ХҮІІІ – ХІХ ғасырдың бірінші жартысындағы қазақ қоғамы


4-лекция. Тақырыбы: ХҮІІІ - ХІХ ғасырдың бірінші жартысындағы қазақ қоғамы.
Жоспар:
- ХҮІІІ - ХІХ ғасырдың бірінші жартысындағы экономикалық жағдай.
- Патша әкімшілігінің қазақ жайылымдарына қатысты саясаты. Тау-кен орындарының ашылуы және оларды игеру.
- Қазақ халқының құрамдық сипаттамасы. Қоғамның әлеуметтік топтарға жіктелуі. Сыртқы сауда мен сауда орталықтары.
Лекция мақсаты: ХVІІІ-ХІХ ғасырдың бірінші жартысындағы қазақ қоғамының шаруашылық қызметін бір мағынада бағалау мүмкін емес. Экономикалық кәсіптердің сипатын қатаң бір формуламен және белгілі бір типологиялық шеңбермен байланыстыруға болмайды. Онда елеулі өзгерістер болғанына қарамастан оның түрлері сан алуан болды. ХVІІІ- ХІХ ғасырдың бірінші жартысындағы экономиканың жай күйін сипаттайтын материалдар соның алдындағы дәуірлердің деректерімен салыстырған кезде шаруашылықтың дамуы көп жағынан физикалық факторларға да, саяси факторларға да тәуелді болғанын көрсетеді.
Лекция мәтіні: Қазақтар шаруашылығының даму сарыны айырбас саудаға негізделді. ХVІІІ ғасырдың орта шенінде қазақтардың оңтүстіктегі қысқы қыстаулардан солтүстік жаққа (Сарыарқа аумағына) ауысуына байланысты сауда Ресей шекарасына қайта бағдарланды.
Сонымен бірге аумақтық байланыстар баяу дамиды. Аумақтық байланыстар құрылымының ең айқын белгілері : қысқы тұрақты тұрғын үйлер мен шаруашылық құрылыстардың жаппай салынуы, жер пайдаланудың түрлі нысандарының дамуы, пішен шабу мен егіншіліктің таралуы, рыноктық орталықтармен жақындасу болып табылады. Жаңа құбылыстар экономикалық өмірде ХІХ ғасырдың ортасынан бастап орныға бастады. ХVІІІ ғасырдың бүкіл бойында және ХІХ ғасырдың бірінші жартысында қазақ қоғамы материалдық өндірісінің негізі бұрынғысынша көшпелі мал шаруашылығы болып қала береді.
Көшпелі тұрмыс салтының өкілдері бола отырып, қазақтар сонымен бірге егіншілік және қолөнершілік кәсіптерін тоқтатқан жоқ. Қалалар мен егіншілік жазиралар әлбетте, Қазақ хандығының экономикалық жүйесіне ХVІІІ ғасырдың басында енді. Қала айырбас пен қолөнер орталығы болды. Деректемелерге қарағанда, ХVІІІ ғасырдың басында қазақтардың көшпелі мал шаруашылығы егіншілікті және қалалы орталықтармен тығыз байланысты болған. Қазақ хандығын узақ уақыт тіршілік еткізген ең қуатты экономикалық әулетті қалыптастырған да, қолөнер мен керуен саудасының тұрақты дамуына жәрдемдескен де осы құбылыс болатын.
ХІХ ғасырдың бірінші жартысында қазақтар арасында егіншілік едәуір дамыды.
Қазақстанның оңтүстігінде де, солтүстік округтердің аумағында да егіншілік суармалы сипатта болды. Кіші жүздің оңтүстік аудандары қазақтардың арық арқылы суарылатын дәстүрлі егіншілігін А. И. Левшин мен Я. П. Гавердовский ХІХ ғасырдың басында ақ сипаттап берген.
Кейбір жерлерде қазақ егіншілері мен диқандары өте жоғары өнім жинаған, мәселен, Ш. Уәлихановтың айтуынша, «қазақ диқан еңбекқор және ыждағатты болған жағдайда, ол ыстыққа қарамастан, егіннің түсімі қырық есе деп сеніммен үміттенеді (қыруар өнім) ». Зерттеуші Броневский де өзінің бастаулары бойынша қазақ егіншілігі Орта Азиямен және Қашғариямен байланысты деп санаған, «Ташкенттіктердің ықпалында бола жүріп, қайсақтар олардан диқаншылықты, өздері үшін пайдалы және бейбіт кәсіпшілікті үйренбей тұра алмады».
Қазақтардың ХVІІІ-ХІХ ғасырларындағы шаруашылық қызметінің басқа нысандарынан, негізінен алғанда, бос уақытты өткізуге байланысты және кәсіби аң аулау ісімен, солтүстік аудандарда орыс казактарының ықпалымен пайда болған балық аулау мен аң аулауды, оңтүстіктегі Орта Азия халқымен өте тығыз қатынастардың нәтижесінде бақша өсіруді, сондай ақ қолөнерді атап өту керек. Сонымен бірге Қазақстанның оңтүстігінде қалалық орталықтар қолөнердің көптеген түрлерінде елеулі жетістікке жетіп, өндірістік қызмет саласы ретінде қалыптасты. Тоқымашылық, ұсталық іс, зергерлік өнер және қолөнердің басқа да көптеген түрлері ішкі рыноктың қажеттерін ғана қанағаттандырып қойған жоқ, сонымен қатар сыртқы сауданың кірісті саласына айналды.
Қоғамдық еңбек бөлінісі мен қазақ қоғамының әлеуметтік-экономикалық жіктелу барысы қоғамдық міндеттерді жүзеге асырудағы одан әрі мамандандыруды туғызды және соның салдары ретінде номадтардың әлеуметтік қатынастары құрылымында ерекше институттардың қалыптасу үрдісіне әкеп соқты. Бұл орайда қазақ қоғамының әлеуметтік экономикалық құрылымы мен әлеуметтік топтарға бөлінуі сәйкес келмеді, ал кейде бір біріне қайшы келіп отырды. Адамның әлеуметтік мәртебесі әс те барлық уақытта бірдей оның экономикалық әл ауқатымен анықталған емес, ал соңғысы, өз кезегінде, барлық уақытта бірдей оның биік мәртебесіне тәуелді бола бермейді. Қазақ қоғамның әлеуметтік бөлінуіне тән ерекшелік индивидтердің « ақсүйек » және « қарасүйек » дейтіндерге саралануы болды. Бірінші әлеуметтік топ оның әлеуметтік оқшаулығы және қоғамдық қатынастар құрылымындағы мәнінің зор болуы себепті сырттан ешкімді өткізбейтін индивидтердің мәртебесі жабық корпорациясы болды. Оған аристократиялық екі сословие - төрелер мен қожалар жатты.
Ақсүйектерден ақсүйектерден айырмашылығы «қара сүйектердің» сословиелік корпорациялық топтарының мәртебесі ашық болды, оған жеке қасиеттері мен мүліктік жағдайына қарай тез келген индивид қол жеткізе алатын. Оларға билер, тархандар, батырлар, ақсақалдар санаттары жатты. Алайда қазақ халқының еркін қауымдастар деп анықталатын көпшілік бөлігі сословиелік белгілері бойынша сараланған емес, қазақтардың үстем табынан оның айырмашылығы осы болатын.
Көшпелі қоғамның пұрсатты қаймағы, «ақ сүйектердің» негізі болған төрелердің (сұлтандардың) аристократиялық сословиесінен құралды. Ол Шыңғысхан ұрпақтары тармақтарының біріне жататын және жүздердің генеалогиялық құрылымына қарағана кірмейтін адамдар тобын біріктірді.
Қазақ төрелері (сұлтандарды) өз тегін, аймақ көшпелілердің дәстүрлі түсініктеріне қарағанда, Шыңғыс ұрпақтарының үлкен тармағынан Жошы ұрпақтарынан таратады, мұны кейінгі орта ғасырлар мен жаңа заманның генеалогиялық деректемелері, сондай ақ қазіргі шығыстанушылардың зерттеулері растап берді. Төрелердің атақты тегі қазақ социумының ішінде ғана емес, сонымен қатар Еуразияның көршілес жартылай көшпелі және отырықшылық егіншілік өңірлерінде, Башқұртстан аумағы мен Орта Азия хандықтарында мойындалды, олар ХVІІІ ғасырда солардағы хан тағына талай рет шақырылды.
Төрелер сословиесі қазақтардың әлеуметтік, саяси және әскери өмірінде зор рөл атқарды. Қазақтардың мемлекеттік құрылымындағы биліктің жоғарғы құрылымдары, яғни көшпелі қоғамның саяси жүйесіндегі орталық буын болған хандар солардың арасынан сайланды. Туу құқығы бойынша төре-сұлтандар сословиесіне жату индивидтің іс жүзінде үстем тапқа жататындығын білдірді және оның қоғамдық қатнастарды іс жүзінде үстем тапқа жататындығын білдірді және оның қоғамдық қатынастарды регламенттеу мен реттеуді жүзеге асырудағы басым құқығын алдын-ала анықтап берді.
Қазақтардың қоғамдық өміріндегі төрелердің пұрсаттылықтары көшпелі халықтың құқықтық дәстүрлері саласына ғана емес, сонымен қатар даланың жөн-жосық тәртібі саласына да таралды. Көптеген көзбен көргендердің, қазақ халқының дағдылы құқығы мен тұрмысын белгілердің айтуына қарағанда, сұлтандармен әңгімелескен кезде «қатардағы қазақтар» оларды есімімен атай алмады, оның орнына «тақсыр» деген сөзді қолдануға тиіс болды. Амандасқанда, қоштасқанда, алғыс айтқанда екі қолын кеудесіне немесе оң қолын оң тізесіне қойып, «Алдияр!» деуге тиіс еді.
Руаралық және жүзаралық дауларды шешуге қабілетті бар билер қарсы күресуші тараптардың ымыраға келуіне қол жеткізе отырып, әдетте көшпелілер арасында едәуір бедел алып, қазақ қоғамының әлеуметтік саяси өмірінде едәуір ықпалға ие болды. Мұның бәрі Қазыбек, Төле, Әйтеке, Есет және тағы басқалары сияқты құдыретті билердің жоғарғы билікке зор ықпал жасауына мүмкіндік берді; олардың көңіл күйімен, пікірлерімен және шешімдерімен тіпті ең беделді қазақ хандары (Тәуке, Әбілқайыр, Абылай) санасып отырды.
ХVІІІ-ХІХ ғасырдың бірінші жартысы кезеңінде қазақ қоғамында әскер басылары батырлардың әлеуметтік тобының маңызы мен саяси ықпалы зор болды.
«Батыр», «багадур», «баһадур» деген түрік монғол сөзі бастапқыда шайқас алдында жауды жекпе жекке шақыратын ержүректі білдірген. Осы транскрипциясында ол ХІV ғасырдың өзінде ақ орыс тіліне еніп, оңтүстік славяндардың кітаби тіліндегі «батыл», яғни «жаугер» деген неғұрлым ертедегі, автохондық терминді ығыстырып шығарған. Бұл терминнің «богатырь» деген орысша калькасымен қатар ХV ғасырдың аяғы ХVІ ғасырдың алғашқы үштен бірінде Мәскеу мемлекетінде жат жерлік ержүрек жауынгерлерді атау үшін енді түркі тілінің өзіндегі «батыр» термині қолданылған, мұны «Московия туралы жазбалардың» белгілі авторы, бұл атауды орыс адамдарынан алғаш рет есіткен австриялық дипломат Сигизмунд Герберштейннің (1485-1566) жекелеген ескерпелері растай алады.
Шыңғысхан заманынан бері «баһадүр» термині әскериленген түрік монғол ақсүйектерінің өкілдеріне талай рет атақ ретінде берілді.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz