Мұнай компанияларында франчайзингтік жүйенің дамуы



Кіріспе ... ... ... ... ... . 4

1. Әлемдік тәжірибедегі франчайзинг мәні, негізгі принциптері және даму тарихы
1.1. Заманауи жағдайдағы франчайзингтің мәні және негізгі принциптері ... ... .6
1.2. Франчайзингті мұнай өнімдерін өткізу бизнесінде қолданудың ерекшеліктері ... ... ... ... 24

2. Қазақстан Республикасындағы мұнай өнімдерін өткізу нарығында франчайзингтің қазіргі жағдайы
2.1. Қазақстан Республикасында мұнай өнімдерін өткізу нарығының қазіргі даму жағдайы ... ... .27
2.2. Қазақстан Республикасында мұнай өнімдерін өткізу нарығында франчайзингті пайдалану деңгейіне талдау ... ... ... 31

3. Қазақстан Республикасындағы франчайзингтік бизнестің даму бағыттары
3.1. Қазақстан нарығында франчайзингті дамыту, оны жетілдіру жолдары және бағыттары ... ... .41
3.2. Мұнай.газ өнімдерін өткізумен айналысатын компанияларда франчайзингті жетілдіру бойынша ұсыныстар ... ... ... ... ... ... ...52

Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... 59
Қолданылған әдебиеттер ... ... ..61
Франчайзинг – бұл серіктес бизнес, мұндағы серіктестіктің бірі – өзінің ісін көптен бері жақсы жүргізіп келе жатқан компания болып саналады (франчайзер), ал басқа жұмысын енді бастап жатқан серіктес – кәсіпкер (франчайзинг) ретінде танылатындығына осы жұмыстың өзектілігі негізделеді.
Франчайзинг франчайзерге өзінің желісін дамытуға және шектелген жеке құралдар негізінде өздерінің сауда маркаларын алға жылжытуға мүмкіндік береді. Қызметтің осы түрі есебінде франчайзер «тұтынущыға жақындаудайды». Басқаларына қоса, желі қатысушыларында жауапкершілік сезімі пайда болады: егер франчайзер жеке ресурстарына тіреліп дамудың дәстүрлі жолын таңдайтын болса, онда оның бөлімшелерінде кәсіпорынның жетістіктерінде қызығушылығы белгілі бір шекке ие болатын жалдамалы жұмысшылар жұмыс істер еді. Франчайзинг жолымен даму кезінде тәуелсіз кәсіпкер болып саналатын франчайзи роялтиді қоспағандағы кәсіпорынның барлық табысын иеленеді, ал оның қызметінің жетістігі жеке талпыныстарға тікелей тәуелді болады.
Франчайзингтің артықшылығы танымал болған марканы алумен және онымен байланысты болатын технологияларға негізделеді. Франшизаны сатып алғаннан кейін франчайзингке өзінің кәсіпорнының жарнамасы жайлы, имиджін дайындауы және жұмыс технологияларын құру жайында ойлап керек емес, себебі оның барлығы тексерілген және дайын күйінде франчайзерден алынады, ал жарнама орталықтандыру арқылы жүзеге асырылады. Бұдан басқа, франчайзинг корпоративті бәсекеден қорғалған болады: келісім шартқа сәйкес осы аумақта франчайзер франшизаны ешкімге сатпайды.
Тұтынушы сонымен бірге жеңімпаз болып қалады – ол өз аумағында белгілі бір сапада және ортақ баға бойынша танымал сауда маркасының өнімдерін пайдалана алу мүмкіндігіне ие болады.
Таңдалған тақырыптың өзектілігі - бұл жұмыста франчайзинг мұнай бизнесінің тұрғысында қарастырылады. Мұнай бизнесінің саласында бәсекеліктің шиеленісуі компанияларды әлемдік және сыртқы жылу нарықтарына өздерінің әсерлерінің жаңа әдістерін іздестіруге ынталандыры. Осымен байланысты соңғы кездері мұнай бизнесі өзінің өткізілім саясатында франчайзингті кең түрде қолдана бастады.
Қазіргі таңда қазақстандық мұнай компанияларындағы негізгі пайда көзі болып шикізатты экспортқа өндіру мен іске асыру болып табылады. Республика мұнай қорларын тарату көлемі бойынша әлемде 13-ші орынды алады. Құрастыруға арналған 202 кен орындарында әзірленетін және дайындалатын қорлары мұнайдың 2,2 млрд. тоннасын құрайды, газ конденсатының 0,7 млрд. тоннасын және газдың 1,8 трлн.куб метрін құрайды. Көмірқышқыл шикізатын өңдеуші мемлекеттердің арасында Қазақстан 26-ші орынды алады.
1. Гордиенко И. Еще один выгодный незнакомец: франчайзинг// Питание и общество №4 2001 г.
2. Ленц Е. Ретейл-франшизы // Секрет фирмы 11/2005 г. с 10
3. Мендельсон М. Руководство по франчайзингу/ Пер. с англ. - М.: Соваминко, 1995 г.
4. Новосельцев О. Оценка коммерческой концессии.// Хозяйство и право №3 2000 г.
5. Панина М. Фаза активного развития франчайзинга на рынке // Деньги 02/2006 г. с 9
6. Практикум по франчайзингу для предпринимателей. / Под ред. Силинга С.А. -Спб. 1997.
7. Рогов В. Франчайзинг - эффективная форма сотрудничества// Экономика и жизнь. №11 1998 г. с20-21.
8. Карьера.-2002.-№10-с.16-17
9. Тотьев К. Коммерческая концессия.// Известия делового мира N5-(21).
10. Карих Е. Государство франчайзинг. –Карьера.-2002.-№ 10.с.15-19.
11. Кочетков Г.Б. Франчайзинг: Организация малого бизнеса. - США, Канада:экономика,политика,культура.-2002.-№4.-с.102-118.
12. Кочетков Г.Б. Социальная функция франчайзинга.- Человек и труд.-2003.-№2.-с.32-36.
13. Поворин С.В. Тенденции развития франчайзинга в мировой экономике -2003.-№3.-с.29-32.
14. Рыков И.В. Франчайзинг в деятельности отечественных производителей. 2003.-№6.-с.81-88.
15. Кнорринг В.И. Теория,практика и искусство управления.-М.,-2001.-с.82.
16. Абрамишвили Г.Г. Проблемы международного маркетинга. М.: Международные отношения, 1984
17. Бекнур Кисиков. Франчайзинг в Казахстане. Алматы, BookinEast, 2007 г.
18. «Франчайзинг в Казахстане». Журнал «Business Life», февраль 2008 г.
19. «Франшиза для своих», «Эксперт Казахстан» № 15 (17) 2004 г.
20. Академия рынка: маркетинг. Пер. с фр. А. Дайн, Ф. Букерель, Р. Ланкар и др. Науч. ред. Худокормов А.Г. М.:, Экономика, 1993
21. Алафинов О. Нефтяной бизнес интеграционные процессы вчера, сегодня, завтра // Нефть и Капитал, 1995, № 11
22. Алекперов В.Ю. Вертикально интегрированные нефтяные компании России. Методология формирования и реализация. М.: «Аутопан», 1996
23. Алекперов В.Ю. На чем зиждится наш оптимизм // Нефть России, 1995, №5
24. http://www.plati.ru/asp/pay.asp?id_d=1012600
25. http://constr.ru/luk.php
26. Амиян Т.В. Становление вертикально интегрированных нефтяных компаний России в условиях перехода к рынку ВНИИОЭНГ 1990-1995гг.-М.:, 1995
27. Равиль Шырдабаев. Мұнай: кеше, бүгін, ертең. Алматы, 2010
28. Байков Н. Топливно-энергетический комплекс // Мировая экономика и международные отношения, 1998, № 8
29. Нәдір Кәрімұлы. Теңіз - мұнай кеніші, проблемалар теңізі. Атырау. 2009
30. Белобрагина И. Москва нам поверит. ТНК расширяет джобберскую сеть // Нефть и Капитал, 1999, № 12
31. Вейе Г., Деринг У. Введение в общую экономику и организация производства. -Красноярск, 1995г.
32. Вереземский С. Торговля будущим. В 1998 году в России может появиться фьючерсный рынок нефти // Нефть и Капитал, 1998, № 1
33. Виханский О.С. и др. Человек, стратегия, организация, процесс: Учебник.- М.: Гардарика, 1996
34. Виханский О.С. Стратегическое управление: Учебник. М., изд-во МГУ, 1995
35. www.cafla.com

Пән: Мұнай, Газ
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 61 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . 4

1. Әлемдік тәжірибедегі франчайзинг мәні, негізгі принциптері және даму
тарихы
1.1. Заманауи жағдайдағы франчайзингтің мәні және негізгі
принциптері ... ... .6
1.2. Франчайзингті мұнай өнімдерін өткізу бизнесінде
қолданудың ерекшеліктері
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... 24

2. Қазақстан Республикасындағы мұнай өнімдерін өткізу нарығында
франчайзингтің қазіргі жағдайы
2.1. Қазақстан Республикасында мұнай өнімдерін өткізу нарығының қазіргі
даму
жағдайы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .27
2.2. Қазақстан Республикасында мұнай өнімдерін өткізу нарығында
франчайзингті пайдалану деңгейіне
талдау ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ...31

3. Қазақстан Республикасындағы франчайзингтік бизнестің даму бағыттары
3.1. Қазақстан нарығында франчайзингті дамыту, оны жетілдіру жолдары және
бағыттары
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ...41
3.2. Мұнай-газ өнімдерін өткізумен айналысатын компанияларда франчайзингті
жетілдіру бойынша
ұсыныстар ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... .52

Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 59

Қолданылған
әдебиеттер ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... .61

КІРІСПЕ

Франчайзинг – бұл серіктес бизнес, мұндағы серіктестіктің бірі – өзінің
ісін көптен бері жақсы жүргізіп келе жатқан компания болып саналады
(франчайзер), ал басқа жұмысын енді бастап жатқан серіктес – кәсіпкер
(франчайзинг) ретінде танылатындығына осы жұмыстың өзектілігі негізделеді.
Франчайзинг франчайзерге өзінің желісін дамытуға және шектелген жеке
құралдар негізінде өздерінің сауда маркаларын алға жылжытуға мүмкіндік
береді. Қызметтің осы түрі есебінде франчайзер тұтынущыға жақындаудайды.
Басқаларына қоса, желі қатысушыларында жауапкершілік сезімі пайда болады:
егер франчайзер жеке ресурстарына тіреліп дамудың дәстүрлі жолын таңдайтын
болса, онда оның бөлімшелерінде кәсіпорынның жетістіктерінде қызығушылығы
белгілі бір шекке ие болатын жалдамалы жұмысшылар жұмыс істер еді.
Франчайзинг жолымен даму кезінде тәуелсіз кәсіпкер болып саналатын
франчайзи роялтиді қоспағандағы кәсіпорынның барлық табысын иеленеді, ал
оның қызметінің жетістігі жеке талпыныстарға тікелей тәуелді болады.
Франчайзингтің артықшылығы танымал болған марканы алумен және онымен
байланысты болатын технологияларға негізделеді. Франшизаны сатып алғаннан
кейін франчайзингке өзінің кәсіпорнының жарнамасы жайлы, имиджін дайындауы
және жұмыс технологияларын құру жайында ойлап керек емес, себебі оның
барлығы тексерілген және дайын күйінде франчайзерден алынады, ал жарнама
орталықтандыру арқылы жүзеге асырылады. Бұдан басқа, франчайзинг
корпоративті бәсекеден қорғалған болады: келісім шартқа сәйкес осы аумақта
франчайзер франшизаны ешкімге сатпайды.
Тұтынушы сонымен бірге жеңімпаз болып қалады – ол өз аумағында белгілі
бір сапада және ортақ баға бойынша танымал сауда маркасының өнімдерін
пайдалана алу мүмкіндігіне ие болады.
Таңдалған тақырыптың өзектілігі - бұл жұмыста франчайзинг мұнай
бизнесінің тұрғысында қарастырылады. Мұнай бизнесінің саласында
бәсекеліктің шиеленісуі компанияларды әлемдік және сыртқы жылу нарықтарына
өздерінің әсерлерінің жаңа әдістерін іздестіруге ынталандыры. Осымен
байланысты соңғы кездері мұнай бизнесі өзінің өткізілім саясатында
франчайзингті кең түрде қолдана бастады.
Қазіргі таңда қазақстандық мұнай компанияларындағы негізгі пайда көзі
болып шикізатты экспортқа өндіру мен іске асыру болып табылады. Республика
мұнай қорларын тарату көлемі бойынша әлемде 13-ші орынды алады.
Құрастыруға арналған 202 кен орындарында әзірленетін және дайындалатын
қорлары мұнайдың 2,2 млрд. тоннасын құрайды, газ конденсатының 0,7 млрд.
тоннасын және газдың 1,8 трлн.куб метрін құрайды. Көмірқышқыл шикізатын
өңдеуші мемлекеттердің арасында Қазақстан 26-ші орынды алады.
Сондықтан мұндай маңызды саланы дамытуды франчайзинг жүйесін қолдана
отырып жетілдіруге болады. Франчайзингті қолдану кәсіпорындарға икемді
түрде тиімді басқаруды қамтамасыз етеді. Сонымен қатар, осы жүйені
енгізудің жоғарғы қайтарым тез арада болады, бұл оның мұнай бизнесін
тиімділігін жоғарылату мен дамытуға арналған маңызы құраушылардың қатарына
қосты. Франчайзинг мұнай өнімдерін маркетингтік зерттеу негізінде біртекті
орналасуын қамтамасыз етеді, нарықты бағалық қатынаста анағұрлым тұрақты
жағдай жасайды.
Бірақ, мұнай-газ саласы франчайзингтің қолдану артықшылығының бір жағын
ғана ашады, сол себепті осы дипломдық жұмыста бұл жүйені жалпы Қазақстан
нарығында қолдану бағыттары мен жолдары қарастырылған. Оған қонақ үй, жедел
тамак дайындау орындары, дүкендер және т.б. салалар кіреді.
Әлемдік тәжірибе көрсеткендей, франчайзингтік компаниялардың санының
көбеюі экономиканың өсуіне әсерін тигізеді, қоысмша жұмыс орындарының пайды
болуына әсер етеді, бизнестің және салық салынатын базаның ашықтығын
өсіреді, аймақтарды дамытады. Бастапқы кезеңде жеңілдік несиелер,
жеңілдетілен салық салу, франчайзингтің дамуының арнайы орталықтарын құру
маңызды түрде франчайзингтік ортаның құрылуына көмегін тигізер еді. Бұл
дегеніміз қазіргі таңда Қазақстан нарығында франчайзингтік жүйе бизнесті
жылдам да қарқынды дамытудың бір де бір құралы болып табылатындығына дәлел.
Жұмысты жазу барысында шетелдік және отандық ғалымдардың еңбектерін
қолдана отырып жасалған тұжырымдар қарастырылған. Франчайзинг жүйесі шет
елдерде жақсы дамығандықтан әлемдік тәжірибеге сүйене отырып Қазақстан
нарығына қолайландырылған ұсыныстар келтіріледі.
Дипломдық жұмыстың мақсаты – франчайзинг жүйесінің теориялық
аспектілерін толық ашу, Қазақстандағы франчайзингті сипаттау,
ерекшеліктерін талдау және кәсіпкерліктегі алатын орнын талдау болып
табылады. Ал зерттеу аясы – Қазақстан және аталған жүйе дамыған елдер
нарығындағы франчайзинг. Шет елдік тәжірибелерге, шет ел компаниясының
тәжірибелеріне көз жүгірту арқылы отандық нарықтағы бұл жүйенің даму қалпын
талдап, жетілдіру жолдарын қарастыру.
Дипломдық жұмысты жазу барысында жұмыстың мақсатына жету үшін
келесідей міндеттер белгіленді:
-франчайзинг жүйесінің теориялық негізін талдау
-франчайзингтің эволюциясын, шетелдік және отандық нарықта негізгі даму
тенденцияларын және ерекшеліктерін анализ жасау
-Қазақстан мұнай газ және мұнай өнімдерін өткізу саласының ахуалын көрсету
-отандық нарықтағы франчайзингтің жетілу деңгейін талдау және кедергілер
мен қолайлы жағдайларын қарастыру
-мұнай өнімдерін өткізуде франчайзинг жүйесін қолданатын компаниялар
құрылымын қарастыру
-Қазақстанда франчайзингті қолдану аясын кеңейту жолдарын ұсыну
Дипломдық жұмыстың тақырыбы: Қазақстан Республикасында бизнесті
дамытудағы франчайзингті қолдану мен оның рөлі.
Зерттеу пәні – отандық нарықта франчайзингті қолдану бағыттары.
Зерттеу объектісі – Қазақстан Республикасының жалпы және мұнай
өнімдерін өткізу нарығы.
Франчайзинг Қазақстандағы мұнай бизнесінің тиімді қызмет етуін
жоғарылату факторы болып көріне алатын кәсіпкерліктің прогрессивті формасы
ретінде көрініс табады.

1. Әлемдік тәжірибедегі франчайзинг мәні, негізгі принциптері және даму
тарихы

1. Заманауи жағдайдағы франчайзингтің мәні және негізгі принциптері

Қазіргі таңда Қазақстанның тұтынушы нарығында бизнесті жүргізудің жаңа
үлгісі, ірі және шағын бизнестің өзіндік нысаны – франчайзинг кең қолданыс
алуда. Франчайзинг сөзі “fran-chise” француз тілінен аударғанда
жеңілдік, артықшылық, салықтан, салымнан босату дегенді білдіреді.
Франчайзингтің мәнін қарауға көшпес бұрын, алдымен франчайзингтің негізгі
ұғымдарын анықтайық:
Франчайзер – бұл өзінің тауарлық белгісін, ноу-хау және операциялық
жүйені қолдануға құқық немесе лицензия беретін компания. Мәселен,
франчайзер табысты өнім немесе қызмет жасап шығарады, мысалы, жедел
дайындау мейрамхананың жұмыс істеуінің ерекше стилі дерлік. Франчайзер
бизнесті зерттейді және дамытады, бизнесті жылжытуға ақша жұмсайды, жақсы
бедел мен танымды имидж жасайды. Компания өзінің бизнес концепциясының
жұмысқа қабілеттілігін және осы бизнестің табысты ұдайы өндірісін
дәлелдегеннен кейін, осындай табысты қайталауды қалайтын кәсіпкерлерге оның
франшизасын сатып алуды ұсынуды бастай алады.
Франчайзи – бұл франчайзерде бизнесті құру кезінде көмек және оқыту
мүмкіндігін сатып алатын және тауар белгісін, ноу-хау және франчайзердің
жұмыс жүргізу жүйесін қолданғаны үшін қызметтік төлемін (роялти) төлейтін
адам немесе компания. Франчайзи бизнесті құруға шығындарды өзі төлейді.
Франчайзер көп жағдайда маңызды жеткізілімдерге (материалдар, шығыс
құралдары) өте тиімді жеңілдіктер береді. Бұл жеңілдіктер әрқашан
франчайзиге франчайзерден өнімді анағұрлым төмен бағада сатып алуға
мүмкіндік береді, сөйтіп бұл франчайзерсіз бизнесті дамытуға қарағанда
арзан тұрады. Франчайзи бизнесті құру және ашу бойынша көмек үшін бастапқы
салым жасайды. Франчайзи өзіне фрпанчайзермен ұсынылатын консалтинг және
оқыту, қолдау үшін және бизнес жүйені және тауар белгісін қолдану құқығы
үшін ай сайын салым төлеуге міндет алады. Егер барлығы жоспардағыдай болса,
онда франчайзи табысты бизнес жүргізеді, және оның пайдасы шығындардан
артып түседі.
Франшиза – бұл франчайзер франчайзиге сататын толық бизнес жүйе.
Осындай жүйе үшін басқа атау ретінде франшизалық пакетті қолдануға болады,
ол жұмысты жүргізу бойынша әдіс құралы мен франчайзиге жататын басқа да
маңызды материалдарды қамтиды. Франчайзингтік өзара қатынастар екі тараптар
үшін де табысты болуы мүмкін. Франчайзи минималды шығындар кезінде
максималды пайда алуда қызығушылық танытады. Франчайзи франчайзинг жүйесі
бойынша бизнесті жүргізудің ережелерін сақтауы керек және франчайзермен
жүргізілетін маркетингтік және жарнамалық кампанияларға қатысу тиіс.
Франчайзер бәсекелестік күресте көшбасшы болуы үшін жұмыс істейді.
Франчайзер франчайзи өзінің күнделікті операцияларына барынша көңіл бөлу
үшін қажетті қолдау көрсетеді.
Франчайзинг – фирмалардың ұзақмерзімді коммерциялық ынтмақтастықтың
нысаны, оның шегінде фирма – франчайзинг өзінің тауарлары мен қызметтерін
сатуға құқықты фирма-франчайзиге береді, сондай-ақ фирма-франчайзердің
сауда белгісін, оның фирмалық дизайнын, ноу-хауын, іскерлік беделін,
маркетингтік технологияны қолдануға құқықты алады [1].
Франчайзинг жүйесінде анағұрлым көрнекі қатынасы 1-сурет Франчайзинг
жүйесіндегі қатынастар сызбасында көрсетілген. Өткізудің франчайзингтік
желісін ұйымдастырушысы – белгілі бір сауда маркасы мен ноу-хауының иесі
франчайзер франчайзингтік желіге кіретін шағын кәсіпкерге – франчайзиге
оның сауда маркасымен, фирмалық дизайнымен, маркетингтік технологияларымен
және тауарлар мен қызметтердің белгілі бір жиынтығымен іс жүргізуге құқық
береді. Тәуелсіз шаруашылық етуші субъекті болып табылатын франчайзи
франчайзер алдында өнім мен қызметтердің бекітілген сапа көрсеткіштерінің
стандарттарын, сонымен қатар, өндірістік және қызмет көрсететін
операциялардың технологияларын сақтауға, сәйкес марапаттар төлеуге және
франчайзерге оны бақылауға құқық беруді міндеттенеді [2].

1 сурет. Франчайзинг жүйесіндегі қатынастар сызбасы [2]
Ережелерді сақтау франчайзи табысты кезекті максималдауымен алу
мүмкіндігінің болуын білдіреді. Қажетті құқықтарды алу үшін франчайзи
франчайзаторға бастапқы салымды жүзеге асырады, одан ары ай сайынғы
салымдар төлейді. Бұл өзіндік түрдегі жалға беру, себебі франчайзи ешқашан
тауар белгісінің толық иесі болып табылмайды, тек ай сайынғы салымдар төлеу
кезеңінде ғана тауар белгісін қолдануға құқығы болады. Осы салымдардың
сомасы франчайзингтік келісім-шартта қарастырылады және келіссөз жүргізудің
пәні болып табылады. Франчайзингтік пакет (франчайзиге берілетін бизнесті
жүргізудің толық жүйесі) сәйкес кәсіпкерге өзінің бизнесін алдын ала
тәжірибе, білім немесе осы салада тәжірибесі болмай-ақ, табысты жүргізуге
мүмкіндік береді.
Франчайзер мен франчайзи өзара нәтижелерге алып келетін тандем құрады.
Франчайзер өзінің тауарлық белгісін, ноу-хау және операциялық жүйені
қолдануға құқық немесе лицензия береді. Мәселен, франчайзер табысты өнім
немесе қызмет жасап шығарады, мысалы, жедел дайындау мейрамхананың жұмыс
істеуінің ерекше стилі дерлік. Франчайзер бизнесті зерттейді және дамытады,
бизнесті жылжытуға ақша жұмсайды, жақсы бедел мен танымды имидж
(бренднэйминг) жасайды. Компания өзінің бизнес концепциясының жұмысқа
қабілеттілігін және осы бизнестің табысты ұдайы өндірісін дәлелдегеннен
кейін, осындай табысты қайталауды қалайтын кәсіпкерлерге оның франшизасын
сатып алуды ұсынуды бастай алады.
Франчайзи бизнесті құруға шығындарды өзі төлейді. Франчайзи
франчайзердің бизнесті құру кезінде көмек және оқыту мүмкіндігін сатып
алады және тауар белгісін, ноу-хау және франчайзердің жұмыс жүргізу жүйесін
қолданғаны үшін қызметтік төлемін (роялти) төлейді. Франчайзер көп жағдайда
маңызды жеткізілімдерге (материалдар, шығыс құралдары) өте тиімді
жеңілдіктер береді. Бұл жеңілдіктер әрқашан франчайзиге франчайзерден
өнімді анағұрлым төмен бағада сатып алуға мүмкіндік береді, сөйтіп бұл
франчайзерсыз бизнесті дамытуға қарағанда арзан тұрады [3].

1-кесте. Бастаушы кәсіпкердің ірі фирмамен өзара қарым-қатынасының
әртүрлі түрлерінің салыстырмалы сипаттамасы.

 Өзіндік көздер Дилер Франчайзи-дилер Қызметкер не
сауда өкілі
Меншікті иемденуі + + -
Пайданың негізгі бөлігін+ + -
алу
Үлкен бастапқы - + +
капиталдың салу
қажеттілігі
Басқа фирмалардан + + -
тәуелсіздігі
Өзіндік бизнестің меншік+ + -
иесі, жұмыстан қууылу
қаупінің болмауы
Ақшаны жоғалту - + +
тәуекелінің болмауы
Бизнес сызбаның құрылу - + +
үлгісін таңдаудағы
сенімсіздіктің болмауы
Максималды тиімділік - + +
үшін бөтен тәжірибені
қолдану мүмкіндігі
*Кесте 3-ші әдебиеттен алынған

Сонымен, Ресей, Қазақстан секілді дамушы нарықта франчайзинг
кәсіпкерлерді табысты бизнес жүргізу үшін қажетті тәжірибелік стандарттарға
оқытудың ең тез тәсілі болып табылады. Компания үшін франчайзинг – бұл
бизнесті таратудың тәсілі. Кәсіпкерлер үшін франчайзинг – бұл бизнес иесі
болу тәсілдерінің бірі. Төменде келтірілген 1-кестеде істі бастаған
кәсіпкердің ірі фирмамен өзара қарым-қатынасының плюстері мен минустары
көрсетілген. Кестеден көріп тұрғанымыздай, франчайзинг өзіне бизнесті
ұйымдастырудың басқа түрлерінің ең жақсы жақтарын алады: ертеңгі күндегі
сенімділік, табыстылық, тәуелсіздік. Бұл шағын, бастаушы бизнеске өте жедел
дамуға мүмкіндік береді, мұны халықаралық тәжірибе растайды.

2 сурет. Франчайзингпенфранчайзингсіз фирмалардың өмір сүруінің
салыстырмалы деректері [4]

Батыс елдерде жүргізілген зерттеулер қарапайым төрт фирманың үшеуі 5
жыл мерзім ішінде жабылатынын көрсетті (2-сурет).
Айналымға енген бренд айналмалы сермер секілді барлық құлдыраулар мен
дағдарыстарды жеңіл өтеді және өзінің серіктеріне көмек береді. Көшбасшы
сауда маркасының күші осында [4].
Франчайзинг соңғы қырық жылда басқа бизнес-форматтылармен салыстыру
бойынша объективті себептер: франчайзер мен франчайзи үшін тиімділік;
әлеуметтік-экономикалық саладағы жағымды факторлар бойынша тарату және
өткізуді жүзеге асыру нұсқасы ретінде қолданысқа кеңінен енді.
Біздің экономикамыз үшін франчайзинг қазіргі таңда салыстырмалы түрде
жаңа құбылыс болып табылады, ал дамыған елдерде әртүрлі қызмет көрсетудегі
қоғам қажеттіліктерін қамтамасыз етудің құралы ретінде жүздеген жылдар бойы
тәжірибеден өтті. АҚШ-тағы франчайзингтің бірінші мысалы ретінде темір жол
және банктер секілді салалардағы жеке бизнестерге заңды құқықтар беруді
санауға болады. Үкіметтен алынған ерекше құқықтар жеке бизнеске осы
кәсіпорындарға елеулі капиталдар салуға ынта берді, алайда бұл жағдайда
темір жол және банк жұмысына белгілі бір мемлекеттік бақылау сақталынды.
Талап етілетін қызметтерді қамтамасыз ете алатындарға белгілі бір
артықшылық берілетін. Мсыалы, жерді пайдалану құқығын әскерді жабдықтауды
қамтамасыз ететін тұлғаға беру, немесе үкімет атынан салықты жинауға
белгілі бір тұлғаға өкілеттілікті беру.
Осылайша, жеке бизнес мемлекеттік құралдарды тартусыз-ақ әртүрлі қызмет
көрсету салаларын тез және сапалы дамытуға мүмкіндік берді. Жеке бизнеспен
франчайзингті қолданудың одан да қызықты мысалдары ХІХ ғасырдың 50-
жылдарында болды, ол кезде АҚШ-та өнімді дайындаушыларға ерекше құқық
берілді.
Сол уақытта ірі кәсіпорындар, мәселен, Зингер компаниясы АҚШ-тың барлық
аумағы бойынша өзінің бұйымдарын (тігін машинасы) сатуға құқықты
франчайзинг негізінде жүзеге асырады. Сол уақыттары дүкенде мұндай жабдықты
сатып алу ерекше болатын және үй шаруашылығындағы әйелдер механикалық
жабдыққа скептикалық тұрғыда қарады. Оған қоса, олардың жұбайлары
әйелдерінің жұмысын оңайлататын ғана қабілеті бар олардың түсінігіндегі
пайдасыз затқа ірі сома салуы керек болды. Мұндай тауарды сатудың жалғыз
тәсілі – бұл тауарды сатып алушының алдына алып келіп, оның көзінше бұл
машина істей алатын ғажаптарды көрсетуге қабілетті агрессивті сатушы.
Сатушыларды жалдау үшін компанияда ақша болмағандықтан, жас Зингер тәуелсіз
сатушылар (дилерлер) белгілі бір аумақта тігін машиналарын сатуға құқықты
сатып ала алатын жүйені ойлап шығарды. Дилерлер бір машинаға 60 доллар
жұмсады, ал 125 доллардан сатты. Бірнеше жыл ішінде жүздеген дилерлер
ауқатты адамдар болды.
Алғашқы табысты франчайзингтік жүйелердің бірі General Motors
компаниясымен қолданылды. 1898 жылы дүкендерді ашу үшін қажетті қолма-қол
капиталы жоқ жас компания дилерлер жүйесі арқылы бу қозғалтқыштарын сатуды
бастады. Бұл жүйе қазіргі күнге дейін автокөліктерді сатудың негізгі
тәсілдері болып табылады. Алғашқы франчайзилердің бірі велосипедтер мен кең
тұтынудағы дүкендерді сату бойынша дүкендердің иелері болды. Өткен ғасырдың
50-жылдарында көптеген елдерде, әсіресе тез дамуын қонақ үй мен
мейрамханаларды құрудың франчайзингтік жүйесі алды. Оған АҚШ-тағы тауар
белгісі туралы заңның пайда болуы себін тигізді. Бәсекелестер арасында
өзінің жеке ерекшеліктері, сапалы қызмет көрсетудің жоғары беделі бар
өнімді, жұмысты немесе қызметті өндіруші-кәсіпорын белгілі бір жағдайларда
тауар белгісіне (сауда маркасы) ие болды. Тауар белгісінің иелеріне
басқа фирмалармен белгілі бір уақыт мөлшеріне лицензиялары берілуі мүмкін,
ол оның уақыт шегінде иесі оның тауар белгісімен сатылатын тауар немесе
қызмет сапасын бақылайды.
Басқа кәсіпорындарға жан-жақты бақылаумен және заң қорғауында өзінің
тауар белгісін қолдану құқығын сату иесіне үлкен капиталдық және ағымдағы
шығындарсыз өзінің бизнесінің шегін кеңейтуге мүмкіндік берді. Осы негізде
ақырындап тауар белгісі иесінің (франчайзер) оларды қолдануға лицензияны
сатып алатын кәсіпорындармен (франчайзи) істерін жүргізудің белгілі бір
ережелері жинақталды, яғни франчайзинг қатынасы жинақталды [5].
Франчайзинг жүйесі бойынша жұмыс істейтін кәсіпорын желілері дамуының
да өзіндік мәселелері болды. Олардың көп бөлігі халыққа тауарларды сату мен
қызметтер көлемінің сату үлесіне қарағанда, кейбір франчайзерлер
франчайзиге көп лицензия сатуға ұмтылуымен байланысты, сондай-ақ оқыту
мүмкіндіктері мен франчайзи көмегіне себін тигізеді.
Франчайзиге қатысты франчайзерлермен жіберілген қателіктер кезеңмен
жергілікті органдар мен әкімшілікті назарын тарта отырып, сот
талқылауыларына алып келетін. Нәтижесінде 60-70 жылдарда қабылданған заң
нормалары өнеркәсіптің нақты салаларында франчайзинг мәселелеріне қатысты
болды.
Қазіргі таңда бизнес тәжірибесінде франчайзингпен байланысты заңға
қарсы әрекеттер саны азайды және көптеген кәсіпорындардың негізі болып
табылады. Франчайзингтік жүйе даму мен қалыптастырудың көрнекі және сенімді
мысалдардың бірі қазіргі таңда жедел қызмет көрсету индустриясындағы сөзсіз
көшбасшы ретінде қарастырылатын әлемге танымал МакДональдс фирмасының
қызметі болып табылады.
МакДональдс табысы, ең біріншіден, қызмет көрсету сапасының жоғары
деңгейін қамтамасыз ету идеясына сенімді анықтады. Басқа франчайзерлер
өзінің бизнестерінің негізгі бағыттарын қайталап жатқан кезде,
МакДональдс компаниясы кезекпен өзінің қызметінің әрбір аспектісін
жақсартты.
40-жылдардың соңында жолда орналасқан шағын кафенің иелері ағайынды
Ричард және Морис МакДональдтер өзінің клиенттеріне қызмет көрсетуді
жақсарту мен табысты ұлғайту ойластырғанда, олар мынандай тәсіл тапты:
мәзірдегі позициялар санын 3 тағамға дйін қысқартты, конвейерлік жүйе
негізінде технологияны стандарттады және тағамдарды дайындауды
ұйымдастырудың рецептурасын біріздендірді. Мәселен, гамбургерлер 1,6 униция
тартты және 19% май құрамында болды. Қызметшілер крахмалданған ақ жейде
киді және жұмыстың бір түрін атқарды: біреулері табадан гамбургерді алды,
біреулері оларды ыстық майға салды және т.с.с. Осындай ұйымдастыру
тиімділікті арттырады және шығындарды төмендетті. МакДональдс
біртүрлілігі кез келген жерде МакДональдстің жедел және керемет қызмет
көрсетуі мен үйреншікті тағам түрлерін нақты білетін клиенттердің жас
ұрпағын қалыптастырды. Жедел қызмет көрсетудің осындай кәсіпорындары үлкен
көлемде пайда бола бастады. Олардың ішінде, Кентукки Фрейд Чикан,
Холидей ИНК және т.б. Осы бизнесмендердің әрқайсысы франчайзингтің
құрылған барлық желілері бойынша ұстанатын өзіндерінің сауда белгілері бар.
Көптеген бизнесмендер бизнестің осы бағытын ұғынған және қабылдағандар оған
қосыла бастады.
Франчайзингтің дамуындағы анағұрлым жоғары өсуі кезекті онжылдықпен 80-
жылдардың соңына дейін жалғасты. 1984 жылы АҚШ-тағы барлық дүкендердегі
сату көлемінің төрттен үш бөлігіне жуығы (500 млрд.долларға жуығы) –
франчайзингтік фирма арқылы іске асырылды.
Франчайзинг жалпы ұлттық өнімдегі ұлттық байлықтың 13% құрайды – бұл
автокөліктерді сатудан үш есе артық. Жұмыс беруші ретінде франчайзинг 7
миллионнан астамын жұмыс орнын құрайды, олардың көбісі жұмысты табудың
басқа мүмкіндіктері болмаған біліктілігі жоқ жұмысшалар болып табылады.
АҚШ сауда министрлігінің деректері бойынша франчайзинг жүйесі бойынша жұмыс
істейтін компаниялардың тауарлары мен қызметтерін іске асыру ай сайын 10 %
өседі. Америкалық франчайзинг үлкен ішкі тәжірибе жинақтай отырып, басқа
нарықтарға тамырларын жаю үшін шетелге қарай жылжыды. Көптеген компаниялар
өздерінің франшизаларын басқа елдерге сатты, ал кейбіреулері жылдам
қарқындармен өздерінің халықаралық желілерін кеңейтуде.
Қазіргі таңда 350 жуық америкалық фирмалар мен олардың франчайзилары
басқа елдерде 32 000 сауда кәсіпорындары бар [6].
Франчайзингтің қарқынды дамуы Канадада, Батыс Еуропада, Жапонияда,
Тынықмұхиты аймағындағы мемлекеттерде, Австралияда, Кариб теңізі
аймағындағы елдерде байқалады. Басқа елдердегі франчайзерлер, өз кезегінде,
АҚШ нарығына қарайды. Халықаралық франчайзинг жақын уақытта одан да жедел
қарқынмен дамиды. Франчайзерлер шетелден әлеуетті франчайзилерді іздейді,
ал көптеген жеке тұлғалар мен фирмалар франчайзерлердің қаржылық қолдауы
кезінде олардың өндіріс және қызмет көрсету технологияларына лицензия мен
құқығын сатып алу үшін және өзіндік табысты бизнес жасау үшін басқа
елдерден франчайзерлерді белсенді түрде іздейді.
Фирма қызметкерлері және жетекшілері өздерінің жұмыстарында тәуелсіз
тауар өндірушілер көп болған сайын, қоғамның нарыққа қарай жылжуы мен
елдегі рефомаларды іске асыруы жылдамырақ болады деген көзқарастан шығады.
Бұл соңғы 12 жылда қызметкерлер ұстанатын принциптердің бірі. Бұл беталыс
барлық бөлшектік сауданың жартысы франчайзинг үлесіне келуі керек кезде,
2000 жылға дейін және кейін де сақталынуы керек (сурет 3) [4]
Франчайзинг өзінің жоғары тиімділігін және 70-жылдардың ортасындағы
экономикалық құлдырау жағдайында да өмірге қабілеттілігін дәлелдеді. Өсу
беталысы АҚШ-та Р.Рейган президенттігі кезеңінде экономиканың өсуі болған
кездегі 80-жылдардың басынан бастап күшейді. Америкалық әдебиетте
келесідей статистикалық деректері жүргізілді: сол жалдары АҚШ-та әрбір 6,5
минутта франчайзингтік кәсіпорындар ашылды [7].
Жіктеуге қатысты, қызмет объектісінің сипаттамасы бойынша франчайзинг
франшизаның үш түріне бөлінеді:
1) дайын тауарды сатуға франшиза (тауарлы франчайзинг, немесе өнім
франчайзингі, product franchise);
2) тауарды өндіруге франшиза (өндірістік франчайзинг, немесе сауда
маркасының франчайзингі, trade-name franchise);
3) қызметтің белгілі бір түріне франшиза (мысалы, қызметтік
франчайзинг, іскерлік франчайзинг, немесе франчайзинг бизнес-формат,
business-format franchise).
Франшизаның осы үш түрі франчайзингтің 150-жылдық тарихы бойында
дамуының негізгі бағыттарын анықтайды; бұл бағыттар американдық франшизалық
бизнесті қолдану мысалында төменде толығырақ қолданылатын болады, себебі
франчайзингтің кәсіпкерлік қызмет түрінде пайда болуы мен қалыптасуы АҚШ-
тың экономикалық дамуымен үздіксіз байланысты.

3 сурет. Франчайзингтік кәсіпорындардың өсу деңгейі [7]
Тауарлы франчайзинг – бизнесті жүргізудің тәсілі, франшиза беруші
өнімді дайындаушы ретінде өзінің өніміне сату құқығын береді, ал франшиза
алушы (франшиза иесі) нақты аумақпен шектелген, франшиза беруші сауда
маркасымен дайын өнімді сатуға франшизаны сатып алу арқылы осы ерекше
құқықты алады. Егер шығарылатын тауарлар сауда маркалары болмаса, олар
франчайзингтің бұл санатына қосылмайды.
Тауар франчайзингі өз алдына франшиза берушімен шығарылатын өнімді іске
асыруға ерекше құқықты франшиза алушыға беруді білдіреді. Алайда,
франшизаны сата отырып, құқық иеленуші-өндіруші өзінің өнімін - әрине,
өзінің тауарлы белгісімен – франшиза берушімен бекітілетін қатаң белгілі
бір аумақта сатуға құқығын береді.
Франшиза иесі сол тауардың жалғыз сатушысы және франшиза берушінің
сауда маркасының ерекше өкілі бола тұрып, өзінің франшиза берушісінен ғана
өнімді сатып алуға міндеттенеді және оған бәсекелес болатын тауарларды іске
асырудан толық бас тартады. Осындай классикалық нысанда тауарлы франчайзинг
сатушыдан белгілі бір білімдерді: бір жағынан, өнімнің ерекше сипаттамасы
мен оны пайдаланудағы ерекшеліктерін, ал басқа жағынан – сатушы
психологиясын білуді талап ететін тауарларды сату саудасына мінсіз сәйкес
келеді.
Тауарлы франчайзингке кәсіпорын-дайындаушы жүгіне отырып, өзінің өнімін
іске асыруды ғана ұлғайтпайды. Өткізу жүйесіне франшиза алушыларды тарту
және олардың артына нақты бір аумақты бекіту өткізу нарығының географиясын
кеңейте отырып, әртүрлі аймақтар сату көлемін теңдей бөлуді реттеуге
мүмкіндік береді. Осылайша, франчайзингтің ескі түрі, оның бастапқы нысаны
бола тұрып, тауарлы франчайзинг өзінің өзектілігін әлі де жоғалтпады.
Тауарлы франчайзингті автомобильді бизнес негізінде қарастырайық. АҚШ-та
оның үлесіне франшизалық сектордың жалпы айналымының 25% келеді, алайда,
айта кететін жайт, бұл негізінен автомобильдердің жоғары бағасы есебінен
жүреді – осы саладағы тұрақты көшбасшы. АҚШ-та автомобильдерді сату
дәстүрлі түрде сатуға дейінгі және кейінгі қызмет көрсетулердің кең
спектріне байланысты болады. Кепілдік қызмет көретуді берумен қатар,
клиенттермен қарым-қатынас үлкен мәнге ие болды.
Бақылау көрсеткендей, көптеген кейбір сатушылар бастапқыда
автомобильдің қандай үлгісін сатып алу туралы нақты көрінісі болды
(әсіресе, автомашиналардың техникалық сипаттамасы туралы аз мөлшерде
білетін әйелдерге қатысты еді), және олардың ақырғы шешімі көбінесе
сатушының біліктілігімен және басқыншылығымен анықталды [9].
1890 жылдары автомобильді өндірудің жедел өсуі өндірушілердің
табыстылығын өткізу әсеріне тәуелді етіп қойды. Бос құралдардың мен
өткізудің жеке жүйелерін ұймдастыру үшін білікті қызметкерлердің болмауы
компанияларды тауарлы франчайзингті қолдануға итермеледі.
Ауқатты дилерлер жердің жеке учаскелерінде қажетті үй-жайларды құрып,
өндірушілерден машина және бөлшектерді едәуір жеңілдікпен сатып алатын
болды. 1920 жылдарға таман бұл жүйе General Motors, Ford, Chrysler және
автомобильді өнеркәсіптің басқа да компанияларында табысты қолданылды.
Алайда тауарлы франчайзингтің бастапқы көзі, жалпының танымы бойынша,
жоғарыда аталған компаниялардың бірі емес, Singer Sewing Machine Company —
алғашқы тігін машиналарын ойлап табушы мен сатушы болып табылады. 1850
жылдары ол белгілі аумақпен сауда агенттерінің қызметін шектей бастады және
оның сауда маркасын бөлшектеп сатып алу шартымен міндеттеді, кейін он жылда
оның өнімдерін сату бойынша операцияларды жүргізуге құзыретті ұсақ
фирмаларды бірге құрды [10].
Алдыңғы мысалдарға қарағанда бастапқыда өзінің өнімдерін тек жеке
кәсіпорындар ғана бөлетін мұнай компанияларының франчайзингке (Shell және
т.б.) жүгінуі мәжбүрлі сипатта болды.
Бір жағынан, тәуелсіз операторлармен қатаң бәсекелестік компаниялардың
бағаны икемді реттеуге қабілетсіз екендігін дәлелдеді, бір жағынан – АҚШ-та
бірнеше штаттармен әрбір жанармай құю бекетін лицензиялау, сондай-ақ
әлеуметтік сақтандыруға федералды салықтың бекітілуі және шамадан тыс жұмыс
үшін міндетті төлемдер мұнай компанияларының қаржылық тұрақтылығына үлкен
нұқсан келтірді. Жанармай құю бекеттерін алдыңғы иелеріне франчайзингке
беру өте тиімді болғаны соншалық, 1935 жылы барлық дерлік жанармай сатылуы
ұлттық масштабта осы тәсілмен ұйымдастырылды.

4 сурет. Тауардың франчайзингі кезіндегі қатынастардың сызбасы [9]

Тауарлы франчайзинг шегінде ірі бөлшектік және көтерме кәсіпорындар,
өнімнің кең ассортименті бар универмагтар олардың қандай да бір жалпы стиль
мен қызмет көрсетудің жалпы нысаны жағдайында ғана табысты жұмыс істей
алады. Олардың меншік иесі кім екені маңызды емес: мейлі жеке тұлға немесе
әртүрлі компаниялар болсын, - олардың барлығы бір атау астында бірігуі
тиіс.
Өндірістік франчайзинг – бизнесті жүргізудің тәсілі, өнімнің бастапқы
компоненттерінің патенттелген өндіріс технологияларының иесі ретінде
франшиза беруші құқықты береді, ал франшиза алушы (франшиза иесі) нақты
аумақпен шектелген, олармен берілетін фирмалық шикізат компоненттерін,
материалдарын немесе технологияларын қолдана отырып, франшиза берушінің
тауарлық белгісімен өнімді өндіру мен өткізуге франшизаны сатып алу жолымен
ерекше құқықты алады.
Өндірістік франчайзинг өндірістің паттентелген технологиясын немесе
өндірістің бастапқы компоненттерін, көп жағдайда қорапты материалмен бір
жиынтықта беруді білдіреді.
Бұд жағдайларда, өнімнің өндіріс үшін қажет шикізат пен материалдардың
жеткізушісі ретінде тек франшиза беруші болып қалатыны түсінікті [9].
Алкогольсіз салалардағы ірі компаниялар (Coca-Cola, Pepsi және т.б.)
осы принциптер бойынша жұмыс істейді.
Дайын өнімді тасымалдаудың шығындарынан бас тартқан франшиза берушілер
франшиза алушыға өзінің паттентелген сироптары мен концентраттарын немесе
олардың формуларынан фирмалық шырындарды өндіруге құқықты сатуды таңдады.

5 сурет. Өндірістік франчайзингтегі қатынастар сызбасы [9]

Қосымша фактор ретінде, сол жылдары (франчайзингтен бұрынғы жылдар, ХІХ
ғасырдың соңы – ХХ ғасыр басы) шырындарды бөтелкеге құю тәжіриебесі
басталуы да орын алды, скептикалық көзқарастағы өндірушілер құралдарды
қажетті өндірістік алаңдарды құруға салуға қорықты, өздерінің франшиза
алушыларына тәуекелге бел бууды ұсынды.
1899 жылы бастамашы Coca-Cola болды, ал ХХ ғасырдың басында оның жолын
Pepsi, Dr. Pepper және Royal Crown табысты қайталады. Алайда құйылманың
жаңа нысаны тез орнықты, ал кең қолданылуын негізінен алты бөтелкесі бар
картонды қорапты қолдану есебінен алды, бұл қазіргі кезге дейін әлі де
танымал болып келеді. 1920-жылдардың аяғында бөтелкелі өнімдерді сату
көлемі елеулі түрде құйылмалыдан асып түскен кезде, тұтынушыға максималды
жақындаған франшизалық кәсіпкерлік иелері бөтелкелерді қайта пайдалану
үшін олардың стуын ұйымдастырып, қосымша экономикалық әсер ала бстады.
Құйылманың дәстүрлі нысаны 1933 жылы Чикагодағы Дүниежүзілік
жәрмеңкеде презентациясы өткен газдалған су автоматын ойлап табумен
байланысты бұрынғы танымалдылығын қалпына келтіре алды және франчайзингті
қолдану үшін жаңа мүмкіндіктер ашты [13].

Іскерлік франчайзингті бизнес-форматты франчайзинг деп атайды. Осы
тәсілде франчайзер лицензияны жеке тұлғаларға немесе басқа компанияларға
франчайзер атымен өнімдер мен қызметтердің жиынтығын сатып алушыларға сату
үшін дүкендерді, дүкеншіктерді немесе дүкендердің бір тобын ашуға құқықты
сатады. Осылайша, бұл қызмет түріне франчайзинг, яғни шағын кәсіпорынды ірі
корпорацияның толық өндірістік-шаруашылық цикліне қосу болып табылады. Бұл
франчайзингтің ең танымал түрі, мұнда жетекші фирма франчайзер атымен
өнімдер мен қызметтерді сату бойынша өзіндік фирмаларды ашу құқығын
компанияларға немесе жеке фирмаларға сатады (мәселен, жалға беру және
тұрмыстық қызмет көрсету, бизнеске және халыққа іскерлік және кәсіби қызмет
көрсету, дүкендер немесе қонақ үйлер тізбегі). Ірі корпорация тарапынан
технологиялық үдеріске, сапаға талаптар қойылады, сонымен қатар,
қызметшілерді үйрету, кәсіпорын құрылысы алаңын таңдау, өзге де қызметтер
қамтамасыз етіледі (сатуды қамтамасыз ету тәсілдері, жедел есептілікті
жүргізу және т.б.). Іскерлік франчайзинг кезінде франчайзи тұрақты
салымдарды төлеп тұруд таап етеді, сондай-ақ франчайзер иелегіндегі
жрнамалық қорға салым төлеуі тиіс. Франчайзер франчайзиге негізгі қорларды
жалға беруі мүмкін, қаржыландыруды ұсынуы мүмкін; ол өздерінің
франчайзилері үшін жеткізуші ретінде де бола алады. Қазіргі таңда
франшизаның бастапқы капитал көлеміне байланысты бизнес-форматты негізгі
қосалқы топтарға бөлуге болады:
- франшиза жұмыс орны – жұмыс істеуші франшиза (Job franchise), мұнда
франчайзер кәсіпкерлер үшін жақсы дайындалған жұмыс орындарын жасайды;
негізгі инвестициялар – лашықты-фургонды сатып алу;
- франшиза-кәсіпкер - өндірістік жабдықтарға, жұмыс үй-жайларын
болуына, қосымша жалдамалы қызметшілерге анағұрлым ірі инвестицияларды
талап ететін коммерциялық франшиза (Business franchise);
- инвестицияның бастапқы сомсын қайтару басты мақсаты болып табылатын
инвестициялық франшиза (Investment franchise) [11].
Екінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі іскерлік франчайзингтің дамуындағы
өсудің бастамасы ең алдымен, оның жаңа жағдайдарға тез бейімделу
қабілеттілігімен шартталған. Соғыстан кейінгі экономикалық жағдайда ол
шағын бизнестің басқа нысандарына қарағанда, ұсақ кәсіпкерлер мен
тұтынушылардың, капитал иелерінің мүдделерін біріктіруге көмектесті.
АҚШ-та сол кезеңдеріндегі мәндердің әлеуметтік-экономикалық факторлары
болды. Халық қоныстануының өсуімен күнделікті сұраныстағы қызметтер мен
тауарларға қажеттіліктер тез ұлғайды, және Америка ұсыныс нарығының
кемшіліктерін қатты сезінді. Өсіп келе жатқан жас отбасылар қалалық
аймақтардан қала шеті айақтарына көше бастады; адамдардың күнделікті өмірде
маңызды орынды автомобиль ала бастады, ал іскерлік франчайзинг шегінде
автоқызмет көрсету орталықтары мен тежеуіштерді, жіберу қораптарын және
т.б. жөндеу және ауыстыру бойынша техникалық қызмет көрсетудің шағын
станциялары белсенді дами бастады.
Осындай франшизалар 1980 ж. көлік нарығындағы бағалар бірден өскенде
тұтынушылар ескі көліктердің пайдаға асу мерзімін ұзартуға және сәйкесінше
оларды дұрыс қадағалауға мәжбүр болған кезде ерекше танымалдылыққа ие
болған. Америка өмірінде көлікті бекітумен байланысты көлікті жалға беру
жүйесіне өзгерістер енгізудің обьективті мүмкіндігі пайда болды. Өз еркімен
бизнесмен болуға бейімделген үлкен компанияларға қарсы шығуда қайтадан
пайда болған ұсақ компаниялар орта шамадағы ағылшындардың сұранысына жауап
бере отырып, бағаларды біраз төмендетті және өздерінің жал станцияларын ірі
әуежолдарынан тұрғылықты және коммерциялық аймақтарға ауыстырған болатын
[15].

6 сурет. АЖБ мысалында бизнес-форматты франчайзинг кезіндегі қатынастар
сызбасы [11]

Ағылшындардың жұмыс іздеуімен байланысты ұзақ мерзімді саяхатқа
үйренісуі іскерлі франчайзинг нарығында тағы да бір жаңалыққа қол жеткізді:
Қонақ үй бизнесі 1950ж. дейін көбінесе сауда агенттері пайдаланған
модельдердің көбісі жоғарғы баға қойылымына қарамастан анағұрлым
қадағаланбай қалған жағдайда болды. Нарықтың обьективті қажеттілігі болып
қонақ үй қызметтерін пайдалануға мәжбүр болған орта шамадағы ағылшындыққа
өз үйіндегі ыңғайына сәйкес келетін қызмет көрсету деңгейін ұсыну болып
талады. Ақысыз көлік қоятын жер және сәбилердің ата-аналарымен ақысыз
тұруын, әрбір бөлмеде телефон мен теледидарды, салқындатылған сусындар
тұратын автоматтарды қосқандағы қызметтердің толық жиынтығын алғашқы болып
Holiday Inn қонақ үйі ұсынды.
АҚШ қоғамының әлеуметтік құрылымындағы өзгерістер орта кластағылардың
қадамдарын бекітумен ғана емес, сонымен қатар әйелдердің еңбек нарығына
белсенді түрде енуімен байланысты болды. Олардың үй шаруашылығындағы
дәстүрлі аясынан шығуы күнделікті тұрмыстық қызметтердің көрсетілуін
маңызды түрде кеңейтілген ауқымда ынталандандырды, сол себептен франчайзинг
жүйесіне тұрмыстық қызмет көрсету ұйымдары қосылды: Кір жуатын орындар,
химиялық тазалаулар, бөлмені тазалау агенттіктері, сонымен қатар бала-
бақшалары. Өмірлік циклдің тездетілген қарқынына байланысты әйлдердің
еңбекпен қамтылуының көбеюі қоғамдық тамақтану дәстүріне де түзетулер
енгізді, сол себептен, алғашқы болып тездетілген қызмет көрсетуді ұсынатын
мейрамханалары (fast food) немесе тамақты өзімен бірге алып кетуге қызмет
көрсететін мейрамханалар (take-out): McDonald's, Kentucky Fried Chicken,
Wendy's және т.б. шықты. Жеке құрылған мейрамханалар қызмет көрсетудің екі
формасын да бірге қолданып жүрді: арнайы жұмыс жасайтын әйелдерге Kentucky
Fried Chicken менюінде бүкіл отбасыға арналған шелекте орналасқан қуырылған
тауық болатын. 1968 ж. бастап халыққа қызмет көрсету үшін McDonald's пайда
болды [16].
Конверсиялық франчайзинг – Зонтты бренд түсінігінде франшиздік жүйеге
бизнестің иесі франшиза өндіруші компаниямен франшизаны алу жайында келісім
шарт жасайтын өз еркімен әрекет етуші кәсіпорын қосылғандағы бизнесті
жүргізу әдісі болып саналады. Конверсиондық франчайзингтің пионерлері
ретінде техникалық станцияларға өздерінің брендтерін пайдалану қызметтерін
1920ж. бастап ұсынған мұнай компаниялары саналады. Конверсиондық
франчайзингтің мысалы ретінде Century 21 Real Estate, штат Нью-Джерсидегі
мүлік бойынша агенттік саналады (www.century21.com, 1972ж. негізін қалаған,
алғашқы франшиза 1972ж. басталды, жалпы 7877 франшизалық орталықтар бар
және жылдық айналым $5129 млн.құрайды).
Конверсиондық франшизаларды алушылар әдетте өздерінің бизнес
салаларында сауда орталықтарын қалай басқару керектігін біледі, себебі
франшизалық жүйеге енуге дейін олар осы негізде бірнеше жылдар бойы
айналысқан болатын. Содан басқа, конверсиондық франшиза сауда орталықтарына
көп жылдық қызметі болғандықтан оның қызметін тиімділігін жақсартатын
артықшылықтар әкеледі
Конверсиондық әдістің шетелге кең түрде енуі 1970ж. заманауи жағдай
талаптарына сай келетін франчайзингтің жаңа келешек формаларын іздеу
нәтижесі болып келді. Конверсия стратегиясын алғаш болып мүліктік
операциялар бойынша Red Carpet Real Estate компаниясы дайындады деп
есептеледі (www.redcarpetrealestate.com, 1966 ж. негізі қаланған, алғашқы
франшиза 1970ж. бастап пайда болды және барлығы 69 франшизалық орталықтарды
құрады), бұл компания франшизалық бизнестің кеңеюін көптеген брокерлік
фималарға және агенттіктерге белсенді әдіс көмегімен франшизалық жүйеге
бірігуді ұсынған болатын. Сенімге ие болудың анағұрлым тиімді құралы болып
франчайзинг келісімшартын жасауға кіріскеннен кейін салаға сату көлемінде
болмаған өсу қарқынына қол жеткізген алғашқы конверсиондық кәсіпорындардың
іске асқан мысалдары саналады. Мұнда маңызды рөлді компания басшысы, Энтони
Инигеспен ұйымдастырылған маркетингісі атқарды [9].
1960ж. басында көптеген агенттіктер үшін жарнаманың жалғыз ғана формасы
аталуы болғанда, Red Carpet Real Estate бірегейлі жарнамалық қоры кең түрде
жарнамалық стендтер мен жарнамалық ақпараттарды почта арқылы жіберуді
пайдаланумен газеттік және тележарнамалықтың сәйкестендіруге мүмкіндік
берді. Жарнама компаниясы арқылы Red Carpet Real Estate тауарлық маркасы
танымал болды және ұлттық масштабта өздерінің франшиза алушыларының
тұрғыларын қатайтты. Компанияның жұмыс істеу мерзімдері бойында жеке
кәсіпорын мен филиалдарды ашу қажеттігі туындамады.
Мүлік бойынша брокерлердің мысалының салдарында сақтандыру маклерлері,
дизайнерлер, сонымен қатар әр түрлі қаржылық қызметтер, олардың ішінде
бухгалтерлік есептілікті жүргізушілер де ілесті. Тауарлық франчайзинг
шегінде аналогиялық сызба бойынша өткізу жүйесінің пайда болуы жүргізілді,
ол бойынша өндірушілер өз өнімдерін көтерме және бөлшек саудагерлердің
ауқымды ортасына сататын болды, селективті жүйеге, яғни франчайзинг келісім
шарты бойынша жұмыс істейтін көтерме кәсіпорындарына арналған саудаға [17].

Конверсиялық франчайзингтің танымалдылығының тұрақты өсуі қадағаланып
отырылады: қазіргі таңда конверсиялық франшизалық кәсіпорындар франшиза
өндіруші компаниялардың 40%-н құрайды. Конверсиялық франчайзингтің
қызықтылығы екі жаққа да бірнеше факторлар ретімен анықталады. Тәуелсіз
кәсіпкер үшін бұл маркетингтің көптеген мәселелерін шешу мүмкіндігі болып
саналады, ең алдымен әзірленген өткізу каналдары және жоғары сапалы
тауарлар мен қызметтерге өтудегі танымал сауда маркаларын пайдалану
есебінде. Осы кезде қаржылық міндеттемелер роялтиді күнделікті өтеу
қажеттігі есебінде өсетін секілді болды. Бірақ, іс жүзінде бюджеттік
шығындық бөлігі жарнамаға және орталықтандырылған жүйе арқылы шикізаттарды
сатып алуға кеткен шығындардың үлестік көлемінің төмендеу есебімен
азайтылады. Франшиза беруші компания бір жағынан, кәсіпкерлік қызметі бар
және нарықтық жағдайды білетін франшиза алушыны таба отырып өзінің
франшизалық желіні байытады, ал екінші жағынан қарағанда, бәсекесінен
құтылады.
Осы үрдістің анағұрлым үокен тәуекелі жеке кәсіпкердің корпоративті
құрылымына тәуелді жағдайына қажеттігіне негізделеді, және мәжбүрленген
менталитеттің конверсиясы әрдайым сәтті болмайтынын ескеру керек. Осыған
қарамастан, тәуекелдің осы стандартсыз факторы франшиза берушіні
ойландырады: ұсақ кәсіпорындардың иелері әдеттеболатын конвенцияларға
барушылардың қатарына қосылады.
Желілік франчайзинг жоғарыда аталып өткен екі түрдің орташасын
білдіреді. Оның қолданылу аясы – қызметтер. Франчайзилерге франчайзердің
тауарлық маркасынан белгілі бір қызмет түрімен айналысу құқығы беріледі.
Франчайзер келісім шарт негізінде франчайзиге берілетін патенттелген
құқықтар ретіне ие болады. Франчайзингтің осы түрі бойынша қазақстандық
нарықта Kodak компаниясы белсенді түрде жұмыс істейді.
Желілік франчайзинг кең ауқымда таралуына ие болды және бизнесті
жүргізудің келешек технологиясы болып табылады. Желілік франчайзингтің
негізгі бағытталуы – тұтынушыларға қызмет көрсетудің жоғарғы деңгейі.
Франчайзер мен франчайзидің бірге жүргізген саясаты арқасында тұтынушыға
кәсіпорындарда белгілі бір уақыт аралығында тауар маркасымен анықталған
қызметтер сапасы мен саны кепілдендірілетіні анық бола бастайды. Бар жайтты
білу тұтынушылардың уақытын үнемдейді. Тұтынушы тауар маркасын пайдаланушы
мен иелік ету құқығын сәйкестендіреді, бұл франчайзингтік жүйенің дамуына
қосымша күш береді [10].

7 сурет. Желілік франчайзинг сызбасы [10]

Халықаралық франчайзингтің жинақталған 150 жылдық тәжірибесі келесіні
көрсетеді:
1. бір жағынан, франчайзинг – жетістікке жеткен фирмалар үшін және
келешекте де жетістікке жетуді көздейтін фирмалар үшін бизнес
дамуының тиімді әдістерінің бірі;
2. екінші жағынан, франчайзинг – бұл ұсақ кәсіпкерге және бизнесмен
болуға ұмтылып жүргендерге, еш уақытта коммерциямен айналыспаған
адамға жеке бизнесті ұйымдастырудың анағұрлым жақсы мүмкіндігі.
Франшиза берушілер үшін франчайзингтің артықшылықтарына жататындар:

1. Франшизалық кәсіпорындар желілерінің дамуы – франшиза берушіге
франшизалық жүйенің иесі ретінде франшиза алушылар жеке франшизалық
кәсіпорындар желісін кеңейтпеуге мүмкіндік береді және жеке табыс капиталын
үнемдеуге , сонымен қатар өздерінің еңбек ресурстарын үнемдеуге мүмкіндік
береді.
2. Әрбір франшизалық кәсіпорынның иесі – франшизалық жүйе шегінде
франшиза алушы мен франшиза берушіні бизнесті жүргізудің оң нәтижелерін
жүргізу қызықтырады, яғни өздерінің сату көлемін максималды түрде көтеру
және шығындарын төмендету.
3. Әрбір бизнесте болатын тәуекел франшиза беруші үшін азайтылып
отырады, себебі оның өзіндік капиталы минималды түрде франшизалық бизнесті
кеңейтуге қатысады.
4. Франшиза беруші ағымдағы басқарушылық мәселелермен жеке
алынған франшиза алушының франшизалық кәсіпорын деңгейінде айналыспайды
және сол себептен франшиза иесінің қызметкерлерімен ешқандай қиындықтарға
ұшырамайды.
5. Басқа біреулердің ресурстарын, қаржылық не басқарушылық секілді
ресурстарды пайдалану мүмкіншілігінің арқасында, франшиза берушінің
франшизалық бизнесі өз мемлекетінде де және халықаралық деңгейде де тез
дамуы мүмкін.
6. Франшиза берушінің ірі ұлттық франшизалық жүйесінің дамуы
үздіксіз түрде жалпы ұлттық экономканың дамуымен байланысты болады, әрбір
кәсіпорын – франшиза алушы тұтынушыны ұлттық масштабта сапалық қызметтермен
қамтамасыз етеді.
7. Франшиза берушіге әрдайым франчайзингтік кәсіпорын көмегімен
аймақтардың жаңа аумақтарына үйренісу.
8. Күнделікті әрекет етуші кәсіпорынның франшиза алушы кәсіпорынға
ауысуы франшиза берушінің франчайзингтік жүйесі шегінде оны аз табысты
кәсіпорыннан пайдалы кәсіпорынға ауысуға мүмкіндік береді.
9. Болашақ франшиза алушыға франшизаны ұсына отырып, франшиза
беруші оның алдын ала келісімінсіз табыс алу мақсатында тауарлық белгіні
пайдалану құқығын ешкім алмайтынына сенімді болуы мүмкін.
10. Франшиза беруші әрдайым өзінің франшизалық бизнес жүргізу
тәжірибесін жинақтау мүмкіншілігіне ие болады.
Франшиза берушіге франчайзингтің кемшіліктеріне жататындар:
1. Франшиза беруші жиынтық табыстан белгілі бір пайызын алу есебі
негізінде франшиза алушы кәсіпорыннан пайданың төмендеуі.
2. Франшиза берушіге жойылған франшиза алушы кәсіпорындарға бақылау
жасаудың қиындығы.
3. Желідегі франшиза алушы кәсіпорындардың есептілігімен болатын белгілі
бір мәселе, сол себептен франшиза беруші барлық франшиза алушылар
аймақтарында өздерінің франшизалық қызметі жайлы нақты есептілікті
көрсететітіне сенімді болмайды.
4. Франшиза алушыға франшизалық бизнестің барлық нысандарын үйрете
отырып, франшиза беруші өзінің жинақталған сәтті тәжірибесін береді,
франшиза алушы франшизалық жүйеден шығады және де нағыз бәсекелес
ретінде танылады.
5. Франшиза берушінің коммерциялық құпиясын сақтаудың белгілі бір
қиындықтары.
Франшиза алушыға франчайзингтің артықшылықтарына жататындар:
1. Франшизаны алу кезінде франшиза алушыға кішігірім франшизалық
кәсіпорынды басқару мүмкіншілігі болады.
2. Франшиза алушы нарықтың белгілі бір сегментінде белгілі бір орынға
ие болған сенімді түрде дайын франшизалық бизнесті сатып алады.
3. Франшизаны сатып ала отырып, франшиза алушы жалпы танылған тауар
белгісі негізінде франшизалық бизнес жүргізу құқығына ие болады.
4. Франшизаны сату кезінде франшиза беруші франшиза алушыға
франшизалық құжаттардың пакетін ұсынады, оларда нақты материалдар,
шикізат, құрылғылар, өткізу жүйесі, бизнесті жүргізу
технологиялары бойынша ережелер түрінде көрсетеді.
5. Франшиза берушінің франшизалық жүйесі шегінде тауар маркасының бар
болуы франшизаның әрбір иесіне осы тауар белгісінің барлық
жарнамалық мөлшерін пайдалануға мүмкіндік береді.
6. Бүкіл әлемдегі франшизалық бизнес кішігірім кәсіпорындардағы
бизнеспен салыстырылуы бойынша анағұрлым сенімді болады:
франшизалық кәсіпорындардағы бизнес жақсы өңделген және франшиза
берушінің франшизалық жүйесінің бөлігі болып табылады; франшиза
беруші қызығушы тұлға ретінде несие мен қаржылық лизинг алу
кезінде кепіл ретінде ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мұнай өндіруші кәсіпорындарының өндірістік
Франчайзинг
Франчайзинг жүйесін әзірлеу кезеңдері
КӘСІПКЕРЛІКТІ ДАМЫТУДА ФРАНЧАЙЗИНГТІҢ ҚАЛЫПТАСУЫ
Франчайзингтің ерекшеліктері
Мұнай сферасындағы маркетинг
Қазақстан Республикасында шағын және орта бизнесті басқару
Франчайзер үшін артықшылықтар
Франчайзингтың теориялық аспектілері
Шетелдегі және Қазақстан Республикасындағы франчайзинг дамуы
Пәндер