Электрондық оқыту құралдарын жасау және білім беру жүйесінде пайдалану


Жұмыс түрі: Дипломдық жұмыс
Тегін: Антиплагиат
Көлемі: 62 бет
Таңдаулыға:
1. 2. Электронды мультимедиялық оқулықты өңдеу принциптері
және оның құрылымы . . .
1. 3. Электронды оқыту құралдарын білім беруде қолдану
. . .
КІРІСПЕ
Зерттеудің көкейкестілігі- Қазіргі кезде қоғам әрекеттерінің барлық саласында компьютер көмегімен ақпараттық ресурстар орын алады. Яғни, ХХІ асыр бүкіл дүние жүзі ақпараттық қоғамға көшіріле басталды деуге болады. Оған қоғамдағы барлық білім, ғылым, экономика және басқару салалары арқылы ақпараттандыру белгісіне қол жеткізуге болатындығы.
Қазіргі заманғы білім беруде жаңа ақпараттық технологияны пайдаланудың маңызы зор болып отырғаны баршаңызға белгілі. Ақпараттандырудың негізгі бағыты ХХІ ғасырдың талаптарына сәйкес қоғамды дамытудың жоғарғы тиімділікті технологияларына сүйенген жаңа білім стратигиясына көшу болып табылады. Қазіргі таңда негізінен білім жүйесінің барлық сатыларын үшін электрондық оқулықтар жасаумен шұғылданып келеді. Электрондық оқулық студент үшін ақпарат көзі болып, сонымен қоса электрондық оқулықтармен жұмыс істеу әрбір студенттің өз мүмкіндігін есепке ала отырып, оқып үйрену ісін жеке дара жүргізу болып саналады.
Білім беру компьютерлік техналогиямен жүзеге асыру дербес білім алушының сұранысын қанағаттандыратын оқу құралын басылымының генерациясымен қатар тұрады. Жаңа таралымның маңызы оқулық шығару, оқу процестерінің бірігуін қамтамасыз ету және заманауи, иннавациялық ғылыми зерттеулердің, яғни жаңа ақпараттық технологиялардың қолданылу мақсатының оқу процестеріне лайықтылығы және сонымен қатар, әртүрлі «электрондық оқулықтардың» түбі бір дәл осылай аталатындығы. [1]
Сондықтан жаңа технологияларды игеруге қажетті білім мен дағдының жаңаруы білім берудің құрылымын өзгертудің маңыздылығын арттыра түсті. Мұндай жағдайда елдің одан ары дамуы үздіксіз білім беру жүйесін тиімді ұйымдастырумен тығыз байланысты. Бұл орайда жаңа ақпараттық технологиялар мен оларды пайдаланудың жаңа әдістемелік құралдарын дайындаудың ролі зор. Қоғамымыздағы дербес компьютерлермен, ЭЕМ желілерімен, информациялық қорлармен толық қамтамасыз етсек информацияны пайдалану, алу және тарату істерін ұйымдастыру жаңа сатыға көтеріледі. Сондықтан осы мақсатта білім беру жүйесін ақпараттандыру мен электрондық оқулық жасау негіздерін жаңа ақпараттық технологиялардың көмегімен қолдану қазіргі таңдағы ең үздік техно-педагогикалық жетістік болып табылады.
Тақырыптың өзектілігі: Қазіргі таңда білімді ақпараттандыру жүйесін дамыту процесіне үлкен, зор үлес қосатын негізінен - электрондық оқулықтар және мультимедиялық оқулықтар және мультимедиялық программалар. Сондықтан бұл жүйелер - ең жоғарғы дәрежелі оқыту технологияларының құрылғылары болып табылатындықтан белгілі бір тақырыпты оқытып үйретуші программалар құру арқылы оқытудың қажеттілігі зор. Бұл дипломдық жұмыстың өзектілігі жоғарғы оқу орнында «Бастауыш мектепте информатиканы оқыту әдістемесі» элективті курсын электрондық оқулық жасау арқылы оқыту, қазіргі кезде жекелеп, өз бетінше оқытуда және білім алуда жоғары дәрежедегі нәтижеге жетуге мүмкіндік беріп отыр.
Дипломдық жұмыстың мақсаты: Дипломдық жұмыстың мақсаты - « Бастауыш мектепте информатиканы оқыту әдістемесі » пәні бойынша электронды оқулық элементтерін жасау(қазақ тілінде) кезінде пайдаланылатын оқыту тәсілін әдістемелік негізі ретінде пайдалана отырып, оқыту тиімділігін арттыруға, жақсартуға ақпараттық технологияның пайдалануға болатындығын көрсету және электронды оқулық арқылы оқыту процесінің үздіксіз және толық деңгейін бақылау, сонымен қатар ақпараттық ізденіс қабілетін дамыту. Ақпараттық технологияларды пайдаланып «Бастауыш мектепте информатиканы оқыту әдістемесі» пәнінен электронды оқулықты оқыту үрдісінде пайдалану арқылы білімгерлердің білім алу белсенділігін дамытатынын ғылыми теориялық тұрғыда негіздеу.
. Дипломдық жұмыс - flash аймағында, ActionScript тілінде сценарий құрып және Java Script программалау тілінде Web сайт құру арқылы электронды оқулық құрылды. Бұл электронды оқулықты жергілікті және ауқымды желіде пайдалануға болады. «Бастауыш мектепте информатиканы оқыту әдістемесі» пәнінен жасалған электронды оқулықта оқу-әдістемелік кешеніндегі: оқу бағдарламасы, жұмысшы оқу бағдарламасы, лекция, практика және білімгерлердің өзіндік жұмысты орындауға арналған әдістемелік нұсқаулар, аралық бақылау бойынша материалдары, пәнді оқытуға арналған әдістемелік нұсқау, пәннің оқу-әдістемелік қамтамасыз ету картасы бөлімдерімен жұмыс жасап, оқуға болады.
Зерттеудің міндеттері:
- жоғарғы оқу орындарындағы инновацияны қолдануды дамыту;
- жоғарғы оқу орнында әдістемелік кешенінді пайдалануды тәжірибелік-эксперимент арқылы тексеру.
Зерттеудің практикалық маңыздылығы:
Өзіндік тұжырымдаулар мен негізгі алынған практикалық нәтижелер - «Бастауыш мектепте информатиканы оқыту әдістемесі» пәнінен сабақты ұйымдастырудың электронды оқулықты жасауда flash технологиясын пайдалану арқылы оқу-әдістемелік кешеннің барлық тарауларын қамти отырып электронды оқулық жасалды.
Дипломдық жұмысты орындау барысында көтеріп отырған бағытқа арналған көптеген ғылыми-әдістемелік әдебиеттермен, журналдар және ондағы статьялармен (мақалалармен) таныстым, сараптап шықтым. Көптеген қызықты және мазмұнды, құнды материалдарды мына әдебиеттерден және журналдардан таба алдым. Қазақстан Республикасы білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарлама. 18 маусым, 2010ж., Елбасының халыққа жолдауы «Егемен қазақстан», Башмаков А. И. Башмаков И. А. «Разработка компьютерных учебников и обучающих систем» Москва, «Филин» 2008 г, Захарова И. Г. «Информационные технологии в образовании» Москва, «Academa» 2005 г, Советов Б. Я. Цехановский В. В. «Информационные технологии» Москва, Высшая школа, 2006г, Е. С. Полат и др. Новые педагогические и информационные технологии в системе образования. - М., 2009; М. В. Буланова-Топоркова и др. Информатика и образование, Информатика негіздері журналдары, т. с. с. басқа көптеген басылымдар пайдаланылды.
Бұл жұмыстың ғылыми және тәжірибелік мәні: Қазіргі кезде білім беруді ақпараттандыру процесінің жүргізілуіне байланысты осы процесті жүзеге асырудағы өзекті мәселелердің бірі - электронды оқулықтар дайындау болып отыр. Ал оларды оқыту процесінде қолдану - сапалы білім берудің бірден-бір құралы болып табылады
Дипломдық жұмыстың құрылымы:
Дипломдық жұмыс кіріспеден, негізгі бөлімнен, практикалық бөлімнен, қорытынды, әдебиеттер тізімі және бағдарлама листингісінен тұрады. Жұмыстың кіріспесінде дипломдық жоба тақырыбының өзектілігі және мақсаты, қысқаша жұмыс мазмұны туралы мәлімет беріледі.
Бірінші бөлімде негізінен теориялық мәселелер қарастырылған. Электронды оқулық оның түрлері және электронды оқулықты пайдалану, электрондық оқулық және оның құрылымы және электронды оқулықты пайдалану туралы мәсәлелер толығымен ашып көрсетілген.
Электронды оқулықты жасаудағы flash технологиясы атты екінші бөлімде: Macromedia Flash технологиясына кіріспе, Flash-тың жұмыс аймағы, ActionScript тілінде сценарий құру сияқты теориялық мәліметтер толық қамтылған.
Практикалық бөлімде «Бастауыш мектепте информатиканы оқыту әдістемесі» пәнінен сабақты ұйымдастырудың әдістемелік ерекшеліктерін электронды оқулықты жасауда flash технологиясын пайдалану арқылы оқу-әдістемелік кешеннің барлық тарауларын қамти отырып электронды оқулық жасалды.
Дипломдық жұмысты педагогикалық программалық құралдар, оның ішінде, оқытып-үйретуші электрондық оқулық дайындауда, білімгерлердің жұмыстарын жүргізуді ұйымдастыруда, оқыту әдістемесі курстарын дайындауда әдістемелік нұсқау ретінде пайдалануға болады деп ойлаймын.
1. ЭЛЕКТРОНДЫҚ ОҚЫТУ ҚҰРАЛДАРЫН ЖАСАУ ЖӘНЕ БІЛІМ БЕРУ ЖҮЙЕСІНДЕ ПАЙДАЛАНУ
1. 1 Электронды оқулық оның түрлері және электронды оқулықты пайдалану
Электрондық оқулық дегеніміз - мультимедиялық оқулық, сондықтан электрондық оқулықтың құрылымы сапалы жаңа деңгейде болуға тиіс. Электрондық оқулық білімгердің уақытын үнемдейді, оқу материалын іздеп отырмай, өтілген және ұмытып қалған материалдарын есте түсіруге зор ықпал етеді. Себебі, білімгердің өзіне көрнекілік қолданған тиімді қажет элементінің жанында жазуы болады.
Электронды оқулықтар - ғылыми негізде дайындалған педагогикалық ақпараттық өнім. Электронды оқулықты дайындаудың негізі - модульдік оқытудың педагогикалық теориясы болып табылады. Онда теориялық тақырыптар кеңінен беріліп түсіндіріледі, графикалық иллюстрациялар, әртүрлі суреттер арқылы теориялық білім толықтырылады. Электронды оқулық пен оқытудың негізгі мақсаты - оқыту процесін үздіксіз және толық деңгейін бақылау, сол сияқты ақпараттық ізденіс қабілетін дамыту. Білім берудің кез келген саласында электронды оқулықтарды пайдалану оқушылардың танымдық белсенділігін арттырып қана қоймай, ойлау жүйесін қалыптастыруға, шығармашылықпен еңбек етуіне жағдай жасайды.
Электронды оқулықтың нәтижелілігі мынада:
- тез арада қайтарма байланыс болуын қамтамасыз етеді (интерактивті қасиеті) ;
- қажетті ақпараттық материалдарды жылдам тауып алуға мүмкіндік береді;
- гипермәтіндік түсіндіруден жан-жақты ақпараттық материалдар алады;
- әрбір жеке тұлғаның білімін, білік іскерлігін әрбір тараулар бойынша тексеруге, бағалауға мүмкіндік береді.
Электронды оқулықты мынадай жағдайларда қолдануға болады:
- теориялық материалды өз бетімен оқып - үйренуге, зерттеуге мүмкіндік береді;
- сабақты иллюстрациялық материал ретінде жабдықтауда көмектеседі;
- сабақта және сабақтан тыс уақытта өз бетімен әртүрлі деңгейлі шығармашылық тапсырмалар орындауға мүкіндік береді;
- емтиханға дайындық кезеңдерінде пайдаланылады.
Болашақ мұғалімдерді кәсіптік дайындауда электронды оқулықты қолдану өте тиімді. Электрондық оқулықтың мазмұны білімгердің зерделі ойлау қабiлетiн дамытуға бағытталуы қажет және оның мына қасиеттердi қанағаттандыруы жеткiлiктi:
- қисынды ойлау жүйесінің қалыптасуы;
- жинақтылық;
- жүйелiлiк;
- эстетикалық көркемдiлiгi;
- жылдамдылығы және т. б.
Электрондық оқулықтар ара қашықтықтан оқыту формасына негiзделiп жасақталады және оны жүзеге асыру үшiн қолданылады.
Электрондық оқулықтарды құрастыру технологиясы оқыту процесінің заңдылықтарына негізделіп жасылып, бір -бірімен тығыз байланыстағы негізгі төрт бөліктен тұрады. Олар:
- Мотивациялық-мақсаттық;
- Мазмұндық;
- Операциялық;
- Нәтижелік бақылау компоненттері.
Электрондық оқулықтардың мотивациялы -мақсаттық компоненттері модульдерді (микромодульдерді) құрастырудан тұрады. Модуль дегеніміз - жергілікті (локальды), жүйелік және функциональдық білім жиындары. Ол оқушының өз танысдық әрекетін ұйымдастыратын «түйіні» болып саналады.
Электрондық оқулық пен оқытудың негізгі мақсаты: «Оқыту процесін үздіксіз және толық деңгейін бақылау, сонымен қатар ақпараттық ізденіс қабілетін дамыту». білім берудің кез келген саласында «Электрондық оқулықтарды» пайдалану білімгерлердің танымдық белсенділігін арттырып қана қоймай ойлау жүйесін қалыптастыруға шығармашылықпен еңбек етуіне жағдай жасайды. [5, 6]
Мазмұны қиындау бір үлкен тақырыптың бөліктерін өткенде қосымша бейнехабар және клиптер қажетті элемент болып табылады. Бейнеклиптер уақыт масштабын өзгертуге және көріністерді тез немесе жәй түрде көрсетуге пайдалы. Электрондық оқулық таңдап алынған хабарды көшіруге мүмкіншілік туғызады. Электрондық оқулықтың ең қажет элементі - аудиохабарлар.
Электронды оқулықты классификацялау алдында олардың негізгі параметрлерін қарастыру керек. Негізгі түрлері:
- электрондық оқулық түрі;
- пәндік және білім беру орталығы;
- білім беруде ұсынылатын деңгей;
- білім беруде ұсынылатын үрдіс типі;
- білім беруде ұсынылатын форма түрі;
- арнайы аудиториялар.
Электронды оқулықтың түрлері.
1) Электронды ақпараттық өнім:
- мәліметтер қоры;
- презентация;
- электронды журнал;
- электронды газет;
- мультимедиялық жазба.
2) Қағаз түріндегі электрондық оқулықтар және ақпараттық құжаттар :
- ғылыми еңбектер жинағы, статиялар;
- жарияланған газет / журналдар;
- нұсқаулар;
- стандарт;
- құралдар;
- практикалық құралдар;
- практикалық басқару;
- оқулық;
- оқу құралы;
- хрестоматия;
- оқу-әдістемелік құралдар;
- оқу бағдарламасы (курс, пән) ;
- оқу жоспары;
- практикум;
- библиографиялық анықтама;
- католог;
- альбом, атлас;
- көркемдік басылым;
- антология;
- рефераттық жинақтар;
- экспресс - ақпарат;
- әдістемелік сілтеме;
- тестілер жинағы;
- білім беру жинағы;
- дәрістік конспект;
- жарнамалық - техникалық сипаттау;
- оқу сынақ үлгісінің мәліметтері;
- магистрлік диссертация;
- дипломдық жоба;
- бакалаврлық түлектік жұмыс;
- курстық жұмыс;
- есеп беру(оқу - ғылыми ізденіс жұмыстары) ;
- рефераттар.
3) Бағдарламалар жинағы :
- оқу орындарында басқару жүйесін автоматтандыру;
- ақпараттық және кітапханалық жүйесін автоматтандыру;
- әр түрлі техникалық оқытуды қамтамасыз ететін бағдарламалық құрылғы;
- жүйелік бағдарламаны қамтамасыз ету;
- қолданбалы бағдарламаны қамтамасыз ету;
- қолданбалы бағдарлама құжаттары.
4) Электрондық оқыту құрылғыларына арналған инструменталды құжаттар :
- электронды оқулықтарды және оқыту жүйелерін құратын инструменталды құралдар;
- электрондық тапсырмаларды құрастыратын инструменталды құралдар;
- электронды тренажерларды құрастыратын инструменталды құралдар;
- білімді бақылаудың электрондық жүйесі және психофизиологиялық тесттер құрастыратын инструменталды құралдар;
- электрондық зертханалық жұмыстарды құрастыратын арнайы құралдар;
- электронды оқулықтар және қайталау құжаттарын құрастыратын инструменталды құралдар;
5) Ақпараттық бағдарламалар жинағы :
- электрондық сөздік;
- электрондық анықтама;
- электрондық инциклопедия;
- ақпараттық іздеу жүйесі;
- ақпараттық шешу жүйесі;
- сараптамалық жүйе.
6) Электрондық оқыту құралдары :
- теориялық және технологиялық дайындаулар;
- электрондық оқулық;
- білімді бақылаудың электрондық жүйесі;
- практикалық дайындау құралдары;
- электрондық белгілер;
- электрондық тренажерлар.
7) Кешенді және көмекші құралдар :
- электрондық оқыту курсы;
- электрондық қайталау курсы;
- электрондық зертханалық тәжірибе;
- дамытуға негізделген компьютерлік ойындар.
8) Психофизиологиялық тесттер құру ;
9) Арнайы Интернет жүйесі :
- вертуальды кітапхана;
- іздеу жүйесі;
- internet - катологы;
- сервистік ақпаратты іздеу;
- internet - трансляциясы.
Пәндік оқыту облысының әмбебап классификациясы, әрбір электронды оқыту құралы мен ресурсын бірге анықтау мүмкін емес. Бұл ең біріншіден, әр түрлі оқулықтағы көпсалалы тақырыптық бағыттарды қамтиды. Практика кезінде пәндік (оқыту) классификациясының бірнеше облысы пайдалануы мүмкін. Практикада негізгі кең таралған және көп қолданылатын пәндік (оқыту) классификация облысының бірі - тақырыптық құрылымның жалпыға және мамандандырылған оқытуға арналған түрі. [7]
Оқыту үрдісінің түрі мен форумына электронды оқыту Қазақстан Республикасының білім жүйесінде нақты тіркелген. Білім беру деңгейінің классификациясына мектепке дейінгі, жалпы, мамандық бойынша және қосымша, сонымен қатар мүмкіндіктері шектеулі тұлғаларға білім беру жатады.
Білім деңгейі:
1) Мектепке дейінгі;
2) Жалпы білім;
- жалпы бастауыш білім;
- жалпы негізгі білім;
- жалпы орта(толық) білім;
3) Мамандық бойынша білім;
- бастапқы мамандық білім;
- орта мамандық білім;
- жоғарғы мамандық білім;
- жоғарғы оқу орнынан кейінгі мамандық білім;
- қосымша мамандық білім;
4) Мүмкіндіктері шектеулі тұлғаларға білім беру;
5) Білім беру түрлері:
- іштей оқу;
- кешкі оқу;
- сырттай оқу;
- қашықтан оқу;
6) Білім беру формалары:
- дәріс;
- семинар;
- практикалық сабақ;
- зертханалық сабақ;
- ойын сабақ;
- оқу ғылыми - зерттеу жұмыстары;
- педагогикалық өлшеулер және бақылау;
- сынақ;
- емтихан;
- өзіндік оқу іс-әрекеті;
- курстық және дипломдық жобалар.
Қазіргі кездегі ақпараттық құрылғыларды электронды оқулық құру және пайдалану кезінде бұны бір ғана қолданушыға немесе пайдаланушыға ғана емес, сонымен қатар бір аудиториядағы бірнеше пайдаланушыларға арнап шығаруда. Олар:
- талапкерлер;
- зерттеушілер;
- оқытушылар;
- оқушылар;
- ата-аналар.
Электронды оқулық - комплексті емес біртұтас, дидактикалық, әдістемелік, интерактивті программалық жүйе, ақпараттың әр түрлі формаларын қолданып оқу материалынан кездесетін қиындықтарды артта қалдырады және мультимедияның соңғы мүмкіндіктерін қолданып, ғылыми зерттеу әдістерін толықтырады. Бұл жерде оқытудың түсінікті кең көлемде қарастырылған материалы қолданылады. Дидактикалық заңдастырылған жалпы білім аспектілер, әдістемелік аспектілер, арнайылап оқыту, негізгі пән немесе пәндер тобы және электрондық оқулықтың программалық нақтылығымен өзара тығыз байланыста болады. Жалпылай «Электронды оқулық» ұғымын анықтау әлі пайда болған жоқ, бірақ электронды оқулық - ол программалық - әдістемелік комплекс, өзіндік немесе мұғалімнің көмегімен білім курсындағы бөлімнің мүмкіндігін қамтиды. Электронды оқулық немесе курс негізнен үш бөліктен құрастырылады: негізгі ақпараттық курс бөлімінен тұратын презентациялық бөлім, алған білімдері бойынша бекітілген жаттығулар, оқушының білімін көлемді түрде бағалау үшін тесттер. Компьютерлік оқулық негізгі оқулықты, анықтаманы, есептеуіш зертханалық жұмыстарды бір - бірімен байланыстырады. Электронды оқулық - таныстыратын теориялық материал, білімнің көрсеткішіне қарай біліммен жаттықтылуды қамтамасыз ететін, оқу процесін үзіліссіз дидактикалық материалдармен қамтамасыздан-дыратын, сонымен қатар, ақпараттық іздеу, математикалық және компьютерлік визуальдаумен имитациялық модельдеу интерактивті кері байланыстармен шарт бойынша функцияларды үйренуге арналған программалық комплексті жүйе. Электрондық оқулық барлық негізгі функцияларды, теориялық материалдарды көрсету, бірінші білімді алып қабылдауды көрсету, өзіндік білім алудың жаттығулары мен бақылау көрсеткіштерін қамтамасызданады. Дидактикалық цикл процесін бірыңғай компьютердің көмегімен оқу процесін ұйымдастырып, білімгерлердің білім алуда уақыттарын үнемдеп, автоматты түрде дидактикалық циклді бір ғана жұмыспен электрондық оқулықпен орындау керек. Оқыту процесі жаңаша түрде орындалу үшін компьютермен диалогтық қатынасты дұрыс орынға қою керек. Мультимедияның әдістемелік күші білімгерді дыбыспен, көрермендік бейнемен тез қызықтырып, ақпараттық және көңіл - күйіне де көмек береді. [8]
Мультимедиялық оқыту программасы бойынша WEB технологиясы таңдалды.
Мультимедиялық оқыту программасы соңғы жылдары орта мектептердің стандарты бойынша WEB технологиясы таңдалды.
Талдауда қазіргі кездегі мультимедиялық технологияның ақпаратты көрсетілген: Flash, Java аплеттері, ActiveX элементтері, аудио және видео, VRML. Қазіргі ақпараттық технологияның мүмкіндіктері кең көлемді суреттерді оқу материалы түрінде және басқарылатын анимациялар қолданылады. Үш өлшемді графикада программалық нақтылау интернетке қосылған OpenGL технологиясы ActiveX түрінде болады.
JavaScript-технологиясы
Интерактивті веб-парақтар құруға болатын программалау тілі. JavaScript пайдалану арқылы клиенттің формасын толтыруды өңдеуге және өзгертіп отыруға болатын парақтар құруға пайдалануға болады.
Java Script - интерактивті веб - беттер құруға көмек беретін программалау тілі. Java Script беттің динамикалық өзгеруін және клиенттер формасын толтыруды өңдеуге мүмкіндік береді.
Flash технологиясы
Программалық пакет фирмасы Macromedia - Flash MX - мультимедиялық технология, керемет графикалық және анимациялық веб - ресурстарды құруға болады. Бұл технология қолданғанда орындалатын жұмыс жаңа деңгей интерактивтілігін ұсынады. Flash дәстүрлі әдіс, графикамен кескінделген гипермәтінді материал алдында өз қатарына ие. Біріншіден бұл Flash - роликтің ішіндегі ең кішісі: масштабын өзгерткенде сапасын жоғалтпайтын векторлы - графика қолданылады. Flash - ролик экранда процесс аяқталзғанша кескінделеді. Бұдан Flash - те MPEG, Layer - 3 дыбысты форматтарды қолдану мүмкіндігі қарастырылған. Сонымен, Flash - ресурстың сапасы броузерге тәуелді болмайды. Flash технологиясын мұғалімнің профессионалды қызметінде қолдану мүмкіндігі ресурсқа сілтеме арқылы табуға болады: http://edu. km. ru. /metoda/. htm.
Стильді технология .
CSS (Cascading Style - Sheets - стильдің каскадты кестесі) . CSS - бұл тіл кез - келген HTML - гі документтердің ішкі сипатталуын кескіндейді. Оның көмегімен веб - беттегі әрбір элементтің орналасуымен стилін толығымен басқаруға болады, ол қарапайым HTML кодынан анағұрлым артық. Осындай жағдайда жаңа электронды оқулықтың өңдеу схемасы сурет сияқты берілуіне мүмкіндік береді.
Тестіленген орта өзіндік жұмыс және кері байланыстың орындалуын бақылау, жіберілген дұрыс емес жауаптарды анализдеп, көрсету.
1. 2 Электронды мультимедиялық оқулықты өңдеу принциптері
және оның құрылымы
Жаңа ақпараттық тенхологиялар білім беру процесінің жаңа перстпективаларын ашуда білім берудің парадигмасының өзі де өзгереді. Ең көп ролді активті танымды әдістер өздігімен білім алу, қашықтықтан оқыту бағдарламалары алады және көп жағдайда интерактивті электрондық курстар қолданылады.
Білім берудегі ақпараттық ресурстардың мақсаттарын келесі категорияларға бөлуге болады.
- электронды оқулықтар;
- электронды анықтамалар;
- объектінің электронды кітапханалары (тексті мәліметт ер қоры, графикалық, дыбыстық және т. б. )
электронды анықтамалар және объект кітапханасының құрылуы - ірі компанияның шексіз рұқсаты - программалық қамсыздандыруды өңдеуіштер қазіргі программа аумағында жақсы мамандарды талап етеді. Сонымен жұмыстың көлемді мазмұны бұның орындалуы авторлық коллективтерге жүктеуге дұрыс. Барлық жоғарыда айтылғандар электрондық оқулықтарды өңдеуге де қатысты, бірақ бұл жерде жеке авторлардың жұмысы немесе азғана авторлық коллектив жұмысына орын бөлек. [9]
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz