Нарық жағдайында несие ресурстарының қалыптасуын талдау және оның тиімділігін арттыру бағыттары


Мазмұны
Нормативтік сілтемелер
Анықтамалар
Белгілеулер мен қысқартулар
Нормативтік сілтемелер
Осы дипломдық жұмыста келесі нормативтік құжаттарға сілтемелер жасалды:
1 Қазақстан Республикасы білім беру жүйесі. Жоғарғы оқу орындарында диплом жұмыстарын (жобаны) орындау ережесі. Негізгі ережелер. ҚР МЖМБС 5. 04. 020-2008. - Астана: 2008
2 Мемлекеттік стандарт 2. 105-95 Конструкторлық құжаттардың бірыңғай жүйесі (БЖКҚ) . Текстік құжаттарға жалпы талаптар
3 ГОСТ 7. 1-84 Система стандартов по информации, библиотечному и издательскому делу. Библиографическое описание документа. Общие требования и правила описания
4 ГОСТ 7. 9-95 (ИСО 214-76) Система стандартов по информации, библиотечному и издательскому делу. Библиографическое описание документа. Реферат и аннотация. Общие требования
5 ГОСТ 8. 417-81 Государственная система обеспечения единства измерений. Единицы физических величин
Анықтамалар
Осы дипломдық жұмыста Қазақстан Республикасы білім беру жүйесі. Жоғарғы оқу орындарында диплом жұмыстарын (жобаны) орындау ережесі. Негізгі ережелер. ҚР МЖМБС 5. 04. 020-2008-ға сәйкес келесі анықтамалар мен терминдар қолданылады.
Банк - ақша айналымын және несие қатынастарын жоспарлы түрде қамтитын және несие беру, есеп айырысу, касса операциялары арқылы кәсіпорындардың шаруашылық қызметіне есеп және бақылау жүргізуді жүзеге асыратын мекемелер.
Банктік несие - бұл банктердің, арнайы несие қаржылық мекемелерінің қарыз алушыларға ақшалай қарыз түрінде беретін несиесі
Қысқа мерзімді несиелер - қарыз алушының уақытша қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін бір жылға дейін берілетін несиелер.
Несиелік портфель - бұл белгілі критерийлер бойынша жіктелінген және берілген несиелердің сапасы мен құрылымының сипаттамасы.
Ұзақ мерзімді несиелер - бес жылдан жоғары мерзімге берілетін несиелер болып табылады.
Өнеркәсіп саласына берілетін несиелер - бұл кәсіпорындар мен ұйымдарға өндірісті дамыту үшін, материалдарды сатып алу үшін ұсынылады.
Ауыл шаруашылығына берілетін несиелер - бұл фермерлерге, шаруа қожалықтарына жерді өндеу бойынша, егін жинау мақсатында берілетін несие.
Стандартты несие - қайтарылу уақыты жетпеген, бірақ қайтуында ешқандай күмән жоқ несиелер.
Күмәнді несиелер - қайтарылу уақыты кешіктірілген, мерзімі ұзартылған және банк үшін тәуекел туғызатын несиелер.
Үмітсіз несиелер - қайтару уақыты кешіктірілген, мерзімі өткен несиелер шотына жазылған несиелер.
Тұтыну несиесі - бұл жеке тұлғаларға тұтыну тауарларын сатып алу үшін және тұрмыстық қызметтерді өтеуге берілетін несиені беріледі.
Белгілеулер мен қысқартулар
Осы дипломдық жұмыста келесі қысқартулар қолданылды
КБ - коммерциялық банк
БТА- Банк Тұран ӘЛЕМ
АҚ - Акционерлік қоғам
ДСЖ - депозиттерді сақтандыру жүйесі
НР - несие ресурстары
ЖТСКҚ - жеке тұлғаларының салымдарын кепілдендіру ( сақтандыру ) қорына
ҰБ- ұлттық банк
АҚ- акционерлік қоғам
СТН- салық төлеушінің куәлігінің көшірмесі
«Нарық жағдайында несие ресурстарының қалыптасуын талдау және оның тиімділігін арттыру бағыттары» тақырыбына жазылған ОПЭ-29-1 тобының білімгері Себепбаева Сандуғаш Расбекқызының
АННОТАЦИЯ
Бірінші бөлімде - нарықтық экономика жағдайында банкке несие ресурстарын қалыптастыру мәселелері қарастырылды.
Екінші бөлімде “БТА”АҚ-ның несие ресурстарының қалыптасуының құрамын талдау қарастырылды.
Үшінші бөлімде Екінші деңгейлі банктердің несиелік портфелінің сапасын жетілдіру жолдары қарастырылады.
Диплом кіріспеден, үш бөлімнен, қорытынды және пайдаланған әдебиеттер тізімі сонымен қатар тіркемелерден тұрады.
Кіріспе
Коммерциялық банктің қызметін активті турде несие ресурстары құрайды. Оның қаншалықты құрайтынын мынадан көреміз:
-біріншіден, ойдағыдай жүзуге асырылуы негізгі табыс көзін алуға әкеледі және ол банктің тұрақтылығын және сенімділігін көтеруге әрекеттенеді, ал несиелендірудегі жол болмаушылық оның банкротқа ұшырауына алып келеді.
- екіншіден, ел экономикасын дамыту инвестициясын несиелендіру үшін банк мекемесі меншікті және жұмылдырылған ресурстарды шоғырландыру қажет.
- үшіншіден, бұл қызмет өзін ойдағыдай жүзеге асырғанда ғана өзінің барлық қатысушыларына, яғни несие мекелемелеріне, тапсырыс берушілергеде барлығына пайда әкеледі.
Банктің несие қызметі, дегеніміз негізгі ұсынылатын өлшемдерінің бірі болып, яғни оның банктен тыс мекемелерден ажыратылатын қызметі саналады. Әлемдік тәжірибеде дәл осы несиелендірумен байланысты банктің пайдасының едәуір басты бөлігі қурайды.
Осымен қатар, қәзіргі уақыттағы несиенендіру процессі тәуекелді активті операциялардың бірі болып саналады, және ол қисынсыз жағдайда банкротқа әкеліп соғуы мүмкін.
Несиелік ресурстары белгілі бір мерзімдегі коммерциялық банктің балансы бойынша несиелік қарыздардың қалдығы бар екенін көрсетеді. Банктің несиелік операциялары өзіне жеке және заңды тұлғаларға ұсынылған несиелерді және банкаралық несиелерді немесе клиенттердің несиелік портфелін қалыптастыруға әсер ететін факторлардың бірі болып банктік қызмет көрсетудегі нарық ерекшелігімен саналады. Бұл жерде, әрбір банк таңдап алған нарықтың секторындағы негізгі клиенттердің қарыздық қаржыларына тұтынушылығы ескеріледі.
Осымен қатар, несиелік ресурстар құрылымы банктің капитал мөлшеріне байланысты болып келеді. Нақ осыған байланысты бір қарыз алушығы ұсынылатын несиенің шектелген сомасы анықталады. Көбінесе өзінің корпорацияларына және басқа да кәсіпкерлік фирмаларға өзінің негізгі несие ресурстарының көлемін бағыттайтын, көтерме кредиторларға ірі банктер өзінің қызметін көрсетеді.
Осы мезгілде көптеген ірі банктер жеке тұлғаларға берілетін несиенің аз мөлшері бойынша ұсынылатын және соған бағыт алып отырады. Ірі банктердің құрамына немесе тобына жатпайтын банктер үлкен емес сауда-өнеркәсіп компанияларына сауда үшін үлкен емес ссудаларды ұсынумен маманданып отырады.
Несиелік ресурстарымен басқару несиелік тәуекелділік минимизациясына немесе болдырмауына /сақтап қалуына/ бағытталған несиелік процесті жүзуге асыру кезендегі банк қызметін ұйымдастыруды ұсынады.
Несие ресурстарымен басқарудың құрылымын ұйымдастырудың негізінде несиені ұсыну бойынша. Әр түрлі деңгейдегі жетекшілердің өкілдігін нақты болумен бекітілетін компетенцияны шектеу принципі жатады. Осы ұсынылған несие бойынша бекітілген несие келісімдерінің шартын несие мөлшеріне, оның тәуекелділік дәрежесіне және басқа да мінездемелерге байланысты әзгертуге болады.
Несие ресуртарымен басқарудың шаралар жүйесіндегі маңызды ролді несие саясатын өңдеу және жургізу, сондай-ақ банктың клиенттермен несиелік қарым-қатынасын ұйымдастыратын және реттейтін ішкі құжаттар алады.
Несие ресурстарымен басқарудың тиімділігі үшін ең алдымен толық банк бойынша және оның құрылымдық бөлімшелерінің бір бөлігі ретіндегі әр түрлі сандық және сапалық мінездемелерін талдау қажет.
Дипломдық жұмыстың объектісі. "Цесна Банкі" Ашық Акционерлік Қоғамы болып табылады.
Осы дипломдық жұмысты жазудың мақсаты мен басты міндеттері. тек қана теориялық аспектілер ғана емес, сонымен қатар банктің несие операцияларын жүргізудің тәжірибелік жақтары, банктің несие операциялық жағдайы және пайда болған проблемаларды шешудің перспективалық бағыты табылады. Бұл мақсаттарға жету үшін келесі міндеттер қойылып
отыр:
1. Коммерциялық банктерде несиелік операциялардың алатын рөлін анықтау, онда несие операциясының мәні мен маңызы, жіктелінуі құралу
2. "БТА" АҚ-ның несие операцияларының құрылымын талдау
3. Несие қайтарымсыздығы тәуекелдігін төмендету саласында жобалық шешімдерді әзірлеу, "БТА" Акционерлік Қоғамының несие портфелінің көлемін көбейтуге мүмкіншілік беретін жаңа несие өнімдерін енгізуді бағалау, несиелеу кезінде пайда болған проблемаларды шешу жолдары.
Зерттеу пәніне. Коммерциялық банктердің несие опеацияларын ұйымдастыруға байланысты қалыптасатын қаржылық қатынастар жиынтығы жатады.
Дипломдық жұмысты орындау кезінде заңдық, нормативтік актілер, әдістемелік сілтемелер мен нұсқаулықтар, отандық және шетел экономистерінің ғылыми еңбектері қолданылды. Құқықтық негізіне. ҚР Президентінің заңдары мен заң күші бар жарлықтары, ҚР Ұлттық банктің және ҚР қаржылық қадағалау агенттігінің нормативтік құжаттары мен актілері және әр түрлі әдістемелік нұсқаулары жатады. Зерттеу нәтижелерінің тәжірибелік маңызы. Дипломдық жұмыста жасалған қорытындылар мен ұсыныстар екінші деңгейдегі банктердің несие операцияларын болашақта пайдалануы мүмкін. Дипломдық жұмыстың көлемі мен құрылымы. Дипломдық жұмыс құрылымы кіріспеден, үш бөлімнен, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен және қосымшалардан тұрады.
1 Нарықтық экономика жағдайында банкке несие ресурстарын қалыптастыру мәселелері
1. 1 Несие ресурстарын қалыптастырудың экономикалық мәні мен маңызы
Несиелік портфель белгілі күнге коммерциялық банктің балансы бойынша несиелік берешектің қалдығын білдіреді. Қазақстандық экономикалық әдебиеттерінде: несиелік портфель белгілі критерий негізінде жіктелінген несиелер бойынша банктің талаптар жиынтығы негізінде анықталады. Отандық және шетелдік тәжірибедегі критерийлердің бірі - несиелік тәуекел деңгейі болып табылады. Осы критерий бойынша несиелік портфель сапасы анықталады. Банк менеджерлері несиелік портфельдің сапасын бағалау және талдау негізінде өздерінің несиелік операцияларын басқарады.
Отандық тәжірибеде несиелік портфельді несиелік сипаттаманың мәмілесі бойынша жасалынған өзара шарт жиынтығымен анықтайды. Оған ссуда, факторингтік операциялар, лизинг, берілген банктік кепілдеме және кепілгерлік бойынша міндеттерді орындау жатады.
Несиелік портфель - бұл белгілі критерийлер бойынша жіктелінген және берілген несиелердің сапасы мен құрылымының сипаттамасы.
Несиенің әлеуметтік - экономикалық негізі оның қоғамдық сипатқа тән екендігінде. Несиеге толық анықтама берейік. Несие - кеңейтілген қайта өндіру мақсатында жеделдік, төлемдік, қайтару талаптарына сай оларды ақшаны бөлу және халықтың, экномиканың бос ақшалай қаражаттардың жұмылдырылуын қамтитын несие капиталының қозғалысы себепті экномикалық қарым - қатынасты көрсетеді.
Сонымен қатар несиелік портфель - бұл несиені ұсыну бойынша банк қызметінің нәтижесі, яғни белгілі уақыт кезеңіндегі банктің берген барлық несиелер жиынтығы.
Банктік несие - бұл банктік мекемелерден қарыз алушыларға ақшалай түрде берілетін несиені білдіреді
Банктік несие - бұл экономикадағы кеңінен тараған несиелік қатынастардың формасы болып табылады. Банктік несие бойынша несиелік қатынастардың құралына несиелік шарт немесе несиелік келісім жатады. Банктік несиеде несие беруші: банк және арнайы қаржы мекемелері болса, ал қарыз алушылар ретінде кәсіпкерлікпен немесе бизнеспен шұғылданатын қаржы ресурстарына деген сұранысы бар кез келген заңды ұйым болып табылады. Мұндағы қарыз берушінің басты мақсаты - бұл пайыз түрінде табыс алу.
Банктік несие - бұл банктердің, арнайы несие қаржылық мекемелерінің қарыз алушыларға ақшалай қарыз түрінде беретін несиесі. Банктік несие коммерциялық несиелердің шектеулерін жояды. Бос ақшалай капиталдар кез келген өндіріс саласына беріледі және банктік несие кез келген бағытта қозғала алады. [6]
Банктік несие сферасы коммерциялық несие сферасына қарағанда несиені қолдану өрісі кең. Коммерциялық несие тек тауар айналысына қызмет етеді, ал банктік несие қоғамның барлық топтарының ақшалай табыстарынан және жинақтарынан капиталға айналдыра отырып, капиталдың қорлануына қызмет етеді.
Банктік несие әмбебап болып келеді, өйткені банк арқылы қайта бөлінген қарыз капиталы экономиканың барлық секторларында қолданыс табады. Бұл ерекшелік оның жедел даму себебі қызметін атқарады. Қарыз мәмілесінің дербес сипаты бар, онда ақшалай капитал өнеркәсіптік капиталдан бөлектенген.
Банктік несие өзінің маңызды ерекшеліктерін сақтай отырып, сандық және сапалық өзгерістерге ұшырайды. Олардың біреуі қарыз мәмілесінің қатысушыларымен байланысты. Бір жағынан, қарыз капиталын беруді банктерден басқа әр түрлі мекемелер (қаржылық компаниялар, өзара несие банктері) жүзеге асырады. Екінші жағынан, қарыз алушылардың құрамы өзгереді. Қарыз алушылар - несиелік-қаржылық мекемелер, тұрғындар, үкімет, жергілікті үкімет органдары болып табылады.
Несиенің мәнін анықтаған кезде бірқатар әдістемелік принциптерді ұстану керек, несиелердің барша түрі формалардан тәуелсіз оның мәнін көрсетуі керек: Несие мәселесі тұтасымен алғанда несенің мәнін ашуы керек. Егер бір мәселеде несие қайтарылмаса, онда бұл өзінің қайтарылатын қасиетін жоғалтатының білдіреді;
Несиенің мәнін талдауда несенің құрылымын, қозғалас сатыларын, несиенің негізін қарастырған жөн. Несиеде өзгермейтін, тұрақты болып қалатын жәйіт - құрылым. Өзге экномикалық категориялар сияқты несиеде бір - бірімен өзара әрекетке түсетін бірнеше элементтен тұрады. Ондай элементтерге ең алдымен несиелік қатанастың барлық субъектілері, сондай - ақ жоғарыда анықтағанымыздай, бұл субъектілерге несие беруші мен қарызға алушылар жатады. Оларды бөлуге және бөлек қарастыруға болмайды. Оларды бірге қарастырған жағдайда ғана несиенің мәнін анықтауға болады.
Несие беруші - несиелік мәміленің қарыз ұсынатын жағы. Мұны іске асыру үшін онда ақшалай қаражаттың белгілі бір қоры болуы керек. Ол ақша өзінікі болуы немесе басқа біреуден қарызға алған болуы да мүмкін.
Қазіргі уақытта қарызға ақша ұсынатын негізгі несие беруші - банк болып табылады. Ол кәсіпорындардың, ұйымдардың, кеңселер мен халықтын уақытша бос қаражаттарын шоғырландырып, оларды қарызға алушыға уақытша пайдалану үшін несие түрінде ұсынады. Бұл ретте банктен алған несиені тек қарызға алушы ғана емес, сондай - ақ соңғысы да меншік иесіне тартылған ресурстарды қайтаруға міндетті. Бұл арада банк бір жағдайға несие беруші болса, екінші жағдайда - қарыз алушы болып көрінеді.
Қарызға алушы - несиелік қатынастар жағы, несие алып, алған қарызды қайтаруға міндетті жағы. Қосымша ақшалай қаражатқа уақытша мұқтаждығы туғандар қарызға ақша алушылар болып табылады. Қазіргі заман талабына сай қарызға алушылар - кәсіпорындар, кәсіпкерлер, халық, мемлекеттер мен банктер болуы мүмкін. Алайда, қарызға алушы қарызға алынған қаражаттын меншік иесі болып табылмайды, өндіріс саласында, айналымда оны ол өз қалауымен қолданады. Бұл жағдайда ол алынған ақшадан гөрі, яғни шаруашылықта ауыспалы айналым қор таусылғаннан кейін оны іске асырып, пайдаланғаны үшін өсімақы төлеп, қарызды артық көлемде төлейді.
Несиелік мәміледе қарызға алушы несие берушіге тәуелді, оған несие беруші өз талаптарын қояды. Алайда, қарызға алушы мен несие беруші несие қатынастарының толық құқықты жақтары болып табылады. Олар міндетті түрде қатысуы керек. Және бұл жағдайда олар орындарын ауыстыруы мүмкін. Несие беруші - қарызгер (кәсіпорындар мен халық бос қаражаттарын есеп және дипозиттік шоттарға сақтай отырып) болуы мүмкін. Несие беруші мен қарызға алушы өзара іс әрекеттерінде қарама - қайшылықтың бірлігі сипатын көрсетеді. Несиелік мәміленің қатысушылары ретінде олар оның қарама - қарсы жақтарында тұрады. Олардың мүдделері де бөлек, несие беруші неғұрлым жоғары пайыздық несие бергісі келсе, қарыз алушыға мүмкіндігінше арзан несие алып, қосымша қаржылар табу мүддесі болады.
Несие берушілер мен қарызға алушылардан басқа несие қатынасы құрылымының элементі алыс - берістің объектісі - құнның негізгі бөлігі сияқты өзіндік өтелмеген құн - несиеленген құн болып табылады.
Несиенің қайтарылуы - уақытша пайдаланған несиеленген құнды несие берушіге қайтару процесі. Ол өзінен - өзі туындамайды. Ол құнның ауыспалы айналымында аяқталатын материалдық процестерге негіделеді.
Алайда, бұл тек қайтарымның негізін жасайды. Уақытша пайдалануға алған ақшалай қаражатты қайтаруға босаған қаражаттар қарыз алушыға мүмкіндік берген кезде ғана несиені қайтару басталады. Несиенің қайтарылуы объективті процесс болып табылады, яғни оны мәміленің табиғатын өзгертпей, кейінге қалдыруға болмайды. Несие беруші мен қарыз алушы бекіткен келісімшартқа сәйкес ол заңды бекітілген сипат алады. Халық шаруашылығы деңгейінде несиенің қайтарылуы тұтас алғанда қайтарылудың жиынтығын көрсетеді. Бұл жерде ол алынған несиенің бір ғана белгісін көрсетпейді, экономикалық категория сияқты бар несиенің тұтастығын көрсетеді. [7]
Несие мәні қатынастардың несиенің - қайтару, төлемдік, мерзімдік, қолма - қол ақша, мақсатты сипат сияқты маңызды принциптерімен анықталады. Белгіленген мерзімді бұзу - несие беруші үшін қарыз алушыға өндіріп алынатын пайызды көбейтілген түрде несиені пайызбен мерзімінен бұрын өндіріп алуға саятын экномикалық санкция қолдануға жеткілікті негіз болып табылады. Несиенің қамтамасыз етілу принципі несие келісімшартында қарыз алушы өз мойнына алған міндеттемелерді бұзуы мүмкін жағдайда несие берушінің мүліктік мүддесін қорғауды қамтамасыз етудің қажеттілігін көрсетеді. Бұл принцип жалпы экномикалық тұрақсыздық кезеңінде өзекті мәселе болып табылады.
Несиенің объективті қажеттілігі табиғи және ақшалы түрде жүзеге асатын ерекшеліктерден кеңейтілген өндірістік шығарып тастайды. Ол капитал түрлері үнемі ауысып тұратынын ұйғарады, меншіктің ақшалай түрі тауарға, тауарлы меншік өндірістікке, өндірістік тауарлар және тауарлық қайтадан ақша түріне ауысып тұрады, яғни A - T - Ө - T - A капиталдың ауыспалы айналымы жүреді. Ауыспалы айналымның бірінші кезеңінде ақша өндіріс қорына (машиналар, шикізат жабдықтары және т. б. ) ауысып кетеді, екінші кезеңде - өндірістік процестерді - дайын өнім (тауар) жасалады, өндірістік тауарларға келеді. Үшінші кезеңде тауар сатылып, бастапқы ақша түріне ауысады. Капиталдың осындай ауыспалы айналымы тұрақты түрде бөлек жеке кәсіпорын және жалпы халық шаруашылығында үнемі жүріп жатады. Капиталдың қозғалысы - оның тек ауыспалы айналымы емес, сондай ақ оның айналымы да. Капиталдың айналымы дегенде оның үнемі қаталанатын ауыспалы түсіндіріледі.
Капитал түрінің ауысуы бір шаруашылық субъектілерінде ақша қаржысының уақытша босатылып және басқа шаруашылық жүргізуші субъектілерді ақша деген қажеттіліктің қалыптасуымен қоса жүреді. Әрбір шаруашылық субъектілерде (кәсіпорын) өзінің жеке ауыспалы айналымдағы капитал болады.
Ақшалай қаражаттың уақытша босатылуы және оларға деген өажеттілік тек материалдық өндіріс саласы мен айналымда ғана туындамайды. Ол мемлекетте, бюджеттік және қоғамдық ұйымдарда, сондай - ақ халықта да болуы мүмкін.
Қаражатқа деген қажеттілік пен оның босатылуы арасында туындаған қарама - қайшылық шаруашылық жүргізуші субъектілердің қалыпты қызметі үшін қажет материалдық және қаржылық ресурстарды нақты байланыстыратын несиенің жәрдемімен ғана рұқсат етіледі.
Жеткіліксіз шамада несиенің объективті қажеттілігі несие қатынастарын жүзеге асыратын капитал айналымы мен ауыспалы айналымның бір қалыпты еместігімен түсіндіріледі.
Несиелік қатынастар пайда болатын және дамитын нақты экономикалық негізде қаражат айналымы мен ауыспалы айналым, яғни несиелік қатынастың материалдық негізі болып құн қозғалысы саналатын болады.
Қарызға алушы несиені кедей болғаны үшін алмайды, ол өзінің меншікті қорларының ауыспалы айналым мен капитал айналымының оюъективті күшіне толық шамада жетпей тұрғандықтан өз ісін алға бастыру үшін алады.
Несиенiң экономикадағы орны мен рөлi, оның атқаратын қызметтерiмен сипатталады. Жалпы несие экономикалық категория ретiнде мынадай қызметтердi атқарады:
- қайта бөлу;
- айналыс шығындарын үнемдеу;
- айналыстағы нақты ақшалардың орнын уақытша алмастыру;
- капиталдың шоғырлануын жеделдету;
- ғылымы-техникалық прогрестi желелдету.
Несиенiң қайта бөлу қызметi кез келген елдiң ұлттың экономикасының толық қанды жұмыс жасауына өз үлесi несиенiң бұл қызметiнiң көмегiмен экономикалық жүйенiң бiр саласынан екiншi бiр саласына капитал ағымы болады.
Несиенiң айналыс шығындарын үнемдеу қызметiнің iс жүзіне асуы несиенiң экономикалық мәнінен туындайды. Шаруашлық субъектiлерiндегi ақшалай қаражаттардың түсүсуі мен жұмсалуы арасындағы уақытша болатын алшақтық кей жағдайларда қаржылай ресурстарга деген қажеттiлiктi туындатады.
Ал келесі, қызметi, яғни несиенiң айналыстағы нақты ақшалардың орнын уақытша алмастыруы. Қазiргi несиелік шаруашылықты мұндай орнын алмастыруга толық мумкiндiк бар.
Капиталдық шоғырлану процесi қызметi экономиканың турақты дамуына жағдай жасау үшiн маңызды болып табылады. Мұндай мiндеттердi шешуде несиенiң бұл қызметi өндiрiстiң ауқымын ұлғайта отырып, пайда алуга мумкiндiк бередi.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz