Бейнелеу өнерінің түрлері


Пән: Өнер, музыка
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 10 бет
Таңдаулыға:   

Жоспар

І Кіріспе

ІІ Негізгі бөлім

2. 1 Бейнелеу өнерінің түрлері

2. 2 Графика

2. 3 Кескіндеме

ІІІ Қорытынды

Пайдаланған әдебиеттер

Бейнелеу өнерінің түрлері

Көркемдік қайсыбір эстетика мамандары айтқандай, дүниетану талпынысының долбарлы бастапқы сатысы емес. Немесе оны - жай бір жалпылама ұғымды бейнелі суретке қарамай көшіре салу әрекеті деп бағалауға болмайды. Көркем өнер ойшылдық өрісінің баянды бір көрінісі. Қазіргі кезде халықтың өнерге деген ынта-ықыласы анағұрлым артты. Халық шығармашылығын жаңғыртып одан әрі дамыту бүгінгі күннің көкей тесті мәселесі болып табылады. Эстетикалық тәрбие беру процесінде мемлекеттің даму жолындағы замандастардың еңбегінің әсемдігін көрсету маңызды орын алады. Осыған орай елбасымыздың халыққа жолдаған жолдауында білім, мәдениет, өнер саласына баса назар аударылған.

Әлем көркін бейнелеу жемісінде әр кезеңнің қайталанбас келбеті қашанда өз дәуірінің өзекті ағындарымен, негізгі даму бағдарларымен мейлінше тығыз байланыста ашылған. Ағарту дәуірі табиғатқа құштарлық қатынасын жаңа қырынан дамытып, қайтадан жасандырып дүние заңдылықтарына сай өмір сүретін «Жаратылыс адамы» теориясын қалыптастырды.

Қоғам өмірінің келесі, кезек оқиғаларымен сабақтас пейзаж өнерінің даму белсенділерін қарастырғанда, оларды қашанда жалпы азаматтық ортақ мәдениет өрісінде алатын орны тұрғысынан ғана саралап бағалай білген жөн. Бұл арада тек табиғатты рухани игерудің өзіндік ерекшелік үлгілерін ескере отыру керек - ақ.

Көркемдік және ғылыми таным көрінісінің шынайы бауырластығын теориялық, логикалық түр-тұрпаттардың өзі мейлінше бейнелі жарастық тауып, сезім әсерімен байыған, шабыттанған ғылыми ізденістер тәжірибесінен аңғаруға болады. Ал мұндай бірлестікте әдетте «сезім» теориялық сипат алады. Суреткер көз қарасын аңдау, аңғару әрекеті, ұғым ойы жанданып, рухтанып, көркем ойға айналып кетеді.

Көркемөнер табиғат мәнімен шұғылданғанда ол өз тұрғысынан емес «адамзат мәні» тұрғысынан қарастырады, яғни нақты «шынайы мәнін» сипатын айқындайды. Бұл жаратылыс құбылыстың өз болмысынан бүлінбей, жіктелмей, мейлінше тұтас мүсінделетін сапалық мағыналы бейнесі. Суреткер табиғи тіршілік пішінінің нақтылығы, мазмұны, сыртқы әлпетінің сезіне білу құдіретіне еркінірек бойлап тұңғиық сырларына бірте бірте жақындай береді. Әр құбылыс өзінің мәнісімен табыса бастаған тұста ғана ол көркемдік таным тақырыбына айналады.

Графика

Графика - (гр. graphein, тырнау, жазу, салу дегеннен)

Жазуда қолданылатын таңбалардың (әріп және тыныс белгілерінін) жиынтығы.

Жазу танбалары жүйесі мен тілдін фонетикалық жүйесінің ара қатынасын, байланысын білдіреді.

Тырнайтын, жазатын, грифель құралының көмегімен салынатын өнер түрі.

Графика сөзі грек тілінен «графо» - жазу деп аударылады. Графиканы анықтаушысы - сурет, мәнерлі тәсіл болып сызьқ, түс пен көлеңке үйлесімі, ақ пен қара дақтардың қарым-қатынасы, контраст дәрежесі немесе олардың қарама-қарсы қойылуында қарым-қатынасы қызмет етеді. Графикаға жататындар: сурет (қаламсап, перо, көмір, сангина, кағазға кистьпен, металды тырнау, таста орындау), біртүсті және әртүсті эстамп (ағашқа, металға, цинкте, тас, линолиумге гравюра) . Графика станкілі (өзіндік шығарма), штамп иллюстрациясы және кітапты хаттау, газет және журналдық сурет және қолданбалы (этикеткалар, пошта маркалары, шрифт) . Плакат анағұрлым үгіттеу -шақырушы күшке ие.

Графика өнері каллиграфиямен, жазбамен тығыз байланысты деп табылады. 19 ғ. дейін графика мен сурет түсініктері қатаң ажыратылып қаралды. Графика деп тек баспа техникасымен салынатындарды атаса, суретке - қолмен салынатын жұмыстарды:нобайды, нұсқа, т. б. жатқызады.

Графика - бейнелеу өнерінің бір жанры. Кескіндеме жанрында түс пен бояу негізгі рөл атқарса, графикада (гр. graphein гр. grapho- жазамын) сызықтар, штрихтар, ашық және қара (қоңыр) дақтардың арақатынасы шешуші рөл атқарады, сондай-ақ заттардың ең негізгі белгілері таңдап алынады. Графикаға гравюраның барлық түрлері (литография, линогравюра,

ксилография), плакаттық, сатиралық сурет түрлері жатады.

Бейне қарындашпен, көмірмен, бормен, қаламұшпен тікелей қағазға түсіріледі немесе арнайы өңделген тақталарға (гравюра) немесе тасқа (литография) бедерленіп, қағазға содан басылады, кейде баспалық-механикалық әдіс арқылы көбейтіледі. Бейнелеу құралдарының қарапайымдылығымен әрі көп таралыммен басып шығаруға ыңғайлылығымен графика бұқаралық байланыс, ақпарат саласында (плакаттар, пошта маркалары, экслибристер, газет-журналдар), кітаптарды, әдеби шығармаларды безендіру үшін, әр түрлі тақырыпқа карикатура, шарж, жалпы нобай, композициялық эскиздер салу үшін, т. б. заттарды көркемдеуде кеңінен қолданылады. Графикада кескіндеме жанрындағыдай акварель, гуашь, пастель пайдаланылады. Графиканың көп ғасырлық тарихы бар. Батыс Еуропаның Леонардо да Винчи, Микеланджело, Рембрандт, орыс халқының Орест Кипренский, Карл Брюллов, Василий Перов, Илья Репин сынды суретшілері өздерінің графикалық туындылары арқылы әлемдік бейнелеу өнері қорын байытты. Қазақстандағы графикалық суреттердің ежелгі (палеолит дәуірі) үлгілеріне Балқаш, Түркістан, Маңғыстау, т. б. жерлерде жартастарға салынған суреттер жатады. Қазіргі заманғы қазақ бейнелеу өнеріндегі графика 1930 - 50 жылдары аралығында қалыптасты.

Инженерлік графика

Инженерлік графика - инженер тәжірибесі графикалық жұмыстарын орындау үшін қажетті ғылыми пәндердің кешені.

Машиналық графика

Машиналық графика - есептеу техникасының құралдарымен мәтіндердің, суреттердін, сызбалардың бейнелерін енгізіп,

Кескіндеме

Кескіндеме, живопись - бейнелеу өнерінің бір саласы, белгілі бір заттың бетіне (кенеп, ағаш, қағаз, т. б. ) бояу арқылы салынатын көркем шығармалар атауы. Кескіндеме заттың сыр-сипатын, нәрсе мен кеңістіктің қарым-қатынасын, сәуле мен көлеңкенің құлпырымын үндестіре бейнелейтін көркемдік және танымдық қуатымен ерекшеленеді. Ол көрерменнің сезіміне, ойына әсер ету арқылы эстет. ләззат береді. Кескіндеме туындылары жеке бір тұлғаны, дара көріністі бейнелеп қана қоймай, күрделі сюжетке, оқиғаларға құрылған шытырман соқтығыстарды да бейнелеп, олардың мәнін ашады. Кескіндеме - тақырып аясы кең, көп жанрлы (тұрмыс-салт көріністері, соғыс жанры, хайуанаттар тақырыбы, т. б. ) өнер саласы. Арналуына, орындалу сипатына, бейнелеріне қарай кескіндеме бірнеше топқа бөлінеді. Олар: 1) монументті-сәндік кескіндеме (қабырға бетіне, үйдің ішкі төбесіне (плафондар), қабырғасына (панно) салынатын суреттер) ; 2) қондырғылы кескіндеме - суреттер, яғни картиналар; 3) сәндік суреттер (театр, кино көріністерін, ондағы киім үлгілерін әсемдейтін суреттер, икона салу, миниатюра, т. б. ) . Диорама, панорама да кескіндеме түрлеріне жатады. Суреттің өңін келтіретін бояулардың түрлері мен оны салу әдістеріне қарай да К. туындылары жіктеледі. Мыс., майлы бояулы кескіндеме, фреска (кеппеген сылаққа сулы бояумен салынады), асекко (кепкен сылаққа сулы бояумен салынады), темпера, желімді бояумен, балауызбен, сырлы бояумен салынатын суреттер. Кескіндеменің керамикалық бояумен (тез балқитын әйнек-сырды күйдіріп жапсыратын), силикаттық бояумен (еритін әйнек) салынатын, т. б. түрлері бар. Мозаика мен витраж да кескіндемемен ұштасып жатады. Кескіндеме туындыларын жасауда акварель, гуашь, пастель, тушь та молынан қолданылады. Кескіндемелік шығармалар ұзыншалай жатығынан бейнелеу, көлем-кеңістігін келтіре бейнелеу болып шартты түрде екі топқа бөлінеді. Кескіндеме шығармалары негізге (кенепке,

ағашқа, қағазға, мұқабаға, тасқа, шыныға, әйнекке, металға, т. б. заттарға) салынады. Әдетте олардың беттері жақпа қабатпен сыланып, оның үстіне сырлы қабат түсіріледі. Кескіндеме нің баурау, еліктіру мүмкіншілігі жұмсалатын бояуға, оны қолдану тәсілдеріне, пайдаланған құралына (қыл қалам, мастихин), бояу еріткіштеріне, сурет салынатын заттың беті қаншалық бұдырлы немесе тегістігіне, оның бояуды қаншалық сіңіретіндігіне, т. б. байланысты. Қатты заттың бетіне салынған сурет пен жұмсақ заттың, жылтыр немесе бұдырлы заттың бетіне салынған суреттер өздеріне лайықты бояу реңдерін тілейді. Суреттің салыну стиліне қарай, оны қоятын жақтаудың түрі мен формасы да сәйкестендіріледі. Картиналар, көбіне, төртбұрышты болады, ал кейде дөңгелек пішінге де келтіріледі.

Бейнелеу енерінің бір түрі. Кескіндеме - бір жазыктық бетіне (кенеп, ағаш, үй қабырғасының беті) жағылған әр түрлі бояу қабаттарының көмегімен жасалатын өнер шығармасы. Кескіндеме сөзінің өзі орыс лексиконына 18ғ. енген. (живопись-жанды немесе тірі жазу, өмірдегідей жазу, көріністерді өміршең көрсете білу) . Кескіндеме негізінен бейнелеу енері ретінде табиғатты, адамды, хайуанаттар әлемін, адамның жеке өмірі мен қоғамдағы оқиғаларды, адам қиялымен туған тарихи және мифологиялык образдарды орындайды. Өнердің кеңістікті түрінен ерекше кескіндеме өмір көру тәсілі, көлеңке, сызьқ, шынайы кеңістікті өлшемді жазьқтық бетіне орналастыру арқылы іске асырылады. Сызық, түс, түсті-көлеңкемен әрекет жасау арқылы кескіндемені кұбылысты барлық байлығымен көрсете алады. Кескіндеме екіге бөлінеді - монументальды және станкілі.

Монументаьды кескіндеме - шығу тегі ежелгіден. Оның түрлері - мозаика, фреска, темпера техникасы. Станкілі кескіндеме-(станкілі - мольбертте орындалады), ешқандай көркемдік ансамбльге тәуелді емес, оның өзіндік мәні бар.

Кескіндемеде мәнерлеу тәсілдері шеңбері кең, солардың ішінде негізгілері - композиция, сурет және түс (колорит) . Кескіндеменің негізгі техникалық түрлері - майлы бояу (байланыстыратын заттармен майындағы бояу), темпера (табиғи және жасанды эмульсия), клешэ кескіндеме, балауызды (воск) кескіндеме, фреска (сулы бояулармен бояу - штукатурка) және кебу (асекко), керамикалық, силикатты, синтетикалық бояулармен - эмаль, мозаика, витраж, акварель, гуашь, пастель, тушь кескіндемелі және графикалық шығармаларға қолданылады.

К-нің ежелгі үлгілері палеолит дәуіріне (б. з. б. 40 - 8-мыңжылдық) саяды (мыс., Оңт. Франциядағы Фон-де-Гэм, Солт. Испаниядағы Альтамир үңгірлерінде жартастың бетіне салынған суреттер) . Ежелгі дәуір К-сінде жерден шығатын сары, қызыл, қошқыл бояулармен қатар минералдық көк, жасыл бояулар да қолданылған. Ежелгі Шығыс елдері мен Америкада күрделі Кескіндеме өнері (құлпытастарды, үйлерді өрнектеу) өркендеді. Көне дүние К-сі архитектура мен мүсінді өзара үндестіре қолданды. Бояу реңдері барған сайын ажарланып, мифол. сюжеттермен қатар тұрмыс-салт тақырыптары, тарихи оқиғалар, табиғат көркі бейнеленді, портрет, натюрморттар жасалды. Ғибадатханаларды, үйлерді, қабырғаларды, ұстындарды әшекейлеуге қолданылған монументті-сәндік кескіндеме (Помпей, Геркуланум, Пестум, Қазанлық қ-ларында, Қара т-дің солт. жағалауында сақталған) архит. кеңістігі мен формасы жағынан бірте-бірте өзгеріп отырған. Ежелгі дәуір фрескаларының беті жылтыр (мәрмәр ұнтағын араластырған) болып келеді. Ежелгі Грекияда қондырғылы К. (тақтаға кейде кенепке салынған) пайда болды.

Орта ғасырлардағы Бат. Еуропа, Византия, Русь, Кавказ, Балқан кескіндеме сінде рухани, асқақтыққа құрылған діни тақуалық тақырыптар көбірек кездеседі. Бұл дәуірдің кескіндемесі белгілі бір тақырыптың (діни тақырыптар) төңірегінде болғанымен, онда ұлттық діл мен нақты тұрмыс көріністері де бейнеленді (мыс., Русьте Феофан Гректің, Андрей Рублевтің иконалары мен фрескаларында) . Ол кезде кескіндеме нің негізгі түрі фреска (құрғақ, кейде ылғал сылақтың бұдырлы бетіне салынатын кескіндеме) болды. Иконалар мен миниатюралар салуда бейнелеу, құрастыру, бояу, т. б. әдістердің қатаң тәртібі сақталған. Қол өнеріне тән мұқияттылықпен жасалған иконалар, қабырға бетіндегі оймыш-әшекейлер, мозайкалар мен витраждар шіркеу сәулетінің біртұтас ансамблін құрады. Б. з. 1-мыңжылдығында Алдыңғы және Орт. Азия елдерінде (Үндістан, Қытай, Цейлон) монументтік К. дамыды. Месопотамия, Иран, Үндістан, Орт. Азия мен Әзербайжан, Түркияда сәндік миниатюра өнері өркендеді. Адам мен табиғаттың келбет, көріністерін соншалық нәзік те терең суреттейтін ашық реңді, қанық бояулы Қиыр Шығыс К-сі (Қытай, Корея, Жапония) дамыды.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Бейнелеу өнерінің теориялық негіздері
«Бастауыш мектептегі бейнелеу өнерін еңбекке баулуды оқытудың әдістемесінің тарихы »- пәні бойынша дәрістер
Мектеп оқушыларын бейнелеу өнеріне баулудың педагогикалық негізі
Табиғат көріністерін бейнелеуге оқушыларды үйретудің тиімді әдістері
Бейнелеу өнері туралы мәліметтер
НАТЮРМОРТ, ПЕЙЗАЖ ЖӘНЕ ОНЫҢ БЕЙНЕЛЕУ МҮМКІНШІЛІКТЕРІ
Әртүрлі жас топтарында сурет салуға үйрету
Бейнелеу өнері техникасы
Бейнелеу өнерінің пейзаж жанрының жасалу барысы
Бейнелеу өнерінің теориясы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz