Табиғи ресурстар және оларды топтау



1.Табиғи ресурстар және оларды топтау.
2.Табиғи ресурстар және оларды тиімді пайдалану.
3.Табиғи қорларды пайдаланудың жалпы инженерлік шаралары.
4. Табиғатты қорғаудың аспектілері.
5. Табиғатты қорғаудың теориялық негіздері
Табиғи ресурстар, олардың қолдану саласына қарай — ендірістік, денсаулы сақтауга қажетті, ғылыми, эстетикалык деп бөлінеді. Табиғи ресурстары сарқылмайтын және сарқылатын екіге бөлінеді. Сарқылмайтын қорлар адам баласына тәуелсіз болып келеді. Соның бәрі –су. Жер шарындағы судың үлесі барлық жердің 2/3 алып жатыр. Сондықтан оның қоры үздіксіз айналымға түсіп, қалпына келіп отыр. Ал экожүйелердін таралуы уақыт пен кеңістікке қатысты салыстырмалы түрдегі айлағаны объектілер.
Сарқылатын қорлар өз кезегінде қалпына келетін және қалпына келмейтін деп жіктеледі. Мысалы, қазба байлықтар, мұнай, көмір қорлары қалпына келмейтін байлық көзіне жатады.
Адамзаттың күн көрісі мен тіршілік етуіне қажетгі заттар және табиғата кездесетін жаратылыс дүниелері — табиғи ресурстар деп аталады. Су, жер, өсімдік жан-жануар, тау-тас, қазба-байлық және өзге де, тікелей не өнделген күйінде түрмысқа, өндіріске қажетті дүниеліктердің бәрі де Табиғи ресурстарға жатады Табиғи ресурстарды пайдалану нәтижесінде, адамзат — азық-түлік, киім-кешек тұрмыс кажетін өтеуге керекті заттар, жанар-жағар майлар жөне өнеркәсіпке қажетті шикізаттарды алады.
Қалпына келетін қорлар да адамның ақыл-ойына тәуелді болады. Олар – топырақ, өсімдік пен жануарлар әлемі. Табиғат пайдалану қоғамдық өндірістің ерекше саласы ретінде табиғат байлығын кешенді үнемдеп пайдалану арқылы қоғамның материалдық қажетін өтеуге және табиғи ортаға өндірістің зиянды әсерін болдырмауға бағытталған.
1. Бейсенова Ә.Б. Экология және табиғатты тиімді пайдалану. Оқу құралы. Алматы, 2004.
2. Сағымбаев Ғ.Қ. Экология негіздері. Оқу құралы. Алматы, 1995.
3. Оспанова Г., Бозшатаева. Экология. Оқу құралы. Алматы, 2000.
4. Бродский А.К. Жалпы экологияның қысқаша курсы. Оқу құралы. Алматы,«Ғылым», 1997, қаз.ауд. Көшкімбаев Қ.С.
5. Мәмбетқазиев Е., Сыбанбеков Қ. Табиғат қорғау. Оқу құралы. Алматы, «Қайнар», 1990.
6. Жамалбеков Е.Ү., Білдебаева Р.М. Жалпы топырақтану және топырақ географиясы мен экологиясы. Алматы, «қазақ университеті», 2000.
7. Фурсов В.И. Экологические проблемы окружающей среды. Алма-Ата, «Ана тілі», 1991.
8. Байтулин И.О. Экология Казахстана. Алматы, 2003.

Жоспары:
1.Табиғи ресурстар және оларды топтау.
2.Табиғи ресурстар және оларды тиімді пайдалану.
3.Табиғи қорларды пайдаланудың жалпы инженерлік шаралары.
4. Табиғатты қорғаудың аспектілері.
5. Табиғатты қорғаудың теориялық негіздері

Табиғи ресурстар, олардың қолдану саласына қарай -- ендірістік, денсаулы сақтауга қажетті, ғылыми, эстетикалык деп бөлінеді. Табиғи ресурстары сарқылмайтын және сарқылатын екіге бөлінеді. Сарқылмайтын қорлар адам баласына тәуелсіз болып келеді. Соның бәрі - су. Жер шарындағы судың үлесі барлық жердің 23 алып жатыр. Сондықтан оның қоры үздіксіз айналымға түсіп, қалпына келіп отыр. Ал экожүйелердін таралуы уақыт пен кеңістікке қатысты салыстырмалы түрдегі айлағаны объектілер.
Сарқылатын қорлар өз кезегінде қалпына келетін және қалпына келмейтін деп жіктеледі. Мысалы, қазба байлықтар, мұнай, көмір қорлары қалпына келмейтін байлық көзіне жатады.
Адамзаттың күн көрісі мен тіршілік етуіне қажетгі заттар және табиғата кездесетін жаратылыс дүниелері -- табиғи ресурстар деп аталады. Су, жер, өсімдік жан-жануар, тау-тас, қазба-байлық және өзге де, тікелей не өнделген күйінде түрмысқа, өндіріске қажетті дүниеліктердің бәрі де Табиғи ресурстарға жатады Табиғи ресурстарды пайдалану нәтижесінде, адамзат -- азық-түлік, киім-кешек тұрмыс кажетін өтеуге керекті заттар, жанар-жағар майлар жөне өнеркәсіпке қажетті шикізаттарды алады.
Қалпына келетін қорлар да адамның ақыл-ойына тәуелді болады. Олар - топырақ, өсімдік пен жануарлар әлемі. Табиғат пайдалану қоғамдық өндірістің ерекше саласы ретінде табиғат байлығын кешенді үнемдеп пайдалану арқылы қоғамның материалдық қажетін өтеуге және табиғи ортаға өндірістің зиянды әсерін болдырмауға бағытталған.
Өндіріске қатыстырылатын табиғат байлықтары: пайдалы қазба байлықтар (минералдық шикізат),су,ауа,орман,жер,тек қана өндіріс шікізаты емес, сонымен қатар, өндіріс құралы да болып табылады.Өндірістік қатынасқа қосылмған табиғат байлығын да ұлттық байлық ретінде қарап, оның табиғи қалпының сақталуын, сапасының төмендеуін қамтамасыз ету керек.
Табиғат байлығын тиімді пайдалану өндірістің дамуын қамтамасыз етіп қана қоймай, табиғи ортаның тазалығын, оның қалпына келетін қорын молайту және табиғи ортаның тепе-теңдігін сақтау болып табылады. Басқаша айтқанда, табиғи орта мен ондағы өндірістің даму тепе-теңдігі сақталуы тиіс.Сондықтан табиғи ортаны, табиғат байлығын қорғау халықтың материалдық, рухани, әлеуметтік мұқтажын үздіксіз өтеуге, табиғат байлығын қалпына келтіруге, молайтуға бағытталуы қажет.
Ғарыш қорларына -- күн сеулесінің радиациясы, теңіздің тартылуы мен тасуы жатады.
Климаттық қорға -- атмосферадағы ауа, жел энергиясы, жауын-шашын жатады.

Табиғи ресурстар және оларды тиімді пайдалану
Қазіргі заманғы жағдайда пайдалы қазбалар қорының тозуы, тұщы сулардың азаюы, өсімдік және жануарлар әлемінің ресуртарының азаюы, табиғи ортаның үлкен масштабта ластануы өзекті проблемаларға айналып отыр.
Табиғи ресурстардың сапасы мен санына және санына әрбір елдің экономика деңгейі мен дамуы көптен-көп тәуелді. Сондықтан табиғи ресурстарды қорғау және оларды тиімді пайдалану қоршаған ортаны қорғау жүйесінде маңызды орын алып отыр. Табиғи ресурстар әртүрлі 3 топқа бөлінеді.
Сарқылмайтын қорларға-ғарыш, ауа, су қорлары жатады.
Ғарыш қорларына-күн сәулесінің радияциясы, теңіз тартылуы мен тасуы жатады.
Ауа-райы қорларына-атмосферадағы ауа, жел энергиясы, жауын-шашын жатады.
Су қорларына-жер бетіндегі су көздері жатады.
а) Жер беті қорларының ең басты бөлігіне топырақ жатады. Топырақ құрамы өте күрделі. Онда минералдық заттар, түрлі организмді заттар, микроорганизмдер кездеседі. Жер бетінің толық ауданы 510 млн. км2, құрлыққа тиесілі үлесі-149 млн. км2 (29,2 %).
б) Орман қорлары сарқылатын және салыстырмалы жаңғыратын қорлар жатады. Орман ағаштарының қоршаған ортаның жақсаруына, су мен жер қорларының жақсы сақталуына тигізетін әсер мол. Жер бетіндегі ағаштар 100 млрд. тонна фитомасса түзсе, оның ішінде құрлық бетіндегі көк жамылғы 64 млрд. тонна, ал орман ағаштары 38 млрд. тонна (60%) құрайды.
в) Минералдық қорлар-мұнай, газ, тас көмір, кен көздері және жер асты сулары жатады. Бұлардың барлығы сарқылатын қор түрінде жатады. Сонымен, минералдық қорларды:
1) металл қорлары.
2) металл емес қорлар деп бөлеміз.
Кейбір минералдық заттар адам тіршілігіне ауа мен судай қажет. Мысалы, ас тұзы, ізбес, құм, фосфори, калий тұздары т. б. Бұларға қарағанда, металл және мұнай-газ кен көндерінен шикі зат өндіру қарқыны жыл сайын арта түседі. Мысалы: соңғы 100 жыл ішінде-көмір, темір, марганец және никельді пайдалану мен өндіру 200-1000 есе артты.
Бұл қорлар литосфераның 17 км. тереңдікке дейінгі қабатын алып жатыр.
г) Энергетикалық қорлардың жаңғырмайтын қатарына-көмір, мұнай-газ, торф, сутегі, гелий , литийлер, ал жаңғыратын түрлеріне-фотосинтез өнімдерінің энергиясы, гидроэнергия, булану және жауын-шашын энергиясы, жел энергиясы, жылу энергиясының түрлері жатады.
Су қорлары. Су қоры деген ұғымды, тұщы су мөлшерінің қоры деп түсінген дұрыс. Адамзат тіршілігінде көп пайдаланатыны-өзен-сулар.
Су жүйелеріндегі су мөлшерінің толық қалпына келуі немесе жаңғыру мерзімі әртүрлі.

Табиғи қорларды пайдаланудың жалпы инженерлік шаралары
Адамзат табиғи қорларды, олардағы шикізат көздерін зат айналым циклына қатыстырады. Табиғи қорларды пайдалану барысында тасымалдануы, өзгеріске ұшырауы- қордың айналымы немесе антропогенді айналым деп аталады.
Табиғаттағы зат айналымы тұйықталған тізбек бойымен іске асады. Ал қор айналымын немесе антропогенді тұйықталған тізбек бойымен іске асады деуге болмайды. Өйткені, теңізден буланған су қайтадан жауын-шашын түрінде қайта оралса, шахтада өндірілген көмір, қайтадан көмір түрінде шахтадағы кенге келіп қосылмайды.
Табиғи қорларды тиімді пайдалануда ғылым-техника саласындағы озық технологияны, инженерлік тиімді тәсілдерді пайдаланады.
Жалпы инженерлік шараларға төмендегілер жатады:
1)Қоршаған ортаны жүйелі түрде пайдалану және сақтау.
Қоршаған ортаға зиян келтірмеу үшін, оларды жан-жақты талдап, жүйелі түрде іске асыру қажет.
Жан-жақты талдау-математика, информатика, кибернетика және т. б. ғылым салалары арқылы жүзеге асады.
2)Биосфераны оптимизациялау.
3)Табиғатты пайдалануды оптимизациялау.
Өнеркәсіп салалары мен шаруашылыққа шикізат өнімдерін жоспарлы түрде, белгілі мақсат үшінмемлекеттік дәрежеде шешу жолдары.
4)Шикізат өндіру қарқынынан алынатын өнім қарқынының өсуі.
5)Жаратылыс дүниелері мен техника үндестігі. Табиғат-техникалық жүйелер немесе геотехникалық жүйелер құруы.
6)Өндірісті шоғырландыру.
7)Өндірісті экологиялық қауіпсіздендіру-қалдықсыз экологияны пайдалану жатады.

Қоршаған ортаны бағалаудың экономикалық көрсеткіштері
Қоршаған ортаның табиғи қалпын сақтау, өнеркәсіп орындары шығаратын қоқыс қалдықтарды қайта өңдеу, зиянкес заттарды залалсыздандыру-бәрі де, белгілі бір дәрежеде қаржы бөлуді, еңбек күшін жұмсауды қажет етеді.
Қаржыландыру 2 бағытта жүреді:
1)Қоршаған ортаға зиянды заттар мен қалдық қоқыстарды азайтуға бөлінетін қаржы.
2)Зиянды заттарды залалсыздандыруға және оларды жоюға жұмсалатын қаржы.
Қоршаған ортаның ластануына жол бермеуге бөлінетін қаржы және ластанған жерлерді қалпына келтіруге бөлінетін қаржылар қосындысы-халық шаруашылығына экономикасына жұмсалатын экологиялық шығын деп аталады. Бұл қаржы төмендегідей жұмыс түрлері мен сауықтыру шараларын жүзеге асыруға жұмсалады:
1)зиянды әсерлерден ауыруға шалдыққан науқас адамдарға дәрігерлік көмек көрсету.
2)Ортаның ластану салдарынан тұрмыстық-техникалық шаруашылық жұмыс істеуі;

Еңбек өнімділігін төмендетуден туындайтын проблемалар.
Адам және табиғат бір-бірінен ажырамайды және бір-бірімен тығыз байланысты. Адам үшін, сондай-ақ түгелдей қоғам үшін де табиғат тіршілік ету ортасы және өмір сүруге қажетті ресурстардың жалғыз көзі болып табылады. Табиғат және табиғат ресурстары - адамзат қоғамының өмір сүретін және дамитын базасы, адамдардың материалды және рухани мұқтаждықтарын қанағаттандыратын түпдерегі.
Адам - табиғат бөлігі және биологиялық түр ретінде өзінің тіршілік етуінде басқа көптеген түрлер сияқты ұзақ уақыт табиғатқа әсер етті. Бірақ кейінірек табиғатқа адам әрекетінің масштабы мен тереңдігі кеңейгенде табиғатты қорғау түсінігінің мазмұны мен барысы өзгерді. Қазіргі кезде ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
САНДЫҚ ӘДІСТЕРМЕН МАТЕМАТИКАЛЫҚ ӘДІСТЕРДІҢ АРАҚАТЫНАСЫ
Статистиканың жалпы теориясы
СТАТИСТИКАЛЫҚ МӘЛІМЕТТЕРДІ ЖИНАҚТАУ, ТОПТАУ, ЖӘНЕ КЕСТЕ ҚҰРУ
Өндіріс шығындары
Кәсіпорынның негізгі шаруашылық қызметі
SPSS көмегімен эксперимент алынған мәліметтерді өңдеу критерийлері
СТАТИСТИКА ЖӘНЕ МӘЛІМЕТТЕРДІ ЖИНАҚТАУ
Өндірілген өнімнің өндірістік және толық өзіндік құнын есептеу
Кәсіпорын - белгілі бір өнім өңдіретін немесе халыққа қызмет көрсететін заңды тұлға
Өнімнің өзіндік құнын азайту жолдары.
Пәндер