Дарындылық психологиясы



МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3

1.тарау. Дарындылық психологиясының теориялық
қағидалары
1.1.Дарындылық туралы жалпы түсінік ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 5
1.2Дарындылық проблемасын зерттеу тарихынан ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 15
1.3.Дарындылықтың жас кезеңдеріне сай дамуы. Бастауыш
Сыныптағы дарындылықтың ерекшеліктері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...22

2.тарау. Бастауыш сынып оқушылары дарындылығын
эксперименталды зерттеу
2.1.Зерттеу мақсаты, болжамы, әдістемелер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .29
2.2.Дарынды балалармен жеке.дара жұмыс жүргізудің
психологиялық.әдістемелік нұсқаулары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .42

Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..46

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 47
Қосымшалар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .49
КІРІСПЕ

Жұмыстың өзектілігі: Дарындылық дегеніміз не? Сирек кездесетін жеке-дара қасиет пе немесе әлеуметтік шындық па? Және дарынды балаларға қалай қарау керек? Олар ерекше бағыт пен еркеше даму, көзқарасты қажетсіне ме?
Дарындылық көптеген балалар үшін, ата-ана мен мұғалімдер үшін әлі де жұмбақ күйінде қалып отыр. Қалың көпшілік қауым үшін маңызды проблема болып, ең алдымен оның шынайы байқаулары, анықталу тәсілдері, дамуы мен әлеуметтік жүзеге асуы табылады. Дарынды балалар жөніндегі бүгінгі қамқорлық - бұл ертеңгі ғылым, мәдениет пен әлеуметтік өмірдің дамуы туралы қамқорлық. Қазіргі таңда мұндай ерекше балаларды, анықтау тәсілдері, өз қабілеттерін жүзеге асыруға көмек беру бағдарламалары бар.
Дегенменен, дарынды және талантты балаларды анықтау және дамыту проблемасы бүгінгі күні де бар, балалардың өз дарындылығы мен оны шығармашылық тұрғыда жүзеге асыруда жеке жауапкершілікті түсінуде әлі де проблема бар.
Балалардың дарындылығы мәселесімен шетелдік және отандық психологтар айналысты. Шығармашылық дарындылық психологиясы саласы бойынша ауқымды зерттеулер жүргізілгені белгілі. Ол американдық психологтар: Дж. Гилфорд, П. Торренс, Ф. Баррон, К. Тейлор. Ал психологтар Дж. Кэрол мен Б. Блумның идеялары негізінде дарынды балаларды оқыту әдістемесі жасалынды. Ерекше дарынды балалар мәселесімен Ж. Брюно айналысты. (“одаренные дети: психолого-педагогические исследования и практика”).
Дарындылық проблемасын отандық психологтар да зерттеді. Олар: А. М. Матюшкин өзінің “Шығармашылық дарындылықтың тұжырымдамасы” еңбегінде, Шумакова Н.Б. өзінің бірқатар еңбектерінде, Чистякова Г.Д. өзінің “Танымдық құрылымды дамытудағы шығармашылық дарындылық” атты мақаласында С. Юркевич “Практик психолог жұмысындағы дарындылық диагностикасы мен оны болжау проблемалары” еңбегінде баяндалады.
Біздің дипломдық зерттеу жұмысымыздың мақсаты: дарынды бастауыш сынып оқушыларының дарындылығын зерттеу.
Зерттеу міндеттері:
1. Дарынды балалардың ерекше қасиеті жөніндегі әдебиеттерге толық теориялық талдау жүргізу.
2. Дарынды балалар ақыл-ой ерекшеліктерін және жеке қасиеттерін зерттеу.
3. Дарынды балалармен жұмыс істеудің ерекше бағдарламасын құру.
Зерттеу әдістері:
1. балалардың дарындылығын бақылау.
2. Олардың ерекшелігін психологиялық анықтау әдістері.
3. Ата-ана, балалармен жүргізілетін сұхбат, сауалнама.
4. Дарындылық деңгейлерін анықтайтын әдістемелер кешені.
Зерттеудің әдіснамалық негізі: Л.С. Выготскийдің мәдени-тарихи даму тұжырымдамасы, А.М. Матюшкиннің шығармашылық дарындылық тұжырымдамасы, С. Юркевичтің, дарындылықты анықтау еңбектері, С.М. Джакуповтың танымдық іс-әрекет психологиясы.
Зерттеудің теориялық құндылығы. Дарынды балалармен жұмыс істеудің теориялық негіздемесі құрылып, дарындылық табиғаты жөнінде қазақ тіліндегі әдебиет қатары толықтырылды.
Зерттеудің практикалық мәні: Дарынды балаларды диагностикалау, олардың танымдық мүмкнідіктерін ажыратуда әрі дамытуда қажетті практикалық құрал болып табылады.
Дипломдық зерттеу жұмысының базасы: Шымкент қаласындағы №157-ші орта мектептің бастаушы сынып оқушылары.
Дипломдық жұмыс кіріспеден, екі тараудан, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

Пән: Психология
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 53 бет
Таңдаулыға:   
МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3

(-тарау. Дарындылық психологиясының теориялық
қағидалары
1.1.Дарындылық туралы жалпы
түсінік ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .5

1.2Дарындылық проблемасын зерттеу
тарихынан ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 15
1.3.Дарындылықтың жас кезеңдеріне сай дамуы. Бастауыш
Сыныптағы дарындылықтың
ерекшеліктері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...22
((-тарау. Бастауыш сынып оқушылары дарындылығын
эксперименталды зерттеу
2.1.Зерттеу мақсаты, болжамы,
әдістемелер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .29
2.2.Дарынды балалармен жеке-дара жұмыс жүргізудің
психологиялық-әдістемелік
нұсқаулары ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .4
2

Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 46
Пайдаланылған әдебиеттер
тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
..47
Қосымшалар ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 49

КІРІСПЕ

Жұмыстың өзектілігі: Дарындылық дегеніміз не? Сирек кездесетін жеке-дара
қасиет пе немесе әлеуметтік шындық па? Және дарынды балаларға қалай
қарау керек? Олар ерекше бағыт пен еркеше даму, көзқарасты қажетсіне ме?
Дарындылық көптеген балалар үшін, ата-ана мен мұғалімдер үшін әлі де
жұмбақ күйінде қалып отыр. Қалың көпшілік қауым үшін маңызды проблема
болып, ең алдымен оның шынайы байқаулары, анықталу тәсілдері, дамуы мен
әлеуметтік жүзеге асуы табылады. Дарынды балалар жөніндегі бүгінгі
қамқорлық - бұл ертеңгі ғылым, мәдениет пен әлеуметтік өмірдің дамуы
туралы қамқорлық. Қазіргі таңда мұндай ерекше балаларды, анықтау
тәсілдері, өз қабілеттерін жүзеге асыруға көмек беру бағдарламалары бар.
Дегенменен, дарынды және талантты балаларды анықтау және дамыту
проблемасы бүгінгі күні де бар, балалардың өз дарындылығы мен оны
шығармашылық тұрғыда жүзеге асыруда жеке жауапкершілікті түсінуде әлі де
проблема бар.
Балалардың дарындылығы мәселесімен шетелдік және отандық психологтар
айналысты. Шығармашылық дарындылық психологиясы саласы бойынша ауқымды
зерттеулер жүргізілгені белгілі. Ол американдық психологтар: Дж. Гилфорд,
П. Торренс, Ф. Баррон, К. Тейлор. Ал психологтар Дж. Кэрол мен Б.
Блумның идеялары негізінде дарынды балаларды оқыту әдістемесі жасалынды.
Ерекше дарынды балалар мәселесімен Ж. Брюно айналысты. (“одаренные дети:
психолого-педагогические исследования и практика”).
Дарындылық проблемасын отандық психологтар да зерттеді. Олар: А. М.
Матюшкин өзінің “Шығармашылық дарындылықтың тұжырымдамасы” еңбегінде,
Шумакова Н.Б. өзінің бірқатар еңбектерінде, Чистякова Г.Д. өзінің
“Танымдық құрылымды дамытудағы шығармашылық дарындылық” атты мақаласында
С. Юркевич “Практик психолог жұмысындағы дарындылық диагностикасы мен оны
болжау проблемалары” еңбегінде баяндалады.
Біздің дипломдық зерттеу жұмысымыздың мақсаты: дарынды бастауыш
сынып оқушыларының дарындылығын зерттеу.
Зерттеу міндеттері:
1. Дарынды балалардың ерекше қасиеті жөніндегі әдебиеттерге толық
теориялық талдау жүргізу.
2. Дарынды балалар ақыл-ой ерекшеліктерін және жеке қасиеттерін
зерттеу.
3. Дарынды балалармен жұмыс істеудің ерекше бағдарламасын құру.
Зерттеу әдістері:
1. балалардың дарындылығын бақылау.
2. Олардың ерекшелігін психологиялық анықтау әдістері.
3. Ата-ана, балалармен жүргізілетін сұхбат, сауалнама.
4. Дарындылық деңгейлерін анықтайтын әдістемелер кешені.
Зерттеудің әдіснамалық негізі: Л.С. Выготскийдің мәдени-тарихи даму
тұжырымдамасы, А.М. Матюшкиннің шығармашылық дарындылық тұжырымдамасы, С.
Юркевичтің, дарындылықты анықтау еңбектері, С.М. Джакуповтың танымдық іс-
әрекет психологиясы.
Зерттеудің теориялық құндылығы. Дарынды балалармен жұмыс істеудің теориялық
негіздемесі құрылып, дарындылық табиғаты жөнінде қазақ тіліндегі әдебиет
қатары толықтырылды.
Зерттеудің практикалық мәні: Дарынды балаларды диагностикалау, олардың
танымдық мүмкнідіктерін ажыратуда әрі дамытуда қажетті практикалық құрал
болып табылады.
Дипломдық зерттеу жұмысының базасы: Шымкент қаласындағы №157-ші орта
мектептің бастаушы сынып оқушылары.
Дипломдық жұмыс кіріспеден, екі тараудан, қорытындыдан,
пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

(-тарау. Дарындылық психологиясының теориялық
қағидалары

1. Дарындылық туралы жалпы түсінік

Әр адам балалық, жасөспірім және жастық шағынан бастап, өмірде үлкен
жетістіктерге жетуді армандайды. Жасөсіпірімдік шақ- бұл ізденіс, үміт,
күмәндану, мазасыздану кезі. Көптеген балалар ерте кезден бастап, әртүрлі
іс-әрекет түрлеріне қабілеттілік білдіреді (сурет салады, билейді,
музыкалық инструменттерде ойнайды, ән айтады т.б.). Бірақ уақыты келе, бұл
қабілеттіліктердің көрінісі бәсеңдеп, жас адамның мамандығының негізіне
айналмайды, ол адам жай ғана орташа кәсіпкерге айналады.
Қазіргі кездегі жаңа әлеуметтік - экономикалық жағдай бойынша,
кәсіпкерлік іс-әрекетте табысқа жалпы және әдейі қабілеттің ең болмағанда
аз ғана бөлігімен, білімділікпен, шығармашылықпен қамтамасыз етілгенде ғана
жетуге болады. Сондықтан, балалар алдында, сонымен қатар, ата-аналар,
мұғалімдер алдында да жаңа міндет тұр, яғни жеке тұлғаның потенциалды
мүмкіндіктерін зерттеу, дамыту және осының негізінде баланың болашағын
анықтау.
Әр түрлі іс-әрекеттерге байланысты адам қандай да қызметті орындауы
қажет және сол істің тиімді нәтижесін қамтамасыз етуге жәрдем беретін
сапаларға ие болуы тиіс. Мұндай дара психологиялық ерекшеліктер міндетті
түрде, бір жағынан, өзіндік психикалық табиғатына ие болудан, екіншіден -
әркімде өз алдында, қайталанбас көрінісін жеке адам қабілеті деп атаймыз.
Адам қабілетіндегі айырмашылық іс-әрекеттің нәтижесінен, яғни оның
сәттілігінен не сәтсіздігінен байқалады. Қызығушылық - адамда
обьективтілікті жан-жақты бейімділік - нақты іс-әрекетті орындауға талпыну,
қызығушылық пен бейімділік сапаларының үнемі өзара үйлесім тауып, бір
бағытта тоғысып отыруы мүмкін емес. Оған түрлі жағдайлар себепші, мысалы,
адам көркемөнер туындыларын тамашалауы ықтимал, бірақ ол осы саладағы өнер
түрлерімен шүғылдануға бейімсіз болуы мүмкін. Дегенмен, белгілі бір іс-
әрекет түріне қабілеті бар адамдардың қызығушылығы мен бейімділігі бір-
бірімен үйлесім таба алады.
Іс-әрекетпен айналысқанда адамның табысқа жетуі үшін қабілет,
қызығушылық, бейімділіктен тыс оның мінез-құлқында келесі сапалық
көріністер болуы қажет: ең алдымен - еңбек сүйгіштік, табандылық, батылдық.
Бірақ, осындай ерекше қабілеті бар адамның өзі де айтарлықтай өнімге қол
жеткізе бермейді. Негізі, адам өзінің іс-әрекетін, жеке басына сапаларын
айқын ажырата аларлық деңгейде болуы керек.
Адам қабілеттілігінің даралық ерекшеліктеріне дарындылық,
шеберлік, талант, данышпандық, шабыт кіреді.
Әр түрлі іс-әрекеттер аймағына қажет білім, ептілік- дағдылар бірлігін
жеңіл әрі нәтижелі игеруді қамтамасыз етуші жалпы қабілеттер ерекшелігін
дарындылық деп атайды. Дарындылық әрбір адамның ақыл-сана, оқу,
шығармашылық, көркем-өнер, адам аралық қатынастар түзу және психомоторлық
қызметтерінде көрініс береді. Дарынды адамдарға тән қасиеттер: зейінділік,
жинақылық, тұрақтылық, әрқашан қызметке дайын болу; мұндай түлғалар,
сонымен бірге, мақсатқа жетуде ақылға сай табандылыққа ие, еңбекте шаршап-
шалдығуды білмейді, басқалармен салыстырғанда интеллекттік деңгейі
анағұрлым жоғары.
Өз қызығулары бағытында дарынды адамдар қайтпас қажырлылық таныта
алады. Бұл қасиеттің адамдағы көрінісі 2-3 жасар баланың бір іспен үзбей
шұғылдана алу уақыты, басқа қатарларымен салыстырғанда әлдеқайда ұзақ
болады. Дарынды бала өзін қызықтырған іспен бірнеше сағат шұғылданып, қажет
болса, оған бірнеше күндер бойы қайта оралып, көздегеніне жетпейінше,
әрекетін тоқтатпайды.
Дарындылық дәрежесінің артуы қажетті білімдер мен ептілік, дағдыларды
игеріп, жетілдіріп дамытуға тікелей тәуелді.
Дарындылықтың өзіндік ерекшелігі ең алдымен қызығушылық бағдарға
байланысты. Осыдан, біреу математикаға құмар, екінші -тарихқа және біреулер
- қоғамдық жұмыстарға, лидер болуда өз дарындылығын іске қосып, оны нақты
іс-әрекетте кейін дамыта түседі.
Дарынды балалар - жалпы және арнайы дарындылығын (музыкаға, сурет,
техникаға т.б.) байқатқан балалар. Дарындылықты ақыл-ой дамуының қарқыны
бойынша басқадай жағдайлар бірдей болғанда баланың өз құрдастарының озықтық
дәрежесі бойынша диагностикалау қабылданған (ақыл-ой дарындылығы тестері
осыған негізделген).
Мұндай көрсеткішті асыра бағалауға болмайды, өйткені ақылдық
шығармашылық жағының бірінші дәрежелі маңызы бар. Басқалардан бұрын
балалардың көркемдік дарындылығын (музыка саласындағы, одан соң сурет
салуда) байқауға болады. Ғылым саласында бәрінен гөрі математикаға
дарындылық тезірек байқалады. Баланың жалпы ақыл-ой деңгейі мен неғұрлым
арнайы қабілеттіліктің көркемдігі арасында алшақтық болатын жағдайлар аз
емес. Ақыл-ой қабілеті тым ерте дамыған, ерекше айқын жетістіктерге жеткен
балаларды вундеркиндтер деп атайды. Алайда, баланың тіпті ең үздік деген
жетістіктерінің өзі болашақ таланттың жеткілікті кепілі бола алмайды. Туа
біткен бейімділіктер индивидумдық психологиялық ерекшеліктердің
қалыптасуының күрделі процесінің бір шарты ғана, оның бәрі қоршаған ортаға
байланысты. Балада ерекше қабілеттіліктер болуының нышандары оның жасынан
ажырағысыз: олар көбіне кемелдену қарқынына және жастық өзгерістерге
байланысты.
Дарындылықтың бағалануы тестілеуге ғана негізделмеуі керек -оның
дәрежесі мен өзіндік ерекшелігі оқыту мен тәрбиелеу барысында, балалардың
белгілі бір мазмұндағы іс-әрекетті атқаруы кезінде байқалады. Ерте бастан
мамандандыру күн ілгері және шамадан тыс болмауы керек. Дарынды балалардың
анықталып кемелдендірілуі мектептер (мысалы, музыка, математика мектептері)
факультативтік сабақтар, алуан түрлі үйірмелер, студиялар, мектеп
оқушыларының олимпиадаларын, балалардың көркем өнерлерінің конкурстарын
өткізу және т.б. жағдай жасайды. Дарынды балалардың дамуының теңелуіне жол
беруге болмайды. Мұндай балалардың оқу жүктемесі, оқыту және тәрбиелеу
нысандары олардың мүмкіндіктеріне сай келуі тиіс. Дарынды балалар туралы
қамқорлық қабілеттердің дамытылуын жалпы білімдік дайындықпен және тұлғаны
кемелдендірумен ұштастырылуын көздейді.
Баланың дарындылығы деп - бірдей өмір шартында, өз құрбыларымен
салыстырғанда оқуға қабілеттілік және шығармашылық құбылыстары жоғары болып
табылуы түсіндіріледі.
Дарындылық - бұл дарын сөзінен шыққан және ол дамудың аса қолайлы,
сыртқы алғышарттарын білдіреді. Педагогикалық энциклопедияда бұған келесі
түсінік беріледі: Дарындылық - бұл адамның белгілі іс-әрекет аумағында
ерекше табыстарға жетуге көмектесетін, қабілет дамуының жоғары деңгейі.
Дарындылық түсінігі қабілет түсінігіне өте жақын. Қабілеттілік сөзі
орыс тілінде кем дегенде екі мағынаны қамтиды. Д.Н.Ушаковтың талқылау
сөздігі бойынша :
- табиғи дарын
- бір нәрсені жасай алу мүмкіндігі
Біз қабілеттілік сын есімінің бірінші сөздік мағынасында (мысалы,
қабілетті оқушы, қабілетті жас ғалым) қолданамыз. Осындай жағдайда бұл
терминдер, яғни дарындылық және қабілеттілік өте тығыз байланысты,
мәндөс, оларды айыра алмай да қаласың. Бірақ жоғарыда келтірілген
қабілеттілік сөзінің басқа да мағынасы бар. Ол -жинақталған тәжірибе
нәтижесі және ол толығымен соған бағытталады (Н.С.Лейтес).
Қабілеттілікке философиялық энциклопедиялық сөздікте мынадай түсінік
берілген: Қабілеттілік - бұл субъективті жағдайда белгілі бір іс
-әрекеттің табысты орындалуындағы жеке тұлғалық даралық ерекшеліктері.
Қабілеттілік индивидте бар білім, дағды, үйренуге бағытталмайды. Ол кейбір
іс-әрекеттерді орындауда басқалардың әдістері мен тәсілдерінен тереңдегі
мен беріктігінен көрініс береді және оған жетуге мүмкіндік беретін ішкі
психологиялық регулятор болып табылады.
Дарындылық - бұл бірдей өмір шартында, қатарларымен
салыстырғанда үйрену мен оқытуда аса жоғары қабылдаулары мен
шығармашылықтың ерекше көрініс беруі. Дарындылық - бұл тек ақыл-ой дамуының
жоғары деңгейі ғана емес, сонымен қатар жеке тұлғаның дамуына бағытталған
кейбір ішкі талап-мақсаттар. Сонымен қатар, дарындылық - бұл әлеуметтік
құбылыс. Өйткені, адамның іс-әрекетінің әлеуметтік сферада жетістіктерге
жетуі туралы сөз болып отыр.
Әлеуметтік ортаның дарындылыққа байланысты жүргізілген әр түрлі
зерттеулерінің нәтижесі (әлеуметтік-экономикалық қатынастар, қаржылық
қамсыздандыру, әлеуметтік - күнделікті шарттар т.б.) әр түрлі. Осыған
байланысты келесідей тұжырым жасауға болады: әлеуметтік -экономикалық
шарттар дарындылықтың дамуына әсер етеді, өйткені, олар адамның өмір
деңгейін анықтайды. Қоғам экономикалық дамыған сайын, ол адам дамуы үшін
қолайлы болып келеді.
Дарындылықтың дамуындада жанұя өте маңызды жағдай болып келеді, соның
ішінде:
• жанұя құрылымы мен оның эмоционалды климаты;
• бала мен ата-ана арасындағы қарым-қатынас стильдері;
• ата-аналардың бала дарындылығына қатынасы.
Жанұя құрылымы мәселесіне жүгіне отырып, балалардың көбі (87%), толық
жанұяларда тәрбиеленген деп айтуымызға болады. Жиі, 70% жағдайында жанүяда
балалармен және ата-аналармен қатар, туыстарының ішінен біреулер: әжелер,
апалар және ағалар, жиендері тұрады. Зерттелген балалардың ешқайсысында
кіші сіңілі - қарындастары немесе інілері болмады. Р.Зайонц зерттеулері
көрсетуі бойынша интеллектуалды дарындылық, жанүядағы балалар санынан
тәуелді. Р.Зайонц бойынша, жанұяда іні мен қарындас, сіңлілер көп болған
сайын интеллектуалдылықтың коэффициенті орташа болып келеді.
Жанұя құрылымы, көп жағдайда туыстар арасындағы қатынастар және
жанұяның эмоционалды климаты жүйесімен байланысты. Өзара қарым-қатынастың
мазмұнды жағы туралы айта келе, көптеген зерттеушілер балаға қарама-қарсы
жынысты ата-ананың әсері мәнді деп көрсетеді. Көптеген зерттеушілер дарынды
балаға жылылық, оны қабылдау, сүю және сыйлау қажет деп санайды.
Бала мен ата-ананың қарым-қатынас стилі туралы мәселе аса ауқымды
зерттелген. Ғалымдар баланы қатты бақылауға алу, күш көрсету, қысым көрсету
сияқты стильдер дарынды тұлғаны дамытуға мүмкіндік бермейді деп санайды.
Р.Хесс және В.Шипман өзара әрекетті ата-аналық стильдері императивті
және инструктивті деп бөлді. Императивті стиль үшін мынадай бұйрықтар
сәйкес келеді: Мен айтқан секілді жаса ..., Тыныш отыр.... Ата-аналар
баласының айтқандарын бұлжытпай орындауын күтеді. Олардың қатынасы
ересектің беделіне негізделеді. Мұндай стиль балада пассивтік және
тәуелділік пен конформизмді дамытады.
Инструктивті стильде ақпарат көбірек болады, ал талаптар мынадай болып
негізделеді: ойыншықтарыңды жина, ал мен еденді сыпырамын.... Ата-аналар
баласымен өзінің теңі ретінде әңгімелеседі. Олардың талаптары, заңдылықтары
саналы түрде жүреді. Бұл, балада инициативалықты дамыту (бастау) және
қаттылықты тәрбиелейді.
Ата-аналардың бала дарындылығына деген қатынасы маңызды болып табылады. Бұл
фактор - бала мүмкіндіктерін іске асыруға әсер ететін негізділердің бірі.
Бұл жағдайда қарым-қатынас типтері мынадай болып келеді:
• теріс
• ашуландырушы (игнорирующее)
• дұрыс-оң
• гиперсоциализация (ата-аналар дарындылықты, өз-өзін таныту
мүмкіндігін, өз баласының қабілеті арқылы жасауы немесе өздерінің
орындалмаған потенциалды мүмкіндіктерін іске асыру).
Дарынды балаларда әділеттілік сезімі болады. Адамгершіліктің ерте
дамуы қабылдау мен таным процестерінің дамуы алға басуымен байланысты.
Олар қоршаған ортадағы әділетсіздікке өте сезімтал болады, өздеріне
және айналадағыларға үлкен талаптар қояды.
Дарынды балалар есептерді шығаруда ойын элементтерін енгізеді, қиялы
дамулы болады, шығармашылығы, фантазиясы терең дамыған (ойдан шығарған
достары, аға-інілері, апалары).
Дарынды балаларда әзіл-сықақ сезімі өте дамулы, күлкілі, сәйкес
келмеушіліктерді, сөздерді жасыру т.б.ойындарды ұнатады.
Дарынды балалар эмоционалды баланс жетіспейді, олар балалық шақта
шыдамсыз болады.
Дарынды балалар энергиясы көп болуымен және олар аз ұйықтауымен
ерекшеленеді. Олардың моторлы координациясы мен қолдарын басқару, танымдық
қабілеттерінен артта қалады. Оларға практика қажет. Мұндай балалардың
интеллектуалды және дене-физикалық дамуының арасындағы ерекшеліколарды
толғандырып, өзбеткейлігінің дамуына әсер етуі мүмкін. Дарынды балалардың
көру процесі 8 жасқа дейін тұрақсыз, оларға жақын қашықтағы фокусті
алыстағыға алмастыру қиынға соғады.
Дарынды бала қарым-қатынас жүйесінде де ерекшеленеді.
Мектепке дейінгі шақта, олардың жүргізуші іс-әрекеті - рольдік ойындар.
Балаларға құрбыларымен жеткілікті түрде айқын және түрақты көрінетін қарым-
қатынасқа деген қажеттілік туылады. (М.И.Лисина, Л.Н. Галигузова),
Дарынды балалардың мінез-құлықтары мен жеке тұлғасының кейбір
ерекшеліктері, оларды құрдастырының түсінбеуіне, олардың өзара қарым-
қатынасында дау-жанжал кездесуіне және тіпті басқа балалардың оларды
шеттетуіне әкелуі мүмкін. Оған мыналар себеп болады: серіктесін тыңдай
алмау, доминанттылыққа ұмтылу, бірге ойнайтын ойындарда өзіне ұйымдастырушы
ролін алу, өз білімін көрсетуге ұмтылу, ересектердің зейінін өзіне
аудартуға әрекет ету, табысы өзінен төмендеу балаларға қатысты шыдамсыздық
таныту, комформсыздық, басқаларды дұрыстау әдетінің болуы Л.Хоменгуерт
дарынды балаларды шеттетудің тағы бір мүмкін болатын себебін көрсетеді:
ойы жоғары болуына орай, дарынды балаларға өз құрбыларының ойындары
қызықсыз болуы мүмкін.
Өз құрбыларымен өзара әрекетінде қиындықтар кездескендіктен немесе
олардың себептерін түсінбеуінен, балалар ересектермен және үлкен балалармен
достасуға ұмтылады. Бірақ үлкен балалармен қарым-қатынасы кезінде, оларда
қияндың тууы мүмкін. Себебі, үлкен балалардың дене-физикалық дамуы озық
болады, сондықтан дарынды балаларға мұндай қоғамда лидер болу қиынға
түседі. Қозғалу дағдыларының дамуы алға басқан үлкен балалар сияқты бір
нәрсені жасай алмағандықтан, дарынды бала өздерінің адекватты еместігі мен
өзіндік бағалаудың төмен болып қалыптасуына әкелуі мүмкін. Өйткені, олар
өздерінің жетістіктеріне өте сыншыл болып келеді. Адамдармен қарым-
қатынасында өзінің мүмкіндіктері туралы пікірлері кесірін тигізеді.
Сондықтан дарынды баланың өз әрекетін іске асыруда Мен концепциясы
маңызды болып табылады.
Дарынды баланың интеллектуалдық қажеттілігі эмоционалды күйдің
күрделілігіне, неврозға және тіпті психозға әкелуі мүмкін. Ал невроздар өз
кезінде депрессияға әкелуі мүмкін. Бұл кезде бала өзін айнадаланы танып
білуге неге ұмтылатынын түсіне алмайды. Ол шындық пен ойдан шығарудың
арасындағы шкаланы бұзатын өзінің қиялындағы әлемге кетуі мүмкін.
Бала қаншалықты дарынды болса да, оны оқыту керек екенін ұмытпау қажет.
Оларды тұрақтылыққа, еңбек етуге, өз бетімен шешім қабылдауға үйрету керек.
Дарынды бала қысымды, шеттетуді, айқай-шуды көтермейді. Баланы мектепке
дейінгі уақыттан бастап шығармашылық еңбекке қатыстырып, шығармашылыққа
қолайлы жағдай туғызу қажет.
Таланттарын дамыту үшін дарынды балалар өз уақытын еркін жүмсап,
кеңейтілген оқу жоспарымен оқытылу керек. Бала өз мүғалімі жағынан назар
аудару мен индивидуалды қолдау көрсетуді сезуі қажет. Бұл жерде нені емес,
қалай оқыту маңызды болып табылады. Дарынды баланың айтылған ойлар мен
болжамдарды талдай алу мүмкіндіктері, табиғи аналитикалық және сыншыл ой-
тұжырымның дамулы екендігіне сәйкес келеді.
Қазіргі жағдайда дарынды балалармен жұмыс жасаудың түрі -балалар
шығармашылық үйлерін құру болып табылады.

Дарындылықтың негізгі түрлері

Дарындылық түрлерінің дифференцияциясы сыныпификацияға негізінделген
критерий бойынша анықталады. Дарындылықта сандық және сапалық аспектіні
бөлуге болады.
Дарындылықтың сапалық мінездемесін талдау бойынша түрлерді адампың
психикалық мүмкіндіктерінің спецификасына және оладың қандай да бір іс-
әрекетте көрінуіне байланысты бөлуді ұсынады. Дарындылықтың сандық
мінездемесін талдау адамның психикалық мүмкіндіктерінің деңнейін сипаттауға
мүмкіндік береді.
Ғалымдар дарындылық мәселесін зерттей келе, оның жалпы және әдейі
немесе арнайы түрін бөліп көрсетеді. Дарындылықтың 2 түрі де іс-әрекеттің
әр түрлілігі мен формасында жалпы кезеңдер болуына байланысты. Осылай,
жалпы ақыл-ой дарындылығы іс-әрекеттің барлық түрімен қамтамасыз етілгенде
ғана орындалады. Олардың табысты орындалуы үшін белгілі ақыл-ой сапасы,
ақыл-ой қүндылығы қажет болады.
Арнайы дарындылық, өзі ерекше ашылып көрінетін белгілі іс-әрекет
түрлерімен байланысты (математикалық, техникалық, музыкалық, сурет салу
өнері, ақындық дарындылық және т.б.).
Кәсіптік қабілеттерді зерттеумен танымал ғалым Ч.Спирмен ақыл-ой
энергиясының жалпы факторы бар екенін көрсетті. Ол фактор түрлі іс-
әрекеттің табысты шешілуін анықтайды.
Жалпы ақыл-ой дарындылығы ақыл-ой жетістігі талап етілетін жағдайдың
бәрінде болады (жалпы сұрақ-әртүрлі жаттығуда индивидтің ақыл-ой қабілеті
мүмкіндігінің бірдей болмауы). Мектептің жалпы білім беру шартындағы
оқушылар арасындағы ақыл-ой қатынасы бойынша ерекшеліктер жоспарда бірінші
орынға шығады.
Мектепте орташа оқитын оқушыны бағалау негізінде бағдарлау өткен
уақыттарда қалды. Қазір біздің қоғамның жаңа дамуында қүрбыларын интеллект
бел^ілерін көрсете отырып, озық еткен балаларға көңіл аудару - мектептің
көкейтесті міндетінің бірі болып табылады.
Жалпы ақыл-ой қабілеттілігіне біршама психологтардың зерттеу жұмыстары
арналған. "Ақыл-ой мүмкіндігінің біртұтас сипаттамасын, жиі интеллект
сөзімен белгілейді. Психологияда бұл термин аумағында дау-жанжал туылуда:
интеллект құрылымының күрделілігі анықталуда, оның әр түрлі сапалы түрлері
бөлінуде. Бірақ бұл терминнен бас тарту дұрыс емес секілді көрінеді. Ол
таным және шығармашылық мүмкіндіктердің өзіндік деңгейін белгілеуге
арналады (ақыл-ой сферасында), яғни көбіне ақыл-ой дарындылығы
түсінігінің термині ретінде қолданылады.
Интеллект - өсіп жатқан адамның түрткі болулары мен ұмтылыстарымен
біртұтас дамуы күмәнсіз. Ақыл-ой дарындылығы интеллектке сай келмейді.
Дарындылық - бұл жеке тұлғаның ерекше қүрылымы.
Ақыл-ой дарындылығының арнайы түрлері, яғни философиялық-теоретиялық
жаттығуларға, қоғамдық іс-әрекетке, қандай да бір ғылым аумағында,
техникаға немесе ұйымдастырушылық -практикалық іс-әрекет түрлеріне
дарындылық - Мәселенің маңызды бөлігі болып табылады.
Ақыл-ой дарындылығы - бұл жалпы және жеке ақыл-ой сапасының сәйкес
келуі. Психологиядағы бар материалдар, мұғалімдер мен тәрбиешілерді ақыл-
ойға байланысты дарынды балалардың 3 категориясына назар аударуға
көмектеседі. Бірінші категорияда - өмірдің бірдей шартында ақыл-ой дамуының
ерекше жоғары деңгейін көрсететін балалар. Олар жиі мектепке дейінгі және
төменгі сынып жасындағы балалардың арасында кездеседі. Екінші категорияда -
арнайы, мысалы: математика немесе басқа ғылымның қандай да бір аумағында
ақыл-ой қабілеттілігінің белгілері бар балалар. Мұндай оқушылар жасөспірім
жаста байқалуы мүмкін. Үшінші категорияда - оқуда табысты болып үлгермеген,
бірақ психикасының оригиналдылығымен, танымдық белсенділігімен, сирек
кездесетін ақыл-ой қорымен қамтамасыз етілген балалар енгізілген. Бұл жерде
потенциалды немесе жасырынды дарындылық туралы сөз болып отыр. Мұндай
ақыл-ой мүмкіндігі бар оқушылар жоғары сыныпқа дейінгі жаста жиі көрінеді.
Балалардың жалпы интеллектуалды және арнайы дарындылығы түрлерінен
бөтен, бұл феноменнің даралығы басқа критерийлер бойынша да болуы мүмкін.
Ресейлік психологтар (Ю.А.Бабаева, Д.Богоявленская, А.В.Брушлинский,
В.Н.Дружинин, И.И.Ильясов, Н.С.Лейтес, А.М.Шумакова, А.Н.Панов,
И.В.Клиш, М.А.Холодная, В.Д.Шадриков, Н.Б.Шумакова, В.С.Юркевич):
дарындылықтың жүмысшы, жиі қолданылатын концепциясы деп
берілген психологиялық білім берудің келесі критерийлері мен
сыныпификациясын бөледі:
• психика сферасын қамтамасыз етушілер мен іс-әрекет түрлері
• дарындылықтың қалыптастырушы деңгейі
• дарындылықтың көрініс беру формасы
• дарындылықтың әр түрлі іс-әрекет түрінде көрініс беруінің
ауқымдылығы, дамудың жас ерекшелігі.
Дарындылықтың түрлерін келтірілген негіздеу бойынша қарастырайық.
Бірінші критерий бойынша, негізгі іс-әрекет түрлеріне практикалық,
теориялық оқушыларда оқу-танымдық, көркемдік-эстетикалық, ойындық, спорттық-
сауықтыру, коммуникативті, рухани-бағалық жатады.
Іс-әрекетке сәйкес дарындылықтың мынадай түрлерін бөлуге болады:
практикалық іс-әрекетте - кәсіптік дарындылық, танымдық іс-әрекетте - түрлі
деңгейдегі интеллектуалды дарындылық, көркемдікте - эстетикалық,
хореографиялық, сценалық, әдеби-ақындық, сурет салу өнері мен музыкалық,
коммуникативті іс-әрекетте-лидерлік дарындылық, рухани - бағалық іс-
әрекетте - адамдарға қызмет ету, тағы басқалар.
Дарындылықтың әр түрі барлық психикалық мүмкіндіктерді нақты іс-әрекет
түрінде ерекше, маңызды болып табылатын сапалардың басым болуы мен
біруақытта қосылуын болжайды.
Іс-әрекеттің басым ететін түрі бойынша дарындылықтың қай түрін
анықтасақ та, әр дарындылықта іс-әрекеттің бөтен түрлері де көрінетінін
байқауымыз керек. Мысалы: суретші немесе музыкант іс-әрекеттінің
сипаттамасы бойынша көркемдік - эстетикалық болып табылады. Бірақ сонымен
қатар, онымен танымдық, практикалық, коммуникативті және рухани-бағалық іс-
әрекет түрлері қолданылады.
Екінші критерий - дарындылықтың қалыптасу деңгейі бойынша
потенциалды және көкейтесті дарындылықты бөледі: көкейтесті дарындылық -
бұл жас ерекшелігі шамасына сай, нақты бір пән аумағында іс-әрекеттің
жоғары деңгейде орындалуында байқалатын, баланың қол жеткізген
көрсеткіштерімен байланысты болатын психологиялық ерекшелік. Көкейтесті
дарынды балалардың ерекше категориясын, талантты балалар қүрайды. Талантты
бала обьективті көкейкестілікті және әлеуметтік маңызды талаптарға жауап
беретін іс-әрекеттерді орындауда нәтиже береді. Талантты балалар нақты
эксперттермен бағаланады (іс-әрекеті аумағында білімі сәйкес келетін жоғары
квалификацияланған кәсіпкер).
Потенциалды дарындылық - бұл қандай да бір іс-әрекет түрінде жоғары
жетістікке жету үшін, белгілі психикалық алғышарттары потенциалды болатын
баланың психологиялық ерекшелігі. Бірақ бала, бұл мүмкіндіктерді тап осы
уақытта қызметтік жетіспеушілікке сәйкес орындай алмайды. Бұл потенциалды
мүмкіндіктің дамуы қолайсыз себептермен бірге жүруі мүмкін
(жанұялық қиын жағдаймен, квалификацияланған мұғалім -
кәсіпкерлердің болмауынан тағы басқа). Потенциалды дарындылықты
анықтау, кезеңмен жүргізілген диагностика бойынша орындалуы
мүмкін. Өйткені әрі қарай дамуы туралы, тек кейбір белгілер
бойынша айтуға болатын, әлі қалыптасып болмаған қабілеттіліктер туралы
сөз болып отыр.
Дарындылықтың бұл турлері, бұған дейін айтылып кетілген іс-әрекет
түрлерімен сәйкес жүреді. Шығармашылық дарындылығына байланысты
дарындылықтың белгілі түрінің креативтілігін бөлуде ғалымдар пікірінде
айырмашылық байқалады.
Бір ғалымдар берілген феномен туралы арнайы айтпай-ақ қоюға болады,
өйткені стандартсыз ойлауы бар, жиі басқаларға ұқсас емес дүниеге ерекше
көзқарасы бар балалар да кездеседі, - деп санайды. Шығармашылық
дарындылығында көптеген түрлі варианттар болады: кез-келген іс-әрекетте
сирек кездесетін шығармашылық қабілеттіліктерді көрсететін оқушылар бар,
сонымен қатар мұндай стандартсыз емес елес, жеткілікті түрде тек бір ғана
сферада анық көрінеді.
Үшінші критерий - дарындылықтың көрініс беру формасы бойынша, айқын
және жасырынды дарындылықты бөледі. Дарындылықтың бұл түрлерінің мәні
көбінесе осыған дейін қарастырылған дарындылықтың түрлеріне ұқсас. Айқын
дарындылық - бала іс-әрекетінде қолайсыз жағдайлар болса да, жеткілікті
түрде ашық немесе айқын түрде көрінеді. Мұғалімге немесе кәсіпкерге баладан
осы дарындылықты айқындау және олармен әрі қарай жұмыс жасау бағдарламасын
дұрыс белгілеу оңайға түседі.
Жасырынды дарындылық іс-әрекетте аздап білдірілген формада көрінеді.
Сондықтан да дарындылықты балалардан анықтау және олармен жұмыс жасауда
қателер кетуі мүмкін. Осымен қатар, мұндай перспективасы жоқ балалар
уақыты келе жоғары нәтижелерге жетуі мүмкін. Мүндай қателер келтірмеу үшін,
балаларға әдістемелерді кешендік-кезеңді қолданумен диагностика жүргізу
қажет.
Төртінші критерий - дарындылықтың әр түрі іс-әрекет көрініс берудің
ауқымдылығы бойынша, жалпы немесе ақыл-ой дарындылығы және арнайы
дарындылықты бөледі. Жалпы дарындылық - іс-әрекеттің әр түрлері мен
формаларында жалпы кезеңдер болуына байланысты. Ақыл-ой қабілеті кез-келген
істі табысты орындау үшін қажет.
Арнайы дарындылықтың арнайы психикалық қасиеттері ашылатын, белгілі іс-
әрекет түрлерімен байланысты (техникалық, музыкалық, сурет өнерінің, әдеби-
ақындық дарындылық т.б.).
Бесінші критерий - дамудың жас ерекшелігі бойынша ерте және
кешеуілдеген дарындылықты бөлуге болады. Өмірлік практикада дарындылықтың
ерте көрінуі байқалып жүр. Бұл - психикалық даму жылдамдығымен байланысты.
Ерте дарындылық мысалы ретінде вундеркиндтер (таңқаларлық
бала мағынасында) деп аталатын балалар бола алады. Мектепке дейінгі немесе
мектеп жасындағы оқушылар болып табылатын вундеркиндтер, қандай да бір іс-
әрекет түрінде тамаша табыстарға жетеді (музыкада, суретте, ән айтуда
т.б.). Мұндай балалар кейде өте жақсы ақыл-ой қабілеттіліктерін көрініс
етеді (ерте әріп танып, оқу, хат, санау т.б.). Атақты музыканттардың
өмірбаяндары дәлелдейтіндей, дарындылық музыкада ерте көрінеді. Ал одан
кешқұрым, сурет өнерінде көрінеді. Ал математикалық қабілеттілік ерте
біліне бастайды. Ғылым жетістігінде мәнді нәтижелерге жету, әдетте кешқұрым
өтеді, ол қандай да жаңалық үшін терең және ауқымды біліммен қамтамасыз
етілу керектімен байланысты. Осы келтірілген дарындылық сыныпификациясымен
қатар, әдебиеттерде басқа да көзқарастар кездесуде. Шетел ғалымдары
дарындылықтың келесі түрлерін бөледі:
• интеллектуалды, оның түрі - академиялық
• көркемдік, шығармашылық (креативтілік)
• модерлік немесе әлеуметтік психомоторлы немесе спорттық.
Басқа ғалымдар шығармашылықты еңбектің өз бетінше түрі етіп бөлудің
қажеті жоқ, - дейді. Шығармашылықты дарындылық - бұл тек жоғары деңгейлік
емес, сонымен қатар оның өзгеруі мен дамуының ерекшелігі. Іс-әрекет әрдайым
жеке орындалынады. Оның мақсаты мен мотивтері іс-әрекеттің жүруіне әсер
етеді. Дарындылық жоғары деңгейдегі қабілеттілік кешенінің барын, сонымен
қатар баланың мотивациясын, оның іспен айналысудағы қызығушылығын да
болжайды. Адам өз жүмысын шын ниетпен орындаса, ол сол іс-әрекет процесінде
туылатын жаңа ой-пікірлерді іске асырады. Іс-әрекеттің бала инициативасы
бойынша дамуының өзі шығармашылық. Мүндай теориялық түсініктің практикалық
маңызды мәні бар, өйткені дарынды балалармен жүмыс жасауда іс-әрекеттің
ішкі мотивациясын қалыптастыру, жеке түлға бағыттылығы мен бағалық жүйесі
үшін жағдай құру қажет. Бұл жеке тұлғаның рухани қалыптасуына негіз болады.
Шығармашылықта психикалық процестер (ойлау, ес, қиял, эмоциялар т.б.),
психикалық күйлер (құмарлық, зерігу, яғни уайымдау мен қылықтың бірлігі)
және индивидтің жеке түлғалық қасиеттері байқалады (Н.Д-Р.евитов,
А.О.Прохоров). Ғалымдардың айтуы бойынша мүндай түсінік дарындылық
типологиясының әлеуметтік критерийлерінен (әлеуметтік маңызды іс-әрекет пен
жетістік деңгейінің басқа түрлері бойынша), дарындылықтың психологиялық
құбылыс ретінде даму деңгейі үшін психологиялық критерий жасауға әсер
етеді.
• психологиялық процесс түрінде, ол кейде эпизодтық түрде
пайда болады, өйткені белгілі индивидтің жеке түлғалық дамуына
әсер етпейді.
• психикалық күй түрінде, бұл уайым мен жеке тұлғалық өзін-өзі
сыйлау үшін ситуациялар іздеу және қалыптастыру ретінде кездеседі. Бірақ ол
белгілі индивид үшін өміріндегі жалғыз ғана мән-мағына болып
табылмайды
• жеке тұлғалық мінездеме түрінде. Бұл өмірдің жалғыз мағынасы
болып табылатын және шығармашылық актінің кез-келген ситуацияда өмір сүру
қажеттілігінде көрінетін және кез-келген іс-әрекет түрінің, әсіресе
жеке тұлғаға қызығушылық туғызатын іс-әрекеттің
орындалуында көрінетін, жеке тұлғалық мінездемелер ерекшелігі .
Келтірілген психологиялық ерекшеліктермен сәйкес, балаларда
дарындылықтың көрініс бесеуі 3 топқа бөлінеді. Оларды шартты түрде былай
деп белгілеуге болады: дарындылықтың эпизодтық, ситуативті, тұрақты
топтары.
Бала дарындылығының көрсетілген типтері, оқу процесінің
индивидуализациясы мен дифференциациясын жасауда, сонымен қатар үлгілі
технологияларда берілген ерекшеліктер бойынша, психологиялық білім беру
деңгейімен сәйкес, диагностика жүргізуге көмектеседі.

2. Дарындылық проблемасын зерттеу тарихынан

Бірқатар жас ғалымдар - Дж. Гилфорд, П. Торренс, Ф. Баррон, К.
Тейлор және тағы басқа психологияда шығармашылық дарындылықтың жаңа
шекарасын белгілейтін бірқатар ауқымды ірі зертетулерді жүргізді. Бұл
зерттеулер және жеке-дара айырмашылықтар психологиясы бойынша теориялық
зерттулердің шоғырлауына себепші болды.
70-ші жылдардың басында жеке-дара айырмашылықтар психологиясы
практикалық ғылым болып қалыптасады. Зерттеулер білім саласына ығысады.
70-ші жылдардың соңы - 80-ші жылдардың басында енді мүлдем жаңа,
психологияның қолданбалы саласы - таланттылар психологиясы саласы пайда
бола бастайды.
Дж. Гилфорд еңбектері мынаны көрсетті: мектептің соңында көптеген
дарынды балалар ауыр депрессия күйін бастап кешеді, өз құрбылары мен
ересектер өз дарындылығын жасырғысы келеді.
Дарынды балалар мектепте олар үшін даралап оқыту болмағандықтан
“дискриминацияны” сезінеді (С. Марленд, 1972).
70-ші жылдардың соңында тек жеке емес, әрі мемлекеттік мектептер
даралап оқытуды таңдауға көшті.
80-ші жылдардың басында дамыту жоғары дарынды балалар мүмкнідігін
дамыту бойынша халықаралық ірі жоба жүзеге асты АҚШ-та дарынды балалардың
жетекшілігі (лидерлігі) бойынша оқытудың арнайы курстары құрылды.
Біздің елімізде 20-шы-30-шы жылдары дарындылықты зерттеудің пәні
ретінде когнитивті әдістемелер диагностикасы табылды.
В. Штерн дарындылыққа мынандай анықтама берді: “Ақыл-ой дарындылығы
жаңа талаптарға өз ойлауын саналы бағыттау, жаңа міндеттер мен өмір
жағдайларына бейімделудің жалпы ақыл-ой икемділігі болып табылады”.
Дарындылықтың мұндай сипаттамасы оның деңгейлерін саралап бөлуге мүмкіндік
берді.
Ерте уақыттан бастап, ХІУ ғасырға дейін данышпандық тек өнерде
көрініс береді деген тұжырым қалыптасты. Мемлекеттік іс-әрекеттенушілерге,
әскери басшыларға, ғалымдарға данышпандық атағы берілмеді. Бірақ бұл
көзқарасты қайта қарастыруға талпыныс болды. Аристотель көркем
шығармашылықтың интеллектуалдық іс-әрекетпен байланысын ескерген.
“Созерцательная деятельность разума” терминін енгізе отырып, ол адам іс-
әрекетінің түрлерін ерекшелеуге талпынды. “Сананың мазмұнды іс-әрекеті”
(ғылыми және көркемдік), оның ойынша кез-келген басқа іс-әрекеттен жоғары
рақымдылық іс-әрекеті (саяси және әскери) басқалардан әдемілігімен,
кеңдігімен ерекшеленеді. Осыған қарамастан Аристотельде шығармашылық
процесі белгілі бір деңгейде мистикалық көрінісін жоғалтады. Оның пікірі
бойынша шығармашылық бақылауға жүктелген. Ол өнер шығармашылығы қажет
болып табылатын ережелер, нормалар қатарына негіздеуге талпынды.
Аристотель көркем шығармашылықты оқу қажет деген талап қойды.
Ертедегі грек философтары данышпандылықты құдай күшімен пайда болды
дей келе, тәрбие мен білімнің маңызды екенін айтты. Бірақ олар талантты
дамыту үшін қоршаған орта мен оқытудың маңыздылығын “құдайылық”
қабілеттілігімен салыстырғанда қосалқы, екіншілік деңгейдегі іс деп
санайды.
Жаңа дәуірде дарындылықтың табиғатын испаниялық дәрігер Хуан Уарте
мәнді түрде түсіндірді. Ол Испаниялық империяның жаңа дәуірдегі
перспективасын мемлекеттік қызметте максималды түрде ерекше дарынды
балалармен байланыстырды. Оның зертетуінің негізгі міндеті кәсіптік таңдау
мақсатымен қабілеттілігі даралық ерекшеліктерді зерттеу болып табылады.
Бұл зерттеу дифференциалды психологияның пайда болуына үлкен әсер етті.
Х. Уарте іс-әрекеттің кез-келген түрінде анықталатын негізі
қабілеттіліктер сапасы ретінде қиял, ес және интеллектті бөліп көрсетті.
Оның ойынша, бұл қабілеттіліктің адамда көрініс беруі “ми темпераменті”
бойынша анықталады. Ол белгілі бір ғылым, өнер салсында талап етілетін
қабілеттіліктерге талдау жасаған. Осы мақсатпен қолбасшы дәрігер, заңгер,
геологтар тағы басқа “психологиялық портретін” құрастырды. Х. Уарте
талант табиғаттан, генофонға тәуелді дей отырып, оның дамуы үшін тәрбие
мен еңбек қажет екенін айтты. аДамның табиғи қабілетіне сәйкес келетін
мамандықты таңдауда шатаспас үшін, кіші жасында көмектесетін әдейі ақыл-
ойы мен білімі жоғары адамдарды бөліп көрсету керек. Жеке тұлғаның
қабілет және дарындылық мәселесін Орталық Азия мен Қазақстанның көптеген
ғалымдары мен ағартушылары зерттеген.
Арабтың сөз бостандығының негізін қалаушылар (Әл-Хорезми, Ферғани,
Әл-Фараби, Ибн Сина, Беруни тағы да басқалар) философия, логика,
химия, атсрономия, география, медицина, психология, сонымен қатар
жасөспірімдерді тәрбиелеуді дамыту үшін үлкен үлес қосты.
Осылай, Әл-Фараби “Бақытқа жету туралы” трактатында этикалық
сұрақтармен қатар, адам қабілеттілігіне, оқуды жақсарту мақсатындағы
түрлі тәсілдерді қолдануға назар аудартады.
Ғылымды дифференциациялаумен байланысты (ХІХ ғ.) психология мен
педагогикада адам психологиясы мен қабілеттілігі туралы зерттеу жұмыстары
жүре бастады. Қабілет түсінігінің алғаш негізін қалаушылардың бірі -
англиялық психолог Френсис Гальтон (ХІХ ғ.). Ол адамдардың даралық
ерекшеліктер мәселесін зерттеді. Ф. Гальтон өзінің “Таланттың тұқым
қуалаушылығы: оның пайда болуы мен заңдылығы” атты еңбегінде қабілеттің
пайда болуының әдістемелік базасын негіздеді және келесі заңдылықтарды
бөліп көрсетті.
- Егер адам аса жоғары қабілеттерге ие болмаса, бір де бір адам
қоғамда жоғары дәрежеге ие болмайды.
- Тек жоғары қабілетке ие болатын адамдардың өмірбаяны талдай келе,
қабілеттің кез-келген деңгейі тұқым қуалаушылыққа негізделген
деген қорытындыға келеді.
Э. Мейман (ХІХІ-ХІХ ғ.ғ.) дарындылықтың теориялық негізін зерттеуді
жалғастырды. Ол дарындылықтың туа біткен аспектілерін зертетй отырып,
осының негізінде “нышан типтерін” бөлді. Осымен қатар, Мейман табиғи,
жасанды моменттерді біріктіруге ұмтылды. Бұл феномен түрлерінен
дарындылықты ес, қиял тағы басқа даралық ерекшелітерді зерттей отырып,
олар бөлек адамдарда кездесетінін анықтады, әрі адамдардағы дарындылықтың
деңгейін анықтауға көңіл бөлді. Э. Мейман дарындылықтың педагогикалық
аспектісін: тәрбие мен дарындылықтың, табыстылықтың және жұмысқа
қабілеттілігінің байланысын зерттеген.
Диффренциалды психологияның зерттелу көзі - адамның жекелігі болып
табылады, бұл істің бастауында неміс психологы В. Штерн (ХХ ғасырдың
бірінші жартысында) тұр. Ол ойлау қабілетін бағалаудың шараларын зерттеп,
“ойлау қабілеттерін” зерттеу үшін пайдаланған.
В. Штерн бойынша ақыл-ой қабілетінің белгілері ойлаудың қандай да бір
жаңашылдыққа бағытталуы (ақыл-ой қабілетін естен ерекшелейді) және сыртқы
жағдайға тәуелділікті мінездемелейтін (өмір талаптары, міндеттері) және
өзіндік шығармашылық мәні бар данышпандықты ақыл-ой дарындылығынан
ерекшелейтін үйренусішілік болып табылады. Үйренусішілік қабілеттің
жалпылық белгілері, ақыл-ой дарындылығын мінездемелік ерекшелігі бойынша,
ақыл-ой қабілеті бар ғана облыстың мазмұнын қамтумен шектелетін талант
ұғымын ерекшелейді.
Адам тек түрлі шарттардағы және түрлі облыстардағы жаңа талаптарға
оңай үйренісе алатын болса ғана, ақыл-ой дарындылығымен қамтамасыз
етіледі. Бұл белгілердің бөлінуі зерттелушілерде “санадағы зерттеуді емес,
ақыл-ой дарындылығын” зерттеуге мүмкіндік береді. Ақыл-ой дарындылығының
диагностикасын жасау үшін тесттер сериялары жасалды (Бине-Симон
әдістемесі).
В. Штерн психологиялық теорияда алғаш рет жеке тұлға біртұтастылығы
принципіне негізделген, қабілеттілік пен дарындылықты барлық психикалық
процестер мен жеке тұлғалық сапалармен тығыз байланыста қарастырады.
ХІХ ғасырда халықтық ағартуға байланысты, қазақтың орыс мәдениті
негізделуіне, балаларды жүйелі дамыту және оқыту қажеттілігі туылғаннан
қазақ педагог-ағартушылары мен қоғамдық қызметкерлері әрекет ете бастады.
Осылай, Ы. Алтынсарин “табиғи ойлау тек өзін қоршаған ортаны қамтамасыз
етуге қабілетті, ал оларды дамыту үшін және оның көрмегенін біліп,
үйренуге тек білім беру ғана қабілетті” деген. Біз осыны саналы түрде
түсінеміз және осыған қарамастан өз балаларымыздың орысша-қазақша
мектептерге береміз.
Жеке тұлғаны қалыптастырудағы тәрбие мен оқытудың шешуші рөлі туралы
Мәселені өз шығармаларында Ш. Уәлиханов қарастырды. Оның ойынша, ақыл-ой
қабілеті мен деңгейі адам мәдениетінде негізінен тәрбиеге жүктелген.
Қазақтардың ақыл-ой қабілеті туралы, ең жоғары пікірде болды, “қырғыз-
қазақтар табиғатынан ақылды және таң қаларлықтай әсерленгіш".
Абай Құнанбаев “адамдарды қоршаған ортадағы объективті шынайылықтың
табиғи бөлігі дей отырып, балаға туғаннан білімге ұмтылу дарыны беріледі,
бірақ өсе келе, ол біртіндеп бұл дарынды жоғалтады”. Ақынның тұжырымы
бойынша, сана мен ақыл-еңбек іс-әрекеті, еңбек процесінде қалыптасады.
Осылай, қазақ ағартушылары қабілеттің туа біткенімен келісе отырып, жеке
- тұлғаның қалыптасуында тәрбиенің күші, еңбек іс-әрекеті және қоршаған
ортаның әсері бар деген.
Педагогикалық теория негіздерінің дамуына Қазақстанда ХХ ғасыр
басында өмір сүрген қоғмадық қайраткерлер, педагогтар (Ж. Аймауытов, А.
Байтұрсынов, М. Жұмабаев және тағы басқалар) маңызды әсер етті. Олардың
психологиялық-педагогикалық және әдеби еңбектерінде баланың қызығушылығы
мен қабілетінің қалыптасуы, олардың оқудағы мәні туралы пікірлері дамиды.
Ж. Аймауытов өзінің “Психология және мамандықты таңдау” оқулығында
эксперименталды зерттеу негізінде жастарға мамандықты дұрыс таңдауға
кеңестер береді. Оның айтуынша, кәсіпкерлікте, темперамент, қабілет,
мінез және ерік сияқты жеке сапаларды ескеру керек.
Ж. Аймауытов адамда нәрестелік шағынан бастап белгілі бір мамандыққа
тұқымқуалаушылық қабілеті болады, - дейді. Ол жастарға қоғамнан
табиғатына сәйкес орынды алуға кеңес береді.
М. Жұмабаев “Педагогика” кітабында, жалпы адамның рухани дамуы
туралы айта отырып, ақыл-ой, адамгершілік, эстетикалық тәрбиесін бөліп
көрсетеді. Жеке тұлғаны тәрбиелеу мәселесін ол интеллектуалды
қабілеттердің дамуымен тығыз байланыстырады. Ақыл-ой тәрбиесі, оның
пікірінше, мыналарды жүзеге асыру керек: интеллектуалды мәдениет, таным
мотивтері, ақыл-ой іс-әрекетінің дағдыларын дамыту керек.
Дарындылық теориясының негіздері Кеңес психологтарымен өңделген.
Л.С. Выготский, Б.Г. Ананьев, В. Крутеций, Н.С. Лейтес, В.М. Теплов
және тағы басқа психологиялық тұжырымдары интегралды жеке тұлғалық білім
ретінде дарындылыққа жүйелік көзқарас қалыптастырды және адам қабілетінің
құрылымдылық компоненттерін анықтады. Дарындылық мәселесіне шетел
ғалымдары К. Абрамс, Ф. Гальтон, М. Кранев, Э. Мейман, Дж. Рензулли,
Э. Торндайк, К. Тэкээк, В. Штерн тағы басқа да өз зерттеулерін арнаған.
Олар дарынды балаларды эксперименталды және қолданбалы зерттеу бөлігіне көп
үлес қосқан және олар осыған байланысты тест әдістерін өңдеген.
Қабілеттілік және дарындылық мәселесін Кеңес психологиясыда 40-50
жылдары Б.М. Теплов ерекше зерттеген. Ол қандай да бір күрделі іс-
әрекеттің орындалуы үшін, тек қана қабілеттілік емес, оның толық қатары
қажет екенін дәлелдеген. Іс-әрекеттің табысты орындалу мүмкіндігіне
тәуелді болатын қабілеттіліктің өзіндік сапалы байланысын, ғалым
дарындылық деп атады. Б.М. Теплов “дарындылық” түсінігінде белгілі іс-
әрекеттегі табиғи нышан болмысына ерекше көңіл аударады.
Сол жылдардағы оқулықтар мен оларға қосымшасының авторлары да осындай
көзқараста болды. Л.А. Рудик “дарындылық” терминімен қабілеттіліктің
дамуына алғышарт болып табылатын, туа біткен қабілеттілік деп, ал Н.Д.
Левитов аналитикалық-физиологиялық нышан бейнелейтін қабілеттіліктің табиғи
қоры да, ал Г.И. Иванов дарындылықты - адам дамыған кезде
қабілеттілікте көрінетін туа біткен ерекшеліктер деп түсіндіреді.
В.А. Крутецкий өзінің математикалық қабілеттіліктің құрылымын зерттеу
жұмыстарында былай дейді: “Егер “қабілеттілік” сөзімен белгілі
психикалық қасиеттерді атайтын болсақ, дарындылық деп - адамдағы
қабілеттердің өзіндік байланысын, бірлігін атау керек”. Ол сонымен қатар
бұл феноменді зерттеу кезінде іс-әрекеттегі қоғамдық-тарихи өзгерістерді
және олардың табыстылығын бағалауды ескеру керек.
Дарындылыққа А.Т. Асмолов жұмыстарында мәнді, аса терең түсінік
берілген. Ол бұл феноменнің табиғатын түсіндіруге көңіл бөлген. А.Т.
Асмолов ғылыми зерттеулерде үш түрлі көзқарас бар екенін көрсетеді, яғни
генді, әлеуметтік, “тарихи-эволюциялық қатынасқа, герменевтикалық
парадигма” біріншілік түсіндірушілер дарындылық мазмұнында генетикалық
алғышарттар негізі дейді. Екіншілік түсінікті жақтаушылар адамнан
психиканы тіптен бөліп шығып, өз зерттеулерінде дарындылықтың қалыптасуына
бағытталған әлеуметтік манипуляция әдістерінің ізденісіне көңіл бөліп,
қоршаған орта факторын басым етеді.
А.Т. Асмолов “тарихи-эволюциялық қатынастың герменевтикалық
парадигмасы” ретінде белгіленген позициясы дарындылық феноменін қарастыра
отырып, генетикалық нышанды болжайды, бірақ детерминациялайтын күш
ретінде емес. Бұл позиция дарындылықтың мәдени мінезін басым етіп, Л.С.
Выготскийдің мәдени-тарихи теориясына бағытталған. “Дарынды және басқа
балалар арасындағы терең айырмашылық (натуралды) табиғи процестерге емес,
оларды түрліше қолдануға белгілі мәдени тәсілдерді қолданылуға бағытталған.
Жақындағы перспективада осы түсінік бойынша аса маңызды теориялық
зерттеулер жүргізіледі деп күтуге болады. Бірақ қазірде тап осы теория
балалар мен олардың педагогтары принциптеріне дискуссиялық қарым-
қатынасты, біріккен ізденіс іс-әрекетіне негізделген. Дарындылықты
дамытуға арналған бағдарламалардың табыстылығын түсіндіре алады.
Дарындылық және қабілеттілік түсініктерінің мінездемесімен байлнысты
шығармашылық, талант, данышпандық сияқты феномендерге тоқталмауға
болмайды. Шығармашылық - бұл жеке тұлғадағы қабілеттілік, мотив, білім
дағыдының бар болуы. Олар арқылы жаңалықпен, оригиналдылықпен
ерекшеленетін продукт құрылады.
Талант - қабілеттіліктің жоғары деңгейі. Ол шығармашылық есеп
шешуді талап ететін суретші, ойлап тапқыш ғалым, кез-келген маман
төрағасы, еңбегі продуктісінің оригиналдылығымен мінезделеді. Талант кез-
келген аумақта қабілеттіліктің бірнеше қатарымен орындалады.
Данышпандық - қоғамдық өмірде тарихи мағынасы бар шығармашылықта
көрінетін дарындылықтың жоғары сатысы. Данышпан өз аумағында жаңалық
туғызады.
Барлық жеке тұлғалық осы жасалымдар беліглі бір деңгейде бір-бірімен
өзара байланыста болатын қабілеттердің негізінде жеке тұлға бағыттылығына
жатады.
Соңғы жылдары әлеуметтік жағдайға байланысты өндіріс, мәдениет,
өнер аумағындағы қабілетті және талантты адамдарға ғылыми әдебиеттерде және
практикада дарындылық мәселесі бойынша қызығушылығы жоғарылады. Сонымен
қатар, осы мәселе бойынша жаңа оқулықтар шықты. Олар дарындылық
табиғатының мәнін толықтырады.
Н.С. Лейтестің редакциясымен 1996 жылы шыққан “Дарынды балалар мен
жасөспірімдер психологиясы” атты қызықты да маңызды оқулығынан осыған
байланысты, кейбір түсініктемені келтірейік.
Дарындылық - бұл бірдей өмір шартында қатарларымен салыстырғанда
үйрену мен оқуға аса жоғары қабылдаулары мен шығармашылық ерекше көрініс
берулері. Бұл - “тек ақыл-ой дамуының жоғары деңгейі ғана емес, сонымен
қатар жеке тұлғаның дамуына бағытталған кейбір талап-мақсаттар”, бұл -
“мақсатты ұмтылушылық ақыл-ой күшіне ерте дайындық”, бұл - “адам іс-
әрекетінің кез-келген әлеуметтік - маңызды сферасында белгілі
жетістіктерге жете алу қабілеті”.
Келтірілген цитаталардан көретініміздей, дарындылық - бұл тек
психологиялық құбылыс емес, сонымен қатар әлеуметтік құбылыс. Өйткені
адамның іс-әрекетінің әлеуметтік сферада жетістіктерге жетуі туралы сөз
болып отыр.
Қазіргі кезде интеллектің бірнеше анықтамасы бар. “Интеллект кең -
мағынада - барлық танымдық іс-әрекет, ал тар мағынада - адамның ақыл-
ой қабілеттілігінің сферасын білдіретін жалпылау түсінігінің ерекшелігі”.
Интеллектуалды қабілеттіліктер адамға қоршаған ортадағы заңдылықтар
байланысы мен қатынасын ашуға, өз ақыл-ой процестерін танып, оларға әсер
етуге (рефлекстер мен өзіндік регуляция), пайда болатын өзгерістерді
көруге, жаңа ситуацияларға үйренісу және ақиқатты белсенді өзгертуге
көмектеседі.
М.А. Холодная пікірі бойынша, ақыл-ой қабілетілігінің негізінде
адамның қоршаған ортаны талқылап, көретін ерекше түрде ұйымдастырылған
даралық тәжірибесі бар30.
Ресей психологиясында интеллектуалды қабілеттілік пен креативтіліктің
даралығы мен интеграциясы труалы мәселе, бүгінгі күнге дейін арнайы
қарастырылмады. Бірақ қазір бұл сұраққа арналған көп зерттеу жұмыстары бар
(В.Н. Дружинин, А.М. Матюшкин, М.А. Холодная тағы басқалар).
В.Н. Дружинин бұл мәселе бойынша отандық және шетел авторларының
түсініктеріне анализ жүргізе отырып, өз позициясын бөліп көрсетті. Оның
пікірі бойынша, интеллектуалды қабілеттілік пен шығармашылық қызметтерін
бөлудың қажеті жоқ, креативтілік үшін интеллект төменнен кем болмауы
қажет, бірақ осымен қатар интеллект және креативтілік - тәуелсіз
қабілеттіліктер деп айтады.
Осылай, интеллектуалды қабелттілік пен креативтіліктің арақатынасы
жөнінде бірдей ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Дарындылық негізгі түрлері
Балалардың дарындылығын бақылау
Дарынды балалардың қабілетін анықтау
Дарынды балалар және қабілеттілік олардың диагностикасы
Кіші мектеп жасындағы дарынды балалар психологиясы
Дарындылықтың негізгі түрлері
Дарындылықтың қалыптасу дәрежелері критериі
Мектеп жасындағы дарынды балалар психологиясы
Дифференциалды психология - психодиагностиканың екінші қайнар көзі
Дарынды оқушылардың шығармашылық қабілетін дамыту
Пәндер