Молда мұса шығармаларының тілі
І Тарау. Молда Мұса шығармаларының тілі
I. I. Молда Мұса шығармаларының зерттелуі.
1.2. Молда Мұса шығармаларындағы эпитеттер.
1.2.1. Түр.түске байланысты эпитеттер.
1.2. 2. Бағалаушы эпитеттер.
1.2. 3. Инверсияланған тіркес аясындағы эпитеттер.
1.2. 4. Сұлулыққа байланысты эпитеттер.
1.3. Молда Мұса шығармаларындағы метафоралар.
1.3. 1. Жануарлар мен құстарға байланысты метафоралар.
1.3. 2. Адамға қатысты метафоралар.
1.3. 3. Матасқан метафоралар.
1.4. Молда Мұса шығармаларындағы теңеулер.
1.4. 1. Морфологиялық тәсіл арқылы жасалған теңеулер.
1.4. 2. Ақын шығармашылығындағы табиғат құбылыстарынын, жануарлар мен аң.құстардың теңеуге алынуы.
1.4..3. Шығыс әдебиетінің ежелден келе жатқан дәстүрі негізінде жасалған теңеулер.
1.5. Молда Мұса шығармаларындағы метонимиялар.
1.5. 1. Сын есімдердің метонимия ретінде қолданылуы.
1.5. 2. Есімдіктердің метонимия ретінде қолданылуы.
1.5. 3. Етістіктердің метонимия ретінде қолданылуы.
1.6. Молда Мұса шығармаларындаты кейіптеу.
1.7. Молда Мұса шығармаларындағыобразды сөздер (экспрессоидтар).
1.8. Молда Мұса шығармаларындағы инверсия.
II тарау. Молда Мұса шығармаларының лексикалык кұрамы:
2.1. Кірме сөздер.
2.1. 1. Араб . парсы тілінен енген сөздер.
2.1. 2. Орыс тілінен енген сөздер.
2.2. Молда Мұса шыгармаларындағы жалқы есімдер
2. 2. 1. Топонимдер.
2. 2. 2. Этнонимдер.
2. 2. 3 Антропонимдер.
2.3. Молда Мұса шығармаларындағы материалдық мәдениет лексикасы.
2.3. 1. Киім.кешек, мата атаулары.
2.3. 2. Қару.жарак атаулары.
2.3. 3. Төрт түлік мал атаулары.
2.3. 4. Өсімдіктер дүниесі атаулары.
2.3. 5. Аң.кұс, жануарлар атаулары.
2.3. б.Тұрмыстық заттар атаулары.
III. Қорытынды.
IV. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

Кіріспе
Қазақ мемлекетінің тәуелсіздікке жетуіне байланысты қазақ ұлтының мәдениеті тарихын, ұлт, мемлекет болып қалыптасу бағытындағы даму жолдарын зерттеу үнемі назарда тұратын мәселе болып табылады. Осы мәселелердің бастыларының бірі - қазақ тілінің тарихи қалыптасу жолдарының ерекшеліктерін іздестіру, айқындау.
Қазақ әдеби тілін дамытуға өз үлестерін қосқан акын-жыраулардың шығармаларын зерттеу осы саладағы кейбір түйіні анықталмаған мәселелердің шешімін табуға септігін тигізеді.
Зерттеу жұмысының өзектілігі
Жеке қаламгер тілінің көркемдік қолданыстары әдебиеттану ғылымында ғана емес, тіл білімінің әр түрлі саласында, оның ішінде стилистика мен семасиологияда, сондай-ақ көркем мәтінді лингвистикалық талдау ыңғайында қарастырылады.
Ұлттық тілдің ең жоғарғы дәрежесі - әдеби тілді дамытын, жалпыхалыктык әдеби тіл үлгілерін өз шығармашылығы аркылы жетілдіру үлесі көркем сөз иелеріне тиісті екені даусыз.
Шығармаларын қазақ әдебиеттану тұрғысынан ғана зерттеліп, линғвистикалык тұрғыдан шығармаларына ғылыми талдау жасалмай келе жатқан акындар тілінің лексикалық кұрамын, көркемдегіш тілдік кұралдардың лингвистикалық табиғатын аныктау - ғылымға қосылған үлес болып табылмақ.
XIX ғасырдың соңы мен XX ғасырдың басында өмір сүрген, әдебиет тарихынан орын аларлық, заманының көрнекті, айтулы акыны болған Молда Мұса Байзақұлының поэзиялык мұрасына лингвистикалық ғылыми талдау жүргізудің мәні зор.

Пайдаланылған әдебиеттер:
1. Байтұрсынов А. Ақ жол. Алматы: Жазушы, 1991. 463 б.
2. Хасанов Б. Қазақ тіліндегі сөздердің метафоралы қолданылуы. Алматы: Мектеп, 1966. 4 - 37 б.б.
3. Сүлейменова Э. Мадиева Г. т.б. Тіл білімі сөздігі. Алматы: Ғылым, 1988.544 6.
4. Әдебиеттану терминдер сөздігі. Алматы: Ана тілі, 1999. 277 б.
5. Серғалиев М. Көркем әдебиет тілі. Алматы: Мектеп, 1995
6. Қоңыров Т. Қазақ теңеулері. Алматы: Мектеп, 1978
7. Байтұрсынов А. Тіл қүрал. Грамматика. 2-бөлім. Орынбор, 1923.
8. Мұқаметқалиева Г. Тұрақты эпитеттің тілдік табиғаты. Филология ғылымдарының кандидаты дәрежесін алу үшін дайындалған диссертациясы. Алматы, 1995.
9. Жұмалиев Қ. Әдебиет теориясы. Алматы: Мектеп, 1969
10. Ожегова С. И. Словарь русского языка. Москва, 1989.
11. Манкеева Ж. Қазақ тілінің заттық мәдени лексикасы. Филология ғылымдарының докторы дәрежесін алу үшін дайындалған дисеертациялық авторефераты. Алматы, 1997.
12. Жанпейісова Е. Этнокультурная лексика в казахском языке. Алматы: Наука, 1989.
13. Рұстемов Л. Қазіргі қазақ тіліндегі араб-парсы кірме сөздері. Алматы: Ғылым, 1982.
14. Сыздықова Р. Сөздер сөйлейді. Алматы: Санат, 1994.
15. Шойбеков Р. Кейбір түр-түс атауларының мағыналары. Қазақ ССР ҒА хабарлары. Филология сериясы, 1990 №3, 17-6.
16. Жәнібеков Ө. Қазақ киімі. Алматы, 1996.
17. Панзарбекова Р. Қазақ тіліндегі жануарлар төлінің атауы. Филология ғылымдарының кандидаты дәрежесін алу үшін дайындалған диссертациясы. Алматы, 1998.
18. Есқараева А., 3. Шүкіровтың поэзиялық шығармашылығындағы метафоралық қолданыстар. Филология ғылымдарының кандидаты дәрежесін алу үшін дайындалған диссертациясы. Автореферат. Алматы, 2003.
19. Молда Мұса "Өткен күндер". Алматы, 1987.
20. Серғалиев М. Көркем эдебиет тілі. Алматы, 1995.
21. Оразбаева З «Мұсабек Байзақұлының

Тақырыптың өзектілігі зерттеу жұмысының мақсаты мен міндеттері, зерттеу
әдістері, зерттеу материалдары
І Тарау. Молда Мұса шығармаларының тілі
I. I. Молда Мұса шығармаларының зерттелуі.
1.2. Молда Мұса шығармаларындағы эпитеттер.
1.2.1. Түр-түске байланысты эпитеттер.
1.2. 2. Бағалаушы эпитеттер.
1.2. 3. Инверсияланған тіркес аясындағы эпитеттер.
1.2. 4. Сұлулыққа байланысты эпитеттер.
1.3. Молда Мұса шығармаларындағы метафоралар.
1.3. 1. Жануарлар мен құстарға байланысты метафоралар.
1.3. 2. Адамға қатысты метафоралар.
1.3. 3. Матасқан метафоралар.
1.4. Молда Мұса шығармаларындағы теңеулер.
1.4. 1. Морфологиялық тәсіл арқылы жасалған теңеулер.
1.4. 2. Ақын шығармашылығындағы табиғат құбылыстарынын, жануарлар мен аң-
құстардың теңеуге алынуы.
1.4.-3. Шығыс әдебиетінің ежелден келе жатқан дәстүрі негізінде жасалған
теңеулер.
1.5. Молда Мұса шығармаларындағы метонимиялар.
1.5. 1. Сын есімдердің метонимия ретінде қолданылуы.
1.5. 2. Есімдіктердің метонимия ретінде қолданылуы.
1.5. 3. Етістіктердің метонимия ретінде қолданылуы.
1.6. Молда Мұса шығармаларындаты кейіптеу.
1.7. Молда Мұса шығармаларындағыобразды сөздер (экспрессоидтар).
1.8. Молда Мұса шығармаларындағы инверсия.
II тарау. Молда Мұса шығармаларының лексикалык кұрамы:
2.1. Кірме сөздер.
2.1. 1. Араб - парсы тілінен енген сөздер.
2.1. 2. Орыс тілінен енген сөздер.
2.2. Молда Мұса шыгармаларындағы жалқы есімдер
2. 2. 1. Топонимдер.
2. 2. 2. Этнонимдер.
2. 2. 3 Антропонимдер.
2.3. Молда Мұса шығармаларындағы материалдық мәдениет
лексикасы.
2.3. 1. Киім-кешек, мата атаулары.
2.3. 2. Қару-жарак атаулары.
2.3. 3. Төрт түлік мал атаулары.
2.3. 4. Өсімдіктер дүниесі атаулары.
2.3. 5. Аң-кұс, жануарлар атаулары.
2.3. б.Тұрмыстық заттар атаулары.
III. Қорытынды.
IV. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
Кіріспе
Қазақ мемлекетінің тәуелсіздікке жетуіне байланысты қазақ ұлтының мәдениеті
тарихын, ұлт, мемлекет болып қалыптасу бағытындағы даму жолдарын зерттеу
үнемі назарда тұратын мәселе болып табылады. Осы мәселелердің бастыларының
бірі - қазақ тілінің тарихи қалыптасу жолдарының ерекшеліктерін іздестіру,
айқындау.
Қазақ әдеби тілін дамытуға өз үлестерін қосқан акын-жыраулардың
шығармаларын зерттеу осы саладағы кейбір түйіні анықталмаған мәселелердің
шешімін табуға септігін тигізеді.
Зерттеу жұмысының өзектілігі
Жеке қаламгер тілінің көркемдік қолданыстары әдебиеттану ғылымында ғана
емес, тіл білімінің әр түрлі саласында, оның ішінде стилистика мен
семасиологияда, сондай-ақ көркем мәтінді лингвистикалық талдау ыңғайында
қарастырылады.
Ұлттық тілдің ең жоғарғы дәрежесі - әдеби тілді дамытын, жалпыхалыктык
әдеби тіл үлгілерін өз шығармашылығы аркылы жетілдіру үлесі көркем сөз
иелеріне тиісті екені даусыз.
Шығармаларын қазақ әдебиеттану тұрғысынан ғана зерттеліп, линғвистикалык
тұрғыдан шығармаларына ғылыми талдау жасалмай келе жатқан акындар тілінің
лексикалық кұрамын, көркемдегіш тілдік кұралдардың лингвистикалық табиғатын
аныктау - ғылымға қосылған үлес болып табылмақ.
XIX ғасырдың соңы мен XX ғасырдың басында өмір сүрген, әдебиет тарихынан
орын аларлық, заманының көрнекті, айтулы акыны болған Молда Мұса
Байзақұлының поэзиялык мұрасына лингвистикалық ғылыми талдау жүргізудің
мәні зор.
Молда Мұса шығармаларының лексикасын, ақын колданған көркемдегіш
құралдардың сипатын, жүйесін, тілдік табиғатын қарастыру, зерттеу
тақырыбымыздың өзектілігін танытады.
Зерттеу жұмысының мақсаты мен міндеттері
Жұмыстың негізгі мақсаты - Молда Мұса Байзақұлының шығармалары лексикасының
тарихи - лексикологиялык негізін, көркемдегіш құралдарды пайдаланудағы
ерекшеліктерін аныктау, өзіндік қолтаңбасын табу. Осы мақсатқа
сәйкес төмендегідей міндеттерді шешу көзделді:
- Молда Мұса Байзақұлы өмір сүрген кезеңге, өміріне
шығармаларының зерттелу жайына шолу жасау;
- ақын шығармалары лексикасының тарихи - лингвистикалык
қабаттарын, олардың ерекшеліктерін айқындау;
- ақын шығармалары лексикасында қалыптасқан көркемдегіш
амал-тәсілдердің мәнін талдау.
Зерттеу жүмысының ғылыми жаңалығы:
- Молда Мұса шығармаларының лексикасы тарихи
этнолингвистикалық тұрғыдан зерттелді;
- ақын шығармаларындағы материалдық мәдениетке қатысты
этнографизмдер нақты тілдік деректер арқылы анықталды;
- ақын шығармаларындағы көркемдегіш құралдардың қолданыс мақсаты
айқындалды.
Зерттеудің әдістері мен тәсілдер
Зерттеу жұмысында баяндау, салыстыру, сипаттау, этнолингвистикалық зерттеу,
топтау, жүйелеу әдістері қолданылды.
Зерттеу дереккөздері
Молда Мұсаның 1987 жылы "Өткен күндер" деген атпен шыккан кітабы, "Бес
ғасыр жырлайды" (1989).
Зерттеу жұмысының нәтижесінде Молда Мұса шығармаларының лексикасына
байланысты 600-дей мысалдар жинақталды. Такырыпқа қатысты еңбектер,
сөздіктер пайдаланылды.
Жұмыстың құрылымы
Жұмыс кіріспеден, негізгі бөлімнен, қорытынды мен пайдаланылған әдебиеттер
тізімінен тұрады.
І Тарау. Молда Мұса шығармаларының көркемдегіш амал-тәсілдерінің тілдік
ерекшеліктері.
1.1. Молда Мұса шығармаларының зерттелуі.
Халқына танымал болған, артына елеулі әдеби мұра қалдырса да, шығармашылығы
аз зерттеліп, өз бағасын ала алмай келе жатқан ақындардың бірі - Мұсабек
Байзақұлы.
Мұсабек Байзақұлы өмір сүрген кезең - қазақ халқының әлеуметтік саяси,
экономикалық және мәдени өмірінде болған тарихи актілердің, түбегейлі
өзгерістердің, шиеленісіне түскен идеологиялық тартыстардың заманы болды.
Молда Мұса - туындыларын ауызша да, жазбаша да таратқан, яғни байырғы
поэзия дәстүрін жазба әдебиетке жалғастырған ақындардың бірі. Ақын мүрасын
зерттеген жас ғалым Зейне Оразбаева "Мұсабек Байзақұлының ақындық мұрасы"
атты еңбегінде оның мұрасынан қазақтың халықтық поэзиясына және шығыс,
батыс әдебиетіне тән жанрлар мен жанрлық түрлерді бөліп көрсетеді.
Олар:
1. Арнау.
2. Көңіл айту.
3. Жоқтау.
4. Талғау.
5. Сәлем хат.
6. Жазба айтыс.
7. Төкпе айтыс.
8. Сықақ - эпиграмма.
9. Мысал. Ю.Тәмсіл.
11.Рубағи.
12.Матхия (мақтау).
13.Дастан.
14.Саяси - әлеуметтік лирика.
15. Философиялық лирика.
16. Көңіл-күй (махаббат).
17. Табиғат лирикасы.
Молда Мұсаның айтыс жанрын жырлауда оның Манат қызбен және Бұдабаймен
айтысы ерекше көзге түседі. Ал эпикалық шығармалардан ең
көлемдісі - "Ер Шора". Ақын бүл екі бөлімді ұзақ эпикалық жырды өз
ерекшелігіне сай өз нұсқасында жырлаған.
Осындай артына әдеби мол мүра қалдырған Молда Мұсаның шығармашылығы
әдебиеттану ғылымы тұрғысынан ғана зерттеліп жүр.
Мысалы, Ә.Оспанұлының, Б.Кенжебаевтың. Р.Бердібаевтың, З.Оразбаеваның
зерттеулерін атауымызға болады. Ал лингвистикалық тұрғыдан зерттелмеген.
Осы олқылықты толтыру мақсатында Молда Мұса шығармаларының тіліндегі
көркемдегіш құралдарды зерттеуді нысанамызға алдық.
XIX ғасырдың екінші жартысында қазақтың мәдени өміріне ірі-ірі өзгерістер,
жаңалықтар еніп, соған сәйкес жазба әдебиет жанрлары туып, дамып отырды.
Осылардың даму барысында поэзия жанры әлі де басты роль атқарып отырды.
XIX ғасырдың екінші жартысындағы поэзия, бір жағынан, одан бұрынғы поэзия
дәстүрін жалғастыра ұластыра түссе, екіншіден, сапа жағынан да, сан жағынан
да мазмұн мен тақырып жағынан да жаңа қасиетке ие болып, жаңа сатыға
көтеріле бастады. Солардың басты өкілдері: Шөже Қаржаубайұлы, Орынбай
Кертағылүлы, Сүйінбай Аронүлы Мәделіқожа Жүсіпқожаүлы, Майлықожа
Сұлтанқожаүлы, Жаяу Мұса Байжанүлы, Ақан сері Қорамсаүлы т.б. ақындар
шығармашылығы Махамбет Өтемісүлы, Шернияз Жарылғасүлы, Шәңгерей Бөкеев т.б.
ақындық дәстүрін жалғастырып, одан әрі Ақылбай Абайұлы Құнанбаев, Мәшһур
Жүсіп Көпеев, Нұралы Нысанбайүлы, Мәсабек Байзақүлы т.б. ақындар
шығармашылығына ұласып отырды. Бұлардың баршасы қазақтың ауызша дамып
келген әдеби тіл үлгісін әрі қарай дамытушылар болды. Бірақ бұл дәуірде
қазақтың бұрынғы поэтикалық мектебі өзгеріссіз қалмады.
Ақындар творчествосының тақырып аясы да, мазмұны да, жырлау стильдері де
өзгеріске ұшырады. Әрине, ілгергі дәстүрден қол үзушілік жоқ: бұрыннан келе
жатқан кәнігі теңеу, метафора, эпитет сияқты көркемдік элементтерді көп
өзгертпей жиі пайдалану XIX ғасырдың екінші жартысындағы ақындарға тән.
Өлең өлшемінде де жаңалық жоқ: 7-8 буынды жыр ағымы мен 11 буынды қара өлең
болып келеді. Бұл кезеңде арнау өлеңдер мен портреттер, енді-енді көріне
бастаған пейзаждық өлеңдер орын алады. Бұларда затты, құбылысты, адамды,
оның мінез-құлқын, іс-әрекетін, сын-сипатын нақты суреттеу көзге түседі.
Аталған ақындардың біразы (Жанақ, Шөже, Майлықожа, Молда Мұса) жеке
туындыларымен қатар, айтыс өлеңдердің иелері. Бұл кездегі айтыс -
әлеуметтік мотивтерге барған жанр. Айтыстың сөз байлығы, көркемдік
құралдары да, тіпті көлемі де өзгерді.
Айтыс компоненттері көбінесе монологке ауысып отырады. Айтыспен бірге
ақындардың бірқатары әр алуан эпикалық шығармаларды (дастандарды, эпостық
жырларды) тудырушылар және таратушылар болды. Мысалы, Сүйінбайдың қырғыздың
"Манасын", Молда Мұсаның "Ер Шорасын", Шығыстың "Шахнамасы" сияқты т.б.
жырларды ел арасына таратуда еңбегі зор болды. Осы тұста пайда болған
дастан-жырлардың тамыры бұрынғы поэзия дәстүріне терең бойлап кетеді.
Авторлар образ таңдауда болсын, кәнігі сөздер мен тіркестерге иек артады.
Бұл кезеңдегі сипатты белгілердің бірі қазақ ақындарының дені мұсылманша,
кейбіреулері әрі орысша сауатты болды.
1. 2. Молда Мұса шығармаларындағы эпитеттер.
Екі заман куэсі болған Молда Мұса Байзақүлының қазақ әдеби тілін дамытудағы
роліне тоқталайық. Молда Мұса шығармашылығындағы лексиканың негізгі бөлігі
- тілімізде бүрыннан қолданылып келе жатқан байырғы сөздер. Поэзиямызда
сөздердің мағыналық аясын кеңейтіп, көркемдік мақсатта қолдану өрісін ашуда
Молда Мұса өзіндік стильдік ерекшелікке ие. Әрине бұл ерекшелік Молда
Мұсаның осы салада жасаған үлкен бір жаңашылдығынан көрінбейді, өзіне
дейінгі ақын-жыраулар шығармаларында бар тәсілдерді қалай қолдануының
сипатынан әрі қандай сөздерді көркемдік мақсатқа пайдалануынан көрінеді.
Өйткені Молда Мұса да сөздерді көркемдік мақсатта қызметке жегуде өзіне
дейінгі поэзия дәстүрін пайдаланады.
Тілдің аса пәрменді көркемдеу, бейнелеу тәсілдерінің бірі -эпитеттің
құрылымдылық, лексика - семантикалық, структуралық ерекшеліктері көптеген
зерттеуші - ғалымдардың аңбектеріне арқау болды. Мәселен, эпитет мәселесі
орыс тіл білімінде А.Зеленецкийдің, Л.И.Тимофеев, В.Сорокиннің,
Д.Э.Розентальдың қазақ тіл білімінде А.Байтұрсыновтың,
Қ.Жұмалиевтің, З.Қабдоловтың, Р.Сыздықованың, Қ.Өміралиевтің т.б.
еңбектерінде сөз болады.
Қазақ тіл білімінде тұрақты эпитеттің тілдік табиғатын арнайы қарастырған
Г.Ө.Мүқаметқалиеваның кандидаттық
диссертациясында эпитетке былайша анықтама беріледі: "Эпитет дегенміз -
екі немесе одан да көп компоненттен тұратын, өзара қабыса байланысқан,
көркем, бейнелі образды сөз тіркесі".
Демек, эпитет адамның не заттың, не табиғат құбылыстарының өзгеше
белгілерін көрсету, олардың бейнесін оқушылардың көз алдына елестету - ой-
қиялына әсер ету үшін қолданылатын көркем сөз образы.
Молда Мұса эпитет жасауда өзіне дейінгі жыраулардан ұзап кетпеген.
Эпитеттердің көбі халық жыр - өлеңдерінде кездесіп отыратын эпитеттер.
Мысалы: жалған дүние, опасыз дүние, сүм қара жер, өткен күн, өткен ғүмыр
т.б.
Қазақтың байырғы әдеби тілінде өмірді, өлімді перифраздау жиірек кездеседі.
Өмірді Молда Мүса бұл заман, алты күн жалған, опасыз бүл дүние, жалған
дүние, тар дүние, қарары жоқ дүние, қу дүние деп суреттеп атаса, о дүниені
қайырылмастай сапар, қозғалмайтын бір жай, анау жай ақірет деп атайды.
Бұл перифраздардың көбін өзіне дейінгі әдеби тілден алған.
Опасыз бұл дүниенің бостанында
Қалмайды ешбір дарақ сағы сынбай
("Өзіңді бұл дүниеде жолаушы біл").
Қаһары жоқ дүние үшін қайғылы боп
Өзіңе-өзің неліктен қыласың күш
("Өзіңді бұл дүниеде жолаушы біл").
Бес - алты күн жалғанда ой шығарып
Бекер жатып өлгенше абырой ал
("Большевиктің эділет бостандығы").
1. 2.1. Молда Мұсада түр-түсті білдіретін тұрақты эпитеттер көп кездеседі.
"Ақ" - бет, тамақ, бұлт, жүз, жібек, пейіл, некелі серік.
¥қсайды ақ бетіңіз атқан таңға
("Сырым қызға").
Ақ тамақ, иегі сүйір, беті қанды
("Қыз сипаты").
Қатарына ақ жүзі жарық болып
("Жолдас ұста").
Кедей досын ақ пейіл асырады
("Қайырымды қыз бен қайыршы").
"Қара" - жер, қас, тер, тас, күш, бұлт, құс.
Қара жерді ақыр кеп жастанарсың
("Қарекетке жаратқан адамзатты").
Қара қас, бадам қабақ, көзі нәркес
("Қыз сипаты").
Қалың қара бүлтқа кірген күндей
("Сырым қызға").
Қара термен көйлегі болды сауыс
("Қайырымды қыз ").
"Сары" - алтын, жылан.
Сары алтынға мен де қарық, сен де қарық
("Түзу терек").
"Қызыл" - гүлдей, тіл, түлкі, шақа.
Ашылған екі бетің қызыл гүлдей
("Сырым қызға").
Мақтанғанмен қызыл тіл
("Сүйгенімді сағындым ").
Күрең ат кетті мені тастады да
("Мұсабек пен Манат").
1. 2. 2. Молда Мұса бағалаушы эпитеттерді де қолданады.
"Суық" - самал, көз, темір.
Суық самал бетіне қонбаушы еді
("Адам мен аюдың достығы").
Илеген суық темір жіптей есіп
("Жолдас ұста").
Ол маған суық көзбен жаман қарап.
("Сұлу әйел мен молда").
"Алтын" - айдар, шоқпар, бесік, бас, жаға.
Алтын бесік сықырлап шіренгенде күшіне
("Шора батыр").
Тартқанмен алтын суын ділдә болмас
("Семірген есек").
Бектері алтын жаға оқалы еді.
("Жаңаның жақтырып").
Алжасып алтын басы болыпты жез.
("Опасыз жар").
"Болат" - кірпік.
Кермиық, меруерт тісті, болат кірпік
("Қыз сипаты").
Молда Мұса ақыр заман, жаңа заман, абат заман, дарқан заман, тарпаң заман
деген заманның кезеңдерін эпитет етіп қолданады. Не жалған дүние, қу дүние,
тар дүние деген эпитеттерді де қолданады. Олардан басқа қыз сипатын
сипаттауда алма мойын, бадам қабақ, қиғаш қас, түйме бас, жазық маңдай,
пісте мұрын, оймақ ауыз, күлім көз деген эпитеттер де Молда Мұса
өлеңдерінде ерекше орында тұрады. Жоғарыдағылардай эпитеттер сияқты өзінің
бейнелеуіш сөздерімен, көркемдегіш тәсілдерімен көрініп отыратын қатқан
көңіл, ең қатты, ащы лэззат, жуан білек, жүректі азамат, жан тер, қараңғы
тар жол, кок тұқыл, сақал-мұрты деген эпитеттерді де айтуға болады.
1.2.3. Молда Мұса шығармаларында дәстүрлі көне тәсіл-инверсияланған тіркес
аясында келетін эпитеттер жиі кездеседі: азуы кере қарыс арлан, мұрны тесік
түйе, жүрісі сұлу азада ат, қымбат баға гауһар, қымбат баға жар, шашы ұзын,
ақылы қысқа әйел, қүны қымбат байтал, ақылы жұрттан артық бір бала.
Ақылың жүрттан артық бір бала едің
Қимаймын жүзі бөтен жеті руға
("Сырым қызға").
Тоғайда жүруші еді бір жолбарыс
Өзі арлан, азуы кере қарыс.
("¥ры мен жолбарыс").
Қымбат баға біз гауһар ғылым деген
Осындай қымбат жар табылса
("Мұсабек пен Манат").
Әр түрлі адам екен ақылы бар
("Адалдық пен арамдық").
Ақ тамақ, иегі сүйір, беті қанды
Қара қас, бадам қабақ, көзі нәркес
("Қыз сипаты").
Суреттеудің бүл ерекше түрі Молда Мұсаны өзіне дейінгі поэзия тіліне
жақындастыра түседі. Тіпті, осы сияқты дәстүрлі тілдік белгілер, бедерлі
сөздер ақын тілін көнелендіріп тұрады.
Жалы жоқ жабы-шобыр озып кетті.
Қазан ат жалы кеткен жүйріктен де.
деген үзіндідегі суреттеу және осындағы тілдік тәсіл сонау XV ғасырда туған
жыр стилін еске түсіреді.
Сонымен, Молда Мұса жасаған эпитеттер өз ерекшелігімен, қасиетімен ақын
шығармаларында ерекше орын алады.
1. 2. 4. Сүлулыққа байланысты эпитеттер.
Адам мінезін, оның жақсы қасиеттерін, қаһарман бейнесін сипаттауда әр
қырынан көрінетін эпитеттер: алма мойын, бадам қабақ, қиғаш қас, түйме бас,
жазық маңдай, пісте мұрын, оймақ ауыз, күлім көз, бұраң бел, қырын жонды,
бөкен санды, ақ тамақ, меруерт тісті т.б.
Ақын осы эпитеттерді қыз сипатын, сыртқы келбетін, түр-тұлғасын сипаттау
үшін қолданады.
Мысалы, "Қыз сипаты" өлеңінде:
Бұраң бел, қыран жонды, бөкен санды,
Ақ тамақ, иегі сүйір, беті қанды
Қара қас, бадам қабақ, көзі нәркес,
Таба алмай іздеп жүрмін сондай жанды.
Түйме бас, жазық маңдай, пісте мұрын,
Жұқа ерін, оймақ ауыз, көзі күлім
Кермиық, меруерт тісті, болат кірпік
Осылай болса деймін қыздың түрін.
1. 3. Метафоралы сөз қолданысы.
Молда Мұса шығармаларында көркемдік тәсілдердің бірі ауыстыру (метафора)
кең қолданылған. Метафора - теңеу сияқты суреттеудің, сипаттаудың негізгі
бір тәсілі мұңды суреттеу, сипаттау, баламалау арқылы жасалады. Яғни,
суреттелетін объект өзге күллі дүниеден өзіне ұқсатылған балама табады.
Бірінші өзінің екінші образын, екінші өзін табады. Метафорада заттың,
құбылыстың әрекеті ұқсатпа, теңеме болады. Яғни, бірінде екі зат (зат,
құбылыс) теңдікке алынса, бірінде екі заттың әрекет-қимылдары теңдікке
алынады.
Тіл табиғаты, сөз мағынасы - күрделі құбылыс. Тілде сөз метафорамен
түрленіп, өңделеді, ажарланып, бейнелі құралға айналып отырады. Бұл ұғымды
жалпы филологиядағы түрлі сөздіктерде метафораға берілген анықтамалар,
теориялық пікірлер дәлелдей түседі.
Мысалы, "Тіл білімі сөздігінде": "Метафора - (грек mеіарһога -ауыстыру)"
троптың бір түрі, ұқсастық, сәйкестік және т.б. негізінде сөздер мен сөз
орамдарының ауыспалы мағынада қолданылуы (3, 220) десе, "Әдебиеттану
терминдер сөздігінде" мынадай түсініктеме беріледі: "Метафора, ауыстыру
(грек сөзі - ауыстырып қою" екі нэрсені, құбылысты салыстыру және
жинастырып - жақындату негізінде астарлы тың мағына беретін сөз немесе сөз
тіркесі. Мысалы, Абай өлеңдерінде кездесетін жастықтың аты, жүректің көзі,
дүние есігі, өмірдің әрі деген метафора үлгілерін айтуға болады" (4, 227).
Метафора зат, құбылыс, оның белгілерінің ассоциоциялануы, байланысуы арқылы
жасалып, ойдың дамуына, семантикалық процеске серпіліс береді. Ол заттардың
адам байқамайтын қасиеттерін байқауға көмектеседі. Сол арқылы адамның ойлау
дүниесінде күтпеген батыл ассоциациялар жасалады. Бұндай күтпеген, кенеттен
болған салыстырулар тілге, сол арқылы шығармаға ерекше көркемдік береді.
Молда Мұса шығармаларында жалғаусыз, жұрнақсыз бір нәрсені екінші бір
нәрсеге балау арқылы жасалатын метафораның жай түрі жиі қолданылады.
1. 3.1. Молда Мұса шығармаларында құс атауына байланысты метафоралар
кездеседі. Яғни, кейіпкерлер күсқа баланады.
Пұл - қаршыға қырымнан ілетұғын
("Қайраты бұл дүниенің мал менен пұл").
Мен бір сұңқар шүйілген
("Сүйгенімді сағындым").
Ат гауһар, бәйге сарап білмегіңе
("Октябьрге 14 жыл").
Жаһанда үшып жүрген сен бір ұзақ
("Мұсабек пен Манат", 95).
Ілетін қырғауылды қаршыға едік,
Біз болдық ұшым құстың бөктергісі
("Сондадағы өлмейді екен кісі", 38).
1. 3. 2. Жануарларға байланысты метафоралар Молда Мұса шығармаларында
көптеп кездеседі. Осыларды шартты түрде "Жануарлар" метафорасы деп атауға
болады. Ертедегі түрік көсемдері қадірлі де ұлы қолбасшының бойынан аңдарға
біткен он түрлі қасиеттің табылуын талап еткен. Осы дәстүрлі метафораны
Молда Мұса да қолданған.
Арыстан - аң патшасы. Көбінесе оның батылдығы алынады.
Жан жолдасың кетіпті арыстаның
("Қасекең болып өтті қараға жан", 80).
Бір арыстан келді деп
Қырылар қалмақ енді деп
("Ер Шора", 80).
1. 3. 3. Молда Мұса шығармаларында метафоралар, көмекші етістіктердің (еді,
едім, едің, екен) тіркесуімен жасалады. Мұндай метафоралар өтіп кеткен іс-
әрекеттердің, адамның қадір-қасиетін тануға, бағалауға жетелейді.
Халқыңа жалғыз нар едің
Қара күшке талмаған
("Бектүрсын би өлгенде").
Ерегіскен дұшпанға асусыз асқар
Таулардан аса бір соққан жел едің
("Бектүрсын би өлгенде").
Тісіміз өткір қайрақ болат еді.
("Жолбарыс пен түлкі").
1. 3. 4. Молда Мұсада түрік тілдерінде, оның ішінде қазақ тіліне тән
изафеттік қүрылыстағы анықтауыштық сөз тіркесі - матасқан метафоралар
кездеседі: көкірек, көңіл көзі, көңілдің тоты, халық тізгіні, жұрт тізгіні,
нәпсінің тілі, ғашықтық оты, ғашықтық дерті, жер желіні, ғылым шамы,
адамзаттың мәуесі, таңның құзғыны, күннің шырағы.
Құзғыны ұшты таңның алауланып,
Шырағы күннің шықты жерден жанып
("¥ры мен жолбарыс").
Көңілдің көзі ашылып Б
Бұлақтай қайнап ағарсың
("Қамданып қал").
1. 4. Теңеулер.
Қазақ тілі білімінде теңеу жан-жақты зерттелген. Қазақ тілі білімінің
түңғыш зерттеушісі А.Байтұрсынов: "Теңеу заттың, құбылыстың ерекше
белгілерін көрсетпей-ақ, оны басқа затпен, құбылыспен салыстыра
суреттейді", - деп көрсетеді (1, 363).
Қазақ тілі білімінде теңеуге толық талдау жасаған - ғалым Т.Қоңыров: Қазақ
теңеулері атты ғылыми монографиясында теңеудің бүкіл лингвистикалық
болмыстың, жасалу жолдары мен синтаксистік құрылымын, түрлерін жан-жақты
қарастыра отырып, теңеуге мынадай анықтама береді: "Теңеу дегеніміз - ұқсас
ортақ белгілердің негізінде бір затты екінші затқа салыстыру арқылы
сипатталушы нәрсенің бейнелік, көркемдік, эммоционалды -экспрессивтік
сапасын күшейтетін, сол нәрсені жаңа қырынан, поэтикалық қырынан танытатын
әрі стильдік тәсіл, әрі таным құралы.
Молда Мұсаның шығармаларында көркемдегіш сөз бедерлерінің ішінде теңеу
сөздері айырықша мол.
Молда Мұсаның көңіл-күй (махаббат) лирикасында "Сырым қызға", Сүйгенімді
сағындым", "Қыз сипаты", Манат қызбен айтысында қыздардың сүлулығын, арнау,
элегия - жоқтау, сәлем хат үлгісіндегі туындыларына, ел басшыларын
сипаттауға, мысал, сықақ өлеңдеріндегі жагымсыз кейіпкерлердің мінез-құлқын
беруде, сипаттауға теңеу сөз бірінші кезекте қызмет етеді.
Әрине, Молда Мұса өзі қолданған теңеу сөздерін қалыптасқан дәстүрлі үлгі-
формадан бөлек жаңа бір үлгі формамен жасамаған. Ол бұрыннан -дай, -ша
формалары арқылы (морфологиялық тәсіл) жасалган теңеулерді жиі қолданады.
Ал секілді, ұқсайды, пішінді деген сөздердің көмегімен жасалган теңеу
сөздер өте сирек.
1. 4. 2. Сәулелі қараңгы үйді жарық қылган
¥қсайды-ау ақ бетіңіз ақ таңға
("Сырым қызға", 1 к, 96 бет).
Жаһаннан асқан суретін Перінің қызы секілді
("Сүйгенімді сағындым", 194 бет, б.ғ.ж. 11 том).
Бұл дағы шұбатылған бейшара екен
Бір кейпі тап шешесі секілденген
("Наурызбайға" 1 к, 54 бет).
Молда Мұса өзі қолданған теңеу сөздерін халық әдебиетінде қалыптасқан
дәстүрлі формалары арқылы ғана жасалу үлгісі жағынан емес, қандаи сөздердің
теңеуге алынғандығы жағынан және нені теңеп, балап отырғандығы жағынан
қарастырылуы керек.
Молда Мұса қолданған теңеу сөздердің бір тобы - эпосты -батырлық жырларға
тән дәстүрлі теңеу сөздер. Мысалы, Молда Мұса арнау, толғау, жоқтау
жанрларындағы туындыларында елге қадірлі деген басшыларды сипаттауға қазақ
ұғымындағы ең биік теңеулерді қолданған.
Қаңтардағы бурадай
Дұшпанына шабынған.
Қарғушы еді жасқанбай
Түлпардай терең арнадан
Жолбарыстай шапқанын
Тұрғызбастан шайнайды.
Арыстандай талабы
Айға да қолын сермеген.
Жайнап шыққан жасынан
Сексеуілдің шоғындай.
Түскен жерін ұстатқан
Зеңбіректің оғындай.
Дұшпанға деген қаһарын
Аспаннан түскен жасылдай.
Айбынды болдың алысқа
Алатаудың басындай.
("Жайнап шыққан жасынан", 1 к, 76-79 беттер).
Осы сияқты кейіпкерін, оның әрекетін табиғат құбылысына, аңға, құсқа,
өсімдіктерге салыстыра теңеу ежелден келе жатқан тәсіл.
Молда Мұса өзіне дейінгі поэзияда жасалған дүниені сол қалпында жолма-жол,
сөзбе-сөз қайталамай, дәстүрлі ортақ үлгі модельде алады.
Ақын өлеңдеріндегі әйел сүлулығының дәстүрлі тұрақты теңеулермен берілуі:
-ақ, -қызыл.
Бетін қызыл қарға қан тамғанындай
("Сырым қызға", 192 бет, б.ғ.ж. 11 том).
Аймалап сипар күн қайда
Қардай аппақ етіңді?
("Сүйгенімді сағындым", 1 к, 11 бет).
Молда Мұса теңеулері, яғни, теңеуге алынатын сөздері қазақтың тұрмысына
лайық, оның көшпелі тіршілігіне, малшылық, аңшылық кәсібіне, даласына тән
сөздер. Теңелетін объект топ-топқа бөлінеді. Ақынның көзқарасына қарай
объектілердің бір тобы жоғары асыра теңеу тауып, қасиетті нәрсеге байланып
жатса, бір тобы төмендетіліп, кеміте теңеліп, болымсыз, ұнамсыз нәрсеге
байланып жатады.
Мысалы, ұнамды кейіпкерлеуі ел басшылары: түлпардай қарғиды, жолбарыстай
шайнайды, бурадай дұшпанына шабынған, ақ бөкендей ағызып жатады. Ал ұнамсыз
кейіпкерлер -аю, мысық, қой, күшік, ит, қоян, жылан, есек, құрбақа сияқты
ұнамсыз, болымсыз, әлсіз тіршілік иесіне теңеледі.
Бөрідей иттер ұлыды
Күшіктей түлкі үреді.
("Ер шора", 2 к, 43 бет).
Надан достық достығы аюдай-ды.
("Адам мен аюдың достығы" 202 бет, б.ғ.ж.П том).
Мысықтай боп ұрланып
("Ащысай", 53 бет, 1987, жинақ).
Ақын- құстардан қыран құс, аш бүркіт, қарға, ителгі, сұңқар, лашын, ақ
тұйғын, қоңыр қаз, қырғауылды, бөктергіні, қаршығаны, тоты
құсты теңеуге алады.
Сол уақытта шұбар ат
Қалтаңдай басып қарғадай
("Ер шора", 2 к, 42 бет).
Сұңқардай құрағытқан бауын түтіп,
Дәулетсіз қор болды ғой қайратты ұл
("Қайраты бұл дүние мал менен пүл",13 бет, 1987).
Бастықтар көрді бұл жайды
Қыран құстай Қырымнан
("Ащысай", 53 бет, 1987 жинақ).
Молда Мұса өлеңдерінде адамға қатысты теңеу сөздер молынан кездеседі.
Кедейлерің қүрметті Атымтайдай
Патшадай салтанатты байларыңыз!
("Қызылқұмның елі еді", 1 к, 13 бет).
Мазақ қып адамзатты қорлай берді
Кісідей әзілдескен құрдасына
("¥ры мен жолбарыс", 1 к, 87 бет).
Сұлу қыздың шашындай жолдар болса,
("Адам түгіл алдайды періштені", 29 бет, 1987).
Күн тимеген саяда,
Жанышадай қыздарын
("Жайнап шыққан жасынан", 1 к, 77 бет).
Тақырдай тәкаппарлық болса кімде
Иман жоқ мақшар күні ол кісіде
("Семірген есек", 73 бет, 1987 жинақ).
Заманында бар екен қариясы,
Өзі әйел, ағарған қардай шашы
("Түзу терек", 202 бет, б.ғ.ж. 11 том).
1. 4. 3. Аспан денелері: ай, күн, жүлдыз теңеуге алынады.
Жүлдыздай болып жалтырап
Көргеннің кетер әуесі
("Табиғат тамашалары", 197 бет, б.ғ.ж. 11 том).
Әлде қандай адамға қор боласың?
Қалың қара бұлтқа кірген күндей!
("Сырым қызға", 193 бет, б.ғ.ж. 11 том).
Ақын өлеңдерінде су, дария, бұлақ, көл теңеуге алынады.
Кей жаман ел білмейтін судай тасыр
("Тышқан мен түйе", 199 бет, б.ғ.ж. 11 том).
Көңілдің көзі ашылып
Бұлақтай қайнап ағарсың
("Қамдалып қал шар тартпай", 47 бет, 1987 жина
1. 4. 4. Тұрмысқы қажетті құралдар мен жиһаздарға байланысты туған теңеулер
де ақын өлеңінде жиі кездеседі.
Тұлғыннан шыққан от,
Болатқа ұрған балтадай
Жануардың үсті жай
Төрт аяқты арбадай
("Ер Шора", 2 к, 42 бет).
Тұл қаршыға қырымнан ілетүғын
Тасқа салсаң таспадай тілетұғын.("").
("Қайраты бұл дүниенің мал менен пұл"1 к, 20 бет").
Молда Мұса шығармаларында тауға теңеу де кездеседі.
Асқар таудай салмағы кідіргенде
("Ақыл қуат табады ...", 46 бет, 1987 жинақ).
Таудау түйе қаңбақтай болып ұшты
("Тышқан мен түйе", 57 бет, 1987 жинақ).
1. 4. 5. Молда Мұса шығармаларындағы табиғаттағы пайдалы кендерге
байланысты теңдеулерді қолдануы.
Өлеңде алтын, мыс, күміс, сынап, тасқа теңеу, балау жеткілікті.
Қымбаттар алтын, күмістей
("Талапты жастар, 49 бет, 1987 ж. жинақ").
Он саусағы күмістей, тартқан сымдай
("Қайырымды қыз бен қайыршы,201 бет б.ғ.ж.").
Қимылды іс-әрекетті білдіретін етістіктерді образдау, теңеу ақын
шығармаларында қолданылады.
Жүйріктің өршіп шығар шабысындай
("Өзіңді бұл дүниеде ...25 бет, 1987 ж. жинақ ").
Жүрегі май жегендей шайлығады
("Сұлу әйел мен молда. 92 бет, 1987 ж. жинақ ").
1. 4. 6. Тіліміздегі мен, сен, біз, сіз, ол есімдіктеріне дай, дей формасын
жалғау арқылы қолданылған демеу сөздер кездеседі.
Шықпайды неге атың мендей тусаң?
("Тышқан мен түйе,198 бет, б.ғ.ж. 11 тарау").
Шөгерсің бұлт болсаң біздей тауға
("Мұсабек пен Манат, 99 бет, 1987ж. жинақ").
1. 4. 7. Ал - ша формалы теңеу Молда Мұса шығармаларында үш-ақ жерде
кездеседі.
Қатынша киіп алып киімдерін
Гулетіп тарта берді диірменді
("Сұлу әйел мен молда. 1 - кітап, 92 бет").
¥ялмай балаларша сақалыңмен,
Сөз қылып келініңді не қылғаның?
("Сұлу әйел мен молда. 1 - кітап, 93 бет").
Ғылымды халық өнермен аспанға ұшып,
Балықша сүңгіп жүрер суға түсіп
("Ақыл қуат табады ғылымменен, 46 бет, 1987ж.").
1. 4. 8. Молда Мұса өткен ғасырдың соңғы ширегінде етек алған шығыс
әдебиеті әсерімен келген білім-түсініктерді де образ жасауға қатыстырады.
Мысалы: "Қыз сипаты", "Сүйгенімді сағындым", "Сырым қызға" деген махаббат
лирикасына жататын өлеңдерінде:
Суретің асқан жаһаннан
Періште хорлар пішінді
("Сүйгенімді сағындым, 194 бет, б.ғ.ж.").
Жаһаннан асқан суретің
Перінің қызы секілді

Көңілді ашар дидарың
Көктемгі баһар самалдай
("Сырым қызға, 194 бет, б.ғ.ж.").
Молда Мұса жаһан, періште, хорлар, лэззат, ұрият, мархабат, шэхит, насихат,
сөз, нақыл, хүкім, кәріхана, рәсім, мүбәрәк, рабат, ғанибет сияқты сөздерді
еркін және жиі қолданған.
1. 5. Метонимияның берілуі
Ғалымдардың бәрі дерлік өзара ұқсастық пен жақындық негізінде бір заттың
орнына екінші заттың немесе құбылысты алмастырып айтуды метонимияға
жатқызады. Заттың немесе кұбылыстың тек бір жағын, я болмаса бөлшегін атай
отырып, ойдағы затты түгелімен елестету де осы алмастырып айту.
Яғни метонимияның өзге троп түрлерінен негізгі айырмашылығы да, өзгешелігі
де осы. А.Байтұрсынүлының метонимия деген терминді алмастыру деп
қазақшалауы осы өзгешелікті дөп басады.
Қазақтың тіл білімінің негізін салушы А.Байтұрсынов метонимияны былайша
түсіндіреді. "Арасында жақындығы бар екі нәрсенің атын ауыстырып, бірінің
орнына бірін айту, алмастыру, ауысу (яғни метонимия) деп аталады (7, 147-
173). Осы сияқты тұжырымдар З.Қабденов, М.Белбаев, С.Хасановалардың да
еңбектерінде айтылған.
"Метонимия - троп, в котором место названия одного предмета дается названия
другого, находящегося с первым в отношнии ассоциации по сменности" (СЛТ,
19) - деген пікірді белгілі бір дәрежеде қорытынды түйін деп қарауға
болады.
Ғалым Л.Нұржекееваның еңбегіне сүйене отырып, метонимияны грамматикаға
байланысты қарастырып, метонимия жасайтын сөз топтарының
лексикалық-грамматикалық ерекшеліктеріне төмендегіше тоқталдық.
1. 5.1. Сын есімдердің метонимия ретінде қолданылуы
Сөз шеберлерінің шығармаларында ойды бейнелі, әсерлі етіп жеткізу үшін сын
есімдерді метонимиялы түрде колданған. Сын есім сөздер заттанып барып
метонимия жасайды.
Мысалы Жаман парқы жақсыдан бөлек деген.
(Адам мен аюдың достыгы, 48).
Бұрынғы жақсылардың бір мақалы
"Надан до стан - дұшпаның зерек" деген
("Адам мен аюдың достыгы").
Береке осы күнде момында жүр,
Мал бағып момын байгүс амалдап жүр
("Сайлау деген елге бір бүлік болды").
Бір бақыл бай бар екен сараң болған,
Есігіне еш кедей бара алмаған
("Қайырымды қыз бен қайыршы, 45").
Бір жігіт Көтеншіден таппадың ба,
Күзеген сақал-мұртын қуға тиіп
("Сырым қызға, 78").
Тақсыр-ау, сіз бір ұлық, біз бір нашар,
Кей жаман ел білмейтін судай тасар
("Тышқан мен түйе").
Іріктеп көріктісін пұлға сатып
("Сайлау деген елге бір ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz