Мәтінмен жұмыс



1 МӘТІНМЕН ЖҰМЫС ЖАСАУ
2 Әдебиеттер
Мәтін – өте күрделі тілдік құрылым. Осы құрылымды айқындайтын басты белгілері – жүйелілік және тұтастық. Мәтіннің тұтастық категориясы сол мәтінді ұғынып, мәнін түсінгенде ғана пайда болатын, оның логикалық жағымен тығыз байланыста болса, ал оның жүйелілігі күрделі бірліктерді құрайтын тілдік құралдардың белгілі әдіс-тәсілдерімен ұйымдасуынан көрінеді [1,73].
Мәтін ғылыми тұрғыда сұрыпталған, өңделген болуы тиіс. Сабаққа
қолданылатын мәтін тыңдаушының психофизиологиялық ерекшелігіне
бейімделініп немесе бейімделмей де алынуы мүмкін. Мәтінді сұрыптағанда
мынадай факторлардың кешенді жүйесін ескерген жөн: магистранттардың
мамандығы бойынша актив сөздер мен түсіндірме терминдердің ауқымы;
лексико-грамматикалық материалдың ерекшелігін қамтамасыз ету; мәтіннің
қиындық деңгейін анықтау критериі: контекстік көркемдік пен жанрлық
шектеулік; тақырыптық принцип; мәтіннің композициялық-мәндік құрылымы мен стилі. Сондай-ақ, мәтін мазмұнын түсіну, оның ішіндегі негізгі және жанама ойдың бөліну заңдылығын айыра білумен айқындалады.
Сондықтан, тілді оқытып, үйретудің кез келген кезеңінде оқытушы магистранттарға оның құрылымдық элементтерінің қайсысы негізгі, қайсысы қосымша ойды беріп тұрғанын түсіндіріп, көрсеткені дұрыс. Мәтінді толық және дәл ұғыну оның ішіндегі сөздердің мән-мағынасын түсініп, білуге де байланысты [2,126].
Әрбір тақырыптық мәтіндердің соңында сөздік материалы берілуі
тиіс. Және де бұл сөздер талданып, магистранттардың арнайы дәптерлеріне
жазылуы қажет. Қандай мәтін болса да, алдымен оның мазмұнын түсіну
қажет. Сөздің мағынасын түсіну магистранттардың алдында игерген білім
көлеміне байланысты. Сөздің нақты мағынасын сөйлем контекстінде ғана
байқауға болады. Себебі жеке тұрғанда бір мағына беретін сөз, сөйлем
ішінде кейде басқа мағына береді. Сөз мағынасының бұлай өзгеруі оның
сөйлемдегі тұрған орнына байланысты. Сонымен қатар, сөз өзінің бастапқы
мағынасында емес, ауыспалы мағынада қолданылуы мүмкін.
Мәтінді таңдау барысында көптеген оқытушылардың мәтіннің
тақырыптық мазмұнына көңілді көбірек аударып, өз мойнына пән
оқытушысының міндетін алып кететін жағдайлары да кездеседі. Мұндай
жағдайда, пән бойынша тақырыпты жан-жақты талдап беретін екінші
оқытушының рөліне еніп кетуі мүмкін.
Мәселен, әр мәтіндердің түріне байланысты («Қазақстан экономикасы», «Қылмыс», «Қазақстандағы саясат» деген мәтіндерді оқығанда біздің мақсатымыз «Экономика дегеніміз не ? Оның даму тарихы қандай ?» «Қылмыс деген не? Қылмыстың қандай түрлері бар ? Қылмыстық кодекс бойынша қандай жазалар белгіленген?» «Ішкі саясат ұғымы» деген сұрақтарға жауап іздеу емес, «Экономика», «Қылмыс» т.б.) тақырыптар бойынша коммуникативті жаттығулар көмегімен магистранттың ойын логикалық жүйелеу арқылы сөйлету.
1. Т.М. Әбдікәрімова. Мәтін және «Ана тілі» оқулығы мәтіндемесін
құраудың теориясы. - Павлодар, 2007: - 73 б.
2. А. Жапбаров. Оқушылардың жазбаша тілін дамыта оқытудың ғылыми-
әдістемелік негіздері. - Алматы, 2007: - 120б.
3. З.С. Күзекова. Екінші тіл ретіндегі қазақ тілі оқулығы теориясының
лингвистикалық негіздері. - Алматы, 2005: - 45б.
4. Г.Т. Бейсенбекова. Оқылым процессі: Теориясы мен әдістемесі. -
Алматы, 2003: - 54б.

Пән: Тілтану, Филология
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 5 бет
Таңдаулыға:   
МӘТІНМЕН ЖҰМЫС ЖАСАУ

Мәтін - өте күрделі тілдік құрылым. Осы құрылымды айқындайтын басты белгілері - жүйелілік және тұтастық. Мәтіннің тұтастық категориясы сол мәтінді ұғынып, мәнін түсінгенде ғана пайда болатын, оның логикалық жағымен тығыз байланыста болса, ал оның жүйелілігі күрделі бірліктерді құрайтын тілдік құралдардың белгілі әдіс-тәсілдерімен ұйымдасуынан көрінеді [1,73].
Мәтін ғылыми тұрғыда сұрыпталған, өңделген болуы тиіс. Сабаққа
қолданылатын мәтін тыңдаушының психофизиологиялық ерекшелігіне
бейімделініп немесе бейімделмей де алынуы мүмкін. Мәтінді сұрыптағанда
мынадай факторлардың кешенді жүйесін ескерген жөн: магистранттардың
мамандығы бойынша актив сөздер мен түсіндірме терминдердің ауқымы;
лексико-грамматикалық материалдың ерекшелігін қамтамасыз ету; мәтіннің
қиындық деңгейін анықтау критериі: контекстік көркемдік пен жанрлық
шектеулік; тақырыптық принцип; мәтіннің композициялық-мәндік құрылымы мен стилі. Сондай-ақ, мәтін мазмұнын түсіну, оның ішіндегі негізгі және жанама ойдың бөліну заңдылығын айыра білумен айқындалады.
Сондықтан, тілді оқытып, үйретудің кез келген кезеңінде оқытушы магистранттарға оның құрылымдық элементтерінің қайсысы негізгі, қайсысы қосымша ойды беріп тұрғанын түсіндіріп, көрсеткені дұрыс. Мәтінді толық және дәл ұғыну оның ішіндегі сөздердің мән-мағынасын түсініп, білуге де байланысты [2,126].
Әрбір тақырыптық мәтіндердің соңында сөздік материалы берілуі
тиіс. Және де бұл сөздер талданып, магистранттардың арнайы дәптерлеріне
жазылуы қажет. Қандай мәтін болса да, алдымен оның мазмұнын түсіну
қажет. Сөздің мағынасын түсіну магистранттардың алдында игерген білім
көлеміне байланысты. Сөздің нақты мағынасын сөйлем контекстінде ғана
байқауға болады. Себебі жеке тұрғанда бір мағына беретін сөз, сөйлем
ішінде кейде басқа мағына береді. Сөз мағынасының бұлай өзгеруі оның
сөйлемдегі тұрған орнына байланысты. Сонымен қатар, сөз өзінің бастапқы
мағынасында емес, ауыспалы мағынада қолданылуы мүмкін.
Мәтінді таңдау барысында көптеген оқытушылардың мәтіннің
тақырыптық мазмұнына көңілді көбірек аударып, өз мойнына пән
оқытушысының міндетін алып кететін жағдайлары да кездеседі. Мұндай
жағдайда, пән бойынша тақырыпты жан-жақты талдап беретін екінші
оқытушының рөліне еніп кетуі мүмкін.
Мәселен, әр мәтіндердің түріне байланысты (Қазақстан экономикасы, Қылмыс, Қазақстандағы саясат деген мәтіндерді оқығанда біздің мақсатымыз Экономика дегеніміз не ? Оның даму тарихы қандай ? Қылмыс деген не? Қылмыстың қандай түрлері бар ? Қылмыстық кодекс бойынша қандай жазалар белгіленген? Ішкі саясат ұғымы деген сұрақтарға жауап іздеу емес, Экономика, Қылмыс т.б.) тақырыптар бойынша коммуникативті жаттығулар көмегімен магистранттың ойын логикалық жүйелеу арқылы сөйлету.
Мәтінмен жұмыс жүргізу барысында оқытушы алдына төмендегідей
мақсаттар қойғаны дұрыс:
- Магистрантты берілген мәтіндер бойынша қазақша тілдесуге үйрету.
- Тілдік қатынасқа түсу үшін әр түрлі ситуациялар құру арқылы тілдік
қатынастың қажеттілігін арттыру.
- Дұрыс сөйлеу, жазу нормаларын үйрету.
Мәтіндер ғылыми тұрғыда сұрыпталынып алынады. Мәтінмен
жүргізілетін жұмысты мынадай кезеңдерге бөліп қарастыруға болады:
1) мәтінмен жұмыстың алдыңғы кезеңі;
2) мәтінмен жұмыс кезеңі;
3) мәтін соңындағы жұмыс кезеңі.
Бірінші кезең бойынша, мәтінді оқығанға дейін, мәтінге байланысты
немесе басқаша логикалық сұрақтар берілуі арқылы жасалады.
Мәтінді оқымай тұрып, мәтіннің ішіндегі сөйлемдерге сұрақ қою
дұрыс емес. Тыңдарманның алдында сабақтарына байланысты мәтін жатуы
қажет. Мәтіннің ішінен таныс емес сөздерді теріп жазып алғаннан кейін,
оқытушының көмегімен тілдерін дамыту мақсатында актив сөздер, сөз
тіркестері бөлек сөздікке жазылады. Бұлай жазып алу сөздің дұрыс жазылуын, айтылуын тексеруге, өзін-өзі тексеруге, бірін-бірі тексеруге көмегі тиеді.
Мәтінде берілетін сөздердің ішінде таныс емес сөздер мейлінше аз болғаны дұрыс. Өткен сабақта берілген сөздерді қатыстырып, байланыстырып отыру керек. Бұл жерде байланыстылық қағидасы сақталады.
Келесі мәтінмен жұмыс кезеңі. Бұл кезеңде мәтіннің тілдік материалы
мен құрылымын трансформациялау жаттығулары орындалады. Сондай-
ақ мәтін ішінен қажет мәліметті бөліп алу, айыра білуге машықтандыру
жаттығуларын әр түрлі тәсілмен орындауға болады. Мәтінмен жұмыс кезеңі
былайша ұйымдастырылады:
- шағын мәтінмен жеке-жеке сөйлемдердің сапасын саралап
салыстыру;
- мәтіннің негізгі мәнін, мазмұнын түсіну;
- мәтінге тақырып беру;
- мәтінді тақырыпшаларға бөлу;
- мәтіндегі басқы, ортаңғы, соңғы ойларды анықтау;
- мәтінге жоспар жасап, ол бойынша тараушаларды анықтау;
- мәтінді баяндай білу, басталар, аяқталар ойды дұрыс жеткізу;
- жоспар бойынша мәтін мазмұнын әңгімелеу;
- мәтіндегі сөздермен түрлі жұмыс жасап, сөздік қорды толықтыру;
Осы әдіс-тәсілдердің бәрі оқыған мәтіннің мағынасын магистранттар
толық түсінуіне арналған жұмыстар. Мәтін мағынасын толық түсіну дегеніміз не? Жалпы алғанда, магистранттар мәтіннің мазмұнын түсіну үшін оның ішіндегі өз мамандығына байланысты жеке сөздерді түсінуі керек. Бұл жеке сөздер түсінікті болса, тұтас мәтін де түсінікті болады деген жалпы пайымдау. Мәтінде әр түрлі (бейімделген, бейімделмеген) болады. Сөздің жеке тұрғандағы мағынасы кейде мәтін контекстіндегі мағынасымен бір бола бермейтінін жоғарыда айтып кеткенбіз. Сондықтан мәтіндегі ойды түсіну үшін онда берілген сөздердің тура мағынасымен қатар ауыспалы мағынасын да білу қажет [3,45 ].
Келесі мәтін соңынан жүргізілетін жұмыс кезеңі. Бұл кезеңде мәтін
мазмұнының негізгі элементтерін, танымдық құндылығын айқындауға,
мәтінге түсініктеме беруді үйретуге (интерпретация) бағытталған жұмыстар
жүргізіледі. Мәтінде берілген мамандығына байланысты мәліметті
магистранттар болашаққа қызмет барысында қолдануы тиіс. Тілді оқытып
үйрету талабы да - осы. Сондықтан бұл жаттығулар мәтінмен жұмыс
барысында ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Төлеу сөз
Шетел тілі сабақтарында көркем мәтінді тиімді пайдалану жөнінде әдістемелік нұсқаулар
Қазақ тілі сабағында мәтінді оқыту түрлері
Қазақ тілі сабағында оқушының сөздік қорын байыту жұмыстарының түрлеріне тоқталу және олардың тілді үйрену барысында алатын орнын анықтау
Мәтінді оқыту әдістемесі
Мәтін арқылы қазақ тілін танымдық тұрғыдан оқытудың әдістемесі
Тіл білімі сөздігінде мәтін
Көркем мәтіннің тілі
Тілдік дағды қалыптастырудағы мәтін маңызы
Модуль арқылы оқыту технологиясының тиімді белгілерінің бірі
Пәндер