Жапондықтардық сөйлеу мәдениетінің ұлттық ерекшеліктері



КІРІСПЕ
1.тарау Жапондықтардық сөйлеу мәдениетінің ұлттық ерекшеліктері
2.тарау Жапон тіліндегі етістіктің сыпайы түрі
3.тарау Қазіргі жапон тіліндегі етістіктердің сыпайы түрлерінің қолданысы
ҚОРЫТЫНДЫ
Сыпайылық формасы – жапон тілінің негізгі ерекшеліктерінің бірі. Сондықтан әрбір жапон тілін меңгеруші тілдің сыпайылық формалаларына қызығушылығын танытады. Сыпайылық формаларының мәні әртүрлі бағаланады. Алайда көптеген зерттеушілер сыпайылық формалары – сөйлеуші, тыңдаушы және айтылып жатқан адам арасындағы қоғамдық қатынастарды білдіреді деп есептейді. Жапон ғалымы Экояма Цунэакидың айтуы бойынша, жапон тілінің ерекшелігі дегеніміз – адамдар арасындағы қоғамдық қатынастарға байланысты әртүрлі көрсетіледі.
Жапон тілінің сыпайылық формаларын зерттеу тілді сипаттау тұрғысынан алғанда зерттеушілердің қызығушылығын туғызады. Себебі, олар жапон тілінің құрылымындағы негізгі элемент болып табылады. Сонымен қатар сыпайылық формаларын зерттеу жалпы тіл білімі үшін де маңызды. Себебі, бұл формалар жалпы лингвистика саласында да толық зерттелмеген.
Сыпайы формалардың жасалынуы әртүрлі жолдармен жүзеге асады. О¬-, ГО- префикстерінің зат есімге қосылуы, -САН, -КУН, -ТЯН, -САМА сияқты суффикстерінің адам есіміне жалғануы, сыпайылықты білдірейін деген адамның жасы мен қоғамдағы орнына байланысты кей сөздердің өзгеруі – осының барлығы жапон тілінде сыпайылықты білдіруде назар аудармаса болмайтын жағдайлар болып табылады. Мысалы, сыпайы формаларының жасалуы кезінде сөздердің өзгеруі жапон қоғамына тән "өзіңдікі-өзгенікі" қатынастары және "жоғары - тең - төмен" қатынастарына байланысты болады. Осы қатынастарға қарап, сөйлеуші сөйлемде сыпайылық форманы жасауда маңызды қызмет атқаратын етістіктің және басқа да сөз таптарының тиісті түрлерін қолдануға көп көңіл аударады.
Бітіру жұмысымыздың тақырыбы жапон тіліндегі етістіктердің сыпайы түрлеріне арналып отырғандықтан, біз бұл жұмыста жапон тілінде етістіктердің белгілі бір жағдайларға байланысты өзгеріп отыруы туралы сөз қозғадық.
Адамдар арасындағы қоғамдық қатынастар кез келген тілде көрініс табады, бірақ олар әртүрлі қолданылады. Мысалы, еуропа тілдерінде адамдар арасындағы бұндай қарым-қатынастар негізінен лексикалық және тек жанама түрде грамматикалық жағынан көрсетіледі. Ал жапон тілінде бұндай қатынастар тек лексикалық жағынан емес, сонымен қатар грамматикалық түрде де көрсетілуі міндетті.
1. Алпатов В.М. О глагольных формах вежливости современного японского языка. – «Филологические науки», 1971, №2
2. Алпатов В.М. О вежливо-почтительных формах в современном японском языке. – «Вопросы японского языка», М., 1971.
3. Алпатов В.М. Категории вежливости в современном японском языке. М., 1973.
4. Головнин И.В. Учебник япоснкого языка для продолжающих. ІІ часть., Минск, 2000


ӘДЕБИЕТТЕР:


5. Дыбовский А.С. "Обращение в современном японском языке". - Слово и образование. Новое в японской философии. М., 1990
6. Карасик В.И. Язык социального статуса. М.,1992.
7. Kazuko Inoue Innovating Uses of Japanese Honorifics and Poliete Forms - "Papers in Japanese Linguistics", Vol.3 University of Southern California, 1974
8. Киэда М. Грамматика японского языка. І том М., 1958
9. Окуяма Масуро Гэндай кейго дзитэн (Словарь современного вежливого японского), Токио, 1973.
10. Пиирайнен И.Т. Вежливость как категория языка // Вопросы языкознания. № 6 1996.
11. Плетнер О.В., Поливанов Е.Д. Грамматика японского разговорного языка. М., 1930
12. Полиновский А.А. Слово в японском языке. М., 1980
13. Сыромятников Н.А. Развитие нового японского языка. М., 1978
14. Холодович А.А. Грамматические категории уважительности в современном японском языке. - Японское языкознание. М., 1979
15. Холодович А.А. Действие и субъект речи в японском языке. - "Ученые записки ЛГУ", №128, Л., 1952
16. Холодович А.А. Категория лица в японском языке. - "Страны и народы Востока", вып. 11, М., 1971
17. Холодович А.А. Некоторые вопросы управления в японском языке. - Вопросы японского языкознания, М., 1971
18. Храковский В.С., Володин А.П. Семантика и типология императива. Л., 1986.
19. Ямада Ёсио. "Японская грамматика" Перев. Струговой Е.В. - Языкознание в Японии.(Сборник статей) М., 1983
20. Японский язык. Сборник статей. М., 1963
21. www.booknavigator.ru
22. http://shounen.ru/nihon/lang-soc.shtml
23. http://book-mir.ru/2/k/2787958.htm
24. http://www.philology.ru/linguistics4/zvyagin-98.htm
25. http://www.iaas.msu.ru/res/lomo06/lingvo/

Пән: Тілтану, Филология
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 35 бет
Таңдаулыға:   
 КІРІСПЕ

Сыпайылық формасы – жапон тілінің негізгі ерекшеліктерінің бірі. Сондықтан әрбір жапон тілін меңгеруші тілдің сыпайылық формалаларына қызығушылығын танытады. Сыпайылық формаларының мәні әртүрлі бағаланады. Алайда көптеген зерттеушілер сыпайылық формалары – сөйлеуші, тыңдаушы және айтылып жатқан адам арасындағы қоғамдық қатынастарды білдіреді деп есептейді. Жапон ғалымы Экояма Цунэакидың айтуы бойынша, жапон тілінің ерекшелігі дегеніміз – адамдар арасындағы қоғамдық қатынастарға байланысты әртүрлі көрсетіледі.
Жапон тілінің сыпайылық формаларын зерттеу тілді сипаттау тұрғысынан алғанда зерттеушілердің қызығушылығын туғызады. Себебі, олар жапон тілінің құрылымындағы негізгі элемент болып табылады. Сонымен қатар сыпайылық формаларын зерттеу жалпы тіл білімі үшін де маңызды. Себебі, бұл формалар жалпы лингвистика саласында да толық зерттелмеген.
Сыпайы формалардың жасалынуы әртүрлі жолдармен жүзеге асады. О­-, ГО- префикстерінің зат есімге қосылуы, -САН, -КУН, -ТЯН, -САМА сияқты суффикстерінің адам есіміне жалғануы, сыпайылықты білдірейін деген адамның жасы мен қоғамдағы орнына байланысты кей сөздердің өзгеруі – осының барлығы жапон тілінде сыпайылықты білдіруде назар аудармаса болмайтын жағдайлар болып табылады. Мысалы, сыпайы формаларының жасалуы кезінде сөздердің өзгеруі жапон қоғамына тән "өзіңдікі-өзгенікі" қатынастары және "жоғары - тең - төмен" қатынастарына байланысты болады. Осы қатынастарға қарап, сөйлеуші сөйлемде сыпайылық форманы жасауда маңызды қызмет атқаратын етістіктің және басқа да сөз таптарының тиісті түрлерін қолдануға көп көңіл аударады.
Бітіру жұмысымыздың тақырыбы жапон тіліндегі етістіктердің сыпайы түрлеріне арналып отырғандықтан, біз бұл жұмыста жапон тілінде етістіктердің белгілі бір жағдайларға байланысты өзгеріп отыруы туралы сөз қозғадық.
Адамдар арасындағы қоғамдық қатынастар кез келген тілде көрініс табады, бірақ олар әртүрлі қолданылады. Мысалы, еуропа тілдерінде адамдар арасындағы бұндай қарым-қатынастар негізінен лексикалық және тек жанама түрде грамматикалық жағынан көрсетіледі. Ал жапон тілінде бұндай қатынастар тек лексикалық жағынан емес, сонымен қатар грамматикалық түрде де көрсетілуі міндетті.
Жапон тіліндегі етістіктердің сыпайы түрлерін анықтап-білу - өзекті мәселелердің бірі. Сондықтан да біз бұл тақырыпты бітіру жұмысына арқау етіп отырмыз.

Жұмыстың өзектілігі: жапон тілі әлемде жиі зерттеліп отыратын тілдердің бірі болып саналады. Соның ішінде тілдегі сыпайы формалар ерекше орын алады. Себебі, қазіргі кезде әлем даму бағыты жағынан екіге бөлініп отыр. Батыс десек, Еуропа елдері және Америка ойға келсе, Шығыс дегенде бірден Жапония ойға келеді. Сондықтан Жапон еліне жақын болу үшін, алдымен бұл елдің өзіндік өзгешеліктерімен танысқан жөн. Осы өзгешеліктердің бірі – қоғамдағы адамдар арасындағы ара қатынастар.
Қазіргі заманда адамдар арасындағы қарым-қатынастар әлемдегі зерттеушілердің көңілін жиі аудартып отыр. Және бұл жерде жапон қоғамындағы адамдар арасындағы қарым-қатынастарды зерттеу ерекше орын алуда. Жапон қоғамында бір адамға тіл қатпас бұрын, ол адамның қоғамда алатын орнын, жасы және тағы да басқа факторларға назар аудару қажет. Осы факторларды біліп-тануды жүзеге асырған жағдайда ғана адамға сәйкес деңгейде құрмет көрсетіледі.
Жапон тілінің сыпайылық формаларын зерттеудің тағы бір себебі – көптеген жалпы тіл біліміне арналған еңбектерде адамдар арасындағы қоғамдық қатынастарды грамматикалық құралдар арқылы көрсету мүмкіндігі қарастырылмайды, ал қарастырылған жағдайда да нақты емес.
Жапон тілінде адамдар арасындағы қоғамдық қатынастар әртүрлі дәрежеде көрсетіледі. Ең алдымен олардың грамматикалық және грамматикалық емес көрсетілімдерін бөліп алу қажет. Біз бұл жерде сыпайылық формасының тек грамматикаға қатысы бар бөлігін зерттеумен шектелеміз.
Біз бітіру жұмысын жазу барысында сыпайылық формаларының грамматикаға қаншалықты қатысты екенін көрсетуге, осыған байланысты қандай грамматикалық категорияларды бөліп қарастыруға болатындығын, және сол категориялардың жалпы мәнін және қолдану ережелерін көрсетуге, қазіргі жапон тілінің жалпы грамматикасындағы сапыйылық формалаларының қандай орын алатындығын ашып көрсетуге тырыстық.
Сондықтан айтылып кеткен жағдайларға негізделіп,
біз жұмыстың мақсатын келесідей анықтадық:
қазіргі жапон тіліндегі сыпайылық формаларының грамматикалық жүйесіндегі етістіктің алатын орнын анықтау және соған байланысты етістіктің өзгеру жолдарын сипаттап көрсету.
Қазіргі заманғы жапон тілі деп екінші дүниежүзілік соғыстан кейін қалыптасқан тілді айтамыз. Оның себебі – екінші дүниежүзілік соғыстан кейін жапон тіліндегі сыпайылық формалалары саласында айтулы өзгерістер болды. Алайда қазіргі кездегі тілді анықтау үшін соғысқа дейінгі тілмен салыстырады.

Қойылған мақсатқа жету үшін біз алдымызға келесі
міндеттерді қойдық:
жапон тіліндегі сыпайы формаларының жапон қоғамында алатын орнын анықтау;
жапон тіліндегі етістіктің сыпайы түрлерін бөліп көрсету;
олардың жасалу жолдарын анықтау;
етістіктен басқа сөз таптарының сыпайы түрге айнылуын сипаттап көрсету.

Жапон тіліндегі етістіктің сыпайылық формалаларын зерттеуге арналған жұмыстар аз. Сонда да болса, біз бітіру жұмысын жазу барысында барынша жапон, Кеңес, орыс, Ресей авторларының еңбектерін кеңінен пайдалануға тырыстық.
Негізгі дерек көздері ретінде біз В.М. Алпатовтың "Категории вежливости в современном японском языке". М., 1973., "О глагольных формах вежливости современного японского языка." – Филологические науки, 1971, "О вежливо-почтительных формах в современном японском языке." – Вопросы японского языка, М., 1971. кітаптарын пайдаландық. Бұл еңбектерде жазылған мәліметтер негізінде бұл бітіру жұмысы жазылды. Сонымен қатар Пиирайнен И.Т. Вежливость как категория языка Вопросы языкознания. № 6 1996., Храковский В.С., Володин А.П. Семантика и типология императива. Л., 1986., Алпатов В.М. О вежливо-почтительных формах в современном японском языке. – Вопросы японского языка, М., 1971. сияқты атақты лингвисттердің кітаптары пайдаланылған.
Осыған қоса зерттеу еңбектерін де пайдаландық. Олардың ішінде Фролова О.П. Японский речевой этикет (лингвистический аспект), Звягин Ф.Е. Анализ актуального употребления категорий вежливости японского языка
Бітіру жұмысы кіріспеден, негізгі бөлімнің үш тарауынан және қорытынды бөлімінен және пайдаланған әдебиеттер тізімен тұрады.
Кіріспеде жұмыстың өзектілігіне негізделіп, мақсаттары мен міндеттері айқындалып, құрылымы мен пайдаланған әдебиеттерге талдау жасалынды.
1-тарау Жапондықтардық сөйлеу мәдениетінің ұлттық ерекшеліктері деп аталып, тарауда жапон қоғамындағы сөйлеу мәдениетінің ерекшеліктеріне туралы баяндадық. ондағы сыпайы формаларды сипаттадық.
2-тарауды біз жапон тіліндегі етістіктің сыпайы түрлеріне шолу жасап, оның әрқайсысы жапон тілінің сыпайылығын білдірудегі қызметін анықтадық.
3-тарауды Қазіргі жапон тіліндегі етістіктердің сыпайы түрлерінің қолданысыдеп атадық. Бұл жерде 1-тарауда жазылып кеткен етістіктің сыпайы түрлерінің ерекшелігі сипатталып, жапон қоғамындағы қолданысына тоқталдық.

Қорытындылай келгенде, жапон қоғамындағы сөйлеу мәдениеті өзінің өзгеше құрылымы мен қолданысымен ерекшеленіп, біз жапон тіліндегі етістіктердің сыпайы түрлерін бітіру жұмысымыздың тақырыбы ретінде алуды жөн деп көрдік.

1-тарау Жапондықтардық сөйлеу мәдениетінің ұлттық ерекшеліктері
Адамзат күнделікті бір-бірімен сөйлеседі. Әңгіме – психологиялық, физиологиялық, физикалық, рухани іс-әрекет. Қандай жағдайда, кімге қалай айтуына байланысты әңгіме әр түрлі болады. Жұмыс орнында бастығыңмен, жұмыстағы әріптестеріңмен айтатын әңгіме жанұяңмен, достарыңмен айтатын әңгімемен бірдей бола коймас. Әңгіме айту, сөз сөйлеу арқылы ой, көңіл-күй, белгілі бір дене қимылы, тіпті үнсіздік те беріледі. Осындай жолмен сөздер әр түрлі реңкке ие болады. Мұндай жағдайда дауыс, интонация, екпін, паузаның да маңызы зор.
Жапонияда адамдар арасындағы қарым-қатынас көптеген шарттылықтар мен дәстүрлі қағидалар шеңберінде құрылады. Осылардың арасында иіліп, құрмет көрсету, арнайы сөз тіркестерін қолдану және т.с.с. қолданыста. Осы иіліп, құрмет көрсету мен сәлемдесу қарым-қатынас орнатуда мейірімді, шуақты атмосфера жасау үшін керек. Жапондық сөйлеу этикеті бойынша, әр адам басқа адамға құрмет көрсетуі міндетті. Мысалы, транспортта бос тұрған орынға отырмас бұрын, сол бос орынның қасында отырған адамға 失礼します shitsurei shimasu кешіріңіз деп айтып, отырады. Бір адаммен аз ғана уақыт таныс болып, сөлессеңізде, оған  どうぞよろしくお願いします doozo yoroshiku onegaishimasu сіздің мейірімділігіңізге үміт артамын деп айтқан жөн.
Жапония бірұлтты мемлекет болғандықтан, тұрғындардың көбісі жапон тілінде сөйлейді деп айтпаса да болады. Тіпті халықаралық тіл деңгейіндегі ағылшын тілі де сирек қолданылады. Жапон тілі құлаққа өте жағымды, музыка тәріздес. Себебі дыбыстары айтуға жеңіл, дауысты дыбыстары көп, әсіресе созылып айтылатын дауысты дыбыстар өте көп, дауыс ырғағы лезде өзгеріп, құбылмайды.
Белгілі жапон лингвисті Киндаичи Харусукэнің айтуынша, 1000 француз тілін білсеңіз, айтылып жатқан немесе жазылып тұрған мәліметтің 83,5%-ын түсіне аласыз. Алайда, 1000 жапон тілін білсеңіз, мазмұнның 60%-ын ғана түсіне аласыз. Жапон мәтіннің 90%-ын түсіну үшін, 22000 сөз білу керек, ал француз тілі үшін бар болғаны 50 мың сөз жеткілікті1.
Ойды жасырып, анық сөйлемеуге жапон тілі өте қолайлы. Осы мақсатпен жапондықтар өз сөздерінде байланыстырушы түйіндерді түсіріп тастап, айтпақтарын тұспалдап айтады. Жапон тілі – жапон өнерімен іспеттес. Бұл туралы Овчинникова өте сәтті айтқан: "Тұспалдап, астарлап айту арқылы көп жайтты жеткізу". Өз ойын анық емес, екіұшты қылып жеткізу - жапондықтарға тән ерекшелік. Олар анық, нақ айтудан қашқақтайды. Олар өздерінің айтқан әр сөзі үшін жауапкершілікті сезініп, кесімді сөз сөйлеуге жүрексінеді.
Жапондықтардың сөйлеу мәнері толығымен әңгімелесуші әріптеске құрмет көрсетуге, кішіпейілділік танытуға бағытталған.
Жапондықтардың тіліндегі этикет формаларының жүйесі күрделігімен көзге түседі. Әлі күнге дейін бұрнағы кездердегі феодалдық-патриорхалдық қарым-қатынастардың элементтерін кездестіруге болады және бұл жапон қоғамның әлеуметтік құрылымын бейнелейді.

Жапон тілін үйреніп бастағанда, оңай тіл болып көрінуі мүмкін. Бірақ үйрене келе, басқа тілдерге ұқсамайтыны белгілі болады. Басқа тілдердегі сияқты, әрине, зат есім, сын есім, етістік, және т.б. жапон тілінде сөйлеуге мүмкіндік беретін сөз таптары бар. Болғанымен, басқа тілдердегідей сияқты бұл тілдің өз ерекшеліктері де бар: ағылшын тілінде сияқты зат есімнің алдында артикль қойылмайды, септік бойынша септелмейді; етістігінде жақ, көпше түр, келер шақ жоқ (тек өткен шақ пен өтпеген, әлі бітпеген іс-оқиғаны білдіретін шақ қана бар); сын есімі етістікпен ұқсас – өткен шағы бар.
Қоғам мүшелерінің арасындағы әлеуметтік қарым-қатынастар лексикалық ғана емес, грамматикалық түрде де көрсетілуі этикет формаларының жүйесін одан әрі қиындатады.
Америка адамдарын мысалға алатын болсақ, олар қасында тұрған адамның жасына, әлеуметтік статусына қарамастан, олардың бәріне бір сөйлеу мәнерін, жүйесін қолданады.
Жапонияда болса, әлі күнге дейін адам жеке тұлға ретінде емес, қоғамдық орны тұрғысынан бағаланады. Адаммен қарым-қатынас жасағанда, оның аты-жөні немесе мамандығынан гөрі, белгілі бір фирма құрамында болу фактісі маңыздырақ болады. Жапондықтар бірін-бірі лауазымы немесе тустық жүйе бойынша және өте сирек жағдайларда, есімі бойынша атайды.
Жапондық сөйлеу мәнеріне қысқа қайырып сөйлеу тән, жапондықтар бір-бірімен ұзақ және салтанатты түрде сәлемдеседі. Мысалы, еуропалық этикет бойынша жапондық танысын кездестіргенде ең алдымен сол адамның бұрындары өзіне жасаған жақсылығы үшін алғыс айтуы ерсі болып көрінеді. Ол жақсылық өте ұзақ уақыт бұрын жасалуы және алғысты қайталап айта беруге тұрмайтын елеусіз іс болуы мүмкін.
Әрбір тіл мәдениетпен тығыз байланысты. Мысалы, жапондық мәдениетке ойды толықтай жеткізіп айтпау, айтылған пікірдің мәнін сөз астарынан іздеу тән. Сөйлеу мәдениетінің типтерін үйренгенде, осылардың бәрін міндетті түрде ескерген жөн.
Жапондықтар, еуропалықтармен салыстырғанда, әзіл-оспақты түсіне бермейді. Бөгде біреудің әзілін түсіну олар үшін қиынға соғады. Әдетте жапондықтар өз сезімдерін көрсетпейді. Ал әңгіме барысында әңгімелесуші әріптестің бар айтқандарымен келісуге тырысады. Егер жапондық әңгімелесуші әріптеспен бір мәселе бойынша келіспейтіндей жағдай туа қалса да, ол қайткен күнде де өз пікірін өзінде ұстап, はい、はい hai-hai (иә,иә) деп құптап отырады. Егер әңгімелесуші әріптес табанды болып шығып, белгілі бір нақтылықты талап етсе, жапондық  時にtokini кейде немес ところでtokorode айтпақшы деген сияқты қыстырма сөздерді қолданып, әңгімені басқа арнаға ауыстыруға тырысады. Қандай жағдай болмасын, жапондық әңгімелесуші әріптеске ашық түрде жоқ деп айтудан қашады. Жапондық сөйлеу этикеті бойынша, әңгімелесуші әріптестің көңіл-күйін бұзбау үшін қолдан келгеннің бәрі жасалады.
Жапондықтардың мінез-құлықтарының ұлттық ерекшелігі – көпшіліктен өзгешеленуді, ерекше болуды қаламауы. Сондықтан жапон тілінде さすがに sasugani күткендегідей болды деген сөзді жиі ести аласыз. Яғни айтушы барлығы сияқты ойлайтыны және олардың ерекшеленгісі келмейтінін көрсетеді. Сонымен бірге қандай ұлт болмасын, барлық адамдарға адами әлсіздіктер тән. Жапондықтар да бұдан ада емес. Жапондық мақтанушылық әдепсіздік екенін жақсы біледі және мақтанбауға тырысады. Бірақ қалай болса да бір жайтты білсін, естісін деген кездерде, жапондық өз сөзін айтпас бұрын мынадай тұрақты фразаны қолданады:
こういうと自慢をするようになりますがKoo iu to jiman o suru youni narimasu ga... – Осылай айтсам, мақтанғандай боламын, бірақ...
Жапондықтар кінәсіз бола тұрып, әркез алдымен өздері кешірім сұрайды. Сонымен бірге, өздерінен бұрын басқалар кешірім сұрамас үшін, тезірек кешірім сұрауға асығады. Фирма, қызмет көрсету саласының қызметкері, яғни екіжақты қарым-қатынас қалыптасқан барлық жерлерде (саудагер – сатып алушы, қызмет көрсетуші адам – клиент, т.б.) қандай жағдайда болмасын, тіпті клиент оның аяғын басып кетсе де, ол өзі бірінші  ごめなさいgomenasai кешіріңіз деп айтуы қажет. Жапондық ойлау жүйесі бойынша бұл былай түсіндіріледі: мен зейінсіз адаммын, менің кесірімнен жаңсақтық жасалды (мысалы, дұрыс тұрмадым, бірнәрсені байқамадым, керекті уақытта қозғалмадым). Осылайша, әріптестің кешірім сұрауын күтпей-ақ, әркез алдымен өзің кешірім сұрауға жаңа сылтау табылады.
Жапондықтар әркез әңгімелесуші әріптестің жайын ойлап тұрады. Жапондықтар комплиментті өте сирек кездерде айтады. Көбінесе олар алғыс білдіреді, немесе кешірім сұрайды. Олар қандай нәрсеге болмасын ұстамдылықпен қарайды, соның ішіне сөйлеу мәнері де кіреді.
Белгілі жапон лингвисті Киндаичи Харусукэнің ойынша, жапондықтар өз сөздерінде болымсыз конструкциялар мен сөз тіркестерін қолдануды жақсы көреді. Мысалы, かもしれない kamoshirenai мүмкін, なければならないnakereba naranai жасалуы керек, しか shika тек қана, т.б. Сонымен қатар жапондықтар үзілді-кесілді жоқ деп тек туыстары мен жақын таныстарына айтады. Жоқ деген сөздің орнына әртүрлі басқа да сөз тіркестерін қолданады. Әдетте жапондықтар нақты түрде иә немесе жоқ деп айтпауға тырысады. Үнсіздік те жоқ деген мағынаны білдіреді. Кейде жоқ деп жауап берудің орнына, 考えておきます kangaete okimasu ойланып көрейін деп жауап қайтарады.
Жапон тілінің ерекшеліктерінің бірі – сыпайылық формалары. Жапондықтардың сыпайы формалары сөйлеуші, тыңдаушы және сөйлеуші сөз қылып жатқан адамдар арасындағы қоғамдық қатынастарды білдіреді. Жапон ғалымы Экояма Цунэаки айтуынша, жапон тілінің өзгешелігінің бірі – бір ойдың немесе мәтіннің адамдар арасындағы әлеуметтік-қоғамдық қатынастарына байланысты әртүрлі формада айтылуы болып табылады. Бірақ бұл жапон тіліне ғана тән белгі емес, мұндай ерекшелік басқа тілдерде де кездеседі. Мысалы, корей тілінде2.
Қазіргі жапон тілінің тарихы соғыстан кейінгі кезеңнен басталады. Себебі, сол кезеңде сыпайы сөйлеу жүйесі үлкен өзгерістерге ұшырады. Бірақ кейде қазіргі жапон тілінің кей тұстарын анығырақ түсіну үшін, соғысқа дейінгі кезеңдегі тілмен салыстыру тура келеді. Тілге қатысты соғысқа дейінгі кезеңде жазылған зерттеулер әлі де құнын жоғалтпады. Бірақ олар сақтықпен қолдануды қажет етеді.
Қарапайымдылық – жапондықтардың адамгершілігі, ізгілігі.
Сабырлық пен қарапайымдылық – жапондықтардың мінез-құлқының бір қыры. Жапон қоғамында адам қандай әлеуметтік таптан болмасын, қарапайым болуы шарт. Өз білімдерін, қабілеттерін, сәттіліктерін басқалардан ерекшелемеуге тырысады. Тәкаппарлық айыпталады. Бұған 出るくいは打たれる“Deru kui wa utareru” – “Босап шыққан шеге дереу қағылады” деген жапондықтардың мақалы дәлел. Осындай қалыппен жапондықтардың санасы қалып келген.
Сондықтан қазіргі жапон қоғамында адамның ықпалдылығына дәрежесіне байланысты вертикальді иерархияның бес деңгейі бөлініп шыққан. Мысалы, бір жұмыс орнындағы қызметкерлердің қабілеттері, жұмыс істеу біліктіктері шамамен бірдей болғанымен, жас мөлшері, жұмысқа тұрған уақыты, стажына байланысты мәртебелері, ықпалдары әр түрлі болады. Басшы немесе жасы үлкен –  先輩sempai сэмпай, қызметі төмен немесе жасы кіші こはい kohai кохай деп аталады. Сэмпай-кохай дихотомиясы бар жапондық корпоративтік, мемлекеттік ұйымдарында сақталады. Бастауыш сыныптарда вертикальді иерархияның ережелері толық меңгерілмейді. Бірақ жетінші сыныпқа барғаннан бастап, оқушы сол қатаң жүйенің бар талаптарын орындау міндетті болады. Бұл әсіресе үлкендер көп бақыламайтын факультативтер, қосымша сабақтарға бару кезеңінде үйретіледі. Сэмпай кохай алдында менменсіп, кеудесін қағады. Ал кохай өз алдына оларға сыпайылық танытып, құрмет көрсетуі керек. Университет жылдарында студенттерді топ ішінде, яғни ұжыммен жұмыс жасай алу дағдыларын үйретіп, сэмпай-кохай шеңберіндегі қарым-қатынастарды егжей-тегжей танытады. Қазір теңдік, тең құқық идеясы кең таралғанымен, жапондықтар әлі күнге дейін тіпті үстелге отыру тәртібі, той, банкеттерде сөз сөйлеу реті сияқтылар иерархиялық жүйе бойынша жүргізіледі.
Қазіргі жапон тілінде сыпайы сөйлеудің күрделі жүйесі қалыптасқан және оларды тек әдептілік фразалары деп санау орынсыз. Тез және дұрыс қылып сыпайы сөйлеу – жапон тілін үйрену барысында туатын қиыншылықтардың бірі. "Басқаны құрметтеп, асқақтатып, өзіңді кемсітіп, төмендету" жүйесін толығымен меңгеру үшін жапондықтармен ұзақ уақыт тұрақты қарым-қатынас жасау керек. Адамның қалай және қандай деңгейде сыпайы сөйлей алуы арқылы жапондық әңгімелесуші әріптестің мәдени дәрежесін оңай анықтай алады.
Сыпайылық формалары (警護кейго) - сөйлеуші, оның тыңдаушысы, және сөз болып жатқан адамдар арасындағы әртүрлі әлеуметтік қарым-қатынастарды көрсетуге арналған тілдік құралдар. Жапон қоғамында сыпайылық формалары жапондықтардың қоғамдық жағдайымен тығыз байланысты және олар жапон қоғамында қалыптасқан түрлі әлеуметтік қарым-қатынастарды көрсете алады. Жапон тілінде әлеуметтік айырмашылықты білдіруге арналған тілдік құралдар өте көп. Жалпы алғанда, сыпайылық тек өзгелерге қатысты қолданылады.
Соңғы уақытта жас буын әңгімелесуші әріптеске үлкен құрмет көрсетуде қолданатын сөйлеу мәдениеті – кейго-ны тиісті тәртіп бойынша қолданбайды деген сөз бар. Зерттеушілердің айтулары бойынша, шынымен, жанұяда балалар ата-анасына кейго-ны қолданбайды. Оқытушылармен сөйдескен кезде, студенттер өз-өздерін қинап, сыпайы сөйлеу жүйесін қолданғылары келмейді. Өзін төмендетіп, қарапайымдылығын білдіру үшін қолданатын сөйлеу мәнері тек ресми сөз сөйлеу, құттықтау, хаттарда ғана қолданылып, ауызекі тілде пайдаланылмай бара жатыр. Осындай өзгерістер туралы Пассин былай жазған: “Бұл өзгерістер Жапонияның дәстүрлі әлеуметтік және нормалардан индивидуализм мен теңдікке бет бұрғанын көрсетеді. Көптеген комментаторлар мен мамандар кейго-ны қолданып сөйлеу жүйесін қиындатады, түсінбеушіліктер туғызады деп есептейді. Кейго формасы көрсететін, әлеуметтік орны әртүрлі адамдар арасындағы қарым-қатынастардың өзгертілуі керек деп санау – ақылсыздық болады. Жанұя мүшелері кейго-ны барған сайын сирек қолданып, фуцуго – ауызекі тілдегі симметриялық терминдерді көбірек қолдана бастағанын көрсек те, жанұяда тең құқылы жағдай қаллыптасты деп нық сеніммен айта алмайсыз. Бұл мәселе түбегейлі зерттеуді қажет етеді.”3.

Өзін-өзі кемсіту
Кэнкё (謙虚) сөзі әдетте сөздіктерде “қарапайымдылық” деп аударылады. Бір жерде “кэнкё” сөзіне “сунао то хикаэмэ” (素直と控え目) деп түсінік берілген. Хикаэмэ (控え目) “сабырлы, ұстамды” деген мағынаны білдіреді. Сунао (素直) – көпмағыналы сөз, “тыныш”, “сабырлы”,“жұмсақ”, “момын”, “бой ұсынғыш”, “тіл алғыш”, “елгезер”, “көнгіш”, “көңіл жықпайтын” деп аударылады. Басқа тілдерде бұл сын есімдердің бәрі әлсіздік, босыңдық, әлжуаздықты білдіреді, яғни негативті мағынадағы сөздер деп айтуға болады. Ал Жапонияда “сунао” сөзі комплимент, мақтау сөз ретінде қабылданады. Оқытушылар жақсы студенттеріне “сунао на ии ко” (素直ないい子) деп мінездеме береді. Мұндай оқушы сабырлы, мұғалімді ынтамен тыңдайтын, сабақ үстінде сұрақ қоймайтын болып саналады. Жапондықтар біреудің абыройын айрандай төгу, беделіне нұқсан келтіру деген сияқты әрекеттерден қашады. Жапонияда “Кидзи то накадзу ба утарэмай” キジと泣かずはうたれまい – “Қырғауыл үн шығармаған жағдайда, оқ астына түспеуге мүмкіндігі мол” деген мәтел көп қолданылады. Студенттер “Басқа бәле – тілден” деп, “сунао на ии ко” болуды артық көреді. Жапондық “сунао” батыс түсінігінде ұстамдылық принципінен төмендегідей ерекшеленеді.
Сократтың “Өзіңді өзің таны” принципі батыстың ұстамдылық үлгісінің мәнін ашып көрсетеді. Адам қандай да бір идея, сенім болмасын, олардың дұрыс-бұрыстығына күмәнмен қарауы керек. Осылай ғана ол оларды танып, бойына сіңіріп, солардың негізінде өмір сүрудің айқын және берік принциптерін қалыптастыра алады. Осы принциптерді сақтаған кезде ғана, адам “әділ” және “қарапайым” ғұмыр кешеді деп Сократ айтқан.
Жапондық ұстамдылық моделі бойынша (сунао) адам билікке (абырой, беделге) бағынышты болуы керек. Және бұл модельдің өзін-өзі кемсітушілік, төмендету элементтері бар. Жапондықтарды ұжымдық сана-сезім қалыптасқандықтан, әр жеке тұлға берік принциптерді ұстана бермейді. “Ұстамдылық” принципі – өзін-өзі ұстау мәдениетінің бір бөлігі. Ол бойынша жапондық айналасындағы адамдардың сезімдеріне, көңілдеріне құрметпен, сақтықпен қарап, олардың артылықшылықтарын көрсетіп, ешқашан “мен” деп кеудесін қақпауы керек.
Жапон тілінде көптеген сөздердің күрделі әлеуметтік мәні бар. Жапониядағы қарым-қатынастың бәрі шарттармен және дәстүрлі ұйғарымдармен белгіленіп қойылған. Жапонияда сәлемдескенде міндетті түрде иілу (お辞儀 одзики жасау) – бұл жазылмаған ережелердің көрнекі белгісі. Осы тәжім ету арқылы кімнің әлеуметтік статусы қандай екені белгілі болады. Жапон тілін үйренушілер үшін бұл ережелерді білу өте маңызды.
1. Жасы үлкен адам жасы кіші үшін жоғары орында. Жапон жанұясында да бұл қағида қатаң сақталады. Үлкен аға-апаларымызды есімімен емес, жас мөлшері бойынша атаймыз. ( Мысалы, 兄さん niisan деп үлкен ағаңды атайсың. )
2. Жас мөлшерге және т. б. жайттарға байланыссыз, ұстаз – әрқашан да жоғары қойылатын тұлға. Мысалы, премьер-министр бұрынғы ұстазын жолықтырғанда, ұстазына шәкірт кездегіндей төмен иіліп, сәлем береді.
3. Әйел адам үшін ер адам жоғары тұрған тұлға, әке анаға қарағанда жоғары орнында тұрады. Жанұяда әйелі күйеуіне қарағанда қанша ықпалды болып, билік жүргізсе де, әлеуметтік тұрғыдан қарағанда қоғамда төменгі орында тұрады.
4. Ауруханада пациент – дәрігерді, мектепте оқушылар – ұстазды, ұшақта стюардесса – жолаушыны, университетте оқытушы – професорды, ресторан қызметшілері – өз директорларын, дүкенде сатушы – сатып алушыны сыйлап, оларға құрмет көрсетеді.
5. Фирмада лауазымды байланысты қарым-қатынас жасау әсіресе қатаң белгіленген.
6. Қонақ үйге келген қонақ жоғары тұрған тұлға болып саналады. Бұл ереже үйге келген қонаққа да қатысты.
7. Лауазымдар айқындалып қойылған мектеп, клуб, т.б. сияқты ұйымдарда төменгі лауазымдағы адам лауазымы жоғары адамға төменірек иіледі.
Лауазым бойынша анықталатын әлеуметтік қарым-қатынастардан басқа, моральді, этикалық, туыстық, т.б. критерияларға байланысты құрылатын, қалыптасатын қарым-қатынастар бар4.
1. Онкэй канкэй - жарылқаушылық, құрмет, мейірімділікпен байланысты қарым-қатынас, яғни адам өзіне көмектескен, жақсылық жасаған, құрмет көрсеткен адамды әр кез сыйлау керек, сол адамға құрметпен қарауы керек.
2. Сэнко канкэй - сэмпай (үлкен) және кохай (кіші) арасындағы қарым-қатынас. Мысалы: 彼は私の二年先輩です。Kare wa watakushino ninen sempai desu. – Ол меннен екі курс жоғары оқиды. 彼は私の二年子はいです。Kare wa watakushino ninen kohai desu. – Ол меннен екі курс төмен оқиды.
Жас мөлшерінің, оқу орнын бітіру жылдарының, қызметке шыққан мерзімінің (бұрыннан істеп келе жатқан адам мен жұмысқа жаңадан шыққан адам) айырмашылығына байланысты адамдар арасында сэмпай-кохай қарым-қатынастары қалыптасады.
3. Ригай канкэй - бір-біріне деген өзара қызығушылық танытатын кезде қалыптасатын қарым-қатынас. Бұл қарым-қатынас жұмыс бабымен, яғни іскерлік негізде қалыптасады. Мысалы: қызмет көрсету саласындағы, қарым-қатынас сонымен қатар әртүрлі әріптестік қарым-қатынастар. Жоғарыда айтылған қарым-қатынастардың екі түріне қарағанда, бұл қарым-қатынас формальді түрдегі сыпайылығымен сипатталады.
4. Дзёгэ канкэй - жоғары лауазымды мен төменгі лауазымды адамдар арасындағы қарым-қатынас. Жапондықтар бір-бірінің қандай лауазым иесі екенін білу үшін, бір-бірімен визиткамен алмасады. Визиткада адамның қоғамдық статусы анық жазылып тұрады. Әңгімелесуші әріптестің қоғамдық статусын білмей тұрып, онымен әңгіме өрбіту - жапондық үшін қиын мәселе. Егер аңдаусызда бір адамның қоғамдық статусы шатастырылса, бұл қателікті міндетті түрде түзеу керек.
5. Синсо канкэй - жақын және жақын емес қарым-қатынастар, дәлірек айтсақ, "әдеттегі және формальді қарым-қатынас". Мысалы: Бала кезден бірге өскен мектептік жолдасыңмен әдеттегі қарым-қатынас ұстанасың, онымен сыпайы болудың қажеттілігі жоқ. Ал подъездегі көршілеріңмен сәлемдесу және иілумен ғана шектелетін формальді қарым-қатынаста боласың. Мұндай қарым-қатынас типі сыпайылықты қажет етеді5.
Жапон тілінде сыпайы сөйлеудің лексикалық ғана емес, сонымен қатар грамматикалық формалары да бар. Әсіресе осы грамматикалық формалар етістік, предикаттық сын есім және жалғаулықтарға қатысты болады. Бұйрық райдың да формалары көп.
Арнайы сөздер мен сөз тіркестерін қоладана отырып, сөздерге ерекше морфологиялық өзгеріс жасау арқылы, сыпайы, мәдениетті түрде сөйлей аламыз. Сыпайы формаларда тек І жаққа ғана қатысты қолданылатын етістік бар, сондай-ақ тек ІІ жаққа қатысты қолданылатын етістіктер де бар. Мысалы: くるkuru (келу) етістігін алсақ, І жақ үшін くるkuru、参る mairu; ІІ жақ үшін いらっしゃる irassharu, こられるkorareru, おいでになるoideni naru, お目になる ome ni naru деген варианттары қолданылады. Барлығы да "келу" деген мағынаны білдіреді. Етістіктің болымды түріне қарағанда, болымсыз және сұраулы түрі сыпайырақ болып есептелінеді.
Жапондықтар арнайы префикс, жұрнақ, сөздер арқылы өз әлеуметтік позициясын білдіреді. Мысалы: О- , ГО- префикстері.
Сөйлеуші сыпайы сөйлеу формаларын қолдана отырып, әңгімелесуші әріптеске қатысты нейтралды-сыпайы я құрметтеуші, жағымпаздық я кемсітушілік қарым-қатынас ұстанатынын көрсетеді. Белгісіз адамға қатысты сыпайы сөйлеу формалары емес, дөрекі сөйлеу формалары қолданылуы да мүмкін. Мұндай жағдай ғылыми жұмыстарда, әдеби шығармаларда, т.б. көп кездеседі.
Сыпайы сөйлеу жүйесінде “жоғары тұрған – төмен тұрғаннан” басқа, “өзіндікі – өзгенікі” жүйесі де үлкен рөл ойнайды. Қалыптасқан жағдайға байланысты айтушы өзін жанұядан бастап мемлекетке дейінгі әртүрлі топ өкілі ретінде көрсетуі мүмкін. “Жоғары тұрған – төмен тұрған” жүйесіне қарағанда, “өзіңдікі – өзгенікі” жүйесі маңыздырақ болуы мүмкін. Мысалы: “өзге” болып жас мөлшері мен әлеуметтік жағдайына қарамастан кез-келген шетелдік азамат саналады (бұл салыстырмалы түрде алынған белгі). Жапондық қандай жағдайда болсын, шетелдікпен нейтралды-сыпайы тілде сөйлеседі (-МАС формасы). Фирма басшысы әдетте лауазымы төмен басқа фирманың өкілімен де нейтралды-сыпайы стильмен сөйлеседі (ол “өзіңдікі емес”, “өзге”). Балалармен немесе өте жақын адамдармен –МАС формасынсыз сөйлеуге болады6. Бір адаммен әңгімелесіп отырғанда, үшінші адам туралы өте сыпайы түрде сөйлеу әңгімелесуші әріптеске әдепсіздік танытқанмен бірдей болады. Тіпті қызметкер клиентімен сөйлескен уақытта, өз басшысы туралы өте сыпайы айтуына болмайды. Себебі, бұл жағдайда өз басшысы “өзіңдікі”, ал клиент “өзге” болып тұр.
Кей адамдар сыпайы сөйлемеуге болатын жағдайларда да өз тәжірибеліктерін көрсету үшін сыпайы сөйлеу жүйесін қолданады. Қызмет көрсету саласында өте сыпайы сөйлеу жүйесі қолданылады7.

2-тарау Жапон тіліндегі етістіктің сыпайы түрі

Қазіргі жапон тілінде сыпайы сөйлеу жүйесінің төрт түрі бар:
1. Тэйнэйго – нейтралды-сыпайы стильдің сыпайы сөздері мен грамматикалық кострукциялары. Әдеттегі сыпайы сөйлеу жүйесі болып саналады. Бұл стильдің грамматикалық көрсеткіштері: ~です-ДЭС, ~ます-МАС, ~でございます-ДЭ ГОДЗАИМАС формалары. Сонымен бірге бұл стильде О-...ДЭС (お~です: “...одэкакэ дэс ка” ~お出かけですか – “... деп ойламайсыз ба?”; ГО-...ДЭС ご~です: “гориппана кото дэс нэ” お立派なことですね- “шынымен де керемет” (сізге қатысты бір затқа) сияқты тұрақты грамматикалық конструкциялары пайдаланылады. Әдетте шетелдіктермен осы стильде сөйлеседі. Шетелдіктер де жапондықтармен осы стильде сөйлеседі, себебі бұл сыпайы сөйлеу стилінде “жоғары – төмен”, “өзіңдікі - өзгенікі” жүйесі қамтылмайды.
2. Сонкэйго – нейтралды-сыпайы стильге қарағанда сыпайырақ болып келетін стильдің сыпайы түрде айтылған сөздері мен тұрақты грамматикалық конструкциялары. Жасы үлкендермен, қызметі жоғарларымен, клиенттермен, т.б. құрметті адамдармен сөйлескенде қолданылады. Бұл сыпайы сөйлеу стилінің мақсаты - әңгімелесуші әріптесті неғұрлым үлкен дәрежеде құрметтеу, асқақтату, мәртебесін көтеру. Алты түрлі жолмен жасалады:

а) О- + (-МАС формасындағы етістік) + НИ НАРУ
 なにをおやりになるのですか。
Nani o oyarini naru no desu ka. – Не істейін деп едіңіз?

ә) етістіктің ырықсыз етіс формасында тұруы
これをかかれるのですか。
Kore o kakareru no desu ka. – Осыны жазасыз ба? (жоғары тұрған тұлғаға қатысты қолданылады)

б) осы стильде ғана қолданылатын өте сыпайы етістіктер. Мысалы:  いらっしゃる irassharu “келу” (нейтралды стильде – くるkuru “келу”, いくiku “бару”, いるiru “бар”), おっしゃるossharu (нейтралды стильде – いうiu “сөйлеу”), なさるnasaru (нейтралды стильде – するsuru “жасау”, “істеу”), 召し上がるmeshiagaru (нейтралды стильде – 食べるtaberu “жеу”, 飲むnomu “ішу”).
в) -ТЭ формасы + ИРРАСЯРУ – тұрақты грамматикалық конструкциясы:
  人をよく見ていらっしゃる。
Hito o yoku mite irassharu. – “Адам туралы жақсы ойлау, оған жақсы баға беру”;
-ТЭ формасы + ИТАДАКУ:
Yoku setsumei shite itadakimashita. – “Бізге жақсы түсіндіріп берді”;

г) осы стильде ғана қолданылатын есімдіктер мен зат есімдер: どなたdonata “кім”, あの方anokata “ол”, どんなさまdonnasama “сіздің жұбайыңыз”, 奥様okusama “сіздің жұбайыңыз (әйел)”, お女さまojosama “сіздің қызыңыз”.
д) арнайы префикстер мен жұрнақтар: 先生のおうち “Sensei no ouchi” – “Мұғалімнің үйі (немесе жанұясы)”, О- сыпайылықты білдіретін префикс (ouchi); сол сияқты КИ- (きてんkiten “сіздің дүниеңіңіз”); СОН- (尊父 sonpu “сіздің құрметті әкеңіз”);
-САМА (木村様Kimura -sama “аса қадірлі Кимура мырза”).

3. Кэнжёго - әңгімелесуші әріптестің мәртебесін асқақтатып, өзінді кемсітіп, төмендетіп сөйлеуге арналған тұрақты грамматикалық конструкциялары мен сөздер.
Жасалу жолдары:
а) айтушы өзін кемсітіп, төмендетіп айту үшін қолданатын арнайы етістіктер (сонымен қатар әңгімелесуші әріптес аса құрметтеледі). Төмен тұрған тұлға жоғары тұрған тұлғамен сөйлескенде қолданылады. いただくitadaku: 1. “ас жеу” (食べるtaberu “жеу” – нейтралды етістікке сәйкес келеді); 2. “алу, қабылдау (受けるukeru “қабылдау”)”; 伺うukagau: 1. “бару” (たずねるtazuneru “бару”); 2. “сұрау” (聞くkiku “сұрау”); 参るmairu “келу”, “кету” (行くiku, 来るkuru “келу”, “кету”)
б) О- префиксі + (-МАС формасындағы етістік) + ИТАСУ етістігі (жоғары тұрған тұлға үшін бірнәрсе жасасам), мысалы:
 お知らせいたします。
“Oshirase itashimasu” – “Сізге хабарлаймын”;
О- префиксі + -МАС формасындағы етістік + МОСИАГАРУ етістігі, мысалы:
お願い申し上げます
“Onegai mooshiagemasu” – “Жәрдем етуіңізді сұраймын”;
-ТЭ формасы + бағытты білдіретін етістіктер МОРАУ (もらう), ИТАДАКУ (いただく). Мысалы: 一緒に言っていただきたいと思います “isshoni itte itadakitai to omoimasu” – “Бірге баруыңызды сұрайын деп едім”;
в) “өзіңдікі” тобына жататын адамдардың және өзіңнің қарапайымдылығын көрсету үшін қолданатын сөздер: しょせいshosei “мен”, 拙宅settaku “көңіл аударуға тұрмайтын үйім”, сэкко “менің қарапайым қолжазбам”, гукэй “менің жаман үлкен ағам”, хикэн “менің нашар пікірім”. Бұл жерде қолданылып тұрған префикстер: СЁ- – “кішкентай”, “қарапайым”, “нашар”, СЭТЦУ- – “қарапайым”, “көңіл аударуға тұрмайтын”, ГУ- -- “ақымақ”, ХИ- – “кемітілген”, “төмендетілген”.

4. Бикаго – зат есімге О-, ГО- префикстерінің қосылуы арқылы жасалады. Мақсаты – затты жақсартып көрсету, оған әшекей іспеттес. Мысалы, микан “мандарин” – омикан, хана “гүл” – охана, сёкудзи “ас” – осёкудзи, т.б. Бикаго сыпайы сөйлеу стилін әдетте күнделікті тұрмыста әйелдер, балалар қолданады. Кей кезде төменсіту, мысқылдау мәнге де ие. Мысалы: сигото “жұмыс” – осигото, бэнто “ас” – обэнто, ацумари “жиналу” – оацумари. Кейбір сөздер тек бикаго префикстерімен ғана қолданылады. Мысалы: онака “іш”, гохан “ас”, “күріш”, ояцу “бескі шай”.

Жапон тіліндегі сыпайы етістіктірдің категориялары

Жапон тілінде сыпайылықтың 2 грамматикалық категориясы бар. Біреуі сөйлеушінің әңгімелесуші әріптеске деген қарым-қатынасын білдірсе, екіншісі сөз болып жатқан субъектобъектілерге деген қарым-қатынасты айқындайды. В.М.Алпатов оларды адрессив және гоноратив категориялары деп белгілеген8. Адрессив категориясы адрессивті және адрессивті емес формалардан (граммемалардан) тұрады. Адрессивті форма арқылы сөйлеуші әңгімелесуші әріптеске деген құрметін көрсетеді. Ал адрессивті емес формаларда мұндай ақпарат жоқ.
Гоноратив категориясы: 1. Гоноративті (құрмет көрсетуші); 2. Депрециативті (өзін-өзі төмендету) және 3. Нейтралды болып бөлінеді. Гоноративті формалар сыпайы қарым-қатынастың мелиоративті типін білдіреді, яғни сыпайылық көрсетіліп жатқан объект "асыра дәріптеледі, құрметтеледі". Депрециативті формалар арқылы сыпайы қарым-қатынастың пейоративті типін көрсетеміз, яғни өзімізді кемсітіп, төмендетеміз. Нейтралды формалар гоноративті де емес, депрециативті де емес.
"Жоғары тұрған өзгелер" менен "тең тұрған өзгелермен" сөйлескенде, міндетті түрде адрессив қолданылады. "Төмен тұрған өзіңдікі" немесе "тең тұрған өзіңдікімен" сөйлескенде, адрессивті емес формалар қолданылады. "Төмен тұрған өзгелер" менен “жоғары тұрған өзіңдікімен” сөйлескенде де, адрессивті және адрессивті емес формалар қолданылады. Адрессив категориясы формаларының ерекшелігі – сөйлеуші бір ғана әңгімелесуші әріптеске қатысты адрессивті де адрессивті емес те формаларды қолдана алуында.
Сыпайыгершілік – сөйлеуші, тыңдаушы, сөз болып жатқан адамдар арасындағы әлеуметтік қарым-қатынасты көрсетуге арналған әртүрлі тілдік құралдарды білдіретін термин. Патриция Браун және Стивен Левинсонның айтуы бойынша сыпайыгершілік позитивті және негативті болып бөлінеді. Әңгімелесуші әріптесті және тағы басқа адамдарды "өз" тобына қосып сөйлеу – позитивті, ал "өзгелерге" қатысты қолданатын сыпайыгершілік түрі негативті болып саналады. Көбінесе тілдегі сыпайыгершілік дегеннің өзі де негативті сыпайыгершілік меңзеледі. А.П.Володин мен В.С.Храковский позитивті сыпайыгершілікті сыпайыгершілік деп, ал ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Сөз мәдениеті
Тіл мәдениеті және лексикалық норма
Тілдік қатынас – сөйлеу тілі арқылы ұғынысу
Тілдік қатынас туралы
Қазақ тілі сабағында оқушыларды тіл мәдениетіне тәрбиелеуді ұйымдастыру жолдарын қарастыру
Ұлт тілі тарихының деректері
БОЛАШАҚ ПЕДАГОГТАРДЫҢ СӨЙЛЕУ МӘДЕНИЕТІН ҚАЛЫПТАСТЫРУ
ОТБАСЫНДАҒЫ БАЛАЛАРДЫҢ СӨЙЛЕУ МӘДЕНИЕТІН ҚАЛЫПТАСТЫРУДА
ҚАЗАҚ ТІЛІНДЕГІ СЫПАЙЫ ҚАРЫМ - ҚАТЫНАС АМАЛДАРЫНЫҢ ЗЕРТТЕЛУІ
Қазіргі қазақ тіліндегі сыпайы қарым-қатынастың вербалды және бейвербальды амалдары және олардың зерттелу жайы
Пәндер