Жабын ұлпалары. Жабын ұлпаларының қызметтері



1.Жабын ұлпаларының құрылысы
2.Жабын ұлпаларының қызметі.
3.Механикалық ұлпалардың құрылысы.
4.Механикалық ұлпалардың қызметі.
Жабын ұлпа өсімдіктің барлық мүшелерінің сыртын қаптап жауып тұратын жасушалар жиынтығы. Негізгі қызметі: өсімдіктің ішкі жағындағы су, газ, жылуды тұрақты етумен қатар сыртқы қоршаған ортаның қолайсыз жағдайларынан, зиянды жәндіктер мен микроағзалардың зақымдануынан қорғау. Тамырдың сору бөлігінде жабын ұлпа тамырға су мен онда еріген заттардың жеткізілуін қамтамсыз етеді. Жабын ұлпа – алғашқы (бастапқы) және соңғы деп 2-ге бөлінеді. Алғашқы жабын ұлпаға жер үсті мүшелерін қаптап тұратын өң (эпидермис) және тамыр сыртын қаптап тұратын өң(эпиблема) жатса, соңғы жабын ұлпаға тоз бен қыртыс жатады.
Өң (эпидермис) тұқым ұрығы жетіле бастағанда-ақ түзуші ұлпадан дамиды. Өсімдіктің барлық жас мүшелерінің сыртын қаптап, көбінесе бір қабат жасушалардан (өте сирек жағдайда екі немесе көп қабатты болады) құралады. Жасуша пішіндері әр түрлі, мөлдір, бір-бірімен өте тығыз жанасқан, ал қабықшалары түзу, тегіс, ирек-ирек (қысымды бірқалыпты сақтап, беріктік қасиет береді) болады. Цитоплазмасы қабықшаны астарлай созылып жатады. Ядросының айналасында лейкопластар, жасушасының дәл ортасында үнемі вакуольі болғандықтан эпидермис түссіз, мөлдір болып көрінеді. Кейбір су өсімдіктері мен папротниктердің өңінде майда хлорофилл дәндері болғандықтан жасыл, ал қызыл қауданды орамжапырақтың өңі жасуша шырынында болатын пигментке байланысты күлгін түсті болады. Өң жасушаларының қабықшасы сыртқа қараған жағы қалың және саңылаулары болмайтындықтан шаңдақ зат (кутикула) жауып тұрады. Ол ылғалы тапшы жерде өсетін өсімдіктердің суға батып тұратын бөлімінде шандақ зат қабықшасы жұқа, әрі саңылаулары болатындықтан басқа жасушалармен байланысып зат алмасуға қатысады. Эпидермисте пішіні мен құрылысы әр түрлі көптеген өсінділер, яғни түктер дамиды. Түктер бір және көп жасушалы, жай, күрделі, өлі және тірі болады.
Біржасушалы түктер мақта тұқымында ұзындығы 60 мм жетеді, онда тоқыма өнеркәсібінде мата тоқылады. Итмұрын, таңқурай, бүлдіргеннің сыртындағы ағаштанған қатты тікенектері, әр түрлі гүлдердің күлтелерінің саусақпен сипағанда мақтадай жұмсақ болуы емізікші тәрізді майда өсінділеріне байланысты, олар да түкке жатады. Түктердің көбісі көп ұзамай цитоплазмасы кеуіп, іші ауаға толып өлі түкке айналады. Құрғақшылық жерде өсетін өсімдіктерде мұндай түктер қалың болғандықтан сырттай қурап, солып қалмау үшін суды көп буландырудан, күн сәулесінің әсерінен қызып кетуден сақтайды. Ал тамырда болатын түктер топырақтан өсімдікке қажетті су мен қоректік заттар ерітіндісін сору үшін қажет. Тірі түктерге қызылдақ түктер (қалақайда) мен бездеуіт түктер жатады. Бездеуіт түктер көпжасушалы эпидермистен пайда болуына қарамастан эфир майын, шайыр, шырышты зат бөлінетіндіктен бөліп шығарушы ұлпаға топтастырылады.
1. Ә.Ә. Әметов Ботаника./ Жоғары медицина және колледждеріне арналған оқулық/ Алматы: Дәуір, 2005-512 б.
Қосымша:
1. Уғлиханова Г.Ж. Өсімдік биотехнологиясы: оқулық – 2-ші толықт. Бас.- Алматы: Дғуір, 2009.- 336 с. Ботаника:Учебник для вузов (по спец. 0405 Фармация). 2-е изд., испр.- СПб.:СпецЛит, СПХФА,2003.-647с.
2. ЯковлевГ.П., ЧеломбитькоВ.А.; Под ред. КамелинаР.В.. Ботаника:Учебник для вузов (по спец. 0405 Фармация). 2-е изд., испр.- СПб.:СпецЛит, СПХФА,2003.-647с.
3. КислицкаяВ.Н.: Высшие растения: Учеб.- метод.пос/КГМА.-Караганда,2007.- 56 с.
4. ЗакревскийВ.В.:Генетически модифицированные источники пищи растительного происхождения: прак. Руков. По санитарно-эпид. Надзору: учеб. пособие.- СПб: Диалект, 2006.- 152 с.
5. ЗакревскийВ.В.:Развитие фитохимии и перспективы создания новых лекарственных препаратов.- Алматы: Ғылым.- 2004
6. КузнецовВ.В., КузнецовВ.В., РомановГ.А.: Молекулярно-генетические и биохимические методы в современной биологии растений.- БИНОМ. Лаборатория знаний, 2012.- 487 с.

Пән: Медицина
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 5 бет
Таңдаулыға:   
ҚММУ Ф 43-0503
2007 ж. 14 маусымдағы №6 НХ

ҚАРАҒАНДЫ МЕМЛЕКЕТТІК МЕДИЦИНА УНИВЕРСИТЕТІ

Молекулярлық биологияжәне медициналық генетика кафедрасы

Зертханалық сабаққа арналған әдістемелік ұсыныс

Тақырып 1. Жабын ұлпалары. Жабын ұлпаларының қызметтері. Механикалық ұлпа. Негізгі типтері.

Мамандығы:5В011300 Биология
Пән: Ботаника
Курс: 1

Құрастырушылар:
Дюсенбекова Б.Н.
ҚалиеваГ.Т.

ҚАРАҒАНДЫ 2014


Кафедра отырысында талқыланып және бекітілді.
Хаттама № ____ ____2014

Кафедра меңгерушісі ____________________ Б.Ж. Құлтанов

-

Тақырып 1. Жабын ұлпалары. Жабын ұлпаларының қызметтері. Механикалық ұлпа. Негізгі типтері.

Мақсаты: Қазіргі заманауиоптикалық құралдармен жұмыс жасау ережелерімен танысу, микропрепараттарды дайындау әдістерін меңгеру. Өсімдік ұлпаларының құрылысын және қызметтерін оқу.
Оқытудың мақсаты:
1. Өсімдік ұлпаларының құрылысы және қызметтерін оқу.
Тақырыптың негізгі сұрақтары:
1.Жабын ұлпаларының құрылысы
2.Жабын ұлпаларының қызметі.
3.Механикалық ұлпалардың құрылысы.
4.Механикалық ұлпалардың қызметі.
Білім берудің және оқытудың әдістері: зертханалық сабақтар, қазіргі заманауи жарық микроскоптары құралдарымен танысу, уақытша микропрепараттарды дайындау әдістерін меңгеру, дайын препараттарға сипаттама жасау.

Әдебиет:
Негізгі:
1. Ә.Ә. Әметов Ботаника. Жоғары медицина және колледждеріне арналған оқулық Алматы: Дәуір, 2005-512 б.
Қосымша:
1. Уғлиханова Г.Ж. Өсімдік биотехнологиясы: оқулық - 2-ші толықт. Бас.- Алматы: Дғуір, 2009.- 336 с. Ботаника:Учебник для вузов (по спец. 0405 Фармация). 2-е изд., испр.- СПб.:СпецЛит, СПХФА,2003.-647с.
2. ЯковлевГ.П., ЧеломбитькоВ.А.; Под ред. КамелинаР.В.. Ботаника:Учебник для вузов (по спец. 0405 Фармация). 2-е изд., испр.- СПб.:СпецЛит, СПХФА,2003.-647с.
3. КислицкаяВ.Н.: Высшие растения: Учеб.- метод.посКГМА.-Караганда,2007.- 56 с.
4. ЗакревскийВ.В.:Генетически модифицированные источники пищи растительного происхождения: прак. Руков. По санитарно-эпид. Надзору: учеб. пособие.- СПб: Диалект, 2006.- 152 с.
5. ЗакревскийВ.В.:Развитие фитохимии и перспективы создания новых лекарственных препаратов.- Алматы: Ғылым.- 2004
6. КузнецовВ.В., КузнецовВ.В., РомановГ.А.: Молекулярно-генетические и биохимические методы в современной биологии растений.- БИНОМ. Лаборатория знаний, 2012.- 487 с.

Жабын ұлпа өсімдіктің барлық мүшелерінің сыртын қаптап жауып тұратын жасушалар жиынтығы. Негізгі қызметі: өсімдіктің ішкі жағындағы су, газ, жылуды тұрақты етумен қатар сыртқы қоршаған ортаның қолайсыз жағдайларынан, зиянды жәндіктер мен микроағзалардың зақымдануынан қорғау. Тамырдың сору бөлігінде жабын ұлпа тамырға су мен онда еріген заттардың жеткізілуін қамтамсыз етеді. Жабын ұлпа - алғашқы (бастапқы) және соңғы деп 2-ге бөлінеді. Алғашқы жабын ұлпаға жер үсті мүшелерін қаптап тұратын өң (эпидермис) және тамыр сыртын қаптап тұратын өң(эпиблема) жатса, соңғы жабын ұлпаға тоз бен қыртыс жатады.
Өң (эпидермис) тұқым ұрығы жетіле бастағанда-ақ түзуші ұлпадан дамиды. Өсімдіктің барлық жас мүшелерінің сыртын қаптап, көбінесе бір қабат жасушалардан (өте сирек жағдайда екі немесе көп қабатты болады) құралады. Жасуша пішіндері әр түрлі, мөлдір, бір-бірімен өте тығыз жанасқан, ал қабықшалары түзу, тегіс, ирек-ирек (қысымды бірқалыпты сақтап, беріктік қасиет береді) болады. Цитоплазмасы қабықшаны астарлай созылып жатады. Ядросының айналасында лейкопластар, жасушасының дәл ортасында үнемі вакуольі болғандықтан эпидермис түссіз, мөлдір болып көрінеді. Кейбір су өсімдіктері мен папротниктердің өңінде майда хлорофилл дәндері болғандықтан жасыл, ал қызыл қауданды орамжапырақтың өңі жасуша шырынында болатын пигментке байланысты күлгін түсті болады. Өң жасушаларының қабықшасы сыртқа қараған жағы қалың және саңылаулары болмайтындықтан шаңдақ зат (кутикула) жауып тұрады. Ол ылғалы тапшы жерде өсетін өсімдіктердің суға батып тұратын бөлімінде шандақ зат қабықшасы жұқа, әрі саңылаулары болатындықтан басқа жасушалармен байланысып зат алмасуға қатысады. Эпидермисте пішіні мен құрылысы әр түрлі көптеген өсінділер, яғни түктер дамиды. Түктер бір және көп жасушалы, жай, күрделі, өлі және тірі болады.
Біржасушалы түктер мақта тұқымында ұзындығы 60 мм жетеді, онда тоқыма өнеркәсібінде мата тоқылады. Итмұрын, таңқурай, бүлдіргеннің сыртындағы ағаштанған қатты тікенектері, әр түрлі гүлдердің күлтелерінің саусақпен сипағанда мақтадай жұмсақ болуы емізікші тәрізді майда өсінділеріне байланысты, олар да түкке жатады. ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Өсімдік ұлпалары туралы жалпы түсінік
Цитоплазма - ядроны қоршап жатқан жасуша бөлігі
Өсімдік ұлпаларының жалпы сипаттамасы және құрылысы
Цитология және гистология пәні бойынша құрылған электронды оқулық
Өсімдік ұлпасы түзуші ұлпалар немесе меристемалар
Өсімдік ұлпасының түрлерінің жіктелуі
Клетканың органикалық заттары
Ұлпалар жөнінде
Өсімдіктердің өсуі және дамуы
«Өсімдік ұлпалары: Түзуші, негізгі, жабындық»
Пәндер