Ерте замандағы Қазақстан


1- Тақырып. Ерте замандағы Қазақстан
1. Тас ғасыры. Палеолит дәуірі (ерте тас ғасыры)
2. Мезолит (орта тас ғасыры)
3. Неолит (жаңа тас ғасыры)
4. Энеолит
Тас ғасыры. Палеолит дәуірі (ерте тас ғасыры) . Адамзаттың пайда болуы мен қалыптасуы тас дәуірінен бастау алады. Адамның пайда болу мәселелерін зерттеу орасан көп теориялар туғызды, олардың ішінен екі негізгі концепцияны жеке қарастыруға болады. Философиялық-діни (адамды құдай жаратты) және материалистік, бұған сәйкес адам табиғи эволюция мен еңбек қызметінің нәтижесінде жануарлардан (приматтардан) шықты.
Тас ғасыры бірнеше кезеңнен тұрады: палеолит (ерте тас ғасыры) 2, 5-2 млн жыл бұрын басталды, ол өз кезегінде төменгі (ерте) палеолит (2, 5 млн. -140 м. ж. бұрын), орта (120-40 м. ж. бұрын), жоғарғы (кейінгі) палеолитке (40-12 м. ж. б. з. б. ) бөлінеді. Палеолит: Олдувай, Ашель, Мустье, Солютре, Ориньяк және Мадлен кезеңдерінен тұрады.
Мезолит (орта тас ғасыры) б. з. б. 12 м. ж. -6 м. ж. арасын қамтиды. Жаңа тас дәуірі (неолит) б. з. д. 6-4 м. ж. деп шамаланады. Тас дәуірінен қола дәуіріне өтпелі кезең энеолит (мыс тас ғасыры лат. Аeneus - Мыс) б. з. б. 3 м. ж. деп аталады. Алғашқы мемлекеттер мен жазудың пайда болуына дейінгі тарихтың бүкіл кезеңін алғашқы қауымдық құрылыс (сонымен қоса, «тарихқа дейінгі» деген термин де қолданылады) деп атау қалыптасқан.
Тас дәуірінде, шамамен миллион жыл бұрын, адамдар Қазақстан территориясын мекендей бастады. Ол кездегі табиғат жағдайлары қазіргіден күрт өзгеше болды, Қазақстан фаунасының негізгі түрлері мамонт, жүндес мүйізтұмсық, жабайы бұқа-тур, үңгір аюы және т. б. болды. Бүкіл тас ғасыры бойы климаттық жағдайлар күрт өзгеріп тұрды. Мамонттар мен мүйізтұмсықтар жаппай қырылып қалды, бұл жерде адамдардың іс әрекеті де белгілі рөл атқарды деуге болады.
Біздің елімізде палеолиттік мәдениеттің екі таралу аймағын бөліп көрсетуге болады: Сарыарқа мен Қаратау жотасы (Бөріқазған, Тәңірқазған, Қазанғап және т. б. ) . Еңбек құралдары негізінен түрлі формадағы дөрекі және үлкен шапқылар (бифастар - екі жақты, унифастар - бір жақты) болды. Біртіндеп анағұрлым кішірек және едәуір жақсы өңделген құралдарға - микролиттерге көшу байқалады. Палеолитте адамдар отты пайдалануды үйренді. Аңшылық палеолит кезеңінің шаруашылығында басты рөл атқарады. Аң аулаудың тәсілдері әртүрлі болды: от арқылы қамалау, тұзақ, шұңқырлар, т. б. аң аулау құралдарының дамуына ірі жануарлардың қырылуы үлкен серпіліс берді, өйткені, аң аулаудың объектілері ұсақ және жылдам жануарлар болып қалды, ал оларды найзамен аулау жеміссіздеу болды. Қолайлы жерлерде алғашқы адамдар сүйектен жасалған үшкір сүңгір (гарпун) мен қарапайым ілмектер (күршектер) көмегімен балық аулумен айналысты.
«Алғашқы адамдар тобыры» немесе «көне қауым» адамның жануарлар әлемінен бөлініп шығуымен бір мезгілде пайда болды. «Көне қауым» тұрақсыз құрылым болды, сол себептен біртіндеп қоғамдық ұйымның неғұрлым берік формасына орын бере бастады. Өйткені тұрақты иерархиялық бірлестіктер өмір сүру үшін неғұрлым сәттірек күресе алатын еді. Бұл форма аналық ру болды. Әлеуметтік байланыстарды нығайту үшін шынайы негіз стихиялы пайда болған қандас туыстық байланыстар қолданылды, бұл туыстық тек аналық жағынан ғана бекітілді деп шамалауға болады. Рулық құрылысқа көшуді археологиялық мәліметтер де дәлелдейді (ұжымдық тұрғын - жайлар) . Рудың аса маңызды белгісі эндогамия, яғни, ру ішіндегі некелік қатынастарға тыйым салу болды. Біртіндеп, жеке ұйымдар екі экзогамды рулардың бір тұрақты өзара некелік қарым-қатынасы бар эндогамиялық тайпаға бірігуі пайда болды. Некенің бастапқы формасы топтық неке, бұл кезде рудың барлық мүшелері (жігіттері) екінші рудың мүшелерімен (қыздарымен) некеге тұруға құқылы және тиісті болды. Біртіндеп некелік қатынастардың дамуы жұптық некенің қалыптасуына әкелді.
Біртіндеп көне қауымда болған табиғи еңбек бөлінісі одан әрі дами түсті. Ерлер - аңшылар, әйелдер - терімшілер және үйдегі ошақтың қамқоршысы болды, балалар мен қариялар еңбекке қабілетті туыстарына қолғабыс етті. Қариялар, әдетте, ұжымдық тәжірибені сақтаушылар есебінде және еңбек құралдарын дайындауға белсене араласты. Осы мамандану еңбек өнімділігінің артуына ықпал етті, бүкіл қауымға терең із қалдырған және айқын құрылым берген жыныстық - жас мөлшеріне негізделген бөліністерге әкеп соқтырды. Инициациялар деп жасөспірімдердің ересектер қатарына өту межесін білдіретін салттардың кешенін атайды.
Кейінгі палеолитте тұрғын жай ретінде адамдар әлі де үңгірлерді пайдалана берді, сонымен қатар жасанды тұрғын жайлар - жер үстіндегі кепелер мен жертөлелерді де сала бастады.
Жоғарғы палеолит мәдениетіне, сондай-ақ адамдардың алғашқы қабірлері де жатады, бұл сол заманда тән және жан туралы түсініктердің пайда болуы туралы мәлімет береді. Табиғат пен адам - адамдардың ертеректегі діни түсініктерінде бірге жүрді және бұл барлық түрлерінде - тотемизм, фетешизм, анимизм, магияда да көрініс тапты. Тілдің дамуы адамның шаруашылық қызметінің дамуымен қатар жүрді.
Алғашқы жылқы өсірушілер жылқыға табыну дәстүрін және көшпелі тұрмыстың негізін қалайтын бірқатар элементтер қалыптастырды. Олар қазақтар үшін қасиетті «алаш» («алаша») ұғымынан көрініс тапты. Ал, үндіеуропа халықтарында алғашқы ала жылқыдан (алаша ат) мифологиялық қанатты аттың образы - «алаша» (пегас) бастау алады, ежелгі үндіеуропалық халықтардың көне сөздіктерінде пеку (пеки) сөзі «жылқы», «жеке адамның қозғалмалы мүлкі, байлығы», «малы» және т. б. білдіреді. Ежелгі «алаша аттан» - славянша - «лошадь» шығады. Көптеген себептерге байланысты сонау замандардан-ақ Ұлы Даланың тайпалары Батыс Еуропа мен Оңтүстіктің Азия өлкелеріне қоныс аударып, онда мемлекеттер мен қазіргі өркениеттердің негізін қалай бастады.
Қорыта келе тас дәуірінде дүниені эстетикалық тұрғыдан түсіну - өнер дами бастады. Қазақстанды мекендеген кейінгі палеолит тайпаларының көркемдік танымының дәлелі ретінде негізінен тау шатқалдарындағы қашап салынған суреттер (петроглифтер-гравюралар) қызмет атқарды, олардың негізгі сюжеттері жүндес мүйізтұмсық, бұқа-тур, бизонның суреттері. Гравюрамен қатар Қазақстан жерінде тастағы бейнелердің бояулы үлгілері де табылады. Бұл Бектау ата тауларында, Баянауылда әулие үңгірде, Бұқтырма шатқалында өрнектер түрінде, т. б. кездеседі.
Адам эволюциясына байланысты палеолит жоғарғы және төменгі болып екіге бөлінеді. Төменгі палеолит - архантроптар мен палеонтроптардың тіршілік ету кезеңі болып табылады. Бұл кезеңнің өзінде бірнеше археологиялық кезеңдер алмасқан, атап айтқанда: 2. 5 млн жыл бұрын олдувай, 0. 85 млн жыл бұрын ашель, 0. 2 млн жыл бұрын мустьер кезеңдері. Жоғарғы палеолит - Homo sapіensтің тіршілік ету кезеңі. Бұл кезең небәрі 100-40 мың жылға созылып, адам баласы осы кезең ішінде тастан балта жасаудан компьтерлерге дейінгі жетістіктерді басынан өткізді.
Археологиялық кезеңдер еңбек құралдарын жасаудың техникасы мен материалдарының түрленуіне негізделді. Ертедегі қытай және рим философтарына белгілі болған көне тарихтың үш ғасырға (тас, қола және темір) бөлінуінің ғылыми негізі Х1Х ғасыр мен ХХ ғасырдың басында жасалды.
Ойкуменнің көп бөлігінде төменгі, ортаңғы палеолит-100 мың, палеолит 45-40 мың; жоғарғы палеолит - 12-10 мың, мезолит 8 мыңға дейін және неолит 5 мың жыл бұрын бітті. Қола дәуірі біздің эрамызға дейінгі 1 мыңыншы жылдың басына дейін, темір ғасыры басталғанға дейін созылды. Қола дәуірінен бастап алғашқы қауымдық қоғамда қалыптасқан көне дәуір өркениетінің ескерткіштері негізінде уақытты календар бойынша белгілеу пайда болды .
Қоғамның құрылуының алғашқы нысаны көбіне “алғашқы қауым” деп аталды. Бұл сөз үйлесімі ертедегі және өте ертедегі адамдардың ұйымдарының ерекшеліктерін; олардың жануарлардан нағыз адамға өтпелі кезеңіндегі күйлерінің дәл мағынасын білдіреді. Алайда, “алғашқы қауым” термині әрі қысқа, әрі ыңғайлы. Алғашқы қауым қоғамы адамзат тарихындағы ең ұзақ, 2 млн жылға созылған кезең болды. Алғашқы қоғамдағы туыстық қауым 10-12 мың жыл бұрын басталып, ойкуменаның негізгі бөлігі үшін 5-8 мың жыл бұрын аяқталса, алғашқы қауымның соңғы кезеңдері кейбір қоғамдарда әлі күнге дейін аяқталған жоқ.
Алғашқы қауымның ерте кезеңінде тіршілік үшін қажетті негізгі өнімдер өндіретін шаруашылық болды.
Бұл типологиялық қатар - алғашқы қауым (алғашқы адам үйірй отары), ертедегі және кейінгі (ертедегі туыстық және кейінгі туыстық), қауым бұдан кейін алғашқы қауымдық көршілес (протошаруа) қауым - алғашқы қауымдық тарихтың негізгі кезеңдеріне сәйкес келеді.
Ғалымдардың көпшілігінің пікірінше, алғашқы қауым кезеңін, яғни антропосоциогенезді адамзаттың әлеуметтік және биологиялық даму барысында адамзат қоғамы қалыптасуының бастамасы болып саналатын бүкіл әлемдік тарихи процестің ерекше кезеңі деп қарастыруға болады. Алғашқы қауымдық туыстық қауым кезеңінде әлеуметтік құрылымның алғашқы реттелген түрлері - туыстар мен туыстық қауымлар пайда болды. Дәл осы кезеңде алғашқы қауымдық туыстық қауымдық құрылымның негізгі белгілері - өндірістегі ұжымшылдық, жалпы меншік пен тұрмыстағы теңдей бөлу, т. б. пайда болды. Бұл белгілер әсіресе ертедегі алғашқы қауымдарда анық байқалып, кейінгі алғашқы қауымдарда да сақталып қалды. Бұл кезеңнің ең төменгі шегі - ортаңғы палеолит (палеонтроптар кезеңі) және неолит.
Алғашқы қауымдық кезең - қалыптасу кезеңі, ал алғашқы қауымдастық туыстық қауым - кемелдену кезеңі болса, таптардың түзілу кезеңі - алғашқы қауымдық құрылымның ыдырау кезеңі болды. Бұл соңғы кезең шаруашылық іс-әрекеттің барлық салаларының қарқындап дамуымен және өнім қорларының өсуімен сипатталады.
Туыстар мен қауымның ортақ меншігі жеке үй шаруашылығы меншіктері мен теңдей бөлу еңбегіне қарай бөлумен алмасып, қауымдық-туыстық байланыстар үзіліп, алғашқы қауымдық - көршілік түрлері пайда болды. Эксплуатацияның алғашқы нысандары пайда болып, олармен бірге негізгі өнім қоры - қосалқы өнімге айнала бастады, яғни жеке меншіктің, қоғамдық таптар мен мемлекеттіліктің бастамасы түзіле бастады. Кезеңнің төменгі шегі, кейбір қарқынды дамыған қоғамдарда неолит кезеңіне, ал нашар дамыған қоғамдарда металдық кезеңнің біршама бөлігіне сәйкес келеді. Кезеңнің жоғарғы шегі - қоғамдық таптар мен мемлекеттіліктің пайда болуы - 5 мыңдай жыл бұрын байқалған делінеді. Ал нашар дамыған қоғамдар бұл кезеңді әлі күнге дейін өткен жоқ.
Жалпы дәуірдік кезеңдерді археологиялық және палеоантропологиялық схемалардың аса маңызды буындарымен төмендегіше салыстыруға болады. Бұл кезеңдердің абсолютті (нақты) жасын айту қиын, себебі, біріншіден, олардың археологиялық және палеоантропологиялық кезеңдермен арақатынасы жөніндегі көзқарастар түрліше, екіншіден, ертедегі алғашқы қауымдық кезеңінен бастап, адамзат қоғамы біртекті дамыған жоқ, соның әсерінен жоғарыда айтылған әртүрлі қоғамдар қалыптасты.
Мезолит (орта тас ғасыры) Дүниежүзіндегітас дәуірінің классификациясы бойынша көне тас дәуірімен жаңа тас дәуірінің арасында өтпелі дәуір мезолит (мезо- орта, лит - тас) - орта тас дәуірі. Бұл кезең аз зерттелген, сондықтан Қазақстан жерінен табылған есекрткіштер де сирек. Кезеңнің ерекшеліктері - климат жылынып, мұз ери бастады, ірі жануарлар азайып, ұсақ аң-құстар пайда болды, садақ пен жебе және бумеранг, қайық, балық аулау құралдардың пайда болуы. Мезолит климаттағы өзгерістермен белгілі, бұл бәрінен бұрын мұздықтардың кейін шегінуімен байланысты. Бұл кезде қазіргіге жақын флора мен фаунаның құрамы қалыптаса бастады. Сондай ақ бұл уақытта «мамонттық» фауналық кешеннің жойылып кетуіне байланысты өмір сүру қажетін қамтамасыз етудің жаңа тәсілдерін іздестіру жүріп жатты. Кейбір аймақтарда егіншілік пен мал шаруашылығының элементтері, басқаларда балықшылық пен терімші аңшылық шаруашылықтары пайда болды. Мезолитте садақ пен жебелер кеңінен қоладанылды, еңбек құралдарын даярлау техникасында өзгерістер болды.
Б. э. д. 12 мың жылдықтан 5 мыңжылдың аралығын қамтыған орта тас дәуiрi болып саналатын мезолит кезеңiндегi жетiстiк садақ пен жебенiң кең қолданылуы болып табылады. Сондай-ақ еңбек құралдарын дайындауда техникасының таралуын, халықтың орын ауыстыруының артуын мезолиттiң ең жалпы ерекше белгiлерi деп санауға болады.
Палеолиттен мезолитке көшу климаттағы өзгерістермен ерекше болды. Бірінші кезекте бұл мұздықтардың еруімен байланысты. Бұл кезде қазіргісіне жақын гидрографиялық желі орнығып, өсімдіктер мен жануарлар дүниесінің қазіргісіне жақын құрамы қалыптасады. «Мамонттық» жануарлар түрлерінің жойылуы тамақ табудың бұрынғы әдістерін жарамсыз етіп, тіршілік құралдарын қамтамасыз етудің жаңа әдістерін жедел іздестіру қажеттігін туғызды. Мейлінше елеулі фауналық өзгерістер болған бір аймақтарда егіншілік және мал шарушылығы элементтері пайда болып, басқаларында балық аулау және жинау - аңшылық кәсібі қалыптасады. Әдебиетте мезолиттің мейлінше әр түрлі хронологиялық шеңберлері мен оның ерекше сипаттамалары бар. Қазақстан аумағының далалық өңірі үшін ең қолайлысы мезолиттің б. з. б. 10 - 7 мыңжылдықтар бойы болуын мойындау керек. Садақ пен жебенің кеңінен қолданылуын, еңбек құралдарын дайындауда сына техникасының таралуын, халықтың орын ауыстыруының артуын мезолиттің ең жалпы ерекше белгілері деп санауға болады. Мәдени - шаруашылық үлгілердің және еңбек құралдарын дайындау технологиясы сипатының аймақтық ерекшеліктері археологиялық мәдениетті бөліп көрсетуге мүмкіндік береді.
Алғашқы аңшылар жоғарғы палеолиттің өзінде - ақ жайғасқан жерлерінен аңды қамап алуға тиімді орындарға қоныс аударды. Бұл табиғат аймақтарының ауысуына ғана емес, халық санының ұлғаюына да байланысты: аң аулайтын жер таршылық етіп, тұрғындардың бір бөлігі алыс солтүстікке, Ертіс, Есіл, Тобыл, Торғай, Орал өзендерінің аңғарларына қоныс аударады. Мезолиттік тұрақтар осы кезге дейін палеолиттік орындар табылмаған жерлерде пайда болды. Сонымен бірге бүкіл Қазақстан аумағында осы кезге дейін жиырма шақты ғана мезолиттік тұрақтар мәлім және солар ғана жақсы зерттелген, ал палеолиттік тұрақтардың қазірдің өзінде тіркелгені жүзден астам. Бұл тұрғындар санының кемігенін білдірмейді. Ежелгі адамның өмір салты өзгерді, олар неғұрлым жиі қозғалып, аң аулауға қолайлы алаптарды іздестіріп жиі қоныс аударып отырды. Сондықтан бүгінгі күні ортаңғы тас ғасырының тұрақтарын табуға байланысты қиындықтар туып отыр: өйткені олар көбінесе небәрі бір маусым ішінде ғана болып, олардың орнында материлдық қалдықтар қалмады деуге болады. Сонымен бірге б. з. б. 8 мыңжылдыққа қарай қазіргісінен әлдеқайда жұмсақ болған жылы климат ұзақ мерзімді, жылы және басқа тұрғын жайлар салуды қажет етпеді, сондықтан аңшылар өз тұрақтарының орнын оңай әрі тез ауыстырып отырды. Қызылжар қаласына жақын Есіл бойынан Мичурин, Боголюбов - 2, Явленко - 2 тұрақтары табылды. Сәл оңтүстікте, Атбасар маңында - Тельман - 7, -8а, - 9а, -14а, одан оңтүстікте, Қарағанды маңында Әкімбек және Қарағанды -15 тұрақтары бар. Көкшетау маңындағы далалық Шағалалы жағалауындағы Виноградовка -2а, -12 тұрақтары мәлім. Торғай ойпаңы ауданында - Дүзбай - 6, Қостанай қаласы маңында Дачная және Евгеньевка тұрақтары орналасқан.
Әлбетте тұрақтар өзендер мен көлдердің жағасында орналасатын. Жоғарыда айтылғанындай, тұрғын үй құрылыстарының қалдықтары сақталмаған. Есіл өзені аңғарында көлемі 40 - 60 шаршы метр, қаңқасының, қабырғаларының бөренелері терең көмілмеген жеңіл, тік бұрышты құрылыстар болған деп жорамалдауға ғана болады. Сондай-ақ, лашық тәрізді тұрғын жайлар салынған, олардың орындарында шағын шұңқырлар ғана қалған.
Мезолит дәуірінің ең маңызды өнер табысы - садақ. Шынына келгенде адамға ол жоғарғы палеолитте мәлім болған, бірақ оның кең таралуы жеке аң аулауға көшуге байланысты ғана мейлінше қажет болды. Садақ пен жебенің ойлап табылуы өндіргіш күштер дамуында шын мәнінде революция еді. Садақ пен жебе барлық жерге дерлік тез таралды. Ол он мың жылдан астам уақыт бойы ең тез атылатын және ең жаңа қару болды. Оның найза мен шанышқыдан артықшылығы нысананы алыстан атуында ғана емес, сонымен қатар ату әдістерінің алуан түрлі: тұрып та, жатып та, отырып та атуға болатындығында еді. Мезолиттер еңбек құралдарын дайындау техникасында да одан әрі принципті өзгерістер болды: олардың мөлшері тастың мөлшеріне байланысты болған жоқ. Бұл қыстырма техникасының арқасында мүмкін болды. Оның мәні мынада еді: заттың (пышақтың, қанжардың, жебе мен найза ұшының ) негізі сүйектен немесе ағаштан жасалды.
Қазақстан мезолиті ескерткіштерінен табылған материалдық қалдықтар кешенінің Оңтүстік Орал, Батыс Сібір, Шығыс Каспий маңы өңірі ескерткіштерінен елеулі айырмашылықтары жоқ. Жебелер ұштарының түріндегі және бейімделген нұсқаны қосымша өңдеу әдістеріндегі болмашы айырмашылықтарды ғана атап өтуге болады. Мысалы, Мичурин, Дүзбай-6, Дачная тұрақтарындағы геометриялық нысанда қыстырмалар жоқ. Сонымен бірге бұлардағы қыстырма қалақшалар тым шағындығымен ерекшеленеді, сондықтан «микролиттер» деп аталған. Бұл ерекшкліктер аумақтық та, хронологиялық та бола алатын еді. Маңғыстау түбегінің мезолиттік мәдениетінің қалыптасуы туралы мәселе адамның Арал - Каспий су айырығын игеру тарихымен өзара тығыз байланысты. Маңғыстаудың мезолиттік тұрағы (Қызылсу-1 және басқалар) мен Солтүстік - Батыс (Айдабол тобы) және Оңтүстік - Батыс (Дефе-Шығанақ) Үстірттің соларға жақын ескерткіштері ұшты қырғыштардың үлкен тобымен, жиектері ұсақ оймалы және иілген қырғылармен, ассиметриялы және сирек болса да симметриялы трапециялармен, «шағын кескіштермен», кескіштермен, сабынан суарылатын жапырақ сияқты жебе ұштарымен, қыстырмалармен, ұшы қиғаш өткір бізімен, қалақшалармен және қабаттары өңделген ұшы бар сынық тастармен сипатталады.
Неолит (жаңа тас ғасыры) . Ұжымдық еңбек пен өндіріс құрал-жабдықтарына ортақ меншік үстем болған алғашқы қауымның қоғам неолит дәуірінде жаңа құрылымға ие болды. Тайпалардың өз атауы, территориясы, диалектісі және басқа да ерекшеліктері болды. Неолитте адамзат алғашқы жасанды материал қыш ыдыстарды (керамиканы) даярлауды үйренді. Неолит барлық жағынан революциялық дәуір болып табылады. Бұл кезде шаруашылықтың өнімді формалары : егіншілік пен малшылық пайда болды. Неолит дәуірінде бүкіл Қазақстанның территориясын аңшылық өмір салтынан жылқышылыққа, ежелгі металлургия мен егіншілікке өте бастаған кішігірім жауынгер тайпалар тығыз қоныстанды.
Жаңа тас дәуiрi деп аталатын неолит кезеңi шамамен б. э. д. Ү-III мыңжылдықтар аралығын қамтиды. Бұл дәуiрдiң негiзгi жетiстiгi болып жер және мал шаруашылығын игеру (неолиттік төңкеріс) болды. Сондай-ақ неолит кезеңiнде басқа да мәдени-тұрмыстық жаңалықтардың шығуы атап айтқанда кен өндiру, қыш құмыра iсi, тоқыма iсi қоғамның дамуына өз ықпалын тигiзбей қоймады. Бұл кезеңнің басталуы б. з. д. V мыңжылдыққа тура келеді. (б. з. д. VІІ - VІ мыңж басы) . Ол тас өңдеу техникасының әбден жетілген кезі. Қыспа ретушь техникасының жетілуімен бірге, тасты өңдеудің жаңа технологиялық әдістері: тегістеу, бұрғылау, аралау.
Тас балталар, кетпендер, дәнүккіштер, келілер, келсаптар жасала бастады. Нефриттен, яшмадан, серпентениттен, басқа да тастардан әшекейлер - білезіктер, алқалар жасалды.
Неолит дәуірінің аса маңызды белгісі табиғаттың дайын өнісдерін иемдену орнына - жиын - терін мен аң аулаудың орнына келген өндіруші шаруашылыққа негіз болған мал шаруашылығы мен егіншіліктің тууы болып табылады. Шаруашылықтың жаңа түрлері шығуының адамзат қоғамының дамуы үшін орасан зор маңызы болды, адамның еңбек кәсібінің саласын кеңейтті, сонымен қатар оның сипатын сапасы жағынан өзгертті. Адамның экономикалық қызметінің одан кейін талай мың жылдарға созылған бүкіл тарихы едәуір дәрежеде осы екі шаруашылықтың даму, жетілу тарихы болып табылады.
Неолит дәуірінде алғашқы адамдардың қолы жеткен өндіргіш күштер дамуының деңгейі басқа да мәдени - тұрмыстық жаңалықтардың шығуына себепші болды. Қазақстанның ежелгі тұрғындарында кен кәсібінің бастамалары шықты. Қыш құмыра ісі (керамика), тоқымашылық дамыды.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz