Тұрақтылық пен бірлікті сақтаудағы Қазақстанның моделі


Тұрақтылық пен бірлікті сақтаудағы Қазақстанның моделі
Халықтар ынтымағы мен бірлігін берік ұстанған көпұлтты елміз.
1 мамыр - Қазақстан халқының бірлігі күні және ерекше татулық мейрамы болып табылады.
«Қазақтардың мәдени - этникалық дәстүрлерінен мұра болған рухани саладағы төзімділік қазіргі уақыт пен келешекте азаматтық әлемді сақтаудың берік негізі болып табылады. Бүгінгі күні Қазақстан Республикасы 40 -тан астам конфессия мен деноминация өкілдері, сондай-ақ 130 ұлт пен этникалық топ өкілдері бейбіт және өзара түсіністікте өмір сүре алатындығының бірден бір мысалы.
Қазақстандағы әрбір ұлттың өзінің этноқұрылымдары бар, 22 республикалық және аумақтық ұлттық-мәдени орталықтары құрылған. Әзербайжан, грек, ингуш, неміс, шешен, поляк, т. б. халықтардың ұлттық мәдени орталықтары жанында жексенбілік мектептер жұмыс істейді. Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен елдегі қоғамдық тұрақтылық пен ұлтаралық келісімді нығайту мақсатында 1995 ж. 1 наурызда "Қазақстан халқының Ассамблеясы" (ҚХА) құрылды. »[1]
«Еліміздегі барлық этностар арасындағы шынайы келісім мен бірлікте тұрмыс кешуі, ең алдымен, қазақ халқының ата-дәстүрі мен табиғи кеңпейілдігі, ұлттық ділінің кеңдігі арқасында екендігіне дау жоқ.
Дегенмен Қазақстан тәуелсіздік алған кезеңде, ел басшылығы алдында халықтың келісімін сақтап қалу, қоғамның барлық күш-әлеуетін бір мақсатқа жұмылдыру басты назарда ұсталды. Себебі 130-дан астам этнос өкілдерінің басын біріктірмесе, «бас-басына би болып», әрқайсысы «көрпені өзіне тарту» басталар еді. Сонымен қатар саяси күштер бұл жағдайды өзіне қарай бұрып, қолдана бастар қаупі бар еді.
Қазақстандағы барлық этнос өкілдерінің мүддесін қамтамасыз етуші ұйым құру туралы идеяны алғаш рет Елбасы Н. Ә. Назарбаев 1992 жылдың желтоқсанында өткізілген Қазақстан халқының бірінші форумында айтты. Аталған форумда Мемлекет басшысы баяндама жасап, Қазақстан дамыған елдер қатарына қосылу үшін, ел тұрғындары бай, әл-ауқаты жоғары өмір сүру деңгейіне жету үшін халықтың ынтымағы, бірлігі мен татулығының негізгі рөл атқаратынын ерекше атады. 1995 жылғы наурыз айында Қазақстан Республикасының Президенті жанынан консультативті-кеңестік орган ретінде Қазақстан халқы Ассамблеясы құрылды.
Қазіргі таңда Ассамблея этносаралық және конфессияаралық қатынастар саласындағы мемлекеттік саясатты жүзеге асырушы маңызды құралға айналып, елімізде тұрмыс кешіп отырған барлық этностардың өзара тең құқықты қатынасын қамтамасыз етуші алаң рөлін атқаруда. Он сегіз жылдың ішінде аталған құрылым қоғамдағы тұрақтылықты сақтаушы құралға айналғанын уақыттың өзі дәлелдеп отыр.
Жұрттың бәрі байыбына бара алмаған, шексіз бостандықтар берілген тәуелсіздіктің алғашқы жылдары мемлекетаралық егестерге, ұлтшылдық сезімнің өріс алмауына, қоғамдағы бір топтың келесі топқа қысым жасауына жол бермеу қажеттілігі күн тәртібіне шықты. Елбасы Н. Ә. Назарбаевтың басты мақсаты қоғамдағы барлық этностардың толықтай құқығы мен бостандығын сақтай отырып, жергілікті, байырғы ұлтқа негізделген жоғары әлеуетті қоғам құру болды.
Тоқсаныншы жылдарың алғашқы жартысында елдегі жаппай орын алған әлеуметтік-экономикалық дағдарыс саяси дағдарысқа ұласты. Қазақстанда елдің болашақ даму жолын, мемлекеттің саяси бағдарын таңдау жөнінде пікірлер сан-салаға жарылып, түрлі саяси партиялар мен қоғамдық ұйымдар сан алуан жолдарды жүзеге асыруды талап етті. Партияаралық күрес белең алып, әр тарап аталған үдеріске тұрғындарды өз жағына тарту мақсатында іс-әрекет жасады. Қазіргі уақытқа дейін кейбір проблемалары шешілмей келе жатқан мемлекеттік тіл, мемлекеттік сәйкестілік, жерге деген жеке меншік құқық мәселелері туралы қоғамда тұтас пікір қалыптаспай, түрлі топ жан-жаққа тартты.
Сондықтан тәуелсіздіктің ең алғашқы күндерінен бастап Қазақстан халқын ортақ мақсатқа жұмылдыру, барлық этностық топтардың тең құқықта тұрмыс кешуіне жағдай жасау мемлекеттік ұлттық саясаттың басты, басым бағытына айналды. Ал кез келген мемлекеттің саяси, экономикалық тұрақты дамуының басты шарты тату этносаралық қарым-қатынасты қалыптастыру екендігі тарихи тұрғыдан өзін толық дәлелдеген. »[2]
ҚХА-ның мақсаты - республикадағы оқиғаларға баға беру және саяси жағдайларға болжам жасау негізінде қоғамдағы ынтымақтастықты қамтамасыз ететін іс-тәжірибелік ұсыныстар жасау, ҚР Президентінің республика азаматтарының құқықтары мен бостандықтарын қорғау кепілі ретіндегі қызметіне атсалысу. Ассамблея мәдени-ағартушылық, атап айтқанда, тілдер мен ұлттық мәдениеттерді, салт-дәстүрлерді қайта жаңғырту мен насихаттау; тәрбиелік, яғни қазақстандық және ұлттық отан сүйгіштікті қалыптастыру; ұлтаралық қатынастарды қадағалау негізінде ұлтаралық татулық пен келісімді нығайту; Қазақстанды мекен еткен ұлт өкілдері арасында достық қарым-қатынастардың дамуына негіз болатын мемлекеттік саясат жүргізу жөнінде ұсыныстар дайындау ісімен айналысады.
Ассамблеяның 350-ге жуық мүшесі бар. ҚХА-на мүшелікке кандидаттарды ынша жергілікті жерлердегі Қазақстан халықтарының Кіші Ассамблеясы, республикалық және аймақтық ұлттық-мәдени бірлестіктері, Ассамблея Кеңесінің мүшелері тең арақатынас қағидасы бойұсынады. ҚХА-ның төрағасы- ҚР Президенті. Ол Ассамблея мүшелерінің ұсынысы бойынша төрағаның екі орынбасарын тағайындайды. Ассамблея мәжілістері арасындағы жұмысты ҚР Президентінің шешімімен Ассамблея кеңесі жүргізеді. ҚХА кеңесі ұлттық-мәдени орталықтар ардагерлер кеңесі өкілдерінен, Кіші Ассамблея жетекшілерінен, сондай-ақ, Ассамблеяға мүше басқа тұлғалардан құралады. ҚХА Қазақстанда өмір сүріп жатқан барлық халықтардың мәдениетін, тілін дамытуға қолайлы жағдай жасау бағытында Қазақстан халықтарының фестивальдерін, тілдер фестивальдерін, жексенбілік мектеп окушыларының мемлекеттік тіл мен ана тілін білу дәрежесін анықтайтын байқауларын, тіл саясаты мәселелері бойынша халықаралық және республикалық ғылыми-практикалық конференциялар мен семинарлар, т. б. өткізеді.
Тәуелсіздік жылдары ішінде Қазақстан барлық мұсылман, православтар, католиктер, протестанттар, иудейлердің дін уағыздау еркіндігін қамтамасыз етті. Діни институттардың елеулі сандық және сапалық дамуы басталды. Бүгінгі күні діни қоғамдастықтар саны 4173, ал 1990 жылы олардың саны небәры 670 болатын.
Діни бірлестіктердің иеліктерінде 3129 табыну құрылымы, олардың ішінде 2229 мұсылман мешіттері, 258 православие және 93 католик шіркеулері, 6 синагога және 500-ден астам протестант шіркеуі мен намаз оқу үйлері бар.
Құрбан айт пен Рождество Христово сияқты діни мейрамдар Қазақстанда демалыс күндері деп жарияланған.
Қазақстанда құрылған мемлекет пен діни бірлестіктердің өзара қарым-қатынастар діндарлардың құқығы мен еркіндігін құрметтеудің демократтық қағидаттарына, қоғамдық және діни мүдделердің теңдігіне, серіктестік пен өзара түсіністікке ұмтылу қатынастарына негізделген. [1]
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz