Оқушылардың MS Access программасының мүмкіндіктерімен танысып, оны компьютермен оқытудың ұтымды әдістемесін ұсыну


Жұмыс түрі: Дипломдық жұмыс
Тегін: Антиплагиат
Көлемі: 52 бет
Таңдаулыға:
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ . . . 5-7
1 Білім беру жүйесін ақпараттандырудың негіздері
1. 1 Ақпараттық технологияларды білім беру жүйесінде пайдалану . . . . . . 8-10
1. 2 Жаңа ақпараттық технологияларды оқытудың педогогикалық негіздемесі . . . 11-13
1. 3 Ақпараттық технологияларды оқытудың
алғышарттары . . . 14-16
1. 4. Компьютерлік оқытудың тиімді жолдары . . . 17-19
2 Компьютерлік оқыту жүйелері
2. 1 Компьютерлік оқыту жүйелері . . . 19-20
2. 2 Оқыту жүйелерінің негізгі типтері. . 21-25
2. 3 Компьютерлік оқыту жүйелерінің оқыту үрдiсiндегі орны. . 25-27
3 Delphi Объект-бағытталған программалау ортасы
3. 1 Delphi программалау ортасы28-32
3. 2 Delphi ортасының компоненттер палитрасы.
Формалар терезесі . . . 33-34
3. 3 Объектілер тармағы терезесі. Объектілер инспекторы
терезесі . . . 35-37
3. 4 Электронды оқулықтың теориялық материалдармен
қамтамасыз етілуі . . . 38-47
3. 5 Электронды оқулықты өңдеу принципі . . . 48-52
ҚОРЫТЫНДЫ . . . 53.
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР мен қайнарлар тізімі . . . 54
КІРІСПЕ
«Қазақстан - 2030» стратегиялық бағдарламасы білім берудің ұлттық моделінің қалыптасуымен және Қазақстан білім беру жүйесін әлемдік білім беру кеңістігіне кіріктірумен сипатталады. Индустриалды ақпаратты өркениетке көшудің қазіргі кезеңінде қоғам дамуының негізгі факторы мемлекеттің қызметін құрайтын саяси - экономикалық, әлеуметтік салаға белсенді әсер ететін ақпараттық - коммуникациялық сала болып табылады және экономиканы ғаламдастыру мен қоғамдық қатынастар процестерін айқындайды.
Қоғамдағы қазіргі кездегі қайта құрулар, экономиканы дамытудағы жаңа стратегиялық бағдарлар, қоғамның ашықтығы, оның жедел ақпараттануы мен қарқынды дамуы білім беруге қойылатын талаптарды түбегейлі өзгертті. Әлемнің жетекші елдерінің көпшілігінің білім беру жүйесі білім берудің мақсатын, мазмұны мен технологияларын оның нәтижесіне қарап бағалайтын болды. Білім берудің қазіргі негiзгі мақсаты білім алып, білік пен дағды-машыққа қол жеткізу ғана емес, солардың негізінде дербес, әлеуметтік және кәсіби біліктілікке-ақпаратты өзі іздеп табу, талдау және ұғымды пайдалану, жылдaм өзгеріп жатқан бүгінгі дүниеде лайықты өмір сүру және жұмыс істеу болып табылады.
Қазақстан Республикасы 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасында «Жоғары білім беруді дамытудың негізгі үрдісі, мамандар даярлау сапасын арттыру" қарқынды ғылыми-зерттеу қызметімен ықпалдастырылған инновациялық білімді дамыту, жоғары оқу орындары зерттеулерінің әлеуметтік сала мен экономиканың қажеттіліктерімен тығыз байланысты, білім беру және ақпараттық технологияларды жетілдіру болып табылады» деп атап көрсеткендей-ақ, білікті мамандарды даярлау - өзекті мәселелердің бірі.
Еліміздің болашағы көркейіп өркениетті елдер қатарына қосылуы бүгінгі ұрпақ бейнесінен көрінеді. Қазіргі білім беру саласындағы мәселе - әлеуметтік педагогикалық ұйымдастыру тұрғысынан, білім мазмұнына жаңалық енгізудің тиімді, жаңа әдістерін іздестіру мен олардыІ жүзеге асыра алатын мұғалімдерді-даярлау болып табылады.
Мұғалімдерді даярлау - қай yaқыттa да ең өзекті мәселелер қатарына жататыны белгілі жайт. Олай болатыны, қоғамның әлеуметтік экономикалық міндеттеріне сай, өскелең ұрпақты өмірге бейімдеудің талаптары туындап отырады.
Қазіргі кезеңде білім берудің ұлттық моделіне өту оқыту мен тәрбиелеудің соңғы әдіс-тәсілдерін, инновациялық педагогикалық технологияларды игерген, психологиялық-педагогикалық сараптаманы қабылдай алатын, педагогикалық жұмыста қалыптасқан бұрынғы ескі сүрлеуден тез арада арылуға қабілетті және нақты тәжірибелік іс-әрекет үстінде өзіндік даңғыл жол салуға икемді, шығармашыл педагог - зерттеуші, ойшыл мұғалім болуын қажет етеді.
Mемлекеттік білім стандарты деңгейінде оқыту үрдісін ұйымдастыру жаңа педагогикалық технологияны ендіруді міңдеттейді.
Кез келген елдің экономикалық қуаты, халқының өмір сүру деңгейінің жоғарылығы, дүниежүзілік қауымдастықтағы орны мен салмағы сол елдің технологиялық даму деңгейімен анықталмақ. Жалпы қоғам дамуы мен жаңа технологияны енгізу сапалылығы осы елдегі білім беру ісінің жолға қойылғаңдығы мен осы саланы ақпараттандыру деңгейіне келіп тіреледі.
Экономикалық күшті дамыған елдердің тәжірибесі білім беру жүйесін ақпараттаңдыру экономика, ғылым және мәдениеттің қарқынды дамуының негізгі кілті екендігін көрсетіп отыр. Ендеше қазіргі заманның ақпараттық технологиясын игеру міндетіміз. Ол үшін болашақ мұғалімдерді даярлауда жоғары оқу орындары төмендегідей жұмыстар атқаруы тиіс:
- Болашақ мұғалімдерді ақпаратты қоғам жағдайында оқып білім алуға, өмір сүруге бейімдеу;
- Жаңа ақпараттық және телекоммуникациялық технологияға бейімделген білім берудің ғылыми-әдістемелік базасын жасау, білім саласын басқарудың жаңа формалары мен әдістерін пайдалана отырып жоғары білім беру жүйесін жаңарту;
- Дүниежүзілік ақпараттық - білім кеңістігінде орта білім беру жүйесін сәйкестендіре отырып кіріктіру;
- Білім берудің иллюстративтік-түсіндірмелі жүйесінен дамыта оқыту жүйесіне көшу. Оқыту үрдісінде оқушы шығармашылығына негізделген оқыту әдістерін пайдалануға түбегейлі көшу.
Қазіргі уақытта Қазақстанда білім берудің өзіндік ұлттық үлгісі қалыптасуда. Бұл үрдіс білім парадигмасының өзгеруімен қатар жүреді. Жаңа білім парадигмасы бірінші орынға шәкірттің білімін, білігі мен дағдысын емес, оның тұлғасын, білім алу арқылы дамуын қойып отыр.
Қазіргі білім беру саласында оқытудың озық жаңа технологияларын меңгермейінше cayaтты, жан-жақты маман болу мүмкін емес. Жаңа технологияны меңгеру мұғалімнің өзін - өзі дамытып, оқу-тәрбие үрдісін тиімді ұйымдастыруына көмектеседі.
Қазіргі заманда ақпараттың көптігі мен жету жылдамдығы, осы мәселенің психологиялық ерекшелігі де мектеп қабырғасында, сабақта компьютерлік технологияны меңгерудің маңызы мен қажеттілігін дәлелдейді. Информатиканы мектепте оқытуда қатысымдық (коммуникативтік) бағытты ұстану басты мәселе болып табылады. Қатысымдық тұрғыдан ұйымдастырылған информатиканы оқыту үрдісінің тиімді болуы осы зерттеу жұмысында қатысымдық тұлға - MS Access программаcын компьютер арқылы оқытумен тығыз байланысты. Өйткені компьютердің мультимедиалық мүмкіншіліктері оқушының білімін дамытуды жан-жақты басшылық жасай алады. Қазақстандық білім беру жүйесінде барлық пәндер бойынша электрондық құралдар жасалып жатқаны белгілі. Дегенмен практикадағы қолданыс барысы әлі мардымсыз екендігін республикалық басылымдардан да, мектептердегі информатиканы оқыту тәжірибесінен де көп байқауға болады. Зерттеу жұмысының өзектілігі осы айтылғандармен байланысты айқындалады.
Зерттеу нысаны - мектепте MS Access программасын компьютермен оқыту әдістемесі.
Зерттеу жұмысының мақсаты - оқушылардың MS Access программасының мүмкіндіктерімен танысып, оны компьютермен оқытудың ұтымды әдістемесін ұсыну.
Зерттеу жұмысынын міндеттері:
- MS Access программасын компьютер арқылы меңгерту әдістемесінің әлеуметтік- философиялық, дидактикалық, психофизиологиялық, әдістемелік заңдылықтарын анықтау;
- MS Access программасын оқыту үрдісін компьютерлік технология арқылы жаңашаландыру;
- MS Access программасын жеделдете оқытудағы компъютердің мүмкіншіліктерін анықтау;
Зерттеу жұмысының болжамы. Компьютерлік оқыту технологиясына бейімделген MS Access программасын оқытуға арналған әдістемені жете меңгеруге игі ықпал етеді.
Зерттеудің әдістері. Зерттеу жұмысында анализ, синтез, салыстыру, жалғастыру, бақылау, сұрау әдістері қолданылады.
Зерттеудің ғылыми жаңалығы.
- MS Access программасын компьютермен оқытуға арналған арнайы электрондық оқу құралы арқылы сабақ жоспары ұсынылды.
Зерттеудің теориялық маңызы.
MS Access программасын оқытудың жаңа инновациялық жүйесін енгізу интерактивті әдістерді мол және тиімді қолданудың компьютерлік мүмкіншіліктерін молайтады.
Зерттеу жұмысының құрылымы.
Зерттеу жұмысы кіріспеден, негізгі, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
Жұмыстың кіріспесінде диплом тақырыбының өзектілігі және мақсаты, қысқаша жұмыс мазмұны туралы мәлімет беріледі, яғни оның бірінші тарауында ақпараттық технологияларды білім беру жүйесінде пайдалану, жаңа педагогикалық технологиялар туралы деректер келтірілген. Бұл тарауда негізінен теориялық мәселелер қарастырылған. Жұмыстың екінші тарауында компьютерлік оқыту жүйелері, олардың оқу үрдісіндегі орны анықталған, электронды оқулық элементі түсінігі және оны дайындау технологиясы, информатика курсы тақырыптарына арналған оның кейбір үлгілері келтірілген.
Дипломдық жұмысты педагогикалық программалық құралдар, оның ішінде электрондық оқулықтар дайындауда, оқушылардың өзіндік жұмыстарын жүргізуді ұйымдастыруда, қашықтықтан оқыту курстарын дайындауда әдістемелік нұсқау ретінде пайдалануға болады.
I. Білім беру жүйесін ақпараттандырудың негіздері
1. 1 Ақпараттық технологияларды білім беру жүйесінде пайдалану
Қазіргі уақытта Қазақстан дамудың индустриялық кезеңінен ақпараттық кезеңіне біртіндеп аяқ басуға бет бұрды. Адам өмірінде компьютерлердің белсенді орын алуы осыған байланысты. Сондықтан жаңа технологияларды игеруге қажетті білім мен дағдының жаңаруы өндіріс құрылымын өзгертудің маңыздылығын арттыра түсті. Мұндай жағдайда елдің одан ары дамуы үздіксіз білім беру жүйесін тиімді ұйыдастырумен тығыз байланысты. Үздіксіз білім беру қоғамның әрбір мүшесінің білімін көтеруге немесе мамандығын арттыруға жағдай жасап, оны ақпараттық қоғамда өмір сүруге дайындайды. Бұл орайда жаңа ақпараттық технологиялар мен оларды пайдаланудың жаңа әдістемелік құралдарын дайындаудың ролі зор. Олар бір жағынан, халық шаруашылығының түрлі салаларындағы жаңа технологияларды игеруге жағдай жасайды, екінші жағынан, білім таратушы ретінде оқыту құрылғылары болып шыға алады.
Сонымен кәдімгі ақпараттық технологиялар деп - көбінесе қағаз жүзінде әртүрлі ақпараттарды дайындау, жинау, өңдеу және жеткізу процестерін айтады. Жаңа ақпараттық технологиялар деп ЭЕМ-дер мен олардың желілері арқылы, әсіресе, дербес компьютерлер көмегі арқылы, ақпаратты дайындау, жинау, жеткізу және өңдеу технологияларын айтады.
Ақпараттық процестер - адамдар арасында, тірі организмдерде, техникалық құрылғыларда және қоғамдық өмірде ақпаратты жеткізу, жинақтау және түрлендіру процестері.
Дербес ЭЕМ-дер - жұмыста және адамның үйде пайдалануына арналған шағын компьютерлер. Дербес ЭЕМ-дер журналдар, кітаптар және әртүрлі құжаттар дайындауда мәтін теріп, оны түзету үшін кеңінен қолданылады.
Сондай-ақ жаңа ақпараттық технологиялар дегеніміз - ЭЕМ жадындағы сақталған картотекадағы, каталогтардағы, әртүрлі архивтермен кітапханалардағы ақпараттарды жинақтауға, біріктіріп сақтауға, керектілерін жылдам іздеп табуға болатын әр түрлі мәліметтер базасы мен ақпараттық жүйелер. Жаңа ақпараттық технологиялардың дамуын ЭЕМ желілеріне негізделген электрондық поштасыз, байланыс желілері мен ақпараттық коммуникацияларынсыз көзге елестету мүмкін емес. Қоғамымыздағы дербес компьютерлермен, ЭЕМ желілерімен, ақпараттық қорлармен толық қамтамасыз етсек ақпараттық пайдалану, алу және тарату істерін ұйымдастыру жаңа сатыға көтеріледі. Олар бұған дейінгі қолданылған “қағаздағы” ақпараттық алу мен таратуды толықтыра отырып, қоғамымызды ақпараттандыру процестерін арттыра түседі. Жаңа ақпараттық технологиялардың жан-жақтылығын дұрыс түсіну үшін “технология” ұғымның мәнін ашып алу қажет. Қоғамдық дамудың алғашқы кезеңдерінде “технология” деп белгілі бір ұйымдарды жасау кезіндегі тәсілдер жиынын айтатын еді.
Еліміздің саяси әлеуметтік-экономикалық өзгерістерге сай білім беруді жетілдіру бағыттарының бірі - білім беруді ақпараттандыру. Орта білім беру жүйесін ақпараттандыру Мемлекеттік бағдарламасына сәйкес жүзеге асырылуда.
Қазіргі постиндустриялық қоғамда ақпараттық технологиялардың (АТ) рөлі өте маңызды, олар бүгінде қоғамды ақыл-парасатпен байыту, оның экономикасын, білім беру жүйесі мен мәдениетін дамыту үрдісінде шешуші орында. Олардың адам өмірінің сан алуан салаларында кеңінен пайдалануына байланысты олармен оқу мен танымның бастапқы кезеңдерінде жедел таныса бастау қажеттілігі туды. Білім беру жүйесі қоғамды ақпараттандыру үрдісінің негізгі объектілерінің бірі болып табылады.
Қазіргі таңда республика мектептерін жаңа компьютерлік технологиямен қамтамасыз ету жұмыстары іске асырылып, енді сол ақпараттық технологияны қолдану мен оны мектептерге енгізу саласында, оқушылардың ақпараттық мәдениетін қалыптастыру мақсатында оқытуды жетілдіру жұмыстары жүргізілуде.
Бүгінгі таңда мектеп пәндерін компьютер көмегімен оқыту нәтижелігін зерттеудегі ғылыми мәселелерді шешу ең басты орын алады. Бұған себеп психологиялық-педогогикалық проблематиканың оқыту процесін компьютерлендірудің барлық бағыттарын жан-жақты қамтуы болып табылады.
Зерттеу нәтижелері көрсетіп отырғандай, мектеп пәндерін оқыту процесінде компьютерді қолдану мұғалім мен оқушы қарым-қатынасы жүйесін, олардың іс-әрекеттерінің мазмұнын, құрылымын өзгерте отырып, түрлендіреді және осы әрекет мүшелерінің мотивінде әсер ете отырып, олардың мотивациялық, эмоциональдық ортасына, сезімнің өсуіне әсер етеді. Демек, оқыту процесінде компьютерді қолдану білім мен біліктілікке қоятын талаптарды қайта қарап, жетілдіріп жүйелеуді талап етеді.
Қазіргі ақпараттық және телекомуникациялық өзара ықпал технологияларының мүмкіндіктерін іске асыру оқу ісін байытады, информатиканы ғана емес, басқа да көп пәндерді оқытудың ұйымдық түрлерімен тәсілдерін жетілдіруге және жаңартуға мүмкіндік беретіні дәлелденген. Бұл жерде оқу материалының мазмұнын іріктеу критерийлері өзгереді. Олар оқушы тұлғасының өзін-өзі дамытуының және ақыл-ойының қарқынды дамуының қажеттілігіне дүние туралы білім алу, өздігінен іздену, заңдылықтар арқылы шағын "жаңалықтар ашу", қазіргі ақпараттық технологияларды заттық әлемді өлшеу, т. б. бейнелеу және оған әсер ету құралы етіп пайдалануға негізделеді.
Қазіргі таңда ғылым мен техниканың даму қарқыны оқу - ағарту саласының оқыту үрдісіне жаңа технологиялық әдістермен қондырғыларды кең көлемде қолдануды қажет етуде. Электрондық байланыс жүйелері арқылы ақпарат алмасудың тиімділігі өркенниетті елдердің іс-тәжірбиесінде айқын сезілуде. Республикамызда білім беру жүйесі білім беруді тексеру мақсатында ақпараттық технологияларды енгізу басты мәселелерге айналуда. Қазақстандағы барлық орта мектептердің компьютермен жоспарлы түрде жабдықталуы оның айқын дәләлі.
Заман ағымына сай күнделікті сабаққа видео, аудио қондырғыларымен теледидарды, компьютерді қолдану айтарлықтай нәтижелер беруде. Мұндай қондырғылар оқушылардың қызығушылығын арттырып, зейін қойып тыңдаумен қатар, түсінбей қалған сәттерін қайталап көруге, тыңдауға және алған мағлұматты нақтылауға мүмкіндік береді. Оқушылардың өздері де алынған ақпаратты көшіріп алып (дискетке, бейне таспаға) онымен өз ыңғайына қарай жұмыс істей алады.
Әсіресе, олардың тиімділігі:
- Қашықтан білім алу мүмкіндігінің туындауы;
- Қажетті ақпаратты жедел түрде алу мүмкіндігі;
- Экономикалық тиімділігі (бару, келу, тұрмыс тауқыметі т. с. с материалдық шығынды қажет етпеуі) ;
- Білім сапасына әсері зор. Әсіресе, тіл сабақтарын игеруде (ағылшын, орыс, қазақ т. с. с тілдерді) айқын сезіледі;
- Іс-әрекет қимылды қажет ететін пәндермен тапсырмаларды оқып үйренуде (биөнері, қол еңбек, дене шынықтыру сабақтары т. с. с) ;
- Қарапайым көзбен көріп, қолмен ұстап сезіну, немесе құлақпен есту мүмкіндіктері болмайтын табиғаттың таңғажайып процестері мен әр түрлі физикалық, химиялық, биологиялық тәжірбие нәтижелерін көріп, сезінуге мүмкіндік береді;
- Оқушының ой-өрісін дүниетанымын кеңейтуге де, ықпалы зор(теледидардағы ғылыми-көпшілік, рухани, тарихи-танымдық хабарлар мен компьютерлік жүйедегі шахмат, дойбы, тоғызқұмалақ т. с. с логикалық тұрғыдағы ойындар) .
Қазіргі таңда білім беру жүйесінде электрондық байланыс жүйелерінде ақпарат алмасу интернет, электрондық пошта, телеконференция, видеоконференция, телекомуникациялық жүйелер арқылы іске асырылуда. Бірақ кез келген жаңалықтың жақсылығымен қатар зияны да болатыны белгілі. Мұндағы ең басты назар аударарлық мәселе: олардың ара салмағы. Демек кемшілігін түзеп, зиянын жойып, артықшылығын жетілдіре түсу қажет.
Сонымен бірге жаңа ақпараттық технологияларды қолдану үрдісін бағдарламалық-техникалық қамтамасыз ету саласында да, оның психологиялық-педагогикалық, физиологиялық-гигиеналық, эргономикалық және технологиялық аспектілерде өзгеріс әкеледі.
1. 2 Жаңа ақпараттық технологияларды оқытудың
педагогикалық негіздемесі
Қазіргі кездері компьютерлік технологияның даму деңгейі жаңа дәуірдің мультимедиялық, телекомуникациялық мүмкіндіктері мен артықшылықтарын көрсететін алғы шарттар болып табылады. Мұндай мүмкіндіктерді жүзеге асыру үшін білім саласында да, қазіргі кездегі ақпараттық технологияны дамыту саласында мамандар біріктіруге күш салуда. Бүгінгі таңда мектеп пәндерін компьютер көмегімен оқыту нәтижелігін зерттеудегі ғылыми мәселелерді шешу ең басты орын алды. Зерттеу нәтижесі көрсетіп отырғандай, мектеп пәндерін оқыту процесінде компьютерді қолдану білім мен бірлікке қоятын талаптарды жетілдіріп, жүйелеуді талап етеді.
Алдымен жаңа ақпараттық технологияларға көшпей тұрып, оқу - тәрбие үрдісіне білім беруді ақпараттандыру мүмкін емес. Білім берудегі жаңа ақпараттық технология дегеніміз - оқу үрдісіндегі рөлі мен орны, мұғалімдер мен оқушылардың еңбегін жеңілдету, оларды пайдаланудың түрі мен әдістері туралы ғылыми білімнің жүйесі екені белгілі.
Оқытудағы жаңа ақпаратты технология аса қажетті педагогикалық мәселелердің шешімін табуға, ой еңбегін арттыруға, оқу үрдісін тиімді басқаруға арналған. Жаңа ақпараттық технологияның білім саласына енуі педагогтерге оқытудың мазмұны, әдістері мен ұйымдастыру түрлерін сапалы түрде өзгертуге мүмкіндік береді.
Жаңа ақпараттық технология мүмкіндіктерін пайдаланудың педагогикалық сәйкестігін ескеріп оқыту үрдісіне енгізу, сабақты ұйымдастырудың және оқыту әдістерінің өзгеруіне әкеледі.
Жаңа ақпараттық технологияларды пайдаланудағы негізгі мақсаттарға мыналар кіреді:
- Ақпаратпен жұмыс жасау іскерлігін қалыптастыру, баланың қабілетін дамыту;
- Ақпараттық қоғамның жеке тұлғасын дайындау;
- Берілетін оқу материалының көлемін оқушы меңгере алатын деңгейге дейін өсіру;
- Зерттеу іскерлігін, тиімді шешім қабылдай білу іскерлігін қалыптасытыру.
Компьютер оқу материалын беру мүмкіндігін едәуір кеңейтеді. Түсті графика, мультимедияны, бейнетехниканың барлық мүмкіндіктерін пайдалану оқушыға ерекше психологиялық әсер етеді. Сонымен қатар компьютер оқу мотивін күшейтуге мүмкіндік береді.
Компьютермен жұмыс жасай отырып, оқушы кез келген тапсырманы аяғына дейін орындау мүмкіндігіне ие болады. Себебі, оған қажетті көмек көрсетіліп отырады. Егер тиімді оқытатын жүйелер пайдаланса, оған тапсырманың шешімі де түсіріліп, тиімді және тиімсіз жүрістер талқыланады. Қарастырылып отырған мәселелің тәжірибелік маңызын аша отырып, өзінің ақыл ойын пайдалануға, кез келген сұрақ қойып, кез келген шешім жолын айтып, нашар баға алудан қорықпауға мүмкіндік беретін компьютер оқуға деген көзқарас қалыптастырады.
Қазіргі замандағы ақпараттық технологиялар білім беру үрдісіне оқушының қабілетін дамытуға мүмкіндік береді, және оқушының танымдық іс - әрекеттері күшейіп, өзіндік жұмыстарды тез орындау мүмкіндіктері артады. Осылайша оқыту құралдарының бірі - электрондық оқулық. Ол оқушыларды даралай оқытуда жаңа ақпараттарды жеткізуге, игерілген білім мен біліктерді тестік бақылауға арналған программалық құрал.
Білім беру процесі - ақпараттық қоғам жағдайындағы жас өспірімдерді жан - жақты даярлайтын процесс болуы керек. Сондықтан білім беру жүйесіндегі компьютерлерді пайдаланудың маңызы зор. Өйткені компьютер адам қызметінің барлық саласында еңбек өнімділігін арттыру құралына айналды. Болашақ мамандардың ақпараттық мәдениеті негіздерін қалыптастыру оқушылардың компьютерде жұмыс жасауды игерумен тығыз байланысты. Компьютерді мектепте оқытуды практикаға енгізу әлеуметтік, экономикалық, теориялық және практикалық сипаттағы түйінді мәселелерге жол ашып отыр. Атап айтқанда, ғылыми - техникалық прогрестің тез өсу қарқыны жоғары деңгейлі мамандар даярлауда жаңаша оқыту әдістерінің қажеттігін алға қоюда.
Білім беруді ақпараттандыру мәселелерінің ауқымы өте кең және көп салалы. Қазіргі кезде информатика курсын мектепте оқытудың айтарлықтай тәжірибесі жинақталды. Атап айтқанда мектеп оқушыларын алгоритмдік және компьютерлік сауаттылыққа үйрету әдістемесі жасалды.
Қоғамдық ақпараттандырудың негізгі бағыттарынңы бірі - оқыту процесін ақпараттандыру. Ал ақпараттандыру болса үздіксіз білім берудің бір бөлігі.
Қоғамдық ақпараттандыру жағдайында үздіксіз білім беру жүйесі мыналарға сүйенеді :
- Білім беру сапасын арттыру, даму қарқынын күшейту; қоғам мүшелерінің ой - өрісін даму деңгейін көтеру;
- Өз бетінше білім алу мүмкіндіктерін күшейту.
Білім беруді ақпараттандырудың негізгі бағыттары :
- Әдістері мен формасын ұйымдастыру, оқудың әдістемелік жүйесін жасау;
- Қоғамдық ақпараттандырудың қазіргі жағдайда тұлғаны тәрбиелеу және дамыту;
- Оқушының интелектуалдық потенциялын дамытуға бағыттау;
- Өз бетімен білім алу біліктілігін қалыптастыру;
- Ақпараттық - оқу, эксперименттік зерттеу қызметінің өз бетімен түрлі іс - әрекеттерін жүзеге асыру.
Оқытудың жаңа ақпараттық технологиялары аса қажетті педагогикалық мәселелердің шешімдерін табуға, ой еңбегін арттыруға, оқу үрдісін тиімді басқаруды қамтамасыз етеді. Жаңа ақпараттық технологияның негізгі ерекшелігі ол мұғалімдер мен оқушыларға өз бетімен және бірлесіп шығармашылық жұмыс жасауға көп мүмкіндік береді.
Бүгінгі таңда оқушылардың компьютерлік сауаттылықты меңгеріп алуы оларға танымның жаңа құралын сонымен қатар қазіргі кездегі барлық мамандар бірдей меңгере бермейтін көптеген мүмкіндіктер береді.
- Оқушылардың білім негіздері туралы түсініктерді тереңдету;
- ақпаратты тарату және қолдана білу арқылы әлемнің қазіргі ғылыми бейнесін қалыптастыру;
- Оқушыларға ақпараттық процестердің мәнін ашып көрсету;
- Қазіргі қоғамның дамуындағы ақпараттық технология мен есептеу техникасының рөлін айқындау;
- Компьютерді оқу процесінде де, кәсіби қызметте де ұтымды пайдалану.
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz