Ренит,гаймарит,ларингит,фронтит аурулардың емі және профилактикасы



Аннотация
Нормативтік сілтемелер
Анықтама
Белгілермен қысқыртулар
Кіріспе ... ... ... ... ... ... .8
Негізгі бөлім ... ... ... ..9
1.1 Тыныс ауруларының түрлері мен белгілері.
1.2 Созылмалы түрде өтетін танау қабынулары
1.3 Тыныс ауруларының биологиялық процестері.
1.4 Аурудан сақтану және одан арылу шаралары.
2 Өзіндік зерттеу
2.1 Proanamnesis..
2.2 Anamnesis vitae et morbi...
2.3 Anamnesis morbi..
2.4 Status praesens universalis..
2.5 Status praesens localis ...
2.6 Diagnosis..
2.7 Decursu morbi et therapia...
2.8 Epicrisis..
3 Техникалық қауіпсіздік..
Қорытынды .
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
Тыныс алу жүйесінің аурулары төлдердің арасында жиі кездеседі жәнеде жұқпалы емес аурулардың ішінде ас қорыту жүйесінің ауруларынан кейінгі екінші орынды алады. Жалпы кәзіргі кездегі жеке шаруашылықтарда барлық аурулардың 20-30%-ті тыныс алу жүйесінін ауруларының үлесіне тиеді.Тыныс алу жуйесімің ауруларын тудыратын көптеген себептерді негізгі екі топқа бөледі:
1.Төлдерді күту мен азыктандыру технологиясының бұзылуларынан организмнің резистентгік қабілетінің төмендеуі;
2.Микроорганизмдердің өсері.
Тыныс алу жүйесінің ауруларын дұрыс және дер кезінде анықтап, оларға тиімді ем қолданып, алдын ала сақтандыру шараларын ұйымдастыру үшін тыныс жолдары мен өкпенің атқаратын әр алуан қызметтерінің физиологиялық мәнін анық түсіне білу керек. Тыныс алу ағзалары жүйке жүйесі, қан және лимфа жүйелері арқылы организмдегі барлық жүйелермен өте тығыз байланыста. Сондықтанда тыныс алу жүйесінің аурулары организмнің барлық жүйелерінің қызметінің бұзылуының бірден-бір себепкері болады. Өйткені ол аурулар бірден газ алмасу процесі нашарлатып, төлдерде ентігу процесін тудырады. Өкпенің ауамен қамтамасыз етілуінің бұзылуы тыныс алу жүйесінің жеткіліксіздігінің үш сатысымен анықталады:
1.Ентігу құбылысы төлдер организміне тек қатты күш түскенде ғана білінеді;
2.Ентігу құбылысы төлдер организміне аздап қана физикалық салмақ түскенде-ақ байқалады;
3.Ентігу құбылысы үнемі жәй тұрған төлдерде де, физикалық салмақ түскен төлдерде де үнемі болып тұрады.
Өкпелердің қызметтерінің жеткілксіздіктері бірінші және екінші сатыларда өткен кезде организмдегі газ алмасуыньщ бұзылғандығы онша сезілмей, кемістікті толтыру (компенсаторлық) механизімінің іске қосылу нетижесінде оттегінің жетіспеушілігі байқалмайды. Ал үшінші сатысында ұлпаларда оттегінің жеткіліксіздігі (гипоксия) пайда болады, ягни қан мен ұлпалардың оттегімен қанығулары төмендейді. Осы құбылыстың белгілері ретінде төлдерде әлсіздік пайда болып, көзге көрінетін кілегей қабықтары көгереді. Бұл жеткіліксіздіктер төлдерді ессіздендіріп (кома) өлім-жітімге ұшыратуы мүмкін.Төлдерде тыныс алу жүйесінің аурулары көбінесе жіті және жітілеу түрлерінде айқын белгілерімен көрініп малдың өлімімен аяқталуы мүмкін.Жалпы тыныс алу жүйесінің аурулары анатомиялық кұрылысы негізінде екі топқа бөлінеді:
1.Тыныс алу жолдарының аурулары (ринит, гайморит,фронтит, ларингит, трахеит);
2.Өкпе мен оның сірілі қабықтарының аурулары (өкпе қабынулары; оның сірі қабығының қабынуы; оған ауаның, сары судың жиналуы және өкпеде ауаның кернеуі).
1.К.Н. Қожанов «Малдың ішкі жұқпалы емес аурулары» Семей 2005жыл (120)
орысша – қазақша мал дәрігерлік сөздігі . Т.Сайдулдин. Алматы, 1993жыл.(102)
2.Т.Сайдулдин «Індеттанулық және жануарлардың жұқпалы аурулары» Алматы-2009ж (150)
3.Е.И.Қасымов «Індеттану және инфекциялық аурулар вет.санитария негіздерімен» Алматы-2006ж (355)
4.З.Қ Қожабаев «Мал аурулары» Қайнар баспасы, Алматы-1989ж (210)
5.Ығылманұлы «Малдың жалпы патологиясы»
6.Қибасов Мади «Мал аурулары және оларды емдеу» Қайнар, Алматы 2004ж (166)
7.«Мал дәрігерінің анықтамалығы» Қайнар 1986ж (356)
8. Құрманов «Адамға малдан жұғатын аурулар» Алматы-Қазақстан 1983ж (145)
9.«Паразиталогия және жануарлардың инвазиялық аурулары ветеринариялық санитария негіздерімен» Алматы 2006ж (225)
10. «Жануарлар морфологиясы және латын терминологиясы» Алматы 2005ж.
11. Н. Омарқожаұлы «Мал шаруашылығы» Астана 2007ж ( 146-286)
12. «Ішкі жұқпалы емес аурулар және рентгенология» жинағы Алматы 2007ж (255)
13. «Жануарлардың ішкі жұқпалы емес аурулары» Шымкент 2006ж (220-262)
14.Б.К. Ілиясов «Алғашқы ветеринариялық жәрдем» Алматы 2001жыл (250)
15.Б.К. Ілиясов «Ветеринариялық хирургия». Алматы 2009жыл (230)

Пән: Ветеринария
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 29 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны

Аннотация
Нормативтік сілтемелер
Анықтама
Белгілермен қысқыртулар
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .8
Негізгі бөлім ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .9
1.1 Тыныс ауруларының түрлері мен белгілері ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ...
1.2 Созылмалы түрде өтетін танау қабынулары ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ..
1.3 Тыныс ауруларының биологиялық процестері ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ...
1.4 Аурудан сақтану және одан арылу шаралары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
2 Өзіндік зерттеу ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
2.1 Proanamnesis ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
2.2 Anamnesis vitae et morbi ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
2.3 Anamnesis morbi ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
2.4 Status praesens universalis ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
2.5 Status praesens localis ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
2.6 Diagnosis ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
2.7 Decursu morbi et therapia ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
2.8 Epicrisis ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
3 Техникалық қауіпсіздік ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...

Аннотация

Бұл курстық жұмыс 44 беттен тұрады. Курстық жұмыстың тақырыбы Ренит,гаймарит,ларингит,фронтит аурулардың емі және профилактикасы тыныс ауруларының түрлері мен белгілері,созылмалы түрде өтетін танау қабынулары,танау ауруларының биологиялық процестері, аурудан сақтану және одан арылу шаралары қамтылады.

Анықтама

Ренит - танау кілегей қабықтарының қабынулары.
Гайморит - үстіңгі жақ қуыстарының кілегей қабықтарының қабынуы.
Фронтит - мандай қуысының қабынулары-сирек кездеседі, ал кездескен жағдайда басқа аурулардың зардабынан пайда болады.
Аэроцистит - Жылқыдағы ауалы қапшықтардың катаральды қабынуы.
Ларингит - Көмейдің кілегей қабығының қабынуы.
Трахеит - Кеңірдектің қабынуы көбінесе өздігінен емес, көмейдің не бронхының қабынуларының асқынуынан пайда болады.

Кіріспе

Тыныс алу жүйесінің аурулары төлдердің арасында жиі кездеседі жәнеде жұқпалы емес аурулардың ішінде ас қорыту жүйесінің ауруларынан кейінгі екінші орынды алады. Жалпы кәзіргі кездегі жеке шаруашылықтарда барлық аурулардың 20-30%-ті тыныс алу жүйесінін ауруларының үлесіне тиеді.Тыныс алу жуйесімің ауруларын тудыратын көптеген себептерді негізгі екі топқа бөледі:
1.Төлдерді күту мен азыктандыру технологиясының бұзылуларынан организмнің резистентгік қабілетінің төмендеуі;
2.Микроорганизмдердің өсері.
Тыныс алу жүйесінің ауруларын дұрыс және дер кезінде анықтап, оларға тиімді ем қолданып, алдын ала сақтандыру шараларын ұйымдастыру үшін тыныс жолдары мен өкпенің атқаратын әр алуан қызметтерінің физиологиялық мәнін анық түсіне білу керек. Тыныс алу ағзалары жүйке жүйесі, қан және лимфа жүйелері арқылы организмдегі барлық жүйелермен өте тығыз байланыста. Сондықтанда тыныс алу жүйесінің аурулары организмнің барлық жүйелерінің қызметінің бұзылуының бірден-бір себепкері болады. Өйткені ол аурулар бірден газ алмасу процесі нашарлатып, төлдерде ентігу процесін тудырады. Өкпенің ауамен қамтамасыз етілуінің бұзылуы тыныс алу жүйесінің жеткіліксіздігінің үш сатысымен анықталады:
1.Ентігу құбылысы төлдер организміне тек қатты күш түскенде ғана білінеді;
2.Ентігу құбылысы төлдер организміне аздап қана физикалық салмақ түскенде-ақ байқалады;
3.Ентігу құбылысы үнемі жәй тұрған төлдерде де, физикалық салмақ түскен төлдерде де үнемі болып тұрады.
Өкпелердің қызметтерінің жеткілксіздіктері бірінші және екінші сатыларда өткен кезде организмдегі газ алмасуыньщ бұзылғандығы онша сезілмей, кемістікті толтыру (компенсаторлық) механизімінің іске қосылу нетижесінде оттегінің жетіспеушілігі байқалмайды. Ал үшінші сатысында ұлпаларда оттегінің жеткіліксіздігі (гипоксия) пайда болады, ягни қан мен ұлпалардың оттегімен қанығулары төмендейді. Осы құбылыстың белгілері ретінде төлдерде әлсіздік пайда болып, көзге көрінетін кілегей қабықтары көгереді. Бұл жеткіліксіздіктер төлдерді ессіздендіріп (кома) өлім-жітімге ұшыратуы мүмкін.Төлдерде тыныс алу жүйесінің аурулары көбінесе жіті және жітілеу түрлерінде айқын белгілерімен көрініп малдың өлімімен аяқталуы мүмкін.Жалпы тыныс алу жүйесінің аурулары анатомиялық кұрылысы негізінде екі топқа бөлінеді:
1.Тыныс алу жолдарының аурулары (ринит, гайморит,фронтит, ларингит, трахеит);
2.Өкпе мен оның сірілі қабықтарының аурулары (өкпе қабынулары; оның сірі қабығының қабынуы; оған ауаның, сары судың жиналуы және өкпеде ауаның кернеуі).

1 Негізгі бөлім
1.1Тыныс ауруларының түрлері мен белгілері

Танау қуысының кілегей қабығының қабынуы (Ренит-rhinitis) Қабыну процесінің сипаттамасы бойынша катаральды, крупозды және фолликулярлы болып бөлінеді.Өтуіне. байланысты - жіті және созылмалы; пайда болуына байланысты - бастапқы және қосалқы түрлерін ажыратады. Бұл аурумен малдардың барлық түрлері ауырады, әсіресе төлдердің арасында жиі кездеседі. Себептері. Танау қабынулары төлдерді күтіп-бағу мен азыктандырудың технологиясын дүрыс сақтамағандықтан болады. Көбінесе механикалық, физикалық және химиялық қоздырғыштардың әсерінен пайда болады. Олар шаң-тозаң, ыстық-суық, аммиакмен қаныққан ауа, ыстык, ас, химикаттармен өңделген сүрлем, желорай, ылғалдылық және т.б. Танаудың крупозды және фолликулярлы қабынуларында қоздырғыш микроорганизмдер (стрептококктар, стафилококктар, вирустар) мен организмнің сезімталдық қабілетінің күшеюі (аллергия) аса маңызды орын алады. Қабынудың қосалқы түрі індетті, инвазиялык, (кұрт) немесе жұқпалы емес аурулардың асқынуынан пайда болады.Дамуы. Танаудың кілегей қабықтары ісініп, жалқыаяқа толады да, тыныс жолы арқылы ауаның өтуіне кедергі жасап демалу жеткіліксіздігін тудырады. Қабынудың салдарынан бұзылған зат алмасуынын қалдықтары мен өрбіген микробтардың уыттары қан мен лимфаға сіңіп организмді уландырады, дене қызуы көтеріледі. Уақытында ем қолданбаса қабыну процесі асқынып көршілес ағзаларды да қамтуы мүмкін.Белгілері. Төлдер жабырқанқы, дене қызуы аздап көтерілген. Олар пысқырынып, түшкірінеді, мұрындарын тұрған жердегі заттарға үйкелейді. Дем алысы пысылдап, кейде ысқырытып шығады. Танауларынан ақпа ағып, кейде тыныс жолдары қатып қалған жалқыаяқтармен бітеліп қалуы да мүмкін. Жалпы кілегей қабықтары қызарып, домбығады. Жеңіл түрі 5-10 күннің ішінде толық жазылып кетеді. Созылмалы түрі ауық-ауық асқынумен, төлдердің арықтап, кілегей қабықтары бозарып жарақаттануымен сипатталады. Крупозды, фолликулярлы түрлерінде төлдер қатты жабырқайды, азыққа тәбеті жоқ, қызуы көтеріңкі болады. Ентікпе пайда болады, жақ астындағы лимфа бездері ісініп, ауырсынғандық байқалады. Кілегей қабықтарында сұрғылт-сары не қызғылт-сары түсті фибринді заттар шоғырланып, ісіндіреді. Ол заттар сырылған кезде орнында қанталаған жалақ пайда болады. Аурудың бұл түрлері дұрыстап емдегенде 2-3 аптаның ішінде жазылады.Ауру асқынып ұзаққа созылғанда танаудың төңірегіндегі терілер жарақаттанып қабынады (дерматит), лимфа түйіндері қабынады (лимфагаденит), көршілес орналаскдн ағзаларға тарайды (гайморит, ларингит, фарингит жөне т.б.).Анықтау. Ауру туралы жиналған мәліметтер мен ауруға тән сырт белгілеріне сүйене шырып анықталады. Ауруларды саралағанда кейбір індетті және құрт аурулары танаулардың кілегей кабықтарын зақымдайтынын ескерген жөн[2,6,8].

Танау кілегей қабықтарының қабынулары. Танау қабынулары қабынбаның сипаттарына байланысты кілегей қабына бетінің қабынуына фибриннің кілегей қабына жиналып қабаттануына және бездердің қабынуына өтуіне байланысты-жіті және созылмалы пайда болуына байланысты-басалқы және қосалқы түрлерге бөлінеді. Бұл аурумен малдың дерлік барлық түрлері ауырады, әсіресе төлдердің арасында жиі кездеседі. Мал көбінесе катаральды қабынумен ауырады: крупозды және фолликулярлы қабынулар сиректеу кездеседі, ал кездескен жағдайларда жылқыларда болады.Себептері. Танаудың қабынуларына малды күту мен азықтандыру тәртібінің бұзулары, көп жағдайларда, механикалық ыстық суықтың немесе химиялық қоздырғыштардың әсер етулерінен пайда болады. Құрғақ азықтарды жегенде көтерілген шаңмен дем алу, аммиакпен қаныққап ауамен не ыстық бумен дем алу, ыстық асты суытпай жегізу, аммиак ерітіндісімен өңделінген сүрлем шөп қабынулары, күннің ыстық кезінде шаң жолдармен топтап айдағаннан пайда болады. Танаудың қабынуларына салқын тию де себепкер болуы мүмкін желорай, ылғалдылық т.б. Танаудың крупозды және фолликулярлы түрлерде қабынуларында қоздырғыш микроорганизмдер стрептококктар, стафилококктар, вирустар және организмнің сезімталдық қабілетінің күшеюі аллергия аса маңызды орын алады.Танау қабынуларын бейімдейтін жағдайлар - азықтың құнарсыздығы, атап айтқанда, рациондағы карогиннің не ретинолдың аздығы, мал қораларының ластануы ауадағы бактериялардың қалыптан тыс көбейіп кетуі.Танаудың қосалқы түрде қабынулары басқа індетті, құрт немесс жұқпалы емес аурулардың асқынуларынан пайда болады. Дамуы Танаудың кілегей қабықтарының қабынулары мұрын жолдарын ісіндіріп, жалқыаяқа толтырады, сөйтіп ауаның өтулеріне кедергі жасайды да дем алу кемістіктерін туғызады. Қабынудан бұзылған зат алмасуының қалдықтары мен ербіген микробтар уыттары қан мен лимфаға сіңіп организмді уландырады, жалпы жабырқандырып қызуын көтереді. Себептерін жойып ем қолданбаса қабынулар көршілес орналасқан қосалқы қуыстарға, жұтқыншақ пен көмейге ауысып жайылып кетулері мүмкін. Белгілері. Танаудың кілегей қабықтарының беттерінің қабынулары жіті түрде өтсе, малдарда аздаған ғана жабырқаушылықтық белгілері байқалынады, дене қызуы қалыпты шама төңірегінде болып не 0,5-1"С дейін ғана көтеріледі, азыққа дсген зауқы көп өзгермейді не аздап қана төмендейді. Мал пысқырынады, түшкіреді, кейде мұрындарын аттақырға, қабырғаларға үйкелейді. Дем алысы пысылдайды, кейде ысқырынып шығады, дем алуы мен дем шығару уақыттары ұзарады. Танау кілегей қабықтарын тексергенде алдында ұйымалы сонан-соң ұйымалы -сарысулы ақпа ағып, кейде мұрын жолдары қатып қалған жалқықтар мен бекітіліп қалады да кілегей қабықтары қызарып, домбығып кетеді. Ауыру қолайлы жағдайда өтсе, малдар 5-10 күннің ішінде толық айығып кетеді. Көмейдің кілегей қабығының қабынуы (Laryngitis - ларингит). Көмейдің қабынуы пайда болу себептеріне байланысты өздігінен және қосымша, барысы бойынша жіті және созылмалы, жалқықтың сипаты бойынша катаральды және крупозды фибринді түрлеріне бөлінеді. Катаральды шырышты қабының қабыну малдардың дерлік барлық түрлерінде де кездесе береді, ал крупозды қабыну сирек кездеседі, кездескен жағдайдың өзінде көбінесе жылқылар арасында ғана байқалынады [1,4,13].
Себептері. Өздігінен пайда болатын кемей қабынуы малдарды азықтандыру және күту технологиясының бұзылғандығынан болады. Ауруды тікелей тудыратын ссбептер де біршама бар, олар: суыққа шалдықтыру, көмей кілегей қабықтарына тітіркендіргіштердің әсер етуі-ірі қара малды тастай суық сумен суғару, шошқаларды ыстықтай азықтандыру, көп мезгіл тітіркендіргіш газдармен, шаң-тозаңды ауамен дем алдыру. Малдарды спирт-сыра қайнату мекемелерінің қалдықтарымен азықтандыруға организмді бірте-бірте үйретпей, аяқ асты көшіру жаппай ауруға ұшыратады. Көмей қабынуы малдарға дәрілерді аузы арқылы күштеп бергенде не өңешке зонд енгізгенде де пайда болуы мүмкін. Крупозды қабыну көмей кілегей қабықтарына күшті тітіркендіргіштердің әсер етуінен аммиак, қышқылдар, сілтілер, ыстық түтін, қызып тұрған малдарға суық ауамен дем алдыру т.б. дамиды.Ауруды тудыруға малдарды бағып-күтуді нәзіктендіру және ретинолдың жеткіліксіздігі бейімдейді.Көмейдің қосымша түрдегі қабынуы басқа аурулардың асқынғандығының белгілері ретінде пайда болады. Крупозды қабынудың дамуына қоздырғыш микроорганизмдер мен дененің түршігушілік күйінің әсері көп. Дамуы қабыну көмейдің кілегей қабықтарын ісіндіріп, қуысына жалықты жинағандықтан оның саңлауы тарылып дем алу процесін қиындатады. Егер ауруды тудырған себептерді жоймаса, не тиісті ем қолданбаса, ауаның жеткіліксіздігінен және қабынба қалдықтарымен дененің улануынан малдар тұншығып өліп қалуы мүмкін[4,3,13].
Белгілері. Көмей катаральды түрде қабынғанда аурудың жалпы күй-жайы көп өзгермейді не аздаған ғана жабығандық байқалады. азыққа деген тәбеті де көп өзгермейді, аздап төмендеуі мүмкін, дене қызуы қалыпты шама деңгейінде болады не аздап қана көтеріледі субфебрильная. Жылқылар мен ірі қаралар мойындарын созып, бастарын еңкейтіңкіреп ұстайды. Көмей тұсын сипағанда, тез қимыл жасағанда аурудың бастапқы күндері құрғақ жөтел пайда болады, кейінірек ол қақырықты күркіл жөтелге айналады. Крупозды қабынғанда жалпы жабыққандықтың белгілері айқын көрінеді, азыққа тәбеті шаппайды, дене қызуы 1-2° С дейін кетеріледі, дем алысы ауырлап ысқырыньш шығады, көмейді қолмен басқанда қатты ауырсынады, көмейдің тұсы ісініп домбығады, жөтелгенде фибрин талшықты қақырық түседі. Көмей крупозды түрде қабынғанда антибиотиктер сульфаниламидтер қолданады, сыртқы тұсына озокерит балшық тартады, диаметрия не УЖЖ-ті ультра жоғарғы жиілікт тогымен емдейді. Егер көмей жедел түрде ісініп мал тұншыға бастаса, дереу кеңірдекті тесіп, оған тыныс түтігін трахетубус орнатады. Жиналған жалқықты тарату үшін жылытқан сұйық азықтармен біріп-қақырық түсіретін дәрілер береді. ас содасын, аммоний хлоридін, терпингидрат, ипекакуана, термопсис т.б. Жылқы мен ірі қараны жылы судың буымен дем алдырған ингаляция жақсы нәтиже береді. Көмейдің тұсын тәулігіне 2-3 рет грелкамен, Соллюкс лампасымен не инфрафружбен жылытады.

Созылмалы түрде өткен қабынбаны асқындыру мақсатымен ірі қара, жылқы және иттердің көмей қуысына 0,2% күмістің нитратты ерітіндісін 5% протаргол ерітіндісін енгізіп, сыртқы тұсын скипидармен сылайды[1,4,13].

Ауруды тудыруға малдарды бағып-күтуді нәзіктендіру және ретинолдың жеткіліксіздігі бейімдейді.

1.2 Созылмалы түрде өтетін танау қабынулары

Созылмалы түрде өтетін танау қабынулары- ұзақ уақытқа созылуымен, ауық-ауық асқынуларымен, ауру мал арықтап, жұмысқа қабілеттілігі төмендеуімен бейнеледі. Танаудың кілегей қабықтары бозарып семеді, жалақтанады, кей жерлері жараланады, тыртықтанады.
Танаулар крупозды және фолликулярлы түрде қабынғанда аурулар қатты жабығады, азыққа тәбеті шаппай, қызуы көтеріледі, әртекті ентікпе пайда болады, жақ астындағы лимфа бездері ісініп ауырсынады, көп жағдайларда танау жолдарының кілегей қабықтарымен бірге танау айналасындағы терілер де зақымданады. Қабыну крупозды түрде еткенде басқа да тән белгілер білінеді, қан кернеледі, кілегей қабықтарына сүрғылт сары не қызғылт сары түсті фибринді заттар жиналып ісінеді. Жиналған заттар қабаты құрғап, көтеріліп сырылған кезде орнына қанталаған жалақ пайда болады. Жылқылардың танаулары фолликулярлы түрде қабынғанда қанмен қатты кернелген және ісінген кілегей қабықтарында 2-3 күннен кейін 2-3 мм көлемді ашық-қызыл не бозғылт-сары түсті бір-біріне жақын орналасқан көптеген дөңгелек түйіншектер пайда болады. Кейінірек түйіншектер сарғыштанып, бір-бірімен қосылып, тұтасып кетеді. Тұтасқан қабат сырылып алынғанда кілегей қабықтарының беті жалақтанады.Ауруды тудырған себептері жойып, уақытылы дұрыс ем қолданса, танаулары крупозды және фолликулярлы түрде қабынған ауру малдар 2-3 аптаның ішінде жазылып кетеді [4,5,9].
Анықтау. Ауру туралы жиналған мәліметтер мен анықталынған тән сырт белгілеріне негізделінеді.
Ауруларды саралаганда кейбір індетті және құрт аурулары танаулардағы кілегей қабықтарды зақымдайтынын еске алған жөн.
Емі. Фермада танаулары қабынған ауру малдар пайда бола бастаса оларды тудырған не себепкер болған жағдайларды жоюға әрекет жасайды. Көңілді, әсірсе, қорадағы ыстықтық-ылғалдылық тәртібін сақтауға сақтауға, желорай туғызбауға бөледі, малдардың астын төсемемен қамтамасыз етіп, ауадағы жиналған артық аммиакты мүсәтір спирті және күкіртті сутекті сероводород азайтуға шаралар қолданады. Шаң басқан ие өткір иісті азықтарды бермейді. Азықтарды аммиакты сумен өңдеу ережелерінің қатал сақталуын қадағалайды.Танаулардың кілегей қабықтары талаурана қабынғанда танау қуыстарын 0,25% новокаин ерітіндісімен, 3% бор қышқылы ерітіндісімен, 5% натрийдің биокарбонат ерітіндісімен, 2% цинк сульфаты ерітіндісімен немесе өсімдік майына дайындалған 2% ментол ерітіндісімен жуып-шаяды. Жалқықтың, кепкен қабығын аталынған ерітінділердің біреусімен мақтаны дымқылдап алып тастайды.Танаудың қабынуының бастапқы кезеңінде танау қуыстарына кезекпе-кезек майдаланған стрептоцид, нурсульфазол, сульфадемизин, этазол не висмут нитратының ұнтақтарын үрлеп енгізеді.Қабыну созылмалы түрде өтсе танау жолдарын бір апта бойы тәулігіне бір реттен 1% күміс нитраты ерітіндісімен не хлорлы цинкпен жуып-шайып тұрады.Қабыну крупозды не фолликулярлы түрде өтетін болса танаулардыц өздерін емдеумен қатар бір дүркін антибиотиктер мен сульфаниламидтерді қолданған жөн, екпе қабынуының емін қараңыз.
Сақтандырудың мағынасы малдарды өсіру технологиясың күтім және азықтандырудың ережелерін қатал сақтауды талап етеді. Көңілді, әсіресе, кілегей қабықтарын тітіркендіретін себептерді шаң-тозаң, ыстық ауа, өткір иісті азықтар, аммиак көп жиналған ауа т.б. азайтуға көбірек бөледі.Ауру ауалы қапшықтардың кілегей қабықтарының талаурана не талаурана-іріңді қабынуымен және қуысына жалқықтың жиналуымен сипатталынады. Себептері. Ауру ылғи да қосалқы ретінде жұтқыншақ және шық-шыт бездері паротит қабынғанда ауру қоздырғыштарының, оларды жалғастырып тұратын, евстахиев өзекшесі арқылы таралғандығынан пайда болады. Аурудың пайда болуына ауалы қапшықтардың тұстарының ұрылып зақымдалуы не өткір заттар мен тесілуі себепкер болады.Белгілері. Ауру жіті және созылмалы түрде өтеді. Жіті түрде өткенде ауру мал жабығады, азыққа тәбеті шаппайды, ауырсынады, ауалы қапшықтардың тұсы домбығып ісінеді, басын көтеріп ұстап мойнын созып тұрады. Созылмалы түрде өткенде ылғи танау тесіктерінің бір жағынан қоймалжың шараналы не қоймалжың-іріңді,көбінесе сасық иісті ақпа ағып тұрады. Басын еңкейткенде не қапшықтар тұсын басқанда ақпа көбейе түседі.Ауалы қапшықтардың қабынуы ылғида сыңар түрде өтеді. Қапшық қуысына жалқық көп жиналған кезде қатты ентікпе пайда болады. Жиналған жалқықты қуыс ине арқылы сыртқа шығарса, ентікпе басылады[4,5,9,10].

Малдарға суық тигізбеуге, тыныс жолдарының кілегей қабықтарын тітіркендіретін ыстық ауамен, шаң-тозаңмен және түтінмен демалдыруға бағытталады.

1.3 Тыныс ауруларының биологиялық процестері
Тыныс алу -- организмнің сыртқы ортадан өзіне оттегін сіңіріп, ол ортаға көмірқышқыл газы мен суды бөліп шығаратын, үздіксіз жүретін, күрделі биохимиялық процесс.Жан-жануарлар өз өмірін сақтау үшін сыртқы ортадан оттегі организм ағзаларына, ұлпалары мен торшаларына үздіксіз жеткізіліп отырылуы қажет. Мәслен, жылқы малы тыныш тұрган жагдайда минутына 4-6л, кой малы 350-400 мл оттегін қажет етеді. Адам жұмыс істемегенде минутына 500-1000 мл-ге дейін, ал жеңіл жұмыста 1,5 л, ауыр жұмыста 5 л-ге дейін оттегін қажетМалдарда кездесетін барлық аурулардың 95%- дан аса мөлшері жұқпайтын аурулар болып келетін болса, оның 25-30%-ы тыныс алу жүйесінің ауруларына жатады. Олардың 25-75% өлім-жітімге ұшырайды, сойылады.
Семей облысы бойынша 1990 жылғы статистикалық қарағанда, малдардың барлық түрлерінің ауруларының ішінде, тыныс алу жүйесінің ауруларына 38-62%-ы келеді екен. Оның 18-47%-ы өледі [6,7,14].
өз деректеріміз бойынша сау мал деп етке өткізуге ет комбинатына әкелінген малдардың 35%~ы өкпе ауруларының әртүрімен дерттенгендігі анықталды. 1985-86 жылдары Семейдің зоотехникалық-малдәрігерлік институтының тәжербие шаруашылығында алынған барлық қозыларды (8 500бас) флюрография арқылы тексергенде, олардың 24-75%-ына дейінгі ауруларымен ауыратыны анықталды.Ауырған малдың өнімділігінің азаятынын және емдеуге кететін күтімге, күтетін кісілерге төленетін шығындарды еске алсақ, онда тыныс алу жүйесінің ауруларынан шаруашылықтарға келетін экономикалық шығынның көп болатынын байқаймыз. Жоғарғы сатыдағы көп клеткалы жануарлардың газ алмасу процесіне міндетті ағзалардың көбі сыртқы ортамен тиіспейді. Сондықтан олардың организміндегі газ алмасу процесі қан арқылы жүреді де, ол ішкі дем алу процесі деп аталады. Ал қанға сыртқы ортадан оттегінің келуі, организмнен кемірқышқыл газының шығуы тыныс алу жүйесінің ағзалары арқылы іске асады. Ол сыртқы дем алу процесі деп аталады.
Сүтқоректілерде тыныс алу жүйесі екіге бөлінеді:
1.Жоғарғы тыныс алу жолдары(танау,көмей,кеңірдек,ірі
бронхьшар);
2.Өкпелер.
Газдың алмасуы өкпе альвеоллаларында жүреді. Малдарда дем алу процесін үш кезеңге бөлуге болады:
1.Газдың организм мен сыртқы ортада алмасуы (сыртқы дем алу процесі)
2.Отгегінің қан арқылы тыныс алу ағзаларынан ұлпаларға жеткізіліп, олардан көмірқышқыл газының тыныс алуағзаларына әкелінуі;
3.ұлпалардың оттегін сіңіріп, көмірқышқыл газын түзу процесі (ішкі, ұлпалардағы дем алу процесі).
Осындай дем алу процесі негізгі үш механизмнің арқасында іске асады
1.Өкпелерді желдету механизмі;
2.Газдардың қанға сіңу механизмі (диффузия);
3.Өкпе альвеоллаларында оттегінің ағзаларға таратылып,көмірқышқыл газының бөлініп шығарылу механизмі (перфузия).
Осыған байланысты дем алу процесінің үш түрлі бұзылуы байқалады:
1.Өкпелерді желдетудің бұзылуы, ондағы оттегінің аздығы;
2.Газ диффузиясыньод бүзылуы;
3.Газдың қанмен айналысының, немесе перфузияның бұзылуы.
Осылардың ішіндегі ең негізгісі - өкпелерді желдетудің бұзылуы, Әсіресе оттегі жеткіліксіз болғанда. Оның себептері әртүрлі болуы мүмкін:
1.дем алу орталығы қажығанда;
2.дем алу процесіне қатысатын еттерге тиісті импульстар бармағанда,олардың ауруларында; әртүрлі себептермен кеуде қуысының және өкпелердің қозғалыстары шектелгенде;
3.тыныс алу жүйелерінің ауруларында;
отегінің альвеолладағы ауадан капилляр қанына отуі үшін қажетті жағдайлар:
4.Альвеолла мен капиллярдың арасындағы мембрананың қалыңдығы. Қалыпты жағдайда ол 0,004 мкм-ге тең, ал капиллярдың диаметрі 7-8 микрон, одан эритроцитер бір-бірден өтеді.
1.Альвеолла мен капиллярдың газ алмасу процесіне қатысуға тиісті жалпы көлемі.Ол сау малдарда жылқыда - 500 шаршы метр, қойда 35-40 шаршы метр (адамда - 50 шаршы метр);
2.Капиллярдағы қан ағысының жылдамдығы қалыпты жағдайда 0,5 ммсек.
Жалпы эритроциттердің ұлпалармен тиісу уақыты гемоглобиннің өзіне оттегін сіңіріп, оны беру уақытынан әлдеқайда көп. Әрбір эритроцит ұлпалармен 0,1 секунд тиіседі. Ал гемоглобиннің оттегін сіңіру уақыты 0,006 секунд, беру уақыты ~ 0,076 секунд. Барлығы 0,082 секунд. Эритроциттің 0,1- 0,082 = 0,018 секунд тиісу уақыты артық. Олай болса сау организмде оттегі мен көмірқышқыл газдарының дұрыс тасымалдануына толық мүмкіншілік бар.1грамм гемоглобин 1,31 мл оттегімен байланыса алады. Дем алу процесінде ауадағы оттегінің 5 % -ы сіңіп, дем арқылы 4,4% көмірқышқыл газы организмнен шығарылады.Орталық жүйке жүйесінің дұрыс жұмыс істеуі. Көмірқышқыл газының қалыптан тыс шоғырлануы рефлекс арқылы тыныс алу орталығына әсер етеді. Ол орталықтың қызметі бұзылғанда, немесе оған басқа ағзалардың аурулары әсер еткенде организмде улы заттар шоғырланып, дем алу процесі бұзылады. Оның клиникалық белгілері ретінде тыныс алудың Чейн-Сток, Биота, Куссмауль түрлері пайда болады, Мұндай жағдай организмді тұншығуға дейін апарып соғуы мүмкін. Организмнің осындай қолайсыз жағдайларға қарсы тұратын, өзін қорғайтын мүмкіншіліктері бар. Оларға жататындар:
1.Танау кеңсірігі (дем алатын ауаны жылытып,не суыту үшін);
2.Кілегей қабығының бездерінің секреттері (микроорганизмдерді өлтіреді);
3.Кірпікше-жыпылықтағыш эпителий торшалары;
4.Жүрек-қан айналу жүйесінің қызметінің үдеуі [6,7,14].
Организмнің осындай өзін қорғау мүмкіншіліктері қажығанда, немесе жойылғанда тыныс алу жүйесінің қызметінің жеткіліксіздігі пайда болады.
Тыныс алу жұйесінің қызметінін жеткіліксіздігі дегеніміз тыныс алу процесіне жауапты ағзалардың организмді қажетті мөлшерде оттегімен қамтамасыз етіп, онда түзілген көмірқышқыл газын уақытында бөліп шығара алмау жағдайы. Бұл қандай жағдайда болуы мүмкін?
:: Дем алатын ауадағы оттегінің парциальдық қысымы төмендегенде;
:: екпелердің жұмыстарының жеткіліксіздігінде;
:: жүрек-қан тамырларының функцияларының жеткіліксіздігінде;
:: жүйке жүйесінің реттеушілік қызметі бұзылғанда[6,7,14].

Дем алу жиілеп, оның ырғақтығы бұзылады, ентігу пайда болады,бір минуттағы демнің мөлшері мен дем алу терендіктерінің көрсеткіштері төмендейді,көзге көрінетін кілегей қабықтардың көгергені байқалады,жүректің өкпе артериясының қақпақшасының р.о де оның екінші сазының қатты естілетіні анықталады, қан құрамында эригроциттер мен гемоглобиннің мөлшерлері көбейеді (компенсация), қанда толық тотығын үлгермеген қосылыстардың шоғырлануынан оның қышқылдығы жоғарылайды, организмде жалпы зат алмасу процесінің бұзылу белгілері байқалады[6,14,2].

1.4 Аурудан сақтану және одан арылу шаралары

Тыныс алу жүйесінің жеткіліксіздігінің үш кезеңін анықтауға болады. Жасырын кезеңі - жеткіліксіздіктің белгілері ауру малды қатты қинағанда ғана білінеді. Жеңіл кезеңі - белгілері жеңіл жұмыста біліне бастайды. Ауыр өтетін кезеңі - белгілері тыныштықта тұрған малдабілініп тұрады. Тыныс алу жүйесінің ауруларын үш топқа бөлуге болады. Тыныс алу жолдарының аурулары. Өкпелердің аурулары. Өкпе қабының ауруы. Тыныс алу жолдарының ауруларына жататындар,танау қуысыныц қабынуы - риниттер, көмекейдін, қабынуы - ларингиттер, қосалқы қуыстардың, қабынулары (гайморнт,фронтит және жылқылардың, ауа қапшықтарының қабынуы), кеңірдектің қабынуы - трахеит, бронхылардың қабынулары - бронхиттер. Өкпелердід ауруларына жататындар, өкпелердің қан кернеп ісінуі.
Өкпе қабынулары өкпе гангренасы, бронхылар мен өкпелердің қабаттаса қабынуы,бронхопневмония,аурудың себептер кілегей қабықты тітіркендіру арқылы қабыну процесін тудырады. Кілегей қабықтары ісінеді, онда эксудат жинақталады да ауаның өтуін қиындатады. Ары қарай тыныс алудың жеткіліксіздігі дамиды. Зат алмасу, бірінші кезекте газ алмасу, процесі бұзылады. ІІотогенді микроорганизмдердің өсуі жылдамдайды. Осының салдарынан түзілген улы заттар қанға етіп, дене қызуы көтеріледі. Ауру асқынғанда көршілес танау қуыстарына, жұтқыншақ. Аурудың жіті түрінде ауру мал аздап жабырқаған, дене қызуы көтеріңкі. Мал пысқырып, түішкіріп, кейде танауларын бөгде заттарға үйкелейді. Дем алысы пысылдап, кейде ысқырынып шығады. Дем алу мен дем шығару уақыттары ұзарады. Танау кілегей қабықтары қызарып, домбығып-ісінеді. Алгашқыда ұйымалы, артынан ұйымалы-сарысулы ақпа ағып, кейде мұрын жолдары қатып қалған жалқаяқтармен бітеліп қалады. Ауру қолайлы жағдайда өтсе,ауру мал 5-10 күннің ішінде толық айығып кетуі мүмкін. Созылмалы түрінде ауру мал арықтайды, жұмысқа қабілеттілгі нашарлайды, ауық-ауық асқынып тұрады. Танаудың кілегей қабықтары бозарып семеді, жалақтанады, кей жерлері жараланып, тыртықтанады. Ауру крупозды және фолликулярлы түрде жүргенде мал қатты жабығады, азыққа тәбеті жоқ, қызуы көтеріледі, ентікпе пайда болады. Жақ асты лимфа бездері ісініп ауырсынады.Крупозды түрінде қан кернеледі, кілегей қабықтары сұрғылт сары, немесе қызғылт сары түсті фибринді затта жиналады, ісінеді. Олар сыдырылған кезде орнына қанталаған жалақ пайда болады. Фолликулярлы түрінде, әсіресе жылқыларда, танаудың кілегей қабықтарында ашық-қызыл, не бозғылт-сары түсті, бір-біріне жақын орналасқан көптеген дөңгелек түйіншіктер пайда болады. Кейіннен ол түйіншектер сарғыштанып, бір-бірімен қосылып, тұтасып кетеді. Ол қабат сыдырылғанда орнында жалақ-жара анықталады. Аурудың себептерін жойып, уақытында дұрыс ем қолданғанда ауру малдар 2-3 аптаның ішінде жазылып кетеді. Ауруды анықтауда ауру туралы жиналған мәліметтерге және клиникалық белгілеріне сүйенеді. Ауруларды саралауда кейбір індетті және құрт аурулары танау кілегей қабығының зақымдануымен сипатталатынын еске алған жөн. Дезинсексия, дезинфексия, жасау арқылы алдын - алу шараларын шүргіземіз [8].

2 Өзіндік зерттеу

Мен ОҚМУ - дың ветеринарлық медицина және зоотехния кафедрасының клиникасында зерттеу жұмысын жүгіздім. Өзімнің курстық жұмысымның тақырыбына сәйкес тыныс жолдарының ауруларын зерттеп ем жүгіздім.

2.1 Proanamnesis

Малдың түрі - қозы
Малдың жынысы - ұрғашы
Малдың жасы - 3 айлық
Малдың тұқымы - қара көл
Малдың салмағы - 12кг
Малдың лақап аты - алма
Малдың иесі - Нұжанов Сакен
Мекен - жайы - ОҚО, Сайрам ауданы, Сатпаев көшесі,145 үй.

2.2 Anamnesis vitae

Мал иесінің айтуы бойынша қозыны өте жақсы қоршалған, үсті жабық қорада ұстайды екен, малдың күтімі өте жақсы, уақытысында әр түрлі дәнді, құнарлы жем - шөппен азықтандырып, табиғи суды беруге пайдаланады екен. Ауруға дейін қозының күйі, жағдайы, күтімі, мал өзін - өзі кеңістікте ұстауы, азыққа тәбеті, жатып тұруы, зәр нәжісі бөлуі жақсы болған. Мал бұрын - соңды осы аурудың өтуіндей ауырмағанын айтады. Ауруға дейін белгілері жақсы болған. Мал иесінің айтуы бойынша мал ауырғаннан кейін малдың азыққа деген тәбеті төмендеп, мал арықтаған, бойында ауырсыну сезімі барлығын байқатқан, температурасы көтерілген, алдыңғы аяғын сылтып басқан, тік тұрғанда табанын жерге тигізбейді.
Мал күндіз мационға қоюға қорадан шығаруға, кейіннен кіргізуге айдағанда мал енжарлық танытып, аяағын басарда сылтып басады, мұрнынан жалқыаяқтар ағып тұады. Малдың мінез - құлқы өзгерген, жүруге шамасы жоқ. Малда бұрын соңды мұндай белгілер байқалмағанын айтады. Бұл белгілер 1 апта алдын, яғни 10.03.2011 күніне байқала бастаған. Малда бұрын ауру белгілері байқалмаған, малды дәрігерге көрсетпеген.

2.3 Anamnesis morbi

Ауруға шалдыққан мал мазасыздана бастайды. Жүрісі өзгерген, шамасы жоқ, тәлтіректеп жүреді. Тәбеті болмай, жүре алмай қалады. Танаудың кілегей қабықтарында ашық-қызыл, не бозғылт-сары түсті, бір-біріне жақын орналасқан көптеген дөңгелек түйіншіктер пайда болған.

2.4 Status praesens communoes universalis

Дене температурасы t- 38,5С
Тамыр соғысы - 44
Тыныс алу - 15
Қозының жалпы жағдайы - күйзеліңкі
Дене бітімі - орташа
Қоңдылығы - нашар
Дененің кеңістікте ұстауы және орналасуы амалсыз енжар қимыл. Тері жабындысның жағдайы - кілегей қабықтарын ісіндіріп, қуысына жалықты жинағандықтан оның саңлауы тарылып дем алу процесін қиындатады. Егер ауруды тудырған себептерді жоймаса, не тиісті ем қолданбаса, ауаның жеткіліксіздігінен және қабынба қалдықтарымен дененің улануынан малдар тұншығып өліп қалуы мүмкін.
Жүннің және тері түгінің жағдайы жатық, түктік беріктігі төмен.
Беткейдегі лимфа түйіндерінің жағдайы: жақ асты, иық алды, қызарған ,көлемі өзгерген, пішіні қалыпты, конституциясы жұмсақ, ауырсыну аздап бар, қызуы орташа.
Көзге көрінетін кілегей қабықтардың жағдайы: коньюктивінде, танауында, ауыз қуысының кілегей қабығында өзгерістер айрықша көрініп тұр.
1.Жүрек - қан тамыр жүйесін зерттеу.Жүрек дүрсілінің ең жақсы байқалатын жері: ұсақ малдарда сол жақ шынтақтан 2-3 см жоғары 4 - ші қабырға аралығында 5-7 см көлемінде, аумағында. Жылқыда сол жақ иық буынымен ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ринит, гаймарит, ларингит, фронтит аурулардың емі және профилактикасы
Тыныс алу жүйесінің аурулары жайлы
Тыныс алу жүйесінің аурулары туралы мәлімет
Танау кілегей қабықтарының қабынулары
Тыныс алу жолдарынының аурулары
Ларингит ауруы
Созылмалы түрде өтетін танау қабынулары
Негізгі тыныс алу шулары. Амфорикалық тыныс алу
Тыныс жолдарының аурулары
Балалар аурулары пәнінен дәрістер кешені
Пәндер