Тәрбие-отбасынан басталады


Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 3 бет
Таңдаулыға:   

Тәрбие-отбасынан басталады.

Отбасы-адам баласының өсіп-өнер алтын ұясы. Адамның өміріндегі ең қуанышты қазақ дәурені осы отбасында өтіп жатыр. Бала өмірінің алғашқы күнінен бастап ата-ана өздерінің негізгі борыштарын-тәрбие жұмыстарын атқаруға кірісті.

«Ұяда не көрсең ұшқанда соны аласың» дегендей бала тәрбиесі ол дүниеге келген алғашқы күннен басталады. Бала өскен сайын, оның тәрбиесі де күрделеніп, оған қойылатын талаптар да күшейе түседі. Ақыл-ойының дамуы, Ұнамды мінез-құлқын қалыптастыру ең негізгі міндетке айналады. Оның негізгі міндетке айналады. Оның негізгі отбасында мектепке дейінгі жаста қаланады.

Бала жақсы адам болып өсуі үшін ол күн сайын отбасы мүшелері арасындағы ең жарасымды, ең әділетті қарым-қатынастардың куәсі болуы керек. Ол ата-анасының өзіне қандай қамқоршы, сүйеніш екенін сезінуі керек. Анасы баласына әкесін өз әрекеттері арқылы қуанып, сыйлап құрметтеуді, оның жұмысын жеңілдетіп, оған қолқанат болып жүруін талап етіп түсіндіріп отырады. Отбасы шын мәнінде тату-тәтті, өзара түсіністікте болса, одан адамгершілік пен әділеттік көрінісі айқын сезіліп тұрады.

Отбасының бірлігі мен ынтымақтастығы оның құрамындағы адамдардың бір-біріне деген қамқорлығынан, тіпті бірегей саяси көзқарасты ұстануын, соған орай ерлі-зайыптылық және ата-аналық сезімін терең түсіне білулерінен байқалады.

Отбасының негізгі мігдеті-баланы еңбек етуге, жарқын сезімдер мен нұрлы мұраттарға тәрбиелеу және адамдар арасында өмір сүре білуге үйрету. Бұл қасиеттердің бәрі негізінен отбасы-ошақ қасында қалыптасып нығаяды. Мұнда әсіресе отбасындағы ересек адамдар өздерінің жеке бастарының өнегесі арқылы жас балалардың бойында сезімдерді қалыптастырады.

Өз ата-анасын сыйлап, құрметтеп үйренген бала өзге ата-аналарды да құрметтей біледі, қашан да үлкендер алдында өзін дұрыс ұстап, құрметпен қамқорлық таныта біледі.

Бала тәрбиелеу оңай жұмыс емес, ол үлкен шеберлік пен шыдамдылықты талап етеді. Сондықтан халық өмір есігін енді ғана ашқан бөбек тәрбиесін бесіктен бастаған.

Қазақтын ұлы ақыны Абай да отбасындағы баланы тәрбиелеуде ата-аналар тарапынан жол берілетін кемшіліктерді ескерте отырып, отбасы тәрбиесін ұйымдастыруға кеңестер береді. Нақтырақ айтатын болсақ, Абай өзінің 10 сөзінде: «Әуел балаңды өзің алдайсың: әне, оны берем, міне, берем деп, Басты баланды алдағаныңы мәз боласың. Соңыра балаң алдамшы болса, кімнен көресің?» деп балаларына теріс тәрбие беретін ата-аналарды сынайсын.

Әрине әркім өзінің баласын жаман болсын демейді, оның тәрбиелі, білімді болғанын қалайды, әрі еңбек сүйгіш, жақсы адам болса, еліне, халқына пайдасын тигізетіндей бір маман тесі, үлкен дәрежелі қызмет иесі болса екен деп те тілейді.

Жақсы тілек пен ниеттің орындалуына мүмкіндік жасайтын ата-ананың өзі. Бала тәрбиесі бесіктен басталады демей ме? Балаға дүнмеге келісімен көп көңіл аударып, «Ұядан не көрсе, ұшқанда соны іледі» дегендей оның өнегелі қасиеттерін отбасында қалыптастырған жөн.

«Балаға білім беру үшін, ең алдымен оны тәрбиелеген жөн, тәрбиесіз берілген білім, ол ертең бір аптада әкеп соғады» деген дүние жүзілік білім мен мәдениеттің екінші ұстазы атанған данышпан, ойшыл, энциклопедист ғалым Әбу Насыр Әл-Фараби.

Баламызды мектепке жіберіп, мектеп тәрбие береді, білім береді деп бар ауыртпалықты мұғалімге салып қойғанымыз жеткіліксіз. Баланы мектепке берген соң ата-ана мұғаліммен тығыз қарым-ұатынаста болып. оның дұрыс тәрбие мен білім алуына бірлесе әрекет етуі тиіс. Еліміздің өркендеуі, дамуы, болашағы қазіргі жас ұрпағымыздың тәрбиелі, жан-жақты білімді болуына көп байланысты.

Кейбір ата-аналар жұмыстан шаршап келгенін сылтауратып, баласының тәрбиесіне 30 минут та көңіл аударуға уақыт бөле алмайды, немесе тәрбие ісіиен айналысуға ерінеді. Осыдан үлкен қателік туады. Баланың күнделікті өмірінде бір де бір әрекетін ата-ана ескерусіз қалдырмағаны жөн. Жақсы нірсесін мақтап, білмегенін айтып түсіндіріп, үйретіп отыру көп жетістікке қол жеткізеді.

Адам баласы шыр етіп дүниеге келгеннен бастап, яғни қоғамға, өзі өсетін тіршілік ортасының мүшесі болады.

Адам дүниеге келісімен өзі көріп отырған адамдардың іс-әрекетіне, қимылына, ас ішуіне, киінісіне, жүріс-тұрысына, сөйлесуіне, ойнауына әңгімелесуіне таңдана қарап, өзі де сол көргендерді есту мақсатында әрекет жасайды. Осыған баланысты: «Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілерсің»-дейді халық. Сондықтан баланың ең әуелгі өсетін ортасы - отбасы тәрбиесіне өте терең көңіл бөлу керек. Егер отбасында жақсы тәрбие алған болса, өскенде де сол тәрбиенің ізімен баруы сөзсіз. Отбасындағы барлық адамдардың іс-әрекетіне, бала тәрбиесіне бірінші әсер ететін - орта. Бала сол ортаға қарап өседі. Сол үшін балаға отбасындағы тәрбиені қоғамдық ортаға байланыстыра отырып берген адам ұтады. Қоғамдық ортамен байланыссыз, жеке берілген отбасы тәрбиесі бала тәрбиесіне кері әсер етеді. Сондықтан өскен ортасымен отбасындағы тәрбиені байланыстыру адамның даму жолында үлкен орын алады.

Баланы отбасында еңбекке тәрбиелеу өте орынды. Әлі тілі шықпаған балаға: «ананы әкел, мынаны әкел, мынаны апрып қой, есікті аш, ары отыр, тамағыңды іш» деп жұмсағанда нәрсені әкеліп, апарып қоюды қызық көреді.

Мұндай жұмсаулардың бәрі бала ересек болған сайын күрделене беруі керек. Осы арқылы сіз баланы еңбекке тәрбиелеген боласыз.

Тәрбие - өте нәзік әрі машақаты көп жұмыс. Баланың тәрбиелі, саналы азамат болғанын барлық ата-ана қалайды. Сол тәрбиені беруге қиналады. Кейбір ата-аналар: «Қолым тимейді», «Өзі-ақ адам болады», «Есейген соң бұл қылықтар қалады» деп те айтып жатады.

Тәрбиенің қиындықтары көп, сол қиындықтан қашпаған ата-ана ғана саналы тәрбие бере алады. Ол үшін баланың не істеп жүргенін, кіммен ойнайды, қай жерде жүргенін, тапсырманы қалай орындағаны сияқты жұмыстарын қадағалап, түсіндіріп, жан-жақты тәрбие беру, оны әрі қарай дамыта білу керек. Отбасындағы өзара қарым-қатынастың дұрыс болуы бала тәрбиесінде әке мен шеше рөлінде өте маңызды екені белгілі.

Ана -өз баласының тәрбиешісі ғана емес, отбасының ұйытқысы. Отбасы мүшелерінің өзара түсінісуінің, бір-біріне кішпейіл, қамқор қатынасымен үйде жылулықтың орнығуына бірден-бір себепкер болатын - ана.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Өнеге от басынан басталады
Отбасы құндылығы
Ата мен аналардың педагогикалық үйлесімсіздігі жайлаған отбасы
Қазақ отбасындағы рухани адамгершілік тәрбиені қалыптастыра отырып өзін-өзі танумен байланыстыру
Қалыпты емес отбасындағы бала тәрбиесі
Бастауыш сынып оқушыларының оқу әрекетінде педагогикалық технологияны қолдану негізінде танымдық белсенділіктерін дамыту
Қиын балаларды тәрбиелеудегі ұстанымдар
Отбасы құндылықтары
Баланың отбасындағы тәрбиесі
Отбасындағы балалар рөлі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz