Қазақ хандығының сыртқы саяси байланыстар


Қ. А. Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті
«Тарих-педагогика» факультеті
«Қазақстан тарихы» кафедрасы
ОБСӨЖ
Тақырыбы: «Қазақ хандығының сыртқы саяси байланыстар».
Қабылдаған: т. ғ. к., доцент Жолсеитова М.
Орындаған: Набиева Г.
Тобы: ТТА-011.
Түркістан - 2013ж
Жоспар
- Қазақ хандығының құрылуы жөніндегі алғашқы деректер, қазақ хандығының тарихнамасы.
- Қазақ хандығының көрші мемлекеттермен сыртқы саяси байланыстары.
- Қазақ хандығының басқару жүйесі.
- Билер институты.
Мақсаты: Қазақ хандығының құрылуы жөніндегі алғашқы деректер, қазақ хандығының тарихнамасын, Қазақ хандығының көрші мемлекеттермен сыртқы саяси байланыстарын, Қазақ хандығының басқару жүйесін, Билер туралы, дерек көздеріне негізделіп жазылған материалдарды пайдалану барысында тақырыпты нақтылап мүмкіндігінше жан-жақты дерек көздерін іздестіріп, мол деректерді пайдалана отырып түсінікті әрі сауатты түрде жазып зерттей отыра, тақырыптардың мазмұнын аша білу. Осы тақырып төңірегінде тапсырмаларды сауатты әрі түсінікті етіп түзу.
Тақырыптың мақсатына сай төмендегідей міндеттер алға қойылып отыр:
- Қазақ хандығының құрылуы жөніндегі алғашқы деректер мен қазақ хандығының тарихнамасы туралы мәліметтерді қарастыру;
- Қазақ хандығының көрші мемлекеттермен сыртқы саяси байланыстарын жан-жақты талдау;
- Қазақ хандығының басқару жүйесін анықтау;
- Билер институтының маңызын анықтау;
Тақырыб:№1 Қазақ хандығының құрылуы жөніндегі алғашқы деректер, қазақ хандығының тарихнамасы.
Мазмұны : Тарихи Рашиди" атты еңбекте қазақ хандығының қалыптасуы туралы, мұнан кейінгі Жетісу мен Шығыс Дешті- Қыпшақта болған оқиғалар, Моғолстанның құлауы, феодалдық соғыстар, қазақтар, қырғыздар және өзбектердің сыртқы жауға қарсы күресте өзара одақтасуы туралы көптеген мәліметтер бар. Сонымен бірге бұл еңбекте ХV-ХVI ғасырлардағы Оңтүстік жөне Шығыс Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық жағдайы, орта ғасырлық Қазақстандағы Жетісудың тарихи жағрапиясы, қалалық және егіншілік мәдениеті туралы құнды мәліметтер бар. Мүхаммед Хайдар Дулати сол кездегі саяси оқиғалар мен оған қатысқан қайраткерлерді, сондай-ақ Моғолстан мемлекетінің, Қазақ хандығының өткен тарихын жақсы білген. Оның тікелей өзі куә болған жайлары да көп еді. Содан да болар ол орта ғасырдағы қазақтарға, әсіресе дулат тайпасының тарихына қатысты өте құнды материалдар береді. Қазақ хандығының құрылуы мен қалыптасуы, одан кейінгі кезеңдері, олардың қырғыздармен, өзбектермен қарым қатынасы жайында кеңінен сөз болады. Мұхаммед Хайдар Дулати өзінің “Тарихи-Рашиди” атты шығармасында былай деп жазады: «Ол кезде Дешті-қыпшақ Әбілхайыр хан биледі және Жошы әулетінен шыққан султандарға күн көрсетпеді. Нәтижесінде Керей мен Жәнібек Моғолстанға көшіп барады. Есенбұға хан оларды құшақ жая қарсы алып, Манғолстаның батыс жағындағы Шу мен Қозыбас аймақтарың берді. Олар барып орналасқан соң, Әбілхайыр (1468 ж. ) дүние салды да, Өзбек ұлысының щаңырағы шайқалды. Ірі -ірі шиеленістер басталды. Оның үлкен бөлігі Керей мен Жәнібекке көшіп кетті. Сүйтіп олардың маңына жиналғандардың саны 200 мыңға жетті. Оларды өзбектер- «қазақтар» деп атады. Қазақ султандары 870 жылдары (1465-1466 жж. ) билей бастады». Сөйтіп, 1465-1466 жылдыры Шу мен Талас өзендерінің алқабында Қазақ мемлекетінің негізін салған дербес қазақ хандығы құрылды. Осы территорияға деректемелерде тұңғыш рет «Қазақстан» деген атау қолдынала бастады. .
Рузбехан Орта Азия мен Қазақстан тарихнамасына «Михман наме-йи Бұхара» атты кітаптың авторы ретінде енді. Шын мәнінде онда 15 - 16 ғасырлардағы елдің әлеуметтік-экономикалық, мәдени және саяси өмірін, қазақтар мен көшпелі өзбектердің этникалық құрамын дәл сипаттаған. Рузбеханның қазақтардың тұрмысы, шаруашылығы, Оңтүстік Қазақстанның Сырдария бойындағы қалаларының жай-күйі, Орта Азия мен Қазақстанның сауда-экономикалық байланыстары, Қазақ хандығы мен Шайбани әулеті билеушілерінің саяси қарым-қатынасы жөніндегі мәліметтері құнды.
Қадырғали Жалаири жырақта жүрсе де, қазақ хандарының саяси-әлеуметтік жағдайлары, Қазақстанда рулық-патриархалдық қатынастардың қалыптасуы, хан төңірегіндегі сұлтандар мен қаршылар, бектер мен хафиздер т. б. жайында деректі мәліметтер жазып қалдырды. Автор «жылнамалар жинағында» Шығыс елдеріне, оның шаһарларына шолу жасап, қазақ сахарасынмекендеген жалайыр, арғын, қыпшақ, қаңлы, найман, қоңырат, керейіт, алшын т. б. түркі ру-тайпаларына тарихи анықтама берді. Ол Рашид ад-Диннің парсы тіліндегі "Жамиат-тауарих" шежіре кітабына сүйене отырып, Шыңғысхан әулеті және оның өзі жайында аса мол деректер келтіреді, қазақ хандарының өмірбаянына тоқталады. Онда қазақ жері, оның қалалары, ХIII-ХVӀ ғ. аралығындағы қазақ жеріндегі оқиғалар, қазақ хандарының ішкі-сыртқы жағдайлары, әлеуметтік топтар және қазақжерін мекендеген ежелгі рулар бірлестігі жайында деректер бар.
“Зафар-Наме-Ий Мукимиде” “Қазақстан” атауы кездеседі. Сондай-ақ, “бір одаққа бірігіп, біртұтас халық атауы ретінде қабылданған” қырғыз бен қазақ этнонимдері қатар айтылады.
Есім хан шошып оянған Тұрсын ханның басын алады. «Бахыр әл асырардың» авторы Махмұд ибн Уәлидің айтуына қарағанда, есім хан 1628-жылы қайтыс болған. Ал «Қазақ совет энциклопедиясының» мәліметіне қарағанда 1645-жылы қайтыс болған делінеді.
«Қазақстан» қолданыла бастайды. 1512-13 жылдардағы оқиғаларды баяндайтын Мұхаммед Талибтың «Матлаб ат-талибин» атты шығармаларында алғаш рет «Қазақстан» термині айтылады. Одан кейін 1537 жылғы оқиғаларға байланысты Зайн ад-дин Васифидың «Бадай ал-вакай» еңбегінде де бұл термин тілге тиек болады. «Қазақ», «Қазақстан» атауларының көршілес елдерінің тарихына енуі де Қасым хан тұсындағы Қазақ хандығының нығайғандығына байланысты болса керек.
Қазақ хандығының құрылу тарихы XIX ғасырдың 60 жылдарынан зерттеушілердің назарында болып келе жатыр. Солардың ішінде В. В. Вельяминов - Зернов, Ш. Құдайбердіұлы, А. П. Чулошников, М. Тынышпаев, С. К. Ибрагимов, В. Г. Юдин, Т. И. Сұлтанов және тағы басқа тарихшылардың бұл мәселені зерттеуге қосқан үлестері орасан зор. Қазақ хандығының тарихына қатысты сан түрлі мәселелерді зерттей отырып, бұл ғалымдар қазақ хандығының құрылған уақыты деп әртүрлі жылдарды атап келеді. Шамамен алғанда аталған зерттеушілердің еңбектері XV ғасырдың 50-70 жылдарын қамтып, 10-20 жылдар алшақтықта тұр. Соңғы 5-10 жыл ішінде бұл мәселе бойынша тарихшылар Ә. Хасенов, С. Жолдасбаев, Б. Кәрібаев өз ойлары мен пікірлерін білдірді. Сондай - ақ қазақ хандығының құрылу тарихы осы жылдары өткен бірнеше ғылыми конференцияларда да қарастырылды. Соған қарамастан қазақ хандығының құрылған жылы - толық анықталмай, даулы мәселе болып қалып отыр.
Тарих ғылымында ХІХ ғасырдың 60-шы жылдарынан бері Қазақ хандығының негізін қалаған екі тұлғаның - Керей мен Жәнібектің есімдері анықталып, белгілі болған. В. В. Вельяминов-Зернов алғаш рет Оразмұхаммед ханның шығу тегін анықтау барысында «Тарих-и Рашидидің» мәліметтерін айналымға енгізе отыра, былай деп жазған болатын: «Қазақтар туралы «Тарих-и Рашидиде» Мұхаммед Хайдар айтқан мәліметтер хижра бойынша 860 жылдан 944 жылға дейінгі, яғни 1456 жылдан 1537-38 жылға дейінгі кезеңді қамтиды. Осы 80 жыл ішінде Мұхаммед Хайдар бойынша қазақтардың ең басты тұлғалары: жошылық Керей мен Жәнібек, Керейдің ұлы Бұрындық, Жәнібектің ұлдары Әдік пен Қасым және Әдіктің ұлы Тахир болды». Міне, осы кезден бастап Керей мен Жәнібек хандардың Қазақ хандығының құрылуындағы тарихи рөлі анықталып, қазіргі күндерге дейін оны ешбір зерттеуші теріске шығармай, керісінше, оны зерттеушілердің бәрі бірауыздан мойындап отыр.
Жазба деректер мен тарихи зерттеулерде алғашқы қазақ ханының есімі - Гирей, Герей, Кирай, Керей түрінде кездеседі. Қазақ тілінде жазылған әдебиеттер мен зерттеулерде соңғы есім жиі және тұрақты пайдаланылатындықтан, біз де осы есімді өз зерттеуімізде қолданамыз. Бұл сөздің түп-төркіні мен мағынасына келсек, В. В. Бартольд ол жөнінде былай деп жазады: «Өзінің деректерін көрсетпей, Ахмед Вефик-паша өз сөздігінде «гирей» - моңғол сөзі, моңғолша «гарай» делініп, «еңбегі сіңген», «лайықты», «құқылы» деген мағынада қолданылады». Қазіргі кезде Моңғолиядан тарихи Отанына қоныс аударған және көне моңғол тілін жетік білетін бауырларымыздан бұл сөздің мән-мағынасы жөнінде сұрастырғанымызда, кезінде тарих пәнінің мұғалімі болып, зейнеткерлікке шыққан, ардагер-ұстаз Нығмет Мәмбетұлы ақсақал: «гарай» - көне моңғол сөзі, оның екі мағынасы бар, біріншісі - «биік», «еңселі», «алып» дегенді білдірсе, екіншісі - «ержүрек», «батыл», «еркін», «берік» деген мағынаны білдіретінін хабардар етті. Араб тілінде бұл мағыналардың «хайдар», «ғайдар» деген сөздермен берілетінін ескере келе, моңғол тіліндегі - «керей» сөзі мен араб тіліндегі - «хайдар» сөздерінің мағынасы ортақ, бірдей деген қорытындыға келеміз.
Мұндай есімнің Алтын Орда дәуіріне дейінгі араб, парсы тілдеріндегі шығармаларда кездеспеуіне және де тек қана осы дәуірде ғана Шыңғыс ұрпақтары мен көшпелі қоғамның жоғарғы тобы арасында жиі кездесуіне қарағанда бұл сөздің түп-төркіні моңғолдық, ал мағынасы жоғарыда айтып өткен «ержүрек», «батыл», «алып», «берік» деген мағынаны білдіреді деген пікірлерді толық қолдаймыз.
Т. И. Сұлтанов аударған «Муизз ал-ансабтың» мәліметінде «Орыс ханның 15 баласы: 8 ұл және 7 қызы болған делінеді де: «Бірінші ұл - Тоқтақия, ол хандық билікте болған. Оның үш қызы және үш ұлы болған: 1) Анике-Булад, 2) Бугучак, 3) Тенгриберди» деп айтылады. Ал «Тауарих-и гузида-йи нусрат-намада» Тоқтақияның ұлдары «Тенгри-Берди, Йагуджак-анеке, Пулад» деп беріледі. «Анике» немесе «анеке» сөзінің біресе Болаттың алдында, біресе Йагуджактың соңында берілуін қолжазбаны көшірушілерден жіберілген техникалық қате деуге болады. «Тауарих-и гузида-йи нусрат-наманың» осы мәліметтері 1426 жылы жазылған «Муизз ал-ансабқа» тәуелді болғандықтан, біз осы шығармадағы мәліметті негізге аламыз. Ал Анике-Булад немесе Болатта бір ғана ұл болған, оның есімі - Керей. Сөйтіп, Орыс ханнан бері қарай таратсақ, Орыс-хан, оның ұлы Тоқтақия, оның ұлы Анике Болат және оның ұлы Керей хан болып жалғасады.
Хижраның 870 жылы - біздің жыл санауымыздың 1465-1466 жылдар бес томдық «Қазақ ССР-ның көне заманнан бүгінге дейін тарихында» Қазақ хандығының құрылған уақыты ретінде алынған.
Б. А. Ахмедов «Государство кочевых узбеков» кітабында 40-жылдары Керей мен Жәнібек Сырдария бойында болмаған, әйтпесе олар Ақ Ордаға қарайтын осы қалалардың бірінде болса, олар Мұстафа ханмен шайқаста күші әлсіреген Әбілқайырға қарсылық көрсетер еді деп санайды.
Чулочников А. Б. « К истории феодальных отношений в Казахстане XVІ-XVIII вв» еңбегінде Қазақ хандығы XV-XVI ғасырлар шебінде құрылды деп жазды.
А. А. Семенов «К вопросу о происхождении и составе узбеков Шейбани-хана» деген мақаласында XV ғасырдың бірінші жартысында барлық өзбек тайпаларының одағы бола қоймағанына күдік білдіріп, яғни өзбек тайпалары деп аталғандардың барлығының бір мемлекетке - Әбілқайыр хандығына бірікпегенін жазады.
Қазақ халқының ортағасырлық тарихын зерттеуші көрнекті ғалым Т. И. Сұлтановтың «Казахстан летопись трех тысячелетий» деген еңбегінде Қазақ хандығының құрылу уақыты туралы пікірі көңіл аудартады. Ол «Қазақ хандығының құрылуы бір мезгілде жүзеге асқан акті емес», ұзақ уақытқа созылған процесс деген орынды пікір айтады. Т. И. Сұлтанов «жаңа хаңдықтың құрылуын» Әбілқайыр хан өлген соң, Керей мен Жәнібектің Өзбек ұлысына қайтып келіп, мұнда жоғарғы өкіметті басып алуымен байланыстырады. Бұл автордың ойынша XV ғасырдың 70-жылдарына, нақтырақ айтқанда 1470жылға келеді деп жазды.
Тарихшы Әбдікерім Хасенов 1990 жылы Қазақ хандығының құрылу жылдарын 1445 жылдардан бастаған жөн деген. Ал мұндай оқиғаны көрнекті тарихшымыз З. Қинаятұлы Қазақ хандығы тікелей Ақ Орданың жалғасы, Керей мен Жәнібек хандар Әбілхайыр ханнан қорқып қашып көшкен жоқ, тыныштық сақтап уақытша өз жерлерін кеңейту үшін кеткен деп жазады.
ХVІ ғасырдың басында өзінің Михман-наме Бұхара атты шежіресінде Фазаллах Рузбихан Өзбектерде (Ақ Орда) үш халық бар, олардың біріншісі, шайбаниттер, екіншісі, маңғыттар, үшіншісі, ең көбі және ең батыры қазақтар дейді. Осы қалыптасу-даму сатыларын келтіре отырып, Қазақ хандығының құрылған жылын ХV ғасырдың 50-жылдарының аяғы, нақты айтқанда, 1458 жыл деп жазды Б. Кәрібаев өзінің «Қазақ хандығы» деген мақаласында. Мұның себебі, біріншіден, 1457 жылы Әбілхайыр ханның қалмақ ханы Ұз-Темірден Көккесене түбінде жеңіліп, Сығанақ қаласына тығылып, бір баласын аманатқа беріп құтылуы. Бұл кейбір тарихшыларымыздың Жәнібек пен Керейдің Шу бойына көшіп келуі 1456 жыл деуінің дұрыс еместігін көрсетеді. Жазба деректерде Ұз-Темір Әбілхайырға жорыққа аттанғанда бала-шағаларын, ауыр арбаларын, заттарын Шу бойына қалдырып өздері салт сарбаздарымен аттанған. Ал жеңістен кейін оларды алып өз жеріне қайтып кеткен дейді. Егер Жәнібек пен Керей хандар 1456 жылы Шу бойында болған болса қалмақтар онда болмаған болар еді. Екінші бір басты мәселе - ел аузында сақталған аңыз. Әбілхайыр ханның ең жақын қызметкерлерінің бірі әскер басшысы Қобыланды батыр болса, екіншісі арғын тайпасынан шыққан атақты Дайырқожа би болған. Бидің ел ішінде әділ би болғандығынан ол Ақжол би атанған. Осы биді Қобыланды батыр өлтіреді. Ақжол биді бүкіл ел сыйлаған. Керей мен Жәнібек хандар да өздеріне жақын тұтқан. Сондықтан да олар Әбілхайырдан батырдың өлім жазасына бұйырылуын талап еткен. Хан бұған көнбей оның жақын адамдарынан үш адамды жазалауды бұйырған. Бұған Жәнібек пен Керей көнбеген. Бұлардың арасы бұрыннан да жақсы болмай жүргендіктен екі хан ешбір жанжал шығармай Қозыбасы-Шу бойына бет алған. 1457 жылы Ақжол бидің жылын беріп күзде көшкен. Ал келесі жылы 1458 жылы Керейді ақ кигізге отырғызып хан сайлаған. Мұндай дерек т. ғ. д. М. Елеуұлының ел ішіндегі жинаған аңыздарынан белгілі. Біз батырлар жырын осы күнге дейін ойдан шығарылған дүниелер деп жүрміз. Бұл дұрыс емес. Сондай жырдың бірі «Қобыланды батыр» жыры еді. Енді міне, Қобыландының күмбезі табылып, шындықты дәлелдеп отыр. Ал М. Елеуұлының «Шу өңірі аңыз бен тарих» деген мақаласында Жәнібек пен Керейдің Шу даласында қала салдырғандарын да дәлелдеген.
1-тапсырма. Кестені толтырыңыз. Қазақ хандығы туралы жазған авторлар мен олардың еңбектерін жазыңыз.
2-тапсырма. Блиц сұрақтары.
1. «1465-1466 жылдыры Шу мен Талас өзендерінің алқабында Қазақ мемлекетінің негізін салған дербес қазақ хандығы құрылды. Осы территорияға деректемелерде тұңғыш рет «Қазақстан» деген атау қолдыныла бастады» деп қай автор өзінің еңбегінде жазған?
2. «Михман наме-йи Бұхара» атты еңбектің авторы кім?
3. Б. Кәрібаев өзінің «Қазақ хандығы» мақаласында не үшін 1458жылы Қазақ хандығы құрылды деп жазған?
4. Ә. Хасенов Қазақ хандығын қай жылы құрылды деп жазды?
5. Қазақ хандығының негізін қалаушылар кім?
6. Керей мен Жәнібек қай жылы Қазақ хандығын құрды?
3-тапсырма. Қадырғали Жалаиридің «Жылнамалар жинағы» туралы не білесіз?
4-тапсырма. Сызбаны толтырыңыз.
5-тапсырма. Сызбаны аяқтаңыз.
Тақырыб: №2 Қазақ хандығының көрші мемлекеттермен сыртқы саяси байланыстары.
Мазмұны: Қазақ хандығының алғашқы қарым-қатынас жасаған хандығы - Моғол хандығы болды. Моғол ханы Есенбұға Керей мен Жәнібек сұлтандарды ешбір қарсылықсыз қабылдап, өзінің жерінің батыс жағына орналасуға бар ризалығын берген. Екі хандықтың арасындағы мұндай достық қатынас туралы М. Х. Дулати былай деп жазған: бұлардың арасында достық және бейбіт қатынастар Есенбұға(1433-1462ж. ж. ) кезінен бастап Абу-ар Рашид хан билік ете бастаған, яғни ХVI ғасырдың 30-жылдарына дейін жасалып келді, -деп жазады. Алайда мұндай қарсылық білдірмеудің өзіндік саяси сыры да болған. Тарихи зерттеулерге қарағанда Моғол хандығы іштей саяси бытыраңқы жағдайда отырған. Моғол ханының ағасы Жүніс хан хандық үшін талас шығарып жеңілгендіктен, Әмір Темір ұрпақтарын паналап, Мауереннахрға кетіп қалған. Ол жақтан күш әкеліп, Моғол ханына тиісуі мүмкін еді. Міне осы жағдайдан қауіптенген Есенбұға Жәнібек пен Керейді сондай жағдай туып қалса, өзіне қосымша күш есебінде пайдалануды көздеген еді. Екіншіден Моғол ханы Әбілқайыр ханнан да әрдайым қауіптенетін. Ал мына келіп отырған екі сұлтан оның бірінші жауы, олай болса, ол (Әбілқайыр) жеріне шабуыл жасайтын болса, оған да қарсы пайдалануды ойластырған. Сонымен қатар, Моғол ханы өзінің шығыс жағынан жағалай бастаған ойраттарға қарсы қазақтардың күшін пайдаланбақ болды.
Жәнібек пен Керей хандар Қырғыз халқымен де тату қарым-қатынаста болған. Тарихи аңыздарға қарағанда, қырғыздар өздеріне хан болу үшін Жәнібек ханның бір баласын сұрап келген хабарлар бар. Бұл жағдайдан қырғыздар мен Моғол хандығының арасындағы қарама-қайшылықтың туғандығын, енді қырғыздардың қазақ хандығымен жақсы қарым-қатынас жасауға бет бұрғандарын байқатады. Ал, мұндай жақсы байланыс қазақ ханы Тақырдың кезінде ойдағыдай жүргізілді.
Міне, жаңа құрылған қазақ хандығының алғашқы кезіндегі өзімен көрші жатқан басқа елдермен қарым-қатынастардың дамуы осындай дәрежеде болған.
Қазақ хандықтарының сыртқы саясаты мен дипломатиясы. Қазақ хандығы 15 ғасырдың 60 жылдарының ортасы мен 70 жылдарының басында Батыс Жетісуда құрылды. Оның негізін қалаушылар Керей хан мен Жәнібек хан болды. Қазақ хандықтарының сыртқы саясат жөніндегі бағыт-бағдары және дипломатиялық қатынасы белгілі бір дәуірдегі ішкі, әсіресе сыртқы жағдайға сәйкес өзгеріп отырды.
Жәнібек пен Керей ханның дипломатиясы. Жәнібек хан мен Керей ханның одақтық қатынас орнатқан тұңғыш мемлекеті Моғолстан болды. Бұл достық одақ 1468 ж. Шығыс Дешті Қыпшақтың билеушісі Әбілхайыр ханның Жетісуға, ойраттардың(қалмақтардың) Моғолстанға шабуыл жасауына байланысты құрылып, 16 ғасырдың 30 жылдарына дейін созылды. 1468 ж. Әбілхайыр хан өлген соң Шығыс Дешті Қыпшақты билеу үшін Өзбек ханның мұрагерлерімен күрескен қазақ хандары Шайбани әулетімен билікке таласып жүрген Жошы әулетінен шыққан Ахмет ханмен, Махмұт ханмен, Ибақ ханмен және т. б. одақтасты. Қазақ хандары сыртқы саясатта, ең алдымен, Шығыс Дешті Қыпшақ мемлекеттерінің ежелгі экономикалық және саяси орталығы болған Сырдария бойындағы Сығынақ, Сауран, Отырар, Ясы (Түркістан) және басқа қалалардағы өз билігін нығайтуға күш салды. Ал олардың Дешті Қыпшақтағы негізгі бәсекелесі Әбілхайыр ханның немересі Мұхаммед Шайбани хан да қазақ даласындағы халықтарды билеу және одан кейін Орта Азиядағы Темір әулетінің қол астындағы жерлерді жаулап алу үшін Оңтүстік Қазақстанның осы қалаларына арқа сүймек болды.
Дешті Қыпшақтағы және Түркістан қалалары үшін ұзаққа созылған күрес 15 ғасырдың ақырында Сырдария бойындағы бірқатар қалалардың қазақ хандарының қол астына көшуімен және Шайбани әулетінің Орта Азияға ығысуымен аяқталды. Шайбани әулетімен уақытша бітім жасалды.
Қасым ханның дипломатиясы. Қазақ хандығы Қасым хан (1511-1532) тұсында күшейе түсті. Ол Жетісудағы өз иелігін едәуір ұлғайтты, Жетісудағы қазақ руларын қазақ хандығына қосып алды. Қасым хан Мәскеу мемлекетімен де дипломатиялық байланыс орнатты. Қасым ханның басты мақсаты Сыр бойындағы қалаларды өз иелігіне қосып алу.
... жалғасыҚасым ханның «Қасқа жолы». « Қасқа жол » - деп аталатын заң, қазақ арасында бұрыннан қалыптасқан әдет-ғұрып ережелері негізінде Қасым хан тұсында жасалған. Оның жасалуына себеп болған жағдайлар мыналар:
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz