Медициналық техниканы жіктеу


Пән: Медицина
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 8 бет
Таңдаулыға:   

Медициналық техниканы жіктеу

(классификациялау)

Лекция жоспары:

  1. Медициналық техникалар(МТ) туралы түсінік.
  2. МТ жіктеу принципі.
  3. Диагностикалық, терапиялық және зертханалық медициналық

құралдарды жіктеу.

  1. МТ түрлері мен қолдану саласы.

Лекция мақсаты : денсаулық сақтау саласында қолданылатын медициналық техникаларды жіктеудің негізгі принциптерімен танысу және МТ жіктеу.

Өткен лекцияда денсаулық сақтау саласында қолданылатын медициналық техникаларды пайдалану мақсаттары мен оларда қолданылатын физикалық факторлардың табиғаты бойынша әртүрлі топтарға бөлінетіндігін айтқан болатынбыз. Осы ойды ара қарай тарқатайық, яғни медициналық техника деп нені айтамыз, олар қандай топтарға, түрлерге бөлінеді деген сұрақтарға жауап іздейік.

Біз алдымен медициналық техника деген ұғымға түсінік берейік. Мұндай ұғым медициналық ЖОО арналған медициналық биофизика және т. б. оқулықтарда келтірілген, бірақ олардың басым көпшілігенде ғылым мен техниканың дамуы мен cолардың әсерінен медициналық техниканың дамуының жаңа деңгейге көтерілу нәтижесінде денсаулық сақтау саласында жаңа сипаттағы және түрдегі медициналық техникалардың пайдалануға екндігі ескерілмеген. Оның үстіне бұл мәлімет көздерінің бірі медицинада қолданылатын қондырғылады медициналық құрал деп атаса, екіншісі оған медициналық аппарат деген ат берген, ал тағы бірі оны медициналық электроника деп атаған, сонымен қатар бұл оқу құралдары негізінен медициналық техникалардың ішінде терапиялық бағыттағы құралдарға басты назар аударған, ал диагностикалық бағыт нашар қамтылған.

«Техника» гректің techne - өнер, шеберлік деген сөзінің мағанасына сәйкес келеді. Энциклопедиялық сөздікте техника - қоғамның талабын қанағаттандыру үшін қолданылатын құралдар жиынтығы дегенді білдіреді, олай болса «техника» термині арқылы адамзаттың талаптарын қанағаттандыратын, кез келген саладағы күрделі немесе қарапайым құрал-жабдықтарды, қондырғыларды, аппараттарды және т. б. атайды.

Осы тұжырымды басшылыққа алып және жоғарыдағы аталған медициналық техникаға берілген әр түрлі түсніктерді ескере келе, медициналық техника деп - биологиялық объектілер мен адам ағзасындағы физиологиялық, анатомиялық, биохимиялық, физикалық өзгерістерді анықтайтын, өлшейтін және оларды тіркейтін, сонымен қатар оларда кездесетін биологиялық сипаттағы ауытқуларға (патологиялық) табиғаты әр түрлі физикалық факторлармен әсер ету арқылы қалпына келтіру мақсатында қолданылатын техникалар, аппараттар мен құралдар тобын атаймыз.

Болашақ дәрігерлердің медицина саласында қолданылатын техникалар бойынша білім дәрежесін арттыруда, медициналық құралдардармен орындалатын іс әркеттерді меңгеруді жақсартуда, медициналық құралдардың мүмкіншілігін толық пайдалануда, диагноздау мен емдеу ісіне медициналық құралдарды дұрыс таңдай алуда, физикалық фактор мен медициналық құралдардың арасындағы тікелей байланыстарды терең саналы түрде білуде медициналық құралдарды жіктеудің негізін қарастыру болашақ дәрігерлердің танымдық әрекетін арттыруда үлкен роль атқарады.

Физикалық факторларды қолдануға бағытталған медициналық саладағы ғылыми-зерттеу жұмыстарының барлығында дерлік емдік шаралар белгілі бір физикалық фактор төңірегінде жұргізіледі. Мысалы, перифериялық нерв жүйесін кешенді емдеуде электромагниттік толқынды қолдану, панкреатитті емдеуде миллиметрлік толқындардың оң әсері болатындығын ұсынған т. б. зерттеу жұмыстары көптеп кездеседі[217] . Соңғы жылдары бірнеше физикалық факторлармен бір мезгілде әсер ету арқылы емдеу шараларын жүргізу медицина саласында кең түрде қолдануда және бұл бағыт одан ары кеңей түсетін түрі бар, мысалы іріңдеу процесін тоқтауда магнит өрісі мен лазер сәулесін бір мезгілде пайдалану жақсы әсер бететіндігі анықталып отыр.

Осы фактілерді ескере отырып қолданылатын физикалық факторларға сәйкес медициналық құралдарды мынандай топтарға жіктедік:

  1. Механика(тербелістер мен толқындар) және молекулалық физика құбылыстарына негізделген (жылу мен суық көздері) факторлар (ММФ) қолданылатын медициналық құралдар тобы,
  1. Тұрақты электромагниттік (электр/магнит өрістер, тұрақты ток, кедергі) факторлар (ТЭМФ) қолданылатын медициналық құралдар тобы,
  2. Импульсті (айнымалы төменгі, жоғары, ультра жоғары, аса жоғары, қиыр шеткі тербелістер немесе толқындар) электромагниттік факторлар (ИЭМФ) қолданылатын медициналық құралдар тобы,
  3. Оптикалық факторлар (ОФ) қолданылатын медициналық құралдар тобы,
  4. Атомдық және ядролық факторлар(АЯФ) қолданылатын медициналық құралдар тобы
  5. Кванттық физика (кванттық/информациялық медицина) факторлары (КФ) қолданылатын медициналық техникалар тобы
  6. Аралас физикалық факторлар (АФФ) қолданатын медициналық техникалар тобы
  7. IT және жоғары технологиялық факторлар (ITФ) қолданылатын күрделі медициналық құралдар тобы

Медицинада қолданылатын құралдарды қолдану мақсатына байланысты оларды: диагностикалық , терапевтік және зертханалық (клиникалық лаборатория) құралдар деген топтарға бөлеміз. Бұл құралдардың жұмыс принциптері физикалық құбылыстарға (факторларға) негізделгендігі туралы өткен тарауларда айтылған болатын. Диагностикалық мақсатта қолданылатын физикалық факторларды олардың физикалық қасиетіне байланысты таңдалған болса, терапевтік мақсаттарда қолданылатын физикалық факторлар биологиялық денелерге тигізетін әсеріне байланысты қолданылады, ал клиникалық зерттеуде қолданылатын құралдар мен қондырғылардың жұмыс принциптері физикалық заңдылықтар мен құбылыстарға негізделген. Біз алғаш рет осы 3 бағытты бірге қарауды ұсынып отырмыз, өйткені бұл бағыттар практикалық медицинада бұрыннан бірге қызмет атқаратын.

Осы ұсынылған топтауды басшылыққа алып және өткен тараулардағы жинақталған мәліметтер негізінде медициналық құралдарды физикалық факторлар бойынша жіктеп, төмендегі кесте түрінде берейік.

ФИЗИКАЛЫҚ ФАКТОРЛАР
МЕДИЦИНАЛЫҚ ҚҰРАЛДАРДЫ ҚОЛДАНУ БАҒЫТЫ МЕН ӘДІСТЕРІ
ФИЗИКАЛЫҚ ФАКТОРЛАР: 1
№: 2
МЕДИЦИНАЛЫҚ ҚҰРАЛДАРДЫ ҚОЛДАНУ БАҒЫТЫ МЕН ӘДІСТЕРІ: 3
ФИЗИКАЛЫҚ ФАКТОРЛАР:

I.

М е х а н и к а және молекулалық физика

ММФ

№: диагностикалық
ФИЗИКАЛЫҚ ФАКТОРЛАР: 1
№: ФКГ құралы
ФИЗИКАЛЫҚ ФАКТОРЛАР: 2
№: УДЗ, ЭхоКГ, ЭхоЭГ, доплерлік ЭхоКГ
ФИЗИКАЛЫҚ ФАКТОРЛАР: 3
№: аудиометрия құралы
ФИЗИКАЛЫҚ ФАКТОРЛАР: 4
№:

спирометрия, пневмотахография,

пикфлоуметрия

ФИЗИКАЛЫҚ ФАКТОРЛАР: 5
№: сфигмография
ФИЗИКАЛЫҚ ФАКТОРЛАР: терапиялық
ФИЗИКАЛЫҚ ФАКТОРЛАР: 1
№: УДТ құралдары
ФИЗИКАЛЫҚ ФАКТОРЛАР: 2
№: Жылумен емдеу құралдары.
ФИЗИКАЛЫҚ ФАКТОРЛАР: 3
№: Криотерапия құралдары
ФИЗИКАЛЫҚ ФАКТОРЛАР: 4
№: Криохирургия. құралдары
ФИЗИКАЛЫҚ ФАКТОРЛАР: зертханалық
ФИЗИКАЛЫҚ ФАКТОРЛАР: 1
№: Вискозиметр
ФИЗИКАЛЫҚ ФАКТОРЛАР: 2
№: Центрифуга
ФИЗИКАЛЫҚ ФАКТОРЛАР:

II.

Тұрақты электр және магнит өрістері және тоғы.

ТЭМФ

№: диагностикалық
ФИЗИКАЛЫҚ ФАКТОРЛАР: 1
№: ЭКГ құралы
ФИЗИКАЛЫҚ ФАКТОРЛАР: 2
№: Холтерлік ЭКГ
ФИЗИКАЛЫҚ ФАКТОРЛАР: 3
№: Векторкардиография (ВКГ) құралдары
ФИЗИКАЛЫҚ ФАКТОРЛАР: 4
№: Электроэнцефалограф (ЭЭГ) құралдары
ФИЗИКАЛЫҚ ФАКТОРЛАР: 5
№: Магниттік энцафалография (МЭГ) құралы
ФИЗИКАЛЫҚ ФАКТОРЛАР: 6
№: Газоразрядты визуализациялау құралы
ФИЗИКАЛЫҚ ФАКТОРЛАР: 7
№: Фолль құралы
ФИЗИКАЛЫҚ ФАКТОРЛАР: терапиялық
ФИЗИКАЛЫҚ ФАКТОРЛАР: 1
№: Франклинизация
ФИЗИКАЛЫҚ ФАКТОРЛАР: 2
№: Аэроионотерапия, аэроионофорез. Аэрофито терапия, озонатор.
ФИЗИКАЛЫҚ ФАКТОРЛАР: 3
№: Галбвонизация, электрофорез, ультрафонофорез
ФИЗИКАЛЫҚ ФАКТОРЛАР: 4
№: Магниттік терапия құралдары
ФИЗИКАЛЫҚ ФАКТОРЛАР: 5
№: Электрлік тұрмыстық құралдар
ФИЗИКАЛЫҚ ФАКТОРЛАР: зертханалық
ФИЗИКАЛЫҚ ФАКТОРЛАР: 1
№: Қағаздағы электрофорезді алу құралы
ФИЗИКАЛЫҚ ФАКТОРЛАР: 2
№: Целоскоп
ФИЗИКАЛЫҚ ФАКТОРЛАР:

III.

Импульсті (айнымалы)

электромагниттік тербелістер мен толқындар

ИЭМФ

№: диагностикалық
ФИЗИКАЛЫҚ ФАКТОРЛАР: 1
№: Реоэнцефалография (РЭГ)
ФИЗИКАЛЫҚ ФАКТОРЛАР: 2
№: Эндоскопиялық капсул
ФИЗИКАЛЫҚ ФАКТОРЛАР: 3
№: Дефибриллятор (монитролы, кереуеттік)
ФИЗИКАЛЫҚ ФАКТОРЛАР: терапиялық
ФИЗИКАЛЫҚ ФАКТОРЛАР: 1
№: Амплипульстерапия, электроұйқы, диадинамо терапия құралдары
ФИЗИКАЛЫҚ ФАКТОРЛАР: 2
№: Электростимуляциялау құралдары (ЭС), өңеш арқылы ЭС жасау құралы, қарын-ішек ЭС
ФИЗИКАЛЫҚ ФАКТОРЛАР: 3
№: Дарсонвализация, индуктотермия құралдары
ФИЗИКАЛЫҚ ФАКТОРЛАР: 4
№: Электростимуляциялау құралдары (ЭС), өңеш арқылы ЭС жасау құралы, қарын-ішек ЭС,
ФИЗИКАЛЫҚ ФАКТОРЛАР: 5
№: (ЭКС) құралдары
ФИЗИКАЛЫҚ ФАКТОРЛАР: 6
№: Транскраниалды электростимуляциялық терапия (ТКЭС) құралдары
ФИЗИКАЛЫҚ ФАКТОРЛАР: 7
№: Электрохирургия (ЭХ) құралдары,
ФИЗИКАЛЫҚ ФАКТОРЛАР: 8
№: Тұр мыстық ЭС құралдары
ФИЗИКАЛЫҚ ФАКТОРЛАР:

IV.

Оптика

ОФ

№: диагностикалық
ФИЗИКАЛЫҚ ФАКТОРЛАР: 1
№: ФГОС, бронхоскопия, гастроскопия, ларингоскопия, колоноскопия, кольпоскопия,
ФИЗИКАЛЫҚ ФАКТОРЛАР: 2
№: Гистероскопия
ФИЗИКАЛЫҚ ФАКТОРЛАР: 3
№: Талшықты жарық диодты цистоскоп
ФИЗИКАЛЫҚ ФАКТОРЛАР: 4
№: Авторефрактометр, рефрактометр, диоптриметр, тонометрия,
ФИЗИКАЛЫҚ ФАКТОРЛАР: терапиялық
ФИЗИКАЛЫҚ ФАКТОРЛАР: 1
№: Лапроскопиялық құралдар
ФИЗИКАЛЫҚ ФАКТОРЛАР: 2
№: Фотоматрицалық терапия құралы,
ФИЗИКАЛЫҚ ФАКТОРЛАР: 3
№: УФ сәулемен биологиялық объектілерді емдеу құралы
ФИЗИКАЛЫҚ ФАКТОРЛАР: 4
№: Оптикалық тұрмыстық емдеу құралдары
ФИЗИКАЛЫҚ ФАКТОРЛАР: зертханалық
ФИЗИКАЛЫҚ ФАКТОРЛАР: 1
№: спектрофтометриялық құралдар
ФИЗИКАЛЫҚ ФАКТОРЛАР: 2
№: құралдары
ФИЗИКАЛЫҚ ФАКТОРЛАР: 3
№: Поляриметрия құралдары
ФИЗИКАЛЫҚ ФАКТОРЛАР: 4
№: Рефрактометрия құралы
ФИЗИКАЛЫҚ ФАКТОРЛАР: 5
№: Интерференциялық микроскоп
ФИЗИКАЛЫҚ ФАКТОРЛАР:

V.

Атом және ядро физикасы

АФ

№:
МЕДИЦИНАЛЫҚ ҚҰРАЛДАРДЫ ҚОЛДАНУ БАҒЫТЫ МЕН ӘДІСТЕРІ: диагностикалық
ФИЗИКАЛЫҚ ФАКТОРЛАР: 1
№: Рентген құралдары
ФИЗИКАЛЫҚ ФАКТОРЛАР: 2
№: Ангиография, флюография, құралдары
ФИЗИКАЛЫҚ ФАКТОРЛАР: 3
№: Томография, компьютерлік томография (КТ)
ФИЗИКАЛЫҚ ФАКТОРЛАР: 4
№: Магниттік резонанстық томография (МРТ)
ФИЗИКАЛЫҚ ФАКТОРЛАР: 5
№: Радиоизотопты сәулелік диагностика құралдары
ФИЗИКАЛЫҚ ФАКТОРЛАР: терапиялық
ФИЗИКАЛЫҚ ФАКТОРЛАР: 1
№: Радиоизотопты сәулелік терапия құралдары
ФИЗИКАЛЫҚ ФАКТОРЛАР: зертханалық
ФИЗИКАЛЫҚ ФАКТОРЛАР: 1
№: Радиобиохимиялық/радиоиммунологиялық талдау құралдары
ФИЗИКАЛЫҚ ФАКТОРЛАР:

VI.

Кванттық физика

(квантық/ақпараттық

медицина)

КФ

№: диагностикалық
ФИЗИКАЛЫҚ ФАКТОРЛАР: 1
№: Кванттық (толқындық-ақпараттық) диагностикалық құралдар.
ФИЗИКАЛЫҚ ФАКТОРЛАР: терапиялық
ФИЗИКАЛЫҚ ФАКТОРЛАР: 1
№: Кванттық медицина құралдары.
ФИЗИКАЛЫҚ ФАКТОРЛАР: 2
№: Лазерлік хирургия құралдары
ФИЗИКАЛЫҚ ФАКТОРЛАР: 3
№: Лазерлік терапия құралдары
ФИЗИКАЛЫҚ ФАКТОРЛАР: 4
№: Тұрмыстық емдеу құралдары
ФИЗИКАЛЫҚ ФАКТОРЛАР:

VII.

IT және жоғары технология

ІТФ

№: диагностикалық
ФИЗИКАЛЫҚ ФАКТОРЛАР: 1
№: Жүрек-тамыр жүйесінің функционалды күйін тексеру кешені
ФИЗИКАЛЫҚ ФАКТОРЛАР: 2
№: Адамның психофизиологиялық күйін тексеру кешені
ФИЗИКАЛЫҚ ФАКТОРЛАР: 3
№: Адамның тірек-қимыл аппаратын тексеру кешені
ФИЗИКАЛЫҚ ФАКТОРЛАР: 4
№: ТВ медициналық кешен
ФИЗИКАЛЫҚ ФАКТОРЛАР: терапиялық
ФИЗИКАЛЫҚ ФАКТОРЛАР: 1
№: Эндовидеохирургиялық кешен,
ФИЗИКАЛЫҚ ФАКТОРЛАР: 2
№: Қан айналысын жасанды жүргізу аппараты (АИК)
ФИЗИКАЛЫҚ ФАКТОРЛАР: 3
№: Өкпені жасанды желдету құралдары(ИВЛ)
ФИЗИКАЛЫҚ ФАКТОРЛАР: 4
№: Наркоз аппаратары
ФИЗИКАЛЫҚ ФАКТОРЛАР: зертханалық
ФИЗИКАЛЫҚ ФАКТОРЛАР: 1
№: Биохимиялық талдау құралдары
ФИЗИКАЛЫҚ ФАКТОРЛАР: 2
№: Гемотомиялық талдау құралдары

Диагностикалық және емдеу физикалық факторларын жіктеу ғылыми және практикалық маңызы бар және оны одан ары дамыту әрқашанда ғалымдар мен дәрігерлердің назарларында тұрған проблемалардың қатарына жатады, сондықтан біздің ұсынып отырған жіктеу өз жалғасын табатындығына кәміл сенеміз.

Қортынды сұрақтар:

  1. Медициналық техникалар деп қандай құралдарды атайды
  2. МТ жіктеу прин ципі
  3. МТ түрлері
  4. Диагностикалық МТ
  5. Терапиялық МТ
  6. Зертханалық МТ

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Химиялық қару туралы ақпарат
Қазақстан елді мекеніндегі соның ішінде Алматы қасындағы сейсмикалық қауіптің жалпы жағдайы туралы және халықты, аумақты төтенше жағдайлардан, күшті жер сілкінісінен қорғау шаралары
Курорт
Өрт қауіпсіздігі бұрыштары
Адам өмір қауіпсіздігінің негіздері
Облыстың аумағындағы ықтимал авариялар мен апаттар, дүлей зілзалалар және олардың халық пен ұйымдар үшін салдары
Синтетикалық (жинақтау) және аналитикалық (жіктеу) счеттары туралы
Тауарлы өндірістің өмірге келу себептері мен жалпы сипаттамалары
«Тіршілік қауіпсіздігі негіздері» курсынан дәрістер кешені
Адам экологиясы туралы ақпарат
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz