Еркін экономикалық аймақтардың теориялық аспектісі
ЖОСПАР
Кіріспе.
І Еркін экономикалық аймақтардың теориялық аспектісі
1.1. Еркін экономикалық аймақтар құрылымы
1.2 Еркін экономикалық аймақтар және олардың құрудың себептері.
ІІ Әртүрлі елдегі еркін экономикалық аймақтар қызметінің
ерекшелігі
2.1 Әр түрлі елдердердегі еркін экономикалық аймақтар қызметінің
ерекшелігі
2.2 Еркін аймақтардың дамуының қазіргі жағдайы.
2.3 Еркін экономикалық аймақтардың мәселесі
Қорытынды.
Пайдалынған әдебиеттер тізімі

КІРІСПЕ
Нарықтық қатынастар аясының кеңеюі, экономика жүйесіндегі соңғы уақытта жүргізіліп жатқан өзгерістер аймақтардың әлеуметтік-экономикалық жүйедегі орны мен рөліне айтарлықтай ықпалын тигізді. Осыған орай еркін аймақ экономика, дамуын мемлекет тарапынан реттеу мәлелері өзекті бола түсері сөзсіз.
Республикамыздың әрбір еркін аймағы еліміздің шаруашылық кешенінде белгілі бір орынды ала отырып, осыған қоса басқа аймақтармен бүтіндей экономикалық бірлікті құрайды. Сондай-ақ эр аймақтың өзіндік табти ресурстары, оларды орналастырудағы ерекшеліктері, экономикалық даму деңгейі, өзіндік шаруашылық құрылымы бар. Соған байланысты аймақтың саясат қалыптастырылып, жүзеге асырылады. Аймақтың саясатты жүзеге асыруда мемлекеттік басқару мәселесі ерекше маңызға ие болары ақиқат. Бүкіл әлемде мемлекеттік басқару тиімділігін көтеру міндеті үлкен мәнге ие болуда. Бірақ барлық мемлекеттер қолдану үшін оңтайлы болып табылатын әмбебап үлгі жоқ, әрбір мемлекет тарихи дамуының белгілі бір кезеңінде өзінің ұлттық ерекшеліктеріне сай келетін ыңғайлы үлгіні жасақтауы тиіс. Мұның барлығы да өз еліміздің және шет мемлекеттердің даму тәжірибелерін тереңірек талдау, ой елегінен өткізу міндеттерін жүктейді
Қазіргі кезеңде негізгі шаруашиылық қызметтің еркін аймақтарда жүзеге асырылатындығын ескерсек, оларға әлеуметтік-экономикалық мәселелерді өздігінен шешуге лайықты қаржылық дербестіктің берілуі маңызды болып табылады. Осымен байланысты бүгінгі таңда мемлекеттік басқару деңгейлері арасындағы өкілеттіліктерді ажырату, бюджетаралық қатынастарды реттеу мәселелері еліміз аймақтарының экономикалық өсуіне мүмкіндік беретін негізгі шарттар ретінде қарастырылуда.
Дегенмен, еркін экономикалық аймақтарға берілетін жеңілдіктер елге шетел капиталын келтіруді ынталандырудың ең күшті құралы емес. Бұл мәселеде елдегі саяси тұрақтылықтың, инвестицияларға мемлекеттік кепілдік берудің, инфрақұрылымдар сапасының, жұмысшы күшінің мамандық дәрежесінің маңызы өте зор.

Пайдаланылған әдебиеттер
1.Конституция Республики Казахстан. 31 августа 1995 г.
2.Закон Республики Казахстан «О бюджетной системе Республики Казахстан» от 17.12.1991 года № 1010-ХІІ и во внесении изменений в данный Закон в Указе Президента Республики Казахстан «О внесении изменений и дополнений в некоторые Законы Республики Казахстан и Указы Президента Республики Казахстан, имеющие силу Закона» от 06.01.1994 года № 2824.
3.Алпысбаева С.Н. Региональный рынок: закономерности формиро-
вания и развития. - Алматы, Ғылым, 1997.
4.Шнипер П.И., Новоселов А.С. Региональные проблемы рынковеде-
ния: экономический аспект. - Новосибирск, Наука, 1993.
5.Ермеков С.А., Махов А. Выбор типа эмпирических уравнений. - Караганда, 1984.
6.Курс экономической теории. Учебное пособие. / под редакцией
Чепурина М.Н. и Киселевой Е.А. - Киров, 1996.
7.Финансы. Учебник. /под редакцией Радионовой В.М. - М., 1995.
8.Худяков А. Финансовое право Республики Казахстан (Общая
часть). -Алматы, 1995.
9.Мельников В.Д., Ильясов К.К. Финансы. Учебник. - Алматы, 1997.
10.Государственной бюджет. Учебник. // Ильясов К.К. и другие -
Алматы, 1994.
11Зейнельгабдин А.Б. Финансовая система: экономическое содержа-
ние и механизм использования. - Алматы, 1995.
12.Смағұлов.Г.С. Аймақтық экономиканы басқару.-Алматы,2005.
13.Байгісиев.М.Ә.Халықаралық экономикалық қатынастары.-Алматы,2001.
14.Маыров.Н.К.Халықаралық экономика.-Алматы,2004.
Мерзімді басылымдар тізімі
15.Вустер Д. Реформа межбюджетных отношений в Казахстане // Аль-
Фараби. -2000. №1.
16.Экономическое регулирование продовольственного
обеспечения в регионе // Экономика сельскохозяйственных и пере-
рабатывающих предприятий. - 1999, №11
1.Конституция Республики Казахстан. 31 августа 1995 г.
2.Закон Республики Казахстан «О бюджетной системе Республики Казахстан» от 17.12.1991 года № 1010-ХІІ и во внесении изменений в данный Закон в Указе Президента Республики Казахстан «О внесении изменений и дополнений в некоторые Законы Республики Казахстан и Указы Президента Республики Казахстан, имеющие силу Закона» от 06.01.1994 года № 2824.
3.Алпысбаева С.Н. Региональный рынок: закономерности формиро-
вания и развития. - Алматы, Ғылым, 1997.
4.Шнипер П.И., Новоселов А.С. Региональные проблемы рынковеде-
ния: экономический аспект. - Новосибирск, Наука, 1993.
5.Ермеков С.А., Махов А. Выбор типа эмпирических уравнений. - Караганда, 1984.
6.Курс экономической теории. Учебное пособие. / под редакцией
Чепурина М.Н. и Киселевой Е.А. - Киров, 1996.
7.Финансы. Учебник. /под редакцией Радионовой В.М. - М., 1995.
8.Худяков А. Финансовое право Республики Казахстан (Общая
часть). -Алматы, 1995.
9.Мельников В.Д., Ильясов К.К. Финансы. Учебник. - Алматы, 1997.
10.Государственной бюджет. Учебник. // Ильясов К.К. и другие -
Алматы, 1994.
11Зейнельгабдин А.Б. Финансовая система: экономическое содержа-
ние и механизм использования. - Алматы, 1995.
12.Смағұлов.Г.С. Аймақтық экономиканы басқару.-Алматы,2005.
13.Байгісиев.М.Ә.Халықаралық экономикалық қатынастары.-Алматы,2001.
14.Маыров.Н.К.Халықаралық экономика.-Алматы,2004.
Мерзімді басылымдар тізімі
15.Вустер Д. Реформа межбюджетных отношений в Казахстане // Аль-
Фараби. -2000. №1.
16.Экономическое регулирование продовольственного
обеспечения в регионе // Экономика сельскохозяйственных и пере-
рабатывающих предприятий. - 1999, №11
ЖОСПАР
Кіріспе.
І Еркін экономикалық аймақтардың теориялық аспектісі
1.1. Еркін экономикалық аймақтар құрылымы
1.2 Еркін экономикалық аймақтар және олардың құрудың себептері.
ІІ Әртүрлі елдегі еркін экономикалық аймақтар қызметінің
ерекшелігі
2.1 Әр түрлі елдердердегі еркін экономикалық аймақтар қызметінің
ерекшелігі
2. Еркін аймақтардың дамуының қазіргі жағдайы.
3. Еркін экономикалық аймақтардың мәселесі
Қорытынды.
Пайдалынған әдебиеттер тізімі
КІРІСПЕ
Нарықтық қатынастар аясының кеңеюі, экономика жүйесіндегі соңғы
уақытта жүргізіліп жатқан өзгерістер аймақтардың әлеуметтік-экономикалық
жүйедегі орны мен рөліне айтарлықтай ықпалын тигізді. Осыған орай еркін
аймақ экономика, дамуын мемлекет тарапынан реттеу мәлелері өзекті бола
түсері сөзсіз.
Республикамыздың әрбір еркін аймағы еліміздің шаруашылық кешенінде
белгілі бір орынды ала отырып, осыған қоса басқа аймақтармен бүтіндей
экономикалық бірлікті құрайды. Сондай-ақ эр аймақтың өзіндік табти
ресурстары, оларды орналастырудағы ерекшеліктері, экономикалық даму
деңгейі, өзіндік шаруашылық құрылымы бар. Соған байланысты аймақтың саясат
қалыптастырылып, жүзеге асырылады. Аймақтың саясатты жүзеге асыруда
мемлекеттік басқару мәселесі ерекше маңызға ие болары ақиқат. Бүкіл әлемде
мемлекеттік басқару тиімділігін көтеру міндеті үлкен мәнге ие болуда. Бірақ
барлық мемлекеттер қолдану үшін оңтайлы болып табылатын әмбебап үлгі жоқ,
әрбір мемлекет тарихи дамуының белгілі бір кезеңінде өзінің ұлттық
ерекшеліктеріне сай келетін ыңғайлы үлгіні жасақтауы тиіс. Мұның барлығы да
өз еліміздің және шет мемлекеттердің даму тәжірибелерін тереңірек талдау,
ой елегінен өткізу міндеттерін жүктейді
Қазіргі кезеңде негізгі шаруашиылық қызметтің еркін аймақтарда жүзеге
асырылатындығын ескерсек, оларға әлеуметтік-экономикалық мәселелерді
өздігінен шешуге лайықты қаржылық дербестіктің берілуі маңызды болып
табылады. Осымен байланысты бүгінгі таңда мемлекеттік басқару деңгейлері
арасындағы өкілеттіліктерді ажырату, бюджетаралық қатынастарды реттеу
мәселелері еліміз аймақтарының экономикалық өсуіне мүмкіндік беретін
негізгі шарттар ретінде қарастырылуда.
Дегенмен, еркін экономикалық аймақтарға берілетін жеңілдіктер елге
шетел капиталын келтіруді ынталандырудың ең күшті құралы емес. Бұл мәселеде
елдегі саяси тұрақтылықтың, инвестицияларға мемлекеттік кепілдік берудің,
инфрақұрылымдар сапасының, жұмысшы күшінің мамандық дәрежесінің маңызы өте
зор.
1.1 Еркін экономикалық аймақтар құрылымы.
Еркін экономикалық аймақтардың ұйымдық-функционалдық құрылымы әр алуан.
Оларды құруда негізінен екі түрлі — аумақтық (территориялық) және
функционалдық әдістер қолданылады. Бірінші әдіс бойынша барлық рези- дент-
кәсіпорындар өздерінің шаруашылық жүргізуі үшін белгілі аумақта жеңідіктер
алады. Резидент — бір елде қызмет ететін басқа бір елдің жеке немесе заңды
тұлғасы. Екінші әдіс бойынша еркін аймақтағы іскерліктің белгілі бір түріне
жеңілдіктер беріледі.
Аумақтық әдіс бойынша ұйымдастырылған еркін экономикалық аймақтар
Қытайда кеңінен тараған.
Функционалдық әдісті қолданудың нәтижесінде жеңілдіктерді пайдаланатын
оңаша кәсіпорындар қалыптасады (оффшорлық фирмалар, еркін дүкендер т.с.с).
Еркін экономикалық аймақтардың ең қарапайым түрлерінің бірі еркін
(салықсыз) баж аймақтары. Мұндай аймақтар еркін экономикалық аймақтардың
бірінші буынына жатады. Оларды, әдетте еркін баж территориялары деп атайды.
Еркін баж аймақтары тауарларды келтіру мен әкетуде баждан босатылады.
Еркін сауда аймақтары да дүние жүзінде кеңінен тараған. Мұндай аймақтар
АҚШ-та жақсы дамыған. Бұл аймақтар АҚШ территориясының шектеулі бір
бөліктерінде заңды жеңілдіктерді пайдаланып, өз шарушылық қызметтерін
жүргізеді. Қабылданған заң бойынша әрбір портты қалада ең кем дегенде бір
сыртқы сауда еркін аймағы құрылуы мүмкін.
АҚШ-тағы еркін сауда аймақтары жалпы міндетті және арнайы міндетті
болып екіге бөлінеді. Жалпы міндеттегі аймақтар аздаған территорияға
(бірнеше шаршы метр) орналасады да ұлттық баж салығы ауқымынан бөлектенеді.
Ол жерлерде әкелінген тауарларды жинастыру және өңдеу (сорттау, буып-түю,
белгілеу т. б.) жұмыстары атқарылады. Арнайы аймақтар жалпы міндеттегі
аймақтар шеңберіне сыймайтын істермен шұғылданады. Оларда ірі
компакиялардың қатысуымен экспортталатын және импорттың орнын басатын
өнімдер өндіріледі.
90-жылдардың ортасына қарай АҚШ-та 500-дей еркін сауда аймақтары болды.
Еркін сауда аймақтарының қарапайым түріне халықаралық әуежайларда
орналасатын арнайы дүкендерді де қосуға болады. Жұмыс істеу тәртібі бойынша
оларды мемлекеттік шекарадан тысқары түрған объектілер деп санайды.
Өнеркәсіптік өндірістік аймақтар. Булар еркін эконо-мгікалық
аймақтардың екінші буынына жатады. Олар сауда аймақтарының өрістеуі
нәтижесінде тек қана тауар емес, капиталдардың да келуіне байланысты пайда
болады. Капиталды келтіру тек сауданы ғана емес, өндірістік қызметті де
жандандырадьу
Өнеркәсіптік-өндірістік аймақтарда баж тәртібі бар, экспортқа шығаратын
өнімдерді өндіретін территорияларға орналасады. Бүл аймақтар едәуір салық
және қаржы жеңіуцктерімен пайдаланады.
Экспорттық-өндірістік аймақтар. Еркін экономикалық аймақтардың бул түрі
дамушы елдерде кеңінен тараған.
Экспорттық-өндірістік аймақтардың пайда болуы даму-шы елдердің
объективті экономикалық мұқтаждықтарына байланысты. 60-жылдардың орта
шенінде дамушы елдерде шетел капиталының көмегімен өнеркәсіп өнімдерін экс-
порттауды және жүмыспен қамтуды жүзеге асыру үшін экспорттық-өндірістік
аймақтар көптеп қурыла бастады
Жаңа техника енгізу аймақтары. Бүлар еркін экономи-калық аймақтардың
үшінші буынына жатады. г Мүндай аймақтар мемлекеттің арнайы қолдауымен ірі
ғылыми ор-талықтардың жанынан қүрылады. Бүл аймақтарда үлттық және шетелдік
ғылыми-зерттеу, жобалау, ғылыми-өндірістік фирмалар жүмыс істейді. Олар
салық және қаржы жеңілдіктерін бірдей пайдаланады. 1
Жаңа техниканы енгізу аймақтары кеңінен тараған ел-дердің қатарына АҚШ,
Жапония, Қытай жатады. АҚШ-та оларды технопарктер, Жапонияда —
технополистер, Қытайда — жаңа және жоғары технологияларды дамыту аймақтары
деп атайды
АҚШ-тағы ең ірі тёхнопарк „Силикон Вэлли11 (Кремний алқабы) есептеу
техникасы мен компьютерлердің дүние-жүзілік өндірісінің 20% шығарады. АҚШ-
тағы технопарк-тердің жалпы саны 80-нен асады және оларда 20 мыңға жуық
мамандар жүмыс істейді. Жапонияда үкіметтің ар-найы бағдарламасы
шеңберінде, жетекші ғылыми үйымдар-дың жанынан 20-дан аса технополистер
қүрылған. Қытай Халық Республикасында мүндай аймақтар ғылым мен тер никаны
дамыту саласындағы мемлекеттік бағдарламаға сәйкес 90-жылдардың орта
шенінде қүрыла бастады.
Қазіргі кезде олардың саны 50-ден асты. Азиядағы „Жаңа индустриялы
елдерде" жаңа техниканы енгізу аймақтары инновациялық орталықтар деп
аталып экспорт-тық-өндірістік аймақтардың жанынан ашылуда. Мүның бас-ты
себебі экспорттық-өндірістік аймақтарда қалыптасқан ғылыми-техникалық
мүмкіндіктерді пайдалану болып отыр.
Қызмет көрсету (сервис) аймақтары. Булардың қатарына оффшорлық аймақтар
және салық айлақтары (налоговые гавани) жатады. Аталған аймақтар өзінің тар-
тымды валюта-қаржылық және фискальдік саясатымен, банк және коммерциялық
қызметтер құпиялығының жоғары деңгейімен, мемлекеттік реттеудің әділдігімен
іскерлер үшін қолайлы болып отыр.
Оффшорлық аймаққа тіркелген және сол арқылы са-лық төлеу т. б.
жеңілдіктерге үміткер компанияларға негізгі талап-оффшорлық орталық
орналасқан елдің рези-денті (өкілі) болмау және оның территориясынан пайда
іздемеу болып отыр.
Салық айлақтарының оффшорлық аймақтардан айыр-машылығы, олар салық
жеңілдіктерін қызметтің барлық түріне немесе белгіленген түрлеріне алады.
Қазір дүние жүзінде 300-ден астам оффшорлық орталықтар жүмыс істейді.
Оффшорлық аймақтардағы өндірістік, сауда, банк, қамсыздандыру және т.
б. компанияларға ешқандай салық салынбайды немесе аз мөЛшерде ғана
салынады. Мысалы, Швейцарияда оларға салык,тың ең төмен деңгейі
белгіленген, кейбір жағдайларда компаниялар тіпті сол аз салықтың өзінен де
босатылады. Оффшорлық аймақтарда валюта қозғалысына ешқандай шектеулер жоқ.
Олардан түскен пайданы еркін алып кетуге болады. Бұл аймақтарда жарғылық
қор деңгейі төмен және баж алынбайды.
Оффшорлық аймақтарды ұйымдастырушы елдердің пайдасына шетелдік
капиталдың көптеп келуін, тіркелген компаниялардан түсетін табысты,
жергілікті мамандар үшін қосымша жұмыс орындарының ашылуын және т. б.
жатқызуға болады. Мұның бәрі ұлттық экономиканың дамуына игі әсерін
тигізетін құбылыстар.
Оффшорлық бизнес, әдетте банк ісінде, қамсыздандыру және қозғалмайтын
мүлікпен операцияларды, консалтинг қызметтері төңірегінде шоғырланады.
Кейбір мәліметтерге сүйенсек қазіргі уақытта дүние жүзіндегі оффшорлық
қызмет шеңберінде 500 млрд. доллар шамасындағы капитал айналымда көрінеді.
Бүл іске 2 млн. салымшылар (жеке және заңды тұлғалар) қатысып, жыл сайын
мыңдаған жаңа компаниялар тіркеледі екен.
Оффшорлық аймақтар туралы мамандардың көзқарасы бірдей емес. Кейбір
эксперттердің пікірінше оффшорлық аймақтар көбінесе „лас ақшаларды" жуып,
тазартатын және әр түрлі банктердің айналасындағы алаяқтар үшін „қолайлы"
орта болып отыр.
Кешенді (комплексті) аймақтар. Бұлардың қатарына жекелеген әкімшілік
құрылымдарының аумағында жеңілдіктермен пайдаланатын субъектілер жатады.
Мысалы, мұндай аймақтардың сипатына Қытайдың бес арнайы экономикалық
ауданы, Бразилиялық „Манаус" аймағы, Аргентинаның „Отты жер" еркін іскерлік
территориясы кіреді.
Халықаралық еркін экономикалық аймақтар. Арнайы экономикалық
аймақтардың бүл түрі 90-жылдары жедел қалыптаса бастады. Мысалы, Ресей,
Қытай және Солтүстік Корея шекараларының түйіскең жерінде „Туманган"
халықаралық еркін экономикалық аймағын құрудың жобасы бар. Бұл жоба 20
жылға есептеліп, оның бірінші кезеңінің құны 90—1 10 млрд. доллар құрайды
деген болжам бар. Аталған халықаралық еркін экономикалық аймақты құруға
Жапония, Оңтүстік және Солтүстік Корея, Қытай мен Ресей ат салысады деп
күтілуде. Бұл аймақта Қытай мен Корея жұмысшыларының күшімен ірі порт
құрылысы, көптеген өнеркәсіп орындары салынбақ.
1.2 Еркін экономикалық аймақтар және олардыңқұрудың себептері
Еркін экономикалық аймақтар дүние жүзінің көптеген елдерінде өрістеп
отыр. 90-жылдардың ортасына қарай дүние жүзінде төрт мыңнан астам әр түрлі
еркін экономикалық аймақтар болды. Олардың қатарына кедендік одақ
аймақтары, технопарктер, еркін сауда аймақтары т. б. жатады. Батыс
мамандарының пікірінше 2000-жылға дейін еркін экономикалық аймақтар арқылы
дүниежүзілік тауар айналымының 30% өтетін болады. Өз қызметі үшін тиімді
мүмкіндіктерді қарастыратын халықаралық корпорациялар, еркін экономикалық
аймақтарды қолайлы қурылым-дар қатарына жатқызады. Олар өз өндірістерін
еркін экономикалық аймақтарда мейлінше кеңейтуге мүдделі болып отыр.
Еркін экономикалық аймақтар дегеніміз — ерекше жеңілдіктер мен
ынталандыру жүйелерін пайдаланатын ұлттық экономикалық кеңістіктің бір
бөлігі. Қандай бір нысанда болмасын еркін экономикалық аймақтың ерек-шелігі
— ол оңашаланған географиялық территория. Еркін экономикалық аймақ термині
халықаралық ұйымдар қабылдаған термин. Бұл термин еркін экономикалық
аймақтың мәнін толық ашып бере алмайды, себебі аталған аймақтарда
қолданылатын экономикалық тәртіп оларды мемлекеттің құқықтық және
шаруашылық жүргізу заңдарын, ережелерін орындаудан босатпайды. Мемлекет тек
қана жүріп жатқан экономикалық процестерге араласу дәрежесін қысқартады.
Бірқатар дамушы елдер үшін еркін экономикалық аймақтар территориясының
оңашалығы, ондағы өмір сұру деңгейі мен өндірістік мүмкіндіктердің
шоғырлануы жағынан арнайы экономикалық аймақ болып табылады.
Еркін экономикалық аймақтарды ұйымдастыру ашық экономика принциптерін
қолдауды білдіреді. Олардың шаруашылық жүргізу мүмкіндіктері сыртқы
экономикалық әрекеттердің еркіндігі мен белсенділігіне байланысты.
Еркін экономикалық аймақтардың баж, салық және инвестицияға байланысты
ахуалы шетелдік және ұлттық кәсіпкерлер үшін қолайлы. Басқаша айтқанда
еркін экономикалық аймақтар дүниежүзілік шаруашылықтағы уақытша бос
капиталдарға құрған „тор" сияқты десек те болады.
Еркін экономикалық аймақтарды құруды, әдетте төмендегі үш мәслені
шешгумен байланыстырады:
1) өндіріс өнімдерін экспорттауды ынталандыру, сол арқылы валюталық
қаражат табу;
2) халықты жұмыспен қамту деңгейін жоғарылату;
3) шаруашылық жүргізудің жаңа әдістерін сынақтан өткізіп, қолдану.
Қандай бір мемлекет болмасын өз экономикасын шетел капиталына „айқара"
ашпайды, сондықтан қолайлы инвестициялық ахуалды елдің бір бөлігінде ғана,
арнайы экономикалық аймақ ретінде жасауды жөн көреді.
Еркін экономикалық аймақтар халықаралық экономикалық байланыстарды
нығайтады.
Қажетті өндіріс салалары мен шарушылық объектілерін қолдау үшін арнаулы
шаралар жүйесін жасайды. Олардың қатарына, мысалы, артта қалған аудандарды
дамыту бағытында қолайлы инвестициялық ахуал жасау ша-ралары жатады. Еркін
экономикалық аймақтар қүрудың себептері мен мақсаттары әрбір нақты жағдайға
байланысты өзгеріп тұрады.
Өнеркәсібі дамыған АҚШ, Ұлыбритания сияқты елдерінде еркін экономикалық
аймақтар кіші және орта бизнесті жандандыру мақсатында құрылады. Ол үшін
кіші және орта кәсіпкерлерге едәуір шаруашылық жүргізу еркіндігімен қатар,
қаржы жеңілдіктері де беріледі. Кейбір дамушы елдерде осы мақсатта құрылған
еркін экономикалық аймақтардың оңды әсері артта қалған аудандарды жедел
жетілдіріп отыр. Дегенмен, дамушы елдер еркін экономикалық аймақтар құру
барысында да-мыған мемлекеттер сияқты өз қаражатына емес, көбінесе шетел
капиталына сүйенеді.
Еркін экономикалық аймақтардың бәріне ортақ белгі — баж, қаржы, салық
жеңілдіктері мен артықшылықтарын беру арқылы кәсіпкерлерге мейлінше қолайлы
инвестициялық ахуал жасау дер едік.
Жеңілдіктердің төрт тобын атап көрсетуге болады:
1) сыртқы сауда жеңілдіктері. Бұлар ерекше баж —тарифтік тәртіп
орнату және сыртқы сауда операцияларын оңайлату арқылы жүзеге асады;
2) сальщ жеңілдіктері. Бұлар нақты шаруашылық қызметін
ынталандыруға бағытталған ереже-нормалар. Бұл жеңілдіктер негізгі салықтың
(пайдаға, мүліктің құнына т. б.), оның жекелеген бөліктеріне (амортизация,
еңбекақы, көлік шығындары) салық ставкаларының деңгейлерін уақытша
немесе тұрақты түрде төмендету мәселелерін қарастырады.
3) қаржы жеңілдіктері. Бұларды жәрдем ақының (субсидияның) әр түрлі
нысандары құрайды. Мысалы, тұрмыстық қызмет көрсету бағасын төмендету, жер
учаскесі мен өндірістік жайларға арендалық ақыны кеміту, жеңілдетілген
несие беру т. б.
4) әкімшілік тарапынан жеңілдіктер. Шетел азаматтарының келіп-кетуіне,
кәсіпорындардың тіркелуіне байланысты қызметтерді оңайлату үшін жергілікті
әкімшілік тарапынан қолданылатын шаралар.

ерекшеліктері
Еркін экономикалық аймақтардың дүниежүзілік іс-тәжірибесін талдап,
олардың жетістіктері мен ортақ белгілерін және даму ерекшеліктерін көрсету
маңызды мәселе.
Еркін экономикалық аймақтардың дамыған елдердегі іс-тәжірибесін алып
қарастырсақ, олардың бастапқы даму жоспарларының барынша жоғары деңгейі мен
аймақтарды басқарудың мейлінше икемділігін байқар едік.
Дүниежүзілік шаруашылықтың динамикалық дамуы (ҒТР, бәсеке, валюта
курстарының өзгеруі т. б.) еркін экономикалық аймақтардың өрістеуіне күшті
әсер етеді. Сондықтан, байқалған өзгерістерге сай іс-әрекет жасау — уақыт
талабы.
Еркін экономикалық аймақтарды құрудың әлеуметтік-экономикалық пайдасы
айтарлықтай мол. Мысалы, көптеген жаңа жұмыс орындарының пайда болуы,
халықаралық сауда айырбасының жандануы, сыртқы сауда тиімділігінің артуы т.
б.
Дамыған елдердегі еркін экономикалық аймақтардың маңызды ерекшелігіне
олардың тек дүниежүзілік рынокты ғана емес, елдің ішкі рыногында да тиімді
жұмыс істеуі жатады.
Дамушы елдердегі еркін экономикалық аймақтар қызметінің бірқатар ортақ
белгілері бар. Ең алдымен бұл елдерде экспорттық-өндірістік аймақтар
кеңінен тараған. Ол түсінікті де.
Дамушы елдердің мүделері экспорт үшін тауар
өндіруді дамыту, елге шетелдік капиталды, үздік ғылыми-технологиялық
жетістіктерді, қазіргі техникалық ақпаратты келтіру шеңберінде жатыр.
Еркін экономикалық аймақтарда шаруашылық жүргізудің ерекше тәртібі
шетел іскерлері үшін бірқатар жеңілдіктер береді. Мұның өзі халықаралық
бәсекеде еркін экономикалық аймақтардың салыстырмалы артықшылықтарын
пайдаланудан туындайды.
Еркін экономикалық аймақтардың қызметі барысында сауда-өндірістік
диверсификациясы басталып, кешенді даму процестері қарқын алады.
Диверсификация — шаруашылық әрекеттерінің жаңа сфераларға (өріске)
тарауы.
Қазіргі ғылыми-техникалық революция алғашқы орынға жаңа және жоғары
технологияларды жасайтын өндірістің ғылыми сыйымды салалары топталған еркін
экономикалық аймақтарды қояды.
Дамушы елдер ішінде Қытайда құрылған арнайы экономикалық аймақтар
өздерінің жоғары тиімділігі арқасында дүние жүзіне танымал болып отыр. 80-
жылдары арнайы аймақтарға біріктірілген шағын территориялардан бастаған
қытайлықтар, кейін, 90-жылдары олардың ауқымын жүздеген шаршы километрге
кеңейтіп жіберді. „Шэньч-жень", „Чяухай", „Сямень", „Шаньтоу" —арнайы эконо-
микалық аймақтары ондаған жылдар бойы алыс, жақын мемлекеттердің
қызығушылығын да, қызғанушылығын да тудырып отыр. Кейінірек құрыла бастаған
техникалық-экономикалық және жаңа және жоғары технологияларды да-мыту
аймақтары — технопарктер күрделі экономикалық мәселелерді оңтайлы, тиімді
шешіп отыр.
Шанхайдағы „Пудун" еркін экономикалық даму ауданына ерекше мән беріліп
отыр. Жоба бойынша „Пудун" болашақта Қытайдың ірі өнеркәсіп орталығы
болуымен қатар, Шанхайды Азия-Тынық мұхиты аймағының ең ірі сауда және
қаржы орталығына айналдырады деген сенім мол.
Арнайы экономикалық аймақтарды құру жүмыстары 70-жылдары Қытай
басшылығы жариялаған ашық сыртқы экономикалық саясаттың бір бөлігі. Ашық
экономикалық аймақтар моделін таңдауда Қытай басшылығы өз елінің ағымдағы
қажеттіктері мен басқа елдердегі арнайы аймақтардың шаруашылық жүргізу іс-
тәжірибесін қисынды ұштастыра білді.
Әсіресе, Сингапур, Тайвань, АҚШ мемлекеттерінің тәжірибелері жан-жақты
талданды.
Арнайы экономикалық аймақтар құрудың көп варианттарының ішінен қолда
бар өнддріс технологиясын жақсартатын, шетел капиталы үшін мейлінше
тартымды, экспортқа бейімделген вариант таңдап алынды. Құрылған еркін
экономикалық аймақтар елдің басқа аудандарымен бірлесе отырып, „ашық
есіктер" саясатын іс жүзінде жүзеге асыра бастады.
90-жылдардың басында Қытайдың арнайы экономикалық аудандары орналасқан
портты қалаларда баж алын-байтын сауда түрі өрістеді. Қытай мамандарының
айтуынша еркін сауда елдің сыртқы экономикалық саясатының 2000-жылға
дейінгі басым бағыты болып табылады. Шетел экономистерінің пікірі бойынша
бұл елдегі экономикалық аймақтардың айқын жетістіктеріне мыналар жатады: 1)
экономикалық өсудің жоғары және тұрақты қарқыны; 2) шетел иңвестицияларының
көп мөлшерде тартылуы; 3) еңбек өнімділігшің артуы; 4) халықтың әл-ауқаты
деңгейінің өсуі.
Қытай Халық Республикасындағы арнайы экономикалық аймақтардың
тәжірибесі мемлекеттік меншіктің басым жағдайында рыноктық қатынастарды
пайдаланудың тиімддлігін көрсетті. Қытай мамандарының пікірінше рыноктық
экономикаға „жаппай өту" экономикаға да, халыққа да ауыр, көптеген
қиыншылықтар әкеледі. Қазір шаруашылық қызметтерін табысты жүргізіп жатқан
Қытайдың арнайы экономикалық аймақтарының іс-тәжірибесі, жергілікті
экономистердің есептеуінше XXI ғасырда бүкіл Қытай елінің экономикалық
үлгісі болады.
Еркін экономикалық аймақтардың елдің белгілі бір аудандарының
әлеуметтік-экономикалық өсуіне, өндірістің жекелеген салаларының дамуына,
шетелдік капиталды келтіруге, шағын және орта кәсіпкерлікті ынталандыруға
тигізетін игі әсері құптарлық. Дегенмен, оларды экономикалық жаңарудың
әмбебап құралы деп қарастыруға жеткілікті негіз жоқ. Мысалы, кейбір дамушы
елдердегі еркін экономикалық аймақтардың тәжірибесі, олардың
мүмкіндіктерітң шектеулі екендігін көрсетіп отыр.
Еркін экономикалық аймақтарды ұйымдастыру белгілі аудандағы іскерлікті
немесе экономиканың жекелеген саласын дамытуды көздейді, сондықтан да оның
рөлі шектеулі. Оларды ұйымдастыру ісі едәуір қаржы бөлуді және ұдайы
мемлекеттік қолдауды қажет етеді. Кейбір зерттеулерге қарағанда еркін
экономикалық аймақтарға елдің өз инвестицияларының сомасы шетел
инвестицияларынан төрт еседей артық болады екен. Мысалы, 80-жылдардың
соңына қарай Қытайдың 4 еркін экономикалық аймағына тартылған шетел
инвестицияларының сомасы 4 млрд. доллар болса елдің өзінің бастапқы
инвестициялары 22 млрд. доллардан асып түскен. Мұның өзі Қытайдың арнайы
экономикалық аймақтарының бүкіл инфрақұрылымы орталықтандырылған
мемлекеттік қаржы есебінен жасалды деген сөз.
Еркін экономикалық аймақтарды ұйымдастырудың дүниежүзілік тәжірибесінде
сәтсіздікке ұшыраған жобалардың да болғанын айта кету керек. Мысалы, Шри-
Ланка, Гватемала, Либерия, Сенегал сияқты елдерде ұйымдастырылған еркін
экономикалық аймақтар тиімдд шаруашылық жүргізудің орнына толық шарасыздық
көрсетіп, тарап та кетті, Мұның негізгі себептері саяси, экономикалық,
ұйымдастыру мәселелері шеңберінде болды.
Саяси себептерге елдегі саяси-әлеуметтік тұрақсыздық, азаматтық
толқулар, әскери қимылдар жатады. Экономикалық себептерге еркін
экономикалық аймақтар үшін қажетті инвестициялық ахуалдың жасалмауы,
көптеген бюрократиялық кедергілер, аймақтарды құрудың елге, ауданға беретін
артықшылықтарын өз деңгейінде насихаттай алмау т. б. жатады.
Өкінішке орай, еркін немесе арнайы экономикалық аймақтар құру ісінде
Қазақстан Республикасы көзге ілінер табыс пен тиіңадлікке қол жеткізе алмай
келедд. Ендд, еркін экономикалық аймақтарды Қазақстанда ұйымдастыру мен
қызмет етуінің кейбір мәселелеріне тоқталайық.
Еркін экономикалық аймақтардың құрылуы мен шаруашылық жүргізуінің
дүниежүзілік тәжірибесі, әрине, Қазақстандық басшы, мамандардың да
назарынан тыс қалған жоқ. Алғаш рет Қазақстан Республикасында еркін
экономикалық аймақтар ұйымдастыру мәселесі 80-жылдардың соңында қолға алына
бастады.
Ол кезде төмендегі жобалар қарастырылған болатын:
1. Атырау — Каспий жағалауы экономикалық аймағы. Бұл аймақта
туристік комплекс құрып, тұрмыстық электр бұйымдарын шығару өндірісін қолға
алу ойластырылған еді.
2. Ақмола ғылыми өндірістік аймағы (орталығы Қорғалжын
қаласы). Мұнда туризмді дамыту, оған қоса аса сирек, жоқ болуға айналған
хайуанаттар мен құстардың санын көбейту жөніндегі бірлескен ғылыми
жұмыстарды
жүргізу жоспарланған еді.
Түркістан экономикалық аймағы. Бұл аймақтың орталығы Түркістан
қаласьінда, ежелгі Жібек жолы өтетін маршрутта құрылатын болып белгіленген.
Жоспарда туристік кешен құру, мотоциклдер мен велосипедтер өнлдрісін
қалыптастырып дамыту көрсетілген.
Орталық Қазақстан экономикалық аймағы (Орталығы — Сарань қаласы). Мұнда
черепица, темір бұйымдары, тұрмыстық бұйымдар, әртүрлі қуаттығы
микро-қозғағыштар шығару ісі қолға алынады деп күтілген.
Аягөз экономикалық аймағы. Кір жуғыш машиналар мен шаңсорғыштар
өндірісі жолға қойылмақ болған.
Алматы экономикалық аймағы. Бұл аймақ Алматы, Қапшағай, Есік қалаларын
қамтитын болып жоспарланған.
Шығыс Қазақстан экономикалық аймағы.
1991 жылы Қазақстан Республикасының парламенті жергілікті халық
депутаттары кеңестерінің ұсыныстары бойынша Жайрем-Атасу, Маңғыстау,
Алакөл, Жаркент еркін экономикалық аймақтарын құру жөнінде шешім қабылдады.
Біздің пікірімізше аталған жобалардың ішіндегі өміршең болашағы бар
аудандарға Маңғыстау, Алакөл және Жәйрем еркін экономикалық аймақтары
жатады.
Маңғыстау еркін экономикалық аймағының жобасына зер салсақ, онда бай
табиғи ресурстары (мұнай, уран т. б.) және өлкенің теңіз жағалауында қоныс
тепкенін көрген болар едік. Бұл өлкеде атом өнеркәсібі өндірісорындары, тау-
кен комбинаты (негізгі өндірісі уран рудасы), мұнай-газ және химия
өнеркәсібі шоғырланған. Ақтау теңіз портынан қазірлдң өзінде Иран елінің
Солтүстік жағалауына мұнай жеткізу ісі қолға алынып отыр. Ақтауда
Қазақстанның өз теңіз флотын жарықтандыру жұмыстары жедел қолға алынып, бұл
салада бірқатар жетістіктерге де қол жетті.
Алакөл еркін экономикалық аймағы туралы айтар болсақ, бұл аймақ қазақ-
қытай шекарасын жалғастырып жатқан Достық — Алашанькоу темір жолы бойында
орналасқан. Жоғары қарқынмен дамып келе жатқан экономикасы бар ұлы елмен
қарым-қатынаста аталған аймақтың атқарар жұмыстары үшан-теңіз. Айталық,
Еуропа мен Қытай арасындағы ең қысқа жол осы аймақпен өтедд. Ол үшін
Түркімен — Иран шекарасында ұзындығы 300 км темір жол құрылысын жүргізу
қажет болатын. Бұл құрылыс 1996 жылы аяқталып, іске қосылды. Мұның өзі
Батыс Еуропа елдері мен Азия-Тынық мұхит аймағы елдерінің жүк тасымалдау
жұмыстарына қызмет көрсету арқылы айтарлықтай валюталық қаржы табудың өте
тиімді жолы болып отыр.
Жаркент экономикалық ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz