Электролиттік диссоциация теориясы



1 Электролиттік диссоциация теориясы
2 Аррениус теориясының негізгі қағидалары:
3 Негіздер
4 Тұздар
5 Орта тұздар
6 Қышқыл тұздар
7 Негіздік тұздар
8 Диссодиациялану дәрежесі. Күшті және әлсіз электролиттер
9 Ион алмасу реакциялары
10 Пайдаланылған әдебиет
H2 затын құратын ковалентті байланыс - екі сутегі атомдарында ортақ екі электроны бар.
Электролиттік диссоциация теориясы - Өткен тақырыптар бойынша қосылыстар ионды және ковалентті байланысты болатыны сендерге белгілі. Ал ковалентті байланыстың өзі екі түрге бөлінеді: полюсті және полюссіз. Заттардың кристалдык торларының типтері қосылыстардағы байланыс түрлеріне төуелді. Ал заттардың физикалық жөне химиялық қасиеттері тор типтеріне байланысты болады.
Ионды және ковалентті байланысты қосылыстардың ерекшеліктері олардың судағы ерітінділерінің қасиеттерінде де байқалады. Осы ерекшеліктерді бақылау үшін электрөткізгіштікті зерттейтін құралды пайдалануға болады.
Ыдысқа құрғақ қант пен ас тұзын кезекпен салып, оны электр желісіне қоссақ, электр шамы жанбайды, олай болса қатты күйіндегі заттарда ток тасымалдаушы бөлшектердің болмағаны.
Құрғақ қант пен ас тұзының орнына дистилденген су құйсақ та электр шамының жанбайтынын көреміз.
Келесі жолы қант пен ас тұзына су құйып, олардың ерітіндісін аламыз. Жүйені электр желісіне қосқанда ас тұзының ерітіндісі құйылған жағдайда электр шамының
жанғандығы, ал қант ерітіндісі құйылғанда, шамның жанбағандығы байқалады.
Енді осы екі қосылыстың айырмышылығы неде? Әрине, олардағы химиялық байланыстардың табиғатында. Қант молекуласында атомдар арасындағы байланыстар полюссіз, ал ас тұзындағы байланыс - ионды. Әрі қарай зертханада бар сілті, бейорганикалық қышқыл ерітінділерімен осы тәжірибені қайталағанда электр шамының жарқырап жануын, ал органикалық сірке қышқылының ерітіндісінде шамның нашар жануын байқаймыз.
Олай болса, шамның жануы заттардың ерітінділерінде токты тасымалдаушы бөлшектердің - иондардың - болуына байланысты.
Заттарды суда еріткенде немесе балқытканда иондарға ыдырауын диссоциация дейміз. Диссоциацияланатын заттар электролиттер, ал диссоциацияға ұшырамайтын заттар — бейэлектролиттпер (қант, глюкоза, спирт жөне кейбір жай газдардың (Н2,02, N2) судағы ерітінділері жатады).
1. Химия: Жалпы білім беретін мектептің 9-сыныбына арналған оқулық. Өңделген, толықтырған 2-бас. / Н. Нұрахметов, К. Сарманова, К. Жексембина, т.б. - Алматы: "Мектеп" баспасы, 2009. — 208 бет: суретті.
2. Химия: Усманова М. Б., Сақариянова Қ. Н. Жалпы білім беретін мектептің 9-сыныбына арналған оқулық, 2-басылымы, өңделген, толықтырылған. - Алматы: Атамұра, 2009. - 288 бет.

Пән: Химия
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 10 бет
Таңдаулыға:   
Электролиттік диссоциация теориясы

H2 затын құратын ковалентті байланыс - екі сутегі атомдарында ортақ екі электроны бар.
Электролиттік диссоциация теориясы - Өткен тақырыптар бойынша қосылыстар ионды және ковалентті байланысты болатыны сендерге белгілі. Ал ковалентті байланыстың өзі екі түрге бөлінеді: полюсті және полюссіз. Заттардың кристалдык торларының типтері қосылыстардағы байланыс түрлеріне төуелді. Ал заттардың физикалық жөне химиялық қасиеттері тор типтеріне байланысты болады.
Ионды және ковалентті байланысты қосылыстардың ерекшеліктері олардың судағы ерітінділерінің қасиеттерінде де байқалады. Осы ерекшеліктерді бақылау үшін электрөткізгіштікті зерттейтін құралды пайдалануға болады.
Ыдысқа құрғақ қант пен ас тұзын кезекпен салып, оны электр желісіне қоссақ, электр шамы жанбайды, олай болса қатты күйіндегі заттарда ток тасымалдаушы бөлшектердің болмағаны.
Құрғақ қант пен ас тұзының орнына дистилденген су құйсақ та электр шамының жанбайтынын көреміз.
Келесі жолы қант пен ас тұзына су құйып, олардың ерітіндісін аламыз. Жүйені электр желісіне қосқанда ас тұзының ерітіндісі құйылған жағдайда электр шамының
жанғандығы, ал қант ерітіндісі құйылғанда, шамның жанбағандығы байқалады.
Енді осы екі қосылыстың айырмышылығы неде? Әрине, олардағы химиялық байланыстардың табиғатында. Қант молекуласында атомдар арасындағы байланыстар полюссіз, ал ас тұзындағы байланыс - ионды. Әрі қарай зертханада бар сілті, бейорганикалық қышқыл ерітінділерімен осы тәжірибені қайталағанда электр шамының жарқырап жануын, ал органикалық сірке қышқылының ерітіндісінде шамның нашар жануын байқаймыз.
Олай болса, шамның жануы заттардың ерітінділерінде токты тасымалдаушы бөлшектердің - иондардың - болуына байланысты.
Заттарды суда еріткенде немесе балқытканда иондарға ыдырауын диссоциация дейміз. Диссоциацияланатын заттар электролиттер, ал диссоциацияға ұшырамайтын заттар -- бейэлектролиттпер (қант, глюкоза, спирт жөне кейбір жай газдардың (Н2,02, N2) судағы ерітінділері жатады).
Зат
Электр шамының жануы
Қорытынды
Құрғақ қант
-
бейэлектролит
Құрғақ ас тұзы
-
бейэлектролит
Дистилденген су
-
бейэлектролит
NaCl ерітіндісі
+
электролит
Қант ерітіндісі
-
бейэлектролит
Сірке кышқылының ерітіндісі
әлсіз
электролит
NaOH ерітіндісі
+
электролит
H2S04 ерітіндісі
+
электролит

Сванте Аррениус
Бұл теорияның негізін 1887 жылы швед ғалымы С. Аррениус салған (Нобель сыйлығыныңлауреаты, 1903 жылы) Ол еруді тек физикалық құбылыс деп карастырды, диссоциациялану нәтижесінде бөлінген иондар еріткіш молекулаларына біртіндеп таралады деп санап, еріткіштің әсерін ескермеді. Осындай көзқарасты калыптастырып дамытқан әрі С. Аррениус теориясын толықтырған ғалымдар - И. А. Каблуков, В.А. Кистяковский, Д.И. Менделеев. Ал қазіргі кезде диссоциациялануды күрделі физика-химиялық үдеріс деп қарастырады.
Аррениус теориясының негізгі қағидалары:
Тұздар, қышқылдар, негіздер ерігенде және балқығанда иондарға ыдырайды.
Ерітінділер мен балқымалардың ток өткізгіштігі осы иондардың концентрациясына тәуелді болады. Олардың оң зарядталғаны катодқа тартылатындықтан катиондар деп, ал анодқа тартылатындары аниондар деп аталады. Ағылшын физигі М. Фарадей XIX ғасырдың 30-шы жылдары электролит, ион, катион, анион терминдерін енгізді. Ионды және ковалентті полюсті байланысты молекулалар суда ерігенде иондарға толығымен ыдырайды:
NaCl-- Na++ Cl-;
HCl -- Н++ CI-;
H2S04 -- 2Н+ + S042-
Иондардың формулаларыада зарядтың таңбасы (+, - ) оның сан мәнінен кейін жазылады.
Ac тұзы ерітіндісіндегі иондардың гидраттану механизмін карастырайық. Зат суда еріген кезде оның молекуласы иондарға ажырап қана қоймайды, осы иондар су молекулаларымен әрекеттесіп гидраттар түзеді. Полюсті су молекуласын былай белгілейміз (+ -), ол диполь (диполь - екі полюс) деп аталады:H+--0--H+
Диссоциация нәтижесінде пайда болган иондар қасиеттері молекуланы құраушы атомдар мен молекулалардың қасиеттерінен өзгеше болады. Оның себебі олардың электрондық құрылысында. Осы айтылғанды ас тұзы молекуласы мысалында қарастырайық.
Na элементі мен ионын салыстырайық:
2311Na1s22s22p63s1
Na+ ls22s22p63s0
Оң зарядты ионның (катионның) радиусы атомның радиусынан кіші.
Оң зарядты ионның (катионның) радиусы атомның радиусынан кіші.
Күмістей жылтыр ақ металл.
Ион - түссіз.
Сумен шабытты өрекеттеседі:2Na + 2Н20 = 2NaOH + Н2↑
Суға әсер етпейді, тек гидраттанады.
Тотығу-тотықсыздану реакциясында күшті тотықсыздандырғыш:Na°-ē--Na+
Ион -- тотықтырғыш: Na+ + е--Na0
Сl элементі мен ионын салыстырайық:
3517Сl1s22s22p63s23p5
Сl-1s22s22p63s23p6
Теріс зарядты ионның радиусы атомның радиусынан үлкен.
Теріс зарядты ионның радиусы атомның радиусынан үлкен.
Хлор молекуласы жай зат күйінде екі атомнан тұрады С12, ол өткір иісті, тыныс жолдарын түршіктіретін жасыл-сары улы газ.
Ион - түссіз.
Суда аздап еріп, әрекеттеседі:Сl2 + Н20 = НСl + HCl
Суға әсер етпейді, тек гидраттанады.
Тотығу-тотықсыздану реакциясында күшті тотықтырғыш: Сl2 + 2ē--2С1-
Ион - тотықсыздандырғыш. 2С1--2e--Сl2
Na+ иондарына судың диполь молекуласы теріс полюсімен, ал С1- иондарына оң полюсімен бағытталады.
Ac тұзындағы хлор ион күйінде тамаққа пайдаланылады да, ал хлор молекуласы С12 - улы газ. Гидраттанған иондардың кейде түсі де өзгереді. Мысалы, сусыз CuS04 - түссіз, гидраттанғаны CuS04 :: 5Н20 - көгілдір түсті.
Электролиттік диссоциация теориясының қазіргі заманғы қағидалары:
Заттар суда ерігенде оң жөне теріс иондарға ыдырайды.
Диссоциацияның себебі - заттардың гидратациялануы. Электр
шамы жанады.
Электр тоғының әсерінен иондар катод пен анодқа бағытталады.
Диссоциация қайтымды үдеріс: диссоциация (ыдырау)-- ассоциация (бірігу)
Электролиттер әр түрлі шамада диссоциацияланады (α).
Электролит ерітінділерінің химиялық касиеттері ондағы иондардың табиғатымен анықталады.
Элемент атомы мен оның ионының қасиеттері әр түрлі болады.
Иондар ерітінділерде гидратталған күйде болғанымен, заттардың диссоциациялану теңдеуін жазған кезде гидраттық қоршауын еске алмай, жалаң иондар күйінде жазылады. Бұл - жазу үдерісін оңайлату үшін жасалған шара. Электролит ерітінділерінде электр тогын тасымалдаушы иондар болады. Ондай электролиттерді екінші ретті өткізгіштер деп атайды.Қышқылдардың, сілтілердің, тұздардың диссоциациялануыКейбір бейорганикалық қышқылдар: фосфор (Н3Р04), кремний (H2SiO3), бор (Н3В03) және көптеген органикалық қышқылдар қатты заттар болып келеді. Күкіртті сутек (H2S) және галогенді сутек (НГ) қышқылдары - газдар. Қышқылдарды суда еріткенде түссіз ерітінділер түзеді, олар иондарға ыдырайды (диссоциацияланады).Қышқылдардың диссоциациясы:HCl--H++Cl-HNO3--H+ +NO3-Көп негізді қышқылдар сатылап диссоциацияланады.Қышқылдан қанша ион сутек ерітіндіге бөлінсе, қышқыл қалдығының заряды сонша (теріс) зарядты болады.H2SO4--H++HSO4-HSO4---H++S O42-------------------------------- H2SO4--2H++SO42-Бұл жолы барлық жағдайда Н+ (протон) бөлінгенін көреміз.
Диссоциациялану теңдеуінің екі жағындағы иондар зарядтарының шамалары өзара тең болуы керек.
HSO4---H++SO42-
(-1 =+1+(-2))
Электролиттік диссоциация теориясы бойынша қышқылдар дегеніміз диссоциациялану нәтижесінде ерітіндіге сутек катиондарын бөлетін күрделі заттар.
Негіздер
Барлық негіздердің агрегатгық күйлері қатты болады (аммиактың судағы ерітіндісі - NH4OH сұйықтық). Сілтілік металдар және сілтілік-жер металдары ішінде барий гидроксиді суда жақсы ериді (сілтілер), иондарға жақсы ыдырайды.
Негіздердің диссоциациясы:
... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қышқылдар мен негіздердің қазізгі заманғы теориясы
Электролиттік диссоциация
Судың электролиттік диссоциациясы
Ерітінділердің қасиеті мен құрамы
ЕРІТІНДІЛЕРДІҢ ЖАЛПЫ СИПАТЫ. ЭЛЕКТРОЛИТТІК ДИССОЦИАЦИЯ
Қышқыл оксидтермен әрекеттесу
ЭЛЕКТРОЛИТІК ДИССОЦИАЦИЯ ТЕОРИЯСЫ
Жоғары молекулалы электролиттер, полиэлектролиттер
Электролиттердің ерітінділердің тепе-тенділігі
Қышқылдар жайлы теориялар
Пәндер