құрылысын қадағалайды және объектілердің кеңістіктегі геометриялық дәлдігін бақылайды.

Инженерлік-геодезиялық жұмыстарды бақылау және ескертпелер айту құрылысты монтаждау жұмыстары кезінде үлкен рөл атқарады. Құрылыс объектілеріндегі инженерлік-геодезиялық түсірістерді және жоспарларды белгіленген межеде орындау құрылыстың сапасына тікелей әсер етеді және инженерлік-геодезиялық құжаттарды уақытында жасақтау мен геометриялық жобалаулар құрылыстың негізгі элементі болып табылады. [1]

Өте қиын және ірі объектілерді халық шаруашылығында және түрлі құрылымдарда тиянақты ұйымдастыру үшін мына жағдайлар маңызды. Жедел түрде инженерлік-геодезиялық жоспарды құрылысты монтаждау алаңдарында тиімді пайдалану арқылы құрылыс алға басады және техникалық жағынан жедел басқаруда маңызды рөл атқарады. Құрылысты монтаждау жұмыстарын білікті кадрлар немесе мамандар олар инженерлер, техника мамандары және білікті жұмысшылар қажет. Сонымен қатар түрлі құрылысқа қажетті приборлар, керекті құрал - жабдықтар, транспорт құралдары, және де материалдардың болуы және техникалық журналдардың болуы да құрылыстың жақсы бітуіне әсер етеді. [2]

1. 2 Алаңды вертикаль тегістеу кезіндегі геодезиялық жұмыстар

Вертикаль тегістеу жобалары қала көшелері және жолдары, автомобиль жолдары, аэродромдар, құрылыс және өнеркәсіп алаңы жобаларының құрам бөлігіне кіреді.

Вертикаль тегістеудің негізгі мақсаты мынадай:

  1. жер бетінің жауын-шашын және шаруашылық суын алаң сыртына немесе жерасты канализация жүйесіне бұру;
  2. қала көшелері мен алаңдарын, автомобиль жолдарын, аэродромдардың ұшу-қону жолақтары бағытын және оларды бірқалыпты пайдалануды қамтамасыз ететін жер бетін рауалы ылдилыққа келтіру;
  3. инженерлік құрылыстарды орналастыру және олардың келешшекте қызмет етуі қолайлы болу үшін жер бетін ұйымдастыру, жер бедерінің ақаулығын анықтау және жою;
  4. барлық жер үсті инженерлік құрылыстарын және жерасты коммуникацияларын өзара үйлестіріп жобалау.

Вертикаль тегістеу жобасын жасау үшін топографиялық негіз ретінде әр түрлі масштабтардағы топографиялық пландар жән жердің цифрлық модельдері пайдаланылады. Жер бедерінің, жобаланатын объектінің сипатына және жобалау кезеңіне байланысты топографиялық түсірулердің масштабтары 1:2000 - 1:200, горизонтальдарың қима биіктігі 1-0. 25м шегінде қабылданады.

Вертикаль тегістеу жобасының негізгі элементтеріне жер жұмыстарының көлемін есептеу және грунтты жылжыту схемасын жасау жатады. Вертикаль тегістеу жобасын жер бетіне көшіру кезінде мынадай геодезиялық жұмыстар кешені орындалады:

  1. құрылысты бастау алдындағы іздестірулер кезеңінде жасалынған пландық-биіктік негіздеуінің барын тексеру және жойылғанын қалпына келтіру;
  2. құрылыстың бөлу негізін жасау;
  3. инженерлік құрылыстардың негізгі өсьтері мен элементтерін бөлу;
  4. құрылыс машиналары мен механизмдердің жұмыстарын геодезиялық бақылау;
  5. орындалу түсірулерін жүргізу.

Қазіргі кезде құрылыс процесінде алаңдарды вертикаль тегістеу кезінде жер жұмыстарын жүргізуді бақылау және құрылыс машиналары мен механизмдердің жұмыстарын геодезиялық басқару үшін автоматтандырылған аспаптар мен жүйелер пайдаланылады. [3]

1. 3 Жер бетін нивелирлеу

Жер бетін нивелирлеуде масштабтары 1:500, 1:1000 және 1:2000 топографиялық түсірулер жергілікті жер бедері шамалы көрсетілгенде немесе биіктік белгілерді анықтау дәлдігіне қойылатын талаптар жоғары болғанда жүргізіледі. Осы нивелирлеуді гиодромелиорациялық жүйелерді жобалағанда, мұнайды дайындайтын қондырғының алаңын тегістегенде, өнеркәсіптік және азаматтық ғимараттарды салғанда, аумақты жайластырғанда және т. б. пайдаланады.

Жер бетін нивелирлеу былайша жүргізіледі:

1) жер бедерінің айрықша сызықтары (суайрық және суағар) бойымен көлденедіктерді пайдаланып жүрістер жүргізумен

2) жергілікті жердегі түсірілетін учаскеде тұтас торапты түзетін дұрыс геометриялық фигураларды құрумен

3) жоғарыда аталған тәсілдердің үйлесуімен.

Бірінші тәсілде жер бедері планда горизонтальмен өте дәл және анық бейнеленеді. Пикеттік нүктелерді негіздеп таңдау есебінен далалық және камералдық жұмыстардың көлемі әжептәуір азаяды 2 - сурттегідей. Тәсіл жергілікті жерде бедер пішіндері айқын көрініп тұрғанда қолданылады.

Екінші тәсіл көп ебекті қажет етеді және жер бедерін нашар бейнелейді. Ос тәсіл жергілікті жерде бедер пішінін айыруға мүмкіндік болмағанда қолданылады. Мысалы, тегіс жерде немесе тұтас ну бұтамен жабылған жерде.

2 - сурет Алаңды нивелирлеу.

Жер бетінде геометриялық фигураларды (торларды) құру жалпыдан жекеге қарай принципімен жүргізіледі. Алдымен тордың (полигонның) сыртқы контурын, содан соң қабрғалары 200-400м үлкен фигурадан тұратын торды, осыдан кейін олардың әрқайсысын 1:2000 масштабта түсіру үшін қабырғалары 40м және 1:500 - 1:1000 масштабтарда түсіру үшін қабырғалары 20м ұсақ торларға бөледі. [4]

Жер бетін нивелирлегенде параллель орналасқан жүрістер 1:2000 масштабтағы түсіру кезінде өзара 1000м сайын, ал 1:500 және 1:1000 масштабтардағы түсірулер кезінде 600м сайын қосқыштармен байланыстыралады.

Нивелирлік жүріс бағытына перпендикулярлік көлденеңдіктерді құрады. Көлденеңдіктерде 1:2000 масштаб үшін нүктелерді (пикеттерді) бекітеді. Осы нүктелерден басқа ылдидың бүгілген жерлерінде нүктелерді (плюстік нүктелер) бекітеді.

Нивелирлік жүрістің және көлденеңдіктердің нүктелерін бөлумен қатар рулетканың және эккердің көмегімен ситуацияны салынған аумақтағы горизонталь түсіру сияқты түсіреді. Түсіру нәтижелерін абриске немесе арнайы пикетаждық кітапшаға енгізеді.

Негізгі фигуралардың қабырғалары бойынша теодолиттік жүрісті және техникалық нивелирлеу жүрісін жүргізеді. Осы жүрістер геодезиялық тірек тораптары пункттеріне сүйенеді. Жүрістердегі үйлеспеушіліктер түсірулік негіздеу талаптарына сәйкес болуы тиісті.

Қабырғалары 100 және 200м фигураларды әрқайсысын жеке нивелирлейді. Нивелирді шамамен фигураның ортасына орнатады да оның төбелерінде және плюстік нүктелерінде орнатылған рейканың қара жағынан есептеулер алады. Есептеулерді фигуралардың схемасына жазады. Рейкалар бойынша есептеулердің дұрыстығы іргелес станциялардағы аспап горизонттарының айырымын салыстыру әдісімен тексеріледі

а 1 - а 2 1 - в 2 (1. 3. 1)

мұндағы а 1 және а 2 - іргелес станциялардан фигураның бірінші төбесіндегі есептеулер; в 1 және в 2 - іргелес станциялардан фигураның екінші төбесіндегі есептеулер.

Қабырғалары 20м және 40м фигуралардың төбелерін нивелирлеу аралық нүктелерді пайдаланып жүргізіледі. 1 - суретте тұтас сызықпен 1, 2 және 3 станциялары бар нивелирлік жүріс P п А-1-11-P п В көрсетілген. Пунктир сызықпен аралық нүктелерге бағыттар көрсетілген. [4]

Жер бетін нивелирлеу материалдарын өңдеуді негізгі жүріс бойынша нүктелердің координаталарын және биіктерін есептеуден бастайды. Есептеулерді түсірулік негіздеуді жасаған кездегідей орындайды. Негізгі полигонның нүктелерінің биіктігі қалған фигуралардың төбелерінің биіктігін есептегенде тіректік ретінде пайдаланылады. Жер бетін нивелирлеу жұмыстарын учаскенің топографиялық планын жасаумен аяқтайды. Жердің бетін нивелирелу рельефі аз өзгермелі жерлерде, құрылыс салатын алаңның ірі маштабы топографиялық планын алу үшін қолданылады. Жердің бетін ниверлеудің екі әдісі бар: квадратпен және магистарльды.

Квадратпен ниверлеуді ашық жерлерде, рельефтің күрделілігіне байланысты, теодолит пен лентаның көмегімен қабырғалары 10, 20, 30, 40 және 50м квадрат торларға бөлуден бастайды. Квадраттың төбелерін қазықпен бекітеді. Квадрат торларды бөлумен қатар жердің ситуациясы түсіріледі. Квадраттардың төбелерін ниверлеу құрылыс алаңына байланысты.

Кішігірім алаңдарды ниверлеу ниверді бір-ақ рет қойып, жүргізіледі. Бұл жағдайда ниверді алаңның ортаысна қояды, оны жұмыс қалпына әкеледі де, осы станциядан кезегімен квадраттың төбелеріне рейканы қойып, оның қара жағымен санақ алады. (3 - сурет) .

3 - сурет

Реперден квадраттардың бір төбесіне биіктікті беру үшін нивелирлеуді ортаға қою әдісімен орындап, репер мен квадрат төбесіндегі орналасқан рейкалардың екі жағынан санақтар алады. Содан кейін квадраттың төбесінің биіктік мәнін есептеп анықтайды. Анықталған биіктік мәні мен сол нүктедегі рейканың санағы арқылы аспаптың горизонты (АГ) есептеледі. АГ арқылы квадраттың барлық төбелерінің биіктігі анықталады.

Құрылыс алаңы аумақты территорияны алып жатса, онда тұйық нивелирлер жүйесі жүргізіледі. Бұл жағдайда кейбір квадраттың төбелері байланыс нүктелері болады. Нивелирлеудің нәтижесінде байланыс нүктелерінің биіктіктері, станциялардағы АГ және квадраттың төбелерінің барлық биіктігіктері есептеледі.

Қабырғалары 100м квадрат торларында әр квадрат бөлек нивелирленеді. Бұл жағдайда нивелирленеді. Бұл жаңдайда нивелир квадраттың ортасына орналасады (4 - сурет) .

Квадраттың төбелерінде орналасқан рейкалардан алынған санақтар квадрат торының схемесына жазылады. Санақтардың тексеру - квадраттың қарама-қарсы төбелеріндегі санақтардың қосындысының теңдігі, оның айырмашылығы 5мм-ден аспауы керек. Содан кейін квадраттың қабырғалары арқылы өзара биіктіктерді есептейді, сыртқы периметрі арқылы, сондай-ақ створмен олардың мәндерін үйлестіреді де, квадраттың барлық төбелерінің биіктіктерін есептейді.

4 - сурет

Квадраттардың биіктіктері анықталғаннан кейін жер бетінің топографиялық планы жасалынады. Ол үшін квадраттың әр төбесінің метрдің жүзден бір бөлігімен (0, 01м) биіктік мәндері жазылып, абрис бойынша планға ситуация түсіріледі және горизонталь жүргізіледі. Горизонтальдар интерполяция әдісімен тағайындалған қима биіктігіне сәйкес бірдей биіктігі бар нүктелерді бірыңғай қисық сызықтармен қосылып жасалынады. Магистральды нивелирлеумен топографиялық планды жасау жоғары айтылған әдістермен жүргізіледі.

Жердің бетінің табиғи жағдайы құрылыс жұмыстарын жүргізу үшін барлық кездерде қолайлы бола бермейді, яғни, жер бетінің салынатын құрылыс түріне, пайдалануына байланысты өзгертуге тура келеді. Осындай мақсатпен жүргізілген жұмыстарды жер бетін тегістеу деп атаймыз. Көп жағдайда жер бетін тегістеу жобасы құрылыстың бас жобасының құрамдас бөлігі болып келеді. Жер бетінің түсіру жобасын жасаудың негізі болып 1:500-1:5000 масштабтағы топографиялық пландар саналады.

Егер салынатын құрылыс алаңы горизонталь жазықтықта тегістелген, оның қазу-көму жұмыстары тепе-теңдікте болу шарты қойылса, онда жобалық алаңның биіктігі шамасын былай өрнек арқылы анықталады:

Н ж = Н 0 + ( һ 1 + 2 һ 2 + 3 һ 3 + 4 һ 4 ) / 4 n {\ \ \ \ \ \ \ \ \ \ \ \ \ Н}_{ж} = Н_{0} + \left( \sum_{}^{}һ_{1} + 2\sum_{}^{}{һ_{2} + 3}\sum_{}^{}{һ_{3} + 4\sum_{}^{}һ_{4}} \right) /4 \bullet n Н ж = Н 0 + ( һ 1 + 2 һ 2 + 3 һ 3 + 4 һ 4 ) / 4 n {\ \ \ \ \ \ \ \ \ \ \ \ \ Н}_{ж} = Н_{0} + \left( \sum_{}^{}һ_{1} + 2\sum_{}^{}{һ_{2} + 3}\sum_{}^{}{һ_{3} + 4\sum_{}^{}һ_{4}} \right) /4 \bullet n (1. 2. 2)

мұндағы Н 0 Н_{0} Н 0 Н_{0} - тегістелетін аймақтың ең төменгі нүктесінің абсолюттік биіктігі; һ 1 \sum_{}^{}һ_{1} һ 1 \sum_{}^{}һ_{1} - бір шаршыға қатысы бар төберелдің шартты биіктіктердің қосындысы; һ 2 \sum_{}^{}һ_{2} һ 2 \sum_{}^{}һ_{2} , һ 3 , һ 4 \ \sum_{}^{}{һ_{3}, \sum_{}^{}һ_{4}} һ 3 , һ 4 \ \sum_{}^{}{һ_{3}, \sum_{}^{}һ_{4}} - екі және үш, төрт шаршыдағы ортақ төбелердің шартты биіктіктерінің қосындысы; n \ n n \ n - шаршылар саны. [5]

Жобалық бет биіктіктері анықталғаннан кейін әрбір бұрыштың жұмыс биіктіктерін анқытау қажет. Ол үшін мына өрнекті қолдану керек:

hжі = = = = Нж-Ні (1. 3. 2)

1. 4 Жер жұмыстарының көлемін есептеу

Жолды жобалауда қажетті есептердің бірі - жер жұмыстарының көлемін есептеу. Есептеудің нәтижелері арқылы жердің көлемін бөледі, құрылысты ұйымдастыру жобасын жасайды және құрылыстың смета құнын анықтайды.

Жол құрылыстында жер жұмыстарының көлемін анықтау көлденең профиль әдісімен орындалады. Ол үшін трассаның пикеттік және полюстік нүктелерін көлденең қимамен элементарлық призматоидтарға бөлінеді. Призматоидтық көлемі Симпсон формуласы бойынша анықталады.

V1 = F 1 + F 2 + 4 F о р 6 = = \frac{F_{1} + F_{2} + 4F_{ор}}{6} = = F 1 + F 2 + 4 F о р 6 = = \frac{F_{1} + F_{2} + 4F_{ор}}{6} = 1 (1. 4. 1)

Мұнда F 1 \ F_{1} F 1 \ F_{1} , F 2 \ F_{2} F 2 \ F_{2} - призматоидтың көлденең қимасының ауданы; F о р F_{ор} F о р F_{ор} - призматоидтық ортасының (1/2) көлденең қимасының ауданы; 1- элементарлық призматоидтық ұзындығы.

Егер F о р F_{ор} F о р F_{ор} -ны жұмыс биіктіктеріне сәйкес h h h h мен h \ h h \ h және құламаның жатыс коэффициенті арқылы анықталатын көлденең қималардың F \ F F \ F және F F F F шамасымен белгілесек, онда фомула былай болады:

F о р = F 1 + F 2 2 4 m ( h 2 h 1 ) 4 F_{ор} = \frac{F_{1} + F_{2}}{2}4 - \frac{m\left( h_{2} - h_{1} \right) }{4}\ F о р = F 1 + F 2 2 4 m ( h 2 h 1 ) 4 F_{ор} = \frac{F_{1} + F_{2}}{2}4 - \frac{m\left( h_{2} - h_{1} \right) }{4}\ 0 (1. 4. 2)

(1. 4. 3) формуланы (1. 4. 4) формуласына салып, аяққа формуланы аламыз

V = n = 1 m [ F 1 + F 2 2 4 m ( h 2 h 1 ) 4 ] 1 = \sum_{n = 1}^{m}\left\lbrack \frac{F_{1} + F_{2}}{2}4 - \frac{m\left( h_{2} - h_{1} \right) }{4} \right\rbrack 1 = n = 1 m [ F 1 + F 2 2 4 m ( h 2 h 1 ) 4 ] 1 = \sum_{n = 1}^{m}\left\lbrack \frac{F_{1} + F_{2}}{2}4 - \frac{m\left( h_{2} - h_{1} \right) }{4} \right\rbrack 1 (1. 4. 3)

Үйінді мен ойықтың жиынтық көлемі осы элементар бөліктерінің қосындысы болып табылады.

V = n = 1 m [ F і 1 + F і 2 m і ( h і h і 1 ) 2 6 ] 1 = \sum_{n = 1}^{m}\left\lbrack \frac{F_{і - 1} + F_{і}}{2} - \frac{{m_{і}\left( h_{і} - h_{і - 1} \right) }^{2}}{6} \right\rbrack 1 = n = 1 m [ F і 1 + F і 2 m і ( h і h і 1 ) 2 6 ] 1 = \sum_{n = 1}^{m}\left\lbrack \frac{F_{і - 1} + F_{і}}{2} - \frac{{m_{і}\left( h_{і} - h_{і - 1} \right) }^{2}}{6} \right\rbrack 1 (1. 4. 4)

мұнда n n n n - қаралған жер төсемесімен шектелетін элементар бөліктерінің саны; і - бөліктің нөмірі.

Егер көрші көлденеңдіктердің жұмыс биіктігінің айырымы 2м аспаса, ал көлденең қималардың арасы 50м аспаса, онда (2. 6) екінші мүшесі ескерілмейді. Бұл жағдайда элементар бөліктің көлемі келесі формуламен анықталады. [6]

V = F 1 + F 2 2 1 = \frac{F_{1} + F_{2}}{2}1 = F 1 + F 2 2 1 = \frac{F_{1} + F_{2}}{2}1 (1. 4. 5)

1. 5 Құрылысты бөлудің жалпы принципі мен қажетті дәлділігі

Инженерлік құрылысты бөлу немесе жобадан жерге шығару деп жердің бетінде болашақ құрылыстың планы мен биіктігі бойынша орнын анықтау үшін жасалатын годезиялық жұмыстардың кешенін айтады. Бөлу жұмыстары өзінің орындалу мәні бойынша топографиялық түсірівске кері процесс болып табылады. Топографиялық түсірісте ситуация мен рельефтің ерекше нүктелері жердің бетінен планға түсіріледі, ал бөлу процесінде, керісінше, топографиялық планда жобаланған құрылысты жердің бетіне шығарылады.

Жобадан жердің бетіне шығару бірнеше кезеңнен тұрады: 1) жердің бетіне құрылыстың басты және негізгі өсін шығару; 2) басты және негізгі осьтерден аралық (бойлық пен көлдеңнен) осьтерді толық бөлу; 3) монтаждық осьтерді шығару және технологиялық құрылыстарды жобаға байланысты орналастыруын тексеретін геодезиялық бақылау.

Бөлу жұмыстарына талап ететін дәлдіктер әр кезеңге байланысты өзгеріп отырады: бірінші кезеңде бөлу жұмыстары төмен дәлдікпен жасалынады, қате бірнеше сантиметрге дейін болады, кейінгі кехзеңдерде жерге шығару жұмыстары өте дәлдікпен жасалынады, қате бірнеше сантиметрге дейін болады, кейінгі кезеңдерде жерге шығару жұмыстары өте дәлдікпен жасалынады. [7]

1. 6 Бөлу жұмыстарының жоба құжаттары

Жобадан жердің бетін инженерлік құрылысты шығару үшін келесі жоба құжаттарының негізгі топтары қолданылады:

  1. Бас және топографиялық пландардың масшатбтары 1:5000- 1:500, бұнда құрылыстың пландық-биіктік қалпы, оның пішіні, мөлшері және бір-біріне өзара орналасуы көрсетіледі.
  2. Құрылыстың негізгі қималарының бойлық пен көлденең профильдері, бұнда құрылыстың бөліктерінің жердің бетінен биіктікпен орналасуы көрсетіледі.
  3. Жобаланған инженерлік құрлысты салатын территорияны вертикаль пландаудың (тегістеудің) планы.
  4. Құрылыстың геодезиялық тірек торларының ведомостары мен схемалары.
  5. Жұмыс сызбалары мен графиктер.

Инженерлік құрылысты жобадан жер бетіне шығару үшін істелетін геодезиялық жұмыстардың алдыңда жобалық деректерді дайындайды. Бұл дайындық кезінде жоба шамалары көрсетіледі және есептелінеді, сызбадан алынбаған деректер өлшенеді. Бұлар бөлек журналға жазылынып, жоба сызбалары жасалынады. Әр жұмысқа байланысты бөлек сызбасы жасалынады, ол инженерлік құрылстың әр бөлігіндегі деректерді қамтиды. [8]

1. 7 Құрылысты бөлу пунктері мен тірек торлары

Бөлудің пландық тірек торлары. Бұл торларды құр бөлетін инженерлік құрлыстың пішіні мен мөлшеріне, орналасу жағдайына, бөлу жұмыстарының әдісі мен дәлділігіне және негізгі пунктерді ыңғайлы орналасуына байланысты болады. Пландық тірек торлары үшін мемлекеттік геодезиялық торлары мен толықтыру торларының нүктелері, инженерлік ізденісте салынған геодезиялық торлар мен құрылысқа байланысты жаңадан құрылған геодезиялық торлардың нүктелері қолданылады. Құрылатын торлар үшбұрыш түрінде триангуляция мен трилатерация торларымен, геодезиялық төртбұрышпен, квадратты және тікбұрышты құрылыс торларымен, тұйық және ашық теодолиттік жүріспен, параллактикалық полигонометриямен дамиды.

Бөлудің биіктік тетік торлары мемлекеттік геодезиялық торлардың реперлері маркаларымен байланыстырылған ыңғайлы орналасқан реперлердің қатарына тұрады.

Пландық-биіктік геодезиялық негізі мен басты бөлу өстері нүктелерінің орнын анықтау және оларды бекіту процесі құрылысты бөлудің негізгі кезеңіне жатады. Бұл кезең торларды бақылау актысын жасаумен аяқталады. Құрылысты толық бөлу құрылысының жеке бөліктері мен элементтердің қосымша және көлденең осьтерін бөлуден басталады. [9]

1. 8 Инженерлік құрылысты бөлудің негізгі элементтері мен әдістері.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қолданбалы геодезия туралы жалпы мәлімет.Пландық инженерлік-геодезиялық торлар
Нұр Қожа шаруа қожалығының жерінің сипаттамасы
Құрылыс алаңына ірі масштабты түсіруді негіздеу. Түсірудің фототопографиялық әдісі
Карта туралы жалпы тусінік
Ауданды аналитикалық тәсілмен есептеу
Гаусс Крюгер проекциясы және тік бұрышты координаттар
Геодезиялық оқу практикасының есебі
Жарық және радиоқашықтық өлшеуіштер
Web-дизайн негіздері. Қазіргі замандағы Интернет - технологиялар
Өндірістік жарақаттануды сараптау әдістері жайлы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz