Қазақстан Республикасы мен Әзірбайжан Республикасы арасындағы каспий мәртебесінің мәселесі


Пән: Саясаттану
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 9 бет
Таңдаулыға:   

Ж О С П А Р

  1. Қазақстан Республикасы мен Әзірбайжан Республикасы арасындағы Каспий мәртебесінің мәселесі
  2. Әзірбайжан мен Қазақстанның ІІМ арасында консультациялық жиын өткізу
  3. Каспий теңізінің құқықтық мәртебесі
  4. Қазақстан мен Әзірбайжан арасындағы дипломатиялық қарым-қатынастар

Қазақстан Республикасы мен Әзірбайжан Республикасы арасындағы Каспий мәртебесінің мәселесі

Жағалаудағы мемлекеттердің саяси және экономикалық мүдделерін тиімді қамтамасыз ету мақсатында, Қазақстан БҰҰ-ның көрсетілген Конвенциясының ережелеріне сәйкес Каспийде аумақтық теңіз, балық аулау аймағын және ортақ су кеңістігін орнатуды ұсынады.

Сонымен қатар осы аймақтарға қатысты тиісті ережелер мен тәртіпті айқындау керектігі алға тартылуда. Аумақтық теңіздің сыртқы шекарасы оның шегінде жағалаудағы мемлекет барлық егеменді құқықтарды толығымен пайдаланатын мемлекеттік шекара болып табылуы қажет. Мұны аумақтық тұтастық пен шекаралардың мызғымастығы аясында қауіпсіздіктің қосымша кепілдеріне қол жеткізуге мүмкіндік беретіндігімен дәйектейді.

Балық аулау мен биоресурстарды пайдалануды тиісті аймақтарда және ашық теңізде кәсіпті лицензиялау мен аулаудың келісілген квоталары негізінде жүзеге асыру қажет. Балық аулау аймағын, оның ені мен тәртібін Каспий маңы мемлекеттерімен келісе отырып жеке санатқа бөліп шығаруды ұсынады.

Дегенмен, Каспий теңізінің құқықтық мәртебесін айқындау оңай шаруа емес еді. Бұл жөнінде 2002 жылы 14 қыркүйектегі Біріккен Ұлттар Ұйымы Бас Ассамблеясының 57 сессиясында Қазақстан Республикасының сол кездегі Мемлекеттік хатшысы - Сыртқы істер министрі Қ. К. Тоқаев: «Каспий теңізінің құқықтық мәртебесі мәселесі қазіргі кезеңдегі халықаралық қатынастарда өте өзекті мәнге ие бола түсуде. Бес каспийлік мемлекеттердің осы ерекше су қоймасына деген заңнамалық мәртебесіне байланысты ымырашылдығының болмауы Каспий теңізінің бейбітшілік пен нағыз ынтымақтастық өңіріне айналу болашағына нұқсан келтіруде» деп өз өкінішін білдірген еді.

Қазіргі кезеңде Каспий теңізінің құқықтық мәртебесі туралы конвенцияны әзірлеу жөніндегі Сыртқы істер министрлерінің орынбасарлары деңгейіндегі Арнайы жұмыс тобының аясында келіссөздер өткізілуде. Каспий теңізінің құқықтық мәртебесінің мәселелері екі және үш жақты пікір алмасуларда да келісілуде. Сонымен қатар, келіссөздерде Каспийдің экожүйесін сақтап қалу мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету, кеме қатынасын дамыту, минералдық және биологиялық ресурстарды игерудегі өзара іс-қимыл да күн тәртібінде белгіленген.

Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасындағы 1998 жылғы жер қойнауын пайдаланудағы егеменді құқықтарды жүзеге асыру мақсатында Каспий теңізінің солтүстік бөлігі түбінің жігін ажырату туралы келісімін толықтыру мақсатында 2002 жылдың 13 мамырында қосымша Хаттама жасалынды.

2001 жылдың 29 қарашасында және 2003 жылдың 27 ақпанында тиісінше Қазақстан Республикасы мен Әзірбайжан Республикасы арасындағы Каспий теңізі түбін шектеу туралы Қазақстан Республикасы мен Әзербайжан Республикасының арасындағы келісім және оған Хаттама жасалынды. Сонымен қатар, Қазақстан, Ресей және Әзірбайжан арасында 2003 жылғы 14 мамырда Каспий теңізі түбінің шектес телімдерін межелеп бөлу сызықтарының түйісу нүктесі туралы келісім жасалды. Осындай нақты шаралардың негізінде 2003 жылдың 4 қарашасында Каспий теңізінің теңіз кеңістігін қорғау жөніндегі негіздемелік конвенцияға қол қойылды.

Каспий теңізінің жағалауы мемлекеттері Басшыларының Екі Саммиті (2002 жылғы 23-24 сәуірде және 2007 жылғы 16 қазанда) және Сыртқы істер министрлерінің үш кеңесі (1996 жылғы 11-12 қарашада, 2004 жылғы 6 сәуірде және 2007 жылғы 20 маусымда) болып өтті.

Каспий теңізінің жағалауы мемлекеттері Басшыларының Екінші кездесуі барысында Әзірбайжан Республикасының, Иран Ислам Республикасының, Қазақстан Республикасының, Ресей Федерациясының және Түркіменстанның бірлескен декларациясы қабылданып, ол Каспий теңізі жағалауы маңы мемлекеттерінің жетекшілерімен қол қойылған құжат болды. Бұл құжат Каспийдің құқықтық мәртебесінің, теңіздегі қауіпсіздік пен тұрақтылықтың негізгі мәселелері бойынша, сондай-ақ Каспий жағалауы мемлекеттерінің халықаралық қатынастардың жекелеген астары (БҰҰ-ның, МАГАТЭ-ның рөлін нығайту, ядролық қаруды, халықаралық лаңкестікті таратпау) жөніндегі ұстанымдарына байланысты мәселелер бойынша қазіргі бар уағдаластықтарын саяси деңгейде бекітіп берді.

Каспий теңізіндегі Қазақстанның мемлекеттік шекарасы Каспиймен шектесетін барлық мемлекеттердің шекаралары арасындағы ең ұзыны, ол 1700 шақырымнан артық. 2004 жылы қазақстандық тарап Каспий теңізіндегі қару-жараққа бақылау жасаудың бесжақты тетігін құру, қару-жарақтың тұрақты тепе-теңдігін орнату және оларды шектеу межесін белгілеу бастамасын көтерді. Мұндай шаралар шиеленістердің алдын алудың және мемлекеттеріміздің бейбіт ынтымақтастығын дамытудың анағұрлым сенімді құралдардың бірі.

Әзірбайжан мен Қазақстанның ІІМ арасында консультациялық жиын өткізу

Каспий маңы елдерінің Сыртқы істер министрлері орынбасарларынан тұратын жұмыс тобының отырысы Бакуде өткізілді. Бұл отырыстың мақсаты Каспий теңізінің жаңа құқықтық мәртебесі жөніндегі конвенцияны толықтырудың жолдарын талқылау деп жарияланды. ИИР Президентінің Каспий теңізі мәселесі жөніндегі арнайы өкілі және осы елдің Сыртқы істер министрінің орынбасары Мұхаммад Мехди Ахундзаде Бакудегі отырыста сөйлеген сөзінде Каспий теңізінің жаңа құқықтық мәртебесін реттеу қажеттігі мен оның маңыздылығына тоқтала келіп: "Иран Каспий теңізінің құқықтық мәртебесін реттеу мақсатында Каспий маңы елдерімен ынтымақтастықты кеңейтуді жалғастыруға дайын", -деп мәлімдеді. Ол Каспий маңы елдерінің басшылары 2011 жылдың аяғына дейін Каспий теңізінің құқықтық мәртебесін анықтауды қалайтындығына тоқтала келіп: "Барлық Каспий маңы елдерінің ынтымақтасуы арқасында осы теңіздің құқықтық мәртебесін анықтау мәселесі Каспий маңы елдері басшыларының Мәскеудегі отырысына дейін оңды нәтижеге жетеді", -деп үміт білдірді. Әзірбайжан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары Халаф Халафов осы отырыста сөйлеген сөзінде өз елінің Каспий теңізі мәселесіне байланысты ұстанымын баяндады. Бұл әзірбайжандық дипломаттың пікірінше, Баку басшылығы Каспий маңы елдерінің ұстанымдарын жақындастыру, осы елдерді бір көзқарасқа келтіру мақсатында Каспий теңізінің құқықтық мәртебесі жөніндегі конвенцияны дайындау саясатын одан ары жалғастыратын болады. Баку отырысының соңында Каспий маңы елдері жұмыс тобының келесі отырысы осы жылдың шілде айында Қазақстанның елордасы Астана қаласында өтетін болады деп келісілді. Каспий маңы елдері жұмыс тобының отырыстарын өткізу 1996 жылы басталды. Каспий маңы елдері басшыларының үш отырысы тәртіп бойынша Ашхабад, Тегеран және Баку қалаларында өткізілді. Бұл отырыстарды Каспий маңы елдері жұмыс тобы отырыстарының нәтижесі деп айтуға болады. Соңғы бірнеше жылда Каспий маңы елдері осы теңіздің құқықтық мәртебесінің конвенциясына қатысты басты мәселелердің 70 пайыздан астамы бойынша жасампаз келісімге қол жеткізді. 2007 жылы Бакуде Каспий теңізі қоршаған ортасы жөніндегі конвенцияның қабылдануы Каспий маңы елдерінің жұмыс тобы кеңестерінің нәтижесінде орын алды.

Осы себепті аймақтық мәселелер жөніндегі мамандар Каспий маңы елдері жұмыс тобының отырыстарын өткізуді әртүрлі тұрғыдан өте маңызды деп бағалады. Бұл отырыстарда ұстанымдарды жақындастырумен қоса, Каспий маңы елдері өзара қайшылықтарды шешуге қолайлы мүмкіндік алады. Осы отырыстарды өткізудің нәтижесінде Каспий мәселесіне сырттан араласудың мүмкіндігі айтарлықтай азайтылады. АҚШ, Англия және кейбір еуропалық елдер өздерін Каспий мәселесіне араласуға мүдделі деп санайды. Осы себепті аталған елдердің Каспий мәселесіне араласуы әртүрлі қиындықтарды тудыруда.

Каспий маңы елдері арасында туындап отырған кейбір мәселелер 1998 жылы шілде айында Ресей, Қазақстан және Әзірбайжан арасында екіжақты, үшжақты келісімдердің қабылданғанынан кейін басталды. Әзірбайжан мен Түркменстан арасындағы үш мұнайлы аймақты иелену жөнінде туындаған қарама-қайшылық сонау 1991 жылы олардың тәуелсіздік алғаннан бері шешілмей келеді. Бүгінгі таңда ортақ аймақтардың қорларын пайдалану мәселесі Каспий маңы елдерінің ең басты түйткілі болып саналады.

Каспий теңізінің құқықтық мәртебесі туралы конвенция әзірлеу бойынша арнайы жұмыс тобының (АЖТ) 35-ші отырысы Астанада сыртқы істер вице-министрлері деңгейінде өтеді, деп хабарлайды Бакудегі меншікті тілшісі ӘР Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Әзірбайжаннан отырысқа ІІМ басшысының орынбасары Халаф Халафов қатысады.

Кездесу аясында Әзірбайжан мен Қазақстанның ІІМ арасында консультациялық жиын өткізу жоспарланған.

Арнайы жұмыс тобы «каспий бестігі» елдерінде кезекпен отырыс өткізеді. Бұл келіссөздер бір жағынан Каспий теңізінің жаңа құқықтық мәртебесін реттеуге, екінші жағынан Каспий маңы елдері мемлекет басшылары мен сыртқы істер министрлерінің кездесуін тұрақты өткізуге дайындық жүргізуге бағытталып отыр.

Каспий теңізінің құқықтық мәртебесі

Каспий теңізінің құқықтық мәртебесін анықтау мәселесі КСРО ыдырағаннан кейін өзекті бола түсті, халықаралық құқықтың жаңа субъектілері - Әзірбайжан, Қазақстан және Түркіменстан пайда болды. Бұған дейін Каспий мәртебесі 1921 жылғы Ресей мен Персия арасындағы және 1940 жылғы Кеңес Одағы мен Иран арасындағы сауда және теңізде жүзу туралы келісімшартпен реттеліп келді.

Бакуге келгеннен кейін «Загульба» сарайында Нұрсұлтан Назарбаев пен Әзірбайжан Президенті Ильхам Алиев кездесті. Әңгімелесу барысында та­рап­тар екіжақты ынтымақтастықты, соның ішінде эко­номикалық және көлік салаларын дамыту мә­се­ле­сін талқылады. Жалпы, Баку саммитінде Каспий теңі­зінің құқықтық мәртебесі пы­сықталып, қау­іпсіздік бойынша ынтымақтастыққа ден қойы­латыны анық.

Ресей Президентінің кө­мекшісі С. При­ходько қауіпсіздік са­ла­сындағы келісім құқықтық құ­жат емес, оның мақсаты осы бағыттағы лаң­кес­тікпен күрес, жаппай қырып-жоятын қа­рулардың таралуына жол бер­меу, есірткінің заңсыз айналы­мы­на, контра­бандаға, браконьерлікке, «лас» ақ­шаны заңдастыруға қар­сы күресте, адамдардың заң­сыз кө­шуіне тосқауыл қоюға тиісті бірлескен ведомстволардың жұмы­сына бағдар беру болып саналатынын айтты.

Оның пікірінше, Каспий маңы елдері үшінші елдердің көмегінсіз-ақ сенім­ді қауіпсіздік жүйесін қамтамасыз ете алады. 20 жылдан бері дау туғызып келе жатқан Каспий теңізінің құқықтық мәртебесі жөнінде бес ел 80 пайызға дейін уағдаластыққа қол жеткізді деу­ге болар. Өйткені Каспий мәселесін әмбебап құқықтық нормалармен шешуді қолдайтын Ресей әуелден-ақ Қа­зақстанмен және Әзірбайжанмен теңіз акваториясын пайдалану мәселесін өз­ара шешіп алған болатын. Бес каспийлік елдің сарапшылары «Каспийде қауіпсіздік саласында ынтымақтасу туралы» жоба бойынша келіссөзде біршама алға басты. Әзірбайжан сыртқы істер министрінің орынбасары Халаф Халафовтың айтуынша, келісілмеген мәселелер, негізінен алғанда, каспийлік елдердің ішкі мемлекеттік процедураларына байланысты мәселелер болып отыр. Каспий мәселесінде кежегесі кері тартып қалатын Иран Президенті Махмұд Ахмадинежад саммит алдында күн тәртібіндегі мәселелердің шеші­мін табатынына сенім білдірді. «Каспий теңізінің мәселелері сая­си, құқықтық, жағалаудағы линия тұр­ғы­сынан алғанда әлдеқайда күрделі, оларды бірте-бірте шешу керек» деген болатын.

Каспий теңізінің құқықтық мәртебесі әдеттегі халықаралық құқықтық нормалар аясына сыймайды. Әлемдік мұхит­қа қосылмайтын болғандықтан, Каспий теңіз бе әлде көл ме деген мәселе бойынша 1958 жылғы БҰҰ-ның теңіз құқығы конвенциясы бірауызды пәтуа бере алмайды. Егер Каспий теңіз деп есептелсе, әр жағалау елдері 12 мильдік территориялық су және 200 мильдік экономикалық зоналарға меншік құқы­ғын иеленеді. Алайда Каспий теңізінің жалпақтығы 200 теңіз миліне де жетпейді. Каспий теңіз деп қабылданып келді. Егер Каспий теңіз деп түпкілікті мойындалатын болса, БҰҰ-ның теңіз жөніндегі халықаралық конвенцияларының күші сақталады. Қазақстанға дәстүрлі «теңіз» тұжырымы тиімдірек. Ал «көл» мәртебесі бекітілетін болса, Каспий қайраңындағы мол қазынаны ортақ пайдалануға тура келеді. Бұл арада Қазақстанның Каспий теңізінің құқықтық мәртебесіне қатысты ұстанымы БҰҰ-ның Теңіз құқығы жөніндегі 1982 жылғы конвенциясының теңіздің әртүрлі бөліктерінің режимдері мен еніне қатысты жеке ережелерін қолдану болып табылады. Жағалаудағы мемлекеттердің саяси және экономикалық мүдделерін ескере келе, Қазақстан БҰҰ-ның көрсетілген конвенциясының ережелеріне сәйкес Каспийді аумақтық теңіз деп танып, онда балық аулау аймағын және ортақ су кеңістігін орнатуды ұсынады. Біздің ұстаным бойынша, аумақтық теңіз­дің сыртқы шекарасы оның шегінде жағалаудағы мемлекет барлық егеменді құқықтарды толығымен пайдаланатын мемлекеттік шекара болып табылуы қажет. Каспий жағалауы елдері теңіздің қайраңы мен қойнауын ұлттық секторлар бойынша орта сызықпен бөлуді ұсынады. Орта сызық қағидасы бойынша, Каспий теңізінің Қазақстанға - 29, 6 пайызы, Әзірбайжанға - 19, 5 пайызы, Ресейге - 18, 7 пайызы, Түрікменстанға - 18, 4 пайызы, ал Иранға 13, 8 пайызы тиесілі болар еді. Алайда табиғат берген аз үлеске Иранның иліккісі келмейді. Онсыз да Парсы шығанағынан қыруар пайдаға кенеліп отырған Иранның Каспий теңізіндегі табиғат берген несібесін қанағат тұтқысы жоқ. Парсы елі мұхитқа шығар жолы жоқ қазақтың маңдайына біткен жалғыз Каспий теңізінен қа­лайда мол үлес алып қалғысы келеді. Каспийдің Иран жағындағы көмірсутек қорының аз болғанына біз кінәлі емеспіз ғой. Кеңестер Одағы ыдырағанға дейін Каспийдің мәртебесі 1921 және 1940 жылдары Кеңестер Одағы мен Иран мемлекеттері арасындағы екіжақты ке­лісім бойынша жүйеленіп келгенімен, қазіргі кезде бұл режим жарамсыз. Бұл жерде теңізді бөлісудің бірнеше нұсқа­сы ұсынылып отыр. 1. Тұйық суқойма нұсқасы бойын­ша, әр ел үшін теңізде 20 миль мөл­ше­ріндегі территориялық су аймағы анық­талады, соның негізінде әуе кеңістігі, су қойнауы және ондағы қазба байлықтар сол мемлекеттің меншігі болып есептеледі. 2. Шекаралық көл нұсқасы негізінде әрбір мемлекеттің теңіз жағалауындағы құрлық шекарасына сәйкес суы бел­деу сызықтармен ұлттық бөліктерге (сек­торларға) бөлінеді. 3. Ашық теңіз нұсқа­сы бойынша, теңіз жағалауынан әрбір мемлекет үшін 12 миль мөлшеріндегі тер­риториялық су аймағы бөлінеді, ал теңіздің одан қал­ған аумағы жағалаудағы үлеске сәйкес экономикалық белдеулерге бөлу тәртібін көздеген.

Сол сияқты Қазақстан, Ресей және Әзірбайжан арасында 2003 жылғы 14 мамырда Каспий теңізі түбінің шектес учаскелерін межелеп бөлу сызықтарының түйісу нүктесі туралы келісім жасалды. Ресеймен мәселемізді шешіп алған соң, өзге жағалау елдерімен теңізді бөлуге бас қатырмай-ақ қойсақ та болады. Өйткені теңіз аумағындағы қазақстандық сектор Ресей мен Түрікменстаннан басқа еш­бір елмен шектеспейді, ал Түрікменстан­ның бізде «алты аласы, бес бересі» жоқ. Сондықтан Каспий мүдделер қақ­тығысынан гөрі, тоғыстыратын игілік болуы тиіс.

Керек дерек

Каспий теңізінің болжанған қоры - 15-22 млрд тонна, ал көгілдір отын қоры - 12-18 трлн текше/метр Ал 8, 4 млрд тонна дәлелденген мұнай қоры (әлемдік қордың 5, 8 пайызы) және 7, 4 трлн текше/метр табиғи газдың (әлемдік қордың 5 пайызы) басым бөлігі Қазақстан мен Әзірбайжанға тиесілі. Жалпы, Каспий аймағында мұнай өндіру және оның дәлелденген қоры бойынша көшбасшы Қазақстан болып саналады. Ал газ кеніштерін игеру жөнінен Түрікменстан бірінші орын алады.

Қазақстан мен Әзірбайжан арасындағы дипломатиялық қарым-қатынастар

Қазақстан мен Әзірбайжан арасындағы қарым-қатынас өте жоғары деңгейде деп санаймын - Нұрсұлтан Назарбаев.

Қазақстан мен Әзірбайжан арасындағы дипломатиялық қарым-қатынастар 1992 жылдың тамыз айынан басталады. Қазақстан сыртқы істер министрлігінің мәліметтеріне қарағанда, Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың 1996 жылдың қыркүйек айындағы Әзірбайжанға, ал Әзірбайжанның бұрынғы Президенті, марқұм Гейдар Әлиевтің 1997 жылдың маусымында Қазақстанға келген сапарынан кейін екі елдің қарым-қатынасы жандана бастаған. Әзірбайжан геосаяси және газ-мұнай саласындағы әріптестік тұрғысынан алғанда Қазақстан үшін маңызды орын алады. Каспий теңізінің құқықтық мәртебесін белгілеу, мұнайды әлемдік базарға тасымалдау сияқты бірқатар стратегиялық мәселелерді біртіндеп шешу мақсатында Қазақстан мен Әзірбайжан әріптестік қарым-қатынаста болуға мүдделі. Каспий мәртебесінің мәселесі Әзірбайжан Президенті Ильхам Әлиевтің Қазақстанға осы сапарында қаралады деп хабарлайды, Қазақстан сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметінің кеңесшісі Гүлмира Сұлтанәли. -Екі ел арасындағы ынтымақтастықта Каспий мәселесі ерекше маңызға ие. Қазақстан мен Әзірбайжан Президенттері 1996 жылы 16-ы қыркүйекте қол қойған бірлескен мәлімдемеде Каспий мәртебесінің мәселесі бойынша екі ел ұстанымдарының ұқсастығы тұңғыш рет атап көрсетілген болатын. Бұл бағыттағы жұмысты Ресеймен қол жеткізілген келісімдер тәжірибесі сияқты одан әрі жалғастыру өте маңызды болып табылады. Қазақстан мен Әзірбайжан ынтымақтастығының басым бағыты мұнай саласындағы жобаларды іске асырумен байланысты болмақ. Қазақстандық мұнайдың транзитке қатысты көлемін 10 млн тоннаға дейін ұлғайту жоспарлануда. Сондықтан экпорттық құбыр желілерімен қоса Әзірбайжан бағытындағы мұнай көлік инфрақұрылымын кеңейту алға қойылуда. Қазақстан мен Әзірбайжан Үкіметтері Ақтау-Баку бағыты бойынша паром қатынасын дамытуға, екі елдің Каспий теңізі айлақтарындағы алымдарды азайту мүмкіндігін қарастыруға келісіп отыр. Сондай-ақ, Әзірбайжанның Қазақстан алдындағы 17 млн. доллар мөлшеріндегі мемлекеттік берешегін өтеу жөнінде келіссөздер жүргізілуде. 2003 жылы екі ел арасындағы сауда айналымы 130 млн ақш долларына жеткен. Оның 100 млн-ны қазақстан экспортына тиесілі. Әзірбайжандық өнеркәсіп тауарларының, оның ішінде көлік пен құрал жабдықтардың, химиялық өнімдердің Қазақстан базарында бәсекелестікке түсе алмауы Әзірбайжан үшін сауда айналымының теріс сальдосын қалыптастырып отыр. Ал Қазақстан кейінгі жылдарда бидай, ұн және шикі мұнай экспортын ұлғайта түскен. Бүгінде Қазақстанда Әзірбайжандық кәсіпкерлердің қатысуымен 36 шағын кәсіпорын жұмыс істейді, оның 13-і бірлескен кәсіпорын болып саналады. Әзірбайжанның Қазақстан үшін стратегиялық әріптестік ретіндегі маңызы туралы, жалпы екі ел арасындағы парламенттің қарым-қатынас мәселесі жайында Қазақстан Парламенті Сенатының халықаралық мәселелер жөніндегі комитетінің мүшесі, сенатор Тасбай Симамбаев былай деді. -Каспий мәселесінде екі жақ бірлесіп жұмыс істегеніміз жөн. Өздеріңізге белгілі Каспий төңірегінде әр-түрлі әңгімелер болды. Әсіресе Иран жағынан, Түркімен жағынан. Қазақстан, Әзірбайжан ортамызда Ресей бар Каспийді бөлу жөнінде үлкен шартқа қол қойылды. Ал екі ел арасындағы Парламенттік қарым-қатынасқа келсек, екі жақты депутаттық топ құрылған, сол топ шекара бойындағы мемлекттермен бір заң шығаруды жоспарлап отырмыз. Ол заңда шекарадағы мемлекттермен сауда, экономика салсында бірлесіп істейтін жағдайлар қамтылатын болады. Ол мәселені көпке созбай биылдың өзінде іске асырсақ деп отырмыз. Бүгінде екі ел арасындағы қарым-қатынастардың құқықтық базасы 60-тан астам құжатты қамтиды. Олардың арасында экономикалық ынтымақтастықты тереңдету, өнеркәсіптік меншікті қорғау, байланыс, сондай-ақ, Қазақстан мен Әзірбайжанның Ұлттық Банктері арасындағы қаржылық-банктік жүйедегі ақпарат алмасу салаларындағы ынтымақтастық туралы келісімдерге үлкен маңыз беріліп отыр.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Каспий мұнайын тұтынушы елдер
Каспий теңізі, құқықтық мәртебесі бойынша келіссөздердің жаңа кезеңі
Каспий теңізінің құқықтық мәртебесі туралы конвенция
Каспийдің құқықтық статусын айқындау
Каспий теңiзiн бөлiктерге бөлу туралы теория
Каспий теңізінің құрлықтық шельфінің минералды ресурстарын игерудің құқықтық мәселелері
Каспий аймағының экологиялық құқықтық мәртебесі
Каспий теңізін игерудің аймақтық мәселелері
Каспий теңізінің құқықтық мәртебесі
Каспий теңізінің құқықтық және экологиялық мәселелері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz