Октябрь Қыдырбайұлы


Пән: Спорт
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 9 бет
Таңдаулыға:   

Жоспар

  1. Октябрь Қыдырбайұлы өмірі
  2. Октябрьдiң оғландары
  3. Қайраткер

Қорытынды

Пайдаланылған әдебиеттер

Октябрь Қыдырбайұлы Жарылғапов (25. 10. 1931, Өзбекcтан, Ташкент облысы Янгиюль қаласы - 11. 5. 1969, Алматы) - волейболшы, спорт шебері (1960) . Қазақстанның (1962), КСРО-ның (1965) еңбек сіңірген жаттықтырушысы. Алматы малдәрігерлік институтын (1955) және Алматы дене шынықтыру институтын сырттай оқып (1962) бітірген. 1955 -1958 жылдары волейболдан Қазақстанның құрама командасында ойнады. “Буревестник” командасының құрамында республика чемпионы (1954 - 1957) . 1955 - 1962 жылдары волейболдан Қазақстан ерлер құрама командасының аға жаттықтырушысы болды. Жарылғаповтың жетекшілігімен Қазақстан волейболшылары халықаралық кездесулерде жеңіске жетті. Жарылғапов КСРО-ның, Еуропаның, дүние жүзінің және Олимпиялық ойындардың чемпиондары мен жүлдегерлерін (В. Кравченко, Ж. Сауранбаев, О. Антропов, т. б. ) тәрбилеген. 1965 - 1968 жылдары Республикада спорт және дене тәрбиесін, оның ішінде волейболды дамытуға үлкен үлес қосқан.

Ел шежiресiнде аты алтын әрiппен жазылған даңқты спорт қайраткерi Октябрь Жарылғапов 1931 жылы Ташкент қаласына жақын маңдағы Янгиюль ауданында дүниеге келген. Әкесi Қыдырбай сауатты кiсi болған. Оңтүстiк Қазақстан облысындағы бұрынғы Бостандық ауданына көшiп келген соң поселкелiк кеңес атқару комитетiнiң төрағасы болып қызмет еткен. 1937 жылы жазықсыз жалаға ұшырап, қуғын-сүргiн көрген ол хабарсыз кеткен. Әкесiнен тiрiдей айырылған Октябрь бұл кезде алты жаста болатын. Осы қиын-қыстау кезеңде анасы Айнагүл Жарылғапова жетiм қалған алты перзентiмен Түркiстанға туыстарына көшiп келедi. Нағашылары жылы қабақ танытып, жиендерiнiң ешкiмнен кем болмай өсуiне көмектестi. Осылайша, болашақ волейбол шеберiнiң балалық шағы қасиеттi Түркiстан қаласында өттi. Мектеп қабырғасында жүргенде-ақ спортқа деген құлшынысы ерекше болған Октябрь 1949 жылы Алматы зоотехникалық малдәрiгерлiк институтына оқуға түстi. Жоғары оқу орнында бiлiм алып жүрген кезiнде спортпен айналысуға шындап ден қояды. Әсiресе, волейболға деген қызығушылығы өте жоғары едi. Күндiз-түнi жаттығу залынан шықпаған түркiстандық тастүлек жоғары оқу орындары арасындағы жарыстарға қатысып, мамандардың көзiне түседi. Алдымен «Авангард», ал, 1956 жылы жаңадан құрылған «Буревестник» командасына қабылданады. 1955-1958 жылдары республика чемпионы атанды, Қазақстан құрама командасы мен «Буревестниктiң» жаттықтырушысы, капитаны әрi белдi ойыншысы болды. Октябрь бастаған оғландар алғашқыда төменгi лигада ойнағанымен, болашағы бар команда екенiн бiрден аңғартты. Одақ көлемiндегi байрақты бәсекелерде ерекше өнерiмен көзге түскен команда капитаны О. Жарылғапов 1961 жылы ең үздiк 24 волейболшының қатарына енiп, КСРО-ның спорт шеберi атағын алады. Команда мүшесi әрi бапкерi бола жүрiп, ерен еңбегiмен танылған ол талай талантты жастарды спортқа баулыды. 1962 жылы Қазақ мемлекеттiк физкультура институтын сырттай бiтiрiп, жоғары бiлiмдi бапкер атанды. Өзi тәмамдаған оқу орнында оқытушы, «Буревестник» командасында бапкер әрi капитан мiндетiн атқарған саңлақтың шәкiрттерi 1965 жылы кiл мықтылар өнер көрсететiн «А» тобында ойнап, 8-орынға ие болады. Волейбол сардары 1962 жылы Қазақ КСР-нiң, ал 1965 жылы КСРО-ның еңбек сiңiрген жаттықтырушысы атағына ие болды. Бұл кезеңде Октябрьдiң «Буревестнигi» одақтың «менмiн» деген командаларын мойындата бастады. Алматылықтар 1966 жылы төртiншi, 1967 жылы үшiншi, ал, 1968 жылы күмiс жүлдегер атанды. Жыл өткен сайын жоғары өрлеген команда мақсатына жетiп, 1969 жылы КСРО чемпионы атанып, абыройды аспандатты. Бiрақ даңқты бапкерге шәкiрттерiнiң жеңiсiн көру жазбапты. Сол жылдары Қазақ КСР Министрлер Кеңесi жанындағы физкультура мен спорт жөнiндегi комитет төрағасының орынбасары әрi «Буревестниктiң» бас бапкерi қызметiнде жүрген Октябрь Жарылғапов 1969 жылы 11 мамырда ауыр науқастан қайтыс болды.

Октябрьдiң оғландары

Октябрь Жарылғапов өз саласының ұңғыл-шұңғылына дейiн бiлетiн өте бiлiктi бапкер болды. Ол үлкен спорттан қол үзбей тұрып-ақ талантты шәкiрттер шоғырын тәрбиелеп шығарды. Волейбол саңлағы жоғары оқу орындары мен мекемелердi аралап, осы спорт түрiне лайықты жiгiттердi жинаған. Команданы жарысқа дайындау барысында жаттығудың жаңа тәсiлдерiн енгiздi. Жiгiттердi аптасына 10 рет жаттығуға жинап, ойынның айла-тәсiлдерiн үйреттi. Нәтиже де көп күттiрген жоқ. Октябрьдiң оғландары қатысқан жарыстардың бәрiнде жоғары нәтиже көрсете бастады. Орыс, украин, грузин клубтарының бәрiн қирата жеңiп, КСРО чемпионы атанды. Осы атаққа қол жеткiзер тұста ұлы ұстаз көз жұмды. Алматыдағы қаралы жиында сөйлеген Октябрьдiң ең талантты шәкiрттерiнiң бiрi Жәнiбек Сауранбаев: «Бiз сенiң жолыңды жалғастырамыз, арманыңды орындаймыз, биыл КСРО бiрiншiлiгiнде қалай да жеңiп шығамыз. Ол жеңiсiмiздi сенiң жеңiсiң деп есептеймiз», - деп ант берiптi. Мұны естiген көпшiлiк «капитан ет қызумен айтып қойды-ау, егер уәдеде тұра алмаса ұят болатын болды ғой» деп уайымдаған. Оның үстiне «Буревестник» көш басындағы командадан әжептеуiр ұпайға қалып келе жатқан. Бiрақ антқа адалдық танытқан жiгiттер қалған ойындарда қарсыластарын түгел жеңiп, көптен күткен чемпиондық атаққа қол жеткiздi. Ұлы ұстаздың жолын оның iзбасары Ж. Сауранбаев жалғастырды. Аты «Дорожник» болып өзгерген команда КСРО-ны мойындатып қана қоймай, 1970-1971 жылдары қатарынан екi рет Еуропа кубогiн жеңiп алды. Бұл қазақ волейболының алтын ғасыры болатын. Команда сапында Ж. Сауранбаев, А. Сұлтанов, Е. Иманғалиев, М. Мәденов, ағайынды Шапрандар, З. Жәркешов, А. Портной, В. Кравченко, Г. Гончаров, М. Ахметов, Л. Щербаков сынды саңлақтар өнер көрсеттi. Ж. Сауранбаев КСРО құрамасы сапында Еуропа чемпионы атанса, В. Кравченко мен О. Антропов олимпиада ойындарының алтын медалiн жеңiп алды. Мiнеки, аты аталған азаматтардың бәрi - Жарылғапов мектебiнiң түлектерi, мыңнан тұлпар шығарып бәйгеге қосқан жүйрiктерi. «Буревестниктiң» ең мықты ойыншыларының бiрi болған Еңсебек Иманғалиев: «Бiздi спортқа баулып, жұмысқа үйреткен осы кiсi. Ұстазымызбен бiрге әлемнiң бiрнеше елiн аралап, жарыстарға қатыстық. Жан-жақты тәрбие бердi. Пәтер алуыма көмектестi, қаржылай көмегi аз болған жоқ. Октябрьдi бiз «әке» деп атайтынбыз. Ол бiздi «октябряттарым», - дейдi. Осы лебiзден-ақ Октябрьдiң қоластындағы спортшыларының қамқоршысы әрi әкесiндей болғанын аңғарамыз.

Қайраткер

Тарихта өз мамандығына деген сүйiспеншiлiктiң арқасында артына өшпес мұра қалдырған дарындар көп. Солардың қатарына Октябрь Жарылғаповты қосуға болады. Ол - қазақ спорты ғана емес, әлемдiк волейболдағы қайталанбас тұлғалардың бiрi, волейболдағы ерекше құбылыс. Октябрьдiң замандас досы әрi оның жетiстiктерi жайлы «Ақберен едiң, Октябрь» деген кiтап жазған зейнеткер, ардақты ардагер Оспан Досжанов даңқты волейболшының ешқашан асып-таспағанын, қарапайым болғанын айтады.

- Октябрьмен бала кезден бiрге өстiк. Көршi тұратынбыз. Ол жастайынан спортқа құмар едi. Анасы мен қарындастарының арқасүйерi де өзi болды. Алматыда да бiр оқу орнында оқыдық. Университетте волейболға қатысып, бiрден меңгерiп алды. Күндiз-түнi жаттығу залынан шықпайтын. Оның ойындарын радиодан естiп немесе көгiлдiр экраннан тамашалаған кезде «бiздiң жерлесiмiз, досымыз шықты» деп мақтанып жүретiнбiз. Ол шәкiрттерiн өз баласындай жақсы көрдi. Өте бiлiктi бапкер болды. Соның арқасында «Буревестник» командасы одақты былай қойғанда, Еуропаның өзiн мойындатты. Өкiнiшке қарай, қазақтың осындай ардақты азаматы БАҚ беттерiнде көп насихаттала бермейдi. Бiз Октябрьмен мақтануымыз керек, - дейдi Оспан ақсақал. Ал, КСРО-ның еңбек сiңiрген жаттықтырушысы Г. Паршин: «Октябрьдiң волейбол ойнаудағы шеберлiгiн көрiп, бiз ойнауды үйрендiк», - дейдi. Бiр байқайтынымыз, Октябрь жайлы естелiк айтқан замандастарының бiрде-бiрi спорт қайраткерi жайлы терiс пiкiр бiлдiрген емес. Бұл ардақты азаматтың кеңпейiлдi, жүрегi таза екенiн бiлдiрсе керек. Ол волейболды шексiз сүйдi. Қазақ жастарын спортқа баулып, олимпиада чемпионын шығаруды армандады. Қазақстан құрамасы мен «Буревестниктi» одаққа танымал еттi. Сол кездегi Мемлекет басшысы Д. Қонаевқа кiрiп, шәкiрттерiнiң баспаналы болуына жағдай жасады. Бiрақ жұртқа жақсылық жасауды ұмытпаған кең жүректi азаматтың қиыншылықта өмiр сүргенiн көпшiлiгiмiз бiле бермеймiз. Октябрь үш қыз бен бiр ұлдың әкесi. Одаққа танымал волейболшы бола тұра өзiнiң баспанасы болмады. Пәтерден-пәтерге көшiп жүрдi. Тiптi, отбасымен бiрге жертөледе тұрған кезi де болған.

Сол қиын-қыстау кезеңде тұңғышы Нұржамал аурушаң болып өсiп, бала кезде жабысқан дерт салдарынан ерте қайтыс болды. Анасы Айнагүл мен жан жары Дилара да ел үшiн туған азаматтың жағдайын жасап, өз мақсатына жетуiне үлес қосты. Отбасыдағы терең сүйiспеншiлiк пен сыйластықтың арқасында Октябрь өзi сүйген волейбол спортын өркендету жолында аянбай еңбек еттi. 1969 жылы «Буревестник» чемпион атанғанда сексеннен асқан анасы Айнагүл баспазөзге хат жазып: «Бұл жеңiс елiмiздi дүр сiлкiндiрдi. Үлкен қуаныш пен тас езетiн қайғыны адамның жүрегi ғана көтере алады екен. Ол қыршын кеттi. Алайда, өлгендердiң де есте қалатын iсi болады екен. Ұлымның шәкiрттерiнiң үлкен жеңiсi менiң иығымдағы қайғыны жеңiлдеткендей болды. Олар чемпион атанғанда қатты қуандым. Ұлымның менiң ғана емес, бүкiл халықтың ұлы болғанын сезiндiм. Бақытты болыңдар, балаларым», -деп аналық лебiзiн бiлдiрген екен. Даңқты боксшы Ә. Нұрмахановты бокс үйiрмесiне апарған да Октябрь екенiн жұртшылық бiледi. Әбекең өз естелiгiнде: «Октябрь аға Қазақ Министрлер кеңесi жанындағы физкультура мен спорт жөнiндегi комитет төрағасының орынбасары қызметiн атқарды. Менмендiгi жоқ, өте кiшiпейiл едi. Небiр күрделi мәселелердi тез шешетiн. Оның алдына қарапайым спорт нұсқаушысынан бастап, жаттықтырушылар еш қымтырылмай кiрiп, жайраңдап көңiлдi шығатын», - деп жазған.

Есiмi ел есiнде

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Таскескен таңбаларындағы петроглифтік жәдігерлер
Балұстаұлы Есбай
ХАЛЕЛ ДОСМҰХАМЕДҰЛЫ – ЖАЗБА ӘДЕБИЕТІН ЗЕРТТЕУШІ
Мектептегі оқушылар ұйымы арқылы ұлттық тәрбие берудің педагогикалық шарттары
Жас кезеңдері және жас топтары мынадай
Қырымның қырық батыры жыры және Мұрын жырау
Несие мерзімін және пайыздық мөлшерлеме мөлшерін анықтау
Заңды тұлғаларды несиелеу механизмі
Оқушылар ұйымы арқылы ұлттық тәрбие берудің жаңа моделі
Кеңес өкіметі және оның орнауы мәселелері ұлт зиялылары еңбектерінде
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz