Оқыту процесінде оқушылардың танымдық белсенділігін арттыру


Кіріспе
І-тарау
Оқыту процесінде оқушылардың танымдық белсенділігін арттырудың ғылыми-теориялық негіздері.
- Оқушылардың танымдық белсенділігін арттырудың мәні, мазмұны, құрылымы. 6-14
- Оқушылардың танымдық белсенділігін арттырудың педагогикалық шарттары. 15-29
ІІ-тарау
Оқыту процесінде инновациялық технологиялар арқылы оқушылардың танымдық белсенділігін арттыру мазмұны, формасы мен әдістері.
2. 1. Оқушылардың танымын қалыптастырып дамытудың педагогикалық мүмкіндіктері. 30-36
2. 2. Оқыту процесінде оқушылардың танымдық
белсенділігін арттырудың жаңа технологиялары. 37-52
Қорытынды 53-54
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі 55-58
Қосымша . . . 59-60
Зерттеудің көкейкестілігі.
“Бүгінгі таңда ұрпақ алдында “Қазақстан 2030” бағдарламасындағы: “Барлық Қазақстандықтардың өсіп-өркендеу қауіпсіздігі мен әл-ауқатының артуы” деген ұзақ мерзімдік міндетті үшінші мың жылдықта іске асыру жауапкершілігі тұр [1]
Президенттің Қазақстан халқына Жолдауында: “Ұлттық бәсекелестік қабілеті бірінші кезекте оның білімділік деңгейімен айқындалады” деп айтылған. Осы тұрғыдан Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту Тұжырымдамасында: “Орта білім берудің мақсаты-жылдам өзгеріп отыратын дүние жағдайларында алынған терең білімнің, кәсіби дағдыларының негізінде еркін бағдарлай білуге, өзін-өзі іске асыруға, өзін-өзі дамытуға және өз бетінше дұрыс, адамгершілік тұрғысынан жауапты шешімдер қабылдауға қабілеттері жеке тұлғаны қалыптастыру” деп көрсетілген. [2]
Тәуелсіз Қазақстан мемлекетінің қазіргі даму кезеңіндегі қоғамының түрлі сфераларының құрылуы мен тұлғаның белсенділігінің жоғарылауы арасында байланыс айқындала түсуде.
Осыған байланысты балалардың танымдық әрекетін белсендіру, оны тиімді басқару және дамыту, ұйымдастырушылық және моральдік-психологиялық тұрғыдан қамтамасыз ету әлеуметтік міндет болып табылады.
Ұлттың болашағы, тәуелсіз мемлекеттің ертеңгі ұрпағының рухани байлығы, мәдениеті, саналы ұлттық ойлау қабілеті мен біліміне, іскерлігіне байланысты.
Егеменді еліміздің білім беру жүйесінде әлемдік деңгейге жету үшін жасалынып жатқан талпыныстар оқытудың әр түрлі әдіс-тәсілдерін қолдана отырып, терең білімді, ізденімпаз барлық іс-әрекетінде шығармашылық бағыт ұстанатын, өзін таныта алатын жеке тұлғаны қалыптастыру ісіне ерекше мән берілуде. Ендеше, оқушылардың дүниетанымын кеңейтуде танымдық белсенділігін арттырып, білім, біліктерін жетілдірудің қоғамдық мәні зор. Сондықтан оқу үрдісінде баланың білім алуға, өз бетімен әрекет етуге деген құлшынысын оятуға, ақыл ойының дамып, жетілуіне түрткі болатын танымдық белсенділікті арттырудың маңызы жоғары.
Өзіндік таным сабағында балалар ең алдымен өзін сыйлауға, өздеріне жақын адамдарды, елін, Отанын, мәдениетін жақсы көруге ықпал ете отырып, ешкімнің көмегінсіз таңдау жасауға, жауапкершілікті түсінуге, ең соңғысы бақытты өмір сүруіне септігін тигізбек, көмектеспек. [3]
Еліміздегі психология және педагогика саласындағы ғалымдардың, мамандардың назарын аударып отырған мәселелердің бірі оқушының жеке дамуы, өзіндік жұмысы, білік дағдыларын қалыптастырудың тиімді жолдары С. Т. Сабыров, Н. Д. Хмель А. Е. Әбілхасымова Р. К. Төлеубекова т. б. ғылыми еңбектерінде қарастырылған.
Оқыту үрдісін жетілдіру мәселесі көптеген ғалым педагогтермен психологтердің еңбектерінде Л. В. Занков, М. А. Данилов, Ю. К. Бабанский т. б. зерттелінген. Оқу үрдісінде оқушылардың белсенділігін арттырудың жолдары мен тәсілдерін, оқушының өз бетінше жұмысын ұйымдастыру, танымдық ізденімпаздық, танымдық белсенділігін қалыптастыру мәселелері туралы жазылған еңбектердің қатарына П. И. Пидкасистый, Н. А. Половникова, Т. И. Шамова, Г. И. Щукина, Р. С. Омарова еңбектері жатады.
Н. Ф. Талызина өзінің “Оқушылардың танымдық іс-әрекетін қалыптастыру” атты еңбегінде оқушылардың танымдық белсенділігін арттырудың жолдарын атап көрсеткен.
Ал С. Т. Сабыров оқушылардың танымдық әрекетін арттырудағы оқытудың әдістері мен формаларының дидактикалық жүйесін тиімді қолдануды қарастырған.
А. Аренова математика пәнін оқыту үрдісінде оқушылардың танымдық белсенділігін арттыру мәлелесіне тоқталған.
Қ. Б. Жарықбаев зерттеуінде оқыту-танымдық іс-әрекеттің психологиялық-педагогикалық негіздерінде танымдық мотивтердің жалпы бөлінуін қарастырған.
Н. Қ. Тоқсанбаева оқыту процесі жүйесіндегі танымдық іс-әрекеттің құрылымын қарастырған.
Қазіргі қоғам талабына орай орта мектептердегі білім беру сапасын жақсартуды жүзеге асыратын, оқушылардың танымдық белсенділігін арттыру проблемасы әлі де зерттеуді қажет етеді.
Оқушылардың танымдық белсенділігін қалыптастыру деңгейлері мен педагогикалық шарттарының болуы зерттеу тақырыбын “Оқыту процесінде оқушылардың танымдық белсенділігін арттырудың педагогикалық шарттары деп таңдауға себепші болды.
Зерттеу мақсаты: жалпы білім беретін мектептердің оқыту үрдісінде оқушылардың танымдық белсенділігін арттырудың жолдарын теориялық тұрғыда негіздеп, оны жүзеге асырудың педагогикалық шарттарын анықтау.
Зерттеудің міндеттері:
- 5-6 сынып оқушыларының танымдық белсенділігін арттырудың теориялық негіздерін жасау.
- Оқушылардың танымдық белсенділігін арттыру мүмкіндіктерін анықтау.
- Оқушылардың танымдық белсенділігін арттырудың педагогикалық шарттарын белгілеу арқылы оның мазмұны, формасы мен әдіс-тәсілдерін айқындау.
- Оқушылардың танымдық белсенділігін арттырудың тиімділігін іс-тәжірибе жүзінде тексеру.
Зерттеудің ғылыми жаңалығы мен теориялық мәнділігі:
- Оқушылардың танымдық белсенділігін арттырудың теориялық негіздері айқындалды, және негізгі ұғымдардың анықтамасы нақтыланды.
- Оқушыларда танымдық белсенділікті арттыру мүмкіндіктері айқындалды.
- 5-6 сынып оқушыларының танымдық белсенділігін арттырудың деңгейлері мен шарттары айқындалды.
- Оқушылардың танымдық белсенділігін инновациялық технологиялар арқылы арттыру әдістемесі жасалды.
Зерттеудің практикалық мәнділігі:
- оқушылардың танымдық белсенділігін арттыруға байланысты ғылыми-әдістемелік ұсыныстар жасалынуда.
- зерттеу нәтижелерін жалпы білім беретін мектептерде оқушылардың ересек тобында жүргізілетін іс-шараларда пайдалануға, мектеп мұғалімдер қызметінде, жоғары оқу орнында маман даярлауда, осы саладан білім, іскерлік, дағдыларын жетілдіру мақсатында пайдалануға болады.
Зерттеудің ғылыми болжамы:
Оқушыларының танымдық белсенділігі артады, егер:
- оқушылардың танымдық белсенділігін арттырудың негізі деп танылса;
- оқушылардың танымдық белсенділігін арттырудың педагогикалық шарттары жасалып, іске асырылса;
-сабақтарында оқушылардың танымдық белсенділігін арттыру мүмкіндіктерінен толық пайдаланылса;
- оқушылардың танымдық белсенділігін арттыру ісі бірізділікпен, жүйелі түрде жүргізілсе.
Зерттеу әдістері: зерттеу проблемасы бойынша философиялық, педагогикалық, психологиялық әдебиеттерге теориялық талдау жасау; орта мектептерде оқушылардың оқу үрдісін бақылау; оқушылар, мұғалімдермен пікірталас, әңгіме жүргізу, сауалнама алу;
алдыңғы қатарлы педагогикалық тәжірибелерді педагогикалық, психологиялық тұрғыда саралау; әдістемелік жүйенің мақсатқа сәйкестігін және педагогикалық тиімділігін эксперимент арқылы тексеру.
Дипломдық жұмыстың құрылымы:
Дипломдық жұмыс кіріспеден, екі тараудан, қорытындыдан, қосымшадан, қолданылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
Кіріспе бөлімде зерттеудің көкейкестілігі, мақсаты, зерттеу болжамы, міндеттері, зерттеу әдістері беріліп, дипломдық жұмыстың практикалық мәні ғылыми жаңалығы көрсетіледі.
“Оқыту прцесінде оқушылардың танымдық белсенділігін арттырудың ғылыми-теориялық негіздері” атты бірінші таруда оқушылардың танымдық белсенділігін арттырудың психологиялық-педагогикалық негіздері көрсетіліп, танымдық белсенділік, мазмұны, қалыптасу деңгейлері айқындалады.
“Оқыту процесінде инновациялық технологиялар арқылы оқушылардың танымдық белсенділігін арттыру мазмұны, формасы мен әдістері” атты екінші тарауда оқыту процесінде оқушылардың танымдық белсенділігін инновациялық технологиялар арқылы арттыру қарастырылады. Оқушылардың танымдық белсенділігін арттырудың мүмкіндіктері қатар көрсетіледі.
Қорытындыда теориялық жұмыстардың нәтижелеріне негізделген тұжырымдар мен ұсыныстар беріледі.
Қосымшада танымдық белсенділіті анықтау мақсатында оқушыларға арналған сауалнамалар және танымдық белсенділік компоненттері көрсетілген.
І-Тарау.
Оқыту процесінде оқушылардың танымдық белсенділігін арттырудың ғылыми-теориялық негіздері.
1. 1 Оқушылардың танымдық белсенділігін арттырудың мәні, мазмұны құрылымы.
Оқушылардың танымдық белсенділігін арттыру проблемасын терең теориялық мазмұнсыз, оқыту процесіндегі дидактикалық белсенділік принціпінсіз, ҚР жалпы орта білім беруде қазіргі концептуалдық жолдарды есепке алмастан шешу мүмкін емес. /1/
Оқушының танымдық белсенділігі педагогикалық құбылыс ретінде әр оқушының белсенді өмірлік позициясымен де тығыз байланысты. Оқушылардың белсенді өмірлік позициясы олардың қоршаған ортада, еңбекте адамға өмір сүру образының қалыптасуына байланысты және ол әрекеттің түрлі процесінде әсіресе рухани дамытатын оқыту процесінде қалыптасады. /2; 3; 4/
Оқушының белсенді өмірлік позициясын қалыптастырудың нақты жолы мен танымдық белсенділігіне және тұлғаның әлеуметтік белсенділігі ретінде танылатын фактор оқыту процесіндегі белсенділік принципі. /4; 5; 6; 7/ Соңғы жылдары педагогикалық теория мен практикада оқту процесінде белсенділік принципін іске асыру үшін көп жұмыс жасалуда. Жаңа білім беру пирамидасы бойынша оқушылардың танымдық белсенділігін арттыру мына жағдайларда іске асырылады;
- Оқушы оқу процесінде және дамудың белсенді субъектісіне айналады;
- Оқу пәндерінің ғылыми деңгейін жоғарылату үшін мектепте білім жаңа мазмұны ойластырылып енгізіледі;
- Жаңа ұрпақтың жалпы білім беретін мектепте арналған оқулықтары оқушылардың ойлау қабілетін, шығармашылық қабілеттерін дамытуға бағытталған. Бұл оқулықтарда құбылысты факт жүзінде емес, оның мазмұнын түсінетін деңгейде және ол оқушылардың белсенділігін дамытуға бағытталған. /8/
- Жаңа педагогикалық және ақпараттық психологияны оқыту процесінде қолдану оқушылардың оқу процесіндегі формасы мен әдісін күшейтуде белсендік танытуда. Дидактикалық ықпал етуде түрлі психологиялық ықпалдар әсер етті.
- Оқушылардың дидактикалық жұмысында оқушының және жұмыс көлемі көбейеді, оқушылардың таным процесіндегі белсенділігін арттыруда және жұмыс мазмұны мен көлемі елеулі өзгеріске ұшырайды. /8; 9/
- Психо-шығармашылық мазмұнындағы өзіндік жұмыс енгізіледі.
- Оқытуда техникалық құралдар мен ақпараттық технологияны енгізу.
- Оқытуды жекелендіру, мұның астарында оқушының оқу мүмкіндіктері есепке алынады. /10; 11/
- Оқу процесіне ұжымдық шығармашылық енгізу.
Оқушылардың танымдық белсенділігін арттыру проблемасы Ресей дидактиктерінің өткен ғасырдың 70-80 жылдарынан бері қызықтырып келеді. Оқытудың белсенділік принципін іске асыруды оқымыстылар білім беру сапасының жоғарылағанымен шығармашылықтың дамуымен және жеке тұлғаның әлеуметтік белсенділігімен байланыстырады.
Оқымысты дидакттар белсенділік принціпін іске асыру үшін оған әр қырынан кіріседі. Ю. К. Бабанский, В. С. Ледиев, И. Я. Лернер, М. И. Махмутов және т. б. белсенділік принціпін арттыруды білім берудің мазмұнымен, оқыту әдістерімен, оған проблемалық тұрғыдан қараумен байланыстырады.
Басқа зерттеушілер өзіндік жұмыстардың мазмұны мен ұйымдастырылуы оқушылардың танымдық белсенділігін арттырудың тиімді тәсілі деп санайды О. А. Нильсон, И. И. Пидкасистый және т. б. Л. П. Прессманың, С. Г. Шаповаленконың, Н. М. Шахмаеваның т. б. айтуы бойынша оқытуда техникалық құралдардың енгізілуі оқушылардың танымдық белсенділігін арттырудың жетекші факторы.
Оқушылардың танымдық белсенділігін арттыру И. Унт, И. М. Чередов, И. Ф. Харламов, С. Абылқасымова, В. А. Ситарова және т. б. пайымдауынша олармен жеке жұмыс барысында қалыптасады. /12:13; 14/ Олай болса, оқушылардың танымдық белсенділігі түрлі жолдармен арттып отыратынын соңғы он жылдық зерттеулерден байқауға болады. Біздің зерттеуіміз үшін танымдық белсенділігін және “оқытуды арттыру” сияқты түсініктер басты назар аударуды қажет етеді.
“Танымдық белсенділік” категориясы “ойлау әркеті”, “шығармашылық белсенділігі”, “танымдық өзінділігі” категориялары мен астарласып жатады. “Танымдық белсенділік” түсінігін жете түсіну үшін танымдық және ойлау әрекеттерінің айырмашлылығын ашып алу керек.
М. Н. Скаткиннің ойынша олардың айырмашылығы мынада, танымдық белсенділікте тек ойлау әрекеті емес, бақылау, ес, ерлік процестері де орын алып, онда адамның қоршаған ортаға көзқарасы айқындалады. Ойшыл ешнәрсені танымауы мүмкін, ал тану ойлаусыз мүмкін емес. /15; 16/
Танымдық белсенділікті арттыру оқушылардың белсенділігін қалыптасыру, білім беру процесінің күшейтілуі үшін жүзеге асырылады. Зерттеушілер ішкі (ойлау) белсенділігі мен сыртқы (моторлы) белсенділікті бір-бірімен ажырата білудің маңыздылығын атап өтеді. Оқу процесіндегі екі белсенділік түрінің де өзіндік орны бар. Алайда оқушылардың танымдық белсенділігін арттыру бірінші кезекте ойлау белсенділігімен байланысты, сыртқы (моторлы) әрекет мұнда ішкі белсенділіктің қалыптасуы оның дамуы үшін маңызды қызмет атқарады.
Кейбір зерттеулершілер белсенділікті атқарушы және шығармашылық деп екіге бөледі. Белгілі психолог В. А. Крутецкий белсенді және өзіндік ойлау туралы былай деп жазады, “белсенді ойлау”, “өзіндік ойлау” және “шығармашылық ойлау” “түсініктерінің ара - қатынасы” концептриналық айналым ретінде белгілеуге болады. Бұл ойлаудың түрлі деңгейлері, бұлардың әр қайсысының бір-біріне қатысы бар. Шығармашылық ойлау өзіндік және белсенді бола алады, бірақ барлық белсендік ойлау өзіндік ойлау емес, және барлық өзіндік ойлау шығармашылық емес. /16/
Оқушылардың белсенділігі проблемасының танымдық белсенділік әрекетіне қатынасы қазіргі педагогика оқулықтарында айтылған. Сонымен, И. П. Подласый, танымдық және белсенділік принциптеріне қарай келе былай көрсетеді “оқушының өзіндік танымдық белсенділігі оқудың маңызды факторы болып табылады және оқу материалының тақырыбының терең және берік игеруіне жетекші рөл атқарады”. Оқытудың ерекшеліктерін бақылау арқылы оқудың таным және белсенділік принципін қалыптастыруға болатынын айта келіп “белсенділікті тәрбиелеу үшін не уақытты, не күшті аямаңыздар”. Бүгінгі белсенді оқушы-ертеңгі белсенді кәсіп иесі, қоғам мүшесі екенін естен шығармаңыздар деп ескертеді. /17, 125/
В. Г. Казанов, Л. Л. Кондратьев сынды психологтардың айтуы бойынша, адам белсенділігінің түрткісі ретінде биологиялық және әлеуметтік қажеттілікте болуы мүмікін. Туа біткен қажеттіліктің ішінде оқу әрекетін қалыптасыруда ерекше мааңыздылары белсенділік пен ақпарат қажеттілігі. Бұлардың біркеуі болмасын біреуіне шектеу жасау интеллектуалдық эмоцияның ерікті дамудың ақауға алып келетін жағдайлар жасап, оқу әректін қалыптастыруда іш пыстыратын жағдайға алып келеді. / 18; 19/
Дидакт- оқымыстылар танымдық белсенділік түсінігін оқуға түрлі жағынан қарайды. Б. И. Есипов “белсенділік” және “өзіндік” түсініктерін шектей келе былай деп жазады: “оқушылардың белсенділігі оқу жұмысының барлық кезеңінде қажетті”. Оның ойынша белсенділік түсінігінің ауқымы өзіндік түсінігіне қарағанда кең, “белсенділік оқушының өзінділігінің бір дәрежесін көрсетеді”. /20, 45/
Г. М. Муртазин танымдық белсенділік әрекеті түсінігін оқыту танымдық процесін мақсатты түрткі, қалыптастыру және осы прцестерін күшейту бағытымен байланыстырады. Өкінішке оарй біздің көзқарасымыз бойынша автор, белсенділік пен оған жету жолдарын шатастырып алған сияқты. Енді бірқатар зерттеулер танымдық белсенділікті жеке тұлғаның бір бөлігі ретінде қарап, бұл түсініктің психологиялық жағына көңіл бөліп, шығармашылық және репродуктивті белсенділікті бір-бірінен бөліп алады. Сонымен, танымдық белсенділік түсінігін әр авторлардың түрлі позициядан қарауы танымдық белсенділік түсінігінің дамуына ыққпал етіп, оған әр қырынан талдау жасауға мүмкіндік береді. Бір жағынан бір мәселеге бұлай түрлі жақтан қарау қарастырылып отырған категорияларға нақты көзқарастың қалыптастыруды қиындата түседі. / 21, 78 /
Таным белсенділігі түсінігі туралы жарық көрген негізгі басылымдарға талдау жасай келіп, бұл сұраққа ғалымдар екі тұрғыдан қарауды ұсынады:
- Танымдық белсенділігі әрекет ретінде қаралады;
- Танымдық белсенділігі және тұлғаның бір қыры ретінде.
Т. А. Шамованың дәлелдеуі бойынша, бұларды бір-бірінен бөліп қарауға болмайды. Бұларды диалектикалық бірлікте қарау танымдық белсенділік арттыру түсінігін қалыптастыру үшін маңызды. Және ол әрекет мақсаты үшін де оған жету мен нәтиже үшін де маңызды рөл атқарады. /3/
Оқытудың мақсаты мен оқушыларға білім, білік, дағды берумен ғана емес, сонымен қатар олардың және қасиеттерін қалыптастыру. Осындай қасиеттердің бірі танымдық қызғушылықты тұрақтандыруға бағытталған танымдық белсенділік және оқу-танымдық әрекет арқылы білімді тиімді
игеру оқу-танымдық мақсатта. Мұнда эмоционалдық, интеллектуалдық адамгершілік процестердің комплексі көрініс табады. Бұл қасиеттер табылатынын оқушының белсенділігі мен байланысты таным процесінде негізінен көп кездеседі. Бұл жағдайда белсенділік мақсатқа жетудің жолы ретінде қаралады.
Қорытындысында, субъектілігі белсенді жағдайға алып келу оның сыртқы орта мен қарым-қатынасының нәтижесі. Танымдық белсенділікке және индивидуалды қасиет тән. Белсенділік, танымды қалыптастырушы фактор ретінде, адамның туа біткен қасиеті емес - ол танымдық әрекет процесінде туып, қалыптасып, танымға, ойлау дәрежсесіне, оқушының және еркі қабілетіне байланысты сипатталады, сонымен бірге белсенділік әрекет сапасына ықпал етеді.
Тұлға үшін адамзат баласы жүзеге асыратын іс-әрекеттердің ішіндегі ең бір күрделісі-танымдық процесс болып табылады. Педагогикада оқушылардың «оқу танымдық іс-әрекеті» ұғымдары «ойлау іс-әрекеті» ұғымдары жиірек пайдаланылады. «Ойлау» және «таным» ұғымдарына анықтама берер болсақ, философиялық инциклопедиялық сөздікте ойлау ұғымы объективтік шындықтың белсенді формасы ретінде сипатталады. Ойлау адамзат баласының танымының жоғары сатысы болып табылады. Сондықтан «таным» ойлауға қарағанда әлде қайда кеңірек ұғым философиялфқ сөздікте «таным объективті шындықтың бейнеленуінің жоғарғы формасы» ретінде сипатталса, ал бейнелеу-материяның жалпыға бірдей ортақ қасиеті ретінде сипатталып, оның мәні бейнеленуші объектінің белгілнрін, қасиеттерін, элементтері арасындағы қатынастарын басқа объектілермен байланыстарын қайта жаңғыртуда, қайта елестетіп көрсетуде болып табылады / 22; 23 /.
А. П. Карповтың пікірінше мектептегі оқушының танымдық іс-әрекеті -оны өмірге даярлаудағы қажетті кезең. Танымдық іс-әрекет құрылымы жағынан іс-әрекеттегі ұқсас, кез келген басқа солармен бірлікте болғанымен. Мектепте оқып жүрген жылдары жүйелі, үнемі оқып үйренудің қол үзген адамның санасы толыққанды бар мүүкіндігінше дамымайды, дүниені қабылдаудан халықтың құндылықтарын игердің құралақан қалады /24, 65/.
Г. Н. Щукина танымдық іс-әрекеттің субъектісі оқушы болуға тиісті деп есептейді. Олай болса әлеуметтік- педагогикалық негізі бар оқып-үйренудің де «қайнаған ортасында» оқушы, оның жеке басының тұлғасы, оның санасы, танылуға тиісті және танылу үстіндегі айнала қоршаған дүниеге қатынасы, таным процесіне қатынасы және танымдық іс әрекетке қатысушыларға -оқушыларға, оқып-үйрену сін ұйымдастырушы және бағыт беруші мұғалімдерге қатынасы, көзқарас болады. Мектеп қабырғасындағы оқытудың оқып-үйренудің ерекше миының өзі де осында. Әрі бұл оқып үйренудің әлеуметтік мақсатқа, оны мұғалімнің ұйымдастырумен бағыт беруіне тәуелділікте болатындығын және соған қарамастан өзінің субъективтік -тұлғалық негізін жоғалтпайтынын ұмытпауға тиіспіз. /4, 23/
Т. С. Сабыровтың пікірінше, танымдық іс-әректтің ерекшелігінің біріне оның оқу құрылымы жатады. Оның құрылымына да кез келген іс-әрекеттің құрылымына жататынын компоненттік енеді. Алайда бұл іс-әрекеттің мақсаттылық және бағдарламалық сиапты міндетті түрде біліммен, білікпен, дағдылармен қамтамасыз ететін жүйелікті, бір ізділікті талап етеді, әдіс-тәсілдермен, оның ұйымдастырумен шектеледі. Осы мағынада алынғанда танымдық іс-әрекеттің әрбір құрылымдық компоненті бүкіл оқыту процесінің құрылымына тәуелді болып шығады, осылармен шектеледі / 25, 98/.
М. А. Асылжанованың пікірінше, балалық шақта балалардың жас ерекшеліктері әрі алғашқы қабілеттіліктердің қалыптаса бастау факторлары да болып табылады. Төменгі сынып оқушысының танымдық іс-әрекеті жас ұрпақтың міндетті түрде меңгеруге тиісті, үнемі жетілдіріп отыратын іс-әрекеті болып табылады. / 26, 465/.
Жеке адамның белсенділігі педагогикалық проблема ретінде В. И. Лозоваяның докторлық диссертациясында зерттелінді. (Лозовая, 1990) . Автор жеке тұлғаның белсенділігін талдай және жүйелей келе жеке тұлғаның мәні мен осы ұғымының әрекет ұғымына қатынасын ашуды түрлі көзқарастың орнына алып отырағынын атап өтеді. Оларды қысқаша келтіре кетейік.
- Белсенділік тірі жүйелердің ерекше қасиеті ретіндегі жалпы категория болып қарастырылады. Әрекет әлеуметтік нысан үшін айрықша белсенділік ретінде көрініс табады.
- Белсенділік және әрекет ұғымдары теңестіріледі.
- Белсенділік әрекеттің сапалық сипаттамасы деген анықтама беріледі.
- Белсенділік дегеніміз жеке адамның сипаты, оның қасиеті.
Танымдық белсенділікті түсіндірудің түрлі нұсқаларына (оқуға
ұмтылушылық пен, ерік-жігер көрсетуімен сипатталатаны шәкірттің хал-жағдайы; білімді жігерлі түрде игеруге дайын болушылық пен
ұмтылушылық; ақыл-ой әрекеті; әрекет сапасы, т. б. ) талдау жасай келе, В. И. Лозовая олардың бәрі осы ұғымның елеулі жақтарын толықтырады
дегенге меңзейді. /25, 27/
Бұл көзқарастарды, - деп атап өтеді ол, жеке адамның білім алуды, қол жеткізген білімін тереңдетуді қоғамның рухани мәдениетін ұғынуды, өз қабілетін көрсетуді қажетсіну танымдық белсенділіктің қайнар көзі болып табылады.
Мектеп оқушыларының танымдық белсенділігін қалыптастыру мәселесіне педагогтердің, психологтердің, көптеген еңбектері арналған зерттеулерде танымдық белсенділік туралы әр түрлі пікірлер айтылған . Біреулері танымдық белсенділікті іс-әрекеттер ретінде қарастырса, екіншілері жеке тұлғаның ерекше қасиеті ретінде қарастырады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz