«Ақ» – «Қара» концепті: оппозициясы мен қызметі


Єл-Фараби атындаѓы Ќазаќ ±лттыќ университеті
ЄОЖ 811. 512. 122’37 Ќолжазба ќ±ќыѓында
ЖАМПЕЙСОВА ЖАННА МУРАТБЕКОВНА
«Ақ» - «Қара» концепті: оппозициясы мен қызметі
10. 02. 02 - ќазаќ тілі
Филология ѓылымдарыныњ кандидаты ѓылыми дєрежесін алу ‰шін дайындалѓан диссертация
Ѓылыми жетекші
филология ѓылымдарыныњ
докторы, профессор А. Б. Салқынбай
Ќазаќстан Республикасы
Алматы 2007
мазмұны
Кіріспе . . . 3
1 «Ақ» - «қара» концептілерінің оппозициясы
1. 1 Тілдік әлем бейнесі, әлемнің тілдік концептуалдануы . . . 7
1. 2 Қарама-қарсылық ұғымының әр түрлі ғылым
салаларында тоғысуы . . . 16
1. 3 «Аќ» - «Қара» антонимдік бірліктерініњ оппозиция
әдісі негізінде жіктелуі . . . 23
1. 4 «Аќ» - «Қара» лексикалық бірліктерініњ оппозициясы . . . 34
1. 4. 1 «Ақ» - «Қара» тілдік бірліктеріндегі «адам»,
«қоғам» концептілері . . . 37
1. 4. 2 «Ақ» - «Қара» тілдік бірліктеріндегі «табиғат» концепті . . . 55
1. 4. 3 «Ақ» - «Қара» тілдік бірліктеріндегі «уақыт»
пен «кеңістік» концептілері . . . 59
2 «Ақ» - «қара» тілдік бірліктерінің
қолданылуы мен қызметі
2. 1 «Ақ» - «Қара» тілдік бірліктерінің қолданылу ерекшеліктері . . . 66
2. 2 «Ақ» - «Қара» концептілерінің соматикалық фразеологизмдер
құрамындағы қызметі . . . 77
2. 3 «Ақ» - «Қара» концептілерінің кумулятивтік қызметі . . . 83
2. 4 «Ақ» - «Қара» тілдік бірліктерінің ассоциативтік құрылымы . . . 94
2. 5 «Ақ» - «Қара» сөздерінің қатысуымен жасалған
тілдік бірліктердің пропозициялық-танымдық құрылымы . . . 107
Ќорытынды . . . 122
Пайдаланылѓан єдебиеттер тізімі . . . 125
КІРІСПЕ
Тіл білімі дамуының қазіргі кезеңінде антропоцентристік аспектіге, яғни тіл жүйесінде адамның бейнеленуіне көп көңіл бөлініп отыр. Тіл - адам ойының, іс-әрекетінің, көп жылдық тәжірибесінің жемісі. Тәжірибе болмаса, тіл де болмайды. Әлемдегі тілдердің бәрі - адамзат тәжірибесінің құрылымдық жағынан ұйымдастырылған жіктелісі. Ал тіл арқылы қарым-қатынас жасау әрекетінің мазмұны тәжірибеге негізделеді. Соңғы уақытта зерттеу бағыттарының жаңа мазмұн алуы тілді адам санасында әлем туралы түсінік құрушы, ақиқат әлем туралы таным мен білім жиынтығы, сана қызметінің нәтижесі ретінде тіл мен сананы тұтастықта қарайтын когнитивтік көзқарастың пайда болуына әкелді.
Адам өзін қоршаған әлемді тани отырып, заттар мен құбылыстарға атау береді. Осылайша, сөз тіл иесінің мәдени және адамгершілік құндылықтары тоғысатын нысанға айналады. Соның нәтижесінде кез келген тіл белгілі бір ұлттың менталитетін бейнелейді, тілде сол халықтың мыңдаған жылдар бойы жинақталған тәжірибесі негізінде қалыптасқан аялық білімі болады. Әлемдегі зат пен құбылысқа атау бере отырып, әрбір ұлт өкілі оларды ұлттық ойдың нысанына айналдырады. Осыған байланысты сөздің лексикалық мағынасын зерттеу барысында оған дәстүрлік таным, мәдени норма мен салт-дәстүрді сақтаушы, жеткізуші ретінде қарау орынды. Осы бағытта «ақ» - «қара» тілдік бірліктерін әлем негізін құрайтын қарама-қарсы концептілердің иерархиясы ретінде қарастырамыз. Әлем қарама-қарсылықтардың күресі мен бірлігінен тұрады. Қарама-қарсылықтың бірлігі мен күресі - дамудың негізгі өзегі. Олар даму құбылысының ішкі қайнар көздерін ашады, ескінің жойылып, жаңаның пайда болу себептерін анықтайды. Даму ішкі қайшылықтар мен қарама-қарсылықтар күресіне негізделеді. Ал қарама-қарсылықтар тілде антонимдер арқылы көріністенеді. Сондықтан ұлттың рухани айнасы іспетті «ақ» - «қара» мәдени концептілерінің оппозициясы мен қызметін танымдық тұрғыдан қарастыру жұмыстың негізгі өзегі болып есептеледі.
Жұмысымызда, ең алдымен, зерттеуге негіз болатын теориялық білімді айқындап алу мақсатында когнитивтік тіл білімінің жаңа бағыт ретінде қалыптасудағы ерекшеліктері мен негізгі ұғымдарына талдау жасалып, қарама-қарсылықтың философия, логика, психолингвистика, тіл білімі салаларында көріністенуі сөз етілді. Ұлттың ойлау жүйесі мен әлемге қарым-қатынасы үлгілері жинақталған «ақ» - «қара» концептілерінің оппозициясы анықталып, олар «адам», «қоғам», «табиғат», «уақыт» және «кеңістік» макроконцептілеріне топтастырылды, концептуалдық талдау жасалды. Екінші тарауда «ақ» - «қара» тілдік бірліктерінің қолданылу ерекшеліктері, кумулятивтік қызметі мен ассоциативтік, пропозициялық-танымдық құрылымы зерделенді.
Зерттеу ж±мысыныњ µзектілігі. «Ақ» - «қара» тілдік бірліктері түр-түстер құрамында әр түрлі аспектіде зерттеліп келеді. Қазақ тілінде түр-түс атауларының зерттелуінде Ә. Қайдаров, З. Ахтамбердиева, Б. Өмірбековтер авторлығымен жарық көрген еңбектер тілге тиек етіледі [1] . Түр-түстерді Ш. К. Жарқынбекова [2], Н. Н. Аитовалар [3] когнитивтік аспектіде қарастырған. Ұ. Б. Серікбаева «ақ» - «қара» тілдік бірліктерін арнайы зерттеу нысаны ретінде бөліп қарастырады [4] . Еңбек этнолингвистикалық аспектіде жазылған. Алайда «ақ» - «қара» концептілері оппозиция негізінде танымдық тұрғыдан арнайы зерттелмеген. «Ақ» - «қара» тілдік бірліктері арқылы көріністенген дамудың негізін құрайтын оппозициялық концептілерді анықтау, олардың тілдегі қызметін ашып көрсету арнайы зерттеуді қажет етеді. Себебі «ақ» - «қара» тілдік бірліктері әлемнің, халық өмірінің кез келген саласында көріністенген, ұлт тарихынан, дүниетанымынан, салт-дәстүрінен ақпарат беретін, дамудың негізін құрайтын оппозициялық концептілерді құрайды. Аталған мәселелердің когнитивтік аспектіде тұңғыш рет арнайы зерттелуі ж±мыстың өзектілігін танытады.
Зерттеудіњ нысаны. «Ақ» - «қара» тілдік бірліктері негізінде құрылған концептілер.
Зерттеудіњ пєні. «Ақ» - «қара» концептілерінің әлем бейнесін құрудағы оппозициясы мен қызметі.
Ж±мыстыњ маќсаты мен міндеттері: Зерттеу ж±мысыныњ маќсаты - «ақ» - «қара» тілдік бірліктерінде жалпыланған білімнің когнитивтік сипатын оппозиция негізінде түсіндіру, концептуалдық мазмұнын айқындау, олардың тілдегі қызметін саралау. Б±л маќсат негізінде тµмендегідей міндеттер шыѓады:
- «ақ» - «қара» тілдік бірліктері арқылы көріністенген оппозициялық концептілерді анықтау;
- анықталған концептілерді «адам», «қоғам», табиғат», «уақыт» және «кеңістік» макроконцептілеріне топтастыру;
- «ақ» - «қара» тілдік бірліктерінің «адам» концептіне қатысты қолданылу ерекшеліктерін ашып көрсету;
- «ақ» - «қара» концептілерінің соматикалық фразеологизмдер құрамындағы қызметі мен кумулятивтік қызметін айқындау;
- «ақ» - «қара» тілдік бірліктерінің ассоциативтік, пропозициялық-танымдық құрылымын саралау.
Зерттеудіњ ѓылыми жањалыѓы: Зерттеу ж±мысыныњ нєтижесінде мынадай мєселелер ѓылыми жањалыќ ретінде шешімін тапты:
- «ақ» - «қара» тілдік бірліктері алғаш рет оппозиция негізінде когнитивтік аспектіде қарастырылды;
- аталған тілдік бірліктердің макроконцептілері анықталып, оппозициялық концептілер соның негізінде топтастырылды;
- «ақ» - «қара» тілдік бірліктеріндегі «адам» концептінің өзіндік ерекшеліктері семалық талдау арқылы, жекелік, мінез-құлықтық, ақыл-ойлық, тұрақтылық семалары негізінде анықталды;
- «ақ» - «қара» тілдік бірліктерінің кумулятивтік қызметі айқындалды;
- зерттеуде «ақ» - «қара» тілдік бірліктерінің когнитивтік семантикасын анықтаудың өзіндік түрлі тәсілдері пайдаланылды.
Зерттеу ж±мысыныњ дереккµздері: Ж±мыстыњ тілдік деректері «Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі» (1-10 т., 1974-1986), І. Кеңесбаевтың «Қазақ тілінің фразеологиялық сөздігі» (1977), Ж. Мусиннің «Қазақ тілінің антонимдер сөздігі» (1984), А. Жұмабекованың «Қазақ тілінің антонимдер сөздігі» (2000), Ф. Р. Ахметжанова мен Қ. Т. Қайырбаеваның «Түр-түске байланысты тұрақты сөз тіркестері» (2000) атты еңбегі негізінде жиналды. Сондай-ақ, ќазаќ тіліндегі кµркем єдебиет туындылары мен баспасµз беттерінен мысалдар алынды.
Ж±мыстыњ теориялыќ жєне практикалыќ мањыздылыѓы: Зерттеудің нәтижелері мен пайымдаулары қазақ тіл біліміндегі когнитивтік зерттеудің ғылыми-теориялық негіздерін нақтылай түсуге, мәселелерін айқындауға өз деңгейіне сәйкес үлесін қосады. Зерттеу нәтижелерін этнос тарихын, этникалық дүниетанымды тіл арқылы тануға арналған дәрістерде, жоғары оқу орындарында «Қазақ тілінің семантикасы», «Көркем мәтінді лингвистикалық талдау» пәндерін, когнитивтік лингвистика мәселелеріне арналған арнаулы курстарды жүргізуде, зерттеу барысында талдау жасалған тілдік деректерді әр түрлі сөздіктер құрастыруда пайдалануға болады.
Ќорѓауѓа ±сынылатын т±жырымдар:
- «ақ» - «қара» тілдік бірліктері өзінің когнитивтік семантикасына сәйкес әлемнің ұлттық тілдік бейнесін көрсетуде айрықша мазмұнға ие;
- жұптық оппозициялы «ақ» - «қара» концептілері - әлемді танып-білудегі танымдық іс-әрекеттің нәтижесі;
- бейненің ұлттық мәдениет ықпалымен түзілген ұлттық дүниетанымынан ақпарат беретін «ақ» - «қара» тілдік бірліктерінің концептуалдану процесі белгілі бір ұлттық-мәдени ұжымда қабылданған, құндылықтар жүйесінде ұлт өкілдеріне ортақ және мәні бар бейнелер негізінде жүзеге асады;
- «ақ» - «қара» тілдік бірліктеріндегі «адам» концепті жекелік, мінез-құлықтық, ақыл-ойлық, тұрақтылық семалары негізінде анықталады;
- «ақ» - «қара» тілдік бірліктері соматикалық фразеологизмдер құрамында кеңінен кездесіп, олардың мағыналық құрылымына үлкен әсерін тигізеді. Соның негізінде олардың бағалауыштық-бағдарлық: жағымды-жағымсыз, жастық-жыныстық, әлеуметтік мағыналары айқындалады;
- мәдени концептіге жататын «ақ» - «қара» тілдік бірліктерінің кумулятивтік қызметі зор. Олар халықтың сан ғасырлар бойы жинақтаған тәжірибесі негізінде қалыптасқан аялық білімді өз бойына жиып, сақтап, оны келешек ұрпаққа асыл мұра ретінде түгел жеткізіп отыратын қасиетке ие;
- ассоциативтік эксперимент жүргізу, ассоциативтік өрісті талдау мәдени концептілердің психологиялық мағынасын, семантикалық сипатын, коммуникативтік әлеуеттілігін анықтайды;
- «ақ» - «қара» сөздері қатысқан тілдік бірліктердің пропозициялық-танымдық құрылымын жасау сөйлем ішінде берілген аталмыш лексикалық бірліктердің ашық (эксплицитті) және жасырын (имплицитті) мағыналары, тұтас сөйлемнің прессупозициясы, пропозициялық қатынастары мен таным үлгісінің санада құрылуын көрсетеді.
Зерттеу ж±мысыныњ єдістері: Зерттеу барысында диахронды-синхронды тұрғыдан сипаттама, семантикалыќ, этнолингвистикалық, когнитивтік талдау, ж‰йелеу, топтастыру, статистикалық, психолингвистиканың ассоциативтік эксперимент єдістері ќолданылды.
Жұмыстың әдістанымдық негізі. «Ақ» - «қара» концептілерінің оппозициясы мен қызметін зерттеу барысында қазақ тіл біліміндегі Ә. Қайдар, М. Оразов, Ж. Мусин, Б. Сағындықұлы, Ж. Манкеева, Г. Смағұлова, Б. Қалиев, С. Сәтенова, А. Салқынбай, Қ. Жаманбаева, Ш. Жарқынбекова т. б., сондай-ақ өзге тілдерге қатысты М. Минский, В. Маслова, Е. Кубрякова, Д. Лихачев, Л. Новиков, М. Миллер т. б. сияқты ѓалымдар ењбектеріндегі теориялыќ т±жырымдар басшылыќќа алынды.
Ж±мыстыњ жариялануы мен маќ±лдануы: Зерттеу ж±мысыныњ нәтижелері мен қорытындылары негізінде Абылай хан атындаѓы Ќазаќ халыќаралыќ ќатынастар жєне єлем тілдері университеті ±йымдастырѓан белгілі ќазаќстандыќ ѓалым М. М. Копыленконыњ 85 жылдыѓына арналѓан «Тіл єлемі. Мир языка. The world of Language» атты халыќаралыќ ѓылыми-тєжірибелік конференцияда (2005 ж. ) ; А. Байт±рсынов атындаѓы Тіл білімі институты ±йымдастырѓан «Академик Ш. Ш. Сарыбаев жєне ќазаќ тіл білімі мєселелері» атты халыќаралыќ ѓылыми-теориялыќ конференцияда (2005 ж. ) ; Қазақ Мемлекеттік Қыздар педагогика институты ұйымдастырған Қазақстан Республикасы тәуелсіздігінің 15 жылдығына және филол. ғ. д., профессор, белгілі түрколог Ә. Құрышжанұлының 75 жылдық мерейтойына арналған «Бүгінгі түркітану және оның даму бағыттары» атты халыќаралыќ ѓылыми-практикалыќ конференцияда (2006 ж. ) баяндамалар оќылып, маќалалар жарияланды. Республикалыќ ѓылыми басылымдар мен ѓылыми жинаќтарда зерттеу ж±мысы бойынша 8 маќала жарыќ кµрді.
Ж±мыстыњ ќ±рылымы: Ж±мыс кіріспеден, екі бµлімнен, ќорытындыдан жєне пайдаланылѓан єдебиеттер тізімінен т±рады.
1 «АҚ» - «ҚАРА» КОНЦЕПТІЛЕРІНІҢ ОППОЗИЦИЯСЫ
1. 1 Тілдік әлем бейнесі, әлемнің тілдік концептуалдануы
Өркениет - тарих жемісі. Өркениет арқылы қазіргі халықтар жақындастырылғанмен, мәдениет арқылы ерекшеленеді. Әр ұлттың өз мәдениеті, тарихы, салт-дәстүрі, дүниетанымы, өзіндік құндылықтары бар. Адамзат үшін табиғат, қоршаған орта - бәрі ортақ болғанымен, әр халық түрлі жерде, түрлі тұрмыста өмір кешеді. Кез келген ұлт өкілі бір сөзді айтып тұрса да, оның санасында ол түрліше танымдық құрылымға ие болуы мүмкін. Барлық ұлттар үшін ортақ ерекше құрылым элементтерін әр ұлт түрлі түсінетіндігіне қарамастан, өзіндік ұлттық бейнесі мен әлем бейнесін құрады. Сондықтан тіл білімінде тіл, мәдениет және әлем арасындағы қарым-қатынасты, олардың бір-біріне әсерін зерттейтін жаңа бағыт когнитивтік тіл білімі ерекше орынға ие.
Қазір қай ғылым саласын алсақ та, оны жеке өзін ғана емес, жүйелі түрде басқа ғылым салаларымен байланыстыра қарау белсенді орын алуда. Тіл білімін философиямен, психологиямен, мәдениеттанумен, әлеуметтанумен байланыстыра қарау когнитивтік тіл білімін дүниеге әкелді. Когнитивтік тіл білімінің бастауы тереңде жатыр. Оны В. фон Гумбольдттың «салыстырмалы антропологияны» жасау идеясынан көруге болады. Ол салыстырмалы антропологияны әр түрлі мәдени топтардың рухани ұйымдастырылу ерекшелігін айқындау мақсатында қатар қоя отырып зерттеу деп түсінді. Басқаша айтқанда, салыстырмалы антропология адам қалай ойлайды, қалай сезінеді, эмоциялық тұрғыдан қалай қабылдайды, әр түрлі мәдениетте бұл қалай жүреді деген сияқты мәселелерді қамтиды. Соған байланысты «адамзат рухының» тілдегі, әдет-ғұрыптағы, дәстүрдегі, мифтегі көрінісін зерттеу, яғни қабылдау, тану, ойлау мен адамның әлемге эмоционалдық қатынасын талдау оның өзекті мәселелеріне жатады. Тіл «халық рухының әрекеті» тұрғысынан салыстырмалы антропологияда әлемді ұлттық тұрғыдан реттеу құралы ретінде қарастырылды. Себебі әрбір тілде «халықтың өзіндік мінезі бейнеленетін жеке бейнелер» өмір сүреді [5, 85 б. ] . Соған сәйкес әр ұлт әлем бейнесін өз түсінігіне сай әр түрлі қабылдайтындықтан, тек сол халық дүниетанымына, менталитетіне ғана тән тілдік бірліктер қалыптасады.
Тілді когнитивтік тұрғыдан зерттеу әлемдік тіл білімінде үлкен бағытқа айналды. Тіл арқылы көрініс тапқан санадағы дүниелер бейнесін анықтайтын когнитивтік талдаудың негізгі әдіс-тәсілдері мен теориясы Н. Хомский, Дж. Лакофф, М. Минский, Г. Филлмор, Э. Кассирер, Ю. Д. Апресян, В. А. Маслова, Е. С. Кубрякова, Р. И. Павиленис, Ю. Н. Караулов, Д. С. Лихачев т. б. еңбектерінде тұжырымдалған.
Қазақ тіл біліміндегі когнитивтік бағыттың қалыптасуында этнолингвистикалық зерттеулер ерекше мәнге ие. Ә. Қайдар, Е. Жанпейісов, М. Копыленко, Ж. Манкеева, Г. Смағұлова т. б. зерттеулері тек этнолингвистика үшін ғана емес, когнитивтік зерттеулер үшін де құнды. Ал таза когнитивтік бағыттағы ізденістерді Г. Г. Гиздатов, Э. Д. Сүлейменова, Б. Хасанов, Қ. Жаманбаева, А. Ислам, С. Жапақов, М. Күштаева, Н. Н. Аитова, А. Сыбанбаева т. б. еңбектерінен көруге болады.
Когнитивтік тіл білімі - ХХ ғасырда философия, психология және тіл білімінің тоғысуынан пайда болған, таным мен білімді қолдану мәселелерін зерттеу бағытының кешені. Қазіргі талаптарға сай тіл білімінде тілді әр түрлі бағыттарда кешенді түрде, яғни тілдің биологиялық, психологиялық, әлеуметтік және коммуникативтік негіздерін зерттеу қолға алынып отыр. Ұлттық іс-әрекетті талдауда, ең алдымен, қалыптасу, сақтау, адамзат тәжірибесінің берілу процестерін адам туралы ғылымның барлық бағытының бір-бірімен байланысынсыз елестету мүмкін емес. Дәл осы когнитивтік парадигмада тілдік қабілет адам ақыл-ойының басқа аспектілеріне (қабылдау, ойлау, ес) тәуелді қарастырылады.
Е. С. Кубрякованың анықтауынша, когнитивтік ғылым - «ұғымдық түрде жинақталған, белгілі бір мәліметтер жүйесіне келтірілген, қандай да бір жолмен біздің санамызда бекітіліп, ұлттық және танымдық процестердің негізін құрайтын адамдардың білімі мен дүниетанымы, әлемді қабылдауы мен заттық-танымдық іс-әрекеттерінің нәтижесі туралы ғылым» [6, 34 б. ] . Тілді меңгеру мен концептуалды сызбаны меңгеру бір-бірімен тығыз байланысты, сондықтан қазіргі зерттеулерде адам тәжірибесі модельдеріне көп көңіл бөлінуде.
Когнитивтік тіл білімінде бүкіл әлем бейнесінің адам санасында бейнелену мәселесі маңызды орынға ие. Әр түрлі халық өкілдерінің, әр адамның концептуалдық әлем бейнесі әр түрлі болуы мүмкін. «Әлем бейнесі» терминін философия мен логикада алғаш рет Л. Витгенштейн ұсынған болатын. Ал тіл біліміне бұл терминді Л. Вейсгербер енгізді. В. П. Руднев «әлем бейнесін» «ақиқат туралы сезімдік таным жүйесі» деп анықтайды [7] .
Тілде жалпы адамзаттық тәжірибемен қатар, ұлттық тәжірибе де бекітіледі. Ұлттық тәжірибе тілдің өзгеше ерекшеліктерін анықтайды. Бұл әр түрлі халық тілінде ерекше тілдік әлем бейнесінің пайда болуына әкеледі. Ал әлем бейнесінің әр халықта түрлі болуы олардың мәдениетінің, әдет-ғұрпының әр түрлі болып келуімен түсіндіріледі.
Әлем бейнесі ұғымын адамның өмірлік тәжірибесі нәтижесінде қалыптасқан қандай да бір құбылыс туралы таным деп түсінуге болады. Дегенмен, әлем бейнесін бұлай түсінудің ғылыми сипаты жоқ, себебі ол табиғат, жағдай, эстетикалық құндылықтар, т. с. с. қандай да бір құбылыстар туралы жеке адамның түсінігі мен танымын бейнелейтін сандаған ойлар.
Әлем бейнесі ұғымы әр түрлі ғылым салаларында да қолданылады. Себебі, әлем бейнесі ғылымда бүкіл адамзат өркениеті туралы біліммен байланысты. Бұл білімге материалдық әлемнің барлық процестері туралы білімдер - физикалық, биологиялық, химиялық, сонымен қатар адамның рухани өміріне қатысты көріністер - этика, эстетика, өнер т. б. жатады. Соған сәйкес ғылымда «физикалық әлем бейнесі», «химиялық әлем бейнесі», «биологиялық әлем бейнесі», «жануарлар әлем бейнесі», «адам өмірінің психикалық бейнесі» т. б. қалыптасқан. Дегенмен, әлем бейнесін адамзат дамуының белгілі бір кезеңіндегі қоршаған әлем туралы жинақталған дүниетанымы деп қарау дұрыс.
Әлем бейнесі ұғымы әлем туралы білім жиынтығы ұғымымен мәндес келеді. Әлем туралы ғылыми білім жиынтығының қорытынды анықтамасы осы әлемді философиялық тұрғыдан түсінуге әкеледі.
Әлем бейнесінің қалыптасуы тарихи тұрғыдан танымның алғашқы нүктесінен (мифологиялық, қарапайым) ғылымиға дейін жетеді. Ол адамның әлем туралы балама танымын құрады. Әлемді тану адамның өмірлік тәжірибесімен анықталады. Ал тәжірибе - адам қоғамының алға дамуының көрсеткіші. Сол себепті, әлемді танудың бастапқы және соңғы кезеңдері - адам әрекетінің тәжірибелік меңгеруінің нәтижесі. Адам жаңа нысандар мен құбылыстарды тани отырып, оларға атау береді. Әлем бейнесі ұғымы белгілі бір тарихи кезеңдегі адамзат білімімен тығыз байланысты. Әр адамның, әр халықтың әлем туралы білімі әр түрлі болады. Біздің біліміміздің бастауы қоршаған әлемде жатыр, яғни білім - объективті әлемнің бейнесі.
Қазіргі тіл білімінде тілдік және көркем семантиканың ақиқат болмыста танылуы мен оның тілдік және мәтіндік әлем бейнесінде көріністенуі маңызды рөл атқарады. Әлем бейнесінде адамның уақыт пен кеңістік, қоршаған табиғат және оның әлемдегі орны туралы танымдары көрініс табады. Қоршаған әлем адам мен ортаның қарым-қатынасы болса, ал әлем бейнесі адам мен орта туралы ақпаратты өңдеудің нәтижесі деп түсіндіреді Т. В. Цивьян [8, 5 б. ] .
Әлем бейнесінің қалыптасуына мәдениет, тіл, тарих т. б. мол әсерін тигізеді. Э. Д. Сүлейменова: «Әлем бейнесі бүтіндік қасиетке ие және ол тілде тек адамдардың ұзақ қарым-қатынас актісі ретінде мәтін түрінде ғана жүзеге асады», - деп көрсетеді [9, 90 б. ] . Себебі, тіл қоғаммен, әлеуметтік ортамен, халықтың сан ғасырлық тарихымен, этностық таныммен, ұрпақтан-ұрпаққа беріліп келе жатқан өмірлік тәжірибесімен, рухани болмыс-бітімімен, салт-дәстүр, әдет-ғұрпымен, мәдениетімен үздіксіз байланыста болады.
Ғылыми еңбектерде қоршаған орта, әлем үш формада көрсетіледі: ақиқат әлем бейнесі, мәдени әлем бейнесі және тілдік әлем бейнесі. Ақиқат әлем бейнесі объективті шындықты, адамды қоршаған әлемді қамтыса, мәдени әлем бейнесі адам танымы негізінде қалыптасқан ұғымдар арқылы бейнеленеді. Ал тілдік әлем бейнесі ақиқатты мәдени әлем бейнесі арқылы тілде көріністейді. Тілдік әлем бейнесі мен мәдени әлем бейнесі бір-бірімен тығыз байланысты. Ақиқат әлем бейнесінен ұғымға, оның тілдік көріністеріне өту жолы әр халықта әр түрлі. Бұл жоғарыда айтып кеткеніміздей, әр ұлттың тарихи, саяси қоғамдық өміріне қатысты.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz