Қазіргі заман жастарының рухани-адамгершілік құндылық мәселесінің өзектілігі


Пән: Мәдениеттану
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 146 бет
Таңдаулыға:   

Мазмұны

КІРІСПЕ 3

1 ЖАСТАР СУБМӘДЕНИЕТІНІҢ РУХАНИ-АДАМГЕРШІЛІК ҚҰНДЫЛЫҒЫНА ТАЛДАУ ЖАСАУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ-МЕТОДОЛОГИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ

1. 1 Жастар субмәдениеті қазіргі қоғамның маңызды әлеуметтік ресурсы ретінде 10

1. 2 Жастардың рухани-адамгершілік құндылықтары классикалық және заманауи теориялық концепциялары контексінде 21

2 ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ЖАСТАР ҚАЗІРГІ ҚОҒАМНЫҢ СОЦИОМӘДЕНИЕТТІ ТРАНСФОРМАЦИЯЛАУДЫҢ БЕЛСЕНДІ СУБЬЕКТІСІ РЕТІНДЕ

2. 1 Қазақстандық жастардың құндылықты нормативті жүйелерін асыра бағалау процестері 43

2. 2 Қазақстандық жастардың құндылықтық қалауларының қалыптасу ерекшеліктері 54

2. 3 Қазақстан Республикасы жастарының әлеуметтік маңызды құндылықтарын салыстырмалы талдау 68

ҚОРЫТЫНДЫ 116

Пайдаланған әдебиеттер тізімі 122

Қосымша А 129

Қосымша Ә 148

КІРІСПЕ

Жұмыстың жалпы сипаттамасы. Диссертациялық жұмыс қазіргі уақыттағы Қазақстан жастарының құндылықтық бағыт жүйесіндегі дүниетанымдық, саяси, адамгершілік сенімдерінің қалыптасу ерекшеліктеріне талдау жасауға арналған.

Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Қоғамның әлеуметтік, экономикалық және рухани салаларында болып жатқан өзгерістерге, ең алдымен қазіргі заман жастарының әлеуметтік бейнесіне айтарлықтай ықпал етіп отырған құндылықтық, әлеуметтік басымдықтарға кешенді талдау жасау қажеттілігіне негізделген. Қарастырылып отырған мәселеге келудегі авторлық көзқарас жастар едәуір сезімтал және динамикалы әлеуметтік топ болып табылады. Өзгерістер дәуірінде есейе отырып, олар болашақта бүкіл социумның құндылықтық моделіне айналатын аксиологиялық жүйені қалыптастырады. Қазақстан жастары демократиялық құндылықтар жүйесін саналы түрде қабылдап, заманауи қоғамның әлеуметтік-экономикалық және саяси түрленуіне белсенді түрде ат салысқанда ғана әлеуметтік ресурс бола алады.

Алайда, өтпелі кезең жағдайында жастардың жоғарыда аталған ресурсқа айналуы демократиялық құндылықтарды саналы түрде қабылдағанда, қазақстан қоғамының әлеуметтік-экономикалық және саяси түрленуінің жүзеге асуына белсенді түрде қатысқан жағдайында ғана мүмкін болады.

Нарықтық экономикаға, азаматтық қоғамға өту әлеуметтік институттардың реформалануын ғана емес, жаңа құқықтық және экономикалық нормалардың пайда болуын да қарастырады. Сондықтан да әлеуметтік өзгерістердің аталған процесіндегі маңыздысы жаңа құндылықтық нормалармен бағыт ұстаудың генерациясы болып табылады. Жастардың жаңа құндылықтарды, нормаларды және модельдерді интернализациялау процесі ерекше маңызға ие, өйткені бұл топ өмірлік өзін өзі анықтау процесінде тұр, олардың алдында болашақ мамандығын таңдау, болашақ мансабын, өмір сүру үлгісін, өз болашағын таңдау тұр. Мемлекет өзгерістерінің нәтижелігі көпшілігінде жастардың белсенділігіне, олардың кәсіби биіктікке мақсат қоюына, өз өмірін жақсартуға деген тілегіне байланысты болады.

Трансформациялық процестер жастар арасында, социомәдени өндірісте жастар рөлінің өзгеруінде біршама анық байқалып жүр. Қазақстан Республикасының Президенті Н. Назарбаев өзінің «Қазақстан 2030» стратегиялық бағдарламасында Қазақстан халқына жүгіне отырып, негізгі басымдықтар ретінде келесілерді белгіледі: еліміздің болашағы ретінде жас ұрпақты тәрбиелеу, жоғары білім деңгейі, ұлттың рухани-адамгершілік, интеллектуалдық және мәдени дамуы, денсаулығы. Қоғам өмірінің барлық саласына ықпалының күшеюінен көрініс тауып жүрген қазіргі заман мәдениетінің жасаруы, ювентизация, инфантилизация сияқты сипаттамаларының пайда болуы белгілі-бір қызығушылық тудырады. Осы орайда, қазіргі қоғамдағы жанжалдық құбылыстардың өсу үрдісін жастармен байланыстырады. Қандай болғанда да, жастарды зерттеу болашақты түсіну жолдарын, оның мүмкіндіктерін және модельдеу формаларын іздестірумен байланысты. Жастар қоғамның біршама динамикалық бөлігі бола отырып, болашақ әлеуметтік шындықты қалыптастырушы әлеуметтік топты құрайды. Қазіргі заман жастарының социомәдени бағыт ұстау процесі векторын маңыздылау социологиялық талдау шеңберінде нәтижелі болмақ.

Социомәдени жастар бағытының аумақтық процестерін мәндестіру қазақстан жастарының етенелестігінің барлық сан алуандығында құндылықтық бағыты туралы тұтастай ойды қалыптастырады.

Социологиялық зерттеудің объектісі. Қазақстан Республикасы жастарының құндылықтық бағыт жүйесі.

Зерттеудің пәні. Жастардың құндылылықтық бағытының ерекшелігін, дүниетанымдық, адамгершілік және мәдени идеалдарын өзгертетін аумақтық контекстегі әлеуметтік институттардың жас ұрпаққа ықпал ету түрлері мен әдістерін, социомәдени процестерді құрайды.

Зерттеудің мақсаты мен міндеттері. Қазіргі заман жастарының рухани-адамгершілік құндылық мәселесінің өзектілігі, олардың теориялық-практикалық маңыздылығы және айтарлықтай жетілмегендігі авторға диссертациялық зерттеу тақырыбын таңдауға негіз болды. Қазіргі таңдағы теория мен практиканың қажеттіліктерін ескере отырып, диссертант жастардың рухани-адамгершілік құндылықтарының біршама маңызды теориялық-әдістемелік және практикалық мәселелерін, олардың тұлғалық фактордың қалыптасуындағы рөлі мен маңызын зерттеуді алдына мақсат етіп қояды. Алға қойған мақсатқа қол жеткізу келесі зерттеушілік міндеттердің шешілуін қарастырады:

- қазіргі қазақстандық қоғамдағы рухани-адамгершілік құндылықтардың өндірісі мен дамуы механизміндегі жастардың маңыздылығын жалпылау;

- әлеуметтік-философиялық ойлар тарихындағы рухани-адамгершілік мәселесіне теориялық көзқарастар эволюциясына концептуалды талдау жасау;

- рухани-адамгершілік құндылықтардың мәні мен мазмұнын ашу, әлеуметтік шындықты меңгерудегі, тұлғаның қалыптасуындағы олардың орны мен рөлін анықтау;

- оңтүстік қазақстан жастарының рухани-адамгершілік құндылықтарының орнын анықтау, рөлі мен маңызын көрсету;

- Қазақстан Республикасы жастарының рухани-адамгершілік құндылықтарының орнын анықтау, рөлі мен маңызын көрсету;

- жастардың әлеуметтік шығармашылық мүмкіндігін біршама толық жүзеге асырудың болжамдық технологиясын әзірлеу.

Мәселенің зерттелу дәрежесі. Жастардың, олардың құндылықтық бағытының мәселелері шет ел және отандық ғылыми әдебиеттерде белсенді зерттеліп жүр. Осы мәселелер негізінде жастардың өмірлік стратегиясының концептілері әзірленуде.

Руханилық, рухани-адамгершілік құндылықтар мәселесінің аксиологиялық аспектіне батысеуропа философиясының көрнекті өкілдерінің еңбектері арналған. Олардың арасынан Г. Гегельді, Э. Гуссерлді, У. Джеймсті,
С. Къеркегорды, Ф. Ницшені, Ж. -П. Сартрды, Э. Фроммды, М. Хайдеггерді,
А. Шопенгауэрді, О. Шпенглерді, К. Ясперсті атап өту керек.

Классикалық әлеуметтануда өмірлік стратегиялар ұғымы әлеуметтік ойлардың әртүрлі ағымдарында көрініс тапты. П. Бергердің, Т. Луманның,
А. Щюцтің еңбектерінде тұлғаның «өмірлік әлемінің» субъективтілігінің және концепциялары феноменологиялық дәстүрде қолданылды [1, 2 б. ] . Осы жолдың шеңберінде өмірлік кеңістікті құндылықтық өзектілеудің критерилері анықталады. Э. Гидденстің, В. А. Ядовтың еңбектерінде белсенділіктің сипаттамасы рецептивті, қол жетілген, шығармашылық стратегия [3, 4 б. ] негізінде адамдар қызметінің элементі ретінде талданады, ал оның басты сапасы белсенділік болады. Кеңестік әлеуметтануда рухани құндылық мәселесі ХХ ғасырдың 70-ші жылдары ғана қолға алына бастады. Г. В. Осипов ХХ ғасырдың 60-70 жылдары құндылықтық бағытты зерттеуге өлшеусіз үлес қосты [5] .

«Жизненная стратегия» ұғымына алғашқы концептуалдық анализді
К. А. Абулханова-Славская әзірледі. Автор өмірлік стратегиялардың типологиясын жіктей отырып, өмір стратегиясының маңыздылығы мен негізгі сипаттарын анықтады [6] . М. Н. Руткевич пен Л. Я. Рубиннің ұсынған тұлғаның өмірлік жоспарларының концепциясында өмірлік бағдарлардың әлеуметтік-статустық құрамын зерттеуге қызығушылық анықталған. Ғалымдардың көзқарасына сәйкес, өмірлік стратегиялардың субъективтілігі қоғамның объективті қажеттіліктері мен жастардың өмір сүру шарттарының салдары болып табылады [7] . Индивид әрекетінің бағытын, қарқынын анықтаушы өмірлік стратегияның негізгі элементтері ретінде құндылықтық бағыттар мен мақсаттар И. А. Сурин мен Г. П. Выжлецовтың еңбектерінде айтылады [8, 9 б. ] . Г. А. Чередниченконың еңбегінде өмірлік стратегияның элементтері ретінде индивидтің өмірлік мақсаты мен жетістіктерін репрезенттеуші индикаторлар ретінде міндеттер мен ресурстар бөлінген [10] .

И. С. Конның, С. Н. Иконниковтың, В. Т. Лисовскийдің еңбектерінде өмірлік стратегиялардың құрылымы жастардың ерекше әлеуметтік-демографиялық, ұрпақтық және экономикалық топтарына сай зерттеледі [11, 13 б. ] . Өмірлік стратегиялар құрылымында студент жастардың құндылықтық бағытының ауысуы мәселесіне А. В. Лисовский, В. Т. Лисовский, М. Н. Руткевич ерекше орын береді [14, 15 б. ] .

Жастардың әлеуметтенуінің социомәдени және саяси мәселелеріне ТМД елдерінің қазіргі кездегі көптеген ғалымдарының еңбектері арналған, солардың ішінде атап өтер болсақ: М. Ю. Несмелов, Т. В. Земрах, Ю. В. Борисов [16, 18 б. ] .

Қазақстандық әлеуметтану ғылымы үшін өзекті мәселе болып отырғаны жастардың құндылықтың бағытының әлеуметтік шарттарына, қалыптасу тетіктеріне, мазмұндық сипатына және типологиялық ерекшеліктеріне кешенді талдау жасау мәселесі болып отыр. Сонымен, жастар мәселесін зерттеудің әдістемелік және қолданбалы аспектілері қазақстандық - М. С. Әженовтың,
К. У. Биекеновтың, К. Ғ. Ғабдуллинаның, О. Нұсқабаевтың, М. Ф. Пузиковтың, Л. Н. Қасымованың, Н. М. Нысамбаевтың, Н. Калашникованың еңбектерінде әзірленуде [19, 26 б. ] .

Л. Ю. Зайниеваның, Ш. Омаровтың, Ұ. Е. Сыдықовтың мақалаларында жастардың саяси әлеуметтенуіне, мемлекеттік жастар саясатының нәтижелігіне талдау жасау көрсетілген [27, 28 б. ] .

Көптеген зерттеушілердің ғылыми мақалаларында мәселенің жекелеген аспектілері көрініс тапқан. Сонымен, Ш. Е. Жаманбалаеваның,
Д. К. Қазымбетованың, Ж. М. Лядневаның еңбектерінде жастар арасындағы адамгершілік құлдырауға тереңінен талдау жасалған, жастардың нормативті санасының сипаттары анықталған [29, 33 б. ] .

З. Ж. Жаназарованың, Г. С. Абдирайымованың А. С. Сарсенбаевтың,
Г. Т. Телебаевтың, Д. А. Калетаевтің, С. А. Золотухиннің еңбектерінде Қазақстан жастарының трансформациясының әлеуметтік, саяси, құндылықтық және этникалық аспектілерінің мәселелері қарастырылады [34, 38 б. ] .

Сонымен қатар, жастардың рухани құндылығының қалыптасуын зерттеудегі социологиялық жол қазіргі кезде жеткілікті әзірленбеген . Айта кету керек, жастардың құндылықтық бағытын зерттеудің объектісі ретінде зерттеу пәнаралық болып табылады. Социологиялық талдаудың өзі ең алдымен социологиялық ұғымдардың кешендік жүйесін құруды және зерттеудің белгілі-бір бағыттарын жетілдіруді қарастырады.

Осыған орай мынаны айта кеткен маңызды, жастардың құндылықтық, рухани бағдар ұстануы мәселесі жүйелік түрде дербес зерттеудің объектісі болған жоқ. Осылайша, қазіргі заманғы отандық әлеуметтануда жастардың аумақтық құндылықтық бағытының ерекшелігінің қалыптасу мәселесі алдыңғы орындарды алғанына қарамастан, оны зерттеуде белгілі-бір алшақтықтың бар екендігін айтуға болады. Бұл жағдай зерттеудің тақырыбын, мақсатын және міндеттерін таңдауға түрткі болды.

Зерттеудің теориялық-әдістемелік негізі жастардың құндылық бағдарының құрылуына ықпал ететін институционалды процестердің, құрылымдар мен тетіктерді зерттеуге мүмкіндік беретін жүйелік анализдің принциптері; бір жағынан әлеуметтік ортаға құндылықтық бағыттың трансформациясы процестерін қарастыруға бағытталған құрылымдық-функционалдық жол, екінші жағынан олардың қоршаған ортаға әлеуметтік-түрлендіруші мүмкіндіктерін анықтау болады.

Зерттеудің ақпараттық базасы. Қазақстан Республикасының статистика жөніндегі Ұлттық Агенттігінің мәліметтері, Қазақстанның 1997-2002 жылдар арасындағы адамзаттық даму жөніндегі есептің, 2007-2008 жылдардағы қазақстандық БАҚ-ын контент-талдауы, ТМД елдері мен Қазақстан Республикасының зерттеу орталықтарының жүргізген зерттеулері нәтижесінде, сондай-ақ, диссертант әзірлеп, 2008 жылы жүзеге асырған социологиялық зерттеудің нәтижелері бойынша қалыптасты.

Алынған нәтижелердің сенімділігі зерттеудің бастапқы көзқарастары мен теориялық ережелерінің әдістемелік жалпылануымен, қойылған мәселені шешуге жүйелік жолмен келумен, нақты-социологиялық зерттеу бағдарламасын ұйымдастыру сипатымен, зерттеудің жалпы ғылыми және нақты әдістерінің бірлігімен зерттеудің міндеттеріне, объектісіне және логикасына, іріктеу көлемінің репрезентативтілігіне, эксперименталды мәліметтердің статистикалық маңыздылығына негізделген.

Жұмыстың ғылыми жаңалығы. Қоғамның трансформациясы жағдайындағы қазіргі Қазақстан жастарының рухани-адамгершілік сипаттамаларының құндылықтық қалаулары мен ерекшеліктерін зерттеудің концептуалдық жолымен анықталады, ол келесіде көрініс тапқан:

- социологиялық зерттеудің объектісі ретінде қазіргі қазақстан жастарына социологиялық талдау жүргізілді, ол социомәдени өндірістегі оның рөлінің өзгеру сипатын анықтауға мүмкіндік берді және де осы әлеуметтік топтың депривация, тума белсенділік, креативтілік, конфликтогенділік сияқты сипаттамалар анықталды;

- жаңарушы қоғам жағдайында жастардың өзгеріспен, дәстүрмен және жаңалықпен ынтымақтастығы ретінде социомәдени өндірістің табиғатын түсіну ұсынылған;

- қазақстан қоғамының трансформациясы кезеңіндегі жастардың рухани-адамгершілік ахуалының негізгі факторлары анықталды;

- жастардың құндылықтық бағдарының қалыптасуының негізгі әлеуметтік тетіктері анықталды;

- отбасылық немесе отбасылық-кландық ресурстан кәсіби-еңбектік жүзеге асудан бой түзейтін өмірілік стратегиялардың тәуелділігін анықтайтын жастардың құндылықтық қалауына аймақтың социомәдени ортасының ықпалы нақтыланған;

- жастар құндылықтарының динамикасы мен аумақтық ерекшеліктерді ескере отырып, саяси ұстанымдарының динамикасы зерттелді. Жастар санасында мемлекеттік-патерналистік бағдарлар айтарлықтай сөніп, өз мәселелерін өз күші мен құндылығына арқа сүйеп шешу үрдістері және елдің жаңа ұрпағында қалыптасып келе жатқан тиісті жаңа маңыздылықтар артып келе жатыр.

Зерттеу жұмысы бойынша қорғауға ұсынылатын тұжырымдар:

- жастардың артып келе жатқан әлеуметтік дифференциациясы әлеуметтік-демографиялық қана емес, социомәдени белгілері, құндылықтық бағдарының мазмұны мен қазіргі өмірлік ахуалға бейімделу тәсілдері бойынша да әртүрлі жастар тобының бөлініп шығуын анықтайды;

- жастар айтарлықтай дербес, белсенді шығармашыл күш және әлеуметтік өзгерістердің агенті болып табылады. Жастың әлеуметтік-психологиялық ерекшеліктері (белсенділік, қозғалысты, лабильділік, максимализм), сондай-ақ, әлеуметтік жағдайдың ерекшеліктері (маргиналдылық, әлеуметтік құрылымға тамырламау) әлеуметтік шығармашылықтың шарты мен алғышарты болып табылады және жастарды әлеуметтік тәжірбиелеуге қабілетті және әлеуметтік іс-әрекет пен өмір стильдерін үлгілері мен модельдерін сынай алатын әлеуметтік топқа айналдырады;

- тұтасымен алғанда жастарға демократиялық және дәстүрлі-патерналистік құндылықтардың қарама-қарсы үйлесуі; тәртіптің, заңдылықтың, қауіпсіздіктің дәстүрлі құндылықтарына сенудің жоғары деңгейі тән. Нарықтық қоғамдағы ұзақ мерзімдік өмірлік стратегияларды ұстаған жастардың көпшілігі осы дәстүрлермен ұшырасады;

- Оңтүстік Қазақстан жастарының рөлінің өзгеру ерекшелігі тұтастай факторлар жиынтығына негізделген: мәдени трансляцияның үстемдік етуші тетіктеріне, ұрпақтардың өзара қарым-қатынасының стилімен, әлеуметтенудің арналарымен, сондай-ақ социомәдени өзгерістердің заманауи үрдістерімен. Қазіргі кездегі социомәдени өзгерістердің темпі жастардың мәдени, әлеуметтік рөлдерінің асинхрондылығының артуына алып келіп, жастардың социомәдени өндіріске толыққанды қатысуына маңызды ресурстардың жетіспеушілігінің өсуіне негіз болады. Депривация қазіргі заман жастарының социомәдени өндірістегі рөлдерінің айтарлықтай сипаттамаларының бірі болып отыр. Осыған орай олардың іс-әрекетіндегі девианттылықтың сан алуан түрде көрініс беруінің артуын анықтайтын жастар жанжалдылығының артуында, қазіргі заманғы әлеуметтік практикада жастардың белсенділігі мен шығармашылығының өсуімен қиындықтар көптеп орын алып отыр;

- жастардың рухани-адамгершілік және әлеуметтік құндылықтарын асыра бағалау әлемнің жаңа нақтылықтарға бейімделуінің ортақ процесінің бөлігі болып табылады. Оның іске асуы көпшілігінде бүкіләлемдік заңдылықтарға байланысты, алайда ол ерекше этноәлеуметтік формада іске асады.

- аумақтық менталдылық дәстүр үлгілерінің, ұғымдарының, ұстанымдарының жүйесі ретінде әртүрлі әлеуметтік топтардың, соның ішінде жастардың қоршаған ортаға, әлеуметтік-еңбектік тәжірибеге, әлеуметтік естеліктерге, өмірлік стратегияларға және оның болашағына деген қарым-қатынасын анықтайтын белсенді қызмет етуші феномен болып табылады. Ментальдықты талдаған кезде жастар өздерінің тұлғалық белсенді қалыптасу болып жатқан сатыда тұрғандығына және бұл жағдай олардың қалауы мен ізденістеріне әсер етуі мүмкіндігіне назар аударады.

Зерттеудің теориялық маңыздылығы «жастардың құндылықтық бағдары» феноменін зерттеудің әдістемелік тәсілдерін әзірлеуге және авторлық концепцияларды өңдеуге, мемлекеттік жастар саясатының іске асыру тетіктерінің негізгі құрамдасы болып табылатын жастар арасындағы әлеуметтік өзгерістер ерекшеліктері туралы түсінікті кеңейтуге, аумақтық жастар арасындағы әлеуметтік өзгерістердің ерекшелігі туралы түсініктерді кеңейтуге негізделген.

Зерттеудің практикалық маңыздылығы. Диссертациялық зерттеудің негізгі ережелері мен материалдарын пайдалануға болады:

- жастар саясатын ары қарай жетілдіру үшін мемлекеттік басқару органдары;

- мемлекеттік биліктің әртүрлі деңгейінде әлеуметтік, жастар, мәдени, және білім беру саясатын әзірлеу кезінде;

- «Жастар әлеуметтануы», «Әлеуметтік жұмыс», «Әлеуметтік антропология» курстары бойынша лекциялық курстарды даярлау кезінде;

- жастардың әлеуметтену, мамандық таңдауға даярлау, жұмысқа орналасу процестеріндегі кеңес берудің әлеуметтік және психологиялық қызметін қамтамасыз етуде;

- осы диссертациялық жұмыстың нәтижелері жастардың құндылықтық бағдарын социологиялық зерттеулерді іске асыру кезінде пайдалана алады.

Зерттеудің негізгі нәтижелерін сынау. Диссертация әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің әлеуметтану кафедрасында және философия және саясаттану факультетінің ғылыми семинарында талқыланды. Диссертациялық жұмыстың негізгі нәтижелерін автор әртүрлі деңгейдегі ғылыми-теориялық және ғылыми-практикалық конференцияларды сынақтан өткізді, соның ішінде: Қазіргі заманғы жастардың құндылықтық бағытының қалыптасуының теориялық-әдістемелік аспектілері // Ұлт тағылымы. - №3. -2008; Жастар субмәдениеті феномені: құндылықтық бағытты талдау // Қазақстан жоғары мектебі. - №3. - 2008; Студент жастардың рухани мәдениетін зерттеудегі жаңа әдістемелік жолдар // Ізденіс. - №2(1) . - 2008; халықаралық : Қазіргі заманғы Қазақстан жастарының рухани құндылықтарының басымдықтары // «Әуезов оқулары-7: М. Әуезов және Қазақстанудың өзекті мәселелері. - Шымкент, 2008. - 5 т. ; Студент жастардың құндылықтық бағыт ұстануының құрылымы // Қазақ мемлекеттігінің хронологиясы, құрылымы және қалыптасу заңдылығы туралы мәселелер. - Түркістан, 2008; Оңтүстік Қазақстан облысы жастары құндылықтарының құрылымын зерттеу моноторнигі // Жас ғалымдардың қазіргі кездегі ғылыми зерттеулері: өзекті мәселелері мен келешектері. - Шымкент, 2009; Қазақстандық жастардың өмірлік стратегиясының қалыптасуы // Қазақ мемлекеттілігі және түркі әлемінін тарихи-мәдени құндылықтары. - Шымкент, 2009; Қазақстандық жастардың құндылықты нормативті жүйелерін асыра бағалау процестері // Қазақтану. - Шымкент, 2009. - №3-4; Жастар субмәдениеті қазіргі қоғамның маңызды әлеуметтік ресурсы ретінде //
XXI ғасыр білім беру жүйесі: бәсекеге қабілетті маман даярлау мәселелері. - Шымкент, 2009; аймақтық: Жастар өміріндегі білім мен тәрбиенің орны / Оқытушылардың бәсекеге қабілеттілігін жетілдіру жолдары. - Шымкент, 2008. - 1 т. ; Жастардың рухани-адамгершілік құндылықтары әлеуметтік категория ретінде // Алаш аманаты. - Алматы, 2009; Қазіргі жастардың құндылықтық санасы құрылымының методологиялық аспектілері // Оңтүстік Қазақстан облысының әлеуметтік-экономикалық және қоғамдық-саяси дамуының өзекті мәселелері. - Шымкент, 2009.

Зерттеу нәтижелерінің жарияланған мақалалары. Аталған диссертациялық жұмыстың тақырыбы бойынша жалпы көлемі баспа бет болатын мақала жарияланды.

Диссертациялық жұмыстың құрылымы. Диссертация кіріспеден, екі тараудан, қорытындыдан, пайдаланған деректер тізімінен және қосымшадан тұрады.

1 ЖАСТАР СУБМӘДЕНИЕТІНІҢ РУХАНИ-АДАМГЕРШІЛІК ҚҰНДЫЛЫҒЫНА ТАЛДАУ ЖАСАУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ-МЕТОДОЛОГИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ

1. 1 Жастар субмәдениеті қазіргі қоғамның маңызды әлеуметтік ресурсы ретінде

Қазіргі кездегі ғылыми әдебиетте жастардың дамуын зерттеуге келудің көптеген жолдары бар, өз кезегінде «жастар» ұғымының маңыздылығының анықтамасы да сан алуан. В. Т. Лисовский 1968 жылы алғашқылардың бірі болып «жастар» ұғымына анықтама берді: «Жастар-әлеуметтену сатысынан өтетін, меңгеретін, ал біршама ересек жаста білім беру, кәсіби, мәдени және басқа да әлеуметтік функцияларды меңгеріп қойған адамдардың ұрпағы; нақты тарихи жағдайларға байланысты жастардың жастық критериі 16 жастан
30 жасқа дейін өзгеруі мүмкін» [39] . Осы орайда автор жастарды ұрпақ ретінде қарастыра отырып, осы ұрпақтың белгісі жасы ғана емес, сондай-ақ, сенімі мен мақсаттарының бір болуы, уайымының және өмірге деген қарым-қатынасының ортақтығы болып табылады деп санайды. Жасы келе ұрпақ дәуірде тәрбиеленген әлеуметтік сипатын сарқылтпайды.

Жастарды әлеуметтік талдау бір жағынан, алдыңғы ұрпақтың сіңіретін әлеуметтік тетігі арқылы, екінші жағынан дербес және өзінің құндылықтары мен әрекет стандарттарын әкелетін жеке тәжірибесі негізінде қоғамның әлеуметтік құрылымының «табалдырығында» тұрып, қоғамдық қатынастардың қалыптасып қалаған әлеуметтік-стратификациялық тәртібіне әсер етуші әлеуметтік топты зерттеуді білдіреді. Жастар өзінің жастық тобының ерекшеліктеріне байланысты әлеуметтік ұстаным мен әрекеттердің инновациялық типіне біршама икемді, дәстүрлі қалыптасып қалған тәртіптердің әсеріне аз дәрежеде ұшыраған және бір мезгілде девиацияның әртүрлі түрін қабылдауға икемді. Жас ұрпақтың органикалық маргиналдық топтың бірінен тұратындығы маңызды болып табылады. Оның статусы уақытша және оның аға ұрпақтың берік әлеуметтік күйін бойына сіңірудің алдына дейін уақытша болып табылады.

Осының барлығы жастардың құндылықтық ұстанымы мен әлеуметтік әрекетінің ерекшелігі мен сипатын анықтайды. Өз кезегінде бұлар қоршаған социумның әлеуметтік шындығына қалыптасады. Бұл жағдайда өмір ағысымен жүріп жатқан провинциалды қаланың әлеуметтік өміріне. Осы әлемге қаншалықты дәрежеде және қаншалықты шектеулі кіруіне оның болашағы ғана емес, қалалық қоғамның даму болашағы да байланысты. Бұл әлеуметтік тетіктерді өңдеуді қажет етеді және соның ішінде оның сол қоғамға ынтымақтасуының жетістігін және оның ары қарай өмірінің жетістігін, жастар өмір сүріп жатқан қаланың болашағын қамтамасыз ететін әлеуметтік саясат арқылы да. Әлеуметтік-стратификациялық жүйенің бір бөлігі бола тұрып, ол әлеуметтік дифференциацияға ұшыраған, яғни әлеуметтік біртекті массаны береді. Сондықтан жастарды әлеуметтік топ ретінде зерттей отырып, олардың ішкі әлеуметтік біртектіліксіздігіне назар аудару керек.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жастар субмәдениетінің рухани адамгершілік құндылығына әлеуметтанулық талдау
Саяси құндылықтық бағдарлары
Жастарының саяси құндылықтық бағдарлары
Жастар мәселесінің түйткілдері
Қазіргі жастардың құндылықтары
Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру - жас ұрпаққа білім беру саласындағы ұлттық және рухани құндылықтардың алатын орны
Қазақ елінде жастарға ұлттық тәрбие беру идеяларының мазмұндық ерекшеліктері және оларды оқу-тәрбие ісінде қолдану қажеттігі
Жастар мәдениетінің ұлттық құндылықтары және оны дамыту бағыттары
Жастар субмәдениетімен әлеуметтік жұмыстың ерекшеліктері
Жастардың саяси құндылықтық бағдары қалыптасуының негізгі жолдары мен әдістері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz