Жасөспірімдер спортын ұйымдастыруда отансүйгіштікке тәрбиелеудің рөлі



КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .3

Жасөспірімдер спортын ұйымдастыруда отансүйгіштікке тәрбиелеудің рөлі.

1.Спорттық жарыстарда жасөспірімдерді тәрбиелеудің психологиялық.педагогикалық мүмкіндіктері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 5
2.Отансүйгіштік ұғымының мәні және адамзат қоғамында алатын орны ... ...16
3.Жасөспірімдерді отансүйгіштікке тәрбие беру мәселесінің педагогикалық әдебиеттерде зерттелу деңгейі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .18

ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 33

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .35
ХХІ-ғасыр жаһандану ғасыры деген пікір бүгінде адам баласының санасына сіңіп, ендігі жерде осы көштен қалмауға ұмтылуда.
Осы мақсатты іске асыруда Қазақстан Республикасы Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың 2006-жылғы 1-наурызда «Қазақстанның әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті 50 елдің қатарына кіруі тиіс» атты Қазақстан халқына жолдауының маңызы өте зор. Ондағы, басым бағыттардың бірі, осы заманғы білім беруді дамыту отырып, кадрлардың біліктілігі мен оларды қайта даярлауды ұдайы арттыру және Қазақстан халқы мәдениетінің одан әрі өркендеуін нақты дамытудың қажеттігін көрсеткен.
Жеткіншектердің азаматтық, патриоттық қасиеттерін қалыптастыру проблемасына Қазақстан Үкіметі құжаттарында және Елбасы Жолдауларында аса үлкен мән берілген. Елбасы өзінің жолдауларының бірінде «Өз тарихымызбен ерекше жағдайларымыз негізінде дұрыс жолды таңдап алу мүмкіндігіміз де бар» (1997) десе, екіншісінде «Біз бірлесе отырып, ерікті ұлт жасақтау жолында алға жылжуымызға қажетті берік негіз қаладық» (2005), ал үшіншісінде «Қазақстандық патриотизм мен саяси ерік-жігер - жаңа Қазақстан құрудың аса маңызды факторлары» (2007) деп, өзіміздің тарихымызды, дінімізді, ұлттық қасиеттерімізді алғы шепке шығарады.
Президенттің патриоттық сезімге толы осы ой-пікіріне сәйкес, Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңында жеткіншектер тәрбиесіндегі ең маңызды міндеттер (өз Отанын сүю, азаматтық пен патриотизмді қалыптастыру, мемлекет рәміздері мен халықтарының салт-дәстүрлерін құрметтеу, Ата заң мен қоғамға қайшы келетін көріністерге төзбеу, әлемдік және отандық жетістіктерді игеру, қазақ және республикада мекендейтін басқа да халықтардың әдет-ғүрып, салт- дәстүрлерін, тарихын жете білуге тәрбиелеу) сараланып көрсетіледі.
Демек, салт-дәстүрлердің, соның ішінде халық педагогикасында
көрініс алған патриоттық сана-сезімнің қалыптасуына тікелей ықпал ететін озық дәстүрлердің тағылымдық мүмкіндіктерін пайдалану қажетгілігіне аса мән беріледі.
Ұлттық дәстүрлерге, ұлтттық идеяға назар аудару және білім мен тәрбиені соған бағдарлау - көптеген мемлекеттер мен халықтардың нақты бір тарихи кезеңдерінде жиі кездесетін құбылыс.
Жеткіншектерді Отанға деген сүйіспеншілік, оның байлығы мен даңқын көтермелеу, рухында тәрбиелеу мәселелері Ресей ғалымдарының (В.Г.Белинский, Н.Г.Чернышевский, НЛ.Добролюбов, Л.Н.Толстой және т.б.) еңбектерінде орын алған. Олардың жұмыстары орыс халқының рухани және психологиялық ерекшелігіне, оның адамгершілік болмысының негізіне арналады. Олар тәрбие мен білім беруде ұлттық және этикалық құндылықтарды бірінші орында қарастырады.
Жеткіншектерге патриоттық тәрбие беру проблемасы кеңестік педагогика теоретиктерінің еңбектерінде де (Н.К.Крупская, А.В.Луначарский, А.С.Макаренко, ВА.Сухомлинский, С.Т.Шацкий жэне т.б.) ерекше көрініс алады. Оларда оқушыларды кеңестік патриотизмге тәрбиелеудің мазмұны, принциптері мен әдістері қарастырылады.
Патриоттық тәрбие проблемасына қазақ халқы қоғамның барлық даму кезеңдерінде аса мән берген. Оны қазақ даласының ойшылдары (Қорқыт ата, әл-Фараби, Ж.Баласағүн, Қашқари, А.Иассауи) мен жыршы-жырауларының (Асан қайғы, Шалкиіз жырау, Ақтамберді жырау, Бүқар жырау, Дулат Бабатайры жэне т.б.), ғүлама ағартушыларының (Ш.Уәлиханов, Ы.Алтынсарин, А.Құнанбаев және т.б.) шығармашылық еңбектері дәлелдейді. Ағартушылардың ішінде Ы.Алтынсарин патриоттық тәрбиенің практика жүзіндегі мәнін ашып көрсетті, ғұлама ойшылдар мен жыршы-жыраулардың шығармаларын ұлттық сана-сезімді қалыптастырудың құралы ретінде пайдаланды.
1 Қазақстан Республикасы Президенті Нұрсұлтан Назарбаев 2006-жылғы 1-наурызда Қазақстан халқына жасаған жолдауында « Қазақстанның әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті 50 елдің қатарына кіруі тиіс» деп көрсетті. Ондағы көрсетілген басымдылықтардың бірі да. (Егемен қазақстан 02.03.06).
2 Назарбаев Н.Ә. «Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан». ҚР Президенті Қазақстан халқына жолдауы. 28-ақпан – Астана, 2007.
3 Бейсенбаева А.А. Патриотическое воспитание старшеклассников средствами казахского героического эпоса: автореф. ... к.п.н.: 13.00.01. – Алматы, 1991. – 26 б.
4 Президент және Халық газеті, http://prezidentjanehalyk.kz/?p=65
5 www.tripod.com сайты
6 Қойшыбаева Қ. Б.- Болашақ педагогтарды патриоттық– азаматтық рухында тәрбиелеудің шарттары атты диссертациялық жұмысы
7 Қалижан У. Түрік патриотизмінің төркіні неде? // Егемен Қазақстан. -1998. - №221. – 1 б
8 Салтанова Е.С. Военно-патриотическое воспитание студентов в учебном процессе вуза (на материалах военной кафедры): автореф. ... к.п.н.: 13.00.01. - Алматы, 2005. – 29 с
9 Назарбаев Н.Ә. «Қазақстан-2030» даму стратегиялық бағдарламасы. - Алматы: Білім, 1998.
10 Нұршайықов Ә. Патриотизм қанға сіңген қасиет пе? // Ақиқат. - 2000. -№10. – 16 б.
11 Н.Назарбаев Тарих толқынанда. – Алматы: Атамұра, 1999. – 271 б.
12 Мұстафаев Е., Есіркепов Ж. Ұлттық ойындардың тәрбиелік мәні // Ұлт тағылымы. - 2004. - №3. - Б. 11-14.
13 Әбілғазиева К.Т. Мұстафа Шоқайұлының (1890-1941) қайраткерлік қызметі негізінде жастарға патриоттық тәрбие беру: автореф. ... п.ғ.к.: 13.00.01. - Шымкент, 2002.

Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 34 бет
Таңдаулыға:   
МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...3

Жасөспірімдер спортын ұйымдастыруда отансүйгіштікке тәрбиелеудің рөлі.

1.Спорттық жарыстарда жасөспірімдерді тәрбиелеудің психологиялық-педагогикалық мүмкіндіктері ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...5
2.Отансүйгіштік ұғымының мәні және адамзат қоғамында алатын орны ... ...16
3.Жасөспірімдерді отансүйгіштікке тәрбие беру мәселесінің педагогикалық әдебиеттерде зерттелу деңгейі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..18

ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 33

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .35

КІРІСПЕ

ХХІ-ғасыр жаһандану ғасыры деген пікір бүгінде адам баласының санасына сіңіп, ендігі жерде осы көштен қалмауға ұмтылуда.
Осы мақсатты іске асыруда Қазақстан Республикасы Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың 2006-жылғы 1-наурызда Қазақстанның әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті 50 елдің қатарына кіруі тиіс атты Қазақстан халқына жолдауының маңызы өте зор. Ондағы, басым бағыттардың бірі, осы заманғы білім беруді дамыту отырып, кадрлардың біліктілігі мен оларды қайта даярлауды ұдайы арттыру және Қазақстан халқы мәдениетінің одан әрі өркендеуін нақты дамытудың қажеттігін көрсеткен.
Жеткіншектердің азаматтық, патриоттық қасиеттерін қалыптастыру проблемасына Қазақстан Үкіметі құжаттарында және Елбасы Жолдауларында аса үлкен мән берілген. Елбасы өзінің жолдауларының бірінде Өз тарихымызбен ерекше жағдайларымыз негізінде дұрыс жолды таңдап алу мүмкіндігіміз де бар (1997) десе, екіншісінде Біз бірлесе отырып, ерікті ұлт жасақтау жолында алға жылжуымызға қажетті берік негіз қаладық (2005), ал үшіншісінде Қазақстандық патриотизм мен саяси ерік-жігер - жаңа Қазақстан құрудың аса маңызды факторлары (2007) деп, өзіміздің тарихымызды, дінімізді, ұлттық қасиеттерімізді алғы шепке шығарады.
Президенттің патриоттық сезімге толы осы ой-пікіріне сәйкес, Қазақстан Республикасының Білім туралы Заңында жеткіншектер тәрбиесіндегі ең маңызды міндеттер (өз Отанын сүю, азаматтық пен патриотизмді қалыптастыру, мемлекет рәміздері мен халықтарының салт-дәстүрлерін құрметтеу, Ата заң мен қоғамға қайшы келетін көріністерге төзбеу, әлемдік және отандық жетістіктерді игеру, қазақ және республикада мекендейтін басқа да халықтардың әдет-ғүрып, салт- дәстүрлерін, тарихын жете білуге тәрбиелеу) сараланып көрсетіледі.
Демек, салт-дәстүрлердің, соның ішінде халық педагогикасында
көрініс алған патриоттық сана-сезімнің қалыптасуына тікелей ықпал ететін озық дәстүрлердің тағылымдық мүмкіндіктерін пайдалану қажетгілігіне аса мән беріледі.
Ұлттық дәстүрлерге, ұлтттық идеяға назар аудару және білім мен тәрбиені соған бағдарлау - көптеген мемлекеттер мен халықтардың нақты бір тарихи кезеңдерінде жиі кездесетін құбылыс.
Жеткіншектерді Отанға деген сүйіспеншілік, оның байлығы мен даңқын көтермелеу, рухында тәрбиелеу мәселелері Ресей ғалымдарының (В.Г.Белинский, Н.Г.Чернышевский, НЛ.Добролюбов, Л.Н.Толстой және т.б.) еңбектерінде орын алған. Олардың жұмыстары орыс халқының рухани және психологиялық ерекшелігіне, оның адамгершілік болмысының негізіне арналады. Олар тәрбие мен білім беруде ұлттық және этикалық құндылықтарды бірінші орында қарастырады.
Жеткіншектерге патриоттық тәрбие беру проблемасы кеңестік педагогика теоретиктерінің еңбектерінде де (Н.К.Крупская, А.В.Луначарский, А.С.Макаренко, ВА.Сухомлинский, С.Т.Шацкий жэне т.б.) ерекше көрініс алады. Оларда оқушыларды кеңестік патриотизмге тәрбиелеудің мазмұны, принциптері мен әдістері қарастырылады.
Патриоттық тәрбие проблемасына қазақ халқы қоғамның барлық даму кезеңдерінде аса мән берген. Оны қазақ даласының ойшылдары (Қорқыт ата, әл-Фараби, Ж.Баласағүн, Қашқари, А.Иассауи) мен жыршы-жырауларының (Асан қайғы, Шалкиіз жырау, Ақтамберді жырау, Бүқар жырау, Дулат Бабатайры жэне т.б.), ғүлама ағартушыларының (Ш.Уәлиханов, Ы.Алтынсарин, А.Құнанбаев және т.б.) шығармашылық еңбектері дәлелдейді. Ағартушылардың ішінде Ы.Алтынсарин патриоттық тәрбиенің практика жүзіндегі мәнін ашып көрсетті, ғұлама ойшылдар мен жыршы-жыраулардың шығармаларын ұлттық сана-сезімді қалыптастырудың құралы ретінде пайдаланды.
Патриоттық тәрбиені ұлттық дәстүрдің негізінде қалыптастыру проблемасын кезінде қоғам қайраткерлері А.Байтүрсынов, М.Дулатов, Ж.Аймауытов және т.б. жан-жақты қолдаған.
Өскелең ұрпақты тек рухани-мәдени таным арқылы, тарихи сана негізінде, елжандылық сезімде, отаншылдық рухында тәрбиелеу бүгінгі мемлекетіміздің темір қазығы болып отыр. Мәдениеті жоғары, тарихи танымды, орныққан ойы сергек елдің рухы да биік. Ал, рухы биік халықтың іргесі берік, әлеуеті қуатты, ынтымағы жарасымды болады. Жастарды елжандылыққа тәрбиелеуде, ұлттық мәдениеттің сан ғасырлық озық тәрбиесін, үздік жетістіктерін, білім беру мен тәрбие жүйесінде пайдалану аса қажетті. Ұлттық мәдениеті қалыптасқан, рухы биік, елжанды жас спортшылардың атқарған іс-тәжірбиелері, басқа халықтардың бізді танып білуіне өз септігін тигізеді.

Жасөспірімдер спортын ұйымдастыруда отансүйгіштікке тәрбиелеудің рөлі

1. Спорттық жарыстарда жасөспірімдерді тәрбиелеудің психологиялық-педагогикалық мүмкіндіктері

Қазақы дүниетаным, ақыл-ой, тағылымдық ұлағат ғасырлар бойы шыңдалып қалыптасты. Сан ғасырлық ұлттық тәрбиенің этнопсихологиялық негіздерін бір арнаға түсіріп, қазақ ойшылдары мен ағартушыларының, қоғам қайраткерлерінің еңбектеріндегі ұлттық тұлға тәрбиесі туралы ой-пікірлердің дамуын, халқымыздың шынайы ұлттық тұлғасы болған ақын-жазушы, ғалым және қоғам қайраткерлерінің үлгі-өнегесін тәрбие мәселесінде пайдалану да қарастырып келеді.
Қазақ этнопедагогикасындағы білім өз мәні жағынан студенттердің ішкі дүниесін, оның рухани - адамгершілік келбетін қалыптастыруға бағыттала алуы мүмкін және солай бағытталуы тиіс. Қазақ этнопедагогикасының бұл арада ерекше мүмкіндіктері бар. Өйткені оның мазмұнында ұлттық құндылықтар жарасымды үйлесім тауып жатады. Мұның өзі халқының өзіне тән ұлттық ерекшелігін терең танып, көре білуге мүмкіндік береді.
Дала даналарының қоғамдық ой-пікірінде ұлттық, қазақтық қасиеттердің баса көрсетілуі ең негізгі проблемалар болып табылады. Бұл ретте ең алдымен халқымыздың дүниетанымы, ұлттық ұғым-түсінігі жүйеленіп, оның мәні ашылады.
Бабалар өлең өсиеттері арқылы дүние бөліктерін философиялық мәселе деңгейіне көтеріп, оған өзінше психологиялық түсінік берді. Олар дүние құбылыстарын тек түсіндіріп қана қоймай, сол процестердің адам өміріне тікелей байланысын ашады. Осы байланыстарды заң дәрежесіне көтеріп, оны этикалық және эстетикалық салауатқа, мінез-құлық нормасына айналдырып отырады. Ондағы жаратушы күш - Тәңір. Ұлттық психологиямызда көп зерттеушілердің көзіне түсе бермейтін басты құпиясы, біріншіден, дәстүрлі қазақы санада адам дүниемен тілдеседі, онымен адамша сұхбат алады. Бұл процесс өте күрделі. Себебі адам дамудың қайшылықтарын шеше білген күнде ғана мазмұнды дамуы мүмкін. Адам мұратына жетуі үшін өмірдегі кездесетін әлеуметтік қайшылықтар мен кедергілерді үйлесімді шеше білуі керек.
Қ.М.Арынғазин өзінің ғылыми еңбектерінде дүниенің, таным субъектсін, білім беруді субектендіру керек дегенді көтереді. Бұл тұрғыда тығырдан шығу үшін жаңа жүйе құру керек және де жаңа типті түсінік пен ойлауды әлемдегі қалыптасқан көп сатылы білім беру жүйесінде қалыптасқандығын айтады.
Осылайша студенттердің бойында патриоттық, отансүйгіштік, имандылық, мейірімділік т.б. сияқты халқымыздағы асыл да абыройлы қасиеттерге тәрбиелеумен қатар, патриоттық сезімді қалыптастыруда, ең алдымен, халықтың рухани азығымен қайнар бұлағы, оның халық педагогикасы, ұлттық салт-дәстүрін терең сіңіру деп есептейміз.
Осы ретте жүйе - (грек сөзі - тұтас) жеке бөліктерден құралған тұтас деген ұғымды білдіреді. Жүйе сонымен қатар, жаңа саналарда үнемі игеріп, жаңа құралдармен, бөлшектермен тұтас, ажырамай әр түрлі тәсілдермен іс-әрекеті таныстырушысы - деп В.Г.Афанасьев, Н.Е.Щуркова өз еңбектерінде сөз етеді.
И.П.Бестужев, К.Ж.Қожахметова, Л.И.Маленкова, В.П.Созонов тәрізді педагог ғалымдардың пайымдауы бойынша, жеке тұлға жүйенің бір құбылысы ретінде. қарастырылады. Жеке тұлға тұтас жүйе ретінде үнемі дамуда және динамикалық қозғалыста болатын өзгермелі субъект-деп қарастырады.
Сонымен студенттерге патриоттық тәрбие берудің мемлекеттік жүйесін жасау қажеттігінің туындап отырғаны белгілі. Оның тұғырнамасы - Отан туралы ұғым, арқауы - Ұлттық патриотизм, Қазақстандық патриотизм, міндеті - туған жерін көркейту үшін жан аямай еңбек ету, шама-шарқына қарата үлес қосу, күнделікті өмірде ұлттық салт-дәстүрді ұстану, Отанымыздың рәміздеріне құрметпен қарау, басқа ұлттарға үлгі-өнеге көрсете білуге тәрбиелеу болуы керек.
Осы бөлімшедегі ой-пікірлерімізді жинақтай келе төмендегі ойларды тұжырымдадық. Патриоттық сезім тұлғаның тектілігімен туындайтын, тәрбие арқылы өсіп жетіліп, патриоттық сана түрінде қалыптасады. Ұлттық патриотизм - жеке адамның белгілі бір ұлтқа тән екендігін түсініп - сезіну, өз ұлтының қасиеттерін бойына сіңіру және оны қастерлеп қадір тұтып, қорғап, сақтауға дайын болу. Ұлттық патриотизмді ұлт және патриотизм туралы екі ұғымның жағадай қосындысы деп қарауға болмайды. Ғалымдардың ұлттық патриотизм қанмен, тектілікпен туа біткен қасиеттердің тәрбие арқылы бекіп, нығаюы, елін жерін шексіз сүйіп, соған қызмет етуі, ұлттың барлық қасиеттерін ардақтау деген пікірлеріне негіздеп, біз ұлттық патриотизм дегеніміз қанмен, текпен бітетін, тәлім-тәрбие арқылы өсіп жетілетін ұлттық сипаттағы саналы іс-әрекет пен мінез-құлық деп танимыз.
Тарихи материалдарды, мұрағат құжаттарын зерттеу, тарихи-философиялық әдебиеттермен танысу, ғылыми-педагогикалық және психологиялық материалдарды зерттеп, талдау барысында және мерзімді басылымдарды зерделеу нәтижесінде Қазақстандық патриотизм деген терминнің кейінгі кезде пайда болғандығын және бұл ұғымның Қазақстанның егеменді ел болуына қатысты туындағандығына куә болдық.
Мемлекетіміздегі қазіргі әлеуметтік, саяси-экономикалық жағдайларды, халықтың сана - сезімінің қалыптасу процесін ескере отырып, біз қазақстандық патриотизмнің қалыптасуына мемлекетке атын беріп отырған қазақ халқының бойындағы Ұлттық патриоттық қасиеттердің ықпалы нығая түседі деген пікірдеміз.
Азаматтардың дүние таным мазмұны мен дағдысы олардың қоғамдық саяси өмірге араласуын және саяси іс-әрекетін аңғартады.
Біріншіден, дүние - жеке адамның ғұмыры іспестес қолданылды: әкеме қызда болсам, ұлдай едім, өтерін бұл дүниенің бүгін білдім, сағымдай жазғы тұрғы боз - боз етіп, барады дүние өтіп бір қарамай т.б.
Екіншіден, дүние - зат, мал, байлық ретінде ұғыналады: Дүние, қудым сені жалықпай-ақ, судағы ұстатпайсың балықтай-ақ, Көрсетіп кейде алдыңды, кейде артыңды, қойдың ғой дидарыңды тек атпай-ақ, т.б.
Дүниені танып-білу процесі бақылау және ойлау сатыларынан тұрады дегенмен, оның ең негізгі жоғарғы сатысы тәжірибе, яғни кең мағынада айтқанда, практика болып есептелінеді.
Адам - табиғатынан белсенді тұлға. Бұл - психология мен педагогиканың негізгі қағидаларының бірі.
Белгілі қоғам өмірінің сан түрлі құбылыстарына белсене араласқан би-шешендердің ерді көрсең қыдыр тұт, асты көрсең қадір тұт - деп келетін қанатты сөздері біз үшін пәрменді тәрбие құралы болып табылады. Мұндай пәрменді тәрбие құралы бүгінгі күнде өте қажет екенін айта кетуіміз керек. Себебі, өкінішке орай, өз елін, өз жерін, өз тілін білмейтін, сыйлап қадір тұтпайтын мәңгүрт, ар-намысы төмен жастардың өсіп кетуі мүмкін екенін естен шығаруға болмайды.
Бабамыз әл-Фараби адамның тану процесі екі кезеңнен тұратынын айтады. Онын біріншісі - сезімдік кезең. Бұған түйсік, қабылдау, ес жатады. Түйсік - дүние танудың алғашқы көзі, бірінші баспалдағы. Адамның есі мен елесінің сапалы әрі нәтижелі болуы оның дұрыс түсініктеме алуына байланысты. Ойлау дүниені әр қырынан тануға, мәселені тереңнен түсінуге мүмкіндік береді. Ойлау - адам танымының екінші басқышы, танымның жоғары сатысы. Ойлау - адамзатқа тән құбылыс, ал тіл - әр ұлттың, әрбір халықтың өзіндік өрнегі. Ғұламаның түсінігінше, адамның эмоция, сезім процестері жан қуатының дербес көрінісі болып саналмайды, бұлар психиканың қалған түрлеріне нәр береді, оларды қозғалысқа итермелейді.
Жан қуаттары туралы теориясында әл - Фараби адамның ерік-жігер, қажыр-қайратын жеке процес ретінде қарастырмай этика ғылымына орайлас пікірлерде сөз етеді. Жақсы қоғам, ізгі адамдар, олардың күшті қажыр-қайраты мен ерік жігері сияқты қасиеттерді қалыптастырудың негізгі факторлары. Қылық пен іс-әрекетінің саналылығы, тоқтамға келушілік, батырлық пен ерлік, рухани жағынан жетілу, т.б. ерік-жігердің жақсы саналары болса, мейрімсіздік, қорқақтық, дүниеқоңыздық, нәпсі құмарлық т.б. адамның ұнамсыз қасиеттері болып табылады.
Адам психикасы, негізінен, өмір барысында, оқу-тәрбие процесінде қалыптасады. Әл-Фарабидің бұл пікірлері қазіргі ғылыми психология түйіндеген тұжырымдамалармен ғажап үндеседі.
Ал, Абай адамның танымдық қасиеттерінің табиғатын матералистік тұрғыдан түсіндіреді. Абай шығармаларында жиі ұшырасатын адам болу, жарым адам, толық адам, адамшылық, адамдық, адамның адамдығы т.б. ұғымдардың бәрі де психологияға қатысты. Ендеше, біздің қазақ психологиясының, халық тәрбиесінің ұлттық үлгісін Абайдан іздеуіміз заңды деп ойлаймыз. Адам бола білу - ең биік қасиет, маңызды құндылық, ең қадірлі кәсіп. Сондықтан да ақын рух бостандығын, бірігу идеясын, азаттық тәжірибесін қолдан шығарма, даналық өнегесі, яғни ақыл, өнер, бедел арқылы бардың берекесін сақтау, елін жарастыру, жарылқауды адам зердесіне жеткізуді ойлады.
Әр ғылымның өзіне тән санаты болатыны белгілі. Ал ұмтылу психологиялық ұғымдардың басты айырмашылығы, адам қоршаған құбылыстар мен процестерді неғұрлым жалпы тұрғыда бейнеледі. Абайдың өлеңдері мен қара сөздерінен байқау, байқағыштық, ес, ойлау, қиял, сезім т.б. жан қуаттары мен қатар, процес, іс-әрекет ұғымдары жөнінде нағыз психологиялық ой- тұжырымдарды молынан кездестіруге болады.
Абай өзінің бүкіл шығармашылық күш-қуатын адамдық ақиқаттың адамдық болмысты іздеуге, адамға лайық өмірге ұмтылуға сарп етсе, оның ізбасарлары, Жүсіпбек Аймауытов, Әлихан Бөкейханов, Ахмет Байтұрсынов, Міржақып Дулатов, Мағжан Жұмабаев, Шәкәрім Құдайбердіұлы, өздерін ұлы қазақ ойшылдарының шәкірттеріміз деп есептеп, олардың ісін ілгері жалғастырды. Олардың шығармашылық мұраларына жасалған талдау-бұл ойшылдардың көптеген мәселелерді өте тереңнен қозғағанын, ал олардың ұсынған ой-толғамдарын бүгінгі күні ғана нақтылай пайымдауға болатынын көрсетеді. Мәніне жете үңіле алсаң, олар өз еңбектерінде қазақ этнопсихологиясының көптеген қыры мен сырын ашып көрсеткеніне көз жеткіземіз.
Шәкәрім адам жаны мен болмысын, санасын күрделі теңеулер арқылы түсіндіреді. Оның өлеңінде ой жалаң теңеулер арқылы түйінделіп,оқырман тұспалды сөздің астарын басқа құбылыстардың қасиетін аңғару арқылы біліп отырады. Бұл - ұлттық психологияның өзіндік құпиясы және жалпы психологиядан өзгеше қасиет. Ұлттық психологияның тағы бір құпиясы - сана үшін заттың өзінен гөрі оның қасиеттері мен заңдылықтары әлде қайда қажетті.
С.Торайғыров адам психологиясының қалыптасуы іс-әрекет үстінде болып отыратынын, мұңсыз сана-сезімнің дұрыс қалыптасып, дамымайтынын, адам тіршілігінің мазмұнын қоршаған ортасы, әлеуметтік жағдайлар билейтіндігін, сондай-ақ әке-шешенің де жас ұрпақ санасының қалыптасуында шешуші рөль атқаратындығын айтады.
Міне, ұлттық психология ұлттық тәрбиенің небір асыл нәрін бойына сіңіру арқылы дамып өркендеді. Қазақ халқының психологиясы - шығыс зерттеушілермен ғалымдарының да жоғары бағасын алған ұлан - ғайыр көркем дүние.
Халықтар психологиясындағы өзгешеліктер жөніндегі алғашқы ой -пікірлерді біз демократиялық бағыттағы ойшылдардың, саяхатшылардың, ел танушылардың, т.б. еңбектерінен табамыз. Олар кезінде халықтардың мінез-құлықтарының, талғамдарының, салт-тұрмыстарының, машықтанған шаруашылықтарының, фольклорының т.б. әлеуметтік жақтарының айырмашылықтарын сипаттайтын материалдар жинап, өз кезіндегі әлеуметтік психологиялық фольклорларға зер сала отырып еңбектер жазды. Халық психологиясының өзіндік ерекшеліктерін зерттейтін ғылым саласын этнопсихология деп атайды.
Этнопсихология - халық психологиясының жинақтаған материалдары мен қағидаларын ғылыми-теориялық тұрғыда жүйелеп, үлкен ғылым саласына айналдырып отырады. Этнографиялық терминдер жинағында этнопсихология туралы мынадай анықтама берілген: этнопсихология - адамдардың этникалық, психикалық ерекшеліктерін, мінез-құлықтарын, ұлттық сана - сезімінің қалыптасу мен атқаратын функцияларын және заңдылықтарын, сонымен бірге этностық стериотиптерді зерттейтін пәнаралық білімнің негізгі саласы.
Сана мен сезім бөліп қарауға болмайтын біртұтас дүниелер болғанымен, олардың психологиялық тегі әртүрлі. Сана - өмір шындығының адам психологиясындағы бейнесі болып, ол адамның белсенділігі, өзін-өзі бақылауы, мотивтік-құндылықтар сипатымен тығыз байланысты.
Ал ұлтымыздың психикалық құрлымы үш компоненттен тұрады, ол ұлттық сезім, ұлттық салт - дәстүр, ұлттық адамгершілік мінез - құлық. Міне осы үш бірлестік патриоттық тәрбиенің шартты белгілері болып саналады.
Ұлттық сезім - адамдардың туған елге, өскен жерге, ана тіліне, ұлттық салт - дәстүрге деген сүйіспеншілігі. Ұлттық сезімге адамдарды қоршаған ортаның (әлеуметтік, экономикалық, мәдени жаратылыс құбылыстарының) ерекшеліктері жатады. Ұлттық сезім басқа сезімдер сияқты адамның жеке басының қанағаттану, шаттануынан немесе риза болмай қанағаттанбауына байланысты туған ой-қиялдар әсерінің сезім арқылы шығарған көрінісі.
Ұлттық дәстүр дегеніміз - әрбір қоғамның ондағы әлеуметтік топтардың белгілі бір өмір сүру тәсілі. Бұл ұғым қоғамның оның топтары мен таптарының өздеріне тән жұмыс, тұрмыс жағдайында, мәдениетінің дамуы, қызметіндегі, от-басындағы және тұрмыстағы қатынас ерекшеліктерін бейнелейді. Осы асыл мұра өмірде қолданылмаса, шет қалып, бара - бара ұмтылады. Олай болса, қазақ халқы үлкен кісіге, ақ сақалды қарияларға ата мен анаға иіліп сәлем беру, есік ашу, жол беру, атқа отырғызу сияқты ізгі қасиеттерін ұмытпауы тиіс.
Ұлттық мінез-құлық сол ұлтқа тән темпераменттік, психикалық, рухани сала арқылы ерекшеленіп көзге түседі. әрине, бұл қасиеттер басқа халықтарда жоқ деген ұғым тумауы қажет. Олар әр халықта әртүрлі қырынан көрініс табады.
Сезімге анықтама бере отырып Қ. Жарықбаев борыш, ар - намыс, қайсар, табанды, өжет жауапкершіліктерді жоғары сезімдер қатарына қосады
Жоғары сезімдер орта және тәрбиенің ықпалымен жеке сананы тәрбиелеп, дамыту нәтижесінде қалыптасады. Іс-әрекет адамның қоршаған ортамен қарым - қатынасы болып, бұл үрдісте ол өзі де жаңғырады және ортаның да өзгеруіне ықпал етеді. Жауынгерлік психологиясы, оның ішінде ерлік істерге жетелейтін патриотизмнің келіп шығу, даму, қалыптасу психологиясы әлі толық зерттелмеген.
Әрбір тұлғаның қалыптасу процессіне өзіндік сипатына мән бере отырып, әйгілі ғалым А.Н.Леонтьев іс-әрекет, сана-сезімді адамның жан дүние құрылымының өзара тығыз байланыстағы арқауы ретінде сипаттай келе, олардың өмірдегі жетекші рөлін белгілейді.
Біздің пікірімізше патриотизмге тәрбиелеу процесінің танымдық мәнін естен шығаруға болмайды, бірақ ол әрбір студентте патриоттық сана, патриоттық сезім қалыптастырудан бастау алғанда ғана болмақ. Психологияда адамның жан-дүниесі, сезім әрекеттеріне екінші сигналдық жүйенің ықпалы мол екендігі айтылады. Сезім кағидалары зат, құбылыстардың ғана ықпалымен емес, сөздің әсерімен де пайда болатыны белгілі. Аса күрделі моралдық сезімдердің қалыптасуында сөздің әсері мол.
Ғылыми зерттеу еңбектеріндегі этнопсихология туралы анықтамаларды саралай келе, біз өз еңбегімізде мына анықтаманы негізге алдық. Этнопсихология - әртүрлі ұлттар мен ұлыстарға тән психологиялық ерекшеліктерді, яғни белгілі ұлт өкілдерінің этностық мінез-құлық ерекшеліктерін, ұлттық сана-сезімнің қалыптасуын және дамуын зерттейтін әлеуметтік психологияның көрнекті саласы. Этнопсихологияның зерттейтін негізгі маңызды проблемалары - өте күрделі, бірімен-бірі тұтасып жатқан мәселелер. Біріншіден, ол адамдардың іс - әрекеттерінің, күнделікті тұрмыс - тіршіліктерін, әдет-ғұрыптары мен дәстүрлері арасындағы байланыстарды, мәдениеті мен тіл арасындағы сәйкестерді, қарастырса, екіншіден, биосфера заңдылықтарына сай адамдардың сана-сезімдерінің мінез-құлықтарының пайда болу жолдары мен даму кезеңдерінің заңдылықтарын зерттеп, олардың стериотиптерін анықтайды.
Адамның іс әрекеті мен жүріс тұрысы, мінез-құлқы оның ішкі жан-дүниесінің бейнесі екендігі белгілі. Психолог ғалымдар С.Л.Рубинштейн: Сыртқы себептер ішкі жан - дүние шарттары арқылы туындайды - десе, А.Н.Леонтьев: Адамдардың табиғатынан туындайтын қоғамдық іс-әрекеті оның санасын көрсетеді - дейді.
Осы екі пікір патриоттық сана, сезім және патриоттық іс-әрекет ортасындағы тығыз байланысты көрсетеді. Демек бүгінгі күні патриоттық сана - сезім, патриоттық іс - әрекет пен мінез - құлық қалыптастыру жас буындарды патриотизмге тәрбиелеудің негізгі бағыттарын айқындайды. Патриоттық сезімнің кейбір көріністерін адамдардың күнделікті өмірдегі іс-әрекетінен байқаймыз. Біздің бұл пікірімізді Б.Мәжитұлы патриоттыққа тәрбиелеуді уызынан немесе бала кезінен бастау керек, Отаншылдық пен намыс ажырамас егіз ұғым, патриотизм бақай есепке құрылмайды, басқаша айтқанда жеке адамның өзімшілдігінен құрылмайды дей отырып, кейбір адамдардың халық үшін істеген жақсылығын, күнделікті өмірдегі патриотизмнің көрнісі деп бағалайды. Сонымен бірге кейбір адамдардың сөз жүзінде елім, жұртым деп еміренгенімен іс жүзінде келгенде өз бас пайдасын көздейтіндіктеріне мысалдар келтіреді. Сөйтіп, ол Отаншылдық ұғымы ұлттың қамын ойламайынша толық қанды мәнге ие бола алмайды - дейді.
Бұдан, ең алдымен, ұлттық патриотизм қалыптастыру қажет, ал қазақстандық патриотизм осыған негізделгенде ғана шынайы мызғымас, тұрақты болады және оның нақты өлшемі іс-әрекет болуы керек деген ұйғарымға келдік. Ә.Қалмырзаев патриотизм туа бітпейтін, қан, ген арқылы мұраға берілмейтін, бірақ адамның өз ақылы өзіне жетіп, өз бетімен тіршілік ете бастағанда біртіндеп қалыптасатын құдіретті сезім дей келе, патриоттизм - өз Отанына деген сүйіспеншілік, өз халқына берілгендік, өз Отанынын мүддесі үшін кез келген құрбандық пен ерлік жасауға дайын тұрушылық - деп көрсетеді.
Патриоттық сезімнің қайнар көзіде объектісі де Отан. өз мазмұны бар, бұл сезімнің туындап қалыптасуының өз шарттары бар дей келе ол, қазақстандық патриотизм тек қазақтардың ғана өз Отанына сүйішпеншілігі емес, онда мекендеген бүкіл ұлт пен ұлыс өкілдерінің бәріне қатысты дүние, психологиялық-әлеуметтік құбылыс. Ғалым отансүйгіштіктің өлшемі әр адамның өз Отанының қорғанысын, экономикасын, мәдениетін, ғылымын, рухани қабілетін арттыруға қосқан үлесі деп таниды. Ғалымның бұл пікіріне біздің патриотизм тек қару алып жауға карсы шығу ғана емес, күнделікті өмір салтында Отаным, халқым, елім, ұлтым дегенді ұмытпау, өз мүддесін көздеп, не істесе де өзінің қазақ ұлтының өкілі, соның құрамдас бір бөлшегі екенін естен шығармау деген ой-пікірімізді нығайта түсті. Отанын қайда жүрсе де мақтан тұтса, оған жүрек қалауымен қызмет етсе, патриоттық сезім - ұлт рухының деңгейінің айнасы, өлшемі қару-жарағы күшті болғанымен, ұлттың рухы төмен болса, әскердің қай түрі болса да әлсіздік көрсетеді - дейді Ә.Қалмырзаев
Бұдан патриоттық сана мен сезімнің мазмұны Отан деген ұлы үғым болып оның қалыптасуының басты шарттары Отанға деген сүйіспеншілік сезім ояту, Отанын көркейтуге үлкен үлес қосу және отансүйгіштікке өзін-өзі тәрбиелеуге бейімдеу екендігі айқындала түседі.
Патриоттық сезімнің объектісі мен қайнар көзі Отан болып, оның мазмұны туған жер, табиғат, оның байлықтары, тіл, дәстүр, тарихи ескерткіштер, туған өлкедегі тамаша киелі орындар, жалпы ұлттық құндылықтармен толықтырылады. Олардың адам көкірегіне жылылық, жақындық, туысқандық сезімдерді ұялатып, ізгі де, ерлік істердің қайнар көзіне айналу - патриотизмге тәрбиелеудің арқауы болуы тиіс.
Ұлттық психология құрылымына байланысты мәселелерді, олардың негізгі компоненттерін ғалымдар А А.Елікбаев, Жәнділдин, Қ.Жүкеш, Қ.Жарықбаев, М.Мұқанов, Н.Сәрсенбаев, Т.Тәжібаев, т.б. зерттеді.
Қ.Жүкеш Ұлттық психологияның сипаты атты еңбегінде ұлттық психологияның құрылымы жайында өз көзқарасын айта келіп, оның әлеуметтік психологиясымен қатар психологияның басқа салаларымен байланысты екенін көрсетеді. Осыған орай, қазақ ұлттық психологиясын зерттеуге басқа да әдістер жасау қажеттілігін сөз етеді.
Н.Сәрсенбаев әдет-ғұрыптар мен салт-дәстүрлердің, олардың құрылымын, олардың бір-бірінен айырмашылықтары мен ұқсастықтарын зерттеп, жан-жақты талдау жасаған. Салт-дәстүрлер мен әдет-ғұрыптарды адамдардың өздерінің қатынастарын әдемілендіру және көркейту нысаны дей отырып, автор Салт-дәстүрлер мен әдеп-ғұрыптардың өзіндік даму заңдылықтары болады және адамдар оларды шығармашылықпен пайдалана алады. Салттар адамдармен бірге пайда болды. Олар адамдар ұжымын тобырдан ажырататын әлеуметтік нормалары мен ұжымның өмір сүруінің қажетті нормалары ретінде құрылады. Салттар инстинктермен және әдеттермен байланысты, бірақ олардан бөлек. Әдеттер жеке индивидтің қасиеттерін көрсетсе, ал салттар ұжымның қоғамдық қасиеттерін көрсетеді - деп өзінің пікірін білдірген.
Салттар мен дәстүрлердің айырмашылығын автор төмендегідей етіп көрсетті:
Біріншіден: дәстүрлер бірнеше салттардан, әдет-ғұрыптардан құралады; екіншіден, дәстүрлер салттар мен әдет ғұрыптардың жалпыландырған, көпшілік және салтанатты бөлігі жатады. Мысалы, мерекелер, елтаңбалар, тулар, ұрандар, әнұрандар және т.б. жатады; үшіншіден, дәстүрлер - бұл келер ұрпақтың бойында жалғасын табатын қоғамдық сананың әртүрлі нысандарының - ғылымның, әдебиеттің, өнердің, саясаттың идеялық, шығармашылық бағыттары.
Біздің зерттеуімізге қолайлы бұл зерттеуге жасалынған талдаулар көрсетіп отырғандай автор нақты салттар мен әдеттердің арақатынасын көрсетеді және бұл біздің зерттеуіміз үшін өте маңызды, өйткені этнопедагогикалық білім бергенде салттар мен әдеттерді бір-бірінен ажыратып көрсету керек.
Қазақ этнопедагогикасында тәрбие беруде қазақы ырымдар өзіндік орын алады. Өмірде, тұрмыста, салтта жасалатын ырымдар саны көп. Жалпы айтқанда, ырым халықтың сенімі мен ақ ниетінен, шын көңілінен туған ұлттық ерекшеліктің бір саласы. Ол халықтың мінезі мен әдет-ғұрпымен біте қайнаған. Сөйте тұра кейде халқымыз қазақ ырым етеді, ырым қырын кетеді деп те айтып жібереді. Бұл сөз ырымның бәрі бірдей орындала бермейтінін ескерткені деп түсіну керек. Дәстүрде ырымның екі түрі бар. Олар салт ырымдары және сенім ырымдары. Бұл өмірде жиі кездесіп отырады. Көптеген ғалымдар өздерінің еңбектерінде ырымдарды жан-жақты қарастырып талдаған.
Этнопедагогикалық білімдердің көздеріне жоғары оқу орындары студенттеріне ерлік мәслесін зерделеу де жатады.
Б.Момышұлы өзінің еңбектерінде ерлік мәселесіне өзіндік анықтама берген.
Ерлік - кісінің қайрат-жігерінің , ақыл-ойының, ар-намысының, ынта-әрекетінің еңбектегі және ел қорғаудағы жеңісті де, жемісті көрінісі. Жеке адам ерлік әрекетке дейін батылдыққа, батырлықка тәрбиеленіп тәлім алады.
Ерлік дегеніміз не? Бұл адамға туа біткен қасиет емес, дұрыс жүргізілген әскери тәрбиенің жемісі. Ержүректілік пен батырлықты найзаласқан қолма - қол ұрыстан көргісі келген адам қателеседі. Ерлік табиғат сыйы емес, ең алдымен өзінің ар - намысын да және азаматтың қасиетті абыройын ұятқа қалу, опасыздық пен масқара болу сезімінен қорғай отырып, адамның ең ұлы сезімін-азаматтық парызын орындау үшін адамгершілік, теңдікте өзіңмен сайысқа түсе отырып, тұтас ұжым өмірінің игілігін ғана емес, сонымен қауып-қатерін де бөлісіп, жауды барынша жою, жанға-жанмен, қанға-қанмен аяусыз кек алу жолымен жеке басыңды және отандастарыңды қауыпсіз етуге ұмтылу, саналы түрде қауіп-қатерге бас тігуге мәжбүр ету - дейді Б.Момышұлы [28].
Бауыржан Момышұлы шығыс пен батыс халықтарының ескі заманнан осы заманға дейінгі ойшыл философтарының еңбектерін оқып бойына сіңіре білген. Өмірге деген ой пікірі бар психолог әрі философ тұлға. Батырдың өмірі мен тіршілігі жайлы жазушылар роман, естелік очеректер жазса, ақындар өлең, жыр дастандар арнаған, арнай да береді. Себебі Бауыржан Момышұлының өмірінің өзі дастан. Ол өзі туралы бір жырында былай деген екен:
Қадірін білмеппіз ғой тірі кезде,
Деп жылар қайран қазақ мен өлгенде,
Ұрпақ атап сексенменен жүздігімді,
Тарихтың түпкірінен жүздігімді - деген екен .
Отаным маған қандай жақсылық жасай алады деп сұрама, мен Отаныма не жасай аламын деп сұра өзіңнен-деп айтқан ұлы ғұламаларымыз. Қазіргі кезде кең байтақ еліміздің тыныштығын қорғау - әр саналы азаматтың міндеті болса, мұны жүрекпен сезініп түсіне білу - әрбір жауынгердің Отан алдындағы борышы. Халқымыздың амандығын, шекарамыздың бұзылмауын ойлау - Қарулы күштеріміздің негізгі мақсаты.
Қандай қоғамда, қандай ортада ғұмыр кешпе Отанды қорғау әр азаматтың қасиетті де, қастерлі парызы. Ол бұған дейін де солай болған, әрі жұмыр жер бетінде жеке, дербес мемлекеттер бар шақта солай болып қала бермек.
Өз ұрпағын ерлікке тәрбиелеуде халқымыз ел игілігі болатын еңбекті, ел қорғайтын батырлықты мадақтап, жоғары бағалаған. Халық елді қорғау адамгершіліктің асқар шаңы деп тұжырымдайды. Халқымыздың дәстүрінде елді қорғаушы елдердің ерліктерімен қатар, елі үшін жан аямай еңбек еткен саналы жандардың еңбектерінде үлгі - өнеге ретінде қастерлеген. Ер ел үшін туады, ел үшін өледі, Отызында орда қорғай алмаған, қырқында қырдан аса алмайды дейді халық. Содай-ақ ерлік қасиеттерді қаһармандықты батырлық жырларда қастерлей насихаттайды.
Тарихи қаһармандықты насихаттап, данышпандар мен шешендерді, батырларды үлгі-өнеге етіп көрсететін аңыз әңгімелер өте көп. Асанқайғы қазақ еліне жай іздейді. Қорқыт ата халыққа өлмейтін өмір, өшпейтін өнер іздеген, Төле би қазақ халқының бірлігін көксеп, басын біріктірген, Кейкі мен Амангелді жаңаша жақсы заман орнатпақ болады, Қажымұқан дүние жүзіндегі ең күштті палуан - қазақ деген мақтаныш туғызады. Төлеген Тоқтаров пен Мәлік Ғабдулин ерліктің үлгісін көрсетеді, Мәншүк пен Әлия - ержүрек қазақ қызының бейнесін жасады.
Біз бұдан патриотизмге тәрбиелеудің мынадай этно-мәдени жүйесін көреміз: ар-намыс, борыш, парыз, қанағатшылдық, жомарттық, әділдік, адалдық, ата тегін білу, қазақтың салт-дәстүрін, сөз асылын сыйлау, қайтпас қайсарлық, табандылық, бауырмалдық ерлік - қазақ халқының бойына туа біткен ұлттық әлеуметтік психологиялық ерекшелік болмысы; ол адамзаттың отансүйгіштік, ойлау жүйесінің негізі болмақ.
К.Жүкештің еңбектері өзіміздің ана тілімізде жазылғандықтан, оның ұлттық психология ғылымы үшін маңызы айрықша. Сондай-ақ, психикалық құрылымынан құрамын А.Елікбаев, А.Сәрсенбаев, өз еңбектерінде жан -жақты қарастырған. Біз олардың еңбектеріне жан-жақты терең талдау жасай келе, ұлттық сана, ұлттық мінез бен ұлттық сезім, психикалық құрылымның негізгі компаненті, ол салт-дәстүрлер этникалық мәдениеттің құрамдас бөлігі этникалық тәрбиемен қоса патриоттық тәрбиенің құралы деген пікірдеміз.
Бақытжан Момышұлы патриоттық сезім адамдарға генетика арқылы беріліп, ойына мықтап орнығады. Алайда оған күтім мен қамқорлық, ұдайы шыңдап отыратын тәлімгерлік те қажет, - дейді. Ол ерлік, pyx, ұлттық намыс арасындағы тығыз байланысты меніңше, ұлттық намыс болмаса, ұлт батырлары да болмайды. Сонымен қатар ол, ең алдымен, елінің патриоты болуы тиіс. Демек, ұлтына деген құрмет патриотизмнің ажырамас бөлігі. Отаны мен халқына деген сүйіспеншілік жоқ жерде патриотизм тумайды. Егер тура мағынасында айтсақ, патриотизм - адамды өзінің арғы тегімен жалғастырып жататын арқауы мықты қасиетті жіп, - деп белгілейді.
Біздің пайымдауымызша барлық адамзаттың белгілі бір деңгейдегі сезіммен туатыны белгілі, мұны тек инстинк деп айтуға болмайды. Осы инстинктен басқа жан-дүние сезімінің қандай да бір түйсіктік кұрамында әлі оянбаған, өсіп жетілмеген сүйіспеншілік деп аталатын түйсік бар. Бұл туралы Ж.Аймауытов Психология кітабында адамның ішкі қабілеттері серпілулерді табуға қызмет етеді, тәрбиенің мақсаты - сол серпілулерді көбейтіп, кәмілетке жеткізу - дейді Сол түйсік тәрбие арқылы саналылық деңгейіне өсіп жетілсе, ол патриотизмге айналады.
Гуриннің зерттеуі бойынша, алдын-ала жеке тұлға рухани сапа бағытын анықтайды. Сондықтан бұл сапаларға әрекет беруде, міндетті түрде оларды қайраттылықпен байланыстыру керек. Бұл жағдайда рухани қасиет қайратылыққа мағына, бағыт беріп - ол қайраттылықты әрекеттендіреді.
Адамгершілік, ерік қасиеті - бұл жақындасқан, иерархиялық құрылған кешен, ал рухани тәрбие процесі - оған жақындасқан мінезі.
Қасиет өзара байланысқан бірлік сияқты шоғырлануы жеке тұлғаның мінез - құлқы мен санасын өзара басқа деңгеймен сапалы қамтамасыз етіп, әртүрлі мінез - құлық рөльмен жұмыс жасауға және жаңа мағынаға, жаңа құрылымға әкелуге қабілетті.
В.Е.Гуриннің пікірі бойынша қасиет жиынтығы өзінің Отанға деген сүйіспеншілік сезімі, жауапкершілік пен парыздық сезімі, ізгілік, интернацинализм, мақсатқа ұмтылушылық, ұжымдастық азаматтық құрамдас бөліктермен қаруланып сипатталады, яғни азаматтық идеялы бағытталған жеке тұлғаның себептеріне, қажеттіліктерде, тілектерде, ұмтылыстарда дайын болу жиынтығын анықтайды.
Бірінші топ әлеуметтік құндылықта, басқа жеке тұлға сапасының жалпы құрлымына маңыздылықты қамтамасыздандырады.
Екінші топ мінез - құлықтың жоғары белсенділігін, оның дайындығын және саналы қойылған мақсаттарды жолдағы кедергілерді жеңіп шығу қабілеттілігімен қамтамасыз ететін қажырлы сапаны ұсынады. Бұл топқа ынталылық, жігерлік, табандылық, еріктілік, саналылық, тәртіптілік және басқа қажырлы сапаларда кіреді.
Бұл сапа адам санасымен байланысты және жеке тұлғаның мінез - құлыққа зор пәрменділік қосып береді. Сана өз-өзін қажырлы процестерде көрсетеді, солар арқылы мінез - құлықты іске асыратынын тағы дәлелдейді. Айта кететіні: ерікке негізделген мінез - құлық тобын адам сезінеді
Қасиеттердің үшінші тобы: шыдам, ұстамдылық, әдептілік, өзін-өзі ұстау және басқалар мінез - құлықта негативтік көрінулердің тежеу функциясын орындайды.
Қасиеттердің төртінші тобына ұйымдар, адамның өнегелі тәіжрибесі, оның іскерлік, дағдылар және мінез - құлық әдеттері, іскерліктер кіреді.
Бесінші топ өзін-өзі дұрыс бағалауға қабілеттілік, өз-өзін сынау, өзіне талап етуге қосылады. Бұл қасиет мақсатқа бағытталған өз-өзін тәрбиелеу мүмкіншілігін қамтамасыздандырады.
Егерде қасиеттердің бірінші тобы бағытталған жеке тұлғаның одаққа азаматтық көз қарасы шартты ерекшелмейтін болса, онда екінші - бесінші топтар қабылданған шешімнің атқарылуын одақтар анықтайды.
В.Е.Гуриннің айтуы бойынша, тұлға көрсетілген қасиеттің өмірге маңызды мінез - құлықтылықты реттеп, мақсатқа жетуде мінез - құлықты қамтамасыз етіп, оның ширауын, тежелуін тәжірибеге алып, жетілдіруін өзі тәрбиелейді. [31].
Бұл жағдайда, тұлға жан - жақты гармониялық дамып, тұрақтылықты құрайды, адамгершілік - жігерлік жолында, соған лайықталған мінез - құлық, ақырында сана және мінез - құлықтың бірігуіне жеткізеді.
Тұлғаның жан - жақты дамуы негізгі психологиялық қасиет болып есептелмейді. Психологиялық қасиет бір тұлғаға шоғырлануымен өзара байланысты. Тәрбиенің қайсы бір орталық шешімі, өсіп келе жатқан адамның қоғамдық, тұлғалық бағытын қамтамасыздандырудан тұрады.
Бұл демек мотивациялық - қажеттілік жағынан тұлғаға қоғамдық қорғау салу, себебі қоғамдық пайдалы қызметі, тұрақты түрде басым болуы керек. Адам не істесе де, не ойласа да, басқа адам, қоғам туралы ой болу керек.
Ал егер тәжірибие жеткіліксіз болса, қоршаған ортада жағдайлар мен шарт түзілмесе, ол сезім патриотизм сезіміне дейін өсіп жетпей қалуы да мүмкүн. Сондықтан, біз патриотизмнің тектілікпенен келетін кейбір тұстарын тәрбие арқылы жетілдіру қажет деген ойдамыз. Басқаша айтқанда тектілікті де, тәрбиені де жоққа шығармаймыз. Екеуі бірі-бірімен ұштасып, астарласып жататын ықпалдас құбылыс.
Ал, халықтық педагогикаға байланысты жазылған диссертациялық жұмыстарды зерделеп қарағанымызда, халықтық педагогика оқу-тәрбие процесінің өзекті мәселелерін шешуге болатын тәрбиелер жиынтығы екенін байқадық.
Я.И.Ханбиковтың пікірінде халықтық педагогика - эмпирикалық білімдер саласы, онда тәрбиенің мақсаттары мен міндеттері, еңбекшілердің кең бұқарасы қолданатын тәрбие мен оқытудың халықтық құралдары, ебдейліктері мен дағдылары көрініс табады деп берілген.
Анықтамаға қарағанда халықтық педагогика алдымен дүние танымына, іс-әрекет негіз болатын білімдер. Мұны педагогтар ғана емес, әдебиетшілер де мақал-мәтелдерден бастап жұмбақ-жаңылтпаштарына дейін, жыр- термелерінен бастап шешендік сөздеріне дейін, ертегіден бастап аңыз- әңгімелеріне дейін, тұрмыс-салт өлеңдерінен бастап эпикалық қысқа дастандарына дейін сала-сала болып желі тартып жатқан білім - деп қарайды.
Мысалға жобамен айтқанда ХVІІ ғасырдың 80 ші жылдарына сәйкес жас шамасы 14-15 тегі кезі Қаз дауысты Қазыбектің Қалмақ хонтайшысы Галдан Бошактуға айтқан сөзі: Біз қазақ деген мал баққан елміз, бірақ ешкімге соқтықпай жай жатқан елміз. Елімізден құт-береке қашпасын деп, жеріміздің шетін жау баспасын деп, найзаға үкі таққан елміз, ешбір дұшпан басынбаған елміз, басымыздан сөзді асырмаған елміз. Досымызды сақтай білген елміз, асқақтаған хан болса, хан ордасын таптай білген елміз. Атадан ұл туса, құл боламын деп тумайды, анадан қыз туса күң боламын деп тумайды. Ұл мен қызды қаматып отыра алмайтын елміз. Сен-қалмақ, біз-қазақ, қармысқалы келгенбіз. Қазақ, қалмақ баласы табысқалы келгенбіз.
Танымайтын жат елге танысқалы келгенбіз. Танысуға көнбесең, шабысқалы келгенбіз. Сен - қабылан болсаң, мен арыстан, алысқалы келгенбіз. Тұтқар сары желімін жабысқалы келгенбіз. Сен - темір де мен - көмір, еріткелі келгенмін. Екі еліктің баласын теліткелі келгенмін, егесетін ер шықса иліткелі келгенмін. Берсең жөндеп бітіміңді айт, не тұрысатын жеріңді айт - деп, келбеті келген сұңқар саңқылдаған дауыспен түйдекті, жалынды сөздерді меруерттей тізіп, бұршақтай жаудырыпты.
Асылы, ойлау қабілетінің аса жоғарлығы, жаратылыс дарытқан қасиетті тілінің оралымдылығы, сөйлеу мәдениетінің кемелділігі арқасында Жоңғар ханының тіл-ауызын ашырмапты. Осынау жүйріктіктен туған жүйелі сөз, шешендік толғаныс - ойшылдықтан, дүниетаным тереңдігінен, даналықтан, әрі шапшаң, әрі аса тегеурінді ойлау мүмкіндігінен туындағанын байқауға болады. Мұндай мысалдарды көптеп келтіру патриоттық тәрбиенің нағыз рухани құралы деп айтуға болады.
Демек, халықтық педагогиканың алдымен білімдік мәні болса, келесіде тәлім-тәрбие ісіндегі ортақ ұғымдар түсініктерді жалпылап көрсетуге көмектеседі. Осыған байланысты халықтық педагогиканы ғылым деп аталғанан гөрі, білім саласы деп қарастырған жөн сияқты.

2.Отансүйгіштік ұғымының мәні және адамзат қоғамында алатын орны

Қоғам дамуында кез-келген мемлекеттің тұтастығы, тәуелсіздігі, мемлекет дербестігі халықтардың отанға деген сезімімен , патриотизмінің денгейімен тікелей байланысты. Қазақстанда патриотизм идеясы ұлттық стратегиясының құрамдас бөлігі ретінде саналады. Ел басының Жолдауында былай деп көрсетілген: ...біз Қазақстанның барлық азаматтарының отаншылдық сезімі мен өз еліне деген сүйіспеншілігін дамытуға тиіспіз. Қоғамыздағы өзгерістер ықпалымен адамдардың қарым-қатынастарымен бірге мемлекеттік-ұжымдық дүниетанымның жекешіл дербес дүниетаныммен алмасуы жүріп жатыр. Міне сондықтан да отаншылдық, ұлттық біртұтастық, ұлттық егемендігі мен аумақтық тұтастығын қорғау, ұлттық мүдделер, қоғамымыздың топтасуы, біртұтас отбасымыз деп сезіну сияқты қасиеттер еліміздің жаңа қадамының тірегі болмақ.
Патриотизм-тарихи және әлеументтік мазмұндағы табиғатты бар ұғым. Ол әрбір азаматтың бойындағы туа біткен сезім емес. Патриотизм-ол Отанына деген сүйіспеншілік, өз халқына берілгендік оның мүддесі үшін кез-келген құрбандық пен ерлік жасауға дайын тұрушылық. Соған орай патриоттық сезімнің басты қамқорлығы Отанына арналады. Сондықтан туған жер, ел байлығы мен табиғаты, тіл, дәстүр, тарихи ескерткіштер және т.б. ұлттық құндылықтар патриоттық сезімнен тыс қалмайды. Олар әрбір азаматтың ішкі дүниесінде жанашырлық,жақындық туыстық пен сүйіспеншілік, мақтаныш қалыптастырады.
Ежелгі грек жерінде пайда болған патриот сөзі (раtrіоtes - жерлес, отандас) дүниежүзілік қауымдастықтың даму тарихына және мемлекеттердегі саяси жағдайларға байланысты саналуан сипат пен мағынаға ие болып отырған. Мысалы, ежелгі Афина азаматтарына эллан тілінде сөйлей алмайтындармен некеге тұруға заң жүзінде тыйым салынған. Бұл заң талабын орындау грек патриотизмі ретінде қабылданған және мемлекеттік дәрежеде насихатталып, бұлжытпай орындалған. Ұлы Мхатма Ганди ағылшын отаршылдарымен күресудің жолы - ағылшынның тауарларын ешқашан сатып алмау деп жариялады. Тауарлары өтпеген ағылшын кәсіпкерлері жаппай банкроттыққа ұшырап, ақыры үнді жерінен кетуге мәжбүр болған.
Жаһандасу кезеңінде патриотизм ұғымы діни сипатқа ие болып, экстремизмге бой алдыруда.Террорист бір дін өкілдерінің арасында құдай жолы үшін жанын қиған нағыз патриот ретінде асқан құрметке ие болуда және оның отбасына шексіз көмек көрсетілуде.
Патриотизм - қасиетті ұғым. Отаншылдық идеясы өмірге ұзақ тарихи-әлеуметтік дамудың нәтижесінде келген. Адам қауымдасып өмір сүргеннен бастап, өз қағамын, өлкесін, табиғатын сүйген. Соларға деген ерекше сезім, ұнатымы қалыптасқан. Қоғам дамуының кезеңдері мен түрлі әлеуметтік арнасы отаншылдық сезімді саяси мазмұнға айналдырған.
Қазақстандық патриотизм болса, ол тек қазақтардың ғана өз отанына сүйіспеншілігі емес, онда мекендеген бүкіл ұлт пен ұлыстардың бәріне қатысты нәрсе. Дегенмен ешкімді елін, Отанын зорлап, күштеп немесе алдап-арбап ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
ЖАСӨСПІРІМДЕР СПОРТЫН ҰЙЫМДАСТЫРУДАҒЫ ОТАНСҮЙГІШТІККЕ ТӘРБИЕЛЕУДІҢ ӘДІСТЕМЕСІ
Қазақтардың дәстүрлі мәдениетіндегі спорт өнерінің қалыптасуы
Арнайы мамандандырылған спорт мектептерінде қазақ күресі арқылы отансүйгіштікке тәрбиелеу мазмұнын жасап, ұйымдастыру әдістерін ұсыну
Дене шынықтыру және спорт саласындағы проблеманың қазiргі жәй-күйiн талдау
Құқықтық негіздер
Дене тәрбиесі жүйесінің негіздері
Жоғары оқу орындарында оқыту процесінде студенттердің отансүйгіштік сезімдерін қалыптастырудың педагогикалық шарттары
Ұлттық патриотизм ұғымы
Бастауыш сынып оқушыларының отансүйгіштік сезімін тәрбиелеу құндылықтарын белгілеу
Бастауыш мектеп оқушыларына патриоттық тәрбие берудегі халықтық тәрбиенің ролі
Пәндер