Өзге тілдің бәрін біл, өз тілінді құрметте


Өзге тілдің бәрін біл, өз тілінді құрметте
Елбасы Қазақстан халқына арнаған Жолдауында барша қазақстан-дықтарды біріктірудің басты факторларының бІрі ретінде мемлекеттік тілімізді одан әрі дамытуға күш салу керектігін атап көрсеткені баршаға мәлім.
ЕлдіктІн негізгі шарттары, ұрпак тәрбиесі, халқымыздың қауіпсіздІгі, түптеп келгенде мемлекет тілінін, ұлт рухының көтерілген биігімен өлшенетін болгандықтан, тілге катысты мәселелер толық шешімін тапты деуге әлі ерте. Еліміздің айтулы азаматтарынан бастап карапайым адамдарына дейін кам жеген тілдің жоғы тугенделмей түрып, тіл мәселесі күрделі, түйінді мәселе болып қала бермек.
Елбасымыз айтқандай, мемлекеттік тіл бірігудің, ынтымақтасудың тілі болмақ. Олай болса, бүл тілді баршаның үйрену, ұғыса білу қажеттігі туындай бастауга тиіс. Мемлекеттік тіл баскару тіліне, жаппай түсінісу тіліне айналуы керек. Ал ол үшін кажымай, талмай еңбектену керек. Әсіресе, қазак әдебиетінін, мәдениетінің іргесін калаушы Абай, Мұхтар, Шәкәрім елінің азаматтары қазақ тілінің қарыштап дамуына өз септігін тигізіп, басқа халыққа, өзге ұлт өкілдеріне үлгі болуы тиіс.
Алайда прокурорлық тексеру нәтижелері керсеткендей, ауданы-мыздың көптеген бетке ұстар мекемелерінде «Тіл туралы» заңның талаптары сақталмай отыр. Мәселен, іс қағаздарын жүргізуде карқынды ұмтылыстан гөрі, «сен тимесең, мен тимеймін» кебін киіп отырмыз. «Тексеріс болмаса, болды, бола қалса, аудармасы - міне. «Тіл туралы» занда солай көрсетілген» - дегенге мемлекет тілінің маңдайына сор болып жабысқан түсініктен арылатын уакыт жетті. Осы ойдын шырмауына түскен, одан шыққысы келмейтін топтың шын мәнінде сол занды толық білетініне сеніміміз аз. Шындығында да, іс қағаздарын қазақ тіліне көшірткісІ келмейтіндерге «үлкен сылтау» болып отырган «Тіл туралы» заңның баптарында бір қарағанда түсініксіздеу тұстар кездеседі. Алайда байыптап карасақ, Ата заңнын да, соңғы 1997 жылы шыккан ҚР-ның «Тіл туралы» за-ңыныңда мемлекеттік тілді толык мағынасындағы өз дәрежесіне көтеруге мүмкіндігі бар. Айталык, заңның 4-бабында «ҚР-ның мемлекеттік тілі - қазақ тілі» деп керсетілуІнің өзі оның үлкен басымдыққа ие екенін айғақтаса керек. Бұл заң сол кездегІ жағдайды ескере отырып қабылданған, ал тілдін бола-шағы туралы 23-бапта былай делінген: «Тілдің дамуы мемлекеттік тілдің басымдығын және Іс-кагаздарын жүргізуді қазақ тіліне кезең-кезеңімен көшіруді көздейтін Мемлекетгік бағдарламамен камтамасыз етіледі». Ал мұнан әрі «ТІлдерді колдану мен дамытудың 2001-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасына» қарасақ, оның мақсаттары: мемлекеттік тілдің әлеуметтік-коммуникативтІк кызметін кеңейту мен ны-ғайту; орыс тілінің жалпы мәдени қызметін сақтау; этникалық топтардың тілдерін дамыту». Байқайсыз ба, кай тілді биік койып отырғанын? Міне, осы жолдарды көре түра көрмейміз, қазіргі жүргізіп отырған көп істеріміздің «Тіл туралы» заңға қайшы екенін біле тұра, қалыптасып калған санадағы ескі түсініктен арыла алмайсыз.
Әрине, Занда мемлекеттік тІлдің мәртебесі мұнан да гөрі айқынырақ көрсетілсе, қолданыс аясының кеңеюін тездетуге үлкен жол ашылар еді. Дегенмен біз сауаттырақ Ізденістерге барып, заңдық күшІ бар қүжаттардың талаптарын дүрыс орындар болсақ, көп мәселені қазір де шешуге болады. Мемлекеттік багдарламаның аясында аткарылып жаткандықтан, казақшаға көшу ешкімнің заңдық кұқығын аяқасты етпейді.
2003 жылы қыркүйекте ҚР-ның Мемлекеттік хатшысы мемлекеттік тілге катысты республикалык кеңес өткізгенде, мемлекеттІк тілге толық көшуді аяқтауды нақты мерзімін белгіледі. Ол меже - 2008 жыл жақындап қалды. Сондықтан да «Тіл туралы» заң мен мемлекеттік багдар-ламаларды мерзІмінде орындап, нақты іс-шараларды мерзІмінде жүзеге асырудың уақыты жетті, - деп ойлаймын. Қазақтың бір туар ақыны Қ. Мырзалиев айткан мына бір өлең шумақтарына тоқталғым келеді.
Ана тілі арың бүл,
Ұятын боп тұр бетіңде.
Өзге тілдің бәрін біл,
Өз тілінді кұрметте.
Қазақстан-зайырлы, егеменді мемлекет. Еліміздің өзінің елтаңбасы, әнұраны, көк байрағы, Ана тілі, Ата заңы, діні, тарихы, салт-дәстүрі бар. Бұл құндылықтар еліміздің тәуелсіздігін, азаттығын білдіретін, хал-
қымызды ортақ мақсатқа жұмылдырып, бойына күш беріп, жігерлендіретін, рухтандыратын ұлы, әрі қасиетті символы. Осы ұлы символдарды құрметтеу, айбынын асқақтау, олармен мақтану-парыз!
Халқымыздың бір арнаға тоғысып, бірлікте болуының басты, рухани, саяси құралы-мемлекеттік тіл. Біздін мемлекеттік тіліміз-қазақ тілі. Қазақ тілі-өте бай, таза, көркем тіл екеніне қазақ халқы - шешен әрі шебер сөйлеудің үлгісін қалыптастырған өнерлі жұрт екеніне ешкімнің дауы жоқ.
Бүгінде, қазақ тілі мемлекетімізде өз орнын жүйелі түрде тауып, өз арнасына біртіндеп қосылуда десек, артық айтқандық болмас. Оған дәлел, Елбасымыздың «100 мектеп, 100 аурухана» бағдарламасы аясында қазақша балабақша, мектептер ашылып, қазақ тілінде ақпарат таратылуы, мемлекеттік қызымет көрсету орындары, іс-қағаздардың қазақ тілінде біртіндеп жүргізіп, қазақ тілін оқытудың түрлі әдістерінің жүзеге асырылуы. Бірақ, бұл тұстағы басты кемшілік - шалалық. Бұл шалалықтан патша үкіметінің сол кездегі отаршылдық езгісіне ұшырап, көптеген саяси сындарды басынан кешіріп, тілінен, ділінен айырылудың сәл-ақ алдында тұрған, ұлт ретінде жойылып кету қаупі төнген, сол кездегі сындарлы саясаттың лебі еседі. Бұл шалалық орыстандыру саясатының біздегі қалыптасып қалған бөлшегі, Ал, сол болмашы бөлшек ұлттың, тұтастай бір халықтың болашағына, тамырына балта шабуда. «Сын түзелмей, мін түзелмейді, » демекші, әрқайсысымыз өзімізден кемшілік іздеуіміз керек. Өйткені, кез-келгеніміз қоғамның мүшесіміз. Кез-келгеніміздің қоғамдағы орнымыз ерекше. «Отан отбасынан басталады», -деген даналықты ескерсек, әрбіріміз жанұямызда қазақша сөйлеуден бастау қажет. Әкемізді «әке», шешемізді «шеше» деу, нағыз қазақы тәрбиедегі үрдіс қалыптастыру қай-қайсымыздың болса да парызымыз. Өз тілін толық білетін, шұбарлап сөйлемейтін, оны қастерлей алатын адам нағыз отансүйгіш, нағыз иманды болмақ. Өйткені, Отан сүю-иманнан. Анамыздың ақ сүтімен бойымызға дарыған тілімізді құрметтеу, оның қасиетін сезіну арқылы ғана біз дамыған сатыға көтеріліп, әрбір қадамымызды нық баса аламыз. «Өзге тілдің бәрін біл, Өз тілінді құрметте», -дегендей, бәріміз өзге тілдерді игеруге міндетттіміз. Бүгінде экономикалық, саяси-әлеуметтік тұрғыда дамып келе жатқан Қазақстанға өз тілімен қатар, басқа тілдерді де жетік білетін мамандар қажет. Нанотехнологиялық, жаһандану процесінде дамыған елдермен достық қарым-қатынаста болу, олармен ортақ бірлестікте болу - сыртқы саясаттың басты мақсаты. Оған дәлел, Қазақстан Республикасының БҰҰ, ТМД, ШЫҰ сияқты еліміздің дамуына ықпал ететін байланыс ұйымдарымен достық қатынаста бірлесе жұмыс жасауды еліміздің қарышты дамуының үлкен жемісі. Ал, осындай даму үстінде халқымыздың нағыз ұлттық сипатта көрініс табуының айшықты белгісі - ана тіліміз. Сол себепті, еліміздің іргесі берік болуы үшін әрқайсысымыз отансүйгіш, иманды, рухшыл, намысшыл, ертеңіне үлгі болатын, еліне, жеріне адал қызмет атқаратын кірпіш болып қаланайық!
Қазақстан Республикасы Тәуілсіздігінің 20 жылдық мерейтой аясында 22-қыркүйек «Халықаралық тілдер күніне» арналған мерекелік шара университетіміздегі Экономика факультеті оқытушыларының ұйымдастырумен атап өтілді.
Тіл - адамзат қоғамында қатынас, сөйлесіп пікір алысудың құралы ретінде қызмет атқаратын құрал. Тіл мен қоғам өзара тығыз байланысты, біріншіден, тілсіз ешбір қоғам өмір сүре алмайды. « Тілсіз ұлт құрымақ». Екіншіден тіл - тірі тарих. Онда халықтың ғасырлар бойы жинақтаған іс - тәжірбиесі мен даналығы бар. Тіл - оны жасаушы халықтың тарихы, шежіресі, бүкіл өмірінің жаңғырығы мен ізі, арманы мен алдағы үміті, қайғысы мен қуанышы, күллі рухани өмірінің үні. М. Жұмабаев тілдің осы бір қасиеттері жайында былай деген: « Қазақ тілінде қазақтың сары сайран даласы, біресе желсіз түнде тымақ, біресе құйынды екпінді тарихы, сар далада үдере көшкен тұрмысы, асықпайтын саспайтын сабырлы мінезі - бәрі көрініп тұр».
Жалпы Республикада ғана емес, халықаралық кеңістікте де қалыптасып келе жатқан көп тілдік жағдайы қоғамдық қызметтің қай саласында болмасын жеке адамға деген қосымша жаңа талаптарын ұсынуда. Мұның үстіне белгілі бір мамандықты игеріп қана қоюдың жеткілікті бола бермейтіндігін күнделікті өмірдің өзі көрсетуде. Біріккен кәсіпорындар мен ұйымдардағы іскерлік ішкі - сыртқы қатынастардың ұлғайуы, адамдардың өз ана тілінен басқа тілдердің білуін аса қажеттіліке айналдырып отыр. Бұл қай елде, қай жерде болмасын қалыптасыңқырап қалған бүгінгі күннің бейне - шындығы.
Әр нәрседен хабары мол, уақыт талабына сай білімді адам ұлтаралық карым - қатынас жағдайындағы бүгінгі өмірге де дайын болуға тиіс. Ол түсінікті де. Адам өзге тілді үйрену арқылы өзіне беймәлім жаңа мәдениеттке араласады, рухани жағынан кемелдене түседі. Сондықтан да көп тіл білудің жеке адамды бәсекеге қабілетті ететіндігін ешкім де жоққа шығара алмайды. Десе де туған ана тілді білу, онымен ауыздықтанып, сол дәстүрмен есею адам табиғатының дұрыс қалыптасуында шешуші рол атқаратындығын да ұмытпағанымыз жөн. Ұлтжанды, отаншыл, елі мен жерін, тілі мен дінін, салты мен дәстүрін шексіз сүйген адам өзгенің де мәдениеті мен тіліне, дәстүріне соншалық түсіністікпен, құрметпен қарай алады.
Қазақстан Республикасының «Тіл туралы» Заңының 4 - бабында: «Қазақстан халқын топтастырудың аса маңызды факторы болып табылатын мемлекеттік тілді меңгеру - Қазақстан Республикасының әрбір азаматтың парызы» деп көрсетілген.
Қазақ тілі - халқымыздың тарихы, шежіресі, арманы мен үміті, қайғысы мен қуанышы, күллі рухани өмірінің үні. Қазақ тілі - халқымыздың өткен ұрпағын тарихи біртұтастық, ажырамас бірлік жағдайда мәңгілік біріктіретін ең сенімді құрал. Мұны елбасымыз Н. Назарбаевтің сөзімен айтқанда «Өзіміз ана тілімізде сөйлемейінше, өзге ешкім де бұл тілді шындап құрметтей қоймайтынын түсінуге тиіспіз. Бұл - аз уақыттың аясында тындырып тастайтын іс емес. Бұл мемлекеттік тұрғыдан, ұзақ жылдар бойы, ұдайы айналысатын іс» деген. А. Макаренко бұл жөнінде» . . . сіздің сөзіңізден өзіңіздің еркіңіз, сіздің мәдениетіңізді, сіздің жеке ерекшелігіңізді сезіне алатындай болуы керек» деген болатын. «Қазіргі Қазақстанда басшылардың негізгі денін қазақтар құрайтынын еске алсақ, қазақ тілінің обалына жөргегінен жеріген, паспорты бойынша ұлты қазақ, заты бөтен қазақ баласы қалып отыр деуге толық негіз бар. Алдағы уақытта қазақ тілін еркін меңгермеген, дүбара қазақ баласын ең болмағанда білім, ғылым, мәдениет, гуманитарлық саладағы басшы қызметке тағайындауды доғармай, мемлекеттік билік вертикалын қазақша сөйлетпей ана тіліміздің маңдайының ашылатынынан дәмету, ұсталмаған аюдың терісін бөліскендей құр бекер әурешілік», - деп жазады тарихшы ғалым Хангелді Әбжанов.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz