Қоғамның азаматтық мәдениетін қалыптастыру жолдары


Пән: Мәдениеттану
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 46 бет
Таңдаулыға:   

Қоғамның азаматтық мәдениетін қалыптастыру жолдары

Қазақстан қоғамын әлеуметтік-экономикалық тұрғыдан өзгертудің құрылымы мен нәтижесінің бір қыры азаматтық қоғам мен азаматтық мәдениеттің пайда болу құбылысының дамуына байланысты болады.

Азаматтық мәдениет - білім беру саласының басты міндеттерінің бірі. Азаматтық мәдениетті қалыптастыру үшін әлеуметтік институттар өз күшін жеке тұлға бойында қоғамдық құбылыстарға құндылық қатынастар орнатуға бағыттауы тиіс. Азаматтық мәдениеттің басты мақсаты тұлғаның біртұтас сапасын қалыптастыру, ішкі еркіндік пен мемлекеттік үкіметті құрметтеу, Отанын сүю, бейбіт өмірді қолдау, өзін құрметтеу, жауапкершілікті мойындау, отансүйгіштік пен ұлтаралық қатынастар мәдениетін үйлестіре білу.

Жеке тұлғаның азаматтық мәдениетін қалыптастыру әлеуметтік институттардың субьективті қатынасымен және қоғамдық обьективті жағдайлар қызметімен, мемлекеттік құрылым ерекшеліктерімен, құқықтық, саяси, адамгершілік мәдениетімен анықталады.

Батысеуропалық антикалық және классикалық педагогикада азаматтық тәрбие Платон, Аристотель, Ж. Руссо есімдерімен тығыз байланысты. Алғашқы зерттеушілер азаматтық тәрбиені мемлекетті құрметтеу, заңға жүгінумен байланыстырса, кейінгілер азаматтық тәрбиені тұлғаның еркін дамуымен және өз қабілеттерін мейілінше дамытумен байланыстырған.

Ресей педагогикасында азаматтық тәрбие идеясы К. Д. Ушинский еңбектерінде орын алып, орыс менталитетін ескеріп, ұлттық сана-сезімді қалыптастыру, азаматтық тәрбие мәселесі анықталған.

В. А. Сухомлинскийдің «Азаматтық тәрбие беру» атты белгілі кітабында кеңес кезеңіндегі азаматтық тәрбиенің теориясы мен тәжірибесі тұжырымдалып, азаматтық тәрбиені қоғамдық бағытта, ұжымдық әрекет тәжірибесін қалыптастыру аясында жүргізілу қажеттігі көрсетілген [, 67 б. ] .

«Әлеуметтік шындық белгілі қалыпта реттелген, өзіндік мәні бар кеңістік - адамның жасаған және таныған болмысының әлемі. Әлеуметтік тәртіпті ұйымдастырудың антропологиялық мәні осыған байланысты, мұнан тыс қоғам мен мәдениеттің жасалуы мен дамуы мүмкін емес» [130, 80 б. ] .

Қатардағы азаматтардың басым бөлігінің саяси билік саласындағы институционалдық өзгерістерге ықпалы елеулі дәрежеде мейлінше күрделі және жанама сипатқа ие. Тарихи тәжірибе дәстүрлі қоғамнан қазіргі қоғамға өту кезінде қалыптасып отырған дағдарыс жағдайынан шығудың екі жолы туралы айтады.

Бірінші жол өзін Европа елдерінің дамуы мысалында мейлінше көрсеткен-ді. Мұнда бірінші рет саяси мәдениеттің «азаматтылық» («азаматтық мәдениеті») дәні пісіп-жетіледі. Азаматтық мәдениет адамға өзінің жеке меншіктік абыройын, ар-ожданын сезінуге, оның шын мәнінде биліктің қайнар көзі бола бастағанын және олардың сайланған кісісімен тең дәрежеде екенін ұғынуға, «заңды сыйлағыш азамат» ретінде көрінуіне мүмкіндік береді. Ең күйзелісті ауыр жағдай болып саналатын Ресей империясы мен Кеңес Одағы жүріп өткен екінші жолды атамақпыз. Олардың тарихында билік еткен саяси мәдениет қоғамдық өмірді, адамдардың сана-сезімі мен мінез-құлығына азаматтық рухты сіңіріп, қайғылы жағдайға душар етті. Онда «азаматтық» мәдениет мынадай сана-сезім мен мінез-құлыққа дағдыланады: демократиялық процедурада өзінің жетекшілерін сайлап жатса да, адам бәрібір өзін биліктің қайнар көзі ретінде сезінбейді, ол өз даусын қасындағы кісілерден кейін қалмас үшін ғана береді, «билікті сыйлағыш азамат» қалпында қалып қояды.

Азаматтық мәдениет - бұл аралас саяси мәдениет. Оның шеңберінде көптеген азаматтар саясатта белсенді болуы мүмкін. Алайда, көпшіліктері қол астындағылардың бәсең рөлін ойнайды. Саясатқа қатысатын адам мұндай қатысудан прагматикалық та, сондай-ақ эмоционалды да марапат алуы қажет. Демократиялық саяси жүйе үшін ең лайықтысы азаматтық мәдениет болып саналады.

Азаматтық мәдениет - бұл аралас саяси мәдениет, әлеуметтік институттарда, яғни отбасында, жолдастарының арасында, мектепте, жұмыс орнында, сонымен бірге саяси жүйелердің қызметімен арнайы танысатын күрделі процесс. Алайда мұндай мәселелер қарапайым адамның тарапынан назар салатын нәрсе болып саналмайды, ол саяси мәселелер туралы отбасы мүшелерінің саясатқа араласуына қарай, мектептегі қоғамдық жұмыстарға араласу барысында ересек адамдарға сенуіне немесе сенбеуіне байланысты билік туралы түсінігі болады. Дегенмен де мұндай түсініктің деңгейі онша жоғары болмайды. Сонымен алғашқы түсініктер біртіндеп жетіліп, жеке адамның, топтың, ұрпақтың, қоғамның саяси мәдениеті қалыптасады.

Азаматтық мәдениет саяси мәдениет ретінде былай сипатталады: а) көпшіліктің мемлекеттік билікті қабылдауы; ә) азаматтық міндеттерді орындау қажет деген жалпы сенімі.

Азаматтық мәдениет - бұл қалыпты саяси мәдениет. Ол саясат мәселелерімен танысуды қажет етсе де, қарапайым адамның назарынан тысқары және саясатқа енуді білдірсе де, саясатқа араласуы айтарлықтай деңгейде емес. Мұндай саяси ұстанымдар тек салыстырмалы түрде қалыпты саяси даму жағдайларында оларды саясатқа қауіпті жауларға қарсы өз мүдделерін қорғау үшін шайқасқа салғандай етіп енгізу үшін мәжбүрлеуге, саяси ұтыстар мейлінше жоғары болатын жерде ғана пайда болуы мүмкін [2, 128 б. ] . Қоғамдық құрылымның бір түрден екінші түрге өту жағдайларында бұхара халықтың саяси санасының мазмұны күрт өзгереді. Әдепкі ұғымдар бұзылып, жаңалары қалыптасады. Бұл көріністерде саяси күреске қатысушылар арасындағы кереғарлықтар бейнеленеді. Қоғам күштерінің қайта топтануы жүреді.

Демократиялық қайта жасалулар негізінде билеуші элита әрекеттеріне жататын мәжбүрлік саяси акцияларымен ғана ауыстыруға болмайды. Бұған Ю. А. Красиннің тұжырымы жақсы сәйкеседі. Ол былай деген: «Демократия саясат принциптері мен нормаларға, әсіресе, ұрандарға келмейді. Ол ауада қалқымайтын, өзінің бастамасы - тарихи қалыптасқан азаматтық қоғамда және салыстырмалы түрде тұрақты әлеуметтік байланыста, құндылық бағдарларда, қоғамдық тәртіп нормалары жүйесінде тамырын жаятын институттарда, қарым-қатынастарда, мәдениетте жүзеге асады» [110, 97 б. ] .

Қоғамда азаматтық мәдениеттің кеңінен таралуына демократиялық принциптер маңызды ықпал етеді. Олар қоғамның елеулі бөлігінің іс-әрекетін тудыратын ішкі мотивациялық түрткі болады.

Азаматтық мәдениеттің негізін қалайтын демократиялық құндылықтардың таралу формасы әр түрлі болып келеді. Оған жоғары саяси сенімділік, яғни жеке адамдардың бір-бірімен, түрлі әлеуметтік бағыттағы топтармен әрекеттесуіне, режимнің легетимдігіне сенімі, саяси маңызды институттарды, мемлекеттік рәміздерді сезінуі және оларды бағалауы, саяси идентификация, яғни жеке тұлғалардың саяси бірікен топтарға теріс немесе оң сыңай білдіруі, болып жатқан саяси процестер мен нәтижелерге белсенді бағдары, өкімет саясатына қанағаттануы, өкіметке ықпал ету тәсілдерін, өзінің және өзгенің саяси міндеттерін білуі; өкімет адамдардың пікірімен санасады деген сенімі, саяси белсенділігі пен қатысуы жатады.

Жоғарыда айтылып кеткендей, құндылықтар жүйесі оның қолдауы немесе қабылдамауы көп жағдайда саяси мәдениет сипатын алдын ала айқындайды. «Өркениетті қоғам үшін жоғары саяси мәдениет қажет қой, дәл ол әлеуметтік көру мен ойлаудың ашықтығын, саяси әрекеттің иекемді баламалы нұсқасын алып жүреді . . . саяси мәдениеттің оңтайлы түрі - азаматтық келісім мен консенсус мәдениеті», яғни келісім мәдениеті азаматтықтың қоғамның ішінде де, сондай-ақ қоғам мен мемлекеттің, электорат пен билеуші элитаның қарым-қатынасында да қажет. Бірақ бұл тек идиллия, ал ол саяси тәжірибе көрсеткендей, толық мағынасында мүмкін емес. Дегенмен, бұған қарамастан саяси қарым-қатынастар үйлесімділігінің жоғары дәрежесі болуы мүмкін. Мұндағы жолдардың бірі консенсусқа бағдарланған саяси мәдениетті жасауға жүйелі түрде ықпал ету болып табылады.

Диссертациялық зерттеудің аталмыш тақырыбының бірқатар аспектілерін мейлінше терең ашу үшін саяси мәдениетті мәдениеттану көзқарас тұрғысынан бағалауға тырысамыз. Мысалы, А. И. Арнольдов саяси мәдениеттің мәдени және аксиологиялық ерекшеліктерін ашып және оның жалпы мәдени, этикалық және адамгершілік құндылықтарымен байланысын атап көрсете отырып, біз зерттеп отырған нысанның маңызды ерекшелігін көрсетеді: саяси мәдениет жекелеген әлеуметтік топтар мен саяси бірлестіктер, партиялардың әлеуметтік қалпы мен мүдделерін, олардың қоғамдық мақсаттары мен міндеттерін бейнелейтін идеологиялық құндылықтардың ерекше жүйесін көрсетеді. Ол сәйкес ұйымдардың қызмет ету сипаттарын, адамдардың қоғамдық-саяси қызметін, олардың қоғамды басқаруға қатысуын анықтайды [111, 111 б. ] .

М. Вебер саясатты сипаттай отырып, ол «өзіне тән құрал - биліктің көмегімен жұмыс жасайды, оның артында зорлық-зомбылық тұрады» деп атап көрсеткен [38] . Біздің пікірімізше, кез келген реформалау егер, үстемдік шешімдерді жүзеге асыру бағыныштыларға күштеп, қысым жасауға ұласатын болса, егер оның нәтижесі қоғамдағы шиеленісті ұлғайтса, онда мағынасын жоғалтады. Демек, саясатта күштеу тетігін ғана емес, басқа да алға қойылған мақсаттарға жету мүмкіндіктерін қолдану билеуші элитаның, бүкіл саяси жүйенің демократизмін сипаттай алады және сипаттауы қажет. Саяси жүйені, яғни бүкіл қоғамның саяси өмірін модификациялайтын саяси мәдениеттің қалыптасу процесіне саналы түрде ықпал ету социумдағы процестерге үстем түрде ықпал етуді күштеусіз жолмен жүргізуге мүмкіндік береді деп ойлаймыз.

Осылайша, өзгеріп отырған қоғамның саяси мәдениетін мақсатты түрде қалыптастыру басқарылатын жүйеде қандай да бір ерекше саяси басқарушылық феномен ретінде ықпал ету тетіктерінің бірі болып қарастырылуы мүмкін. Ұйымдасқан жүйелердің ерекше қызметін өзі арқылы көрсете отырып басқару әлеуметтік және саяси салаларда қоғамдық және мемлекеттік институттардың процестерге ең алдымен, қоғамдық қатынастарды ұйымдастыру және реттеу процестеріне саналы түрде ықпал ету ретінде сипатталуы мүмкін. Стихиялық басқарудан (жағдайға бытыраңқы, қалыптаспаған күштер тарапынан) айырмашылығы саналы басқарушылық ықпал институциаланған субъектілермен жүзеге асады. Әлеуметтік басқарудың жалпы жүйесінің бір бөлігі болып табылатын мемлекеттік басқарудың негізінде заңды түрде рәсімділген императивтер болады, оның көрінісі көп жағдайда құндылықтар жүйесінде, билеуші элитаның саяси мәдениетінде негізделетін мемлекеттік саясатта көрінеді.

Мемлекеттік институттардың саяси басқарушылық ықпалының векторы идеялар тепе-теңдігін түзету, магистралдық идеялық бағытты кристалдану жағына бағытталуы қажет. Э. Дюркгейм өзінің еңбегінде мемлекетті бір адамға ұқсатып, бұл ұстанымды барынша нақты және толық қалыптастыру: «мемлекеттік адамның борышы қоғамды идеалға күштеп итеру емес, оның рөлі - бұл дәрігердің рөлі: ол жақсы тазалықпен ауру-сырқаудың пайда болуының алдын алады, ал ол анықталғанда оларды сауықтыруға тырысады» [112, 59 б. ] . «Гигиеналық іс-шаралардың» (басқарушылық мағынада) негізі олардың жоғары адамгершілік өлшемдерінде идеалдар, мақсаттар мен идеялардың жалпы адамзаттық құндылықтармен сәйкес келу дәрежелерін өлшеу болып табылады. Енді біздің пікірімізше, қазақстандық қоғамдағы азаматтық мәдениетті қалыптастыру процесіне тиесілі саяси басқарушылық ықпалды қамтамасыз ететін жағдайларға қысқаша тоқталмақпыз.

Қазақстандық қоғамда азаматтық мәдениеттің қалыптасу процесіне біздің пікірімізше, саяси-басқару ықпалын қамтамасыз ететін шарттарды қысқаша атамақпыз.

Егемендік алғаннан кейінгі Кеңестер одағының ыдырауынан соң Қазақстанның басты мақсаты нарықтық экономика мен қоғамды демократияландыруға бет алғаннан бастап, республиканың саяси мәдениеті демократиялық бағытта дамитын саяси мәдениет түріне бетбұрыс жасайды деп күтілген болатын.

Оның басты алғы шарттары да бар еді: республикада жақсы дамыған индустриялық база болғанымен де ол шикізат сипатында болды. Екіншіден, Қазақстан халқының білім деңгейі алдыңғы шептегі Батыс елдерінен жоғары болды. Сондықтанда Қазақстанның саяси және экономикалық жүйесін қайта құру халықтың азаматтық белсенділігін көтереді деп күтілді.

Бірақта, ақиқатында, саяси және азаматтық мәдениет басқа бағытта дамыды. Қазіргі Қазақстанның саяси мәдениеті тоталитарлық типке жатпайды, қол астындағылардың үлесі азайғанмен де, белсенділердің саны автоматты түрде көбейген жоқ. Керісінше, патриархалдардың үлесі мейілінше артты. Соның нәтижесінде саяси және азаматтық мәдениет өтпелі авторитарлы және индустриалдыққа дейінгі демократиялық саяси мәдениет белгілерін иеленді [40. Сл. 01-105] .

КСРО-ның ыдырауынан кейін және республика егемендік алған соң оның орталықтанған билігімен қатар, билікті заңды деп табу мәселесі үнемі қатар жүреді. Себебі билікті заңды деп табу органдардың әлеуметтік саяси процестерге, оның ішінде саяси мәдениеттің қалыптасуына да ықпал ету мүмкіндіктерінің бір шарты болып табылады. Және де қандай да бір билік органының немесе іске қосылған заң актісінің заңдылығына кішкене де болса сенімсіздік таныту мүмкіндігінің өзі нигилистік көңіл-күйді, қандай да бір құбылысты жылдам қайта бағалауды тудырады. Себебі билік мемлекет пен азаматтық қоғамның саяси құндылықтар тобындағы жоғары сатыға жатады.

Өзгеріске ұшыраған қоғамның саяси мәдениеті азаматтық мәдениет негізіне кіретін құндылық ретінде, биліктің бекітілуіне саяси-биліктік ықпал ету мүмкіндігі барлық деңгейдегі билік органдарының заңды деп табылуында көрінетінін тұжырымдауға болады. Және де мұндағы негізгі сәт сайлау тетіктерін енгізу болып табылады. Себебі дәл осы сайлау процесі қоғамдық ықпал мен мемлекеттік билікті біріктіру көпірі бола отырып, саяси жүйе мен оның айналасындағылардың арасындағы интеракцияның күшеюіне себепкер болады. Бірақ бұл үшін халықтың билеуші элитаның жекелеген сегменттерін қолдауы ғана емес, сондай-ақ сайлау процесі философиясының бірыңғайлылығы, сайлауларды заңды түрде реттеуге бірдей тәсілдерді қалыптастыруы да қажет.

Демек, бүгінгі таңда еліміздегі саяси билікті және қоғамдық өмірді демократияландыру процесіндегі басты мәселелердің бірі жергілікті мемлекеттік басқару жүйесі мен өзін-өзі басқару нысандарын жетілдіру болып табылады.

Ал, әзірге еліміздегі "жергілікті өзін-өзі басқару" органдары оның екі түрімен: әкімшілік-территориялық белгілі бір аумақ тұрғындары сайлаған және барынша маңызды жергілікті мәселелер жөніндегі шешімдерді қабылдайтын жергілікті өкілетті органмен, сондай-ақ, өкілетті орган шешімдерін орындауға бағытталған және оперативті басқаруды жүзеге асыратын атқарушы органмен анықталады.

Әлемнің көптеген елдерінде жергілікті өзін-өзі басқару институттарының икемді нысандары тұрақтанған барлық қазіргі мемлекеттер үшін ортақ формалары бар. Жергілікті өзін-өзі басқару мемлекеттік-басқару қызметінің барынша демократиялық формасы ретінде қарастырылады. Мәселен, Ресейде жергілікті өзін-өзі басқаруға айрықша көңіл бөлінеді. Онда Мемлекеттік Думаның белгілі бір комитеті жергілікті өзін-өзі басқару мәселелерін үнемі өз бақылауында ұстайды. Ал, Ресей Федерациясы Президенті жанында жергілікті өзін-өзі басқару жөнінде Кеңес бар. Ресей Конституциясында жергілікті өзін-өзі басқару туралы Ереже бекітілген, "РФ-дағы жергілікті өзін-өзі басқаруды реформалау туралы", "РФ-дағы жергілікті өзін-өзі басқарудың кепілдіктері туралы" Президент Жарлықтары қабылданған.

Қазақстан Республикасының өкіметі 16 жылда заң шығару базасын жасады ( 2030 жылға дейінгі Қазақстанның Стратегиялық дамуы, 2010 жылға дейінгі Қазақстан Республикасының Стратегиялық даму жоспары, 2005-2007 ж. ж. Үкіметтің Бағдарламасы, 2002-2006 ж. ж. Жергілікті саясат тұжырымдамасы, «Қазақстан Республикасының Жергілікті мемлекеттік басқаруы туралы» Қазақстан Республикасының заңы ) мемлекеттік басқаруды реформалауға бағытталған, соның ішінде орталық және жеке үкімет органдарының қызметін анықтау, жергілікті мемлекеттік органдарға заңмен анықталған өз құзыреті төңірегінде өздігінен басқаруға еркіндік беру көрсетілген.

Ал, біздің республикамызда, жоғарыда айтып кеткеніміздей, Қазақстан Республикасы егемендігінің алғашқы жылдарында, негізінен мемлекет басшылары мемлекеттілігімізді тұрақтандыру, халықаралық құқықтық негіздерді мойындау, әлеуметтік-экономикалық саланы реформалау мәселелеріне айрықша назар аударды. Себебі бұрынғы КСРО-дан мұрагерлікке қалған жергілікті өзін-өзі басқару жүйесі реформалауға келмеді. Міне, сондықтан, Қазақстан Республикасында әкімдік басқару институты енгізілді, ал жергілікті сайланбалы органдардың рөлін жаңадан құрылған жергілікті мәслихат орындай бастады. Сонымен бірге, тәжірибе көрсеткеніндей, жергілікті әкімдер жергілікті басқару органдарының барлық нысандарымен шұғылданады, ал мәслихаттар жергілікті мәселелерді шешуде көбінесе шет қалып, бас шұлғудан аса алмады.

Республика Президенті Премьер-Министрдің ұсынысымен облыс, республикалық деңгейдегі қала және астана әкімдерін қызметке тағайындайды. Басқа әкімшілік-территориялық бірлік әкімдері қызметке Президент белгілеген тәртіппен тағайындалады немесе сайланады және жаңадан өзінен жоғары басқару органдарының шешімімен әкімдік қызметтен босатылады [113, 116 б. ] .

Жергілікті және орталық биліктің мұндай қатынас жүйесі әкімшілік-территориялық бірліктердің әкімдері өздеріне сеніп тапсырылған халықтың алдындағы емес, өздерінен жоғары тұрған бастықтар алдында өздерінің жауапкершілігін сезінуіне объективті түрде себепкер болады. Жергілікті әкімнің тағдыры мен мансабы одан жоғары тұрған басшыға байланысты, бұл биліктің барлық деңгейлеріндегі басшылардың осыған сәйкес мінез-құлығын тудырады.

Мысалы, Қазақстан Республикасы Конституциясы белгілі бір әкімшілік-территориялық аймақ тұрғындарының өздерінің әкімдеріне деген сенімсіздігін жергілікті орган - мәслихат өкілдері арқылы білдіру мүмкіндігін құқықтайды. Бірақ, оны практикада іс жүзіне асыру өте қиын. Біріншіден, мәслихат аймақтық деңгейде (облыстар, республикалық деңгейдегі қалалар және мемлекет астанасы шеңберінде) өмір сүреді, сондықтан, аудан, облыстық және аудандық маңызы бар қала, поселке Әкімдеріне сенімсіздік білдіру тым қиын, себебі, жергілікті мәслихаттар тұрақты түрде жұмыс істемейді. Екіншіден, әкімге сенімсіздік білдіру үшін жәй көпшілік қана емес, үштен екісі дауыс керек, сонда да ол қызметтен автоматты түрде алынбайды, бірақ, жергілікті мәслихат республика Президенті немесе жоғарыда тұрған әкім алдына оны қызметтен босату жөніндегі мәселені қоя алады [113, 116 б. ] . Үшіншіден, мәслихаттың әкімге сенімсіздік білдіру жүйесі өте күрделі, әрі бұл мәселенің толық шешілуі бірінші мәселеге байланысты. Мәслихат құрамы тікелей тұрғындар дауысымен сайланғанымен, алайда, Қазақстанда сайлау барысына және олардың нәтижелеріне жергілікті атқарушы өкімет органдары шешуші ықпал етеді. Сондықтан да мәслихат депутаттары, ережедегідей, әкімдердің сенімді өкілдері болып саналады. Бұған қосымша, мәслихат оған материалдық тұрғыдан да тәуелді. Мекен-жай, көлік, байланыс, аппаратты ұстап тұру шығындары, сессия өткізу және т. б. секілді мәселелер толығымен атқарушы органдар қолында.

Көріп отырғанымыздай, жергілікті әкімдерге сенімсіздік білдіру туралы Қазақстан Республикасы Конституциясы нормалары декларативті сипатта көрінеді. Мұның дәлелі ретінде Қазақстанда көп жылдан бергі жұмыс істеп келе жатқан мәслихат институттары тарапынан бірде-бір рет әкімдерге сенімсіздік білдіру жағдайының болмағанын айтуға болады. Әкімдердің көпшілігі өзінің қызмет жағдайын пайдалануына байланысты «мамандар саясатын» жүргізуде өзіне тірек-сүйеу болатын адамдарды іріктеуі көпшіліктің талабына кереғар. Осы мәселе төңірегінде маслихаттар «дауысқа ие бола алмайды», яғни қолдау таппайды. Сондықтан да маслихатқа көпшіліктің сенімі төмен, оған баратындар саны да аз. Кейде маслихат қабылдаған толымды, қажетті шешімдер қағаз жүзінде қалып, жергілікті атқарушы органдарға шынайы ықпал етуге мүмкіндігі де болмайды. Дегенмен де Қазақстан Республикасының конституциясы бойынша маслихаттар жүргізілетін әлеуметтік реформаларды өмірге енгізіп, көпшілік тұрғындардың қолдауын қамтамасыз етуі тиіс.

Соңғы уақытта өкілетті органдардың сайлаушылар және депутаттар арасында беделінің түсуі қатты байқалады. Дәл өкілетті органдарды қалыптастыру міндеті, олардың қызметіндегі ұжымдық және алқалық бастамаларды анықтау және жүзеге асыру, бұл органдарға сайлаушылардың мүдделерін іске асыру механизмі ретіндегі бастапқы міндетін беру ерікті және еріксіз түрде басқа басымдықтарға орын берді.

Бүгін әкімшілік басшысының қызметі, оның одан әрі қызмет сатысына көтерілу трамплині болып саналады. Сондықтан да, жергілікті тұрғындардың әлеуметтік-тұрмыстық жағдайын жақсарту немесе аймақты серпінді дамыту шаралары жергілікті әкімшілік қызметінің басты әрі басым бағыты ретінде тұрудың орнына соңғы шаралар қатарына жылжытылады. Әрине, 2-3 жыл ғана бір облысты басқарып, сол аймақтағы тұрмысты жақсарту мүмкін емес, оның үстіне, біздің әкімдер өз орындарында 2-3 жылдан артық отырмайды да. Ал, әрбір жаңадан сайланған әкім өз жұмысын қайтадан басынан бастайтыны тағы бар. Ендеше, мұндай жиі-жиі орын алмастыру жағдайында жергілікті халықтың жағдайын жақсарту туралы қалай сөз қозғауға болады?

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Тұлғаны қалыптастыруда дене тәрбиесінің маңызы
Тұлғаның экономикалық мәдениеті
Қазіргі жағдайда жеткіншектерді азаматтыққа тәрбиелеу
Мемлекетті нығайтуда құқықтық сана мен құқықтық мәдениеттің рөлі
Құқықтық сана мен құқықтық мәдениетті қалыптастыру
Тәрбиенің заманауи тұжырымдамалары
Жоғары сынып оқушыларының құқықтық мәдениетін қалыптастыру
Мектептегі құқықтық тәрбие беру арқылы жас ұрпақтың бойындағы адами құндылықтар мен мәдениеттілікті жетілдіру
Құқытық мемлекеттің белгілері
Тәрбие жұмысының нәтижесін бағалау
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz