Өтейбойдақ Тілеуқабылұлының адам анатомиясын тәржімалауы



1 Өтейбойдақ Тілеуқабылұлының «Шипагерлік баян» атты еңбегі
2 Алып медициналық энциклопедиялық еңбектері
Ертеде ұлан байтақ Қазақия елінде медицина дамуы үрдісті түрде жүрді. Соның бірі, еліміздің бір тума ұлы кемеңгер ғалымы Өтейбойдақ Тілеуқабылұлы медицина, философия, астрономия, мәдениетті зерттеп, теңдесі жоқ «Шипагерлік баян» атты кітабын қараңғыға түскен нұрдай біздерге, ұрпақтарына қалдырып кетті.
Өтейбойдақ Тілеуқабылұлының емшілік қасиетін сөз етпей тұрып, алдымен оның өзі айтқан ата-тегі мен руын таныстырып, «Шипагерлік баян» атты ғұламалық еңбегін қалай бастап жазғаны хақындағы деректерден хабардар етіп кетсек.

Ғұлама ғалым Өтейбойдақ Тілеуқабылұлы өзінің «Шипагерлік баян» атты еңбегінде авторлық аты жөнінен басқа өмірбаянын нақтылап жазбаған көрінеді. Бірақ, соған қарамастан өзінің кім екенін және оның өң-түсі мен тұлғасына дейін сипаттап көрсеткен. Бір ғажабы, ол адамдардың тұлғалық сипаты мен жеке бітімі, өң-әлпеті мен мінезі, жынысы, ата-тегі, мекен-жайы мен жас мөлшері жақтарынан бір-біріне мүлде ұқсамайтын ерекшеліктерін аша келіп, оған дәлел ретінде өзін былай деп мысалға алады: « Атым - Өтейбойдақ, Тілеуқабылдың ұлымын. Ата-тегім – Ұлы жүз Зарман, Зарман ішінде Албан. Мекенім – Жетісу. Ауылымда құрбы-құрдас, таныс-білістерім аз емес. Жанымда Жиренше шешен, Жәнібек ханның қарашасымын. Жылым – Иіртек. Бойым ұзын, қараторы, қоңқақ мұрынды, кең иықты, қаба сақалды, ұзын қасты, кем сөзді жанмын», - деп қолжазба қалдырған.
Демек, ғалымның осы суреттеуіне қарап-ақ оның тұл-тұлғасын, ата-тегі мен мекен-жайын, туған жылын айқын анықтауға болады. Бұған қосымша ең маңыздысы, ол ғалымның қай жылдары дүниеге келіп, қай заманда кімдермен бірге болып, кімдермен сырласқаны ашық айтылғанын аңғарамыз. Жоғарыдағы айтылған иіртек жылы, ол ұлу жылы деген мағынананы береді. Сонымен қатар, "Шипагерлік баян" кітабын Жәнібек ханның тапсыруы бойынша 70 жасында жаза бастағаны туралы, содан Жәнібек хан дүние салған 1473 жылы кітапты 85 жасында жазып бітіргені жөнінде дерек қалдырған. Сондай-ақ, Өтейбойдақтың 90 жасқа жақындап дүние салғаны жөнінде де дерек бар. Демек, Өтейбойдақ Тілеуқабылұлын 1388 жылы дүниеге келіп, 1478 жылы дүние салды деп жобалауға болады.

Пән: Медицина
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 9 бет
Таңдаулыға:   
Өтейбойдақ Тілеуқабылұлының адам анатомиясын тәржімалауы

Ертеде ұлан байтақ Қазақия елінде медицина дамуы үрдісті түрде жүрді. Соның бірі, еліміздің бір тума ұлы кемеңгер ғалымы Өтейбойдақ Тілеуқабылұлы медицина, философия, астрономия, мәдениетті зерттеп, теңдесі жоқ Шипагерлік баян атты кітабын қараңғыға түскен нұрдай біздерге, ұрпақтарына қалдырып кетті.
Өтейбойдақ Тілеуқабылұлының емшілік қасиетін сөз етпей тұрып, алдымен оның өзі айтқан ата-тегі мен руын таныстырып, Шипагерлік баян атты ғұламалық еңбегін қалай бастап жазғаны хақындағы деректерден хабардар етіп кетсек.

Ғұлама ғалым Өтейбойдақ Тілеуқабылұлы өзінің Шипагерлік баян атты еңбегінде авторлық аты жөнінен басқа өмірбаянын нақтылап жазбаған көрінеді. Бірақ, соған қарамастан өзінің кім екенін және оның өң-түсі мен тұлғасына дейін сипаттап көрсеткен. Бір ғажабы, ол адамдардың тұлғалық сипаты мен жеке бітімі, өң-әлпеті мен мінезі, жынысы, ата-тегі, мекен-жайы мен жас мөлшері жақтарынан бір-біріне мүлде ұқсамайтын ерекшеліктерін аша келіп, оған дәлел ретінде өзін былай деп мысалға алады: Атым - Өтейбойдақ, Тілеуқабылдың ұлымын. Ата-тегім - Ұлы жүз Зарман, Зарман ішінде Албан. Мекенім - Жетісу. Ауылымда құрбы-құрдас, таныс-білістерім аз емес. Жанымда Жиренше шешен, Жәнібек ханның қарашасымын. Жылым - Иіртек. Бойым ұзын, қараторы, қоңқақ мұрынды, кең иықты, қаба сақалды, ұзын қасты, кем сөзді жанмын, - деп қолжазба қалдырған.
Демек, ғалымның осы суреттеуіне қарап-ақ оның тұл-тұлғасын, ата-тегі мен мекен-жайын, туған жылын айқын анықтауға болады. Бұған қосымша ең маңыздысы, ол ғалымның қай жылдары дүниеге келіп, қай заманда кімдермен бірге болып, кімдермен сырласқаны ашық айтылғанын аңғарамыз. Жоғарыдағы айтылған иіртек жылы, ол ұлу жылы деген мағынананы береді. Сонымен қатар, "Шипагерлік баян" кітабын Жәнібек ханның тапсыруы бойынша 70 жасында жаза бастағаны туралы, содан Жәнібек хан дүние салған 1473 жылы кітапты 85 жасында жазып бітіргені жөнінде дерек қалдырған. Сондай-ақ, Өтейбойдақтың 90 жасқа жақындап дүние салғаны жөнінде де дерек бар. Демек, Өтейбойдақ Тілеуқабылұлын 1388 жылы дүниеге келіп, 1478 жылы дүние салды деп жобалауға болады.
Емшілік, шипагерлік қасиет Өтейбойдаққа ата-тегінен жұғысты болды. Ата-баба әулетінің жинақтаған мол тәжірибесін бойына дарыта білген Өтейбойдақ бұл салаға бар ғұмырын арнап, халық медицинасын ғылыми жүйеге келтірді. Сөйтіп, шипагерліктің өз заманындағы биік деңгейіне көтеріле білді. Бұл жолда ол әл-Фараби сияқты атақ-даңқ, дүние-мүлік, бас құрап, үйлі-баранды болу дегендей, пендеге тән қасиеттердің бәрін тәрк етіп, бүкіл өмірін шипагерліктің қыр-сырын игеруге сарп етті. Шипагерлік баян бүгінгі күнге Өтейбойдақтың ағайын ұрпақтары арқылы жетті. Кітап уақыттың алуан түрлі зобалаңынан өтіп, мейілінше көлемді мұраның төрттен бөлігі ғана бүгінгі ұрпақтың қолына тиді. Қалған бөлігі Қытайдағы атышулы мәдени төңкеріс кезінде хуңуейбиндер тарапынан өртелді. Нұсқаның 1968 жылы, өртенгеннен кейін қалған бөлігін жетінші рет Нұртай Түсенбайұлы көшірді. Бұдан кейін 1994 жылы араб әрпімен Үрімшіде, 1996 жылы Алматыда Жалын баспасында қазақ тілінде басылып шықты. Қытай үкіметі кітаптың құндылығын бағалап, 1997 жылы Мемлекеттік ұлттық бірінші кітап деген сыйлықпен марапаттады. Қытайда Өтейбойдақтың мұрасын зерттеу үшін 2 мемлекеттік медицина орталығы құрылды. Ал Қазақстанда 2002 жылы Қазақстан халық емшілер қауымдастығы Өтейбойдақтың жерленген жері Алматы облысы Райымбек ауданының Шәлкөде жайлауындағы Айқайтас бөктеріне арнайы құлпытас орнатты. Алматы қаласындағы бір көшеге аты берілді.
Өтейбойдақтың Шипагерлік баян кітабы қазақтың дәстүрлі медициналық тәжірибесі туралы мейілінше мол мағұлмат береді. Бұл ретте автордың мыңнан астам дәрі түрлерін тоғыстыру арқылы 4 мыңнан астам шипалық шаралардың қолданымын, яғни рецептерді ұсынуы, оның білікті шипагер, ғұлама ғалым болғанын пайымдатады. Шипагерлік баян кітабында өсімдіктен алынатын 728 түрлі, жан-жануарлардан алынатын 318 түрлі, металл-металлоидтардан түзілетін 318 түрлі шипалық қасиеті бар дәрілердің аталуы, 500-ге тарта анатомиялық атаулардың келтірілуі, бұл еңбектің тарихи-этнографиялық мән-маңызының ерекше екенін білдіреді. Теңдесі жоқ Шипагерлік баян - ол заманда да қазақ тілінің қаншалық тұнық, бай болғанының айқын дәлелі. Шипагерлік баян кітабы арқылы Өтейбойдақ Тілеуқабылұлының тек қана ғұлама шипагер емес, сонымен бірге халықтың өмір салтына, дүниетанымына, рухани мәдениетіне мейілінше қанық болғаны, өз заманының терең ойлы, ұлтжанды тұлғасы болғаны айқын аңғарылады.
Өтейбойдақ Тілеуқабылұлының Шипагерлік баян кітабын жазуына:
- біріншіден, сол заманның ханының оң қол уәзірі Жиренше шешенмен таныстығы;
- екіншіден, хан әз Жәнібектің оның сауатты жауабына риза болуынан;
- үшіншіден, сегіз жасынан бастап әкесі Тілеуқабыл емшіден білгені мен халқынан естігені, көргені, жазып алғаны;
- төртіншіден, өз іс-тәжірибесінің нәтижелерінің көрсеткіші;
- бесіншіден, Шығыс пен Орта Азия ғұламаларының еңбектерінің ықпалы;
- алтыншыдан, өзінің халқы мен отанына және ғылымға деген адалдығынан болды деп қараған жөн.
Алып медициналық энциклопедиялық еңбек: Тұрлаулар (Ауыз Таңдай тұрлау - Дәстүр туылма және Көз Маңлай тұрлау - Адамзаттың жаралысы) деген кіріспеден және Қанықталғы, Нарықталғы, Дарымдылығы деген үш бөлімнен құралған. Ғұлама шипагердің медициналық энциклопедиялық еңбегінің үштен төрт бөлігінің жоқтығына қарамастан, Қанықталғы бөлімінде шипагерлік жөніндегі анықтама беруі, екінші Нарықталғы бөлімінде адамдардың ауруын анықтаудың нақтылы ілімдік әдіс - тәсілдері, ал Дарымдылығы бөлімінде сырқат адамның ауруын емдеп жазудың әдіс - тәсілдік жолдарын түсіндіреді. Осы еңбегіндегі ғұлама ойының бүгінгі ғылыми медицинаның жетістіктерінен ешқандай алшақтығы мен өзгешелігі жоқтығы айқындалып келеді. Қазақтың қарапайым халық емінің әлемдік деңгейге ғылыми жағынан көтерілуіне қараүзген шипагер Өтейбойдақ Тілеуқабылұлының Шипагерлік баян еңбегінің ғылыми жетістігі ұлттық шипагерліктің рухын биіктетіп, ғылыми жолға түсуіне негіз болды. Ұлы шипагер қазақтың ұлттық мәдениетінің философиясының бүгінде бір құрамдас бөлігі аталған, халықтық шипагерлік философиясының негізін қалады.
Өтейбойдақ адам анатомиясын зерттеуде өте көптеген еңбектер қалдырды. Жоғарыда айтып өткеніміздей, ол адам анатомиясында кездесетін 500-ге жуық мүшелер атауларын атап, жазып кеткен. Мұның өзі оның бұл салада көп еңбегі бар екендігін аңғартады. Сүйектің дене құрылысындағы атқаратын қызметін сипаттағанда, шипагер: Сүйек алашордасындай еңсені тік көтеретін тұрмақ, - дейді.
Өтейбойдақ Тілеуқабылұлы Шипагерлік баян еңбегінде адам атауларын жазғанда былай деп айтады: адам бітісіндегі аталымдалатын әрбір орынның тиянақты орны аталымын жырмажылдамақ жарғы. Сонымен қатар: Ел не білсін, не білмесін, сын емес. Бірақ шипагерге сын болмағы шарт болымдығынан - дейді. Яғни, бұл жерде шипагерлер адам мүшелерінің атауларын толық білуі керек дейді. Себебі, алдына науқас келіп, оның қай жері ауыратынын қолмен көрсетіп нұсқаса, шипагер осы жерді дәл біліп, оның қайсы мүше екенін дәл айтып, емдеу жолын ұсына білу керек дейді. Шипагерлердің бұл атауды білмеуін ұятқа санаған. Сонымен қатар, адамның мүшелерін төмендегідей атап жазып кетеді. Әрине бұл жерде көне сөздермен берілген. Бұл жерде бас жақтан бастап аяқтың ұшына дейінгі дененің сыртқы атаулары және ішкі мүшелер атаулары берілген. Төмендегі кездесетін көземе сөзі өлшем атын білдіреді немесе солай аталмағы дұрыс деген мағынаны да береді, ал көлгім сөзі көлем деген мағынаны береді. Сонымен, Өтейбойдақ Тілеуқабылұлының берген кейбір, маңызды деген адам мүшелерінің атауларын айтып кетсек:
Бас. Қақбас деп те аталмағы көземе.
Төбе. Бастың төбелік дәл орта көлгімі көземе.
Қақтөбе. Бастың төбелік көлгімінің қақ ортасы көземе.
Шекелік төбе. Төбенің екі шеке жақ етегі көземе.
Маңлайлық төбе. Төбенің маңлай жақ етегі көземе.
Шүйделік төбе. Төбенің шүйде жақ етегі көземе.
Құлақтық төбе. Төбенің оң-сол құлақ жағындағы етегі көземе.
Құлақшеке. Құлақтық төбе мен шекелік төбе аралығы, құлақ жақтауы көземе.
Шеке. Оң-сол құлақшеке мен маңлайдың оң-сол екі аралығы көземе.
Самай. Құлақ қалқаны алды мен көз сырты арасындағы шаш шегі көземе.
Жақ. Оң-сол екеу. Ұяттан, мұрыннан темен және екі жақтауық сырт ауыз көлгімі көземе.
Астыңғы жақ. Ауыз ашқанда қозғалатын сүйек көземе.
Үстіңгі жақ. Ауыздың козғалмайтын үстіңгі екі жағы көземе.
Көз түбі. Көз ауырғанда суырып тұратын сезілістік әйгілімдік көмес ішкі жағы көземе.
Тіс. Астыңғы-үстіңгі отыз екі тіс көземе.
Тісегі. 7 жаста тісегенде түсетін тіс көземе.
Тістегі. Тісегеннен кейін шыққан тістер және өкім тіс көземе.
Өккім тіс. Ақыл тіс деп те аталмағы көземе.
Ақыл тіс. 25 жас пен 37 жас аралығындағы шығатын ең түпкі төрт азу тіс көземе.
Азу тіс. Шайнатқы тіс көземе.
Қасқа тіс. Тістеп жұлу кырқулық тіс көземе.
Қызылиек. Тіс шығатын көлгім. Айқыңдылығы тіс шықпаған нәрестелер мен тісі түскен кәрілерде болмағы көземе.
Жұтқыншақ. Тамақ жұтатын орынның ауызбен жалғасқан қуыс арты көземе.
Жұтқыншақ. Жұтынғанда бұлтылдап тұратын томпақ шеміршек көземе.
Кеңірдек. Сырттан кердең, жұтқыншақ көлгімі; іштен өкпемен ұштасқан көлемі көземі. Құлқын деп те аталмақ.
Ашакеңірдек. Қоқа кеңірдектің оң-сол екі өкпемен жалғасым тапқан көлгімі көземе.
Ағашкеңірдек. Кеңірдекпен бірдей, қоқакеңірдек деп те аталымы көземе.
Жон. Мойын, екі жауырын, арқа көлгімі, төмені белдемемен ұштаспағы көземе.
Арқа. Жон ортасындағы кабырғаға жалғасқан омыртқа көземе.
Омыртқа. Мойын арқа, белдеме, құйымшақ, сегіз көз жалпы буындалығы жалғаспалы илігімдіктік орта пенделіктік көземе.
Арқа. Жон осылай аталмақ. Бірақ шипагерлікте дұрыс аталғысыздығы көземе.
Жондама. Арқа мен жонның басқа бір аталғылығы екені көземе.
Жауырын. Оң-сол бір жұп, иықтан тұтасым тапқан сүйемек көземе.
Өңеш.
Жүрек.
Жүрек қап.
Үлпершек. Жүрек майы көземе.
Қолқа. Жуан, бос тамыр аңғағы көземе.
Алқа. Жүректен шығатын алқа тақылетті қатты тамыр аңғағы көземе.
Аңғақ. Тамыр қуысы көземе.
Лыпыма аңғақ. Соқпалы тамырлар аңғағы көземе.
Жымпыма аңғақ. Соқпайтын тамырлар аңғағы көземе.
Аңғақ соғымы.
Тамыр.
Өкпе.
Жетім өкпе.
Өкпе безі.
Бауыр ет. Бауыр көк еті көземе.
Бауыр көк еті. Өкпе мен бауырдың арасындағы көк ет көземе,
Асқазан.
Қарын.
Жұмыр.
Жұмыршақ.
Мәйек.
Қарабауыр.
Жетімбауыр.
Айқұлақ. Жүрек айқұлағы көземе.
Көк бауыр.
Аш ішек.
Тоқ ішек.
Жел ішек. Осырғыш ішек деп те аталмағы көземе.
Көк ет.
Іштек көк еті.
Бүйір көк еті.
Бүйір.
Бүйірлік көк ет.
Белдеме көк еті.
Мықын.
Мықын көк еті.
Жамбас.
Жамбас қыры.
Ұршық.
Жамбас шұқыры.
Шұрық. Жамбас тесігі көземе.
Жамбас сіңірі.
Жамбас безі.
Таралғы безі. Жамбас безі көземе.
Қуық.
Қуық без.
Мойын безі.
Шат безі.
Ұйқы безі.
Шажырақай.
Шажырақай безі.
Бүйрек.
Бүйрек қап.
Бүйрек май.
Бүйрек безі.
Қан сары суына сипаттама беріп кеткен бабамыз Шипагерлік баян еңбегінде: Қан ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Өтейбойдақ Тілеуқабылұлы
ҒАЛАМНЫҢ ЖҰМБАҚ СЫРЛАРЫ
Ұзақ өмір сүрудің негіздері
ШИПАГЕРЛІК ДӘСТҮРІ ЖӘНЕ ФИЛОСОФИЯСЫ
Шығыс және қазақ емшілігінің мәдени үйлестігі
Адам тұлғасын бейнелеудің ерекшеліктері
Қазақ этнопедагогиқасының мақсаты, мазмұны, түрі, оқыту мен тәрбиелеу әдістері
Әлішер Науаидың, Омар Хайямның, Мақтымқұлының, Өтебойдақ Тілеуқабылұлының тәрбие тағылымдары
Халық емшілігі
Денсаулықты жақсартуға әр түрлі спорт түрлерінің әсері
Пәндер