Туризмді ұйымдастырудың экономикалық тетіктері


Пән: Туризм
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 28 бет
Таңдаулыға:   

ӘОЖ 338. 486(043) (574. 5) Қол жазба құқығында

САРСЕНБАЕВА АЙНУРА АБДИКАРИМОВНА

ТУРИЗМДІ ҰЙЫМДАСТЫРУДЫҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ТЕТІКТЕРІ

(Оңтүстік Қазақстан облысының материалдары негізінде)

08. 00. 05 - Экономика және халық шаруашылығын басқару

(салалар мен қызмет сфералары бойынша)

Экономика ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесiн алу үшiн дайындалған диссертацияның

АВТОРЕФЕРАТЫ

Қазақстан Республикасы

Түркiстан, 2010

Диссертациялық жұмыс Қ. А. Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрiк университетiнде орындалды

Ғылыми жетекшiлері: экономика ғылымдарының докторы,

профессор Сатыбалдин А. А.

экономика ғылымдарының кандидаты,

Қалықұлов Қ. М.

Ресми оппоненттері: экономика ғылымдарының докторы, профессор

Сураганова С. Қ.

экономика ғылымдарының кандидаты, доцент

Нұрғалиева А. Ш.

Жетекшi ұйым: М. Х. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік

университеті

Қорғау 2010 жылы 8 шілдеде сағат 11-00 Қ. А. Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрiк университетi жанындағы экономика ғылымдарының докторы ғылыми дәрежесін беру жөніндегі Д 14. 61. 15 диссертациялық Кеңесiнде өтеді. Мекен-жайы: 161200, Оңтүстік Қазақстан облысы, Түркiстан қаласы, университет қалашығы.

Диссертациямен Қ. А. Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрiк университетiнің кiтапханасында танысуға болады.

Автореферат « 7 » маусым 2010 жылы таратылды.

Диссертациялық кеңестiң

Ғалым хатшысы

э. ғ. д., профессор Ж. С. Раимбеков

КІРІСПЕ

Зерттеу жұмысының өзектілігі. Бүгінгі күні Қазақстанда экономиканың табысты саласы ретінде, туризмге көбірек көңіл бөлінуде. Мемлекет тарапынан осы саланы дамыту үшін қажетті деген барлық іс-шаралар жүргізілуде.

Қазақстан Республикасының индустриялық-инновациялық дамуының 2003-2015 жылдарға арналған мемлекеттік Стратегиясы және Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан халқына «Қазақстан экономикалық, әлеуметтік және саяси жедел жаңару жолында» атты 2005 жылғы 18 ақпанындағы Жолдауы туризм саласының белсенді дамуына жаңа серпін берді.

Туризмнің заңнамалық және нормативтік базасы жаңартылуда. 2001 жылы Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасында туристік қызмет туралы» Заңының шығуы бұған дәлел болады.

Бүкіләлемдік туристік ұйымның мәліметтері бойынша 2008 жылы әлемде туристік саяхатқа шыққандардың тіркелген саны 851, 6 млн. адамға жетіп, одан түскен кірістердің көлемі 601 млрд. доллар құраған. Эксперттердің болжамы бойынша, халықаралық туризмнің қарқынды дамуы одан әрі жалғаса бермек. Осы өсу қарқыны жалғаса берсе, 2010 жылдың соңына қарай әлемдегі туристердің саны 937 млн. адамға жетеді.

Қазақстан республикасы Президентінің халыққа жолдауында экономиканың басым секторларын кластерлік дамыту мәселесінде туризм саласы бірінші тұр. Туристік кластерді дамытуда қызмет көрсетушілер, немесе, басқаша айтқанда Қазақстанға шетелдік туристерді тартуда қызмет ететін туристік агенттіктердің орны үлкен. Мейманханалардың, демалыс үйлерінің және көлік кешендерінің қызметтері де туристік бизнестің маңызды буыны болып табылады.

Жек сала ретінде, туризмнің дамуы басқа да ТМД елдерінде сияқты Қазақстанда жақында басталды. Туристік қызметтік жеткіліксіз дамуы, қызмет етіп жатқан туристік фирмалардың біркелкі орналаспауы, осы саладағы пайдаланылмай жатқан реурстардың болуы және бұл мәселелердің қажетті деңгейде зерттелмеуі зерттеу жұмысының өзектілігін арттырып, диссертацияның тақырыбын таңдауға себеп болды.

Тақырыптың зерттелу деңгейі. Тақырыпты зерттеуде отандық ғалымдар мен шет елдік ғалымдардың еңбектерінің әдістемелік көмегі көп болды. Туризм саласын дамыту мәселелерімен ғылыми жұмыстар жүргізген шет елдік - X. Криппендорф, Б. Олин, Ф. Хайек, В. Столпер сияқты ғалымдардың еңбектерінің маңыздылығы өте жоғары.

Туристік қызметтерді ұйымдастыруды жетілдіру бойынша экономикалық мәселелерді шешуде ТМД ғалымдары: Г. Л. Азоев, А. П. Градов, И. Н. Герчикова, Н. Н. Дуданов, Р. А. Фатхутдинов, А. Ю. Юданов, Р. М. Петухов және т. б. ғалымдардың қосқан үлестері зор.

Қазақстаннның қызметтер көрсету нарығының дамуындағы туризм саласының кейбір мәселелері қазақстандық ғалымдар: А. А Алимбаев, Р. А. Алшанов, С. Б. Ахметжанова, У. Б. Баймуратова, А. Есентүгелова, Б. Мырзалиев Ә. Ә. Сатыбалдин, С. Д. Тәжібаев, С. Қ. Сураганова, Б. Н. Исабеков және т. б. ғалымдардың еңбектерінде зерттелген.

Сонымен қатар, осы тақырып төңірегіндегі көптеген мәселелер аз зерттелген және ғылыми талданбаған. Туристік қызметтер төңірегінде бәсекелік мүмкіншіліктерді бағалаудың теориялық тұстары аз зерттелген. Қызметтер нарығындағы туристік фирмалардың тұрақтылығын дұрыс бағалау үшін, бәсекелік мүмкіншілігін анықтай алатын бағалау әдістемесі әлі күнге жоқ. Сол себепті, туризм саласының дамуындағы шешуін таппаған көкейкесті мәселелер әрі қарай зерттеуді қажет етеді.

Зерттеу жұмысының теориялық және әдістемелік негіздері. Зерттеу барысындағы қарастырылып отырған мәселелер төңірегіндегі шетелдік және отандық экономистердің еңбектері жұмыстың теориялық және әдістемелік негіздері болып табылады. Зерттеу материалдарын өңдеуде логикалық, жүйелік, статистикалық және салыстырмалы талдау әдістері пайдаланылды.

Зерттеу жұмысының нормативтік-құқықтық негіздері. Туристік қызметтерді реттеуші заңдар мен нормативтік-құқықтық актілер, мемлекеттік бағдарламалар мен басқа да Президенттің, Қазақстан республикасы Үкіметінің ресми құжаттары диссертациялық жұмыстың нормативтік-құқықтық негізі болып табылады.

Диссертациялық жұмыстың ақпараттық негізі ретінде Бүкіләлемдік Туристік Ұйымның, Қазақстан Республикасы туризм және спорт Агенттігінің, Қазақстан Республикасы статистика Агенттігінің мәліметтері пайдаланылды.

Зерттеу жұмысының мақсаты мен міндеттері. Диссертациялық зерттеу жұмысының мақсаты - туризм саласының ұйымдастырылуын жақсартудың экономикалық жақтарын зерттей отырып, осы саланың қазіргі даму барысына талдау жүргізу және көрсетілген туристік қызметтердің сапалылығын жетілдіруде әдістемелік нұсқаулар дайындап, нақты тәжірибелік ұсыныстар беру.

Қойылған мақсатқа жету үшін диссертациялық жұмыста мынадай міндеттер қойылды:

  • туризм саласын ұйымдастыру мен дамытудың шетелдік тәжірибесіне шолу жасай отырып, олардың озық үлгілерін отандық туризмді дамытуда қолдану мүмкіндіктерін анықтау;

- туризм саласының қазіргі жағдайына республика және аймақ деңгейінде талдау жасап, негізгі даму серпінін анықтау;

  • туризм саласын ұйымдастыру мен дамытудағы экономикалық, ресурстық, қаржылық және әлеуметтік әлеуеттердің пайдаланылу мүмкіншіліктерін бағалау;

- туристік фирмалардың қызметтерін басқару бойынша нарық тетіктерін енгізудегі ұсыныстарды негіздеу;

  • туристік фирмалардағы көрсетілетін қызметтердің сапасы үшін жауапкершіліктерін күшейтетін экономикалық тетіктер негізіндегі шараларды жетілдіру;
  • туристік қызметтерді жетілдіру мен олардың тәжірибелік нәтижелерін бағалауда кластер құрудың тиімділігін ғылыми негіздеу;
  • туризм саласының даму тиімділігін қамтамасыз ету бойынша ұсыныстар жасауда экономикалық-математикалық үлгілерін ұсыну.

Диссертациялық зерттеу нысанына барлық туристік саланың негізгі буыны ретінде Қазақстан Республикасының туризм және спорт Министрлігінің туристік фирмалары алынды.

Диссертациялық зерттеудің пәні болып туризм саласы мен оның алғашқы буындарындағы ұйымдық-экономикалық мәселелер таңдалды.

Зерттеу жұмысының ғылыми жаңалығы мынада:

  • ғылыми зерттеулер жүргізу негізінде туризм саласының өзіндік ерекшеліктерін анықтай келе, дамыған елдердегі туризмді ұйымдастыру мен дамыту тәжірибесін ескере отырып, осы саланың ұлттық шаруашылық жүйесіндегі мәні тиянақталды;
  • туризм саласын тиімді ұйымдастыру мен дамыту бағыттарын анықтау мақсатында табиғи және экономикалық әлеуеттердің пайдаланылу жағдайына баға берілді;
  • көрсетіліп отырған бар туристік қызметтер түрлерін сақтай отырып, ішкі туризмді дамыту қажеттіктері айқындалды;
  • туризм саласының негізгі буыны - туристік қызмет көрсетуші субъектілерінің бәсекелестік мүмкіншіліктерін арттыратын экономикалық және ұйымдастыру тетіктері жасалынды;
  • туризм саласын дамытуда кластер құрудың қажеттілігі, және соның нәтижесінде, туристік қызметтердің сапасының артатындығы және осы саланың табыстылығын көтеруге мүмкіндіктер болатындығы ғылыми негізделді;
  • туризм саласын тиімді ұйымдастыру мен дамытуда қажетті ресурстарды ұтымды пайдалану мақсатында саланың дамуының экономикалық-математикалық үлгілері ұсынылды.

Диссертациялық жұмыстың ғылыми және тәжірибелік мәні. Ғылыми зерттеудің негізгі жағдайларын жүзеге асыру - туристік қызметтің ұйымдастырушылық- экономикалық тетігін қалыптастырудың стратегиялық бағыттарын анықтауға, және осы қызметті құқықтық және әкімшілік реттеудің әдістері мен құралдарын жетілдіруге мүмкіндік береді.

Орындалған зерттеудің нәтижелері туристік қызметтерді экономикалық реттеудің кешенді іс-шараларын жасауға мүмкіндік береді.

Қазіргі кезеңде туристік қызмет бөлімдеріне ресурстарды ұтымды бөлу өзекті мәселе болып отыр. Ғылыми зерттеу жұмысында аталған мәселелерді шешу үшін ғылыми есептеулер көмегімен ресурстардың нақты бөлінуінің ұтымды бөлінуіне барынша жақындатылған мүмкіншіліктеріне жетуге болатындығы дәлелденді.

Ұсынылған ұсыныстар мен туристік қызмет көрсетудің экономикалық тетігін құрудың ғылыми-әдістемелік қадамдарын мемлекеттік мекемелер, сонымен қатар туристік кәсіпорындар қолдана алады.

Жұмыстың қорғалуға шығатын негізгі тұстары.

  • туризм саласының ұлттық шаруашылық жүйесіндегі мәнінің ғылыми тұжырымдамасы;
  • туризмді аймақтық деңгейде ұйымдастырудың экономикалық тетіктерін қалыптастырудың әдіснамалық негіздері;
  • туризм саласын дамытуда кластер құру қажеттілігінің және туризм кластерінің саланы жандандырудағы мүмкіншіліктерінің ғылыми негіздемесі;
  • туризм саласына қажетті ресурстарды тиімді пайдалану мақсатында саланың дамуының экономикалық-математикалық үлгілері мен нәтижелері.

Диссертацияның ғылыми-зерттеу жұмыстарымен байланысы.

Диссертациялық жұмыс Қ. А. Ясауи атындағы Халықаралық Қазақ-Түрік университетінің «Жаhандандыру кезеңіндегі Қазақстан экономикасын тұрақтандыру факторлары» тақырыбындағы ғылыми-зерттеу жұмысы Ф 0303 №0103РК00454 және Оңтүстік Қазақстан облысы туризм және спорт Департаментінің «Туризмді дамыту» бағдарламасы шеңберінде орындалды.

Зерттеу нәтижелерінің қолданылуы мен сынақтан өткізілуі (апробациясы) . Диссертациялық жұмыстың негізгі қорытындылары халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияларда: «Оқытушылардың бәсекеге қабілеттілігін жетілдіру жолдары» (Шымкент, ОҚПУ, 2008 ж. ), «М. Әуезов және қазақтанудың өзекті мәселелері» (Шымкент, ОҚМУ, 2008 ж. ), «Аймақтық экономиканы индустриалды-инновациялық дамыту мәселелері» (Шымкент, ХҚТУ, 2009 ж. ) баяндалған. Сонымен қатар, республикалық «Ізденіс», «Қазақстан жоғары мектебі», «Қазақстанның ғылыми әлемі» журналдарында және бірқатар жоғарғы оқу орындарының хабаршысында басылып шықты.

Зерттеу жұмысындағы негізгі қорытындылар Оңтүстік Қазақстан облысының туризм және спорт Департаментінде баяндалып, жұмыстың нәтижелері өндірісте қолданылды.

Жарияланған жұмыстар. Диссертация жұмысының негізгі нәтижелері көлемі 9, 31 баспа табақ болатын 9 ғылыми еңбектерде көрініс алды.

Диссертацияның құрылымы мен көлемі. Диссертациялық жұмыс компьютерде теріліп, 118 бетте (оның ішінде 17 кесте, 13 сурет) баяндалған. Құрылымы жағынан диссертациялық жұмыс кіріспеден, үш тараудан, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен және тіркемеден тұрады.

Жұмыстың негізгі мазмұны

Бірінші “Туристік қызметті ұйымдастырудың теориялық-әдістемелік негіздері” тарауында халық шаруашылығындағы туризмнің орны мен ролі анықталып, әлеуметтік-экономикалық дамудағы туристік қызметті ұйымдастыру жүйесінің ерекшеліктерін сипаттайтын көрсеткіштер және осы қызмет түрін реттеудің әдістемелік негіздері зерттелді.

Туризм көптеген дамыған және дамушы елдер үшін валюталық түсімдерінің кайнар көзі болып табылады. Қазіргі кезде Қазақстан үшін де

бұл экономика секторы маңызды мәселе болып отыр. Қазақстан Республикасында көптеген туризм түрлерін және туристік қызметтің формаларын дамыту үшін ресурстары мен мүмкіншіліктері жетерлік.

Қазақстан республикасында туристік индустрияның дамуы халықтың әл-ахуалының деңгейінің артуының нәтижесі болып табылады және қоғам өміріне өз ықпалын тигізеді (сурет 1) .

Сурет 1 - Туризмнің экономикадағы ролі

Ескерту: Зерттеу мәліметтері негізінде автор құрастырған.

Туристік қызметтердің ұйымдастырылуы мен оларды жетілдірудің ұтымды жолдарын қарастыруда, іздену жұмысымызды туризм нарығындағы кәсіпкерлік субъектілердің туристік қызметтер көрсетуге деген казіргі қатынастарынан бастадық.

Өкінішке орай, Қазақстан және дамыған еуропа нарығында да туризмде көрсетілген қызметтің сапасына көп көңіл бөлінбейді. Туризм саласында кәсіпкерлер өз тәжірибелеріне және жұмыс өтіліне сүйене отырып, іс әрекет жасайды.

Көптеген туристік кәсіпорындар осы саладағы түбегейлі ғылыми зерттеулерсіз және сапалы іс-шараларсыз пайдаларын жоғарылатуға мүмкіндіктері болмай, клиенттері мен қызмет өндірісінің көлемін кеңейте алмады.

Туризм саласындағы жоғары деңгейдегі сұраныстың пайда болуы осы саладағы ғылыми зерттеулер мен басқа да іс-шараларды жоспарлауға көп көңіл бөлу керектігін негіздеді.

Туризм индустриясы көптеген шағын және орта кәсіпорындармен сипатталады. Олардың қазіргі кезде кажетті зерттеу құралдары, «ноу-хау», немесе тәжірибелі жұмыстарды атқаруға жұмысшыларды жалдайтын қаражаты жоқ. Олар тек қана жарнама жүргізуді, өткізуді және нарықты зерттеу мен өнімді жетілдіру әрекеттерін жасайды. Бұл қызмет көрсетудің көптеген салаларында колданылады. Бәсекенің күшеюі және клиенттердің талаптарының көбеюі туристік ұйымдардың көпшілігі үшін маркетингті қолдануына алып келеді, яғни бәсекелік күресте жетістікті қамтамасыз ету және сыртқы орта өзгерістеріне бейімделуі үшін стратегиялык маркетингтік жоспар құрады.

Туризм саласының дамуы мен туристік қызметтерді зерттеуші экономист-ғалымдардың пікірлерін жалпылай келе, біздің көзқарасымыз бойынша: «Туризмді дұрыс ұйымдастыру - нарықтағы кәсіпорынның мінез-құлқының тұжырымдамасы, стратегиясы және тактикасы. Туризмді дұрыс ұйымдастырудың мақсаты - сатып алушылардың қажеттіліктерін қанағаттандыру және осының негізінде оның өсуі мен мол пайда табу мақсатына жетуін көздейді» - деп тұжырымдауға болады.

Зерттеу жұмысымызда туризмді ұйымдастырудағы шет елдік тәжірибеге талдау жасай отырып, ұйымдастырудың екі үлгісін бөліп қарастырдық. Яғни, туризмді ұйымдастырудың еуропалық және азиялық үлгілері.

Туризмді ұйымдастырудың еуропалық үлгісі әлемге әйгілі курорттарымен танымал Италия, Испания және Франция елдерінде қолданылады. Бұл елдердегі туризмді дамыту мәселелері көп салалы министрлік деңгейінде шешіледі. Туристік саламен айналысатын министрліктің бөлімі мемлекеттік реттеу бойынша мынадай іс-шаралар жүргізеді: нормативтік-құқықтық негізін дайындайды, осы саладағы халықаралық ынтымақтастықты дамыту мәселелерімен айналысады, статистикалық мәліметтерді өңдейді, аймақтардың осы бағыттағы қызметтерін реттейді, осы салаға қатысты көрмелер ұйымдастырады және шет елдердегі туристік өкілдіктерді басқарады.

Дамыған еуропалық елдердегі мемлекеттік туристік әкімшілік жергілікті басқару орындарымен және жеке бизнеспен бірлесе отырып тірлік жасайды. Ал, бұл өз кезегінде туризмді дамытудағы мемлекеттік бағдарламалардың міндеттерін шешуде жеке қаржылық ресурстарды тартуға мүмкіндік береді. Бұл саясаттың нәтижесі ретінде туристік қызметтерді реттеудегі аралас (мемлекеттік-жеке) меншікті институттарды алуға болады.

Туризмді басқарудың мұндай жүйесінің арқасында, аталған елдер жоғары индустриялы туризмі бар әлемдік туристік орталықтарға айналып отыр. Бұл елдердегі туризмнен келетін кірістер бюджеттің маңызды баптарына кіреді.

Туризм дамуының бастапқы кезеңінде мемлекеттік басқару органдарының маңызы үлкен. Оның себебі, алғашқы кезеңде туристік саланың инфрақұрылымын жасау үшін қуатты қаржылық салымдар қажет болады. Мұндай қаржылық көмекті тек мемлекет бере алады. Мемлекетке кірістер әкеле бастайтын жоғары дамыған және бәсекелестік мүмкіншілігі үлкен туризм саласы қалыптасқаннан кейін, мемлекеттік органдар негізінен туризм дамуын реттеуші қызметіне ауысады.

Туристік индустрияны ұйымдастырудың азиялық үлгісі Түркия, Египет, Тунис, Марокко және Қытай елдерінде таралған (кесте 1) . Бұл үлгідегі елдерде туристік саланы ұйымдастыру мен басқару беделді әрі күшті министрлікке жүктелген. Бұл елдерде туризм экономиканың басым бағыттарының бірі болып саналады. Мемлекеттің көмегінің нәтижесінде аталған елдерде туризм мен курорттар жоғары ырғақпен дамуда.

Кесте 1 - Туризм саласын ұйымдастыру үлгілері

Туризмді ұйымдастырудың үлгілері
Ұйымдастыру үлгілері таралған елдер
Реттелу ерекшеліктері
Қаржылану жағдайы
Туризмді ұйымдастырудың үлгілері: Еуропалық
Ұйымдастыру үлгілері таралған елдер: Италия, Испания, Франция және т. б.
Реттелу ерекшеліктері: Мемлекеттік рет-теу институттары, жеке реттеу инс-титуттары
Қаржылану жағдайы: Мемлекеттік қар-жылар, жеке қар-жылар
Туризмді ұйымдастырудың үлгілері: Азиялық
Ұйымдастыру үлгілері таралған елдер: Түркия, Египет, Тунис, Марокко, Қытай және т. б.
Реттелу ерекшеліктері: Басым түрде мем-лекеттік реттеу институттары
Қаржылану жағдайы: Мемлекеттік қар-жылар, жеке қар-жылар
Туризмді ұйымдастырудың үлгілері: Қазақстандық
Ұйымдастыру үлгілері таралған елдер: Қазақстан Республикасы
Реттелу ерекшеліктері: Басым түрде мем-лекеттік реттеу институттары
Қаржылану жағдайы: Мемлекеттік қар-жылар, жеке қар-жылар
Туризмді ұйымдастырудың үлгілері: Ескерту: Зерттеу мәліметтері негізінде автор құрастырған

Қазіргі жағдайда Қазақстан үшін әлемдік туристік қауымдастықта өз орнын табудың мүмкіндігі туып отыр. Бұл мақсатқа жету үшін мемлекет осы саланы ұйымдастыру мен басқаруды өз деңгейінде жүргізуі керек. Қазақстан өзінің туристік өнімімен халықаралық нарыққа шыққанына көп уақыт болған жоқ. Сол себептен, қазақстандық туристік өнім өзінің өмір сүру шеңберіндегі енгізу кезеңінде тұр. Бұл кезеңде туристік қызметтердің сапасын көтеруге қажетті табиғи және экономикалық әлеуеттердің деңгейін көтеру керек.

Айтылған мәселелерді қорыта келе, туристік қызметтерді ұйымдастыру мен реттеу жағдайларын, туризмнің экономикалық дамудағы құндылығын, кемшіліктерін және мүмкіндіктерін бағалаудың шетелдік тәжірибесін кешенді шолу, отандық туризмді дамытудың талдамалық негіздерін жасауға мүмкіндік беретіндігін атап өтуге болады.

Екінші “Қазақстан Республикасында туризм саласының қазіргі жағдайы мен дамуын талдау” тарауында туризм саласының қазіргі жағдайына талдау жасалынып, оны дамытудағы негізгі бағыттарға сипаттама берілді. Туристік қызметтердің ұйымдастырылу барысына талдау жасалынды. Көрсетілген қызметтердің сапалылығы мен оларды жетілдірудің негізгі бағыттарына сараптама берілді.

Сапалы туристік қызметтерді ұйымдастыру мен туризм саласын реттеу мақсатында мемлекет деңгейінде атқарылып жатқан іс-шаралар 2007-2011 жылдарға арналған туризм саласын дамыту бағдарламасында қарастырылған. Қазақстанда 2008 жылдың өзінде сыртқы туризм 2 есеге өссе, ішкі туризм 2005 жылмен салыстырғанда 19 пайызға артып, жалпы түсімі 6, 5 млрд теңгеге жеткен.

Негізгі туристік ресурстар бойынша да оң өзгерістерді байқауға болады. Олардың көлемі 2005 жылмен салыстырғанда 11 пайызға артқан (кесте 2) .

Туризмді реттеу бағытында да біраз іс-шаралар жүзеге асырылды. Мысалы, 2001 жылдың 13 маусымында № 211-11 Қазақстан Республикасының «Қазақстан республикасындағы туристік қызмет туралы» Заңы шықты.

Кесте 2 - Қазақстандағы туристік индустрияның негізгі көрсеткіштері

Негізгі көрсеткіштер
2005ж
2006ж
2007ж
2008ж
2005-2008 жж. салыстыру, %
Негізгі көрсеткіштер: Қызмет көрсетілген келер-мендер саны, мың адам
2005ж: 10649, 0
2006ж: 11889, 6
2007ж: 13787, 6
2008ж: 14101, 7
2005-2008 жж. салыстыру, %: 129
Негізгі көрсеткіштер: Келу туризмі, мың адам
2005ж: 4365, 0
2006ж: 4706, 7
2007ж: 5310, 6
2008ж: 5441, 3
2005-2008 жж. салыстыру, %: 121
Негізгі көрсеткіштер: Шығу туризмі, мың адам
2005ж: 3004, 0
2006ж: 3687, 9
2007ж: 4544, 4
2008ж: 4598, 5
2005-2008 жж. салыстыру, %: 151
Негізгі көрсеткіштер: Ішкі туризм, мың адам
2005ж: 3280, 0
2006ж: 3495, 0
2007ж: 3932, 6
2008ж: 3981, 1
2005-2008 жж. салыстыру, %: 119
Негізгі көрсеткіштер: Туристік фирмалар саны, бірлік
2005ж: 846
2006ж: 921
2007ж: 1007
2008ж: 1163
2005-2008 жж. салыстыру, %: 137
Негізгі көрсеткіштер: Туристік қызметпен шұ-ғылданатын жеке кәсіпкер-лер саны, бірлік
2005ж: 30
2006ж: 41
2007ж: 51
2008ж: 58
2005-2008 жж. салыстыру, %: 170
Негізгі көрсеткіштер:

Негізгі туристік ресурстар, барлығы:

оның ішінде:

2005ж: 6656
2006ж: 7109
2007ж: 7405
2008ж: 7463
2005-2008 жж. салыстыру, %: 111
Негізгі көрсеткіштер: Мұражайлар, бірлік
2005ж: 187
2006ж: 185
2007ж: 195
2008ж: 195
2005-2008 жж. салыстыру, %: 104
Негізгі көрсеткіштер: Театрлар, бірлік
2005ж: 51
2006ж: 53
2007ж: 55
2008ж: 56
2005-2008 жж. салыстыру, %: 107
Негізгі көрсеткіштер: Концерттік ұйымдар, бірлік
2005ж: 66
2006ж: 61
2007ж: 67
2008ж: 69
2005-2008 жж. салыстыру, %: 101
Негізгі көрсеткіштер: Цирктер, бірлік
2005ж: 3
2006ж: 4
2007ж: 4
2008ж: 4
2005-2008 жж. салыстыру, %: 133
Негізгі көрсеткіштер: Клуб үлгісіндегі мекемелер, бірлік
2005ж: 2409
2006ж: 2600
2007ж: 2824
2008ж: 2839
2005-2008 жж. салыстыру, %: 117
Негізгі көрсеткіштер: Кітапханалар, бірлік
2005ж: 3664
2006ж: 3848
2007ж: 3935
2008ж: 4067
2005-2008 жж. салыстыру, %: 107
Негізгі көрсеткіштер: Киноқойылымды жүзеге асыратын ұйымдар, бірлік
2005ж: 120
2006ж: 194
2007ж: 149
2008ж: 154
2005-2008 жж. салыстыру, %: 124
Негізгі көрсеткіштер: Луна-саябақтар мен дема-лыс саябақтары, бірлік
2005ж: 50
2006ж: 53
2007ж: 63
2008ж: 66
2005-2008 жж. салыстыру, %: 126
Негізгі көрсеткіштер: Хайуанаттар саябақтары, бірлік
2005ж: 4
2006ж: 4
2007ж: 4
2008ж: 4
2005-2008 жж. салыстыру, %: 100
Негізгі көрсеткіштер: Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар, бірлік
2005ж: 102
2006ж: 107
2007ж: 109
2008ж: 109
2005-2008 жж. салыстыру, %: 106
Негізгі көрсеткіштер: Ескерту: ҚР статистикалық мәліметтері негізінде автор құрастырған

Бұл Заңға қазіргі уақытқа дейін біраз өзгертулер мен толықтырулар енгізілді (кесте 3) .

Қазақстанда әзірге дейін туризмнің толық жүйесі жоқ. Сондықтан да, туристерді барлық керекті жабдықтармен, жарнамамен, сауда қызметімен, көлікпен, қонақ үйлерге орналастырумен, тамақтандырумен қамтамасыз етумен байланысты сұрақтар өз шешімін таппай отыр.

Туризмнің дамуының жеткіліксіздігінің тағы бір себебі - туризмді дамытуға қажетті факторлардың ғылыми негіздемелерінің жоқтығы. Біліктілігі жоғары мамандарсыз туризм саласын дамыту мүмкін емес.

Кесте 3 - Қазақстан Республикасының «Қазақстан республикасындағы туристік қызмет туралы» Заңына енгізілген өзгертулер мен толықтырулар

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Туризм - экономиканы дамытудағы басты жол
ТУРИЗМ БАЗАСЫ РЕТІНДЕ ҚОРШАҒАН ОРТАНЫҢ МАҢЫЗДЫЛЫҒЫ
Туристік қызметке сұраныс
Негізгі бағыттарда туризм инфрақұрылым дамыту
Туристік саланы дамыту перспективалары
ҚОНАҚЖАЙЛЫҚ ИНДУСТРИЯСЫНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ ТЕТІКТЕРІ
Туристік кластердің дамуын қолдау
Туристік қонақ үйлер
Халықаралық туризм аймақтық дамытудың факторы ретінде
Түркістан аймағында туризмнің жағдайын талдау, сонымен қатар дамыту жолдарыының іс-шаралары мен алға басу сипатын анықтау
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz