Әдістеме ғылымы



І КІРІСПЕ

ІІ НЕГІЗГІ БӨЛІМ

1. Әдістеме ғылымына қысқаша шолу
2. Жеке ғылымдардың әдістері, жалпы ғылыми әдістер және оларға сипаттама
3. Танымның эмпириялық деңгейінің әдістері
4. Танымның жалпы логикалық әдістері
5. Аналогия және модельдеу әдістері
6. Ғылыми танымның әдістері
7. Эмпирикалық әдістер
8. Ғылыми танымның логикасы мен парадигмалары

ІІІ ҚОРЫТЫНДЫ

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
Әдістеме — педагогика ғылымының жеке пәндерден берілетін білім көлемі мен мазмұнын негіздеп, оны оқытудың тиімді әдістерін зерттейтін бір саласы. Тұтасынан алғандағы жас ұрпақты тәрбиелеу мен оқыту процесінің заңдылықтарын дидактика зерттейді.
Ол заңдылықтардың жеке пәндерді оқытудағы көрінісін және әр пәнді оқытудың өзіне ғана тән заңдылықтарын пәндік дидактика қарастырады. Бұлардың әрқайсысына тән өзіндік ерекшеліктеріне байланысты оқыту Әдістемелері бар.
Қазақ халқында балалардың тілін сындыру, сауат ашу, шешен сөйлеуге баулу әдістемелерінің ұлттық дәстүрлері ежелден болған. Алайда ғалымдар ғылымы әдістеме тарихын Ыбырай Алтынсарин еңбектерінен бастап жүр. Оның “Орыс тілін қазақтарға үйретудің бастауыш құралы” деп аталатын еңбегі қазақ топырағында туған тұңғыш әдістемелік еңбек болып табылады. 20 ғасырдың басында Ахмет Байтұрсынов осы дәстүрді тереңдетіп, “Баяншы”, “Тіл жұмсартар” деп аталатын әдістемелік кітаптар жазды.
Осы кезеңнен бастап, қазақ әдістеме ғылымы жан-жақты дамып, сан салалы зерттеулерге ұласты. Жеке пәндерді оқытудың әрбір кезеңдегі (бастауыш кластар, орта мектеп, жоғары оқу орындары т.б.) әдістемелері жасалып, олардың жеке бөлімдері бойынша берілетін білім мен дағдыларды меңгертудің тиімді жолдары зерттеле бастады.
Әдістеме ғылымы тек тәрбие туралы ілім — дилактикаға ғана негізделіп қоймайды. Ол психология, педагогика,физиология т.б. ғылымдардың жетістіктеріне сүйеніп, білім беру жүйесіндегі озат тәжірибелер мен мәселелерді жедел ғылым талдаудан өткізіп отырады.
1. Ә.Нысанбаев, Ғ.Есім, М.Изотов, К.Жүкешев, т.б. Қоғамдық білім
негіздері– Алматы, 2006
2. Қазақ энциклопедиясы
3. Розин В.М. Философия и методология: традиция и современность // Вопросы философии. 1996. № 11
4. Гуссерль Э. Философия как строгая наука. Новочеркасск. 1994
5. Касавнн И. Т. Об эпистемологическом статусе ситуационных
исследований // Смирновские чтения. М., 1999
6. Рузавин Г.И. Роль и место абдукции в научном исследовании // Вопросы философии. 1998. № 1
7. Швырев B.C. Теоретическое и эмпирическое в научном познании. М., 1978.
8. Г. фон Вригт. Логико-философские исследования. М., 1986

Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 11 бет
Таңдаулыға:   
Ж О С П А Р
І КІРІСПЕ

ІІ НЕГІЗГІ БӨЛІМ

1. Әдістеме ғылымына қысқаша шолу
2. Жеке ғылымдардың әдістері, жалпы ғылыми әдістер және оларға сипаттама
3. Танымның эмпириялық деңгейінің әдістері
4. Танымның жалпы логикалық әдістері
5. Аналогия және модельдеу әдістері
6. Ғылыми танымның әдістері
7. Эмпирикалық әдістер
8. Ғылыми танымның логикасы мен парадигмалары

ІІІ ҚОРЫТЫНДЫ

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР

Кіріспе
Әдістеме -- педагогика ғылымының жеке пәндерден берілетін білім көлемі мен мазмұнын негіздеп, оны оқытудың тиімді әдістерін зерттейтін бір саласы. Тұтасынан алғандағы жас ұрпақты тәрбиелеу мен оқыту процесінің заңдылықтарын дидактика зерттейді.
Ол заңдылықтардың жеке пәндерді оқытудағы көрінісін және әр пәнді оқытудың өзіне ғана тән заңдылықтарын пәндік дидактика қарастырады. Бұлардың әрқайсысына тән өзіндік ерекшеліктеріне байланысты оқыту Әдістемелері бар.
Қазақ халқында балалардың тілін сындыру, сауат ашу, шешен сөйлеуге баулу әдістемелерінің ұлттық дәстүрлері ежелден болған. Алайда ғалымдар ғылымы әдістеме тарихын Ыбырай Алтынсарин еңбектерінен бастап жүр. Оның "Орыс тілін қазақтарға үйретудің бастауыш құралы" деп аталатын еңбегі қазақ топырағында туған тұңғыш әдістемелік еңбек болып табылады. 20 ғасырдың басында Ахмет Байтұрсынов осы дәстүрді тереңдетіп, "Баяншы", "Тіл жұмсартар" деп аталатын әдістемелік кітаптар жазды.
Осы кезеңнен бастап, қазақ әдістеме ғылымы жан-жақты дамып, сан салалы зерттеулерге ұласты. Жеке пәндерді оқытудың әрбір кезеңдегі (бастауыш кластар, орта мектеп, жоғары оқу орындары т.б.) әдістемелері жасалып, олардың жеке бөлімдері бойынша берілетін білім мен дағдыларды меңгертудің тиімді жолдары зерттеле бастады.
Әдістеме ғылымы тек тәрбие туралы ілім -- дилактикаға ғана негізделіп қоймайды. Ол психология, педагогика,физиология т.б. ғылымдардың жетістіктеріне сүйеніп, білім беру жүйесіндегі озат тәжірибелер мен мәселелерді жедел ғылым талдаудан өткізіп отырады.

Әдістеме ғылымына қысқаша шолу
Методология (грек. metodos - таным жолы, logos - ілім): белгілі бір ғылымда қолданылатын танымдық әдіс-тәсілдердің жиынтығы;
танымның принципін, формасы мен әдіс-тәсілін құру жөніндегі ілім.
Методология адамның теориялық және тәжірибелік қызметін ұйымдастыру мен түзудің түпкілікті принциптері мен тәсілдерін жүйелі түрде сұрыптап, жан-жақты талдап, олардың қолдану аясын, мүмкіндіктерін, өзара байланысын, шындықтың өз қасиеттері мен заңдылықтарына сәйкестігін анықтап, философиялық-логикалық, танымдық-теориялық] тұрғыдан негіздеп, таным мен қоғамдық тәжірибенің әрі қарай дамуына жол ашады. Философиятарихында методологиялық мәселелер мәдениет дамуының деңгейіне сай шешіліп отырды.
Ертедегі философиялық жүйелерде методологияның негізі салынды. Аристотель ашқан ойлаудың формалары мен заңдылықтары барлық ғылыми зерттеулер мен ғылыми жүйенің құрылысы үшін аса маңызды болды. Жаңа дәуір философиясында жаратылыстану ғылымының қарқынды дамуына байланысты методология теориялық ойлаудың негізіне айналды. Ағылшын философы Ф.Бэкон материяны және оның әр түрлі формаларын материалистік философия принциптері негізінде жан-жақты зерттей отырып, байқау мен экспериментке сүйенетінметодологияның ең негізгі, тиімді әдіс деп есептеді. Р.Декарттың "Әдіс туралы ойлауында" Бэконның эмпиризміне қарсы қойған рационалистік әдісі де белгілі бір филосфиялық принциптердің салдары болды. Бұл дәуірдегіметодологиялық ғылым ретіндегі философия математиканың философиялық құрылысын үлгі ретінде ала отырып, табиғи ғылыми жүйелілікке және дәлдікке ұмтылды. XVII-XVIII ғасырларда дәл ғылымдардың философияға әсерінің ұлғаюы жаратылыстанудың методология ретіндегі механикалық материализмнің кеңінен таралуына септігін тигізді.И.Кант "Таза ақыл" жүйесінің формальды шарттарын ашуға тиіс трансценденталды методология идеясын ұсына отырып, философияны методологияға айналдыруға ұмтылды. Кант одан кейін Г.Гегель қарапайым әдісті кез келген ғылым (механика немесе математика) үшін даму принципі етіп алғысы келмеді.
XX ғасырда ғылым мен техниканың зор жетістіктері, қоғам өміріндегі күрделі өзгерістер, жаһандық мәселелердің туындауы методологияның ілгері дамуына, білімнің ерекше саласы ретінде бөлініп шығуына әкелді. Методологияның 3 деңгейі бар: философилық, жалпы-ғылыми және жеке-ғылыми милософиялық методология - жалпы әмбебап әдіс туралы ілім, таным мен тәжірибенің жалпылама принциптері мен әдіс-тәсілдерінің жүйесі. Жалпы-ғылымиметодология ғылыми танымға ортақ жүйелілік, модельдеу, құрылымдық-функционалдық талдау, ықтималдылық секілді әдістерді зерттейді. Жеке-ғылыми методология жекелеген ғылымдар саласында қолданылатын әдістерді, принциптерді ғыл. танымның деңгейлеріне қатынасында қарастырады. Методологияның деңгейлері бір-бірімен тығыз байланысып, философиялық-методологиялық принциптер мен тұжырымдарды нақтылайды, сондай-ақ терең негізделіп, сұрыпталып, өзінің қолдану аясын, мүмкіндіктерін анықтайды

Жеке ғылымдардың әдістері, жалпы ғылыми әдістер және оларға сипаттама
Ғылыми танымның әдістері жалпы деңгейлеріне, ғылыми зерттелу үдерісіне, қолданылу ауқымының кеңдігіне қарай бірнеше топқа бөлінеді. Сондай-ақ олар: жеке, жалпы ғылыми және жалпылама (философиялық) әдістерге бөлінеді.Жеке әдістер нақты зерттеулердің тар шеңберінде қолданылады және зерттелетін объектілердің сапалық ерекшеліктерімен тығыз байланыста болады. Пәндік бағдарына қарай зерттелу үдерісіне: физикалық, биологиялық,әлеуметтік әдістері қолданылады. Мысалы, химиядағы валенттілікті табу, социологиядағы анкета жүргізу әдістері сияқты. Зерттелетін объекті мен оны зерттеу арасындағы тәуелділікті ескере отырып, зерттеуші объект пен әдістіңсәйкестілігін қадағалау керек. Жалпы ғылыми әдістер ғылыми зерттеулер аясында кең қолданылады. Ғылыми таным эмпириялық және теориялық деңгейлерге бөлінеді. Жалпы ғылыми әдістердің кейбірі тек эмпириялық деңгейде (бақылау, эксперимент, өлшеу), басқалары тек теориялық деңгейде (идеалдау, формалау), тағы бірқатары эмпириялық және теориялық деңгейде (модельдеу) қолданылады.

Танымның эмпириялық деңгейінің әдістері
Эмпириялық танымның бастау алатын әдісі -- бақылау. Ол айналадағы нағыздық объектілері туралы бірқатар алғашқы ақпараттар алуға мүмкіндік береді. Бақылау белсенді танымдық үдеріске жатады және нәрсе мен сыртқы дүние құбылыстарының сезімдік (көбінесе көру) бейнеленуі болып табылады. Бұл әдісті қолданған кезде танушы адам белгілі бір тану мақсатына сүйенеді. Әдетте, ойша әрекет бағдарламасын жоспарлайды және алынған айғақтарға, демек, реалдылық туралы білімдерге сәйкес келетін түсінік береді. Бақылау үдерісінде зерттеушісалыстыру және өлшеу операцияларын қолданады. Зерттеуші объектіні белгілі бір белгісі бойынша салыстырады, сонан кейін оны өлшейді. Өлшеу барысында субъективтілікті мейлінше азайтады. Ал өлшеу кезінде өлшеу құралдарын қолдану зерттеушіні физикалық үдерістерді тіркеудің; сезім органдары сияқты сенімсіз құралдарынан бас тартқызады. Эмпириялық танымның бұдан да күрделі әдісі тәжірибе болып табылады. Тәжірибе деп объектінің өзіне сай қасиеттерін айқындау зерттеушінің оған жасанды жағдайлар жасау жолымен әсер етуін айтамыз. Мұндай жағдайда зерттеуші алдын ала объектінің белгісіз (жасырын) сипаттарын ашу үшін, оның өту жағдайларын өзгерте отырып, табиғи үдеріс барысына енеді.

Танымның жалпы логикалық әдістері
Оған: ''анализ'', ''синтез'', ''индукция'', ''дедукция'' жатады. Анализ дегеніміз -- объектіні бірнеше құрамдас бөліктерге бөліп алып, оларды жеке зерттеу. Ондай бөліктер ретінде объектінің белгілі бір заттық элементтері немесе оның қасиеттері, белгілері, қатынастары алынуы мүмкін. Объектінің өзін ұстау заңдарын айқындау үшін алдын ала оның маңызды және екінші қатардағы белгілерін ажыратып алу керек. Олардың жалпы объект құрылымы мен ұстанымында алатын орнын айқындау керек. Объектіні тұтастық ретінде тану оның құрамдас бөліктерін зерттеумен шектелуге болмайды. Таным үдерісінде олардың арасындағы объективтік мәнді байланыстарды ашу, оларды жинақтап, бірлікте қарастыру қажет. Таным үдерісіндегі осы екінші кезенді жүзеге асыру -- объектінің жеке құрамдас бөліктерін зерттеуден оның біртұтас байланысқан жағдайын зерттеуге көшуге, анализ әдісін өзге әдіспен, яғни синтезбен алмастыруға байланысты. Анализ аяқталған жерде синтез басталады. Синтездеу кезінде объектінің анализ жасау кезінде ажыратылып тасталған құрамдас бөліктері қайтадан біріктіріледі. Бүл жерде синтездеу деп элементтерді біртұтас жүйеге қарапайым механикалық түрде біріктіру деп түсінбеу керек. Шындығында, ол тұтас жүйедегі өр элементтің орны мен рөлін анықтайды, олардың өзара байланыстарын белгілейді. Демек, біздің көз алдымызда зерттелетін объектінің нағыз диалектикалық бірлігін көрсетіп береді. Анализ бен синтез бір-бірінен бөлек операциялар емес, мәніне қарай олар танымның аналитикалық, синтетикалық әдісінің екі жағы болып табылады. Индукция ойдың жалпыдан жалпыға қарай бағытталуын, дедукция кері бағытта, ойдың жалпыдан жалқыға қарай бағытталуын сипаттайды. Біздің ой қорытуымызда индукция жиі көрініс береді. "Барлық адам өледі. Юлий Цезарь -- адам. Демек, Юлий Цезарьдің де өлетіні белгілі". Жалпы жағдайды біле тұра, таным субъектісі оны сол сипаттағы құбылыстардың бәріне ауыстырады. Бұған дейін мұндай объектілер ұзақ индуктивті тану жолынан өткендіктен, сол білімдердің нәтижесінде жеке зерттеу логикалық қорытуға ұласады. Данышпан ғалым-химик Д.И.Менделеев сол кездегі белгілі химиялық өлшемдердің бәрін дерліктей зерттей отырып, элементтердің периодтық заңына алдымен индуктивтік жолмен келді. Элементтердің қасиеттері олардың атомдық салмағына тәуелділігі анықталғанда, ол тазадедуктивтік әдіспен сол кезде әлі ашылмаған, белгісіз элементтердің қасиеттері туралы жорамал айтты. Содан кейінгі ашылған элементтер ол тұжырымдаған заңдылықтардың толығымен дұрыстығын көрсетті. Индуктивтік әдіспен алынған ақиқат үнемі толық бола бермейді, сондықтан ол дедуктивтік әдіспен дәйектелуі керек. Екінші жағынан, дедукция үнемі индуктивтік жолмен алынған нәтижелерді пайдалануы керек.

Аналогия және модельдеу әдістері
'''Аналогия''' деп түрлі объектілер арасындағы, олардың белгілерінің, қасиеттерінің, қатынастарының арасындағы ұқсастықты атаймыз. Объектілер арасындағы ұқсастың пен айырмашылық оларды салыстыру кезінде айқындалады. Демек, аналогия әдісінің негізі салыстырудан тұрады деген сөз. Аналогия әдісі ғылымның көптеген салаларында -- математикада, физикада, химияда, кибернетикада, қоғамдық пәндерде қолданылады. Осылай XVI ғасырда Галилеймаятник тербелісінің заңдылықтарын зерттеу шіркеудегі шамдалдың (люстра) тербелуі мен маятниктің ауытқуы арасындағы аналогиядан басталды. И.Ньютонның бүкіләлемдік тартылыс заңын ашуына да ағаштан алманың түсуі мен аспан денелерінің жерге құлауы арасында аналогия түрткі болғаны белгілі. Дыбыс пен жарықтың берілу, бейнеленуі, сыну құбылыстарының арасындағы аналогия XVII ғасырдағы голланд физигі Гюйгенсті жарықтың толқын сияқты табиғатын айқындауға бастап әкелді. Аналогия бойынша қорытынды шығарудың өр түрлі тұрпаттары бар. Бәріне ортақ нәрсе -- тура зерттеуге алынатын объект басқа болып, ал қорытынды екінші объект туралы жасалады. Сондықтан аналогия бойынша қорытындыны жалпылама мағынада ақпаратты бір объектіден екіншісіне аудару деп қарауға болады. Мұндайда алғашқы зерттелген объект -- модель ақпарат аударылған объект -- түпнұсқа(оригинал) делінеді. Осылайша, модель әрқашан аналогия ретінде көрінеді, өйткені модель мен түпнұсқа бір-біріне ұқсас. Модельдеу әдісінің мәні таным субъектісі таным объектісінің түпнұсқасы туралы оның түпнұсқадан үнемі айырмашылығы бар моделін зерттей отырып, қосымша ақпарат алатындығынан көрінеді. Сондықтан модельдеу аналогия әдісінің бір түрі болып есептеледі. Мұндайда ақпарат кешіру модель мен түпнұсқа ұқсастығының деңгейіне байланысты. Болашақ салынатын ірі құрылыстар мен жасалатын техникалық бұйымдардың қасиеттері мен сипаттамасы алдын ала олардың модельдерінде зерттеледі. Қаржы-экономикалық тұрғыдан ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Шет тілін оқытудың лингвистика ғылымымен байланысы
Әдебиетті оқыту әдістемесі пән ретіндегі мақсаты
Ежелгі дүние тарихын оқытудың негізгі міндеттері
Шет тілін оқу әдістемесінің басқа ғылымдармен байланысы
Қазақ әдебитін оқыту әдістемесінің басқа ғылым салаларымен байланысы
Оқыту әдістерінің жүйесі
Шет тілдерін оқыту әдістемесінің психология ғылымымен байланысы
Бастауыш сыныптарда математиканы оқыту әдістемесінің жалпы мәселелері
Математиканы оқытудың арнайы әдістемесі
Әлеуметтік жұмыс әдістері мен технологиясына талдау
Пәндер