Жартылай иірім жүн жібінің сраптамасы



Аннотация.

Кіріспе.

1.Әдеби көрнекілік.
1.1.Экпертиза тапсырмасы және мақсаты. Тауар сапасын бағалау әдістері.
1.2.Жартылай жүн иірім жібінің негізгі қасиеттері.
1.3.Жартылай жүннің және өндірілген бұймдардың негізгі түрлері.
1.4.Иірім жіптерге қойылатын техникалық талаптар.
2.Негізгі бөлім.
2.1.Талшық және жіптің физикалық қасиеттерін анықтау. Жартылай жүн иірім жібін анализдеудің зертханалық әдісі.
2.1.1.Тоқыма материалдарының ылғалдылығын анықтау әдісі.
2.1.2.Кептіру (кондиционды) аппараттарда материал ылғалдылығын анықтау әдістері.
2.1.3.Үзу жүктемесін анықтау әдістері.
2.1.4.Талшық және иірім жіптің сызықтық тығыздығын анықтау әдістері.
2.1.5.Иірім жіптің ширатылуын анықтау әдістері.
2.2.Талшық және иірім жіптің химялық қасиетін анықтау.
2.2.6Жүн талшығының құрамын анықтау.
2.3.Зерттеулер нәтижелері.

3. Экологиялық бөлім.

4. Еңбекті қорғау.

5. Экономикалық бөлім.

6. Қорытынды.

7. Қолданылған әдебиеттер тізімі.
Қазақстан Республикасының Президентінің Қазақстан халқына 2008 жылғы 6 ақпандағы жолдауында «Өкімет саясатының басты бағыты-Қазақстан хәл жағдайын жақсарту» деп көрсетілген.
Әлемнің бәсекеге қабілетті 50 елінің қатарынан орын алу мен 30 корпаративтік көшбасшыларының қалыптастыру негізінде елді индустрияландыру міндеттері біздің басты стратегиялық мақсатымыз болып қала бермек.Президент Назарбаев Н.Ә. халыққа жолдауын жеткізу кезінде Қазақстанда өндіретін барлық жүн көлемінің 80% елден шетке сатылып, өңдеуден өтпейтініне аса көңіл бөліп еді. Кезінде, Кеңес одағы жағдайында, Семей мен Қостанай қалаларында мәуітті-шұға комбинаттары болған, олар елімізде өндірілетін әртүрлі жүндердің көп бөлігін өңдеп, тарақты жүйе бойынша көп иірімжіп шығаратын, олардан костюмдік, көйлектік маталар, немесе көптеген ассортименттік трикотаж бұйымдары шығарылатын. Қазақстанда 14 тоқыма өндіріс орындары комволь жібінен шұлық-ұйық, үстінгі трикотаж, спортқа арналған киімдер шығарылатын. Қазір бұл кәсіпорындар жабылып,елімізде тарқты жүйе бойынша иірімжіп шығарылмайды.
2000-2005 жылдар аралығында елімізде өсірілетін мал басы үзбей өсіп келеді.Соның ішінде өндірісте ең көп қолданылатын, технология жағдайына ыңғайлы, жүн сапасы мен товарлық құны өте жоғары жіңішке талшықты меринос және будандастырылған қой жүні бізге көп пайдалы
1. Справочник по шерстопрядению.
Н.М. Артемова, В.К.Афанасьев, Г.О.Лежебрух, И.Г.Рашкован
Москва «Легкая и пищевая прошленость.1983
2.Технический контроль в хлопкопрядении.
С.С. Иванова О.А. Филатова.
Издательство «Легкая индустрия» 1978
3. Лабораторный практикум по химической технологий волокнистых материалов.
Ф.И. Садов, Н.М. Соколова, Е.О. Вильдт, К.Г. Калинина, М.В. Корчагин, А.И. Матецкий, И.А. Шиканова
Издательство научно-технической литературы легкой промышленности. Москва, 1963.
4. Контроль и управления качеством текстильных материалов.
С.М. Кирюхин А.Н. Соловьев
Издательство «Легкая индустрия». Москва, 1977.
5. Лабораторный практикум по текстильному материаловедению.
Под общей редакцией д.т.н. Коблякова.
Издательство: «Легкая индстия» 1974
6.Базовый лабораторный практикум по химической технологии волокнистых материалов.
Под общей редакцией д.т.н. профессора Н.Е.Булушевой.
7.Шерстопрядильное оборудование.
Под редакцией д.т.н. Протасовой.
Издательство: «Легкая индустрия» 1980
8.Проектирование шерстопрядильного производства.
В.Е. Гусеев, В.Е. Слыкова.
Издательство «Легкая индустрия» 1975.
9. екстильное материаловедение.
Г.Н.Кукин, А.Н.Соловьев, А.И.Кобляков.М.
10.Справочник по заготовкам шерсти.
К.Е. Елемесов, М.Ф.Ежова.
Издательство: «Кайнар» 1992.
11.Первичная обработка шерсти.
Л.С. Горбунова и.др.
Издательство: «Легкая пищевая промышленность» Москва 1981.
12. Лабораторный практикум по прядению хлопка и химических волокон.
Под общей редакцией к.т.н Ш.Р. Морсулова, Я.Я. Решетников.
Издательство: «Легкая индустрия» 1978.
13. ГОСТ10290-72 Пряжа гребенная шерстяная и полушерстяная (смешанная) для ткацкого производства.
14.ГОСТ 17511-83 Пряжа гребенная шерстяная и полушерстяная (смешанная) для трикотажного производства.
15.ГОСТ 6611.0-73 Нити текстильные. Метод определения фактической и кондиционной влажности.
16ГОСТ 6611.1-73 Нити текстильные. Метод определения линейной плотности.
17.ГОСТ 6611.2-73 Нити текстильные. Метод определения разрывной нагрузки и удлинение при разрыве.
18.ГОСТ 6611.3-2003 Материалы текстильные и нити. Метод определения число кручений, крутки и направления крутки.
19.ГОСТ 4659-79 Ткани и пряжа ч/ш и п/ш. Методы химических испытаний.

Пән: Өнер, музыка
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 49 бет
Таңдаулыға:   
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТІРЛІГІ

АЛМАТЫ ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

Технология және дизайн факультеті

Кафедра: Тоқыма және жеңіл өнеркәсіп бұмдарының тхнологиясы

Дипломдық жұмыс

Жартылай иірім жүн жібінің сраптамасы.

Орындаған:
050726 Тоқыма және жеңіл өнеркәсіп бұмдарының технологиясы
мамандығының
4 курс студенті
Сугірбекова А.С. ... ... ... ... ... ... .
(қолы, күні)

Жетекші:
к.т.н., доцент
Отыншиев М.Б. ... ... ... ... ... ... .
(қолы, күні)

Қорғауға жіберілді
ТТП кафедрасының меңгерушісі
к.т.н. доцент
Кутжанова А.Ж. ... ... ... ... ... ... ..
(қолы, күні)

Технология және дизайн
факультетінің деканы
Жилисбаева Р.О ... ... ... ... ... ... ... ... ...
(қолы, күні)

АЛМАТЫ 2008
Мазмұны

Аннотация.

Кіріспе.

1.Әдеби көрнекілік.
1.1.Экпертиза тапсырмасы және мақсаты. Тауар сапасын бағалау әдістері.
1.2.Жартылай жүн иірім жібінің негізгі қасиеттері.
1.3.Жартылай жүннің және өндірілген бұймдардың негізгі түрлері.
1.4.Иірім жіптерге қойылатын техникалық талаптар.
2.Негізгі бөлім.
2.1.Талшық және жіптің физикалық қасиеттерін анықтау. Жартылай жүн
иірім жібін анализдеудің зертханалық әдісі.
2.1.1.Тоқыма материалдарының ылғалдылығын анықтау әдісі.
2.1.2.Кептіру (кондиционды) аппараттарда материал ылғалдылығын
анықтау әдістері.
2.1.3.Үзу жүктемесін анықтау әдістері.
2.1.4.Талшық және иірім жіптің сызықтық тығыздығын анықтау әдістері.
2.1.5.Иірім жіптің ширатылуын анықтау әдістері.
2.2.Талшық және иірім жіптің химялық қасиетін анықтау.
2.2.6Жүн талшығының құрамын анықтау.
2.3.Зерттеулер нәтижелері.

3. Экологиялық бөлім.

4. Еңбекті қорғау.

5. Экономикалық бөлім.

6. Қорытынды.

7. Қолданылған әдебиеттер тізімі.

Аннотация

Бұл диплом жұмысының мақсаты жартылай жүн иірім жібіне сараптама
жүргізу. Әр түрлі түстес, барлығы бес түрлі иірім жіп берілді.
Олардың сызықтық тығыздығын, үзу жүктемесін, үзу кезінде созылуын,
ширатылуын, жүн құрмын сараптама жұмыстары арқылы анықтадым. Сараптама
барысында қорытындылар Мемлекеттік стандарттан сәл ауытқыды.
Барлық нақты да толық көрсеткіштер осы диплом жұмысының зерттеулер
бөлімінде көрсетілген.

Кіріспе.

Қазақстан Республикасының Президентінің Қазақстан халқына 2008 жылғы 6 ақпандағы
жолдауында Өкімет саясатының басты бағыты-Қазақстан хәл жағдайын жақсарту деп
көрсетілген.
Әлемнің бәсекеге қабілетті 50 елінің қатарынан орын алу мен 30 корпаративтік
көшбасшыларының қалыптастыру негізінде елді индустрияландыру міндеттері біздің
басты стратегиялық мақсатымыз болып қала бермек.Президент Назарбаев Н.Ә. халыққа
жолдауын жеткізу кезінде Қазақстанда өндіретін барлық жүн көлемінің 80% елден
шетке сатылып, өңдеуден өтпейтініне аса көңіл бөліп еді. Кезінде, Кеңес одағы
жағдайында, Семей мен Қостанай қалаларында мәуітті-шұға комбинаттары болған,
олар елімізде өндірілетін әртүрлі жүндердің көп бөлігін өңдеп, тарақты жүйе
бойынша көп иірімжіп шығаратын, олардан костюмдік, көйлектік маталар, немесе
көптеген ассортименттік трикотаж бұйымдары шығарылатын. Қазақстанда 14 тоқыма
өндіріс орындары комволь жібінен шұлық-ұйық, үстінгі трикотаж, спортқа арналған
киімдер шығарылатын. Қазір бұл кәсіпорындар жабылып,елімізде тарқты жүйе бойынша
иірімжіп шығарылмайды.
2000-2005 жылдар аралығында елімізде өсірілетін мал басы үзбей өсіп келеді.Соның
ішінде өндірісте ең көп қолданылатын, технология жағдайына ыңғайлы, жүн сапасы
мен товарлық құны өте жоғары жіңішке талшықты меринос және будандастырылған қой
жүні бізге көп пайдалы

Дипломдық жоба

өзг
парақ
№ құжат
қолы
күні
Кіріспе
әдебиет
парақ
парақтар

Орындаған
Сугирбекова А.

Қабылдаған
Отыншиев М.Б.

консультант
Отыншиев М.Б.

АТУ
ЭКТУ – 04 - 1

Н. бақылау
Отыншиев М.Б.

Бекіткен
Кутжанова А.Ж

1. Әдеби көрнекілік

1.1. Сараптама –оларды шешу үшін арнайы білім қажет болатын, оларға
бағытталған қорытынды берілетін кейбір мәселелердің зерттелуі.
Сараптама іс-әрекеттің арнайы түрі сияқты саралау өткізуге және
тауар сапасының бағасына байланысты, ол сараптау әдістерін зерттеу
негізінде және сынақ қорытындысы есебін жүргізуді талап етеді.
Тауартануда көрсеткіш сапасын анықтау үшін әр түрлі әдістер
қолданылады, ол сынақ бағасы мен дәйектілігін анықтауда жүргізілетін
ережелерге негізделеді.
Өнімнің сапасы оның анықтайтын қасиеттерінің сандық өлшемі негізінде
бағаланады.

Тауарлардың сапасын бағалау әдістері

1. Көрсеткіш сапасын анықтаудың дұрыс әдістері – тауардың
сипаттамасын өлшеу жолымен белгілеу.
Сондай-ақ, бұл өлшеу әдістері тіркеу кезінде бекітілген талаптардан
ауытқу – тіркеу әдістері. Өлшеу әдістері кезінде техникалық құрылғылар
(құралдар), ал тіркеу кезінде – көзбен шолып есептеу қолданылады.
1. Өлшеу әдісі
Өлшеу (зертханалық, құралдық) әдісінде көрсеткіш сапасының сандық
мәнін анықтау техникалық өлшеу құралдарын (өлшеу құралдары, реактивтер
т.б.) пайдалануда алынатын акпараттарға сүйенеді. Техникалық құралдарды
пайдалану өлшеу жүргізу әдістеріне сәйкес жүзеге асырылады және құралдар
мен реактивтерді қолдануды ұсынады. Өлшеуді жүргізу әдісі мына өлшеу
әдістерін: өлшеудің шарты мен құралы, байқау жүргізуді таңдау, көрсеткіш
сапасын анықтау бойынша орындалатын операциялардың алгоритмі, дәлдікті
бағалау мен мәліметтерді берудің формалары, қоршаған ортаны қорғау және
техникалық қауіпсіздік талаптары.
Өлшеу әдісінің негізгі жетістігі болып оның ақиқаттығы мен нақтылығы
табылады. Бұл әдіс көрсеткіш сапасының сандық мәнін жеңіл табуға мүмкіндік
береді, олар нақты бірліктерден көрінеді: граммда, литрде, ньютонда. Бұл
әдістің кемшілігіне кейбір өлшеудің ұзақтығы мен қиындығын жатқызуға
болады, қызметкерлердің арнайы дайындықтан өту
қажеттігі, қымбат тұратын әрі қиын құрал-жабдықтарды алу, кейбір
жағдайларда үлгілердің де бұзылуына әкеліп соғады. Өлшеу әдістері көп
жағдайларда сынақ үшін қалыпты үлгілерді дайындауды талап етеді, сынақ
шарттарының арнайы және жалпы талаптарын сақтау, өлшеу құралдарының жайын
жүйелі түрде тексеріп отыру.

1.1.1.Өлшеу қорытындысын саралау және математикалық өңдеуден өткізу.
Құралдық бағалауды және алынған қорытындыларды пайдалану кезінде
мынаны еске алу керек, өлшеу қорытындылары өлшенген көлемнің мәнін
тұспалдап береді, яғни онда ауытқушылық та болуы мүмкін.
Шартты ауытқушылықтар сол құралдың төлқұжатында көрсетіледі.
1.2.. Тіркеу әдісі
Тіркеу әдісі бақылау мен белгілі оқиғалардың, заттардың немесе
шығындардың санын санауда көрінеді. Бұл әдіспен, мысалы, бұйымның белгілі
бір уақыт ішінде болған жарамсызықтары, оның жасалуына кеткен шығындар,
күрделі бұйымның (қалыпты, бір ыңғайлы, түп нұсқадағы, патентпен
қорғалған) әр түрлі бөліктерінің саны, бір партиядағы бұйымдардың жарамсыз
болғанының саны.
2. Эвристикалық әдістер – логикалық қабылдау мен әдістемелік
ережелердің бірлесуіне негізделген әдістер. Олар үшін баға деген ақиқат
қозғалыс басты болып табылады.
2.1. Органолептикалық әдіс
Органолептикалық әдіс адамның сезім органдарының көмегімен – көру,
иіскеу, есту, байқау, дәм білу арқылы алынған сараптау қорытындылары
нәтижесінде алынған ақпарат. Бұл әдісте кейбір техникалық құралдарды
(өлшеу мен тіркеу құралдарынан басқасын) адамның сезім органдарының
қабілетін арттыратын, мысалы, үлкейткіш әйнек, дауысты қатты шығаратын
микрофон сияқты құралдарды қолдануға болады. Органлептикалық әдіс өте
қарапайым, ол әр қашан бірінші болып қолданылады, қымбат әдіс қолдану
мүмкіншілігін азайтады, уақыт та аз кетеді. Қарапайымдылығы мен
жеткіліктілігінен басқа бұл әдіс дәм және иіс сезу сияқты сапалық
көрсеткішті бағалауда таптырмайтыен әдіс.
2.2. Сараптамалау әдісі
Сараптамалау әдісі сараптамашы мамандардың пікірі есебіне негізделіп
көрсеткіш сапасын анықтау үшін жасалатын әдіс.
2.3. Әлеуметтік әдіс
Әлеуметтік әдіс тұтынушылардың пікірін сараптау және жинақтау
негізінде көрсеткіш сапасын анықтау үшін жасалатын әдіс.
2.4. Бақылаудың статистикалық әдістері және сапаны басқару
Статистикалық әдістер математикалық статистика мен ықтималдық
теориясы әдісін пайдаланып, көрсеткіші сапасын анықтауға негізделген.

1.2. Жартылай жүн иірім жіптерінің негізгі қасиеттері.

Жүн иіруде 3 иіру жуйесі пайдаланылады: аппратты, тарқты және жартылай
тарақты. Тарау жүйесі болып шикізатты дайындаудан дайын иірім жіп алғанға
дейінгі технологиялық процесстердің бірлестігі.

Тарақты тарау.

Тарақты тарауда үлкен және орташа ұзындығы жүн талшығынығ және
химиялық талшықтардан ең жіңішке, тегіс, берік және қалдықтары жоқ иірім
жіп алынады.
Тарақты тарау екі тарау жүйесіне бөлінеді: жіңішке тарақты-жіңішке
және салыстырмалы қысқа жартылай жіңішке жүнді өңдеуде, дөрекі тарақтыны
–ұзын жартылай жіңішке және жартылай дөрекі жүнді өндеу үшін қолданады.
Мұндай бөлініс жүннің әртүрлілігімен, оның қасиеттерінің барлығын
пайдалануға тырысумен және жоғарғы сапалы жіңішке жүнді алумен
түсіндіріледі.
Жіңішке тарақты жүн иіру жүйесі жоғарыда айтылғандай,штапель
ұзындығы 80мм – ден кем емес, жіңішке қысқа және ластанған тарақты жүнді
ққайта өңдеуде қолданылады.Сызықтық тығыздығы және иірім жіптің
тағайындалуына байланысты жіңішке тарақты иіру жүйесінде талшықтың орташа
үзындығын 55мм –ден кем емес, миринос және тегістелген помес 56-дан кем
емес жүні 1 және 2 сорттар орташа ұзындығы 65-ден кем емес , сонымен қатар
1және 2 сорт тегістелген тарақты түйе жүні және 90-100мм ұзындықтағы
химиялық талшықтар қайта өңделеді.
Жіңішке тарақты иіру жүйесінде сызқтық тығыздығы 14-50 текс болатын
иірім жіп алынады.
Жіңішке тарақты иіру жүйесінің технологиялық процесстерінің
сипаттамасы периодты қозғалыстағы машинада тарқаты тарау қоса иіру жүнді
созба машиналарында созба жіптерді қоса иіру жолымен беріктігін жоғарлату
болып саналады. Жіңішке тарақты жүйе үлкен ауысым санымен және сапасы
жоғары жүнді көп жоғалтумен ерекшелінеді. Оны қайта өңдеу кезінде қалдықтар
келіп түскен жуылған жүннің 20-25% құрайды, мұнымен және жоғарғы сапалы
жүнді қолданылуы. Жіңішке тарақты иіру жүйесінде алынған тарақты иірім
жіптің өзіндік құнының жоғары болуы түсіндіріледі.
Дөрекі тарақты иіру жүйесі отандық өндірісте жіңішке тарарқтыға
қарағанда аз тараған. Бұл жүйеде штапель ұзындғы 130мм-ден, көп емес ұзын
тарақты жүнді қайта өңдейді.
Сызықтық тығыздығына және иірім жіптің тағайындалуына байланысты
дөрекі тарақты иіру жүйесінде тегістелген және аралас 32 және жоғарғы помес
жүндерін, барлық сорттағы төменгі тарақты, жартылай дөрекі және түйе жүнін,
химялық талшықтарды қайта өңдейді. Шет елдерде бұл жүйемен аса жіңішке (16
текске дейін) иірім жіпті өндіреді, бірақ мұнда ұзын меринос жүнін
пайдаланылады. Бұл иіру жүйесінің технологиялық процесстің ерекшеліктері
болып келесілер саналады: үздіксіз қозғалысты машиналарда тарақты тарау,
иіру және созбалы машиналардың созу құрылғыларында созбаны және таспаны
ширату мен созу жолымен таспаны және созу бөлімшесінде беріктігін
жоғарлату . Дөрекі тарақты иіру жүйесінде алынған иірм жіп ұзын жүн
талшығын қолданумен түсіндірілетін жоғары беріктігімен, серпімділігімен,
ұзаруымен, тегістігі және жылтырлығымен ерекшелінеді.
Дөрекі тарақты иіру жүйесін ұзын талшықты жуан иірім жібін өндіруде
тиімсіз, ауысым сандары көп болады, сондықтан талшық саны азаяды. Бұл шет
елдерде азайтылған жартылай тарақты иіру жүйесін еңгізуде, мұнда тарақты
тарау процессі қолданылмайды.
Қысқартылған жартылай тарақты иіру жүйесі үлкен және орташа сызықтық
тығыздықты 150-500 текс түкті және өте берік иірім жіп өндіруде
пайдаланылады. Мұндай иірім жіп сапалық көрсеткіштері бойынша тарақты және
аппратты иірім жіптер арасында аралық орынға ие.
Тарақты және жартылай тарақты иіру жүйесінің талшықтар қоспасын
дайындау технологиялық процессі бірдей. Шикізат қоймайсынан жуылған,
кипаларға буылған жүн қоспа рецепті бойынша цех алаңдарына жіберіледі.
Жылдың суық мерзімінде жүн кипалары алдын-ала арнайы бөлмелерде
жылыту үшін сақталады. Цех алаңдарында кипалардың бөлігі (10-15%) таңдалып
бақылау таксеруден өтеді. Қоймадан жүнді алу кезінде көбіне оны өлшеп нақты
ылғалдылығын анықтайды.
Содан соң жүнді түтеді. Жіңішке және жартылай жіңішке жүнді қопсыту-
түту агрегатында, жартылай және дөрекі және дөрекі барабанды периодты
қозғалысты түту машиналарында қопсытады. Жунді қопсытқаннан кейін арнайы
дайындаған майлауыш эмульсиямен алдын-ала майлайды. Тарақты иіру жүйесінде
жүнді араластыруды механикаландырылған лабаздарда жүргізіледі, онда қоспа 8
сағат сақталады. Дайын жүн қоспасы лабаздарда сақталғаннан соң тарақты
тарақты таспа дайындау үшін кардты тарау машинасында жіберіледі.
Тарақты және жартылай тарақты иіруде жүнді тарау үшін қос тарақты
және алдын-ала тарғышы дамыған бір тарақты машиналар пайдаланылады. Жіңішке
тарақты және дөрекі тарақты иіру үшін, тарақты машиналардың негізгі
ерекшелігі болып жұмысшы біліктредің диаметрі және олардың әрбір саны
саналады. Дөрекі тарақты иіру үшін тарақты машилардың жұмысшы біліктердің
диаметрлері үлкен (өйткені онда ұзын жүндер өнделеді) және олардың әрбір
тарағыштағы саны негізінен аз болады.
Кардты тарау нәтижесінде талшық қоспасынан тарау машиналарында
талшықтар өнім бойымен бағытталған таспа алынады. Тарақты таспаның құрылымы
бос және мақта тәрізді құрамында қалдығы көп болады, бірақ олардың бір
бөлігі тарақты машинада жойылады. Тарау тарағында ғана ұзақ қалдықтар
жойылады, қысқа талшықтар сорттаудан өтеді.
Тарақты таспада талшықтар жақсы бөлінген және параллельденген. Мұның
жоғары сапалы тегіс және берік иірім жіпті өндіру үшін қажет, сондықтан
тарақты иіру жүйесі үшін тарақты тарау міндетті болады. Бірақ кардты
тараудан тарақты тарауға тарақты машиналарда бірден ауысуға болмайды.
Тарақты таспаны тарақты тарауға дайындау қажет. Дайындауда тарақты таспа
талшығын параллельденді және түзуленд, өнімді тығызданды және белгілі бір
сызықтық тығыздыққа ие болады. Бұл процесстер бір польді, көбіне қос
польді, машиналарда орындалады, таспаларды туралау және созу нәтижесінде
талшықтар тураланады және параллельденді, таспа тығыздалып көлдене қимасы
бойынша тегістеледі.
Жіңішке тарақты иіру жүйесінде тарақты таспаны тарақты тарауға
дайындау қос польді таспалы машиналар 3 ауысымында жүргізіледі, дөрекі
тарақты иіру жүйесінде мұндай тарақты таспаны дайындау таспалы машинасының
екі ауысымда жүргізу жеткілікті.
Жіңішке тарақты иіру жүйесінде таспаны тарақты тарау периодты
қозғалысты тарау машиналарында жүргізіледі, онда ұзындығы бойынша талшықты
нақты сортталады (жүннің қысқа талшықтары тарамды түрінде бөлінеді) жүнді
қалдықтардан және ұсақ ұйпаланған талшықтардан (түйіндерден) тазаланады.
Дөрекі тарақты иіру жүйесінде тарақты тарау үздіксіз қозғалысты тарақты
тарау машинасында жүргізіледі.Оның периодты қозғалысты машиналарға
қарағанда өнімділігі жоғары, бірақ талшық сортталуы төмен болады. Осыған
байланысты дөрекі тарақты иіру жүйесі бойынша құрамында қысқа талшықтары
бар ұзын жартылай жіңішке және жартылай жіңішке біртекті жүнді өнделеді.
Тарақты тарамдының пайызы жоғарыламайды.
Тарақты тараудан соң сурып таспа қайта қайта таспа машинасына
жіберіледі. Бұл оны қалыңдығы бойынша тегістелуіне және талшықтардың ары
қарай түзуленуі және паралелльденуіне ықпал етеді. Соңғы таспалы машинада
шүйкелерге таспаны орау механизмі болады.
Дайын сұрып тарақтытаспа белгілі бір тартылыспен

оратылыып ұзақ сақталуға қоймаларға жіберіледі. Тарақты таспаның қоймада
сақталуы біріншіден машинаның келесі ауысымдарына маңызды тарақты таспаның
үлкен партиясын жинау үшін , екіншіден тарақты
таспаның ұзақ дем алдыру үшін қарастырған, үшіншіден машина жұмысшы
бөлшектер гарнитурасына үйкелістен талшықтарда пайда болған зардаптардың
статистикалық электірленгіштігін жою. Соңғы екі фактар (жүн кератинінің
макромолекуласын қосымды күш және жүн талшығында жинаған статистикалы
электр заряды) 10-12 күн тарақты таспаны сақтағаннан кейін таспаны келесі
өңдеулерде қиындықтар болмайды.
Егер таспаны бояу қажет болса, онда көрсетіген машина
ауысымдарына бояу және тегістеу ауысымдары қосылады.
Жүн таспаларын бояуды тарақты тарауға дейін және кейін жүргізуге
болады. Жүн таспасын тарақты тараудан кейін бояу артықшылығы тарақты тарау
кезінде дөрекі тарақты таранды пайда болады , оны аппаратты иіруде
пайдаланған кезде түрлі түстерге бояуға болады. Сондықтан жүнді бір рет
тарақты тараудан боялған тарақты иірім жіпті өндіруде таспаны бояу тарақты
тарауға дейін жүргізіледі. Боялған тарақты тарандыны өткізу, сонымен қатар
тазалау дәрежесінің жеткіліксіздігі және бір рет тарақты тарау кезінде
ұзындығы бойынша талшықты сорттау әсіресе қалдықты және репейлі жүннен
сызықтық тығыздығы 31 текстен кем емес иірім жіпті өндірудегі қиындықтар
тарақты тарауды екі қайтара жүргізу қажет. Жүнді бірінші тарау бояуға
дейін, ал екіншісі-тарақты таспаны бояудан кейін жүргізіледі. Аса жіңішке
иірім жіп үшін (19 текс) сонымен қатар трикотаж бұйымдары (31 текс) иірім
үшін тарақты таспаны тарау машинасының екі ауысымында күрделі жоспармен
дайындалады.
Жүнді тарақты тарауда химиялық талшықтарды пайдалану кезінде
химиялық талшықты және жүнді таспаны араластыру орнына байланысты тиарақты
таспа дайындау әдістерінің әртүрлілігі байқалады. Араластыруды жүнді таруға
дейін немесе кейін орындауға болды. Тарақты тараудан кейін аралстыру
экономика және технология жағынан тиімді, өйткені алынған таза жүн тарақты
тарандысы аппаратты иіруде рационалды пайдаланады. Бірақ химиялық жіптер
жгутінде кездесетін және оларды штапельдеуде пайда болған ақаулар көбіне
аралас таспаны қайта тарақты тарау керек болады. Бұл жағдайда (таза жүн
таспасы мен химиялық талшықты таспаны араластыру кезінде) бірінші таза жүн
таспасын тарақты тарайды, содан соң таспалы машиналарда таза жүн таспаларын
химиялық талшықтарды араластырғаннан кейін аралас таспаны екінші рет
тарақты тараудан өткізеді 60 жүннен таза жүн тарақты таспаны өндірген мін
тегістеуді пайдаланады.60 дан төмен жүннен таза тарақты таспаны өндірген
кезде тегістеу процессі жүргізілмейді. Жүн таспаларын болғаннан кейін
міндетті түрде тегістейді. Тегістеу прцессінде таза жүн таспалары жуылады
және механикалық өңдеуден кейін пайда болған талшықтағы қысым релаксациясы
жүргізіледі.
Сақталғаннан кейін тарақты таспадан созба дайындайды, ол 8-10
күн сақталып, содан соң одан иірім жіп алады.
Қазіргі кезде қазбаны және иірім жіпті негізінен қысқартылған
иіру жоспарымен дайындалды.Ол жоғары жылдамдықты қос польді таспа сызықтық
тығыздығын автоматты реттейтін таспалы машиналар және сызба және иіру
машинасының сызу құрылғысы жетілдірілген сонымен қатар басқа механизмдердің
жақсартылған конструкциясымен байланысты.
Қазіргі заманғы қысқартылған иіру жүйесінде жіңішке тарақты
және дөрекі тарақтыиіру жүйесі технологиясы бір біріне жақындады.
Дөрекі тарақтыиіру жүйесінде периодты қозғалатын тарақты тарау
машиналарды ұзын жүн үшін арнайы құрастырылған.Жіңішке тарақты жүйеге сай
таспалы қос польді машиналарды пайдаланады.Жіңішке құрамында химиялық
талшықтары көп иірім жіпті алу үшін де дөрекі тарақты иіру жүйесіне сай
ширатылған созба шығарылатын жүйені пайдаланады,ал жіңішке тазажүн иірім
жібін алуда жіңішке тарақты иіру жүиесіне сай қосаиірілген созбаалуға
болатынтехнологиялық тізбекке көп мән береді. Созба дайындау кезінде
ауысымдарсанының айтарлықтай қысқартылған жүйе бойынша классикалық жүйе
ауысымының санымен және қысқартылған жүйеде миланждыиірім жіпті дайындау
кезінде таспа компоненттерін араластыру мен салыстырғанда бірінші ауысым
санында қосымша ауысым пайдаланылады-араластырғыш таспа машинасы немесе
меланжирлер.
Келесі қысқартылған иіру жүесі қабылданған:
1. Таспасы эмульсиямен майланған меланжир.
2. Созуды автоматты реттелгіштін қоспольді таспалы машина (таспалы
машинаның бірінші ауысымы)
3. Қоспольді таспалы машина (таспалы машинаның екінші ауысымы)
4. Қоспольді таспалы машина (таспалы машинаның үшінші ауысымы)
5. Жоғарғы созғышты құрылғылы созба машинасы және ширатылған таспа үшін
айналатын орауымты жоғары созғышты құрылғылы рогулькалы созба
машинасы.
6. Созбаны сақтау.
7. Ширатылған немесе немесе қоспа иірімен созба үшін жоғары созғышты
құрылғылы иіру машинасыл.
Дайын келе жатқан отандық кросабред типті ұзын жүн химиялық
талшықтар, сонымен қатар импорттық кроссбред және шығыс жартылай тарақты
иіру жүйесінің шикізатпен қамтамасыз етілуіне әсерін тигізуде. Мұндай
шикізатты қысқартылған және жіңішке тарақты жүйемен рационалды өңдеуге
болмайды. Ұзын талшықтан жуан иірім жіпті өндіру үшін дөрекі тарақты иіру
жүйесін пайдалану, еңбек шығыны мен қалдықтардың үлкен көлемімен
байланысты. Аппаратты иіру жүесі шикізатты иіру қабілетін толығымен
пайдалануға және тегіс, біркелкі және берік иірім жіп алуға мүмкіндік
бермейді. Мұнын барлығы қысқартылған жартылай тарақты иіру жүейсінің пайда
болуна әкеледі.
Қысқартылған жартылай тарақты жүні бойыеша тарақты тараусыз
тарақты типті арзан иірім жіп алуға тырысады. Жартылай тарақты иіру
жүйесінде нардты тарау түзуленген талшықты және өніш бойымен бағытталған
талшықтың сапасы жақсы тарақты таспа алуға мүмкіндік береді. Мұндай
таспадан тарақтыға қарағанда біркелкіліктігі төмен түктілеу, кішкене ластау
бірақ беріктілігімен ерекшеленетін жартылай тарақты иірім жіп алынады.
жартылай тарақты иірім жіп тарақты және аппаратының ортасында аралық орынды
алады. Тарақты иірім жіптен ол үлкен көлемділігімен, аппараттыдан –
қалыңдығы бойынша жоғары тиістілігімен және беріктігімен ерекшеленеді.
Жартылай тарақты иіру жүйесі бойынша 25 текске дейін иірім жіп алуға
болады.
Мұндай жүйені жуан иірім жіпті (500-50 текс) өндірісте қолданған жөн.
Қысқартылған жартылай жарақты иіру жүйесі ауысымдардың бірізділігі
келесідей: нардты тараум машинасы, 1-ші ауысымды таспа машинасы, созуды
автоматты түрде реттейтін 2-ші ауысымды таспа машинасы, 3-ші ауысымды таспа
машинасы, жоғары созғышты құрылғылы иіру машинасы (таспадан иірім жіп
дайындалады).
Жүн және қылшық талшықтар қоспасынан жартылай тарақты иіру жүйесі
арқылы иірім жіп алу кезінде химиялық типті жгуттан штапильдеуші машинада
таспа дайындалады және таспалы машинаның 1-ші ауысымында таза жүн
таспасымен араласады. Таспалы машинаның соңғы (үшінші) ауысымындағы таспа
жоғары талшықтан созғышты құрылғылы белменсіз сақиналы иіру машинасында
өңделеді.

Мәуітті иірім жіпті өндіру схемасы


Тарау цехы

Нардты тарау бөлімшесі
(шүйкелердегі таралған таспа)

Тарақты тарау бөлімшесі
тж мақташасы (сливер)

Баяу бөлімшесі Баяу бөлімшесі
сұрып тарақты таспа хим. талшықтар

Араластыру бөлімшесі
таза жүн және хим. талшық

Тарақты татау бөлімшесі
таза жүн және хим. талшық


Иіру цехы

Созба бөлімшесі
кіршіктегі созба

Иіру бөлімшесі
сабақтағы 31 текс біржіпті иірім жіп

Тростильді–ширату–орауышты бөлімшесі
31 текс ширатылған иірім жіп *2
кіршікпе

Дайын өнімді буып - түю
иірім жіп қаптарда


Дайын өнім қоймасы
қаптағы иірім жіп

Аппаратты иіру

Аппаратты иіру жүйесін орташа ұзындығы 55мм-ден аспайтын салыстырмалы
қысқа талшықтардан жуан түбітті иірім жіп алу үшін қолданады. Аппаратты
иіруде иірім жіптің тағайындалуына байланыстыоны дайындау үшін жүннің
әртүрлі түрі, онымен қатар химиялық талшықтар, мәуітті өндірістің
қалдықтары, мата, трикатаж және жүн шикізатының қиындыларын дайындауда
алынған талшықтар және қалдықтар пайдалануы мүмкін.
Әрбір кампанентті араластыруға мұқият дайындаудан кейін, арнайы
эмульсиямен майлау және қоспаның біртекті массасын дайындау үшін
кампаненттерді араластыруда тек екі ауысым – нардты тарау және
иіруқолданылады. Аппаратты иіру жүйесі ауысым саны бойынша ең қысқа және
өңделетін шикізат түріне, қоспа құрамы, санымен қатар шикізатты
араластыруға дайындау процесінің әртүрлілігімен барлық иіру жүйесінің
арасындағы ең қиыны. дайын талшық қоспасын екі немесе үш тарақты аппаратта
дайындайды, осыдан - аппаратты жүйе атауы пайда болған.
Қос тарақты аппаратты дөрекі және жартылай дөрекі жүн қоспасын нардты
тарауда қолданады. Қоспа құрамына химиялық талшықтар және т. б. кіруі
мүмкін.
Үш тарақты аппаратты құрамында химиялық талшықтары болуы мүмкін,
жіңішке және жартылай жіңішке жүн қоспасын нардты тарауда қолданады.
Нардты тарау аппараты бірнеше машиналардан тұрады: самовес; алдын ала
тарауыштан; екі немесе үш негізгі тарауыштан; созба кіршікшесі.
Аппараттарда (тарақты иіру жүйесінің нардты тарау машиналарына
қарағанда) шатасқан талшықтарды аса майда содан соң бөлек талшықтарға
тарқатылуы ғана емес, оларды мұқият араластырылуы жүргізіледі, бірақ келесі
тарауыш аппаратының қамтушы жеріне тегіс қабатпен оны жайғастыру және
аппараттың әрбір тарауышынан алынған жұқа қабаттарды көп қайтара жайластыру
да жүргізіледі. Өнімдегі талшықтардың орналасуы ұзына бойынан көлденеңге
немесе диогональға өзгереді.
Қабаттың көп қайтара жайластырылуы қалыңдығы және құрылымы бойынша
өнімнің тегістелуіне, ал талшықтардың көлденең орналасуы түкті аппаратты
созба және иірім жіп алуға мүмкіндік береді.
Отандық өндірістерді аппаратты иіруде ЦНИИ жүн конструкциясы созу
құрылғысында даналақ тарағы бар сақиналы иіру машиналары пайдаланады.
Қазіргі кезде аппаратты иіруде жаңа иіру тәсілдері пайдалануда (мысалы,
пневмо иіру және т.б.).

Аппаратты иірім жіпті өндіру схемасы


Аппаратты иіру бөлімшесі

Бояу және кептіру
боялған жүн

Нардты тарау бөлімшесі Бояу бөлімшесі
боялған және таралған жүн хим. талшықтар

Араластыру бөлімшесі
таза жүн және хим. талшық

Түту, татау, иіру
иірім жіп


1.3. Жүн иірім жібінің негізгі түрлері. Бұиымдар

Жүн өндіретін кәсіпорындар өндіретін иірім жіп, иіру тәсіліне
байланысты аппаратты, жіңішке тарақты, дөрекі тарақты және жартылай
тарақты, ал пайдаланылатын шикізатқа байланысты – таза жүн және аралас
болып бөлінеді. таза жүн иірім жібін жүн талшықтарынан, ал араласты – жүн
және химиялық талшықтар қоспасынан дайындайды.
Жүн маталары таза және аралас болып бөлінеді. Аралас тобына мақта иірм
жібімен үйлескен аралас немесе таза жүн иірм жіптен, химиялық талшықтан
немесе комплексті химиялық жіптерден өндірілген (ширату жолымен немесе
оларды арқау немесежеліс ретінде пайдалану арқылы) жартылай жүн маталары
жатады.
Иірім жіптің тағайындалуына байланысты тоқыма – желіс және арқау иірім
жібі, трикатаж және кілемдік иірім жіп және техникалық бұиымдар иірім
жібіне бөлуге болады.
Жүн иірім жібін боялған немесе сұрып түрінде өндіреді. Сұрыпты жаймада
матаны бояу үшін боялмаған талшықтардан алалады. Боялған иірім жіпті
аппаратты иіруде боялған талшықтан және тарақты иірудегі боялған тарақты
таспадан алады.
Трикатаж бұиымдары және матсы үшін бір жіпті иірім жіп екі немесе
бірнеше жіпке тағы да ширатылады. Сондықтан иірім жіп
біржіпті,
ширатылған және фасонды болуы мүмкін. Иірім жіп сапасы комплексті
көрсеткіштермен анықталады. Сызықтық тығыздығы, беріктігі және ұзаруы,
ылғалдылығы, майлылығы және тазалығымен (түиін, жгут, бүлдіргі
жәнеқоқыстардың жоқ болуы), түсінің біркелкілігімен, сызықтық тығыздығы
және ширатылуы бойынша бір тегіс еместігімен. Барлық осы көрсеткіштер
техникалық шарттар немесе стандарт талабына қатаң түрде сәйкес келуі тиіс.

тарақты иірім жіп
және одан өндірілген бұиымдар

Тарақты иірім жіпті иіру жүйесі – екі түрімен дайындайды – жіңішке
тарақты және дөрекі тарақты жіңішке тарақты иіру жүйесі бойынша 14-50 текс
иірім жіпті, ал дөрекі тарақты – 31,2-500 текс иірім жіпті өндіреді.
Жіңішке тарақты иіру жүйесі бойынша иірім жіп дайындау үшін 64к
жіңішке біртекті жүнді, ал 41 текс иірім жіп үшін 58к және 56к жартылай
жіңішке жүн қолданылады. дөрекі тарақты иіру жүйеснде тарақты иірім жіп
өніру үшін талшықтың орташа ұзындығы 130-150мм жартылай жіңішке және
жартылай дөрекі жүн пайдаланылады.
Жүннің әртүрлі түрі және сортымен қатар мәуітті иіруде химиялық
талшықтарды пайдаланады. химиялық талшықтардың параметрлерін дұрыс
таңдауда жүнді қоспаның иірілу қабілеті жоғарылайды, көптеген сапалық
көрсеткіштері жоғарылайды (беріктік, тозуға төзімділігі, және т.б.).
Тарақты тарау үшін әртүрлі түстерге бояуға болатын негізінен ақ және
ақшыл – сұр жүн талап етіледі. Әлсіз жүндер (беріктігі төмен) мәуітті иірім
жіп өндіруде қолданылмайды.Тарақты иірім жіп келесі қасиеттермен
сипатталады: сызықтық тығыздығы (14-50 текс), тиістік, жоғары беріктік
(иірім жіп түріне байланысты салып тырмалы үзу жүктемесі 3,1-7,5 смтекс)
созылғыштығы жоғары (салыстырмалы үзілу ұзындығы 5,5-13%), біркелкілік (I
сорт иірім жіп үшін жалғыз жіптің беріктігі бойынша оның біркелкіліксіздігі
19-20 %, ширатылуы бойынша -17%) тазалығы (түйіндер және қоқыстар
болмайды), иірім жіп түріне байланысты құрамындағы май -1,7-2,5 %.
Тарақты иірім жіпті көбіне боялған жүн және химиялық талшықты,
таспалардан сонымен қатар мәуітті өндірістерде боялған немесе химиялық
зауыттарда боялып жгуттардан салынған химиялық талшықтардан өндіреді.
Тарақты иірім жіпті өндіру процесінде қалдықтар пайда болады қоспадан
шыққан тарақты иірім жіп -10% аспауы тиіс.
Тарақты өндірісте ұзын және таза талшықтар сақталған қалдықтар түрлері
ғана қолданылмайды. Мұндай қалдықтарға таспа және созба соңы, иіру машинасы
бункеріндегі қылшықтар да жатады. Қалған қысқа талшықтан тұратын басқа
қалдықтар шұғалы фабрикаларға жіберіледі.
Тарақты иірім жіптен тарақты мталар, орамалдар, тррикатаж бұйымдарын,
ал дөрекі тарақтыдан киімдер және техникалық маталар өндіріледі.
Тарақты маталарды аса жіңішке және тегіс біржіпті тарақты немесе
ширатылған иірім жіптен алады, нәтижесінде олар шұғалыға қарағанда жіңішке
әрі жеңіл болады. Тарақты матаның беті тегіс, желіс және арқау жіптердің
айқаспа суреті оның сыртқы көрінісі әдемі болады. Тарақты маталар көпшілік
(130-150 гм2), костюмдік (220-440 гм2), пальтолық (230-444
гм2), шалбарлық (230-410 гм2) бөлінеді. Жақша ішінде маталардың беттік
тығыздығы көрсетілген.
Тарақты мталардың желіс және арқау жіптерінің тығыздығы жоғары болады.
Иірім жіптің сызықтық тығыздығы және мата құрылымына байланысты 10 см-гі
жіптер саны бойынша оның тығыздығы: негізі бойынша 200-470 және арқауы 170-
340 дейін болады.
Жақсы таза жүн костюмдік маталарды 19 текс х 2 жіңішке ширатылған
иірім жіптен өдіреді. Мұндай маталардың беттік тығыздығы 230-250 гм2.
Осындай костюмдік маталар тобына: бостон, шевиот, трико және коверкот
жатады. Оларды көбіне ширатылған иірім жіптен өндіреді. Талшықтың құрамы,
иірім жіптің сызықтық тығыздығы айқаспасы және түсімен ерекшеленетін
мұндай маталардың әртүрлі артикулдары бар.
Бостон – саржалы айқаспалы жіңішке немесе жартылай жіңішке жүннен
өндірілген таза жүн тегіс серпімді мата. Көбіне бастондар тегіс көп, қара
және қоңыр түстерге боялған болады. Олар ерлер костюміне арналған, бірақ
балалар польтосы және костюмдерінде де қолданылады.
Шевиот – туынды саржалы айқаспалы беті түкті жартылай дөрекі жүннен,
көбіне күңгір түстерде өндірілетін тегіс боялған мата. Жартылай дөрекі
жүнді пайдалануға және тығыздығына байланысты мата берік, қатты және
серпімді болады. Шевиоттың артикулының көп бөлігі жартылай жүннен
өндіріледі.
Трико – тор көзді, оюлы сызықты, аралас немесе туынды саржалы
айқаспалы ала тоқылған немесе меланжды маталар тобын құрайды. Жартылай жүн
трико артикулын аралас иірім жіптен өндіреді.
Коверкот – күңгірт фонда ашық түсті ұсақ нүктелерді беретін біржіпті
немесе бір түсті ширатылған арқау және екі түсті ширатылған желіс жіптен
өндірілген мата. Коветкоттар таза жүн және жартылай жүн болады. Костюмдік
коверкоттарды сынық саржалы шыршалы, пальтолықты – туынды саржалық
айқаспамен өндіреді.
Пальтолық маталар тарақты маталар ассортиментінің аз бөлігін құрайды.
Көбіне габардиндер және жоғарыда сипатталған коверкоттар болады.
таза жүн және жартылай жүн габардиндер – ширатылған жіпті желістен
және бір жіпті ширатылған арқаудан тұратын диагональды айқаспалы маталар.
Ашық түстерге болады бетінде ұсақ диагональды рубчиктер байқалады.
таза жүн және жартылай жүн шалбарлық маталар костюмдіктерден
айырмашылығы көп болмайды, біреқ әрқашан қара немесе күңгір сұр фонда
сызықтармен өңделеді.

Аппаратты иірім жіп
және одан өндірілген бұиымдар

Аппаратты иірім жіп таза жүн және жартылай жүн, ал оны басқа жіптер
түрімен ширатқанда (мысалы мақта мата иірім жібімен, химиялық талшықтар
немесе комплексті химиялық жіптер) ширатылған аралас болуы мүмкін.
Аппаратты жүн иірім жібі жіңішке және жартылай жіңішке, жартылай дөрекі
және дөрекі жүннен өндіріледі.
Аппаратты иірім жіпті өндіру үшін түрлі шикізаттар пайдаланылады: 55мм
түбітті талшықты табиғи таза жүн түрлері, мәуітті және шұғалы өндірістің,
химиялық талшықтардың барлық иірілілетін қалдықтар. Тағайындалуына
байланысты аппаратты иірім жіпті сұрып немесе бояп дайындайды.
Шұғалы меланжды маталар үшін иірім жіпті араластырар алдында боялған
талшықтардан өндіреді.
Аппаратты иірім жіптің негізгі ерекшелігі оның үлкен сызықтық
тығыздығы, түбіттілік, беріктігі және серпімділігі болып табылады.
Аппаратты иірім жіп тарақтыға қарағанда тегістілігі және беріктігі
төмен болады. Аппаратты таза жүн иірім жібінің салыстырмалы үзу жүктемесі 3
сНтекс, ал аралас – 3,6-4,8 сНтекс болады.
Аппаратты иірім жіпті пальтолық кстюмдік және көйлектік маталарды,
сонымен қатар кілемдік және трикотаж бұйымдары, техникалық маталар да
қолданылады.
Шұғалы маталар ассортиментінің құрамында екі топ бар: жұқа шұғалы және
дөрекі шұғалы.
Шұғалық маталар тарақтыға қарағанда беттік тығыздығы жоғары, сыртқы
бетінде тоқу айқаспасының анық көрінбейді, арқауы және желісі бойынша
тығыздығы төмен болады. Шұғалы маталардың бетінде шиленген талшықтардың
тығыз қабаты болады. Иілу процесінде мата ені және ұзындығы бойынша
қысқарады, ол оның тығыздығы, салмағы және сыртқы көрінісіне әсер етеді.
Матаның ені бойынша апшуы 40%, ұзындығы - 25%.
Пальтолық маталардың бір бөлігін түктейді, бұл процес нәтижесінде мата
бетінде тік немесе тегістелген түк пайда болады. Түк матаның сыртқы
көрінісін жақсартады, оның қалыңдығын жоғарылатып жылу сақтағыш қасиетін
және тозуға төзімділігін жақсартады. Шевиот және трико типті шұғалы матаны
айқаспа суреті анық көрінетіндей кішкене ілмек өндіреді.
Шұғалы маталар ассортиментінің әртүрлілігін фасонды ширатылған иірім
жіпті және муменені пайдалану қамтамасыз етеді. Сыртқы буендірілуі бойынша
шұғалы маталар әр түрлі болады: тегіс боялған, меланжды, ала тоқылған,
әртүрлі түсті, тоқыма суретті, бір түсті, сонымен қатар түкті және түксіз.
Шұғалы маталар ерлер, әйелдер және балалар пальтосы, костюм және
көйлектеріне арналған. Арнайы шұғалы маталарды фермалық киімдер шеналь,
мундир, мектеп костюмдері үшін өндіреді.
Жұқа шұғала маталар арасында құрылымы және тағайындалуына байланысты
урап, пальтолық мата сукле, трико және шевиот, орамалдық маталар
ерекшеленеді.
Дөрекі шұғалы маталар қатты илеу әсерінен жылу жақсы сақтайды және
қалыңдығы жоғары болады. Дөрекі шұғалы маталарды тегіс бояп, меланжды, ала
тоқып өндіреді және оларды ерлер пальтосы және жартылай пальтосы, әйел және
балалар пальтосы, формалық киімдер үшін пайдаланады. Өндіру сипаттамасы
бойынша дөрекі шұғалы маталар, түкті мата, драп және сукна, трико және
шевиот болып бөлінеді.
Аппаратты иірім жіптен сонымен қатар көрпелер, техникалық маталар
(техинкалық сукна) және жұқа шұғалы, дөрекі шұғалы, таза жүн және жартылай
жүн болып бөлінеді. Көрпе екі жағынан да түктеледі. Техникалық маталарды
қағаз, полиграфиялық, химиялық жәнебасқа да салалардың қажеттіліктері үшін
өндіреді. Шұғалы орамалдар – жылы, өлшемі 102 х
102 – 160 х 160см болады. Орамалдық шұғалы маталардың көпшілігі түбіттік
және жұмсақтық беретіндей екі жағынан да жеңіл түктеледі.

Кілемдік иірім жіп

Кілемдік иірім жіпті кілем және кілем бұйымдарын жасау үшін өндіреді.
Оны аппаратты және дөрекі тарақты иіру жүйесі арқылы алады. Кілемдік иірім
жіптің сызықтық тығыздығы жоғары болады және көбіне бірнеше ширатылған
жіптен тұрады.
Кілемдік иірім жіпті өндіру үшін негізі ақ түсті дөрекі, жартылай
дөрекі біртексіз жүнді, вискозды, мысты – аммиакты және синтетикалық
талшықтарды пайдаланады.
Кілемдік иірім жіпті бұйымдардың беріктігі жоғары, серпімді және
қыртысталуға түктің тұрақтылығы, үйкеліске және көп қайтара иілуге, түктің
пилингтенуге және иленуге қарсы тұрақтылығы, тазалау кезіндегі жуғыш
заттарға, электрленуге тұрақтылығы, микроағзалар және жәндіктердің әсеріне
қарсылығы жоғары, термотұрақты және отқа төзімді, көркемдік және
калористикалық безенірілуі жоғары болуы тиіс.
Кілемдік бұйымдардың тағайындалуына байланысты (еденге төселетін,
керегеге ілінетін және т.б.) оларға деген талаптар өзгеруі мүмкін.
Жүн талшығы мен капрон және полипропилен талшықты қоспасы кілем
бұйымдарының кейбір қасиеттерін жақсартады, яғни беріктігі, серпімділігі
және түкті жабынның үйкеліске төзімділігі жоғары болады.

Трикотаж иірім жібі.

Жоғары сапслы трикотаж бұймдарын жіңішке тарақты иірім жіптен дайындайды,
сондықтан трикотаж иірім жібінің негізгі бөлігін қысқартылған тарақты иіру
жүйесі арқылы алады. Бірақ жылы трикотаж бұымдарын өндіру үшін қысқартылған
тарақты жүйемен ала алмайтынүлкен сызықтық тығыздықты иірім қажет, сндықтан
аппаратты иіру жүйесінде дайындалған, қалыңдығы және ширатылуы біркелкісіз
иірім жіптер пайдаланылады. Трикотаж бұйымдарындағы иірім жіп ақаулары
матаға қарағанда байқалмайды. Сондықтан трикотаж иірім жібіне тоқу
өндірісіне жіберілген иірім жіпке қарағанда жоғары талаптар қойылады.
Трикотаж иірім жібі өндірісі иірім жібіне қарағанда екінші қайтара
ширатылуы аз болып өндірілуі тиіс. Екінші қайтара ширатылудың аздығы иірім
жіпке жұмсақтық береді. Трикотаж иірім барлық негізгі көрсеткіштер бойынша
біркелкі, беті тегіс, таза, басқа қоқыстар, бүлдіргілер және түйіндер
болмауы тиіс.

Техникалық бұйымдарға арналған иірім жіп.

Жүн өндірісінде шығарылатын техникалық маталарға қағаз, металургия,
полиграфия, химия және басқа салаларға арналған аралық фильтрлер, майлаушы
пресстер, қамтушы белдіктерге арналған, жүн және химиялық талшықты
техникалық суконалар жатады.
Техникалық сукона 100-1000 текс аппаратты иірім жіптен өндіреді, ал
кейбір бұйымдар үшін дөрекі иірім жіпті пайдаланады эксплуатация процесінде
техникалық сукно (шұға) физикалық физико-химиялық әсерлерге түседі.
Техникалық шұғаның барлық түрлері үшін, олардың әртүрлілігіне
қарамастан анықтаушы сапалық көрсеткіші болып қызмет көрсетудің ұзақтығы
болып табылады.
Техникалық шұғаларға қойылатын талаптар негізінен мыналар: техникалық
шұғаның беріктігі жоғары, серпіледі және беті үйкеліске төзімді,
эластикалы, иіміне және көп қайтара бүгілуге төзімді, өлшемдерінің тұрақты
аз деформацияланатын және апшылмайтын терматұрақты, агрессивті ротаға
ластануға, микроауалар әсеріне тұрақты болуы тиіс.

1.4. Иірім жіптерге қойылатын техникалық талаптар.

1. Физико-механикалық көрсеткішкер бойынша иірім жіп кестеде көрсетілген
талаптарға сай болуы қажет.
2. Физико-механикалық көрсеткіштерге байланысты иірім жіпті екі сортқа
бөлінеді: 1-ші және 2-ші.
3. кестеде көрсетілген шикізат сипатамасын (түр, сапасы және жүн сорты)
иірім жіп сапасына қойылатын барлық талаптарын сақтау шарты арқылы жақтар
келісімімен өзгертуге болады.
4 .Жақтар келісімімен ширату коэффицентін өзгертуге болады.
5 .Иірім жіпті иіршіктерге жеткізеді. Жақтар келісімімен иірім жіпті
сабықта және орауышта жеткізуге болады.
6. Орауышта жеткізетін иірім жіп келесі талаптарға сай болуы қажет:
-Орауыш периметрі 135-150см:
-Орау айқасулы немесе параллельді (ору ені бойынша түйінге дейінгі
байлаудың периметрі бойынша ұзындығы 40см кем емес болмауы қажет)
-Орау байлауының соңының ұзындығы түйіннен 3см болмауы қажет.
-Бірінші және соңғы орудың жіптерінің соңдары байлануй қажет.
7. Жақтар келісімімен белгіленеді:
-салмақ, иірішік диаметрі және иірішіктегі жіптің ұзындығы.
-диаметрі, салмағы, конус биіктігі және орама биіктігі бойынша сабақтың
өлшемі.
-түстері (боялған иірім жіп үшін) және түстер картасы бойынша реңктер
ашасы.
8. Жіңішке тарақты иірім жіп бумен өңделуі қажет. Сонымен қатар
иірімшіктерде жеткізілетін барлық иірім жібі парафинделген болуы керек.
9. Иірім жіптің бояу тұрақтылығы МЕСТ-2351-66 талаптарына сәйкес болуы
қажет.
10.Иірім жіптің соңдары тоқыма жақсы тартылған соңының ұзындығы 10мм-
ден артық емес, түйінмен байлануы тиіс.
11.Иірім жіп тұтынушыға сыртқы көрінісі бойынша сорталып түсуі керек.
12.Иірім жіп паковкіге өлшемі бойынша жіберілмейді.
-жеке иіршектегі иірім жіптің массасының кемдігі 15% дейінгі
жеткіліксіз
оралған иірішіктің салмағы бойынша 0,5% артық
-жеке собықтығы иірім жіптің массасының кемдігі 20% дейінгі
жеткіліксіз
оралған собықтың салмағы бойынша 1,0% артық.
- жеке ораудағы иірім жіптің артық немесе жеткіліксіздігі 20% дейінгі
ораудың слмағы бойынша 10% артық.
13.Соңына дейін оралмаған иіршік немесе собықтағы иірім жіптің салмағы
15-30% аз болса, олар сәйкес белгімен жеке болуы тиіс сонымен қатар
олардың сорттылығы бір сортқа төмендетіледі.
14.Иірім жіптің келесі ақауларына рұқсат етілмейді:
-соңына дейін оралмаған иіршік немесе иірім жіптің жеткіліксіздігі
-жабысқан жіпті, байланбаған орамалы, әлсіз оралған, патрондағы және

және қалпына келмейтін конустағы иірім жіп.
-көкпен жабылған, ластанған майланған, жамалған реңкті бір партиядағы
иірім жіп
-бір жәшікте буылған түрлі партиялы және түсті, номинал сызықтық
тығыздығы әртүрлі иірім жіп.
-жіңішке меринос жүнінің барлық сапалы иірім жіптегі және 64 сапалы
жіңішке помес жүнді иірім жіп құрамындағы өлі түрлі-түсті және дөрекі

шаш өндіріс тұтынушы және өндіріс жеткізушілердің келісілген және
дайындаған иірім жіп эталонға сәйкестігінен аспауы қажет.
15.Иірім жіпті қайта өңдеуде үзілгіштегі жоғарғы және трикотаж бұйымының
сорттылығы төмендегенде тұтынушы жасырын ақаулар бойынша
бақылаушы өңдеу кезінде иірім жіп сапасын бағалауға құқы бар.
16.Қайта өндеу процессінде анықталатын иірім жіптің жасырын ақауларына
жататындыр: жгуттар (ұзындығы 0,5 см жоғары және жіптің қос
диаметрінен артық қалыңдықты иірім жіп учаскісі ) қылпықтар (үздіксіз
бөлінбейтін талшықтардың түйіншектелуі ), пайда болған түбіт өсімдік текті
қалыңдықтар, өлі шаш иірім жіптің жіңішкеруі және жуандауы, дұрыс
байланбаған түйіндер, байланбаған соңдар майланған немесе ластанған жіптер
түрлі реңктер.

2. Негізгі бөлім

2.1. Талшық пен жіптердің физикалық қасиеттері

2.1.1. Тоқыма материалдарының ылғалдылығын анықтау

Тоқыма материалдарының ылғалдылығы деп – оның құрамындағы
сорбцияланған су буы мен капилярлы және механикалық түрде судың болуы.
Нақты ылғылдылық Wф - өлшеу құралдарында тәжірибе жүргізу арқылы
анықталатын көрсеткіш. Ңақтылы ылғалдылық тура және жанама әдістерімен
анықталады. Материал ылғалдылығын тура гравиометриялық (яғни үлгінің
массасын кептіруге дейін және кептіруден кейін өлшеу арқылы) әдіспен
анықтайтын болсақ, нақты ылғылдылық (%) келесі формуламен анықталады:
Wф = (m — mc)mc • 100
Мұндағы: т және тс – үлгінің кептіруге дейінгі және кейінгі массасы.

Қалыпты ылғалдылық W (%) – қалыпты климаттық ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мақта - маталарын дайындаудың классикалық тәсілдері
Тігін өнеркәсібі
Жібек – жануар тегінен шыққан тоқыма талшығы
Қазақтың ұлттық бұйымдары
Тоқыма талшықтары
Поливинилхлоридті талшығының құрамы мен құрылысы
Полиамидті талшықтарды алу технологиясы
«Жеңіл өнеркәсіп бұйымдарының материалтануы» пәннің оқу-әдістемелік кешені
Менің таңдап отырған бұйымым классикалық үлгідегі пальто
Қазақ халқының киіз басу өнері
Пәндер