Қарақытайлар мемлекеті



Қарақытайлар мемлекеті (1128-1213). Қарақытайлар. Олардың құрылуы Орталық Азияның қидан тайпаларымен тығыз байланысты. Қидандар (цидань, кита, хита) б.з. 4 ғ. жазба деректерде монғол тілді тайпалар ретінде аталады. Олар Қытайдың солтүстік жағында Маньчжурия мен Уссури өлкесінің территориясын мекендеген. 924 ж. Алтайдан бастап, Тынық мұхитқа дейінгі жер Қидан мемлекетінің (Ляо империясы) қоластына өтеді.
1125 ж. Сунь Қытайы мен Чжурцжень мемлекетінің біріккен күші Ляо империясын құлатады. Қидандардың бір бөлегічжурчжендерге бағынады, ал қалғандары Елюй-Даши басқаруымен батысқа қарай Шығыс Түркістан мен Жетісуға таман - жылжиды. Олар енисей қырғыздарының жерін басып өтіп, Еміл өзенінің бойына жетеді. Сол жерге аттас қала салады. Қидандардың батыс бөлігі Жетісудың бір бөлігіне қарап, жергілікті түркі тілдес халықпен араласып кетуі нәтижесінде, келімсектер қара қытай аталып кетеді.
1128 ж. Қарахандар әулетінен шыққан Баласағұнды иемденуші өздеріне қысым жасаушы қаңлылар мен қарлұқтарға қарсы шығады. Қарақытайлар көсемі Елу Дашы Баласағұнды басып алып, Жетісуда өз мемлекетін орнатады. Жетісу, оңтүстік Қазақстан, Мәуереннахр мен Шығыс Түркістан қарақытай мемлекетінің құрамына кіреді. Қарахандар әулетін қарақытайлар өз вассалына айналдырады.
Қарақытай мемлекетінің басшысы Гүрхан деп аталады. Оның ордасы - Шу озенінің алқабында болатын. Баласағұн орталық болып қала берді. Әскерде тәртіп қатал болған. Ел ішінде аула басынан салық жинай жүйесі енгізіледі - әр үйден бір динардан салық алып отырады. Гүрхан жақындарына жер-суды тарту етпейді, олар бәсекеші болып кетеді деп қауіптенді. Қарақытайлар Жетісудың оңтүстік бөлігін, Исфиджабтың солтүстік-шығыс аймағын, Құлжа өлкесін басқарады.
Бірінші гүрхан Елюй-Даши 1143 ж. қайтыс болды. 1169 ж. оның баласы - Елюй-Чжилугу - таққа отырады. Өзі христиан болғандықтан, мұсылман дініне қарсы шығады. Оның Жетісудағы мұсылман халқын бағындыру саясаты қарсылыққа толы болды. 1208 ж. бастап Жетісуға қоңыс аударған найман тайпалары да осы ішкі саясатты бұзбайды. Жетісу аймағы өзара қырқыстар, мұсылмандық қозғалыстар орталыпына айналады. Жетісудағы осы жағдай 1218 ж. дейін, яғни Шыңғыс-ханның әскері келгенше созылды.

Қарақытайлар мемлекетінің құрылуына— Орталық Азиядан келген көшпелі тайпалардың шапқыншылығы себепші болды, олардың үстем тобы едәуір аумақта билікті басып алды. Бірақтұтас алғанда қарақытай конфедерация Қарахан билеушілері тұсында да шекаралық қызмет атқарған, сөйтіп бұл үшін «наградалар мен үлестер» алған Оңтүстік-Шығыс Қазақстан мен Алтай тайпаларының, жетекші рөл атқаруы жағдайында жергілікті этникалық-саяси негізде қалыптасты».
1125 жылы Елюй Даши әскерінің Емілге келуі Жетісуда қалыптасқан мемлекеттік институттарға түбегейлі өзгеріс енгізген жоқ. Қарақытайлардың саяси ықпалы Жетісудың бір бөлігіне, Сырдарияның оң жағалауына және басқа аудандарға таралды.

Пән: Жалпы тарих
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 4 бет
Таңдаулыға:   
Қарақытайлар мемлекеті (1128-1213). Қарақытайлар. Олардың құрылуы Орталық Азияның қидан тайпаларымен тығыз байланысты. Қидандар (цидань, кита, хита) б.з. 4 ғ. жазба деректерде монғол тілді тайпалар ретінде аталады. Олар Қытайдың солтүстік жағында Маньчжурия мен Уссури өлкесінің территориясын мекендеген. 924 ж. Алтайдан бастап, Тынық мұхитқа дейінгі жер Қидан мемлекетінің (Ляо империясы) қоластына өтеді.
1125 ж. Сунь Қытайы мен Чжурцжень мемлекетінің біріккен күші Ляо империясын құлатады. Қидандардың бір бөлегічжурчжендерге бағынады, ал қалғандары Елюй-Даши басқаруымен батысқа қарай Шығыс Түркістан мен Жетісуға таман - жылжиды. Олар енисей қырғыздарының жерін басып өтіп, Еміл өзенінің бойына жетеді. Сол жерге аттас қала салады. Қидандардың батыс бөлігі Жетісудың бір бөлігіне қарап, жергілікті түркі тілдес халықпен араласып кетуі нәтижесінде, келімсектер қара қытай аталып кетеді.
1128 ж. Қарахандар әулетінен шыққан Баласағұнды иемденуші өздеріне қысым жасаушы қаңлылар мен қарлұқтарға қарсы шығады. Қарақытайлар көсемі Елу Дашы Баласағұнды басып алып, Жетісуда өз мемлекетін орнатады. Жетісу, оңтүстік Қазақстан, Мәуереннахр мен Шығыс Түркістан қарақытай мемлекетінің құрамына кіреді. Қарахандар әулетін қарақытайлар өз вассалына айналдырады.
Қарақытай мемлекетінің басшысы Гүрхан деп аталады. Оның ордасы - Шу озенінің алқабында болатын. Баласағұн орталық болып қала берді. Әскерде тәртіп қатал болған. Ел ішінде аула басынан салық жинай жүйесі енгізіледі - әр үйден бір динардан салық алып отырады. Гүрхан жақындарына жер-суды тарту етпейді, олар бәсекеші болып кетеді деп қауіптенді. Қарақытайлар Жетісудың оңтүстік бөлігін, Исфиджабтың солтүстік-шығыс аймағын, Құлжа өлкесін басқарады.
Бірінші гүрхан Елюй-Даши 1143 ж. қайтыс болды. 1169 ж. оның баласы - Елюй-Чжилугу - таққа отырады. Өзі христиан болғандықтан, мұсылман дініне қарсы шығады. Оның Жетісудағы мұсылман халқын бағындыру саясаты қарсылыққа толы болды. 1208 ж. бастап Жетісуға қоңыс аударған найман тайпалары да осы ішкі саясатты бұзбайды. Жетісу аймағы өзара қырқыстар, мұсылмандық қозғалыстар орталыпына айналады. Жетісудағы осы жағдай 1218 ж. дейін, яғни Шыңғыс-ханның әскері келгенше созылды.

Қарақытайлар мемлекетінің құрылуына -- Орталық Азиядан келген көшпелі тайпалардың шапқыншылығы себепші болды, олардың үстем тобы едәуір аумақта билікті басып алды. Бірақтұтас алғанда қарақытай конфедерация Қарахан билеушілері тұсында да шекаралық қызмет атқарған, сөйтіп бұл үшін наградалар мен үлестер алған Оңтүстік-Шығыс Қазақстан мен Алтай тайпаларының, жетекші рөл атқаруы жағдайында жергілікті этникалық-саяси негізде қалыптасты.
1125 жылы Елюй Даши әскерінің Емілге келуі Жетісуда қалыптасқан мемлекеттік институттарға түбегейлі өзгеріс енгізген жоқ. Қарақытайлардың саяси ықпалы Жетісудың бір бөлігіне, Сырдарияның оң жағалауына және басқа аудандарға таралды.
Қарақытай бірлестігін басқару органдарының қалыптасуына жергілікті дәстүрлер күшті ықпал жасады. Мұның өзі қарақытай армиясындағы езгерістердің мысалынан айқын көрінеді. Армияны әскери бөліністерге бөле отырып, Елюй Даши Қатүн-Балықтың өзінде-ақ әрбір отрядтың санын 500 адамнан белгіледі. Бірақ Жетісуда гурхан бұл тәртіпті күрт өзгертті: бір әскери басшының қол астында жүзден аспайтын жауынгер болуға тиіс болды. Осы арқылы армияны басқару ішінара белшектенді. Жергілікті тайпалардың шекараларды қорғау жөніндегі қызметі сақталып қалды.
Бұдан былай қарай өз құрамына Оңтүстік-Шығыс Қазақстанның тайпаларын қамтыған қарақытай әскері мұңдай әскери ұйым сипатынан айырылды. Жаулап алу барысында қарақытайлардың әскери жасағы негізінен құрамында түркі тілдес тайпалар мен халықтардан тұрған армиямен алмастырылды. Сонымен бірге алғашқыда Жетісуда, ал сонан соң Мауараннахрда -- жергілікті этникалық ортада келімсек этникалық топтардың шаруашылық және этникалық сіңісуі жүріп жатты. Қарақытайлар келгенде қалалар мен отырықшы қоныстарды қиратып келген жоқ. Қарақытайлар Орта Азияның қалаларымен және егіншілік аймақтарымен үнемі сауда жүргізуге мүдделі болды. Олардың арасында мал өсірушілермен қатар егіншілікті білетін жартылай көшпелі топтар аз емес еді. Деректемелерде: қарақытайдың таралуы бейбіт сипатта болғанын бір ауыздан атап керсетеді. Олар (қарақытайлар) қаланы алған кезде, оның тұрғындары үшін еш өзгеріс жасамады, -- деп жазды Ибн әл-Асир, -- тек әр үйден бір динардан ғана алды. Егістік пен сол тәрізділерге келетін болсақ, олар халыққа берілді. Бұл орайда үлестік жерлерді иеленушілер өздерінің гурхан қамқорлығында екендігінің белгісі ретінде өзінше бір үлгідегі сақтау грамоталарын (пайцзалар) алды.
Жағдай XII ғасырдың 40-жылдарының басында Салжұқтардың Мауараннахрда жеңілуінен кейін өзгерді. Жаңадан жаулап алған аймақтарда қарақытай әскерлері шоғырланды және оларға алым төлеу міндетті бола бастады. Қарақытайлар тұтас алғанда өздеріне дейінгі болған саяси құрылымды және әр түрлі аймаңтар арасындағы өзара байланыстарды өзгертпеді. Жергілікті жерлерде билік басында осында бұрын билік еткен әулеттердің өкілдері отырды. Орын алып келген талас-тартыстар сарыны жойылмай, қайта күшейе түсті, өйткені Түркістан патшалары, Жүзжанидың айтуынша, қарақытайлардың көмегімен бір-бірін бағындыру және талқандау әрекеттерін жалғастыра берді. Ұдайы жанжалдармен ездерін титықтата отырып, қарақытай әскерлерін ұстауға мол сыйлықтар беруде шашетектен шығындарға ұшырап, жаулап алушыларға алым төлеп, жергілікті билеушілер өздерінің үлестерін белшектеуді күшейтті, ал мұны гурхандар белсене қолдап отырды. Осының салдарынан қарақытай иеліктерінің құрамына кіретін Қазақстан мен Орта Азия аймақтары, сондай-ақ гурхандарға вассалдық тәуелділікті мойындаған бірлестіктер шаруашылық және саяси жағынан әлсіреді. Жетісуда, Мауараннахрда, Ферғанада бір мезгілде бірнеше ұсақ және ірі мәліктер мен сұлтандар биледі.
Іле алқабы мен Мауараннахр
Іле алқабы мен Мауараннахрдың қарлұқтары, Бесбалық ұйғырлары, Самарқанда соңғы Қарахандар іс жүзінде ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қарахан мемлекеті, жер аумағы, этникалық құрамы, шаруашылығы, саяси құрылысы, мәдениеті
Қарахан мемлекеті жайлы
Қарахан мемлекетінің құрылуы және оның территориясы
Ерте орта ғасырдағы (VI-X) және дамыған ғасырлардағы мемлекет (X-XIII)
Орта ғасырдағы Қазақстан туралы
Ерте және кейінгі ортағасырлық мемлекеттер
Орта ғасырлардағы (Оғыз дәуірі) Қазақстан жеріндегі мемлекеттер мен олардың мәдениеті
Қарахан мемлекеті Қазақ ССР тарихы
Қарахан мемлекеті - ертедегі мемлекет
Түргеш қағанаты
Пәндер