Қазақстан Республикасының аймақты дамытудың теориялық және әдістемелік аспектілері


Пән: Экономика
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 79 бет
Таңдаулыға:   

Мазмұны

Кіріспе . . . 3

1 Қазақстан Республикасының аймақты дамытудың теориялық және әдістемелік аспектілері

  1. «Аймақ» түсінігі және оның мәні . . . 6
  2. Аймақтық экономиканы басқарудың қызметтері мен әдістері . . . 11
  3. Қазақстандағы аймақтарды дамытудың стратегиясы . . . 17
  1. Астана қаласындағы экономиканы мемлекеттік реттеу ерекшеліктеріАстана қаласының экономикалық даму жағдайын талдау . . . 31Астана қаласының экономикалық жағдайын көтеруге арналған стратегиялық жоспарлар мен жобалар . . . 44Аймақ экономикасының инвестициялау ерекшеліктері мен мәселелері . . . 50
  2. Аймақтағы экономиканы мемлекеттік реттеуді жетілдіруҚазақстан Республикасының аймақтарындағы стратегияны жетілдіру жолдары . . . 54Аймақтық дамудың негізгі басымдылықты бағыттарын анықтау . . . 65

Қорытынды . . . 71

Пайдаланған әдебиеттер тізімі . . . 75

Кіріспе

Радикалды экономикалық реформаларды ғылыми негіздеу үшін рыноктық қатынастың дамуы қалыптасуы жағдайында үлкен мәнге аймақтық экономика ие болып отыр. Аймақтық экономика - бұл өндіргіш күштердің қозғалысы, аймақ экономикасы туралы ғылыми білім ортасы.

Қазіргі кезде негізгі шауашылық қызмет аймақтарда жүзеге асырылады. Оларға өздігінен экономикалық мәселесін шешуге, аймақаралық байланыстар жасауға мүмкіндік берілген. Қазақстанның әрбір аймағы өзіне тән табиғи ресурстарға, олардың қалыптасу ерекшеліктеріне, ұлттық немесе табиғи белгілеріне, өзінің шаруашылық құрылымына, экономикалық дамуы мен мамандандыру деңгейіне ие. Әрбір аймақ, бiрiншiден, мемлекеттің шаруашылық кешендерінің белгілі бiр орнын алса, екiншiден, ел басқа айналыммен бірігіп бүтін экономикалық бірлік құрайды. Сондықтан мемлекет туралы білім оның барлық айналымын жан- жақты зерттеуден құрылады [1] .

Нарықтық экономиканың жұмыс iстеу жағдайында экономикалық әлеуеттi дамыту мен орналастыру және халықты таратып орналастыру мәселелерi негiзiнен нарықтық тетiктер арқылы айқындалады.

Сонымен қатар, мемлекет елдiң орнықты экономикалық дамуы, халықтың қолайлы тыныс-тiршiлiгi және бар ресурстық әлеуеттi ұтымды пайдалану үшiн жүйелi жағдайды қамтамассыз етуге тиiс.

Тиiсiнше мемлекеттiң аумақтық даму процестерiн реттеудегi мiндеттерi өзгеруге тиiс. Қазiргi кезеңде мемлекет мiндеттерi экономика мен еңбек ресурстарын экономикалық тұрғыдан перспективалы аудандарға және тыныс-тiршiлiк үшiн қолайлы табиғи-климаттық аймақтарға шоғырландыруды ынталандыруға, нарық субъектiлерiнiң экономикалық белсендiлiгiн өсiру үшiн жағдайлар жасауға және әлемдiк шаруашылық жүйесiне үйлесiмдi кiрiктiрiлген бiртұтас iшкi экономикалық кеңiстiктi қалыптастыруға келiп тiреледi.

Жоғарыда көрсетiлген мiндеттердi iске асыру елдi дамытудың геоэкономикалық және геосаяси факторларын ескеруге тиiс. Жаһандану мен халықаралық бәсекелестiктiң күшеюi елдiң әлемдiк нарықтарға ұстанымдануының тиiмдi стратегиясын тұжырымдауды талап етедi.

Қазақстан Республикасының Президентi Н. Ә. Назарбаевтың
Қазақстан халқына жолдауларынан: «Қазақстан бүгiн Еуропа мен Азия арасындағы коммуникациялар легiнiң түйiскен тұсында тұр. Бiздiң мiндет - осынау бiрегей геосаяси жағдайымызды өз елiмiз бен халықаралық қоғамдастықтың мүддесi үшiн ұтымды пайдалану, бүгiнгi таңда тұтас алғанда елiмiздегi экономикалық жаңарудың «локомотивi» болуға қабiлеттi дамыған өңiрлiк орталықтардың экономикалық қызметiн жандандыруға, сондай-ақ өңiрлердiң ұтымды экономикалық мамандануын қалыптастыруға бағытталған осы заманғы жаңа аумақтық даму стратегиясы қажет» [2] .

Өңiрлер мен iрi қалалар бәсекелiк стратегияны тұжырымдаумен, еңбек бөлiнiсiнiң ұлттық қана емес, өңiрлiк және әлемдiк жүйесiнен де орын iздеумен айналысуға тиiс.

Осы Стратегия, экономикалық кеңiстiктiк және халықты таратып орналастыруды қалыптастыруды, кластерлердi қалыптастырумен өзара байланыстыра отырып аумақтарды инфрақұрылымдық қамтамасыз етудi қоса алғанда, елдiң аумақтық дамуының стратегиялық бағыттарын айқындайды және тиiстi мемлекеттiк, салалық және өңiрлiк бағдарламаларды әзiрлеудiң немесе түзетудiң негiзi болып қызмет атқаратын болады.

Аймақ экономикалық мазмұны рационалды, ғылыми негіздерден саясат пен стратегия әзірлеуді талап етеді. Қазіргі кезде әрбір аймақтардың мүмкіншіліктері мен ерекшеліктеріне байланысты нақты экономикалық мәселелерді шешуде дифференцияланған бағытты қолдану ерекше маңызды тек аймақтың барлық табиғи, экономикалық, демографиялық, геогрфиалық және тағы басқа ерекшеліктері мен жағдайларын жан - жақты қатаң есепке алу ғана экономиканың көтерілуіне қатысты негізгі тапсырмалар мен мәселелерді шешуге мүмкіндік береді [3] .

Аймақтық экономиканың дамуын мемлекеттік реттеу қазіргі кездегі тез арада шешуді талап ететін проблемалардың бірі. Аймақтың дамуын реттеудің негізгі мақсаты - аймақтарға экономикалық өсуге жету арқылы бүкіл республиканың экономикасын жақсартуды қамтамссыз ету.

Жұмыстың мақсаты - аймақтардың әлеуметтік-экономикалық дамуы ерекшеліктерін ескере, мемлекеттік реттеуді тиімді жүргізу жолдарын іздестіру, аймақтық экономиканы басқару ерекшеліктерін анықтау. Қойылған мақсатқа жету үшін келесі мәселерді шешу қажет:

  1. ең алдымен аймақ түсінігінің мәнін ашып, Қазақстан Республикасындағы аймақтарға жалпы сипаттама беру;
  2. аймақтарды басқару әдістерін, қызметтерін, ерекшеліктерін анықтап, мемлекеттік реттеуді жүзеге асыру.
  3. Қазақстан Республикасындағы аймақтардың дамуын бағалап, экономикалық потенциялын көтеру жолдарын анықтау;
  4. Алматы қаласының дербес аймақ ретінде дамуына сипаттама беріп, экономикалық даму жолына талдау жасап, экономикасын реттеу ерекшеліктерін қарастыру;
  5. Қазақстан Республикасындағы аймақтарды басқарудың артықшылықтары мен кемшіліктерін анықтап, басқару жүйесін жетілдіру жолдарын іздестіру, аймақтардың басымдылықты бағыттарын анықтау.

Бұл мәселені қарастыру аймақ экономикасы, оны басқару туралы білімді кеңейтіп, оның қазіргі уақытта өте өзекті проблема екенін анықтайды. Аймақ экономикасын тек дамытып қана қоймай, оны қолдап, реттеп, басқарып отыру керек [4] .

Жұмыс кіріспеден, үш бөлімнен, қорытындыдан, қолданылған әдебиеттер тізімі мен қосымшалардан тұрады.

Жұмыстың бірінші бөлімінде Қазақстан республикасындағы экономиканы аймақтық реттеудің теоретикалық және әдістемелік аспектілерді қарастырылған. Бөлім аймақ түсінігінің мәнін ашып, аймақтық экономиканы басқарудың қызметтері мен әдістерін анықтап, Қазақстан Республикасының аймақтарының дамуының экономикалық потенциялын бағалауға арналған.

Екінші бөлімде аймақтық экономиканы мемлекеттік реттеудің тәжірибе жүзінде асырылуы қарастырылған. Мұнда Астана қаласының экономикалық ерекшеліктері, оның экономикалық потенциялын көтеруге қатысты әзірленген стратегиялық жоспарлар мен жобалар, сонымен қатар аумақты инвестициялау ерекшеліктері мен мәселелері қарастырылған.

Үшінші бөлімде аймақтардағы мемлекеттік реттеуді жетілдіру мәселері қамтылған. Бөлім Қазақстан Республикасының аймақтың стратегиясын жетілдіру жолдары мен аумақтық дамудың негізгі басымдылықтарын анықтауға арналған.

1 Қазақстан Республикасыеың аймақты дамытудың теориялық

және әдістемелік аспектілері

  1. «Аймақ» түсінігі және оның мәні

«Аймақ» түсінігі экономикалық және саяси практикаға толығымен енді. Арнайы әдебиеттерде экономикалық аймақтың мәнін анықтауға бірнеше бағыттар қалыптасты. Оларды негізінен үш топқа бөлуге болады: әкімшілік шаруашылық көзқарас, экономика географиялық және ұдайы өндірістік. Әкімшілік шаруашылық бағыт бойынша кез келген әкімшілік территория экономикалық ауданмен негізделеді. Кейбір авторлардың ойынша, аймақ - бұл бірлікпен және халықтың тұрақты еңбек, әлеуметтік және мәдени байланысты жақсы қалыптасқан, транспорттық және әлеуметтік инфрақұрылымның дамуының салыстырмалы жоғарғы деңгейімен сипатталған әкімшілік территориялық бірлестік. Бұл бағыт жеткілікті түрде аймақты зерттемейді. Себебі ең алдымен мұнда әкімшілік аудандардың шекарасы экономикалық аудандардың келісімімен сәйкес келмеген жағдай қарастырылмаған [4] .

Экономикалық географиялық бағытты қолдаушы ғалымдар аймақ деп бірдей немесе әртүрлі табиғи, экономикалық ұлттық ерекшеліктері және өндіргіш күшінің бағыттылығы тән елдің ірі негізін территориясын сипаттайды. Фейген А. А. аймақтын келесі анықтамасын береді: «Аймақ - бұл өндірістің, табиғи және адам ресурстарының мамандануы мен құрылуымен, сонымен қатар экономика географиялық жағдаймен елдің ішінде ерекшелінетін экономикалық аудан, шаруашылық етуші территория».

Алампаев П. М. «Аймақ» - бұл бүтін территория, елдің халық шаруашылығының бөлімі және өзіне тән өндірістің мамандануын, еңбекті қоғамдық территориялық бөлімнің басқа бөлудің басқа бөлімдерімен үздіксіз байланысы және экономикалық қатыснастар бар аудан. Бірақ экономика географиялық бағыттың анықтамасын толығырақ Н. Н. Некрасов берді. Оның ойынша аймақ - бұл қалыптасқан және перспективті материалдық-технологиялық негізіне өндірістік және әлеуметтік инфрқұрылымына сай табиғи ресурсар кешені негізінде өндірістік күштердің даму бағыттылығы тән және бір қалыпты жағдайлары бар елдің ірі территориясы. Аймақтарды бөлудің негізгі критериясы табиғи ресурстарды пайдалануға алдын-ала белгіленген немесе орындалған жиынтыққа, шаруашылық қызметінің тарихи қалыптасқан құрылымына немесе экономикалық дамудың жоспарлы құрылымына негізделген халық шаруашылығын тапсырмаларының жалпыға бірдей болуы болып табылады. Бірақ ұдайы өндірістік бағытты ұстанушы ғалымдардың еңбектерінде экономика географиясының бағыт аймақтағы ұдайы өндірістік процесстерді және олардың әлеуметтік факторлармен байланысқанын ескермеген және аймақтардың бүтіндігін тек өндірістік күштердің кешені ретінде ғана емес, сонымен қатар қоғамдық өндіріс жүйесіндегі ұйым ретінде бейнелемеген. Ұдай өндірістік бағыттың позициясы бойынша, аймақтар еңбекті қоғамдық бөлу процессі кезінде территориялық өндірістік жиынтығы ретінде бөлініп шығатын және ұдайы өндірістің барлық фазаларында оның жалпыға бірдей және ерекше салыстырумен, өндірістік-технологиялық және экономикалық өзара байланыстың жоғары деңгейімен, олардың элементтерін құраушылармен байланысы, өндірістік және әлеуметтік инфрақұрылымның бірлігімен, жоспарлау және басқару облысындағы бірдей тапсырмаларымен сипаталатын аудан ретінде салыстырылады. А. И. Добрынин аймақты біріншіден, елдің территориясының құраушы бөлігі ғана емес, екіншіден, ұдайы өндірістің аяқталған циклі бар халық шаруашылығының өзіндік бөлігі ретінде, үшіншіден, эндогенді және экзогенді ағымдардың материалдық және қаржылық ресурстардың өзіндік байланыстарын тудыратын елдің басқа аудандарының байланыс жасайтын экономикалық аудан, жүйе ретінде қарастыру қажет деп жазған. Ұдайы өндірістік жүйе сияқты аймақ экономика географиялық бағыттың кейбір жағдайларымен ерекше жағдайларын қамтиды: жұмыс күшінің, өндіріс қатынастарының және жиынтық өнімді бөлудің, ұлттық табыстың, тұтыну қорымен жинақтау қорының, капитал салудың көздерінің, ұдайы өндірістік шарттарын реттеу, еңбек ресурстарының қозғалысы және олардың квалификациясы халықтың нақты ақшалай табысының өсуінің ерекше жағдайларын реттеу, сонымен қатар тағы басқа әлеуметтік тәртіптегі фактормен қатары [5] .

Жоғарыда аталып кеткен бағыттардың барлығы бірін бірі толықтырады. Әрбір бағыт аймақтың экономикалық зерттеулерінің әртүрлі аспектілерін жүзеге асыру үшін арналған деуге болады. Мысалы, экономика - географиялық анықтама территориялық жүйені бөліп көрсетудегі аудандардың және территорилық өндірістік кешендердің қалыптасуының, сонымен қатар кестелерді біріктіру кезіндегі өндіріс күштерінің және өнеркәсіп кәсіпорының қозғалысының негізі болып табылады. Экономикалық бағыт елдің әлеуметтік - экономикалық дамуының кешенді бағдарламаларын біріктіру және жүзеге асыру кезіндегі, биліктің атқарушы және өкілді органдарын орталықсыздандыру (децентрализация) мен қайта құру кезіндегі әртүрлі деңгейдегі аймақтық конфегурацияларды модельдеу бойынша зерттеу жүргізумен байланысты. Бірақ тек ұдайы өндірістік бағыт аймақтық экономикалық саясатты және аймақтық инвестициялық саясатты әзірлеу үшін де осы саясаттарды жүзеге асыру үшін құрал таңдау үшін де қолайлы көрінеді. Ол аймақты ұлттық шаруашылықтың жүйе асты ретінде және өзіндік ұдайы өндірістік жүйе ретінді сипаттайды.

Сонымен қатар аймақтық зерттеулерде геожүйелік бағыт қолданылады. Ол бір-бірімен байланысқан қарапайым ұйымдардан тұратын күрделі объектілердің құрылымын тереңірек зерттеуге мүмкіндік береді. Геожүйеге бүтін құрылым, орналасқан жеріне байланысты қызмет ететін міндетті элементтер жиынтығы тағы басқа жатады. Геожүйе түсінігі табиғи - территориялық және территориялық-өндірістік кешеннің кеңістікті объектілерін тану үшін қолданылады. Бұл түсінікті экологиялық, әлеуметтік және экономикалық бірліктерді кеңейту кезінде де қолданады. Геожүйелік иерархия тән, мысалы, халық (қала, аудан, ауыл) - аймақ (облыс) - ел Қазақстан. Кез келген аймақ күрделі экономикалық жүйе бола отыра, дамуға көптеген мақсатты бағыттарға ие. Оның экономикалық қозғалысының траекториясы және жылдамдығы бәсеке жағдайына, экономикалық жайтына, геодемографиялық құрылымына, жұмыспен қамту деңгейіне, қаржылық қамтамасыз етілуіне және тағы басқаға тәуелді [6] .

Аймақтық экономика - экономикалық білімнің маңызды салаларының бірі.

Аймақтық экономикалық пәні - өндіріс күштерінің әлеуметтік және экономикалық аймақтық қозғалысын және экономика салаларының дамуын, аймақтық маңызды табиғи экономикалық, демографиялық және экономикалық ерекшеліктерімен, сонымен қатар аймақ аралық, аймақ ішіндегі және мемлекетаралық экономикалық байланыстарды зерттеу болып табылады. Басқа сөзбен айтқанда, аймақтық экономиканы зерттеудің маңызды құралы қоғамдық ұдайы өндірістің кеңістікті аспекілерін зерттеу болып отыр.

Қазақстанның әрбір аймағы өзіне тән табиғи ресурстарға, олардың қалыптасу ерекшеліктеріне, ұлттық немесе табиғи белгілеріне, өзінің шаруашылық құрылымына, экономикалық дамуы мен мамандандыру деңгейіне ие. Әрбір аймақ, бiрiншiден, мемлекеттің шаруашылық кешендерінің белгілі бiр орнын алса, екiншiден, ел басқа айналыммен бірігіп бүтін экономикалық бірлік құрайды. Сондықтан мемлекет туралы білім оның барлық айналымын жан- жақты зерттеуден құрылады.

Аймақтық экономика білімнің ғылыми облысы ретінде территориялық аспектідегі өндіріс күштері мен әлеуметтік инфроқұрылымның барлық элементтерінің заңдылықтарын, қағидаларын зерттеумен, талдаумен және болжаумен, сонымен қатар әлеуметтік-экономикалық дамудың және экономикалық талаптарының жалпы стратегиясын ескере өндіріс күштерінің қозғалысының бағытын негіздеумен; републиканың және аймақтың экономикасын зерттеумен айналысады.

Аймақтық экономика елдің және оның аймақтарының табиғи - ресурстық потенциалын, халқын, еңбек ресурстарын және қазіргі демографиялық мәселелерін зерттейді.

Қазақстанның аймақтарының әлеуметтік-экономикалық даму деңгейлеріндегі айырмашылықтар әлемнің кез-келген еліне тән объективті болып отыр. Рыноққа өту кезеңде бұл айырмашылықтар күшейіп кетті. Рынокқа өту кезіндегі процестерді басқару механизімінің жетілмегендігі республика экономикасын реформалауды артқа тартты. Басқарудың мемлекеттік және аймақтық құрылымдарының көлденең және тігінен рыноктық реформаларға сәйкес келмеді жалпы мемлекеттік саясатты мақсатты жүзеге асыруға мүмкіндік бермеді [7] .

Қалыптасқан жағдайда аймақтар дағдарыстан шығудың жеке жолын таңдады. Басқарудың аймақтық органдары стратегиялық мәселелерді шешу кезінде есепке алынбаса, шешім қабылдау кезінде жалпы мемлекеттік деңгейде аймақтық ерекшеліктер толығымен бағаланбай қалады.

Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасының экономикада болып жатқан қайта құру процестері халықтың өмірінде әртүрлі бейнелене, аймақтық және жергілікті мүддені қозғай, территория деңгейінде көріне бастады. Аймақтық айырмашылықтар табиғи климаттық демографиялық өндірістік, географиялық факторлардың негіздеріне байланысты. Аймақтар арасындағы барлық экономикаларда бар және ол сол айырымдарды жоюға бағытталған тиімді саясат жүргізуді талап етеді.

Терең экономикалық құлдыраумен сәйкес келген рынокты қайта құруды бұрыңғы шаруашылық ету жүйесіне қалған деструктивті процестер мен территориялық диспропорцианы күшейтіп жіберді. Зерттеушілер айтпақшы совет кезінде аймақтық саясат өз бетінше болған, бірақ ол өндіруші өнеркәсіппен алғашқы өңдеудің басымдылықты дамынуына бағытталған экстенсивті индустрализация саясатының жалғасы ретінде қарастырылды. Рыноктық реформалаудың басталуымен өндіріс процесінің динамикасының төмендеуі мен әлеуметтік даму көрсеткіштерін азайуында көрсетілген аймақтық теңсіздік тез тереңдеп кетті.

Жалпы аймақтық өнім (ЖАӨ), халықтың жан басына шаққандағы орташа табысы, адам дамуының индексі, орташа табыспен өмір сүру минимумы арасындағы қатынас көрсеткіштермен бағаланатын экономикалық даму деңгейі бойынша аймақтарды үш топқа бөлуге болады. Орташа республикалық көрсеткіштерден көп деңгейді дамудың жоғарғы деңгейін сипаттайды. 2001 ж. олардың ішінде Алматы қаласы (15, 4 %), Атырау (12%), Қарағанды (9. 9 %) областары кірді. Бұл аймақтардың экономикасында ірі өнеркәсіп және ауыл шаруашылығы жеткілікті түрде дамыған. Лидер аймақтардың үлесіне елдің ЖАӨ-ң 37. 3 % келеді. Өнер кәсіптік және аграрлық дамыған аймақтарға орташа деңгейі тән : Шығыс Қазақстан (88, 2%), Павлодар (6), Оңтүстік Қазақстан (6), Маңғыстау (5, 9), Батыс Казақстан (5, 1%), Алматы (5%), Қостанай (5%) облыстары және Астана қаласы (4, 7%) . ЖАӨ көлеміндегі бұлардың жалпы үлесі 50, 7 % құрайды.

Төмен деңгейдегі дамуы бар аймақ тобына Ақмола (3, 6%), Солтүстік Қазақстан (3, 3%), Қызылорда (2, 9%) және Жамбыл (2, 2%) облыстары кіреді. Олардың жиынтық үлесі - 12% [7] .

Мемлекеттің аймақтық саясаты аймақтардың әр-түрлі типіндегі ерекшеліктерін ескере әр түрлі жүзеге асырылады. Үкіметтің 1996 жылғы 9 қыркүйектегі № 1097 жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының аймақтық саясатының концепциясында мемлекетіміздің аймақтары түрге бөлудің типалогиясы қабылданды. Республикалық аймақтық басымдылықтарды анықтау үшін оларды 3 топқа бөлді:

  1. Табыстың орташа республикалық деңгейінен асатын жан басына шаққандағы табысы бар аймақтар ( Ақмола, Ақтөбе, Шығыс Казақстан, Қарағанды, Маңғыстау, Павлодар облыстары және Алматы қаласы) . Бұл аймақтарда салықтың жоғары қойылымы бекітілуі тиіс.
  2. Табыстың орташа республикалық деңгейіне жақын табысы бар аймақтар (Атырау, Жезқазған, Қостанай, Солтүстік Қазақстан және Торғай областары кіреді) .

1-кесте - Қазақстан Республикасы аймақтарының қалыптасқан мамандануы

Облыстардың атауы
Қазіргі мамандануы
Облыстардың атауы: Ақмола
Қазіргі мамандануы: Көмір өнеркәсібі, құрамында алтыны бар кендерді өндіру, машина жасау, ауыл шаруашылығы өнімін өндіру және қайта өңдеу, жеңіл өнеркәсіп, химия және фармацевтика өнеркәсібі, құрылыс материалдарын өндіру, туризм
Облыстардың атауы: Ақтөбе
Қазіргі мамандануы: Мұнай және газ өндіру, қара және түсті металлургия, химия өнеркәсібі, ауыл шаруашылығы өнімін қайта өңдеу, жеңіл өнеркәсіп, құрылыс материалдарын өндіру, машина жасау, электр энергетикасы
Облыстардың атауы: Алматы
Қазіргі мамандануы: Ауыл шаруашылығы өнімін өндіру және қайта өңдеу, тамақ, жеңіл, құрылыс материалдарын өндіру, ағаштан жасалған бұйымдар өндіру, машина жасау, электр энергетикасы
Облыстардың атауы: Атырау
Қазіргі мамандануы: Мұнай және газ өндіру, ауыл шаруашылығы өнімін қайта өңдеу, жеңіл өнеркәсіп, құрылыс материалдарын өндіру, электр энергетикасы
Облыстардың атауы: Шығыс Қазақстан
Қазіргі мамандануы: Көмір өнеркәсібі, түсті металл кендерін өндіру және қайта өңдеу, машина жасау, химия өнеркәсібі, ауыл шаруашылығы өнімін өндіру және қайта өңдеу, орман және ағаш өңдеу өнеркәсібі, құрылыс материалдарын өндіру, электр энергетикасы, туризм
Облыстардың атауы: Жамбыл
Қазіргі мамандануы: Құрамында алтыны бар кендерді өндіру, химия өнеркәсібі, газ өндіру өнеркәсібі, ауыл шаруашылығы өнімін өндіру және қайта өңдеу, құрылыс материалдарын өндіру
Облыстардың атауы: Батыс Қазақстан
Қазіргі мамандануы: Мұнай-газ өндіру және газ өңдеу өнеркәсібі, машина жасау, ауыл шаруашылығы өнімін қайта өңдеу, жеңіл өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы өндірісі, ағаш өңдеу өнеркәсібі, құрылыс материалдарын өндіру
Облыстардың атауы: Қарағанды
Қазіргі мамандануы: Түсті және қара металлургия, көмір өнеркәсібі, машина жасау, электр энергетикасы, ауыл шаруашылығы өнімін қайта өңдеу, құрылыс материалдарын өндіру, туризм
Облыстардың атауы: Қостанай
Қазіргі мамандануы: Металл кендерін және асбест өндіру, ауыл шаруашылығы өнімін өндіру және қайта өңдеу, жеңіл өнеркәсіп, машина жасау, электр энергетикасы
Облыстардың атауы: Қызылорда
Қазіргі мамандануы: Мұнай және газ өндіру, ауыл шаруашылығы өнімін қайта өңдеу, жеңіл өнеркәсіп, құрылыс материалдарын өндіру
Облыстардың атауы: Маңғыстау
Қазіргі мамандануы: Мұнай мен газ өндіру және қайта өңдеу, электр энергетикасы, ауыл шаруашылығы өнімін қайта өңдеу, құрылыс материалдары өнеркәсібі
Облыстардың атауы: Павлодар
Қазіргі мамандануы: Мұнай өңдеу өнеркәсібі, көмір, қара және түсті металлургия, машина жасау, электр энергетикасы, ауыл шаруашылығы өнімін қайта өңдеу, құрылыс материалдарын өндіру, туризм
Облыстардың атауы: Солтүстік Қазақстан
Қазіргі мамандануы: Машина жасау, ауыл шаруашылығы өнімін өндіру және қайта өңдеу, жеңіл өнеркәсіп, ағаш өңдеу өнеркәсібі, құрылыс материалдарын өндіру
Облыстардың атауы: Оңтүстік Қазақстан
Қазіргі мамандануы: Түсті металлургия, машина жасау, химия өнеркәсібі, ауыл шаруашылығы өнеркәсібі, электр энергетикасы, құрылыс материалдарын өндіру, туризм
Облыстардың атауы: Астана қаласы
Қазіргі мамандануы: Әкімшілік орталық, ауыл шаруашылығы өнімін қайта өңдеу, жеңіл өнеркәсіп, машина жасау, электр энергетикасы
Облыстардың атауы: Алматы қаласы
Қазіргі мамандануы: Әкімшілік, мәдени-білім, ғылыми және қаржылық орталық, жеңіл өнеркәсіп
Облыстардың атауы: [1] .
Қазіргі мамандануы:
  1. Жан басына шаққандағы орта табыстың ең төмен деңгейіне тән аймақтар (Алматы, Жамбыл, Батыс Қазақстан, Қызылорда, Кокшетау, Семей, Талдықорған, Оңтүстік Қазақстан областары) . 3-ші топ аймақтары әлеуметтік экономикалық дамуының ең төмен деңгейін сипаттайтын артта қалған облыстар. Оларды аутсайдер деп атайды. Оларға мемлекеттік қолдау көрсету қажеттілігіне сай көмектен тыс қалмауы керек [8] .

Аймақтарды мамандану принципі бойынша бөлуге болатынын жоғарыдағы 1-кестеде көрсетіп өткенбіз. Осыған сай оларды төрт топқа бөлеміз:

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
ҚР аймақтардың экономикалық қауіпсіздік жағдайын талдау
Қазақстандағы аймақтық экономикалық саясат түсінігі және мәні
Аймақтық өсу теориялары
Мәдени туризмді дамытудың әлеуметтік ұйымдастырылу әлеуметі
АЙМАҚТЫҚ ЭКОНОМИКАНЫҢ ДАМУЫ
Аймақтың экономикалық дамуы
Қазақстан Республикасының экономикасын аймақтық басқарудың теориялық және әдістемелік аспектілері
Қазақстанда бір салалы қалалардың әлеуметтік-экономикалық дамуы
ҚАЗАҚСТАНДА ТУРИСТІК САЛАНЫ ДАМЫТУДЫҢ ПАЙЫМЫ
Қазақстан Республикасында еркін экономикалық аймақты басқаруды жетілдіру
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz