ХVІ ғасырдағы және ХVІІ ғасырдың бірінші жартысындағы Италия


ХVІ ғасырдағы жєне ХVІІ ғасырдыњ бірінші жартысындағы Италия
Жоспар
- ХVІ Ғасырдыњ басындағы Италия.
- Аграрлық құрылыстағы µзгерістер.
3. Испан тепкісі мен феодалдық езгіге қарсы халық кµтерлісі.
ХVІ-ХVІI ғғ. Италия бұрынғысынша жеке-жеке феодалдық мемлекеттер мен қала республикасындағы бөлiнген бытыранқы күйде болды. Мысалы: Солтүстiк-батыста, Франциямен шекаралас Савоя герцогтығы, Генуез шынағында Генуя iрi сауда республикасы, Солтүстiк шығыста Венеция үстемдiк еттi. Ломбардаяда Милан республикасының иелiктерi болды. Батыстан Солтүстiкке қарай Папа иелiгi болса, Орталықта Флоренция, оңтүстiкте Сицилия мен Неополитан корольдiгi болған. Бұл корольдiктi көп уақыт бойы Испания билеп отырды.
Жалпы Италияның Солтүстiгi мен Орталығында басқа аймақтар мен салыстырғанда товар өндiрiсi мен товар-ақшақатнастары тез дамыған. Бұл процес ХV ғ өзiнде-ақ iрi қалаларда капиталистiк мануфактуралардың пайда болуына алып келдi. Осының нәтижесiнде бұл аймақтарда крепосниктiк права ерте жойылды. Бiрақ iрi қалалардағы феодалдар бұрынғыдай жер илерi болған. Қала чиновниктерi шаруалардың мiндеткерлiктерiн атқаруға бақылау жасап отырды. Сондықтан iрi помещiктерден түскен табыста iс басқарушылары арқылы жинатып алды. Әсiресе өз жерлерiн делдалдар арқылы арендаларға бердi. Ал iрi қалалар Фолренция, Милан, Венеция, Генуя өз қарауындағы селоларды феодалдық қанауды күшейтiп капитализмнiң дамуына кедергi келтiрiп отырды. Сонымен қатар бiр-бiрiмен болған бәсекелестiк соғыстар шаруаларды одан әрi күйзелттi. Олар бұл қиыншылықтардан қашып қалаларға барды.
Пана облысы мен Неополитан корольдiгiнде басқаша дамыды. Бұл жерде iрi феодалдар шаруалардың барлық дүниесiмен, бас бостандығына шексiз иелiк еттi. Сауда иесi ретiнде екi түрлi жолмен бар билiктi өз қолына шоғырландырды. 1. Шаруалардың жерiне мал шаруашылыған күшейтсе, 2. Шаруалардың мұрагерлерiн жойып, қысқа мерзiмге өтеқымбатқа арендеға берумен алмастырды. Арендаға алған шаруалар сауда жасауғақұқықсыз болды. Күйзелiске ұшыраған шаруалар таулы шұғылданды. (мафия, рэкэт) .
Осындай жағдайға қарамай ХVІ-ХVІIғ өнеркәсiп пен ауыл шаруашылығы бiршама дами бастады. Жердiң агротехникасы жетiлдiрiлдi, интенсивтi даму басталды. 2. Әсiресе жiбек құрты мен бақшалар өсiру көп пайда келтiрдi.
1494 жылы Франция армиясы ешқандай қарсылықсыз Италияға шабуыл жасап, Неопольдi басып алды. Олар Француздарға бас идi. Себебi осы соғыс арқылы үстемтаптар пайда табуды ойлады. Француздардың бұл әрекетiне Германия, Испания және Венеция антифранциялық одаққа бiрiктi. Одақтың ықпалынан сескенген Франция Италиядан кетуге мәжбур болды. Ал 1499 жылы Испанияға қайта шабуыл бастады. Сөйтiп Милонды жаулап алды. Осылайша Испанияға қарсы Франция терреториясында 1559 жылға дейiн созылған соғыс қимылдары орын алды. Соғыста француз, испан, герман әскерлерiнiң талан-таражына түстi. 1529 жылы Камбрэде қаласында бейбiт келiсiм жасалды. Келiсiм бойынша Карл Италияның королi болып сайланып, оған Неополитан корольдiгi берiлдi. 1530 жылы VІI Климент Карлға королдiк тәжiн кигiздi.
Испания мен Францияның арасындағы Италия жерi үшiн күрес 1559 жылы Като-Кабрези бiтiмiмен аяқталды. Келiсiм Италияда Испандықтардың билiгiн баянды еттi. Оған Неополитон карольдiгi Сардиния мен Милан т. б. территориялар ендi. Сөйтiп ХVІ ғ II жартысынан бастап Италияның бiраз территориясы Испан провинцияларының бiрiне айналды.
Дүниежүзiлiк сауда орталығы Жерорта теңiзiнен Атлант мұхитына ауысуы, Испания, Германияның тонаушылық соғыстары көптеген контрибуциялары мен алым салықтар бұрынғы Италияның белдi қалаларын әлсiретiп жiбердi. Осыған қарамай елде капитализмнiң дамуы көптеген жетiстiктерге жеттi. Мысалы: 1520 жылы 1602 жылдар аралығында шұға өндiру жылына 3, 5 мың тайдан 29 мың тайға дейiн өстi. Кеме жасау, кiтап басу мен тиносрафияда, жiбек және шыны өндiруде де жетiстiктер болды. Генуя, Фларенция ең iрi сауда орталығы болды. Ливорно портына транзит ретiнде жылына 2260 кеме өтетiн болды.
Бұл iлгерушiлiк ұзаққа созылмады ХVІI ғ басына қарай Италия экономикасы қайта құлдырай бастады. Италия қалалары тағы да күйзелiстi басынан кешiрдi. Жаппай мемлекеттiк борыш көбейдi. Бұрынғы мұрагерлiк жолмен терiлер сатыла бастады. Папа мемлекетiнде мемлекеттiк қызметтегi бос орындар сатылды. Ол орындарды сатып алғандарға өте үлкен артықшылықтар берiлдi. Сауда мен өнеркәсiп құлдырауына әкелiп соқтырды. Iрi қала аристократтары қаланы көркейтумен олардың халқының санының өсуiне жағдайлар жасады. Мысалы: Неопольда ХVІ ғ басында 100 мың адам жасаса, ғасырдың ортасына қарай 200 мыңға жеттi. Ал ХVІI ғ ортасына қарай 400 мыңнан асты. Ал Римде ХVІ ғ басында 40 мыңдай болса, ғасыр соңында 140 мың адамға жеттi. Аристократтардың заказын орындаушы дәрiгерлер, сүретшiлер, жазушылар, қолөнершiлер мен саудагерлер өмiр сүрдi. Бiрақ қалалар барлық халықты жұмыспенқамтамасыз ете алмады. Жерлер сатылып аздаған аристократтардың қолына шоғырландырылды. Олардың помещиктерi бөлiске түспейтiндiгi заң жүзiнде бекiтiлдi. Сол кезде Неополит королдiгiндегi помещиктер жердегi шаруаларды алып-сатуға жер аударуға право алды.
Италияның кейбiр мемлекеттерiнде жаулап алушылар мен феодалдық езгiге қарсы халықтың күрестерi қарулы көтерiлiстерге ұласты. Мысалы: 1506 жылы Генуяда Француздарға қарсы көтерiлiс басталды. Нәтижеде Француздар мен қала патриқаттарды қаладан қуып жiбердi. Бұл көтерiлiс басшысы жiбек бояушысы Рапло да Нави болды. Бұл көтерiлiстi Людовик ХІI өзi әскермен әрең басты. Көтерiлiсшiлерге үлкен контрибуция төленiп Француз билiгiнқайтақолына келтiрдi. 1512 жылы Пергамо 1517 жылы Сицилияда iрi көтерiлiстерболды. 1532 жылы Лука қаласында жiбек өндiрiсiнiң азайып кетуiне байланысты көтерiлiс басталды. Ол көтерiлiстi Страччандар (жiбек орағыштар) көтерiлiсi деп атады, көтерiлiс жеңiлдi.
ХVІ ғ аяғына қарай Калабриде жасырын ұйым құрылды. Оның ұйымдастырушыларының бiрi “күн қаласы” утопиялық шығармасының авторы компанелла болды. Көтерiлiс 1599 жылы 10 сентябрьге белгiлендi. Бiрақ iштерiнен сатқын шығып заговор болмай қолға түседi. Басшылары өлiм жазасына кесiлiп, қалғаны түрмеге жабылыды. Ең iрi көтерiлiс 1647-1648 жылы. Сицилия мен Оңтүстiк Италияда болды. Көтерiлiсшiлер Палермо қаласын республика деп жариялады. Олардың бағдарламасында тек азаттыққана емес, антифеодалдық сипатқа да ие болды. Көптеген жеңiлдiктер беру талабынқойды, бiрақ оны орындауға берген феодалдар мен Испан әскерлерi күш бiрiктiрiп көтерiлiстi тұншықтырды. 1647 жылы июльде “Алым-салық жойылсын!” деген ұранмен Неопольде көтерiлiс басталды. Көтерiлiстi балықшы Мазаньелли басқарды. Олар салық төлейтiндердi тiркеуге алатын документтердi өртеп, түрмеде отырғандарды босатты. Көтерiлiстенқорққан вице-кароль барлық талаптарды орындауға уәде бере отырып, астыртып Мазаньелланы өлтiрудi де ұйымдастырды. Көтерiлiсшiлер Испанияға соғыс жариялап мiндеткерлiктер мен дворяндардың артықшылықтарын жойды. Неополитан республикасын жариялады. Бiрақ олардың арасында алаусыздықтар болып 1648 жылы көтерiлiстi әскер күшiмен басып жанышты.
Сеньарлық тәртiптердiң қалпына келтiрiлуi ауыл шаруаларының құлдырауына әклiп соқтырды. Италияның өзiне астықтары жетпедi. Астықты шеттен әкелуге мәжбүр болды. Шаруалардың қымбат астықты сатып алуға шамасы келмедi. Ашаршылыққа ұшыраған шаруалардың арасында өтеқауiптi дерт пеллагра деген ауру тарады. Бұл дерт “лепра италика” (итальяндық алапөс) деген атақ алды. Феодалдық-католиктiк реакцияның жеңуi экономиканы құлдырату менқатар халық арасында көптеген әлеуметтiк апаттар алып келдi.
ХVІ-ХVІI ғ Италиядағы қайта өрлеу мәдениетi. Гуманизм менқайта өрлеу мәдениетi Италияда ХІV-ХV ғ басталған болатын. Ал ХVІ ғ одан әрi гүлдене бастады. Италияда экономиканың құлдырауы басталғанда мәдениет саласында үлкен ойшылдар мен ғалымдар еңбек етiп көптеген өнер туындылары жасалды. Бұл кезең жоғарықайта өркендеу деген атқа ие болды. Флоренция, Милан, Венеция т. б. қалаларды живопись, кескiн, архитектуралы ұлы шеберлердiң шығармашылығы өзiнiң шарықтау шегiне жеттi. Әдебиет пен бейнелеу өнерiнде де ғылымның кейбiр салаларында да дәстүрлер мен кәсiптiк- техникалық дағдылар әрi қарай сабақтасып жатты. Италия мәдениетi Итальян тiлiнiң қалыптасуы мен тығыз байланысты болды. ХІII ғ бастап жергiлiктi тосканалық және флоренциялық диалектiлер бiрiгiп болашақ итальян әдеби тiлiнiң негiзiн қалады. Әлемге белгiлi бұл ақын жазушылар -Дантенiң, Бокаччоның, Петрарканың шығармашылығы итальян тiлiнiң қалыптасуына ықпал жасады. Ал қайта өрлеу кезеңiнiң жазушылары мен ғалымдары Леонардо да Винчи, Дж. Бруно, Галилео Галилей Кампанелла т. б. итальян тiлiн одан әрi дамытты. Мысалы. Флоренцияда құрылған (1582ж) Круска Академиясы 1612 жылы итальян тiлiнiң ең бiрiншi үлкен сөздiгiн кiтап етiп басып шығарды.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz