Тілдің таңбалық және құрылымдық сипаты


Жоспар
- Тілдің таңбалық және құрылымдық сипаты
- Тіл және таңба
- Тілдік таңба
- Пайдаланған әдебиет
Тілдің таңбалық және құрылымдық сипаты
Тілдің таңбалық сипаты оның негізгі ерекшеліктерінің бірі болып саналады. Осылай болғандықтан, философтар мен лингвистер бұл мәселеге (тілдің таңбалык сипаты туралы мәселеге) ертеден бері-ақ назар аударып келеді. Тілдің таңбалық табиғаты әсіресе Бодуэн де Куртенэнің еңбектерінен және Фердинанд де Соссюрдің «Жалпы лингвистика курсы» атты еңбегі жарыққа шыққаннан бергі дәуірде кең көлемде қарастырыла бастады.
Ф. де Соссюр тілді таңбалардың жүйесі деп есептейді де, оны таңбалардың басқа жүйелерімен салыстыра қарайды. Ол былай деп жазды: «Тіл дегеніміз идеяларды білдіретін таңбалардың жүйесі, демек, оны жазумен, мылқаулар үшін жасалған әліппемен, символ мәнді әдет-ғұрыптармен, сыпайылық формаларымен, әскери сигналдармен және т. б. салыстыруға болады. Ол (тақбалардың жүйесі ретіндегі тіл. - К. А. ) тек осы жүйелердің ішіндегі өте-мөте маңыздырағы. Сонымен, қоғам өмірінін, ішіндегі таңбалардың табиғатын зерттейтін ғылым бар деп ойлауға болады, біз оны «семиология» деп атар едік».
Таңбалар жүйесінің ұғымы қазіргі заманғы ғылымда кен өріс алғандығын және әр түрлі типтегі таңбалар туралы ғылым - семиотика білімнің әр түрлі салаларының назарын аударып отырғанын айту қажет. «Ғылыми-зерттеу процесінде таңбалық жүйелердің мол тобын қолданудың өрістеуі қазіргі заманғы ғылымның маңызды ерекшелігі болып саналады. Біздің кезіміздің адамдары өзінің практикалық қызметінің табысты болуы үшін «табиғи» таңбалар жүйелерін ғана емес, сонымен бірге әр түрлі жасанды «тілдерді» (математикалық формалар мен теңдемелер жүйелерін, чертеждерді, графиктеоді, таблицаларды және т. б. ) қолдануға мәжбүр болып отыр. Әр түрлі типтегі танбалар жүйелері туралы ғылым - семиотика соңғы кезде зерттеушілердің назарын өзіне өте-мөте жиі аудара бастады.
Тіл және таңба
Алғаш таңба мәселесімен көне ғасырларда әйгілі философтар Аристотель мен Демократ айналысқан. Ертедегі грек философтары мен грамматиктерінен тәлім болып қалған екі бағыт бар. Оның біріншісі - тілдің элементтері (сөз, сөйлем) таңба болып саналуға тиіс; екіншісі - осы таңбалар адамның ойымен пайымдауымен байланысты деген пікір. Кейінірек философиядағы «стоиктер» («стоицизм») мектебі де тілдегі таңба мәселесіне көңіл бөледі. Семиотиканың бір аспектісі ретінді тіл конкретті теоретикалық проблема болып ХҮІІІ ғасырда бөлінді. ХІХ-ХХ ғасырларда тілдің таңбалық элементтері тарихи-салыстырмалы тіл білімі мен логикада қарастырылады. Басты философиялық бағыт ретінде бұл идея ХХ ғасырда барлық лингвистикалық, психологиялық, логикалық, эстетикалық ғылым салаларында ерекше орын алады. ХҮІІ-ХҮІІІ ғасырларда таңба проблемасын философ Д. Локк, Г. Кондильяк зерттеді. ХІХ ғасырда американдық ғалым Д. Локк жалпы адамзат тілін: табиғи тіл және философиялық тіл деп бөледі. Оның пікірінше, осы екі тілдік ішіндегі философиялық тіл ғылыми ұғымдардың тілі болуға тиіс. Философия тілінде материалдық таңба болып табылатын сөз бен сөйлем бар. Д. Локк сөз мағынасы мен таңбаның арасындағы байланыс шартты түрде болады дей келіп, тілдегі таңбалық қасиетті осы қатынасқа негіздесе, бұны Н. Винер таңбалық теориясын коммуникативтік түрде алып қарайды. Қазіргі кезде таңбалық системаның басты шығу тарихи кейбір жеке ғалымдар, Пирс, Доррисқа телініп жүр. Ал шындығында жеке ілім ретінде бұл құбылыстың дүниеге келуі анағұрлым күрделі. Ол өмірдің заңдылығынан, әлеуметтік даму қажеттілігінен туса керек. Жоғарыдағы ғалымдар - оны алғаш рет теория жүзінде дәлелдегендер. Алайда, «тіл - таңбалар жүйесі» сынды мәселесінің кең көлемде қойылуы Ф. Де Соссюрдің «Жалпы лингвистика курсы» деген кітабының жарыққа шыққан кезінен басталады. Фердинант де Соссюр тілді таңбалар системасы деп есептейді де, оны таңбалардың кез келген жүйесімен қатар қойып, солармен бірдей, тең деп таниды. Тілдің таңбалық сипаты туралы мәселе сөздің лексикалық мәні туралы мәселемен тығыз байланысты. Ф. Де Соссюрдің пікірі бойынша, сөздің екі жағы бар. Оның бірі - таңбалаушы (означающее), екіншісі - таңбаланушы (означаемое) . Таңбалаушы - сыртқы жақ, ол - дыбыстардың тіркесі, комплексі. Таңбаланушы - ішкі жақ, ол - ұғым, мазмұн. Ф. Де Соссюр сөздің осы екі қырын еш уақытта бірінен бірін жеке бөліп қарауға болмайды, олар бір-біріне байланысты шыққан деп есептейді. Ал шындығында, мұның қайшы пікір екендігі, таңбалаушы мен таңбаланушының арасындағы қатынастың бөлінбейтін біртұтас еместігі кейіннен шықты. Бұл байланыстың бір жақты, шартты ғана екендігі жөнінде А. Ельмслев былай дейді: «Это линейность означающего и означаемого сама по себе оказывается абсолютно условной, немотивированной и, по существу, принципиально несущественной». Тілдің таңбалық сипаты сөйлесімді құрайтын элементтердің жиынтығына (морфема, сөз, сөз тіркесі, сөйлем т. б. ) және тілдік тұлғалардың құрылысына байланысты. Тілдегі таңбалық қызметі осы сөздердің дыбыстық жамылғышы атқарады. Дыбыстық таңбалардың барлығы бірігіп келіп бір жүйе - таңбалар жүйесін құрайды. Бірақ тілдегі таңбалық бөлшектердің жүйесін таңбалардың басқа түрлерімен, мысалы, жол бойы белгілерінің жүйесімен, цифрлар жүйесімен немесе әскери сигналдар жүйесімен бірдей деп есептеуге болмайды. Олардың арасында көп айырмашылықтар бар:
1. Тіл - ойды білдірудің, пікір алысудың, адамдар арасындағы қатынастың кең көлемде қолданылатын күрделі құралы. Оны қоғамдағы күллі адамдар өмірдің, іс-әрекеттің барлық саласында қолданады. Ал, басқа таңбалар жүйесінің қолдану өрісі тілге қарағанда әлдеқайда тар, хабарлау мүмкіндігі анағұрлым аз болады.
2. Тіл мазмұнды ғана білдіріп қоймайды, сонымен бірге адамдардың хабарланатын жайға қатысын, қалай қарайтынын, ұнатуын немесе ұнатпауын, эмоциясын т. б., оның түрлерін білдіреді. Тіл логикалық ойлаумен ғана емес, сонымен бірге адамдардың психологиялық дүниесімен де байланысты. Мұндай қасиет таңбалардың басқа жүйелерінде, мысалы, транспорт (автомобиль, теміржол, су жолы) сигнализациясында жоқ.
3. Тілден басқа барлық таңбалар жүйесі қолдан жасалады. Олар келісім бойынша өзгере алады. Таңбалардың мұндай жүйесі қоғамдағы барлық адамдардың қатысуымен емес, мамандық өкілдерінің қатысуымен және олардың келісімі бойынша жасала береді. Ал дыбыстық тілдің дамуы қоғам мүшелерінің еркіне бағынышты емес. Әрбір жаңа ұрпақ қоғамдық тілдің біреуін немесе бірнешеуін үйренуі мүмкін. Таңбалар жүйесі өзгеріске ұшарауы, жетіле түсуі, бір таңбаны басқа бір таңбаның ауыстырылуы мүмкін. Мысалы, рим цифрларының жүйесі араб цифрларының жүйесімен ауыстырылды. Жаңадан нөл таңбасы енгізілді. Таңбадағы мұндай өзгерістер стихиялық түрде емес, саналық түрде, келісім бойынша болады. Дыбыстық тіл бұлайша өзгерте беруге көнбейді. Ол өзінің дамуының заңдары бойынша өзгереді, өзінің дербес қасиетін сақтайды. Барлық таңбалар жүйесі сайып келгенде дыбыстық тілге негізделеді. Таңбалардың барлығының мағынасы тіл арқылы айқындалады, және дыбыстық тілге «аударылады».
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz