Қазақстанның латын әліпбиіне көшуі ─ заман талабы туралы ақпарат



Бүгінгі таңда қазақ қоғамында латын алфавитіне өту мәселесі қызу талқыланып жатыр. Өте дұрыс! Бұл ─ маңызды да өзекті мәселе. Әрине дәл осылай қоғамның түрлі қатпарлары тарапынан оңды-солды талқылануы тиіс. Осының нәтижесінде қазақ елі ұтымды бір шешімге келері сөзсіз.
Осы орайда, пікір айтқан азаматтардың көпшілігі Қазақстанның кириллицадан латынға көшуінің қажеттілігін баса көрсетіп жатыр. Аз ғана адам осы кириллицада қалу керек деген уәж айтуда. Олардың бұл үшін айтар бір ғана себебі бар: латын әріптеріне өткен жағдайда, соған дейін кириллицада жазылған кітаптар, мақалалар, журналдар не болады; келер ұрпақ осылардағы бай рухани мәдени мұрадан көз жазып қалады деген алаңдаушылық.
Біздің ойымызша, мұндай уайым орынсыз. Келер ұрпақ ешқашан кириллицамен жазылған дүниелерден көз жазып қалмайды. Себебі, Қазақстанда орыс тілі әрқашан екінші тіл орнында жүреді. Мұндай тәжірибе басқа елдерде баршылық. Мәселен, Алжир ─ кезінде француздардың отары болған ел. Отарлық кезеңде халыққа жаппай француз тілі үйретілген еді. Бұл ел 1962 жылы отарлықтан құтылып, тәуелсіздігін жариялады. Содан бері өткен 51 жылда француз тілі ұмытылған жоқ. Қайта әлі де болса француз тілі мектептерде үйретілуде. Өйткені француз тілі ─әлемдік мәдени тілдердің бірі. Сол тіл арқылы француз мәдениетінің жетістіктерінен Алжир халқы пайдалып отыр. Сондықтан бүгінгі таңда Алжирдің халқы араб және француз тілдерінде бірдей еркін сөйлеуде. Мұны өткен желтоқсан айында Парижде кездескен бір француз оқымыстысынан сұрап үйрендім. Алжир халқында бізді қызықтырғаны, оларда француз тілін білетін, бірақ ана тілі, арабшаны білмейтін бір де бір алжирліктің жоқ екен. Барлығы екі тілді толық меңгерген. Құдай тағала бізге де осындай бақытты жазса екен!
Сол секілді орыс тілі де әлемнің алда келе жатқан мәдени тілдерінің бірі. Қазақ халқының бұл тілді ешқашан ұмытпауы керек. Тіпті Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың үш тұғырлы тіл саясатында нақты ортаға салынғандай, қазақ, орыс тілдеріне қоса ағылшын тілін де халқымыз толық меңгеруі тиіс.
Ал орыс тілін білген қазақтардың орыс тілінің төл әліпбиі кириллицамен жазылған қазақша кітаптарды қиналмай оқи беретіні анық. Сондықтан латынға өтсек, ұрпақтарымыз кириллицадағы рухани қазыналарды қалай оқиды деп алаңдауға негіз жоқ. Тіпті латынға өткеннен кейін бұрын кириллицамен жазылған еңбектерді латынға көшірудің де қажеті жоқ. Оларды қазақ және орыс тілдерін білген кез-келген адам еркін оқи береді.
Ал латынға көшу не үшін қазаққа қажет деген сұраққа келер болсақ:
Біріншіден, қазақ халқы славян тектес халық емес, сондықтан славян тектес халықтар қолданысындағы әліпбиді қолдану ынғайсыз. Әрі тәуелсіз Қазақ еліне Кеңес Одағы кезінде қазақ халқының ықтиярынсыз таңылған бөгде халықтың әліпбиінен арылатын кез келді.
Бүгінгі таңда кириллица әріптерін әлемде он екі ел қолданады: олардың сегізі славян тектес халықтар. Атап айтқанда, Белоруссия, Босния, Болгария, Македония, Черногория, Россия, Сербия және Украина. Славян текті емес Казақстаннан басқа, Кырғызстан, Монголия жәнеТәжікстан секілді төрт ел де осы қаріпті қолданады. Ал осы төртеудің ішінде Монголия мен Тәжікстан сол кириллицаға қоса өздерінің төл әріптері – монғол және арап жазуларын да бірге пайдалануда. Демек, әлемде кириллицаға кіріптар болып отырған екі-ақ ел бар. Олар – Қазақстан мен Қырғызстан.
Қазақтар мен қырғыздар түркі-мұсылман халықтар тобына жатады. Сондықтан бұл ұлттар орысқа бодан болмастан бұрын арап әліпбиін ұстанатын. Кеңес Одағы ыдырағаннан кейін, оның құрамындағы түркі-мұсылман халықтары: Әзірбайжан, Өзбекстан мен Түркіменстан тәуелсіздік алғаннан уақыт өткізбестен кирилл әліпбиінен бас тартып, бүгінгі таңда түркі-мұсылман халықтар қолданып жүрген латын әліпбиіне көшті. Міне, сондықтан Қазақстанның да латынға көшетін уақты келді.

Пән: Журналистика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 3 бет
Таңдаулыға:   
----------------------------------- ----------------------------------- ----------
Қазақстанның латын әліпбиіне көшуі ─ заман талабы
Бүгінгі таңда қазақ қоғамында латын алфавитіне өту мәселесі қызу талқыланып жатыр. Өте дұрыс! Бұл ─ маңызды да өзекті мәселе. Әрине дәл осылай қоғамның түрлі қатпарлары тарапынан оңды-солды талқылануы тиіс. Осының нәтижесінде қазақ елі ұтымды бір шешімге келері сөзсіз.
Осы орайда, пікір айтқан азаматтардың көпшілігі Қазақстанның кириллицадан латынға көшуінің қажеттілігін баса көрсетіп жатыр. Аз ғана адам осы кириллицада қалу керек деген уәж айтуда. Олардың бұл үшін айтар бір ғана себебі бар: латын әріптеріне өткен жағдайда, соған дейін кириллицада жазылған кітаптар, мақалалар, журналдар не болады; келер ұрпақ осылардағы бай рухани мәдени мұрадан көз жазып қалады деген алаңдаушылық.
Біздің ойымызша, мұндай уайым орынсыз. Келер ұрпақ ешқашан кириллицамен жазылған дүниелерден көз жазып қалмайды. Себебі, Қазақстанда орыс тілі әрқашан екінші тіл орнында жүреді. Мұндай тәжірибе басқа елдерде баршылық. Мәселен, Алжир ─ кезінде француздардың отары болған ел. Отарлық кезеңде халыққа жаппай француз тілі үйретілген еді. Бұл ел 1962 жылы отарлықтан құтылып, тәуелсіздігін жариялады. Содан бері өткен 51 жылда француз тілі ұмытылған жоқ. Қайта әлі де болса француз тілі мектептерде үйретілуде. Өйткені француз тілі ─әлемдік мәдени тілдердің бірі. Сол тіл арқылы француз мәдениетінің жетістіктерінен Алжир халқы пайдалып отыр. Сондықтан бүгінгі таңда Алжирдің халқы араб және француз тілдерінде бірдей еркін сөйлеуде. Мұны өткен желтоқсан айында Парижде кездескен бір француз оқымыстысынан сұрап үйрендім. Алжир халқында бізді қызықтырғаны, оларда француз тілін білетін, бірақ ана тілі, арабшаны білмейтін бір де бір алжирліктің жоқ екен. Барлығы екі тілді толық меңгерген. Құдай тағала бізге де осындай бақытты жазса екен!
Сол секілді орыс тілі де әлемнің алда келе жатқан мәдени тілдерінің бірі. Қазақ халқының бұл тілді ешқашан ұмытпауы керек. Тіпті Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың үш тұғырлы тіл саясатында нақты ортаға салынғандай, қазақ, орыс тілдеріне қоса ағылшын тілін де халқымыз толық меңгеруі тиіс.
Ал орыс тілін білген қазақтардың орыс тілінің төл әліпбиі кириллицамен жазылған қазақша кітаптарды қиналмай оқи беретіні анық. Сондықтан латынға өтсек, ұрпақтарымыз кириллицадағы рухани қазыналарды қалай оқиды деп алаңдауға негіз жоқ. Тіпті латынға өткеннен кейін бұрын кириллицамен жазылған еңбектерді латынға көшірудің де қажеті жоқ. Оларды қазақ және орыс тілдерін білген кез-келген адам еркін оқи береді.
Ал латынға көшу не үшін қазаққа қажет деген сұраққа келер болсақ:
Біріншіден, қазақ халқы славян тектес халық емес, сондықтан славян тектес халықтар қолданысындағы әліпбиді қолдану ынғайсыз. Әрі тәуелсіз Қазақ еліне Кеңес Одағы кезінде қазақ халқының ықтиярынсыз таңылған бөгде халықтың әліпбиінен арылатын кез келді.
Бүгінгі таңда кириллица әріптерін әлемде он екі ел қолданады: олардың сегізі славян тектес халықтар. Атап айтқанда, Белоруссия, Босния, Болгария, Македония, Черногория, Россия, Сербия және Украина. Славян текті емес Казақстаннан басқа, Кырғызстан, Монголия жәнеТәжікстан секілді төрт ел де осы қаріпті қолданады. Ал осы төртеудің ішінде Монголия мен Тәжікстан сол кириллицаға қоса өздерінің төл әріптері - монғол және арап жазуларын да бірге пайдалануда. Демек, әлемде кириллицаға кіріптар болып отырған екі-ақ ел бар. Олар - Қазақстан мен Қырғызстан.
Қазақтар мен қырғыздар түркі-мұсылман халықтар тобына жатады. Сондықтан бұл ұлттар орысқа бодан болмастан бұрын арап әліпбиін ұстанатын. Кеңес Одағы ыдырағаннан кейін, оның құрамындағы түркі-мұсылман халықтары: Әзірбайжан, Өзбекстан мен Түркіменстан тәуелсіздік алғаннан уақыт өткізбестен кирилл әліпбиінен бас тартып, бүгінгі таңда түркі-мұсылман халықтар қолданып жүрген латын әліпбиіне көшті. ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақ тілінің мәртебесі
Латын әліпбиіне көшудің артықшылықтары
Латын әліпбиі негізіндегі қазақ жазуының тарихы
ЛАТЫН ӘЛІПБИІНІҢ АҒЫЛШЫН ТІЛІН ҮЙРЕНУГЕ ЫҚПАЛЫ
Латын жазуының тарихы
Латын әліпбиіне көшу - рухани жаңғырудың қайнар көзі
Латын қарпіне көшудің тарихы мен тиімділігі
Графика мен әліпби туралы мәлімет
Латын әліпбиінің ағылшын тілін оқуға тигізетін үлесі
Қазақстанның латын әліпбиіне көшуі заман талабы
Пәндер