Кәсіпорындағы жоспарлауды ұйымдастыруын талдау


Мазмұны:
Кіріспе
I. Кәсіпорындағы жоспарлаудың түсінігі;
1 . 1. Жоспарлаудың мәні мен принциптері;
1 . 2. Кәсіпорындағы жоспарлау процесі мен
жоспарлаудың әдістері;
II. Кәсіпорындағы жоспарлауды ұйымдастыруын талдау:
2 . 1. Кәсіпорындардағы өндірістік бағдарламаның жасалуы.
2. 2. Жоспарлаудың өмірлік тәжірибедегі түрлері және
шетелдік тәжрибелері
Қорытынды:
Пайдаланылған әдебиеттер:
Кіріспе.
Өз кезінде К. Маркс жоспарлауды қоғамдық еңбекті халық шаруашылығының салдары мен түрлеріне бөлуде қажетті пропорцияларды қоғамның сұранысы мен мүмкіндіктеріне сәйкес саналы анықтау және жүзеге асыру үшін қажет деп түсіндірді. Әкімшілік жоспарлау жүйесінен нарықтық экономикаға көшуге байланысты және халық шаруашылығын дамытудың жаңа қарым- қатынастарының қалыптасуы жайында жоспарлау жаңа қырынан көрінеді де, жаңа міндеттерді шешуді көздейді. Жаңа жағдайдағы жоспарлаудың сапалық ерекшелігі жоғарыдан жасалатын бұрынғы директивтік жоспарлау орталық және жергілікті органдардың, кәсіпорындар мен ұйымдардың өзара тиімді келісімі арқылы орындалатын нұсқаулы жоспарлауға айналады.
Жоспарлау - менеджменттің негізі болып табылады. Осы жоспарлау негізгі 3 топтан тұрады:
- Фирманың қазіргі уақытта қандай жағдайда, қандай күйде болғаны? Қандай экономикалық дәрежеде екенің, оның нәтижесін және әрқашан күшті жағымен тексеріп тұруын анықтайды. Соның ішінде маркетингте, өндірісте бір нәрсені тексеріп тұруда, ғылыми зерттеуде өндіріс ресурсында нәтижеге қол жеткізуді т. б- ларын жоспарлау.
- Фирма қайда, қандай жолмен жылжып барады? Кәсіпорындағы және фирманың басқарушылары қоғамдағы түрлі кедергілерге қарамастан өз жоспарларын қалай іске асыруы керектігі.
- Ненің көмегі арқылы организациялар, фирмалар, кәсіпорындар жоспарлаған мақсаттарына жетеді. Кім нені істеуі керек ?
I. 1 . Жоспарлаудың мәні мен принциптері
Экономиканы жоспарлы дамытудың обьективті қажеттілігі өндірушілердің бөлінуіне және қоғамдық еңбек бөлнісінің дамуына байланысты пайда болады.
Жоспарлау - зерттеліп отырған нысанның жағдайын алдын ала нақты көре білу, сол арқылы көздеген мақсатқа сәйкес дамудың жолдары мен тәсілдері көрсетіледі, сондай- ақ оны шешудің басқару жолдары анықталады. Сонымен, жоспарда алдын ала көре білу дәлірек және айқынырақ көрініс болып табады.
Жоспарлау - кәсіпорынның дамуы мен жалпы мақсатына жету үшін ұйымның барлық мүшелерінің күшін қамтамасыз ететін бағыт.
Жоспарлау - басқарудың негізгі функциясы. Жоспарлау сатып алушылардың әртүрлі қажеттіліктерін есепке ала отырып өнім ассортименттерін көбейтуде зор мәнге ие. Жоспарлау мәні бекітілген мерзімге нарық сұраныстары мен материалдық көздер есебімен қамтамасыз етіліп дамуына бағытталған, анықталған негіздеме.
Ф. Энгельс “Анти- Дюринг”атты еңбегінде былай деп жазды:“Дамыған қоғамда өндірістегі анархия өндірісті қоғамдық жоспарлы реттеумен ауыстырылады, ол бүкіл қоғам қажеттілігіне және оның мүшелерінің қажеттілігіне сай жүргізіледі”.
Өз кезінде К. Маркс жоспарлауды қоғамдық еңбекті халық шаруашылығының салдары мен түрлеріне бөлуде қажетті пропорцияларды қоғамның сұранысы мен мүмкіндіктеріне сәйкес саналы анықтау және жүзеге асыру үшін қажет деп түсіндірді. 1986 жылы 11 шілдеде Л. Кугельманға жазған хатында ол былый деген болатын: “Қоғамдық еңбекті белгілі пропорциямен бөлу қажеттігі қоғамдық өндірістің белгілі формасына сәйкес жойылуы мүмкүн емес, оның көріну формасы ғана өзгереді”.
Әкімшілік жоспарлау жүйесінен нарықтық экономикаға көшуге байланысты және халық шаруашылығын дамытудың жаңа қарым- қатынастарының қалыптасуы жайында жоспарлау жаңа қырынан көрінеді де, жаңа міндеттерді шешуді көздейді. Жаңа жағдайдағы жоспарлаудың сапалық ерекшелігі жоғарыдан жасалатын бұрынғы директивтік жоспарлау орталық және жергілікті органдардың, кәсіпорындар мен ұйымдардың өзара тиімді келісімі арқылы орындалатын нұсқаулы жоспарлауға айналады.
Нарықтық экономикада жоспарлау жойылмайды, керісінше, жоспар мен нарықтың өзара байланысы күшейе түседі. Әйтпесе нарықтың өз бетінше дамуы және өзін-өзі реттеуі қоғамдық экономикалық және әлеуметтік процестер барысында үлкен қателіктер мен күрделі олқылықтарға ұрындырады. Сондықтан әр бір мемелекет, жоспарлау мен экономикалық реттеуге сүйене отырып, пайда болған деформайияларға түзетулер енгізіп, нарықтық қатынастарды әлсін- әлсін бәсекелестік жағдайына келтіреді, экономиканы динамикалық тепе- теңдікте ұстап, тұтынуды қоғамның төменгі күнкөріс деңгейі дәрежесіне сәйкестендіруге тырысады. Сонымен, жоспарлау жүйесі нарықсыз, нарықтық қатынастар механизімінсіз сәтсіздікке ұшыраса, тиісінше нарықтық шаруашылықты болжаусыз және реттеусіз жүргізу аса тиімді болмайды.
Жоспарлау - басқару шешімдерін қабылдау просеці. Ол кәсіпорынның экономикалық даму мінездемесіне бағытталған.
Нарықтық ортада жоспарлау келесі принциптерге негізделіп түрлерге бөлінеді:
- Демократиалық жоспарлау- бұл кәсіпорындағы жоспарлау басқару шешімдері директивті түрде емес, индикативтік негізде төменнен қалыптастырады.
- Меншіктің алғашқы формасы - обьектіні меншіктеу құқығы ең алдымен меншік иесіне беріледі.
- Жоспарлаудың ғылымилығы- жоспарды жасауда экономикалық заңдармен ғылыми нормамен нормативтерді, ғылыми техниканың жетістіктерін қолдауды білдіреді.
- Жоспардың әлеуметтік бағыттануы.
- Ағымдық, оперативтік, стратегиялық жоспарлардың өзара байланысы мен бірлігі.
- Жоспардың кешенділігі - кәсіпорындағы барлық жоспарлау түрлерін қамтиды.
- Жоспардың оңтайлылығы - бұл бірнеше жоспардың ішінен максималды пайдамен шығындардың ми нимумын беретін оңтайлы жоспарды таңдауға мүмкіндік береді.
I. 2. Жоспарлаудың әдістері мен кәсіпорындағы жоспарлау процесі .
Жоспарлауға обьективті экономикалық заңдылықтарды білу және сапалы қолдану негіз болады. Экономикалық заңдылықтар экономика дамуының негізгі тенденцияларының бағыттарын, мазмұнын, сипаттап анықтайды дегенмен олар бұл тенденциялардың нақты сандық көлемін көрсете алмайды. Шаруашылық дамуының тиімді вариантын саналы тандау мүмкіндігі кеңітілген ұдаиы өндірістің прапортциясы мен қарқынын анықтау, онын нәтижесін бөлу ғылыми методология, әдістеме жане жоспарды ұйымдастыру арқылы жүзеге асады. Жоспарлаудың әдістемесі әдістемелер жиынтығынан нақты тәсілдерден, технологиялық-экономикалық және экономикалық- математикалық есептеулерден тұрады. Олар жоспардың жеке теориялары мен көрсеткіштерін үйлестіру, байланыстыру, таңдау үшін қажет. Жоспарлаудың ең негізгі әдістері болып: экономикалық- статистикалық, экономикалық- математикалық, теңгерімділік, нормативтік, баланыстық әдістер жатады.
Нормативтік әдістің мәні - есептеулері ғылыми негізге сүйенген, еңбек пен қаражат шығыны ескерілген техникалық- экономикалық көрсеткіштер болып табылады.
Жоспарлауың басты әдістерінің бірі теңгерімділік әдісі. Оның мәні - жоспардың түрлі элементтер арасындағы өзара байланысты анықтауға материалдық, еңбек және ақща ресурстарының қолдағы қоры мен олардың қажеттілігін салыстыру олыменанықталады.
Баланыстық әдіс - кеңінен қолдану сала аралық, салалық, аудандық және шаруашылық өнімдегі өзара үйлесімділікті сақтауды, сондай- ақ жоспардың орындалуына қажетті ресурстарын тиімді қолдануды қамтамасыз етеді.
Жоспарлауда ең кеңінен таралған балама түрлері: натуралды, құндық, еңбектік баланыстар.
Жоспарлауда кеңінен таралған әдістер : статистикалық және аналитикалық тәсілдер. Олардың көмегімен есеп беру мәліметтері,
бастапқы мәліметтер таңдалады, бұлардың негізінде берілген мерзімге қажетті көрсеткіштер дайындалады.
Әдістердің ішінде экономикалық- математикалық әдістер ерекше дамыған болып саналады. Олар арқылы техникалық - технологиялық және экономикалық ұйымдастырудың өзара байланыстары теориямен ашылады, көп вариантты есептеулер негізінде экономикалық өзгерістер жан - жақты дәлелденеді және берілген критери бойынша ең тиімді варианты талданады.
Кәсіпорындардағы жоспарлаумен байланысты қызметті бірнеше этаптарға бөлуге болады:
- Ұйымның болашақ мақсаты үшін шешім қабылдауға тікелей қатысты жоспарлау процесі немесе жоспарлар құрамының процесі. Жоспарлау процесінің нәтиесінде жоспарлар жүйесі пайда болады.
- Жосарланған шешімдердің жүзеге асуы үшін іс- әрекеттер. Бұл қызметің нәтижесі болып ұйым қызыметінің нақты көрсетіштері болып табылады.
- Нәтижелерді бақылау. Бұл этапта жоспардағы көрсеткіштермен нақты нәтижелер салыстырылады.
Жоспарлау процесі жоспарлау құрамының жәй ғана тізбектеліп орындалу операциясы ғана емес. Бір уақиға басқалар үшін мінетті түрде із қалдруын қарастыру.
Процес - үлкен басқару өнерімен икемділікті қажет етеді. Жоспарлау процесіне қатысушы адамдар өз қызметерін орындап қана қоймай, қажет болған жағдайда қызмет мінездемесінің өзгеруіне әсер ете алады.
Жоспарлау процесі бірінен соң бірі келетін кезеңдер қатарынан тұрады:
1 - ші кезең. Фирма ұйымының ішкі және сыртқы ортасына зерттеулер жүргізеді. Басты компонеттер анықталып, ұйым үшін мәні зор біреуі таңдалады. Фирманың нақты жағдайын бағалай отырып болашаққа болжау жасайды.
2 - ші кезең. Фирма өз қызметіне мақсатты бағыты мен бағдарын бекітеді: мақсаттың кешенділігі, миссиясы.
3 - ші кезең. Стратегиялық талдау. Фирма сыртқы және ішкі факторларды зерттеудің нәтижелері мен мақсатын салыстырады. Олардың айырмашылығын анықтайды.
4 - ші кезең. Альтернативтік стратегияның біреуі таңдалады.
5 - ші кезең. Фирма қызметінің шешуші стратегиялық жоспарлары мен бағдарламалар дайындалады.
6 - ші кезең. Орта мерзімді жоспарлау. Орта мерзімді жоспарлары мен бағдарламалар дайындалады.
7 - ші кезең. Стратегиялық жоспар негізінде және орта мерзімді жоспарлау нәтижесінде фирма жылдық оперативті жоспарымен жобаны жасайды.
8 - ші 9 - шы кезеңдер жоспарлау процесіне тікелей қатысты болмаса да, жаңа жоспар құрудың алғы шартарын анықтайды.
- Ұйым өз жоспарын жасау арқылы не істей алды.
- Жоспардағы көрсеткіштермен нақты орындалғандар арасында қандай айырмашылықтар болды.
II. 1 . Кәсіпорындағы экономикалық талдауды ұйымдастыру және өндірістік бағдарламаның жасалуы.
Экономикалық талдаудың түрлері мен әдістері. Кәсіпорын қызыметін кешенді зерттеу үшін жалпыға танымал келесі әдістер кеңінен қолданылады: салыстырма, орташа сандарды қолдау, топтастыру, элиминирование, баланыстық үйлесу және т. б. сонымен бірге математикалық әдістер: Математикалық статистика, экономикалық моделдеу, математикалық бағдарламалау, желілі жоспарлаудың басқару жүйесі және т. б.
Экономикалық талдау түрлерінің жіктелу негізінде басқару қызметінің жіктелуі жатыр, өйткені экономикалық талдау экономиканы басқарудың әр қызметтерін жүзеге асырудың қажетті элементі болып табылады: Перспективтік (болжамды, алдын ала) талдау, оперативтік талдау, қызымет жетістіктерінің нәтижесі бойынша белгіленетін ағымдағы талдау. Экономикалық талдаудың бұндай жіктелуі негізгі қызыметтердің мазмұнына сай келеді, ол басқарудың уақыт сатыларын қамтып көрсетеді:
- Алдын ала басқару ( жоспарлау қызметі)
- Оперативтік ( қолма-қол) басқару кезеңі (басқарудың ұйымдастыру кезеңі)
- Басқарудың қортынды кезеңі (бақылау кезеңі)
Басқару процесінің мазмұны бойынша
Өндірістік бағдарлама - бұл өнімді көлемі ассортименті, сапасы бойынша өндіру мен өткізуді жоспары.
Кәсіпорындағы салаларды өнім салмағы мен көлемін анықтау үшін табиғи бірліктерді қолданылады.
Өндірістік бағдарламаларда өнімдерді құндық және табиғи өлшемдерде шығару жоспарланады.
Өндірістік бағдарламалардың есебі кәсіпорындардың қаржылық және еңбектік мүмкіндіктерін есепке алады.
Өндірістік жоспарды құрудағы негізгі мақсат - өндірістің керекті уақытта талап етілген сапамен тауардың қажетті көлемін шығару.
Жоспарда мыналар көрсетіледі: жабдықтау құрамы, шикізаттар мен материалдарды жеткізушілер, жеткізу қызметінің бағасы, саны мен сапасы.
Өндіріс жоспары былай бекітіледі:
- Өндірістік қуаттардың есебі;
- Персоналдар санының есебі;
- Персоналдардың нақты еңбекақыларының есебі;
- Өндіріс шығындары сметаларының есебі;
- Өнімнің өзіндік құнын калькуляциялау есебі;
- Баға есебі;
- Тауарлы және өткізілетін өнімнің есебі;
- Өндірістік қуат- өнімді шығарудың максималды мүмкін болатын жылық көлемі. Өндірістік қуаттылықтың негізгі цехтың немесе жоғары жабдықтаудың қуаттылығы ретінде келесі формуламен анықталады.
М = t * N / T бірлік
М - табиғи өлшемдегі өндірістік қуаттылық.
t - бір машинаның жұмыс уақытының максималды мүмкін жылдық қоры.
N - бір типтегі жоғары құрал - жабдықтардың көлемі.
T - бірлік - өнім бірлігін өндіруге кеткен уақыт мөлшері.
2. Өнімді өндіру және өткізу жоспарының орындалу үшін фирмалардың персоналдарға деген қажеттіліктері жоспарлау.
Фирмалардың еңбек және персоналдық жоспарының мәні рөлі кезеңдермен анықталады.
- Персоналдар шығындары кәсіпорындағы тоқаулардың негізгі бөлігін құрайды. Өнімді өткізу бағасымен оның бәсеке қаілеттілігін анықтайды.
- Фирма персоналдары - өндірістің қажетті факторлары болып табылады. Кәсіпорындағы қорлар мен еңбек әдістерінің тиімді қолданылуы және кәсіпорынның қаншалықты жақсы жұмыс жасауы тікелей соған байланысты. Сондықтан да әрбір кәсіпорындарда персоналдарды жоспарлаудың базасы ретінде кадрлық саясат жұмыс істеуі керек.
- “Еңбек төлнмдерінің шығындары”элементтерінен мыналар шығады:Тарифтік ставкамен міндетті қызметақыны кесімді бағалаудың еңбекақысы. Еңбекақы жүйесін ынталандыратын (еңбекақыға үстемелер, жыл соңындағы сыйақылар мен марапаттаулар) ауыр және зиянды жұыстарға төлемдер. Кезекті және қосымша жұмыстарға төлемдер, қолданылмаған демалыстарға, жеткіншектердің жеңілдік сағаттарына, жас сәбилі аналардың жұмыстағы үзілістеріне төлемдер. Кәсіпорын жұмысшыларына еңбекақы ретінде берілетін өнімнің өзіндік құны. Шаруашылық практикада тұрып қалулардың шамасын анықтау үшін “өзіндік құн”категориясы қолданылады.
II. 2. Жоспарлаудың өмірлік тәжірибедегі түрлері және шетелдік тәжрибелері
Теория жүзінде және өмірлік тәжірибеде мазмұнына, мерзіміне және басқада ерекшеліктеріне қарай жоспардың бірнеше түр і бар:
- Мазмұнына қарай:
- стратегиялық жоспарлау, мұнда елдің әлеуметтік- экономикалық дамуын жүзеге асыру бағыттары мен әдістері, қожалық етуші субьектілердің мақсаты мен міндеттері көрсетіледі. Олардың даму жолдары, модификациялау мен қайта құру әрекеттері ұзақ мерзімге есептеледі;
- тактикалық жоспарлау, бұл нарықтың өзгеру жағдайын ескере отырып, орта мерзімді стратегиялық мақсаттардың шешілуін көздейді;
- қауырт(оперативті) жоспарлау, мұнда қолда бар мүмкіндіктер өте қысқа мерзімде жүзеге асырылады.
2. Жоспарлар қамту көлеміне қарай:
- қойылған мәселеге қатыстылардың бәрін қамтитын жоспарлау;
- тек белгілі мәселені не мөлшерді, жеке территорияны қамтитын бөлшектік жоспарлау,
- кәсіпорын дәрежесіндегі жоспарлау;
3. Жоспарлау орындалу мерзіміне байланысты:
- қысқа мерзімді;
- орта мерзімді;
- ұзақ мерзімді;
4. Жоспарлау сипатына қарай:
- жан- жақты;
- нұсқалы;
- шектелген;
- егжей- тегжейлі;
5. Қызмет салаларына қарай:
- өндірісті, қаржыны, кадырларды, ғылыми жаңалықты дайындау мен өткізуді жоспарлау;
6. Мәліметтер мен жағдайларды өзгеруін есепке алуға байланысты:
- қатаң;
- икемді;
7. Уақыт кезеңіне қарай:
- тәртіптелген, ағымдағы жоспарлау (мерзім өткенен кейін ұзартылады) ;
- жылжымалы жоспарлау;
- кезектен тыс жоспарлау;
Жоспарлау тәжірибесінде мынадай модельдер қолданылады:
Заттың нақтылы сандық және салалық баланыстың құны түріндегі статистикалық модельі, салааралық баланыстың құн түріндегі динамикалық моделі, экономикалық өсудің фаториалдық модельі, салалардың тиімді дамыту мен орналастыру жоспарының модельі, халықтың табысы мен басқаларын оңтайландыру модельі, т. б.
Кәсіпорын жоспары келесі бөлімдерден тұрады:
- Өнімді өндіру және өткізу.
Бұл бөлімде мыналар анықталады:
- Натуралды және құндық түрдегі дайындалған өнімнің көлемі мен ассортименті.
- Жабдықтау жұмысының техника - экономикалық көрсеткіштері.
- Кәсіпорынның өндірістік қуаттылығы.
- Өндірістік қуаттылықтарды қолданылатын коэффиценттер
- Жоспарлы тапсырманың қуаттылығы.
- Өндірісті ұйымдастыру және техникалық дамыту.
- Техника мен технологияларды дамытуға бағытталған бағдарламалардың тізбесі.
- Кәсіпорындағы өндірісті және еңбекті ұйымдастырудың жетілдіруі.
- Өнім сапасын арттыру мен ассортименттін жетілдіру.
- Өнідіріс тиімділігін жоғарлату көрсеткіштері- жоспар тиімділігінің техникалық дамуындағы бағдарлануының жеке және кешенді көрсеткіштері.
- Норма және нормативтер, шикізат материалдар, отын, энергия, жабдықтарды қолданудың шығындары өнім бірлігімен немесе жұмыс .
- Капиталды құрылыс.
- Текникалық жарақтануға, реконструкцияға салынатын капитал суммалары.
- Капитал салымдарының тиімділігінің көрсеткіштері.
- Материалды- техниканы қамтамасыз ету.
- Шикізат және басқа да материалдық ресурстар шығындарын жоспарлау.
- Өндіріс қалдықтарын қолдануды жоспарлау.
- Шикізат шығындарының нормасын азайтатын бағдарламалар жасау.
- Еңбек потенционалы (еңбек және кадрлар жоспары) .
- Кәсіпорында жұмыс істейтіндер саны категориясымен анықталады.
- Еңбекке төлеу қорлары анықталады.
- Еңбек ақы және жалақыға байланысты техникалық экономикалық көрсеткіштер.
- Кадырларды дайындайтын және жеке жұмысшылардың квалификасиясын жоғарлататын жоспарлар құрылады.
- Пайда және рентабельділікте өзіндік құнды жоспарлау.
- Өнім өндірудегі шығындарды жоспарлау (жалпы кәсіпорын бойынша және өнімнің жеке түрлері бойынша) .
- Өндірістің рентабельділігіне өнімнің жеке түрлерінің рентабельділігін жоспарлау.
- Кәсіпорын қорлары: қорларды қалыптастыру есебінен және олардың шығындарынан тұрады.
- Қаржылық жоспар.
- Кәсіпорын мақсатындағы кірістер мен шығыстар.
- Өнім өндірудегі және басқады шығыстар мен кірістер.
- Негізгі өндіріс қорларын салу және қолдану.
- Кәсіпорынның мемлекеттік бюджетпен қарым- қатынасы.
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz