Қаржының қызметі мен оның рөлі


Пән: Қаржы
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 67 бет
Таңдаулыға:   

МАЗМҰНЫ

Кіріспе
5
: 1
Кіріспе: Сыртқы экономикалық сфера қызметінің теориялық аспектілері
5: 7
: 1. 1
Кіріспе: Сыртқы экономикалық қызметінің мәні мен мазмұны
5: 7
: 1. 2
Кіріспе: Сыртқы экономикалық қызметінің сыныптамасы және оның қысқаша сипаттамасы
5: 13
: 2
Кіріспе: Сыртқы экономикалық қызметті реттеудің нысандары мен әдістері
5: 18
: 2. 1
Кіріспе: Сыртқы экономикалық қызметті реттеудің тура және жанама әдістерін талдау
5: 18
: 2. 2
Кіріспе: Сыртқы экономикалық қызметті салықтық реттеу
5: 22
: 2. 3
Кіріспе: Валюталық ресурстарды қалыптастыру және пайдалану
5: 26
: 3
Кіріспе: Қазақстан Республикасының төлем балансы
5: 39
: 3. 1
Кіріспе: Қазақстан Республикасының 2007-2010 жылдар аралығындағы төлем балансының динамикасы
5: 39
: 3. 2
Кіріспе: Елдің төлем балансын жетілдіру жолдары
5: 59
:
Кіріспе: Қорытынды
5: 67
:
Кіріспе: Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
5: 69

Кіріспе

Тақырыптың өзектілігі. Қызметтің сыртқы экономикалық сферада дамытудағы қаржының рөлі нарықтық қатынаста аса маңызды рөл атқарады. Әрбір экономикалық категорияның өзінің өзгешелігі болады, тиісті қатынастарды білдірудің белгілі бір түрлері, нысандары мен әдістері арқылы көрінеді. Қаржы қоғамдық қатынастар жүйесінің серпінін анықтаушы неғүрлым жалпы ұғым ретіндегі әлеуметтік механизмнің ұқсас құрамды бөліктерімен де өзара іс-әрекет етеді.

Сыртқы экономикалық сферадағы қызмет мемлекеттің, оның жеке және заңи тұлғаларының ұқсас шетелдік қатысушыларымен және халықаралық қаржы-кредит институттарымен сауда, кредиттік, салықтық, инвестициялық, борыштық, есеп-қисаптық, сақтық, трансферттік және өзге операциялар кезінде қатысуымен байланысты қатынастардың кең шеңберін қамтиды.

Кез келген қоғамда мемлекет қаржыны өзінің функциялары мен міндеттерін жүзеге асыру үшін, белгілі бір мақсаттарға жету үшін қаржылық саясаты нысанында пайдаланады. Қойылған мақсаттарды іске асыруда қаржы саясаты маңызды рөл атқарды. Оны жасап, жүзеге асыру процесінде қоғам алдында түрған міндеттерді орындаудың шарттары қамтамасыз етіледі. экономикалық мүдделерге ықпал жасаудың белгілі құралы болып табылады. Осыған байланысты сыртқы экономикалық қатнастарды басқару жүйесін негіздеу мен жалпы сыртқы қатынастардағы қаржыны басқару тетіктерін жетілдірудің тиімді нысандары мен әдістерін анықтау өзекті болып табылады.

Міне, осында менің дипломдық жұмысымның өзектілігі жатыр. [1] Қаржының рөлі өте маңызды болып табылады және халықаралық реттеуде негізгі орындардың бірін иеленеді.

Демек, дипломдық жұмысымның мақсаты - қаржының қызметі мен оның рөлі жайындағы ақпараттар мен мәліметтерді қолдана отырып, осы тақырыпты толығымен бейнелеп көрсету.

Дипломдық жұмысымның міндеті - сыртқы экономикалық қызметті дамытудағы қаржының рөлін жүйелі түрде талдап, оның әдістері мен нысандарына сипаттама беру және осы аталып отырған сыртқы экономикалық қызметті дамытудағы қаржының рөлін баса көрсетіп, айқындап беру.

Зерттеудің объектісі - Қазақстан Республикасының жалпы сыртқы қарызы мен елдің төлем балансы болып табылады.

Зерттеудің пәні - Қазақстан экономикасының тұрақты дамуы жағдайындағы жалпы сыртқы экономикалық қызметті дамытудағы қаржы жүйесін қалыптастыру және дамыту процестері болып табылады.

Мәселенің ғылыми өнделу дәрежесі. Сыртқы экономикалық қызметті дамытудағы қаржының рөлі сұрақтарға, нақты қаржы категорияларын экономикада пайдалануға, оның дамытуды реттеуге қолданылуына байланысты теориялық және әдістемелік сауалдарына, әсіресе мемлекеттік шығындарды несиелік қаржыландыру бағытына Р. Барро, Б. Д. Бернхайн, М. Персон, А. Смит, Д. Рикардо және басқалардың зерттеулері арналған. Орыс ғалымдары Е. П. Баранова, А. Вавилов, П. С. Гримберг, И. Б. Златкис, Д. И. Кокурин, А. Селезнев, А. Саркисянц, Б. А Хейфец және басқалардың еңбектері мемлекеттік қарыздың теориялық және практикалық мәселелерін талдауға, олардың экономикаға ықпал ету шамасына байланысты мәселелеріне арналған. Мемлекеттік қарыздарды дамытудың мәселелері кең деңгейде қазақ ғалымдары С. Құлпыбаев, С. Ж. Ынтықбаева, В. Д. Мельников сияқты белгілі ғалымдарымыздың 2011жылғы «Қаржы» оқулығы, А. Д. Үмбеталиев, Ғ. Е. Керімбек «Салық және салық салу», ал орыс әдебиеттерінен Балабанов А. И., Балабанов И. Т. «Финансы», Берлин С. И. «Теория финансов» және т. б. Негізгі әдебиет ретінде Қ. Қ. Ілиясов және тағы басқа авторлардың ғылыми еңбектерінен көрінеді.

Дипломдық жұмыс құрылымы мен көлемі. Дипломдық жұмыс кіріспе, үш бөлім, қорытынды, пайдаланған әдебиет тізімі тұрады.


1 Сыртқы экономикалық сфера қызметінің теориялық аспектілері

1. 1 Сыртқы экономикалық қызметінің мәні мен мазмұны

Нарықтық қатынастарға көшу өзара байланыста және әлемдік эконо-микамен бәсекелестікте дамитын ашық тұрпаттағы экономикамен бірге әлемнің көптеген елдерімен халықаралық экономикалық байланысты кеңейтуді қажет етеді.

Қызметтің сыртқы экономикалық сферасы мемлекеттің, оның жеке және заңи тұлғаларының ұқсас шетелдік қатысушыларымен және халықаралық қаржы-кредит институттарымен сауда, кредиттік, салықтық, инвестициялық, борыштық, есеп-қисаптық, сақтық, трансферттік және өзге операциялар кезінде қатысуымен байланысты қатынастардың кең шеңберін қамтиды. Басқаша айтқанда, бұл - валюталық есеп-қисап жүйесі ортақтастыратын резиденттердің бейрезиденттермен, елдің экономикалық агенттерінің «үшінші дүниемен» (Ұлттық шоттар жүйесінің түсіндірмесі бойынша) қатынастары. Бұл қаты-настарда және сыртқы экономикалық байланыстар жүйесінде қаржы үлкен рөл атқарады. Ол шаруашылық жүргізудің экономикалық құралы ретінде Қазақ-станның әлемдік экономикаға ықпалдасуын жүзеге асыру үшін пайдаланылады. Халықаралық экономикалық байланыстар сферасында қалыптасып отырған қаржылық механизм Қазақстан Республикасының халықаралық ынтымақ-тастығы саласында мемлекеттің қаржылық саясатын іске асырудың құралы бо-лып табылады.

Іс-қимыл жасаудың айрықша нысаны ретіндегі сыртқы экономикалық қызметтің қаржысы өзгеше белгілерге ие. Ол тек ұлттық валютада ғана емес, сондай-ақ шетелдік валютада да қалыптасатын ресурстарда нақты түрде көрінеді. Бөлгіштік қатынастардың міндетті субъектілері шетел мемлекеті, халықаралық ұйым, фирма және басқалары арқылы шетелдік әріптестер болып табылады. Қаржылық қатынастар ұлттық экономикалардың шекарасынан шығып кетеді және халықаралық ықпалдастық үдерістің дамуы мен тереңдей түсуіне жәрдемдесе отырып, оны жүзеге асырады.

Халықаралық байланыстарды дамытуда қаржының рөлі үш бағыт бойынша көрінеді:

  • қаржы көздерін іздестіру және халықаралық ынтымақтастықтың әр түрлі бағыттарын қаржыландыру үшін қажетті қаржылық ресурстарды жұмылдыру;
  • халықаралық ықпалдастық үдерістерді реттеу;
  • халықаралық қатынастардың әрбір түрін және бұл қатынастардың тікелей қатысушыларын ынталандыру;

Дамудың қазіргі кезеңінде сыртқы экономикалық байланыстарға мыналар жатады:

1) сыртқы сауда - тауарларды, қызметтерді, жұмыстарды, ақпаратты, зияткерлік қызмет нәтижелерін халықаралық айырбастау саласындағы кәсіптік қызмет;

2) шетелдік инвестициялау: капиталды жұмсау, бірлескен кәсіпкерлік, соның ішінде заңи тұлғалардың мүлкіне акциялар және басқа бағалы қағаздар арқылы үлестік қатысу, концессиялар - елдің аумағында шаруашылық және өзге қызметті жүзеге асыру үшін мемлекет меншігіндегі табиғат ресурстарын, әр түрлі объектілерді пайдалануға мүліктік құқықтарды алу, меншікті жалдау;

3) халықаралық қаржы-кредит ұйымдарына қатысу; сыртқы экономикалық қызметтің бұл нысанымен шетелдік кредиттер мен қарыздарды беруге байланысты және халықаралық қаржы және басқа ұйымдарға жарналар төленеді;

4) ғылым, техника, мәдениет, туризм, спорт салаларындағы ынтымақтастық;

5) шет елдерде елшіліктерді, консулдықтарды және басқа қызметкерлерді ұстау жөніндегі есеп-айырысымдарын жүргізу.

Дамыған елдердің экономикасында сыртқы экономикалық қызметтің маңызды құрамды бөлігі шетелде өнеркәсіптік, азаматтық, көлік және өзге объектілерді тұрғызу немесе салу болып табылады; алайда қызметтің бұл түрін қаржылық және материалдық-техникалық ресурстардың формалды мойын-далған жетіспеушілігінен Қазақстан қолданбайды. Осымен бір уақытта эконо-миканың «көлеңкелі» секторы шетке «капиталдың жылыстауы» болып табы-латын шетелдік активтерге: шетел банктеріндегі депозиттерге, бағалы қағаз-дарға капитал салу нысанындағы сыртқы инвестициялауды, жылжымайтын мүлік сатып алуды және т. б.

Арнаулы (еркін) экономикалық аймақтарды - айрықша құқықтық және экономикалық режімі бар арнайы бөлінген аумақтарды қалыптастыру қыз-меттің ерекше түрі болып табылады, олар аймақты жеделдетілген әлеуметтік-экономикалық дамыту үшін шетелдік капиталды, прогрессивті шетелдік техно-логиялар мен басқару тәжірибесін тарту мақсатымен құрылады. [2]

Аталған сыртқы экономикалық байланыстарды дамыту республиканың шетелдермен валюталық-қаржылық, есеп-қисаптық және кредиттік қатынас-тардың негізіне қойылған (1-кесте) .

1-кесте

Сыртқы сауда айналымының динамикасы

млн. АҚШ долл.

:
2006 ж.: 2006 ж.
2007 ж.: 2007 ж.
2008 ж.: 2008 ж.
2009 ж.: 2009 ж.
2010 ж.: 2010 ж.
: Сыртқы сауда айналымы
2006 ж.: 61927, 2
2007 ж.: 80511, 7
2008 ж.: 109072, 6
2009 ж.: 71604, 4
2010 ж.: 88976, 6
: Экспорт
2006 ж.: 38250, 3
2007 ж.: 47755, 3
2008 ж.: 71183, 6
2009 ж.: 43195, 7
2010 ж.: 59216, 6
: Импорт
2006 ж.: 23676, 9
2007 ж.: 32756, 4
2008 ж.: 37889, 0
2009 ж.: 28408, 7
2010 ж.: 29760, 0

Дереккөз: Қазақстан Республикасының Статистика жөніндегі агенттігінің мәліметі негізінде

Статистика жөніндегі агенттіктің мәліметі бойынша Қазақстанның сырт-қы сауда айналымы (ұйымдастырылмаған сауданы есепке алмағанда) 2010 жы-лы 89 миллиард АҚШ долларын құрап, алдыңғы жылмен салыстырғанда 24, 3 %-ға көбейді (1-кесте) . Бұл ретте экспорттың құндық көлемдері 37, 1 %-ға өсіп, 59, 2 миллирад доллардан асты, импорттың құндық көлемдері 4, 0 %- ға өсіп, 29, 8 миллиардқа жуық долларды құрады. Сауда балансының оң саль-досы алдыңғы жылдың көрсеткішінен (14, 79 миллиард доллар) екі есеге өсіп, 29, 5 миллиард долларды құрады.

Сыртқы сауда саласындағы көрсеткіштердің айтарлықтай өсуіне Қазақ-стан, Ресей және Беларусь мемлекеттері арасында 2010 жылғы 1 қаңтардан бастап жұмыс істей бастаған Кедендік одақ ерекше игі ықпал еткендігін атап көрсету керек. Кедендік одақтың алғашқы қорытындылары көрсетіп отыр-ғанындай, 2010 жылы Ресейге шығарылған қазақстандық тауарлардың экспор-ты 35, 9 пайызға, Беларуське шығарылған өнімдер 1, 6 есеге артқан. Ресейден әкелінген импорт көлемі 23, 7 пайыз, ал Беларусь импорты-ның көлемі 24, 5 па-йызға артты. Кедендік одаққа мүше мемлекеттермен тауар айналымының көле-мі 2010 жылы 16, 5 миллиард АҚШ долларын құрап, 28, 1 пайызға өсті. Кеден одағы мемлекеттерімен сыртқы сауда айналымы Қазақстанның жалпы сауда айналымының 18, 5 пайызына тең болды.

Қазақстандық экспорттың тауарлық құрылымы 2010 жылы да жақсы жақ-қа өзгермеді. Экспорттың жалпы көлемінде минералдық өнімдердің үлес салма-ғы жыл ішінде 74, 0 %-дан небәрі 74, 9 %-ға өсті. Бұл ретте химия өнімінің үлесі 5, 3 %-дан 5, 1%-ға, азық-түлік тауарлары мен шикізат 3, 8 %-дан 3, 4%-ға, ма-шиналар мен жабдық 0, 9%-дан 0, 8%-ға төмендеді.

Өндірістің қазіргі қалыптасып отырған құрылымына байланысты Қазақстан экспортының едәуір үлесі әзірше шикізатқа, түсті металдарға, материалдарға, отынға, астыққа және шала фабрикаттарға тиіп отыр. Мысалы, минералдық өнімдер мен металдарға 88%-ға дейіні тиеді, қалған барлық тауарларға 12%-ы тиіп отыр, соның ішінде машиналар мен құрал-жабдық экспорттық жеткізілімнің небәрі 0, 8%-ын құрайды. Сөйтіп біздің еліміз бұрынғысынша әлемдік нарықта шикізаттық ресурстардың экспорттаушысы болып қалуда.

Қазақстанның сыртқы саудадағы негізгі әріптестері Қытай және Ресей болып табылады. Қытайға тауарлар экспортының үлесі 2010 жылы 17, 1 %-ды (немесе 10, 1 миллиард доллардан артық), Италияға 16, 2 %-ды, Ресейге 8, 1 %-ды, Францияға 7, 5 %-ды құрады. Бұл ретте импорттың барлық көлемінің 37 %-ы Ресейге, 13, 3 %-ы Қытайға, 6, 1 %-ы Германияға, 5, 3 %-ы Италияға тиеді.

Басқа алыс және жақын шетелдерге тауарлар экспорты, сондай-ақ импорты 5%-дан келіп отыр.

2020 Стратегиялық жоспарға сәйкес 2020 жылға қарай экспорттың жалпы көлемінде шикізаттық емес экспорттың үлесі 27-ден 45%-ға дейін ұлғаюы тиіс.

Қаржылық практикада «экспорттың бюджеттік тиімділігі» - валюталық түсім-ақша мен шығындардың (өнім өндіруге жұмсалынған шығындардың, ішкі бағалардағы оның құны және қосымша шығыстар - көлік, жүкті ауыстырып тиеу, порттарда, стансаларда сақтау шығындарының) арасалмағы ұғымы қолданылады. Валюталық түсім-ақша Ұлттық банктің бағамымен теңгеге қайта саналады. Экспорттың тиімділігі оның құрылымын жетілдіруді арттыру, яғни машина жасау өнімін, қызметтің еңбекті және ғылымды көп қажетсінетін түрлерін көбейту жолымен мүмкін болады.

Импортта негізгі баптар машиналар, құрал-жабдық, тұтыну арна-лымының тауарлары болып табылады. Машиналардың, құрал-жабдықтың, көлік құралдырының, приборлардың үлес салмағы 46, 6%-ды, металдар және олардан жасалынған бұйымдар - 13, 3%, минералдық өнімдер, электр қуатын қоса - 13, 1%, химия және онымен байланысты өнеркәсіп салаларының өнімдері - 10, 6%, азық-түлік тауарлары - 6%-ды құрайды.

Экспорт бойынша Қазақстанның қазіргі әріптестері (жеткізілімдердің азаюы ретімен) Италия, Швейцария, Ресей, Қытай, Франция болып табылады; ұзақ уақыт (2004 жылға дейін) қазақстандық экспорттың негізгі тұтынушыларының ішінде оффшорлық аумақтар - Бермуд және Виргинд аралдары есептеліп келді. Импорт бойынша Ресей, Қытай, Германия, Украина, АҚШ, Италия, Жапония әріптестер болып табылады.

Макроэкономикалық теорияға сәйкес экспорттың импорттан асып (таза экспорт) таза ұлттық өнім көлеміне оның мультипликациялануы (көбеюі) әсеріне байланысты ұлттық экономиканы дамытудың қолайлы факторы деп есептеледі. Сонымен бірге бұл асып түсу елдің төлем балансының (ондағы сауда балансының едәуір арасалмағы жағдайында) оң айырмасын тудыруы мүмкін. Жалпы валюталық қаражаттардың экспорттық түсімдері есебінен елдің импорты қаржыланады. Қысқа мерзімді жоспарда импорттың экспорттан асып түсуі қолайсыз фактор болып табылмайды, өйткені отандық тұтынушылар қажетті тауарларды, әсіресе олардың меншікті нарықтағы тапшылығы кезінде көп алады. Алайда ұзақ мерзімде бұл құбылыс төлем балансының пассивін теңестіру үшін пайдаланылатын ресми валюталық резервтердің сарқылуына ұрындыруы мүмкін. Төлем баланстарының орнықты және ұзақ тапшылықтары экономиканы күрделі қайта құруды, сауда тосқауылдары мен басқа шектеулерді қажет етеді, ұлттық валютаның құнсыздануына, елдің сыртқы берешегінің көбеюіне соқтырады.

Экспорттық операцияларды жүргізуде Қазақстан Республикасының негізгі әріптестері ТМД елдері - 15%, басқа елдер 85% болып табылады, импорттық операцияларда ТМД елдері 47%, басқа елдер 53%-ды алады.

Сыртқы экономикалық қызметтің маңызды аспекті - шетел инвесторларының қатысуы және Қазақстан экономикасы тұрақтандыру үшін шетел кредиттерін тарту. Бұл қаражаттар ұлттық шаруашылықтың құрылымын жетілдірудің басым міндеттерін шешу, нарықты тұтыну тауарларымен молайту және экспорттық әлуетті кеңейту үшін нысаналы әрі тиімді пайдаланылуы тиіс. Сыртқы кредиттерді қамтамасыз ету үшін алтын-валюталық резервтер жасалған, олар сонымен бірге ұлттық валютаны да қамтамасыз етеді. Кредиттерді қамтамасыз етудің басқа нысаны экспорттық тауарлардың босалқы қорлары болып табылады.

Шетелдік капитал елге кредит, дамуға ресми көмек, инвестициялар сияқты үш әр түрлі нысанда түседі.

Инвестициялардың екі түрі болады: тура және портфелдік. Тура инвестициялар дегеніміз шетелдік капиталды оның егесінің өз тәуекелдігімен пайда алу үшін басқа елдің экономикасына жұмсауы. Портфелдік инвестициялар - қаражаттарды жалған капиталға - басқа елдің заңи және жеке тұлғалары шығаратын бағалы қағаздарға жұмсау.

Шетелдік инвестицияларды тарту үшін қажетті жағдайларды қамтамасыз ету талап етіледі:

  • шетелдік инвесторлардың қызметімен жұмыс істеу құқығына рұқсат берумен, ел ішінде жүріп-тұрумен, кедендік және шекаралық бақылаудан өтумен, рұқсатнама берумен және т. б. байланысты әкімшілік рәсімдерді ықшамдау.
  • елдің ұлттық мүдделері үшін қызмет түрлеріндегі басымды салық жеңілдіктерін және басқа жеңілдіктерді беру (жеңілдетілген мөлшерлемелер, инвестицияларға немесе кредиттерге салықтық шегерімдер, жеңілдетілген баждар, жеделдетілген амортизация (өтелім) және басқалары) ;
  • жерді, жылжымайтын дүние-мүлікті пайдалану құқығын қамтасасыз ету, қызметкерлерді оқытуға субсидиялар беру;
  • пайда әкетіліміне үкімет кепілдіктерін немесе оны қайта капиталдандырудың жеңілдетілген шарттарын беру. [3]

Ұлттық банктің мәліметтері бойынша тәуелсіздік жылдарында еліміздің экономикасына тура шетелдік инвестициялар ағылуының тұрақты өсу динамикасы байқалуда, жалпы сомасы 120 миллиард АҚШ долларынан аса шетелдік инвестициялар тартылды. Қарастырылып отыған кезеңде шетелдік инвестициялардың құрылымында басымдық жағдайда Нидерланды (21, 6%) мен АҚШ (17, 18%), сонымен бірге Ұлыбритания (8, 3%), Франция (5, 6%) және Виргин аралдары (5, 3%) алады. Негізгі инвестор елдерінің бірінші бестігінің үлесіне барлық жинақталған инвестициялардың (68, 6 миллиард АҚШ доллары) 57, 9%-ы тиеді. Және де бұл секторда инвестициялардың негізгі ауқымы геологиялық барлауға келіп отыр. Қазіргі уақытта инвестициялар тарту жөнінен Қазақстан ТМД елдері бойынша көш басында келеді.

Сараптамалық бағалау бойынша Орталық Азияға келген тура инвестициялардың 80 пайыздан астамын Қазақстан экономикасы алып отыр. Бүкіләлемдік банк біздің елімізді инвестициялар әкелуге өте қолайлы 20 елдің қатарына қосты.

Қазақстан Халықаралық валюта қорының, Халықаралық қайта құру және даму банкінің, Халықаралық қаржы корпорациясының, Халықаралық даму ассоциациясының, Инвестицияларды кепілдендірудің көпжақты агенттігінің, Инвестициялық дау-дамайларды реттеу жөніндегі халықаралық орталықтың мүшесі болып табылады. Осыған сәйкес Қазақстан көрсетілген ұйымдар қатысушысының барлық міндеттемелерін өзіне алады, халықаралық қаржы-кредит және басқа ұйымдарға қатысудан туындайтын мүшелік жарналарды, борыштық операциялар мен мәмілелер бойынша қажеті төлемдерді жүзеге асырады. Мүшелікке байланысты Халықаралық валюталық қордан еліміз валюта бағамын реттеу үшін және алынған қарызды тиімді пайдалану және экономикалық өсуді жүзеге асыру бойынша реформалар серияларын жүргізу жағдайында сыртқы экономикалық есеп айырысу саласындағы қиыншылық кезінде кредиттер алады. Қарыздар мен кредиттерді Халықаралық банк пен оның филиалдары - Халықаралық даму ассоциациясы (жеңілдікті ұзақ мерзімді кредиттер) мен Халықаралық корпорация (несиелік капиталдар рыногында орташа жылдық мөлшерлемелерден асатын мөлшерлемелер бойынша жоғары рентабелді жекеше кәсіпорындарға жұмсалатын қаржыландырады) бере алады.

Туризм әлемнің көптеген елдерінде экономика мен қоршаған ортаға әсер ететін маңызды әрі кешенді фактор болып табылады. Бүкіләлемдік туризм ұйымының мәлімдеуінше, әлемдегі жалпы өнім көлемінің 10 пайызын туризм саласындағы кіріс құрайды, халықаралық инвестицияның 11 пайызын береді екен. Туризмнен түсетін кірістің жаһандық ауқымы 4 миллион долларға жетеді. Туризм саласындағы бизнес әлемі барлық мемлекеттің 800 миллиардтан астам долларын салықтық түсімдермен қамтамасыз етеді. Бұл туризмнен түсетін пайданың мұнай мен көлік тасымалынан кейінгі үшінші орынды мығым иеленіп отырғанын көрсетеді.

2008 жылы еліміздегі туризмнен түскен жалпы кіріс 74 миллиард теңгені құрады. Бұл көрсеткіш 2007 жылға қарағанда 17%-ға артық.

Ел экономикасын дамытуға үлес қосуға тиіс туризмді өркендету Қазақстанда арнайы заңдастырылғаны мәлім. 2006 жылдың аяғында «Қазақстан Республикасында туризмді дамытудың 2007-2011 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің жарлығы қабылданған.

Мемлекеттік бағдарламаның іске асырылуы ұлттық туристік өнімнің тартымдылығын арттыруға және Қазақстанның әлемдік туристік нарық жүйесіне кіруіне жәрдем ететін болады. Мемлекет экономикасының шикізаттық емес секторы ішіндегі біршама табысты саласына айналуға мүмкіндігі бар, дамыған бәсекеге қабілетті туристік индустрия құрылатын болады. Бұл ретте республикада Қазақстанның Орталық Азия өңірінің туризм орталығына айналуына нақты жағдайлар мен мүмкіндіктер жасалады.

Шет елдерде елшіліктерді, консулдықтарды және басқа қызметкерлерді ұстауды және олардың жұмысын қаржыландыру дамудың казіргі кезеңінде сыртқы экономикалық байланыстар қызметінің бірі болып отыр.

Тәуелсіз даму жылдарында еліміздің сыртқы саясатын белгілейтін Президенттің тікелей басшылығымен Қазақстан дипломатиясы ойдағыдай дамып, ол біздің мемлекеттің әлемдік қауымдастықтан өзінің лайықты орын алуына жақсы қызмет етіп отыр. Қазіргі кезде 80-астам елде Қазақстанның елшіліктері мен консулдықтары жұмыс істейді.

Сыртқы экономикалық қызметті дамытудың негізі көптеген шаруашылық заңдарында қаланған. Бұл қызметті кеңейту өзара байланыста және әлемдік экономикамен бәсекелестікте дамитын ашық тұрпаттағы экономиканы қалыптастыруды қажет етеді.

1. 2 Сыртқы экономикалық қызметінің сыныптамасы және оның қысқаша сипаттамасы

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қаржылар және олардың нарықтық экономикадағы ролі
Кәсіпорындардың орталықтандырылмаған ақша қорларының айналымын ортақтастыратын экономикалық ақша қатынастары
Қаржының мәні мен қызметі. Қаржылық жүйе
Экономикалық ақша қатынасы
Ақша теориясы, түрлері, даму кезеңдері қызметі
Қазақстан Республикасының қаржы жүйесін талдау
Қаржының экономикалық мәні
Қаржылық кәсіпкерліктің артықшылықтары
Қазақстан Республикасының қаржы жүйесіне талдау
Қазақстанның қаржы жүйесі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz