Жоғары сынып оқушыларына белсенді әдістер арқылы киімді көркемдеп сәндеуге үйрету әдістері


Пән: Өнер, музыка
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 82 бет
Таңдаулыға:   

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

Қ. А. ЯСАУИ АТЫНДАҒЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚАЗАҚ-ТҮРІК УНИВЕРСИТЕТІ

ӨНЕР ФАКУЛЬТЕТІ

БЕЙНЕЛЕУ ӨНЕРІ КАФЕДРАСЫ

Әрипова Құттықыз

ЖОҒАРЫ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНА БЕЛСЕНДІ ӘДІСТЕР АРҚЫЛЫ КИІМДІ КӨРКЕМДЕП СӘНДЕУГЕ ҮЙРЕТУ ӘДІСТЕРІ.

ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС

5В012000 «Кәсіптік оқыту» мамандығы

Түркістан 2015

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

Қ. А. ЯСАУИ АТЫНДАҒЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚАЗАҚ-ТҮРІК УНИВЕРСИТЕТІ

ӨНЕР ФАКУЛЬТЕТІ

БЕЙНЕЛЕУ ӨНЕРІ КАФЕДРАСЫ

«Қорғауға жіберілді»

Кафедрасының меңгерушісі

Ауелбеков Е. Б п. ғ. к., доцент м. а

ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС

ТАҚЫРЫБЫ:ЖОҒАРЫ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНА БЕЛСЕНДІ ӘДІСТЕР АРҚЫЛЫ КИІМДІ КӨРКЕМДЕП СӘНДЕУГЕ ҮЙРЕТУ ӘДІСТЕРІ.

5В012000 «Кәсіптік оқыту»мамандығы

Орындаған: Әрипова Қ.

Ғылыми жетекшісі:

п. ғ. д., профессор: Г. Ғ. Еркибаева

Түркістан 2015

Мазмұны

АННОТАЦИЯ . . .

НОРМАТИВТІК СІЛТЕМЕЛЕР . . .

АНЫҚТАМАЛАР . . .

БЕЛГІЛЕУЛЕР МЕН ҚЫСҚАРТУЛАР . . .

КІРІСПЕ . . .

1 ЖОҒАРЫ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ БЕЛСЕНДІЛІК ҚАБІЛЕТТЕРІН ДАМЫТУДЫҢ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ НЕГІЗІ

1. 1 Жоғары сынып оқушыларының белсенділіктерін технология сабағында дамытудың психологиялық-педагогикалық ерекшеліктері . . .

1. 2 «Белсенді әдістер» ұғымына сипаттама . . .

1. 3 Жоғары сынып оқушыларына киім үлгілерін көркемдеп сәндеуге үйретуде эстетикалық талғамын қалыптастырудың мүмкіндіктері . . .

2 ЖОҒАРЫ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНА КИІМ ҮЛГІЛЕРІН КӨРКЕМДЕП СӘНДЕУГЕ ҮЙРЕТУДІҢ ӘДІСТЕРІ МЕН ФОРМАЛАРЫ . . .

2. 1 11-сынып оқушыларын көркемдеп сәндеуді үйретудің мазмұны . . .

2. 2 Киім үлгілерін көркемдеп сәндеудің әдістері мен принціптері . . .

2. 3 Белсенді әдістер арқылы киім тігуге үйрету жолдары . . .

3 ҚАЗАҚ ӘЙЕЛІНІҢ ҰЛТТЫҚ КИІМІН ТІГУ ТЕХНОЛОГИЯСЫ ЖӘНЕ ЭКОНОМИКАЛЫҚ МӘЛІМЕТ

3. 1. Қазақ әйелінің киім үлгісін тігуге қажетті материалдар және мата түрлеріне сипаттама

3. 2. Қазақ әйелінің киімінің сызбасын сызу және модельдеу . . .

3. 3. Әйел киімінің өзіндік құнын есептеу . . .

Қорытынды . . .

Пайдаланылған әдебиеттер . . .

Аннотация

Дипломная работа посвящена методам обучения учащихся старших классов с помощью активных методов художественного украшения одежды на уроках технологии.

В работе рассматриваются психолого-педагогические аспекты использования активных методов обучения учащихся старших классов с помощью активных методов художественного украшения одежды, дается анализ типовой программы с учетом использования активных методов обучения учащихся старших классов с помощью активных методов художественного украшения одежды, и, в качестве примера, предлагается модель национальной одежды казахской женщины.

Annotation

Diploma work is devoted to methods of training of the studying senior classes by means of active methods of art decoration of clothes at technology lessons.

In work psychology and pedagogical aspects of use of active methods of training of the studying senior classes by means of active methods of art decoration of clothes are considered, the analysis of the standard program taking into account use of active methods of training of the studying senior classes by means of active methods of art decoration of clothes, and, as an example is given, the model of national clothes of the Kazakh woman is offered.

НОРМАТИВТІК СІЛТЕМЕЛЕР

1. Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңы Өзгерістер мен толықтыруларымен

2. Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

3. Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасы

АНЫҚТАМАЛАР

1. Әдіс - гректің «metodos» - белгілі ақиқатқа, шындыққа, мақсатқа жетудің жолдары

2. Әдіс - білім беру, тәрбиелеу жэне дамыту барысында белгіленген мақсатка

жетуді қамтамасыз етуге, ғылымда зерттеуді жүзеге асыруға көмектесетін

тэсіл, алға қойған міндеттерді шешу үшін ұйымдастырылған адамдардың, ұжымдардың іс - әрекетінің бір жолы.

3. Окыту әдістері деп оқу - тәрбие мақсаттарына жетуге бағытталған мұғалім мен оқушылардың өзара байланысты іс - әрекеттерінің тәсілдері.

4. Әдістеме - әдістер жиынтығы

5. Оқытудың белсенді әдістері

1. оқушының іс-әрекеті өнімді, шығармашылық, ізденіс сипат таситын окыту әдістері;

2. оқушының танымдық іс-әрекетін ынталандырушы және қандай да болсын мәселенің шешу жолдары жөнінде еркін пікір алмасуды көздейтін диалогқа құрылған әдістер. Оларга әңгіме, диспут, тақырыптың семинар, іс ойын, тренинг жатқызуға болады.

6. Технология -- іскерлік, шеберлік, білгірлік.

БЕЛГІЛЕУЛЕР МЕН ҚЫСҚАРТУЛАР

ЖОО -жоғары оқу орны

ХҚТУ - Халықаралық қазақ-түрік университеті

БҮМ - Белсенді үлестірмелі материалдар

КІРІСПЕ

Зерттеудің көкейкестілігі. Бүгінгі таңда замана талабына сай, тәуелсіз мемлекетіміздегі жаңа қоғам мүддесіне лайықты, жан-жақты жетілген, бойында ұлттық сана мен халықтық психологиясы қалыптасқан ұрпақ тәрбиелеп өсіру - отбасының, балабақшаның, орта және жоғары білім беру ошақтары мен барша халықтың міндеті. Бұл процестің стратегиялық негіздері Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңында (2007) : «Білім беру жүйесінің басты мақсаты, ұлттық мәдениетіміз бен халық педагогикасының негіздерінде, әрбір жеке тұлғаның қалыптасуына қажетті жағдай жасау», - деп көрсетілген [1, 12 б. ] .

Қазақстан Республикасында жалпы білім беретін мектептер білім мазмұнының тұжырымдамасында: «Білім беру ісіндегі рухани дәстүрлерді сақтап, жаңаша жетілдіріп дамыта беру керек. Бұл жүйедегі оқыту мен тәрбиелеудің бірлігі үзіліп қалды. Сіздер мен біздер тек болашақ буындарды ғана емес, жалпы адамзаттық қадір-қасиеттердің мәні мен маңызын түсінетін, жаны да, тәні де таза білімді азаматтар тәрбиелеуге міндеттіміз. Олардың отаншылдық сезімдерін тәрбиелеуде, білім берудің мектепке дейінгі жүйесі мен жоғарғы оқу аралықтарын үндестіре ұйымдастыру, көкейтесті мәселе болып табылады», - деп атап көрсеткен [2, 15 б. ] .

Өскелең ұрпақты тәрбиелеу - келешек қоғам мұрагерлерін тәрбиелеу ісі. Ол мемелекеттік маңызы зор, аса жауапты іс. Дені сау, сезімі сергек, ақыл-ойы жетілген, Отанын шексіз сүйетін, «сегіз қырлы, бір сырлы» абзал азамат өсіру ісі халқымыздың ғасырлар бойғы ой-арманы. Осы арман дене, ақыл-ой, адамгершілік, кәсіптік және эстетикалық тәрбиенің дәстүрлі қазақ мәдениетінің түрлері арқылы ұрпақтан- ұрпаққа заманалар бойы халықтың салт-дәстүрлер мен әдет-ғұрыптарында марапатталып, сіңіріліп, іске асырылып отырды.

Қазіргі уақытта ұрпақ тәрбиесі туралы мәселеге, мүлдем жаңа психо-физиологиялық көзқараспен қарауды, замана сипаты ерекше талап етуде. Бүгінгі таңда жалпы адам тәрбиесіне де, халық педагогикасының тигізер әсерлерін, тіпті ештеңемен салыстыруға келмейді.

Қазақ халқының ұлттық мәдениетін сақтап, оны келер ұрпаққа жаңа көзқараспен жетілдіріп жеткізуде білім беру ісі басты құрал болып саналады. Қоғамдағы қазіргі кездегі қайта құрулар, оның қарқынды дамуы білім беруге қойылатын талаптарды түбегейлі өзгертті.

Қазіргі білім берудің негізгі мақсаты − білімін, біліктілігін, дағдысын қалыптастыруға қол жеткізу ғана емес, ұлттық тәрбие негізінде ертеңгі қоғамның белсенді азаматы - бүгінгі оқушы тұлғасын қалыптастыру.

Бүгінгі жағдайда оқушылардың санасында, ой-өрісінде, жалпы азаматтық, адамзаттық рухани құндылықтар мен жоғары адамгершілік қасиеттерді қалыптастыру, оқушы тұлғасының даму барысын психологиялық жан-жақты және үздіксіз зерттеу, оның даралық ерекшеліктерін танып, дұрыс бағытта дамыту, әр түрлі әлеуметтік және моральдық психологиялық жағдайларда қолдау көрсету және қоғам өмірін ізгілендіру мен демократияландыру жағдайында жаңа азаматты қазақтың ұлттық өнері арқылы қалыптастыру мәселесінің маңыздылығы мен көкейтестілігі күннен күнге артып отыр. Сондықтан, білім беру жүйесін реформалау саясаты ең біріншіден - еңбек, технология, кәсіптік білім беру сияқты өмір талабына қойылатын сұранысқа сәйкес жүргізу, екіншіден, оқу үрдісіндегі білім беру мен ұлттық тәрбие бірлігін сабақтастыра отырып, білімнің үйлесімділігімен қатар, әрбір оқушының дербес ерекшелігін ескеріп, қабілетіне, белсенділігіне сәйкес бағдар ұстау болып отыр. Бұдан ұлттық тәрбие мәселесіне бұрын соңды көңіл бөлінбеген деген ой туындамаса керек. Оған этнопедагогика саласындағы зерттеулер дәлел бола алады. Дегенмен де, қазіргі қоғамның ғылыми, әлеуметтік, практикалық талабына, тәрбие беру мақсатын жүзеге асыру қажеттілігіне сай, оқу-тәрбие үрдісінде жергілікті жердің экономикалық, экологиялық және этномәдени ерекшеліктерін ескере отырып, технология сабағында оқушыларға ұлттық тәрбие беру мәселелері әлі күнге дейін біржақты шешімін тапқан жоқ.

Өркениетті қоғам мен Қазақстан Республикасының гүлдене түсуі өскелең ұрпақтың рухани байлығы мен мәдениеттілігін, еркін ойлау қабілеті мен шығармашылығын, кәсіби біліктілігі мен білімділігін талап етеді.

Қай халықтың болса да рухани әлемі, ең алдымен оның дәстүрлі өнерінен көрінетіні мәлім. Сол себепті Қазақстан Республикасының білім беру мен тәрбиелеу саласының түбегейлі жаңаруы жағдайымен бүгінгі ұрпақ тәрбиесінің негізіне - қазақ халқының ғасырлар бойы жинақталған, уақыт сынынан өтіп, сараланған ұлттық тәлім-тәрбиесінің, сәндік қолөнерінің бай қазынасы, мол тәжірибесі алынып отырғаны мәлім. Өйткені жастардың ұлттық мәдениет пен дәстүрлердің негіздерін меңгергенде ғана жалпы адамзаттық мұраларды игеріп дүниеге дұрыс көзқарасы, озық ойлау жүйесі қалыптасатыны анық.

Ұлттық мәдениеттің маңызы және оның жеке тұлғаның рухани дамуына тигізер әсері туралы ой-пікірлердің қалыптасуына қазақ ғалымдары Ш. Уәлиханов, Ы. Алтынсарин, А. Құнанбаев, Ж. Аймауытов, А. Байтұрсынов, М. Дулатов, М. Жұмабаевтың қосқан үлесі зор [3; 4; 5; 6; 7; 8; 9] . Олардың еңбектерінде жас ұрпақтардың тәрбиесіне байланысты өзекті мәселелер бойынша өте құнды пікірлер айтылған.

Жас ұрпаққа ұлттық, патриоттық негізде эстетикалық тәрбие берудің негізгі құралдарының бірі - сәндік қолданбалы өнер. Ұлттық қолөнерінің тәрбиелік мүмкіндіктерін С. Қасиманов, А. Тәжімұратов, Ә. Марғұлан, Х. Арғынбаев, Ө. Жәнібеков және т. б. зерттеушілердің еңбектерінен көреміз [10; 11; 12; 13; 14] .

Қазақстанда жалпы білім беретін мектептерде бейнелеу өнері мен қолөнерін оқытудың теориялық, әдістемелік, тәжірибелік мәселелері Ә. Қамақов, С. Ұзақбаева, Қ. Әмірғазин, Е. Асылханов, Б. Әлмұханбетов, Ж. Балкенов, Қ. Ералин, О. Сатқанов, С. Жолдасбекова, т. б. еңбектерінде қазақ халқының сәндік қолданбалы өнерінің тарихы және бейнелеу өнері арқылы ұлттық, эстетикалық тәрбие беруде халықтық педагогиканы басшылыққа ала отырып жүргізудің жолдарын қарастырған [1-23] .

Белсенді әдістер мәселесі төменгі еңбектерде орын тапқан: А. Әлімов »Интербелсенді әдістерді жоғарғы оқу орындарында қолдану»; А. К. Мынбаева, З. М. Садвокасова «Инновационные методы обучения, или как интересно преподавать: учебное пособие»; А. П. Панфилова «Игровое моделирование в деятельности педагога» [24; 25; 26] .

Жоғары сынып оқушыларына белсенді әдістер арқылы киімді көркемдеп сәндеуге үйрету әдістері мәселесі төмендегі еңбектерде орын тапқан: «Тігін өндірісінің мататануы» (Мальцева Е. ) [27; 28] ; "Әйел және бала киімін конструкциялаудың негіздері"(Л. Н. Шершнева) [29] ; «Қазақ киімі». Альбом. «Қазақша киім табиғатына жүгінсек» (Жәнібеков Ө. ) [30] ; «Казахские национальные традиции в современной одежде» (Рассохина Э. ) [31] ; «Технология пошива» (Юдина Е. Н. ) [32] ; «Азбука вышивания» (Глинская Б. ) [33] ; «Практическая книга по моделированию женской одежды» (Бланк А. Ф., Фомина М. ) [34] ; «Костюм тарихы» (Жолдасбекова С. А. ) [35] және т. б.

Бірақ, бұл еңбектерде жоғары сынып оқушыларына белсенді әдістер арқылы киімді көркемдеп сәндеуге үйрету әдістері мәселесі толық қарастырылмаған.

Қазіргі білім беру ісінің басты шарттарының бірі болып оқушының өзіне керекті мәліметті өзі іздеп табуына үйретіп, олардың өз оқу траекторияларын өзінің таңдай білуі есептеледі. Осы тұрғыдан алып қарасақ оқушыларға білім, білік, дағдыны қалыптастыруда белсенді әдістердің маңызы зор.

Сондықтан оқушыларға белсенді әдістер арқылы жоғары сынып оқушыларына киімді жобалау және модельдеуді үйрету барысында біз окушылардың бойындағы әсемдікті түсіну және сезіну, эстетикалық көзқарасқа, ұқьптылыққа, сұлулыққа, іскерлікке, еңбек сүйгіштікке т. б. баулимыз. Сонымен қатар жан-жақты белсенді әдістер арқылы оқушылардың жобалау және модельдеу тұрғысынан танымын кеңейтіп, дағдысын қалыптастырамыз.

Осы жайт диплом жұмысымызды «Жоғары сынып оқушыларына белсенді әдістер арқылы киімді көркемдеп сәндеуге үйрету әдістері» деп таңдауға себеп болды.

Зерттеудің мақсаты: белсенді әдістер арқылы оқушыларға киімді көркемдеп сәндеуге үйретуде олардың қызығушылығын қалыптастыруды теориялық тұрғыда негіздеу және оның мазмұны мен әдістемесін жасау.

Зерттеудің міндеттері:

  • жоғары сынып оқушыларының белсенділік қабілеттерін дамытудың педагогикалық негізідерін анықтау;
  • 11-сынып оқушыларын көркемдеп сәндеуді үйретудің мазмұнын сараптау;
  • жоғары сынып оқушыларына киім үлгілерін көркемдеп сәндеуге үйретудің әдістері мен формалары белгілеу;
  • қазақ әйелінің ұлттық киімін тігу технологиясын жүйелеу.

Зерттеудің нысаны:

Технология сабағында белсенді әдістер арқылы жоғары сынып оқушыларына киімді көркемдеп сәндеуге үйрету әдістемесі

Зерттеудің пәні: Белсенді әдістер арқылы технология сабағында киімді көркемдеп сәндеуге тәсілдері барысында оқушылардың ептілігі мен дағдысын қалыптастыру жолдары.

Зерттеудің әдістері:

- теориялық (модельдеу, аналитикалық-синтетикалық, салыстырмалы, индуктивті-дедуктивті талдау), т. б.

- эмпирикалық (сұрау, бақылау, педагогикалық эксперимент, педагогикалық іс-тәжірбиелер) ;

- қосымша білім беру жүйесі субъектілерінің тәжірбиесін талдау, салыстыру, зерделеу, жинақтау, тәжірбиелік-әдістемелік жұмыстарды жүргізу, математикалық статистикалық есептеу әдістері қолданылды.

Диплом жұмысының құрылымы: кіріспеден, 3 бөлімнен, қорытындыдан, әдебиеттер тізімінен, қосымшадан, жасалған бұйымнан тұрады.

1 ЖОҒАРЫ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ БЕЛСЕНДІЛІК ҚАБІЛЕТТЕРІН ДАМЫТУДЫҢ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ НЕГІЗІ

1. 1 Жоғары сынып оқушыларының белсенділіктерін технология сабағында дамытудың психологиялық-педагогикалық ерекшеліктері

Қазақ халқының ұрпақ тәрбиесі, оның ішінде білім беру ісіндегі өзгерістер елімізде өтіп жатқан реформалармен ғылыми техникалық прогрестің алғы шарттарының бірі. Оның үстіне бүкіл әлемдік білім беру кеңістігінде ену мақсатында Қазақстан Республикасында білім берудің жаңаша жүйесі құрылуда. Аталған өзгерістер оқу-тәрбие үрдісіндегі болып жатқан түрлі бағыттағы білім беру қызметіндегі жаңаша қаруды, қол жеткізген табыстарды сын көзбен бағалай отырып саралауды, жастардың оку белсенділіктерін дамытуды және мұғалім іс-әрекетін жаңаша түрғыда ұйымдастыруды талап етеді. Осы мақсатта педагогика ғылымын дамытуда үлес қосқан ірі тұлғалы ғалымдар, философтар, педогогтар ертеден-ақ өз үлестерін қоса білді. Мысалы, М. Данилов пен Б. Есиповтар: «Оқыту әдістері оқушылардың оқып үйренушілерге көмектесу тәсілдері, осы тәсіл арқылы таным күштерін дамытады», - деп жазған [36, 21] .

Авторлар әдістерді ғылыми және дидактикалық деп топтай келе, педагогикалық дидактикалық әдістер психологиялық басымдық көрсететін көзқарас деп тұжырымдайды. Кез-келген құбылыс элементі сияқты оқыту әдісінің субъективті және объективті бөлімі бар. Ресей халқының ағарту ісінің білгір қайраткері К. Д. Ушинский, В. А. Сухомлинский, В. Ф. Шаталов, Н. А. Менчинская т. б өздерінің еңбектерінде атап көрсетеді [37; 38; 39; 40] .

Қазак халқының тұнғыш ағартушысы Ы. Алтынсариннің және М. Жұмабаев өзінің «Педагогика» т. б. еңбектерінде жастарға білім беру саласында өскелең өмір жағдайында оқу белсенділігін дамытудың маңыздылығына көп тоқталады [4; 9] .

Бала психологиясын жан-жақты зерттеп оны терең білу, оның даралық ерекшеліктері мен үнемі санасып отыру мектеппен мұғалімдердің жауапты да құрметті міндеті деп түсіндіреді. Сондықтан бірінші кезекте мектеп мұғалімдері алдын ала оқытудың әдістеме негіздерін жан-жақты менгерумен қатар мектеп жасындағы балалардың жасына сәйкес әрі жекелей физиологиялық және психологиялық ерекшеліктерін, сондай-ақ жас жеткіншектердің қалыптасуындағы психологиялық заңдылықтарды терең білу міндеті қойылуда.

Оқушылардың оқу белсенділігін дамытуда бірінші кезекте мотивациялық компоненттерді жүзеге асыратын оқытудың әдістері мен тәсілдерін қолдану және білім алуға өз бетінше ізденуін, оқушылардың бағдарлық іс-әрекеттерін қалыптастыруын Ресейдің педагог ғалымдары И. Я. Лернер, А. М. Матюшкина, М. И. Махмутов өз еңбектерінде қарастырған [41; 42; 43] .

Баланың бойында даму процесі өмір бойы жүріп отырады, сол даму процесінде баланың оқу белсенділігі артады. Балалар бастауыш сынып кезінде-ақ өмір процесіндегі шындықты, болмыстағы құбылыстар мен заттарды анықтап білуге, адамзаттың тарихи тәжірибесін менгеруге талпынады. Ал, балалардың әр нәрсені білуге құмартуынан таным ынтасы оянатындығы мәлім. Осы жаста балалар қарым-қатынас шеберлігі кеңеюінің маңызы артады. Оқушылар бойындағы өзгерістер мұғалімдерден оқу тәрбие жү-мысын нақты мақсатқа бағытталуды талап етеді. Оқу белсенділіктің негізгі «жетекші» түрі оқу болғандықтан, оқу арқылы олардың таным процесі яғни қабылдау, қиял, ес, зейін, ойлау қабілеттері дамиды.

Қазақстандық ғалымдардың еңбектерінде: «Белсенділік» (акивность) - оқушының оқып-үйренуге болған қатынасы, оның құрлымдық элементтері 1) оқу тапсырмаларын орындауға әрдайым дайын болу; 2) дербес іс-әрекетке құлшыныс; 3) тапсырма орындауға саналық; 4) оқу жүйелілігі; 5) білім деңгейін көтеруге қызығу; -деп түсініктеме береді [44, 56] .

Балардың оқуға деген қатынасын мұғалімдер әдетте олардың белсенділігі мен сипаттайды. Демек, белсенділік оқушылардың іс-әрекет аясына ену дәрежесімен анықталады.

Белсенділіқ құрушы біз жоғары да атап өткен бірліктерден тұратынын анықтадық. Оқушылардың танымдық белсенділігі мен дербестігі өзара байланысты: Белсенділігі күшті оқушылар, әдетте, дербес жұмыс істеуге қабілетті келеді. Белсенділік арттырудағы басты мақсат -оқушылардың оқуға деген құштарлығына нәр беріп, оқу-тәрбие жұмысының сапасын көтеру. Педагогикалық тәжірибелерде белсенділік арттырудың әртүрлі жолдары пайдаланылады. Олардың ішінде оқытудың әртүрлі формалары, әдістері, құрал-жабдықтары, оларды әрқилы жағдайлардың туындауына сэйкес бір-бірімен ұштастырылып, оқушылардың белсенділігімен дербестіне дем беру. Сабақ жағдайланында оқушылардың белсенділігін арттыруға келесі әрекеттер тиімді:

- өз пікірін қорғап қалу;

- талқылау мен пікір сайыстарға қатынасу;

- жолдастарымен мұғалімдерге сұрақ қоя білу;

- жолдастарының жауаптарына пікір білдіру;

- сыныптастарының жауаптарымен жазба жұмыстарын тексеру және
бағалау;

- үлгерімі төмен оқушыларға көмек беру;

- қойылған мәселелерді шешудің әрқилы жолдарын іздестіру;

- өзіне белгілі тәсілдерді білікті қолдану жолымен танымдық мәселелерді шеше білу.

Әр адамның меңгерген білім деңгейімен мазмұнына байланысты жүзеге асырылады. Қоршаған дүниені білу танымдыққа байланысты. Таным - адам санасының дамуының негізі және ол арқылы адам өзін қоршаған ортаны игеруді де үйренеді.

Білімнің қалыптасып дамуының жалпы шарттары, философияның негізгі мәселесі - рухани материалдарға, сананың болмысқа қатынасы тұрғысынан зерттейтін ілім - таным теориясы деп аталады. Таным теориясының басқа ғылыми теориядан түрлі айырмашылығы бар. Бұл ұғымдарды ажыратудағы қиындық тек танымдық іздемпаздық ұғымын ғана емес, сонымен бірге танымдық белсенділік ұғымында түрліше түсіндірудін орын алып отырғанына байланысты. Бір катар авторлар танымдық белсенділікті іс-әрекет ретінде қарастырады, бірақ жеке тұлғаның ерекше қасиеті ұғымының мазмұнын ашып керсетпейді.

Аталған ғалымдардың еңбектерінде бұл көзқарастарға талдау жасай келе, Т. И Шамова оларды бір-бірінен бөліп-жарып қарауға болмайтынын атап көрсетті, сөйтіп, қомақты талдау материалында танымдық белсенділік ұғымының мәнін тек оларды диалектикалық бірлікте пайдаланғанда ғана түсінуге болатынын көрсетеді [45] .

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Оқыту әдістер тобы әдістер
Қазіргі киім үлгілеріне ұлттық ою-өрнектер арқылы сәндеу әдістері
Технология сабақтарында жеткіншек қызбала киімін тігуде белсенді әдістерді қолдануы
10 сынып оқушыларына ұлттық киім стиліндегі киім үлгісін дәстүрлі емес әдістер негізінде әзірлеуге үйрету
Киім үлгілерін модельдеу
Кәсіптік оқыту сабақтарында автоматты жобалау жүйесі элементтерін пайдалану
Мектеп оқушыларына кәсіптік білім беруде инновациялық әдістерді қолдану
Оқушыларға сәндік - қолданбалы өнерін оқытудың әдістемесі
Қазақ халқының ұлттық киімдері - киім үлгілері
Оқушыларды шығармашылыққа баулудағы қолөнерінің ролі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz