Тыныс алу жүйелері



1.Мұрын қуысы.
2.Көмекей оның құрылысы мен қызметі.
3.Кеңірдек, бронхылар, құрылысы
4.Өкпе, оның құрылысы мен қызметі
Тыныс алу жүйесі ағзаның өмірлік маңызы бар қызметтерінің бірі-сыртқы орта мн ағза арасындағы газ алмасуды қамтамасыз етеді.Сондай-ақ иіс сезу және дыбыс шығарып сөйлеу қызметтерін атқарады.
Тыныс мүшелеріне мұрын қуысы,көмекей,кеңірдек,екі бронхы және екі өкпе жатады.Тыныс алу жүйесі екі бөлімнен тұрады: ауа өтетін жолдар және тыныс алу жүйесінің респираторлық бөлімі өкпенің альвеолары. Мұрын қуысы сүйекті негіз бен шеміршектен құралған. . Мұрын қуысының төрт қабырғасы бар: ол-жоғарғы,төменгі және екі бүйір қабырғалары.Жоғарғы қабырғасы сүйектен, екі бүйірі шеміршектерден тұрады.
Мұрынның пердесі мұрын қуысын екі бөлікке бөліп тұрады.Бұл жерде оның сүйекті де шеміршекті де бөліктері болады. Мұрынның төменгі қабырғасы таңдай және жоғарғы жақ сүйектерінен құралған. . Мұрынның қуысының ішкі беті кілегейлі қабатпен қапталған. Мұрынның кілегейлі қабатында қан тамырлары көп болады.Мұрын қуысы көп қабат кірпікті эпителиймен қапталған. Эпителий қабатында көптеген колба тәрізді бездер бар.Олар секреттерімен қылшықтарды ылғалдандырып тұрады.Соның әсерінен мұрын қуысына кірген шаң тозаңдар ұсталынып қалып отырады.

Пән: Медицина
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 4 бет
Таңдаулыға:   
Тыныс алу жүйесі
Жоспар:
1.Мұрын қуысы.
2.Көмекей оның құрылысы мен қызметі.
3.Кеңірдек, бронхылар, құрылысы
4.Өкпе, оның құрылысы мен қызметі.
Тыныс алу жүйесі ағзаның өмірлік маңызы бар қызметтерінің бірі-сыртқы орта мн ағза арасындағы газ алмасуды қамтамасыз етеді.Сондай-ақ иіс сезу және дыбыс шығарып сөйлеу қызметтерін атқарады.
Тыныс мүшелеріне мұрын қуысы,көмекей,кеңірдек,екі бронхы және екі өкпе жатады.Тыныс алу жүйесі екі бөлімнен тұрады: ауа өтетін жолдар және тыныс алу жүйесінің респираторлық бөлімі өкпенің альвеолары. Мұрын қуысы сүйекті негіз бен шеміршектен құралған. . Мұрын қуысының төрт қабырғасы бар: ол-жоғарғы,төменгі және екі бүйір қабырғалары.Жоғарғы қабырғасы сүйектен, екі бүйірі шеміршектерден тұрады.
Мұрынның пердесі мұрын қуысын екі бөлікке бөліп тұрады.Бұл жерде оның сүйекті де шеміршекті де бөліктері болады. Мұрынның төменгі қабырғасы таңдай және жоғарғы жақ сүйектерінен құралған. . Мұрынның қуысының ішкі беті кілегейлі қабатпен қапталған. Мұрынның кілегейлі қабатында қан тамырлары көп болады.Мұрын қуысы көп қабат кірпікті эпителиймен қапталған. Эпителий қабатында көптеген колба тәрізді бездер бар.Олар секреттерімен қылшықтарды ылғалдандырып тұрады.Соның әсерінен мұрын қуысына кірген шаң тозаңдар ұсталынып қалып отырады.
Мұрын қуысында ауа жылынып ,тазаланып өтеді.Ауа жүретін жолдары:жоғарғы,ортаңғы,төменгі мұрын қолқандары. Мұрын қуысына маңдай сүйегінің қуысы, сына сүйегінің және тор сүйегінің қуыстары жалғасып жатады. Мұрын қуысы тыныс және иіс сезу бөлімдеріне бөлінеді, иіс сезу мүшесі - иіс сезу жасушалары рецепторлары жоғарғы мұрын қуысында орналасқан.
Мұрын қуысы арқылы ауа мұрынның артқы тесіктеріменәуелі жұтқыншаққа одан әрі көмекейге өтеді.
Көмекей-тыныс жолы әрі дыбыс шығаратын негізгі мүше болып табылады. Көмекей4-6-шы мойын омыртқалар тұсыында жоғарғы жағынан тіласты сүйекке ,алтөменгі жағынан кеңірдекке жалғасып жатады. Көмекейдің қалқандық қыры тері астында білініп тұрады. Көмекей серпімді және гиалинды шеміршектерден тұрады
Тақ шеміршектерге қалқан шеміршек,сақина тәрізді шеміршек,көмекей қақпағы жатады.
Жұп шеміршектері:қалақша тәрізді,мүйіз тәрізді,( қалақша үстінде) сына тәрізді (мүйіз бен көмекей қақпағының ішкі жағында)
Көмекей, қуысы жоғарғы,ортаңғы төменгі үш бөліктен тұрады.
Оның пішіні құм сағатқа ұқсайды.Жоғарғы бөлімі - көмекейдің кіре-берісінен дыбыс байламына дейін созылып жатады. Көмекейдің жоғарғы тесігі жұту кезінде қақпашасымен жабылады да, тыныс алған кезде ашық жағдайда тұрады. Ортаңғы бөлімі -ең тар бөлімі.Бұл бөлімінде дыбыс сіңірлері болады..Төменгі бөлімі-дыбыс саңылауы төмен жатады,ол екі бүйірінен төмен қарай кеңейе келіп,кеңірдекке жалғасады.
Дыбыс сіңірінің алдыңғы шеті қалқан шеміршекке жалғасып,артқы шеті қалақша шеміршекке жабысады.Екі дыбыс сіңірінің арасын дыбыс саңылауы дейді.Дем алғанда дыбыс сіңірі қозғалмайды,арасындағы саңылау ашық тұрады, содан дыбыс шықпайды.
Сөйлегенде,дыбыс шығарғанда көмекейдің шеміршектері қозғалады даекі сіңірі керіліп кетеді.Керілгенде екі сіңір бір-біріне жақындап, қатарласып қалады.Дем шығарғанда өкпеден шыққанг ауа әбден керіліп тұрған сіңірді тербетеді.Тербелуден дыбыс шығады.
Көмекейдің бұлшық еттері екі түрлі :
1.Тұтасымен қимылдайтын бұлшық еттер
2.Дара қимылдайтын және меншікті бұлшық еттер,
а)қақпақшаның бұлшық еттері
б) дыбыс аппараты бұлшық еттері
Бұл бұлшық еттердің барлығы көлденең жолақты бұлшық еттеріне жатады. Дыбыс аппараты басқаратын бұлшық еттер қызметіне қарай төртке бөлінеді:
1.дыбыс ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ағаш өңдеудің технологиялық процестері
Тыныс алу және оның өсімдік организмі басқа функциялармен байланыстылығы
Батыс дәстүрлі емес жаттығу жүйелері
Дене жаттығуларының шұғылданушылардың физиологиялық көрсеткіштеріне әсері теориясын негіздеу және ғылыми-әдістемелік талдау
Тыныс алу жүйесінің аурулары жайлы
Тыныс алу жүйесінің аурулары туралы мәлімет
Оттегімен емдеу әдістері туралы
Ересек құрттың дене ұзындығы
Тыныс алудың ферменттік жүйелері
Адам қаңқасының құрылысы
Пәндер