Өсімдіктану (ботаника)
§1. Өсімдіктерге жалпы сипаттама
§2. Өсімдіктердің вегетативтік мүшелері
§3. Өсімдіктердің минералды қоректенуі
§4. Өркен
§5. Бүршік
§6. Сабақ
§7. Жапырақ
§8. Гүлді өсімдіктердің вегетативтік көбеюі
§9. Өсімдіктің генеративтік мүшелері
§10. Өсімдіктер патшалығының жүйеленуі
§11. Тұқымды өсімдіктер
§12. Төменгі сатыдағы өсімдіктер
§13. Бактериялар патшалығы
§14. Саңырауқұлақтар патшалығы
§15. Қыналар
§16. Өсімдік бірлестігі
§17. Жануарлар патшалығы
§18. Омыртқалы жануарлар
§19. Хордалылар (желілілер) типі
§20. Балықтар
§21. Қосмекенділер класы
§22. Бауырымен жорғалаушылар класы
§23. Құстар класы
§24. Сүтқоректілер класы
§25. Организммен жалпы танысу
§26. Жүйке жүйесі
§21. Қосмекенділер класы
§22. Бауырымен жорғалаушылар класы
§23. Құстар класы
§24. Сүтқоректілер класы
§25. Организммен жалпы танысу
§26. Жүйке жүйесі
§27. Эндокриндік жүйе
§28. Әрекет және психика
§29. Сезім мүшелері және қабылдағыштар Талдағыштар (анализаторлар)
§30. Тірек.қимыл жүйесі
§31. Қанайналым жүйесі
§32. Лимфа жүйесі
§33.Қан
§34. Иммунитет
§35. Тыныс алу
§37. Зат алмасу
§38. Тері

§39. Сыртқа шығару жүйесі
§40. Адам организмінің дамуы
§41.Кіріспе
§42. Цитология негіздері
§43. Көбеюдің негізі және организмнің жеке дамуы
§44. Антропогенез . адамның шығу тегі және эволюциясы туралы ілім

1. Барлық өсімдіктер Организмі - автотрофтар.
2. Клетка (жасуша) шырыны - өсімдіктер метаболизмінің міндетті өнімі, ол ортаникалық заттар (аминқышқылдар, белоктар, алкалоидтар, көмірсулар, ортаникалық қышқылдар) мен бейортаникалық заттардан (нитраттар, фосфаттар, хлоридтер) тұрады.
3. Пигменттер пластидте болады. Олар хлорофилдерге бөлінеді (өсімдік пластидтерінде екі а және b хлорофилі бар екендігі анықталған).
4. Өсімдік гормондарының 5 тобы белгілі, олардың өзара әрекеті өсуді, дамуды және физиологиялық процестерді қамтамасыз етеді. Фитогормондар сонымен қатар өсімдіктердің онтогенез кезеңдері ауысуын және өсуден көбеюге өтуін реттейді.
5. Өсімдік клеткасы цитоплазма мембранасының сыртында жатқан қалың клетка қабырғасымен қоршалған.
6. Өсімдік клеткаларында пластидтер болады.
Өсімдіктердің табиғаттағы және адам өміріндегі маңызы
1. Жасыл өсімдіктер Организмдердің басым көпшілігінің тыныс алуы үшін қажет атмосфералық ауаны оттегімен қамтамасыз етеді.
2. Жасыл өсімдіктердің тіршілік әрекеті процесінде бейортаникалық заттар мен судан ортаникалық заттардың кең көлемдегі массасы құрылады, ал олар сол өсімдіктердің, жануарлардың және адамдардың қорегі ретінде пайдаланылады.
3. Жасыл өсімдіктердің ортаникалық заттарында күн энергиясы жинақталады, соның есебінде жер бетінде тіршілік (өмір) дамиды, және ол дәл сол кезде адам өндірісте пайдаланатын энергетикалық ресурстарының негізі болып табылады.
4. Өсімдіктер адамға қажетті қоректік заттың көп мөлшерін береді. Олар өнеркәсіптің әр түрлі салалары (химия, қағаз, тамақ, медицина т.б.) үшін шикізат және қорек көзі болады.
Өсімдіктерді тіршілік формасына қарай жіктеу
Тіршілік формасы - өсімдік Организмінің сыртқы келбеті, ол сыртқы ортаның ықпал етуі кезінде тарихи дамиды (тіршілік формасы – экологиялық түсінік).
1. Ағаштар - жер бетіндегі бөліктері сүректенген көп жылдық өсімдіктер, 2 м-ден төмен емес анық көрінетін бір діңнен тұрады.
2. Бұталар - жер бетіндегі бөліктері сүректенген көп жылдық өсімдіктер. Ағаштардан айырмашылығы анық көрінетін бір діңі жоқ; бұтақтану жердің өзінен басталады, сондықтан бірнеше бірдей діңдер пайда болады.
3. Бұташықтар бұталарға ұқсайды, бірақ бойлары аласа, 50 см-ден аспайды.
4. Жартылай бұталар бұташықтарға ұқсайды, бірақ олардан айырмашылығы – бұтақтарының төменгі жағы ғана сүректенеді, жоғарғы жағы тіршілігін жояды (өледі).
5. Лианалар - сабақтары өрмелегіш, ілінгіш, шырмалғыш өсімдіктер.
6. Су-уленттер (етженділер) - су қорын ұстайтын шырынды сабағы мен жапырағы бар көп жылдық өсімдіктер.
7. Шөптер - жасыл, шырынды және өркендері толық сүректенбейтін өсімдіктер.

Өсімдіктану - өсімдіктер жөніндегі ғылым, олардың құрылысын,
биологиясын, физиологиясын, экологиясын, таралуын, эволюциясын және
жүйеленуін зерттейді.
§1. Өсімдіктерге жалпы сипаттама
1. Барлық өсімдіктер Организмі - автотрофтар.
2. Клетка (жасуша) шырыны - өсімдіктер метаболизмінің міндетті өнімі,
ол ортаникалық заттар (аминқышқылдар, белоктар, алкалоидтар, көмірсулар,
ортаникалық қышқылдар) мен бейортаникалық заттардан (нитраттар, фосфаттар,
хлоридтер) тұрады.
3. Пигменттер пластидте болады. Олар хлорофилдерге бөлінеді (өсімдік
пластидтерінде екі а және b хлорофилі бар екендігі анықталған).
4. Өсімдік гормондарының 5 тобы белгілі, олардың өзара әрекеті өсуді,
дамуды және физиологиялық процестерді қамтамасыз етеді. Фитогормондар
сонымен қатар өсімдіктердің онтогенез кезеңдері ауысуын және өсуден көбеюге
өтуін реттейді.
5. Өсімдік клеткасы цитоплазма мембранасының сыртында жатқан қалың
клетка қабырғасымен қоршалған.

1. Жасыл өсімдіктер Организмдердің басым көпшілігінің тыныс алуы үшін
қажет атмосфералық ауаны оттегімен қамтамасыз етеді.
2. Жасыл өсімдіктердің тіршілік әрекеті процесінде бейортаникалық
заттар мен судан ортаникалық заттардың кең көлемдегі массасы құрылады, ал
олар сол өсімдіктердің, жануарлардың және адамдардың қорегі ретінде
пайдаланылады.
3. Жасыл өсімдіктердің ортаникалық заттарында күн энергиясы
жинақталады, соның есебінде жер бетінде тіршілік (өмір) дамиды, және ол дәл
сол кезде адам өндірісте пайдаланатын энергетикалық ресурстарының негізі
болып табылады.
4. Өсімдіктер адамға қажетті қоректік заттың көп мөлшерін береді. Олар
өнеркәсіптің әр түрлі салалары (химия, қағаз, тамақ, медицина т.б.) үшін
шикізат және қорек көзі болады.

Тіршілік формасы - өсімдік Организмінің сыртқы келбеті, ол сыртқы
ортаның ықпал етуі кезінде тарихи дамиды (тіршілік формасы – экологиялық
түсінік).
1. Ағаштар - жер бетіндегі бөліктері сүректенген көп жылдық
өсімдіктер, 2 м-ден төмен емес анық көрінетін бір діңнен тұрады.
2. Бұталар - жер бетіндегі бөліктері сүректенген көп жылдық
өсімдіктер. Ағаштардан айырмашылығы анық көрінетін бір діңі жоқ; бұтақтану
жердің өзінен басталады, сондықтан бірнеше бірдей діңдер пайда болады.
3. Бұташықтар бұталарға ұқсайды, бірақ бойлары аласа, 50 см-ден
аспайды.
4. Жартылай бұталар бұташықтарға ұқсайды, бірақ олардан айырмашылығы –
бұтақтарының төменгі жағы ғана сүректенеді, жоғарғы жағы тіршілігін жояды
(өледі).

6. Су-уленттер (етженділер) - су қорын ұстайтын шырынды сабағы мен
жапырағы бар көп жылдық өсімдіктер.
7. Шөптер - жасыл, шырынды және өркендері толық сүректенбейтін
өсімдіктер.
Өсімдіктерді тіршілік ұзақтығына қарай жіктеу
1. Бір жылдық өсімдіктер бір жыл тіршілік етеді, тұқымнан өсіп-өнеді,
гүлденеді, жеміс береді және өледі.
2. Екі жылдық өсімдіктер екі жыл өмір сүреді. Бірінші жылы тұқымнан
өсімдіктің вегетативтік (өсу) мүшелері өсіп-өнеді, екінші жылы гүлшанақ
пайда болады. Жеміс бергеннен кейін өсімдік тіршілігін тоқтатады.
3. Көп жылдық өсімдіктер екі жылдан аса тіршілік етеді. Белгілі бір
жасқа жеткенде гүлдене алады және жыл сайын жеміс береді.
Бір жылдық және екі жылдық есімдіктер - шөптесін өсімдіктер,
көпжылдықтар шөптесіні, сонымен қатар бұталы немесе ағаш өсімдіктері болуы
мүмкін.
4.1-кесте. Жоғарғы сатыдағы өсімдіктердің ұлпалары.
№ Ұпалар Атқаратын қызметі Өсімдікте орналасуы
1 Түзуші ұлпа Клеткалары жас, ұдайы Өркен мен тамырдың
бөлінетіндіктен өсімдік өседі, ұшында. Астық тұқымдас
жапырақтары, бүршіктері, есімдіктер (бидай,
гүлшанақтары ашылады. Тұқымынан жүгері, тары)
жас өскін өсіп шығады. Сабақ пенсабақтарының буын
тамыры аралықтарында. Сабақ
ұзарып еседі. Ағаш діңі пен тамырдың қабық
жуандайды. Басқа ұлпалар осы астында
ұлпадан түзіледі
2 Жабын ұлпа Клеткалары бір-біріне өте тығыз Өсімдіктің барлық
орналасқандықтан, өсімдіктерді мүшелерінің (тамыр,
сыртқы ортаның қолайсыз сабақ, жапырақ, тұқым,
жағдайынан (ыстықтан, суықтан, гүл, жеміс) сыртын
қатты желден, зиянкестерден) қаптап тұрады.
қорғайды Жапырақтар мен
сабақтар, жемістер
мен тұқымдардың
сыртындағы жұмсақ және
қатты тікенекті түктер
3 Негізгі ұлпаҚоректік ұлпаның клеткалары ірі,Өсімдіктердің барлық
(қоректік сондықтан зат алмасудың артық мүшелерінде қабықтан
немесе қор өнімдері қорға жиналады, онымен бастап барлық
жинаушы жәнеұрық және т.б. өсімдіктің жас ұлпалардың арасын
фотосинтездемүшелері қоректенеді. Жапырақ толтырып тұрады.
уші) Жапырақтың
4.1 -кесте. Жоғары сатыдағы есімдіктердің ұлпалары (жалғасы)
тағы фотосинтездеуші ұлпаның ортаңғы қабаты,
клеткаларында хлорофилл дәндері сабақтың, тамырдың,
болатындықтан, жарықта тұқымның, түйнектің,
(фотосинтездеуші) ортаникалық зат пиязшықтың, тамыр
түзеді. Онымен бүкіл тірі сабақтық барлығында
Организмдер қоректенеді. Клетка болатындықтан негізгі
арасындағы бос кеңістікте ауа ұлпа деп аталады
жиналады, онымен өсімдіктер тыныс
алады. Ірі клеткаларда су
жиналады, куаңшылық жерде өсетін
өсімдіктерді ылғалмен қамтамасыз
етеді. Атқаратын қызметіне қарай
клетка пішіндері де әр түрлі
4 Тірек Клеткалардың қабығы (қабықшасы) Өсімдіктің барлық
ұлпа алғашқыда жұқа болғанымен мүшелерінде белгілі
біртіндеп қалыңдайды. Өсімдік тәртіппен орналасады.
мүшелеріне беріктік қасиет Тамыр мен сабақта,
беріп, сынудан, майысудан жапырақ ж:үйкелерінде,
сақтайды. Өсімдік қанша нәзік жемістің жұмсақ етінде
болса да, тірек ұлпасының болады
арқасында қатты дауылда, нөсер
жаңбырда майысып барып, қайта
қалпына келеді
4.1 -кесте. Жоғары сатыдағы өсімдіктердің ұлпалары (жалғасы)
5 Өткізгіш Клеткаларының пішіні әр түрлі, Өсімдік мүшелерінің әр
ұлпа ұзынша. Клеткааралық перделері жерінде шашыранды болып
- мен қабырғаларында сүзгі тәрізді жатса да, барлық
ұсақ тесіктері болады. Сол арқылы мүшесінде (тамыр,
жапырақта түзілген ортаникалық сабақ, гүл, жеміс,
заттарды жер асты мүшелеріне, тұқымдарда) кездеседі
сабаққа, жеміске, тұқымға
енгізеді. Топырақтан тамырдың
сорып алған минералды заттарының
ерітіндісі өсімдіктің жер үсті
мүшелеріне жеткізіледі
6 Бөліп Клетка пішіндері әр түрлі, Өсімдік мүшелерінің әр
шығарушы қабықшасы жұқа, біртіндеп жерінде шашыранды
ұлпа қалындайды. Зат алмасуда бөлінген болып жатса да, барлық
артық заттар мал жемеуден, ауру мүшесінде (тамыр, тамыр
тудыратын микробтар мен зиянды сабақ, жапырақ,
бунақденелілерден сақтайды. сабақ, гүл, жеміс,
Сүтті шырынынан резеңке, каучук тұқымдарда) кездеседі
жасайды. Эфир майын сабын, дәрі,
иіс суға қосады, хош иіс береді.
Шірне бунақденелілерді еліктіріп,
тозаңдануға көмектеседі, алколоид
т.б. заттардан дәрілер жасалынады
§2. Өсімдіктердің вегетативтік мүшелері
Тамыр
Тамыр - өсімдіктің біліктік вегетативтік мүшесі, шектеусіз жоғары өсуі,
оң геотропизмді қасиеті бар, құрылысы радиалды және ешқашан да жапырағы
болмайды.
Тамыр жүйесі деп бір өсімдікте болатын әр түрлі тамырлардың (негізгі,
жанама, қосалқы) жиынтығын айтады.
Тамырды жіктеу
Кіндік тамыр жүйесінде негізгі тамыр өте жақсы жетіледі. Одан жанжағына
жанама тамырлар тарайды (мысалы, асбұршақ, асқабақ, қауын, жоңышқа, сәбіз,
аскөкт.б.).
Шашак тамыр жүйесінде негізгі тамыр болмайды. Болған күнде де өте нашар
дамып жуандамай, басқа тамырлармен бірдей өседі. Жуандығы біркелкі жанама
немесе қосалқы тамырлар шашаққа ұқсап топталып тұрады. Мысалы, пияз, бидай,
жүгері, арпа, сұлы, тары, күріш, сарымсақ және т.б.
Аралас тамырлар жүйесінде анық көрінетін негізгі, сонымен қатар қосымша
тамырлар да болады (қызан, капуста).
Тамырлардың түр өзгерістері
Жем тамырлар. Әр түрлі ортаникалық заттар өсімдіктердің негізгі
тамырларының клеткаларында қорға жиналады, жуандап түрін өзгертеді. Мысалы,
сәбіз, қызылша, шомыр, шалқант.б.
Түйнектамырлар. Нарғызгүл (георгин), батат, шырыш, таушымылдық
өсімдіктерінің тарамдалған тамырлары қоректік затты қорға жинайды.
Сондықтан жуандап, шырынды түйнекті тамырға айналады. Жем тамырдан түйнек
тамырдың айырмашылығы жем тамырдың тек негізгі тамырына ғана қоректік
заттар қоры жиналатындықтан, шырынды болып жуандайды. Бірақ жанама
тамырлары өзгеріссіз калады. Ал түйнек тамырда тарамдалған тамырлардын,
барлығы жуандап, шырынды болады.
Ауа тамырлар сабақтан дамиды. Оттегі жоқ, батпаққа, сазды жерлерде
өсетін өсімдіктер ұштары батпақтан шығып тұрады, қабығы жұқа болады (мангр
ағашы, айұрық (плющ), монстера, сауыр (кипарис) және т.б.). Ағаш діңіне
жабысып өскен сүйсіннің (орхидея) ауа тамырлары ағаш қабығынан сырғып аққан
су мен жаңбыр суын сіңіреді. Жапырақтары болмайтындарында фотосинтез
қызметін атқарады.
Тіреу тамырлар - тропиктік ормандарда өсетін ағаштарда болатын қосалкьі
тамырлар. Мысалы, үнді фикусы басқа ағаштың діңіне жабысып өседі. Дами келе
қосалқы тамырлар шығып, біртіндеп ұзарып, топыраққа (жерге) жетеді. Қосалқы
тамырлардың саны көбейеді, жуандайды. Тіреу тамырлар ағаштың діңінен алысқа
кетеді. Мұндай ағаштардың діңі өте жіңішке, сұлбасы үлкен болады. Үлкен
сұлба мен жіңішке дің тіреу тамырларға сүйеніп өседі.
Емізік тамырлар - паразиттік тіршілік ететін өсімдіктердің тамырлары.
Бұлар пішіні, түсі жағынан басқа өсімдіктердің тамырларына мүлде ұқсамайды.
Тамырлары басқа бір өсімдіктің сабағы мен тамырына жанасқан кезде ғана
пайда болады. Емізік тамыр алдымен сабақ өңінде өсінді түрінде шығады. Ол
өзіне жанасқан басқа өсімдіктің өңіне (қабығына) еніп, емізік тамырға
айналады. Паразиттік тіршілік ететін өсімдіктерде хлорофилл болмайды.
Сондықтан емізік тамыры арқылы дайын қоректік заттарды сорады (сұңғыла,
арамсояу). Емізік тамырдың өсуі паразиттік өсімдіктердің қабығын ерітеді.
Паразит өсімдіктер қабықтан еніп, емізік дамиды. Емізіктамырлар топырақта
болмайды, екінші өсімді-е инеше қадалып тұрады. Бұл - паразит өсімдіктердің
тіршілік ету жағдайына бейімделгендігінің айғағы.
Тамырдың қызметтері
1. Тамыр арқылы топырақтан сіңірілген суды және онда еріген минералды
тұздарды сабаққа өткізеді.
2. Өсімдікті топыраққа берік орнықтырады.
3. Әр түрлі ортаникалық заттарды (аминқышқылдар, гормондар және т.б.)
синтездейді.
4. Кейбір тамырлар қоректік заттарды қорға жинайды.
5. Басқа өсімдіктердің тамырларымен, микроОрганизмдермен,
саңырауқұлақтардың жіпшелерімен әрекеттеседі.
6. Вегетативтік көбеюге қатысады.
Тамырдың өсуі. Тамырлар өсімдіктер түрлеріне байланысты жылдың әр
мезгілінде әрқалай өседі Көктемде тамыр қарқынды өседі. Тамырлар өсу
кезінде қоректік заттар мен суды бір қалыпта толық пайдаланады. Тамыр
ұшынан төмен қарай өседі. Осындай өсу қозғалысы бір жақты әрекет
тітіркендіргіштігі (ауырлық күші, жарық) болатын жағдайда тропизм деп
аталады. Негізгі тамыр үшін оң геотропизм (жер тартылысының әсерінен бір
жақты өсу) тән. Ірі жанама тамырлар жер бетінен қатар өседі, ал ұсақ
тамырларда геотропизм болмайды.
Тамыр бөлімдері
Тамыр бөлімдері ұзындығы мен қызметіне қарай тамыр оймақшасы, бөліну,
созылу (өсу), copy, өткізгіш аймақтары деп бөлінеді. Тамыр оймақшасы тамыр
бөліміне кірмейді. Тамыр ұшындағы түзуші ұлпалардан құралған өсу нүктесінің
сыртын қаптап тұрады. Оймақша клеткалары тірі. Сыртқы қабатындағы
клеткалары топырақтағы кедергілерге үйкеліп, зақымданып түлеп түседі. Оның
орнына жаңа клеткалар түзіліп, ұдайы жаңарып отырады. Тамыр оймақшасының
сыртқы қабатындағы клеткалар шырышты зат беледі. Ол зат тамыр ұшындағы
жаңадан пайда болған нәзік клеткаларды қажалудан жеңілдетеді. Осылайша
тамыр оймақшасы тамырдың бөліну аймағының сыртын қаптап тұрады.
Бөліну аймағы атқаратын қызметіне қарай сыртқы, ортаңғы, ішкі болып 3
қабаттан тұрады. Ең сыртқы қабатындағы клеткалар тамырдың мөлдір өңі мен
оймақшасын түзеді. Ортаңғы қабатынан алғашқы қабық, ішкі қабаттан орталық
цилиндр түзіледі. Клеткалары дамылсыз бөлініп, басқа бөлімдерінің
қалыптасуына себеп болады.
Өсу аймағынын жас клеткалары бөлінбейді. Ұзыннан созылып, ұзарады.
Тамыр ұшының топыраққа терең енуіне әсер етеді. Алғашқы өткізгіш ұлпалар
осы аймақта түзіле бастайды.
Copy аймағы - өсу аймағынан кейін орналасқан қалың түктері бар бөлік.
Тамыр түктері тамырдың сыртын қаптап жатқан жұқа өң қабықшасы клеткаларының
созылуынан пайда болады.
Тамыр түктерінің ұзындығы әр түрлі. Әрбір түк - жұқа қабықшасы,
цитоплазмасы, ядросы және вакуолі бар жеке ұзын клетка. Ол топырақ
түйіршіктерімен тығыз жанасып, суды жөне онда еріген минералды тұздарды
сорады. Өсіп келе жатқан жас тамырға тірек қызметін атқарады.
Өткізу аймағы суды және суда еріген қоректік заттарды тамырдан
өсімдіктің жер үсті мүшелеріне өткізеді. Бұл аймақта тамыр түктері
болмайды, жанама тамырлар көп болады.
§3. Өсімдіктердің минералды қоректенуі
Топырақ - өсімдіктердің су және қоректік элементтер алатын жердің
үстіңгі құнарлы қабаты. Өсімдіктер топырақтан
1) макроэлементтер (калий, фосфор, азот жәнет.б.);
2) микроэлементтер (бор, кальций, магний, күкірт, кобальт және т.б.)
алады.
Тыңайтқыштар минералды және ортаникалык болып 2 топқа бөлінеді.
Минералды тыңайтқыштар былай сипатталады:
1. құрамында бір элементтің басымырақ болуы: калийлі (калий хлориді),
фосфорлы (суперфосфат), азотты (селитра, несепнәр, аммоний сульфаты);
2. элементтердің толықтылығына байланысты: толық құрамында азот,
фосфор және калийдің болуы; толымсыз - құрамында осы элементтер біреуінің
болмауы. Ортаникалық тыңайтқыштар ортаникалық заттардан шыққан қарашірік,
құс саңғырығы, көң, шымтезектен тұрады.
Түйіршікті тыңайткыштар шар тәрізді түйіршікті түрде дайындалған.
Үстеме қоректендіру - өсімдіктер өсіп келе жатқан кезде тыңайтқыш себу.
Топыраққа күлді және құрғақ минералды тыңайтқыш себуді құрғақ үстеме
қоректендіру деп, ал топыраққа суда ерітілген немесе су қосылған
тыңайтқыштар қосуды сұйық үстеме қоректендіру деп атайды.
Тамырдың copy механизмі
Copy күші - бұл осмостық және тургорлық қысымдардың арасындағы
айырмашылық.
Осмостық қысым - цитоплазмаға және клетка қабырғасына әсер ететін
клетка шырыны ерітіндісінің қысымы.
Тургорлық қысым - клетка қабырғасының клетка шырынының ерітіндісіне
әсер ететін қысым. Топырақтағы ерітіндінің тамыр қабығының клеткалары
арқылы қозғалысы олардың copy күші айырмашылығына байланысты, яғни соруы аз
клеткалардан соруы күшті клеткаларға жүреді.
Тамыр қысымы - бұл барлық тамыр түктерінің copy күші.
Жапырақтардың сору күші- бұл су молекулаларының және тамырлар
қабырғаларының арасындағы іліну күші.
Өсімдіктерді топырақсыз өсіру
Гидропоника - өсімдіктерді Организмнің қоректенуі үшін қажетті барлық
элементтері бар сулы қоректік қоспада өсіру.
§4. Өркен
Жапырағы мен бүршігі бар бұтақтанбаған жас сабақты өркен дейді.
Өркеннің бұтақтануы үш түрлі болады: дихотомиялы (айыр), моноподиалды және
симподиалды.
Дихотомиялы (айыр) бұтақтану кезінде өсу конусы екі еселенеді де, екі
өркен береді, әрі қарай оның әрбіреуі тағы да екі өркеннен береді және
т.с.с. Бұл - бұтақтанудың ежелгі тәсілі (плаундар, мүктер).
Моноподиалды бұтақтану кезінде бірінші реттің негізгі білігінен жоғары
қарай өсуі шектеусіз ұзақ болады, одан екінші реттік және қалған реттегі
қысқа жанама біліктер өседі (шырша, самырсын және тағы да басқа жалаңаш-
тұқымдылар).
Симподяалды бұтақтану кезінде негізгі білігі өзінің өсуін ерте
тоқтатады, бірақ оның жоғарғы жағының үстінен жанама бүршіктер шыға
бастайды. Осы шыққан бүршіктер бірінші реттің білігін ж:алғастырған
тәрізденеді. Бұлар өз кезегінде сол сияқты жоғары өсуін тоқтатады да, оның
жанама бүршіктері шыға бастайды, одан үшінші реттік білік пайда болады
т.с.с. (гүлді өсімдіктер).
Өркендерді жіктеу
Негізгі өркш тұқым бүршігінің ұрығынан дамиды.
Жанама өркен жанама қолтық бүршіктен дамиды, соның есебінде сабақ
бұтақталады.
Қосалқы өркен қосалқы бүршіктерден дамиды, жапырақта, буынаралығында,
тамырда болады.
Ұзарған өркеннін буынаралығы алыс орналасқан.
Қысқарған өркеннің буынаралығы алыс орналасқан.
Вегетативтік өркен жапырақ пен бүршік шығарады.
Генеративтік өркенде репродуктивті мүшелер (гүл, жеміс, тұқым) болады.
Өркендердің түр өзгерістері
Тамыр сабақ - жапырақ шығармайтын көп жылдық жер асты өркені. Тамыр
сабақтың ұшында бүршік болады, ол буын және буынаралығынан тұрады. Буынында
жетілмеген түссіз қабыршақтары (жапырақ қалдығы) орналасады. Қабыршақ
қолтығындағы бүршіктерден келешекте жер асты және жер үсті өркендері
дамиды. Жер астында дамыған соң ашық жасыл түсті емес (бидайық, інжугүл,
ұлпагүл).
Столон - ұзын жатаған өркен, көбінесе қабыршақты жапырағы болады, бір
жылдан аса өмір сүреді және жаңа дараққа бастама береді.
Түйнек - сабақтың түп жағындағы жер асты қолтық бүршіктен дамитын
өркеннің ұшындағы бүршік. Бүршік білеуленіп, жуандап өсіп, түйне-е
айналады. Түйнектің бүршік қолтығында түссіз жетілмеген жапырақтары майда
қабыршақ тәрізді. Жетілмеген жапырағының қурап түсіп қалғандағы ізін көзше
дейді. Картопты көбінесе түйнектері арқылы көбейтеді. Түйнектен жер
өркендер дамиды.
Жуашық (пиязшық) -түрін өзгерткен шырынды, қысқарған жер асты өркені.
Жуашықтар жер астында да, жер үстінде де дамиды. Жер асты жуашықты
өсімдіктерге пияз, сарымсақ, сүмбілшаш (гиацинт), лалагүл, жабайы жуа,
қызғалдақ т.б. жатады.
Түйнекті жуашық - сырттай қарағанда жуашыққа ұқсас өркен, бірақ қор
заттары өсіп кеткен сабақ бөлігінде жиналады, ал оның қабыршағы құрғақ
(гладиолус, шафран).
Шөгір - түрі өзгерген өркен немесе оның бір белігі, төбесі (шырғанақ
немесе жапырағы (барбарис) қорғаныш қызметін атқарады.
Мұртшалар - түрі өзгерген өркендер (жүзім, қияр, асқабақ) немесе
жапырақтар (бұршақ, асбұршақ), олар тірек, шырмалғыш қызметін атқарады.
§5. Бүршік
Кез келген өркен бүршіктен дамиды, сондықтан бүршік - бастапқы өркен.
Барлық гүлді өсімдіктерде өркеннің түріне қарай 2 түрлі бүршік болады:
вегетативтік (өсу) және генеративтік көбею) бүршік.
Вегетативтік бүршік тек ұзарған өркенде ғана орналасады. Одан ұзарған
өркен мен жапырақ өсіп шығады. Генеративтік (гүл бүршігі) тек қысқарған
өркенге ғана орналасады. Төменірек орналасқан ұсақтау қолтық бүршіктер
ашылмай, тыныштық күйге ауысса, бұйыққан бүршік деп аталады. Ол бірнеше
жылдар бойы өспейді. Бірақ өсу қабілетін де жоғалтпайды. Тек өсімдік
зақымданғанда ғана бұйыққан бүршік қарқынды өсіп, одан ұзарған өркен
дамиды. Егер бүршік өркеннің ең ұшына орналасса төбе бүршік, жапырақ
қолтығына орналасса жанама бүршік деп аталады. Төбе бүршіктен жан-жаққа
бұтақтар өсіп таралады. Өсімдіктің кез келген мүшесінің әр жерінен қосалқы
бүршіктер шығады.
§6. Сабақ
Сабақ - өсімдіктің жер асты мүшелері мен жер үсті мүшелерін бір-бірімен
жалғастырып тұратын орталық тірек.
Сабақтың түрлері
Өсу бағытына байланысты тік, жатаған, шырмалғыш, өрмелегіш, қысқарған
сабақ т.с.с. деп бөлінеді.
1. Тік сабақтар. Көптеген шөптесін өсімдіктер мен ағаш өсімдіктерінің
сабақтары тік өседі. Тік сабақтар өте мықты болады, қатты желдерге төтеп
береді (терек, қайың, тал, бидай, күнбағыс т.б.).
2. Жатаған сабақтар (желі сабақ) өте әлсіз, жұмсақ. Жер бауырлап
жатады. Мұртшалары арқылы ұзарып, топыраққа тиген жерінен қосалқы тамырлар
дамиды (құлпынай, асқабақ, қияр, қауын, қарбыз). Мұртша да желі сабақ
тобына жатады.
3. Шырмалғыш сабақтар нәзік болғандықтан, айналасындағы өсімдіктерге
шырмалып өседі (шырмауық, құлмақ). Мұртшалары болмайды.
4. Өрмелегіш сабақтардың мұртшасы, емізікше өсінділері, жабысқақ
түктері арқылы басқа өсімді-е жабысып, өрмелеп өседі (асбұршақ, жабайы
бұршақ, плющ және т.б.).
5. Лианалар- шырмалғыш, өрмелегіш, жіңішке, жеңіл және ұзын сабақты
өсімдіктер.
6. Қысқарған сабақты өсімдіктердің сабағы өте қысқа. Мысалы, бақбақ,
жолжелкен, пияз, аққауданды қырыққабат және т.б.
Сабақтың ішкі құрылысын ағаш діңінің көлденең кесіндісінен көреміз.
Ішкі құрылысы 4 қабаттан тұрады: қабық, камбий, сүрек, өзек.
1. Қабық - сабақтың ең, сыртқы қабаты. Қабық өң, тоз, тін қабатынан
тұрады. Өң түссіз (мөлдір), жас сабақтардың сыртын қаптайды. Үлкен
ағаштарда өң түлеп түсіп, орнын тоз алмастырады. Тоз қалың болса да, ішкі
клеткалардың тыныс алуына оттегін өткізеді. Тозда орналасқан, тыныс алуға
қатысатын, пішіні төмпешікке ұқсаған клеткаларды жасымықша дейді.
Өң (ішке күн сәулесін өткізеді)
Қабық Тоз (ішке оттегін өткізеді)
Тін (беріктік, мықтылық қасиет береді)
Қабық өсімдікті сыртқы ортаның қолайсыз жағдайларынан қорғайды.
2. Камбий - қабықтан кейін орналасатын қабат. Жас бұтақтың қабығын
сылып тастаса, камбий клеткаларының қабықшасы жыртылады (бұзылады).
Қабықшасы жыртылған клетка ішіндегі цитоплазма мен шырыны ағып кетеді.
3. Сүрек - сабақтың едәуір жерін алып жататын, камбийден кейін
орналасатын қабат. Клетка пішіндері мен мөлшерлері біркелкі емес. Ұзын,
жіңішке клеткалары қосылып, түтікше құрайды. Түтікшенің айналасын беріктік
қасиет беретін қабықшасы қалың сүрек талшықтары қоршайды.
Камбий клеткалары дамылсыз бөлінетіндіктен, ағаш сабағы жуандап өседі.
Ағаштың жасын айыруға болатын жылдық сақиналар түзіледі.
4. Өзек - сабақтың орталық бөлімі. Жас өркенде клеткалары тірі
болғандықтан, ортаникалық заттар қорға жиналады. Өзек клеткалары өзек
сәулелерін құрайды. Өзек сәулелерінің клеткалары сабақтың барлық бөлімдерін
бір-бірімен байланыстырады. Қоректік заттар өзек сәулелері арқылы сабақтың
басқа қабаттарына жеткізіледі.
Сабақтың ішкі құрылысы
Қабық Камбий Сүрек Өзек
Өң Тоз Тін
Сабақ мынадай қызметтер атқарады:
1) қоректік заттарды тамырдан өсімдіктің басқа мүшелеріне жеткізеді;
2) сабаққа бүршік, жапырақ, гүл, жеміс бекінеді;
3) көбеюге қатысады;
4) ортаникалық заттар қорға жиналады;
5) өсімдіктердің жоғары жағының аумағы бұтақтану арқылы артады;
6) вегетативтік көбею.
§7. Жапырақ
Жапырақ - өсімдіктің негізгі өркенінің жанама бұтақтары қысқарып
тығыздалуынан пайда болған өсу мүшесі.
Жапырақ тақтадан (алақаны) және сағақтан тұрады. Жапырақтың кеңейген
(жалпақ) бөлімі - тақтасы, сабаққа бекінетін жіңішке бөлігі сағағы деп
аталады. Сағағы болмайтын жапырақты сағақсыз жапырак дейді. Фотосинтез, су
булану, газ алмасу, ортаникалық заттарды қорға жинау жапырақ тақтасында
жүреді. Сағағы жапырақты жұлынып түсуден сақтайтын берік тірек қызметін
атқарады. Сағақ жапырақ тақтасын жарыққа қарай бағыттап, бұрып қозғалту
қызметтерін атқарады. Сабақтан сағақ арқылы қоректік заттар жапырақ
тақтасына өтеді.
Асбұршақ, итмұрын, раушан, беде, қараған ж:әне т.б. өсімдіктердің
жапырақ сағағының түбінде орналасқан пішіні әр түрлі майда жапырақшаларды
бөбешік жапырақшалар дейді. Ол жапырақ тақтасынан бұрынырақ өсіп, бүршікті
зақымданудан қорғайды. Бүршік ашылған соң қурап қалады.
Жапырақ тақтасынын, негізі ұзарып өсіп, сағақтың орны түтік тәрізді
қусырылады. Оны қынап дейді. Қынапты жапырақтар бидайда, жүгеріде, қамыста,
балдырғанда, күріште және т.б. болады.
Жапырақ тақтасы өсімдік түріне қарай әр түрлі: қарағай, шырша және т.б.
ине тәрізді қылқанды жіңішке; бидай, қарабидай, жүгері, арпа да таспа
тәрізді иісті шөпте күрек тәрізді т.с.с. болады.
Жапырақтың жүйкеленуі. Жүйкелену деп өткізгіш шоқтардың ж:апырақ
тақтасына орналасуын айтады.
Жүйкелер қызметі:
- жүйкелері арқылы жапырақ қабаттарына су мен онда еріген минералды
тұздар жеткізіледі;
- түзілген ортаникалық заттар басқа мүшелеріне таралады;
- жапыраққа беріктік қасиет береді.
Жүйкелену бірнеше типке бөлінеді:
1. қауырсын тәрізді торлы жүйкелену,
2. параллель (қатарласа) жүйкелену,
3. саусақ салалы торлы жүйкелену,
4. доға тәріздес жүйкелену.
Жапырақтың ішкі құрылысы
Жапырақтың мөлдір, түссіз үстіңгі және астыңғы өңі және қалың, жұмсақ
ортаңғы қабаты көрінеді. Өң клеткалары тірі, бір-бірімен тығыз жанасып
жатыр. Астыңғы өңінде жанаспалы клеткалар орналасады. Өң клеткаларында
хлорофилл болмайды, сондықтан түссіз. Күн сәулесін өткізеді, қорғаныш
қызметін атқарады.
Жанаспалы клеткалар - жарты ай немесе бүйрек пішінді бір-бірімен
жанасқан екі клетка. Жанасқан жерінде саңылауы бар. Бұл саңылау бірде
ашылып, бірде жабылады. Саңылау арқылы жапыраққа ауа енеді. Атмосфераға су
буы, оттегі және көмірқышқыл газы шығарылып тұрады. Жанаспалы клеткада
болатын хлорофилл дәндерінде күн сәулесінен қант (ортаникалықзат) түзіледі.
Сол кезде қысым артып, күндіз саңылау ашылады. Түнде қант мөлшерінің азаюы
қысымды төмендетіп, саңылау жабылады. Егер күндіз күн өте ыстық, желді
болса, ылғалды сақтау үшін саңылау жабылып тұрады. Саңылау күзде күндіз де,
түнде де жабық болады.
Жапырақтың ортаңғы жұмсақ бөліміндегі клеткалар пішініне қарай бағаналы
және борпылдақ деп екіге бөлінеді. Бағаналы клеткалар жарық мол түсетін
үстіңгі өңнің астына жанаса жатады. Бағана тәрізді ұзын бір-біріне тығыз
орналасқандықтан осылай аталады. Клеткалар тығыз орналаспай, арасында
кеңістіктері болса, борпылдақ клеткалар деп аталады. Жапырақ жүйкелері де
осы қабатта. Су мен минералды заттар жапыраққа жүйке арқылы өтеді.
Жай және күрделі жапырақтар
Бір ғана тақтасы бар жапырақты жай жапырақ дейді (мысалы, терек,
қарағаш, қайың, жөке ағаштары т.б.).
Бір сағақта екі, одан да көп майда жапырақшалар болса, оны күрделі
жапырақ дейді.
Жапырақшаларының орналасуына қарай жапырақтар мынадай үш түрге
бөлінеді:
1. үш кұлақты күрделі,
2. саусақ салалы күрделі,
3. қауырсын тәрізді күрделі.
Күзде күрделі жапырақшалардың әрқайсысы өз алдына жеке-жеке түседі.
1. Үш құлақты күрделі жапырақ сағағында 3 жапырақша болады, мысалы,
беде, соя және т.б.
2. Саусақ салалы күрделі сағақта 5-7, одан да көп жапырақшалар
саусақша ұқсап бір жерден таралып орналасады, мысалы, атбасталшын,
бөрібұршақ, қарасора.
3. Қауырсын тәрізді күрделі жапырақшалар негізгі сағақты бойлай екі
жағына бірдей құс қауырсыны тәрізді орналасады. Жапырақша саны жұп болса
жұп қауырсынды, тақболса, таққауырсынды күрделі жапырақ дейді.
Жұпқауырсындылар: асбұршақ, сарықараған, чина, крянбұршақ;
таққауырсындылар: қызылмия, ақмия, итмұрын, аққараған, грек жаңғағы т.б.
Жай жапырақтардан тағы бір ерекшелігі, ағаштың күрделі жапырақтары күзде
тұтас үзіліп түспейді. Алдымен жапырақшалары, соңынан сағағы үзіліп түседі.
Шөптекті өсімдіктердің күрделі жапырақтары тұтас қурап түседі. Жапырақ
тақтасының жиектеріне байланысты
1. бүтін жиекті (терек, жүгері, қияқ т.б.),
2. үшкіртіс жиекті (қозықұлақ жапырағы),
3. аратіс жиекті (қалақай),
4. дөңес жиекті (жалбыз),
5. айыс жиекті (өгейшеп) болады.
Жапырақ тақтасының мөлшері мен пішіні. Өсімдік түріне қарай жапырақ
тақтасының пішіндері әр түрлі болады:
1) ине тәрізді қылқанды (қарағай, шырша, қылқан-жапырақтылар),
2) жүрек тәрізді (жөке ағашы, қоғажай жапырақтары),
3) бүйрек тәрізді (тайтұяқ),
4) жебе тәрізді (шырмауық),
5) ромб тәрізді (қаратал, қайың). Жапырақтардың мөлшері бірнеше
миллиметрден 10 метрге дейін және одан да ұзын болады. Жапырақтардың
атқаратын қызметі
- Ауадан көмірқышқыл газы мен су буын сіңіріп, жарықтың әсерінен
ортаникалық зат (фотосинтез) түзу.
- Клеткадағы артық суды буландыру.
- Газ алмастыру.
- Ортаникалық заттарды қорға жинау.
- Өсімдіктердің көбеюіне қатысу.
Жапырақтардың сабаққа орналасуы
Жапырақтардың сабаққа орналасуында белгілі бір заңдылық бар. Бұрын
шыққан жапырақтары кейінгілеріне көлеңке түсірмейтіндей ретпен бекінеді.
Сондықтан жапырақ тақталары қанша көлемді болғанымен, бәрі күн жарығымен
қамтамасыз етіледі. Бекінудің 3 түрі бар: кезектесе, қарама-қарсы және
топтана орналасу.
1. Сабақтың әр буынында бір жапырақ қана болған жағдайда, оны
кезектесіп орналасу дейді.
2. Қарама-қарсы орналасу - сабақтың әр буынында екі жапырактың бір-
біріне қарама-қарсы бекінуі (үйеңкі, гүлшетен, қалампыр, жалбыз).
3. Егер буынында үш немесе одан да көп жапырақтар болса, оны топтанып
орналасу дейді (сарыағаш, қызыл-бояу, талгүл (омандр), қарғакөз).
§8. Гүлді өсімдіктердің вегетативтік көбеюі
Өсімдіктердің көбеюі дегеніміз - жеке санының артуы, өзінен кейін ұрпақ
қалдырып, түрдің сақталуын әрі табиғатта таралуын қамтамасыз ету қабілеті.
Вегетативтік көбею. Құрылысы күрделі өсімдіктердің тамыры, сабағы,
жапырағы арқылы, сонымен қатар саңырауқұлақ пен қына тәрізді төменгі
сатыдағы өсімдіктер денесінің бір бөлшегі арқылы көбеюін вегетативтік көбею
деп атайды.
Вегетативтік көбею екіге бөлінеді: табиғи вегетативтік көбею және
қолдан вегетативтік көбейту.
Табиғи вегетативтік көбею. Табиғатта өсімдіктердің көпшілігі
вегетативтік жолмен көбейеді. Әсіресе төменгі сатыдағы өсімдіктердің денесі
екіге бөлініп, екі жас клетка пайда болады да, әрқайсысы дербес өсімдікке
айналады. Көп жылдық шөптесін және сүректі өсімдіктердің жер бетіндегі
өркендері арқылы көбеюі көп таралған. Бұларға мұртшаларынан, шыбықтарынан,
сұлатпа бұтақтарынан өсіп көбейетін өсімдіктер жатады. Сондай-ақ, жер
астындағы еркендерінен, тамыр атпаларынан көбею де табиғи вегетативтік
көбеюге жатады.
Қолдан вегетативтік көбейту. Адам әр түрлі әдістерді қолданып,
өсімдіктерді өсіріп көбейтеді. Көбейтудің мынадай түрлері бар: бөлу,
сұлатпа өркен арқылы, телу арқылы, ұлпаны жекелей алу.
4.2-кесте. Қолдан (жасанды) көбейту
Көбеюдің түрі Сипаттама
Бөлу: Вегетативтік денеден тіршілі-е
- түп (жасмин, сирень); қабілетті регенерацияланатын дарақты
- көзше (картоп); бөліп алу. Вегетативтік мүшелердің
- тамыр сабақ (ирис, канна); әрбір бөлігінде міндетті түрде шығу
- тамыр бүршіктері (батат, бүршіктері болуы керек, соның есебінде
георгин); біртұтас есімдік пайда
- тамыр (желкек, таңқурай) болады
Сұлатпа өркен арқылы (қарақат, Калемше бойындағы бүршігі бар
қойбүлдірген, бүрген) өркенді топыраққа көлбеу иіп көмеді,
одан кейін оны аналық өсімдіктен
механикалық түрде бөліп тастайды
Калемшелеу: Сабақты көлемшесі бар, арнайы
- сабақты (кептеген бөлме топырақта немесе суы бар ыдыста жас
өсімдіктері және бұтақтар (раушан,тамыршалары шыққанша ұстайды.
сирень); Жүйкеленген камбийі бар тұтас
- жапырақты (сенполия, бегония); жапырақты немесе оның бір бөлігін суы
- тамырлы (хрен, таңқурай, алхоры)бар ыдысқа немесе топыраққа (кұм,
торф) егеді.
Бүршігі бар жанама тамырларды
аналық өсімдіктен бөледі.
Телу: Бір өсімдік бөлігін екінші бір өсімдік
- жанастыра телу; бөлігіне ұластыру. Қатар өскен екі
- кесінділеп телу; есімдікті біріне-бірін жанастырады.
- көзшелеп телу; Бір өсімдік өркеніндегі бүршігі бар
бөлігін кесіп алып, екінші өсімдікке
ұластырады. Бір өсімдіктің бүршігін
аздаған сүрек бөлімімен қоса кесіп
алып, екінші өсімдіктің қабығын
сүрегіне дейін Т әрпі тәріздендіріп
тіледі. Бүршікті қабыққа кигізе
жанастыра жекемен байлап қояды
Жеке ұлпа (сәбіз, қойбүлдірген, Бұл әдіс зертханалық жағдайда
мәдени жоғары тазалықты талап етуге
өсімдіктер) негізделген. Ол үшін түзуші ұлпаның
бір бөлігін алады, оның құрылымы
өсімдік ұрығы сияқты тез бөлініп,
дамуға қабілетті болу керек
Гүлді өсімдіктердің көбеюі төмендегідей:
- тамыр сабақ арқылы (інжугүл, итмұрын, жыланқияқ;
- түйнек арқылы (картоп);
- жуашықтары арқылы (сарымсақ, пияз, жауқазын);
- мұртшалары арқылы (қойбүлдірген, құлпынай т.б.);
- өрмелегіш өркендері арқылы (шырмауық, құлмақ).
§9. Өсімдіктің генеративтік мүшелері
Гүл
Гүл дегеніміз - көбеюге қажетті жыныс мүшелері бар, бұтақтанбайтын,
түрі өзгерген, қысқарған өркен. Гүл бүршіктің өсу нүктесінен дамиды.
Гүл сағағы- жапырақ сағағына ұқсаған гүлдің жіңішкерген жері. Сағағы
арқылы сабаққа бекінеді. Гүл сағағы болмайтын гүлдерді отырмалы гүлдер
дейді (беде, қашқаргүл [астра]).
Гүл табаны - гүл сағағының жоғары жағындағы кеңейген жері. Гүлдің
барлық бөлімдері гүл табанына бекінеді.
Тостағанша көбінесе жасыл түсті, гүлдің сыртында бірікпеген жеке-жеке
немесе бірінен жапырақшалардан тұрады. Тостағанша екіден (көкнәр) бірнеше
ондаған санға (шай өсімдігі) дейін жетеді. Атқаратын қызметіне байланысты
тостағанша әр түрлі өзгеріске ұшырайды. Жалпы қызметі - қорғаныш.
Күлте тостағанша жапырақшалардан кейін орналасады, саны біреуден
бірнешеуге дейін жетеді. Күлте жапырақшалары бір-бірімен бірігіп
кеткендерге інжугүл, қоңыраугүл жатады. Бірікпей жеке орналасатын күлтелер
қызғалдақ, көкнәр, итмұрында болады.
Күлте түбіндегі жіңішкерген жерде тәтті шірне бөлетін шірнеліктер
орналасады.
Күлтенің хош иісті, тәтті шірнесі, алуан түрлі ашық реңдері гүлді
тозаңдандыратын бунақденелілерді еліктіреді. Бунақденелілер шірнелікті де
адаспай табады. Күлтенің түбіндегі шірнелікті шеңбер, нүкте, сызықша
жолақтар сияқты белгілер арқылы ажыратады.
Күлтенің ашық реңі тікелей түскен күн сәулесін шағылыстырып, қызуын
бәсендетеді. Аталық пен аналықты қызып кетуден сақтайды. Салқын түскенде
түнге қарай күлте жапырақшалар жабылып қалады. Ішкі жыныс мүшелерін жаңбыр
суынан, шықтамшыларынан қорғайды.
Гүлсерік тостағанша мен күлте жапырақшадан тұрады. Гүлсерік жай және
қос болып бөлінеді.
Жай гүлсерікте тек тостағанша немесе керісінше күлте жапырақшалары ғана
болады.
Қос гүлсерікте тостағанша да, күлте де болады (алма, өрік, шие
ағаштарының гүлдері).
Желмен тозандануға бейімделген гүлдерде гүл серігінің екеуі де
болмайды. Оларды гүлсеріксіз гүлдер дейді (тал, шаған, терек, еменнің
аналық гүлі).
Аталық (андроцей) - гүлдің көбеюге қатысатын мүшесі. Гүлде бірден
бастап жүздеген аталыққа дейін болады.
Әрбір аталық - аталық жіпшесінен және кеңейген жері тозаңқаптан тұрады.
Тек магнолия өсімдігінің гүлінде аталық жіпшесі болмайды. Тозаңқап бір-
бірімен байланысқан екі бөліктен құралған. Әр бөлігінде екі тозаң ұясынан
бар. Тозаңқапта бірнеше мыңдаған тозаң түйіршіктері түзіледі. Тозаңқап
әбден пісіп жетілгенде, тозаңдары сыртқа шашылады. Тозаңның сыртқы
пішіндері де әр түрлі. Тозаңдар сырттай қарағанда ұнтақ тәрізді. Әрбір
тозаңның сыртында үшкір өсінділер, майда тікенектер, бұртиған төмпешіктер
болады. Атқаратын қызметіне қарай сыртқы қабықшасы қалыңдап өзгереді.
Сыртқы қабықшасында көптеген тесіктерінің болуы тозаң түтігінің өнуіне
қажет. Тозаңның құрамында май, қант, минералды тұздар, белок, витаминдер
болады. Бунақденелілер қоректену үшін гүлге қонады.
Аналық (гиноцей) - гүлдің жеміс түзуге қатысатын негізгі бөлігі. Гүлдің
дәл ортасында орналасады. Аналықтық ұшын ауыз, ортаңғы жіңішкерген жерін
мойын, түк жағындағы жуандаған жерін жатын дейді.
Аналық аузы шие, алхоры, асбұршақта домалақ. Шүйін-шөпте (валерьяна)
екіге айырылған (қос тілімді), қоңырау-гүлде - үш тілімді. Көкнәр мен
қызғалдақта жұлдыз тәрізді, бидай мен қарабидайда - қауырсынды үлпілдек.
Аналықтан жабысқақ сұйықтың бөлуі, тозаңның аналық аузына түсіп, тез өнуіне
жағдай туғызады. Аналықтың мойны, аузы мен жатынын жалғастырып, басқа
бөлімдерінен жоғары биіктетіп тұрады. Неғұрлым аналық күлтеден озыңқы
тұрса, соғұрлым жеңіл тозаңданады. Жатын (түйін) - аналықтың негізгі
бөлігі. Жатынның ішінде бір (бидай) немесе бірнеше мыңдаған (көкнәр) тұқым
бүршігі бар. Тұқым бүршігі жатыңда дамитындықтан, жатын қабырғасына
бекінеді. Жатынның сыртын екі қабат қабықша (жамылғы) қаптайды.
Қабықшасының түйіскен жерінде саңылауы бар. Одан тозаң түтігі тұқым
бүршігіне енеді. Тұқым бүршігінің ішіндегі ұрық қалтасында жұмыртқа клетка
(аналық жыныс клетка) болады. Сондықтан аналықтың ішінде ұрықтану процесі
жүреді. Жатын бір және көп ұялы болады. Жатында тұқым бүршігі болады. Ол
тұқым бүршігін температураның ауытқуынан, зиянды бунақденелілерден
қорғайды. Аналықтың құрылымы тозаңдану мен ұрықтануға бейімделген.
Симметриясына байланысты гүлдердің мынадай түрлері болады.
Дұрыс гүлдер (актиноморфты) арқылы бірнеше симметриялық бөліктерге
бөлуге болады (алма).
Бұрыс гүлдер (зигоморфты) арқылы тек бір ғана бөлікке бөлуге болады
(бұршақ).
Асимметриялық гүлдерде бірде-бір симметрия жүргізуге болмайды (канна).
Гүлдер мынадай қызмет атқарады:
- тозаңқапта тозаң түйіршіктерінің пайда болуы;
- жатында тұқым бүршігінің пайда болуы;
- тозаңдануды (тозаң, түйіршіктерін аналыққа әкелу) қамтамасыз ету;
- ұрықтануды қамтамасыз ету - гаметалардың қосылу процесі — спермия мен
жұмыртқа клетканың қосылуы;
- тұқымның қалыптасуы мен ұрықтың дамуы.
Қос жынысты және дара жынысты гүлдер. Бір үйлі және қос үйлі
өсімдіктер. Бір гүлде аталық пен аналық болса қос жынысты (қызғалдақ,
картоп, лалагүл), гүлде тек аталық (андроцит) немесе аналық (гиноцит)
болса, дара жынысты болып саналады. Тек аталығы бар болса аталық гүл,
аналығы ғана болса, аналық гүл дейді. Аталық гүлдер мен аналық гүлдер бір
өсімдікте болса - бір үйлі (жүгері, асқабақ, қайың, орман жаңғағы), аталық
гүлдер бір есімдікте, аналық гүлдер екінші өсімдікте дамыса, екі үйлі (қос
үйлі) деп аталады (мысалы, қарасора, терек, тал). Жыныссыз гүлдер де
болады. Оларда жыныс мүшелері (аталық пен аналық) дамымайды. Мысалы,
күнбағыс, гүлкекіре және т.б. Себет гүлшоғырының шетіндегі гүлдері жыныссыз
болғандықтан, жеміс бермейді.
Гүлшоғырлар
Гүлшоғыр деп гүл шығаратын өркенді белгілі ретпен орналасатын ұсақ
гүлдер тобын (жиынтығын) айтады.
Гүлшоғырлар өсімдік бұтақтарының ұшында дамиды. Өсімдік түріне
байланысты бір гүлшоғырда гүлдердің саны екіден бірнеше жүзге дейін жетеді.
Кез келген гүлшоғырдың негізгі сабағы, тарамдалған жанама сабақшалары бар.
Негізгі сабағының бұтақтануына қарай гүлшоғырлар жай және күрделі болып екі
топқа бөлінеді.
1. Жай гүлшоғырлардың жанама сабақтары бұтақтанбайды, оның ең ұшы
гүлмен бітеді.
Шашақ гүлшоғырдың жеке гүлдері орталықтан таралатын сабаққа гүл
сағақтары арқылы кезектесіп орналасады. Сабақ ұшына жақындаған сайын
сағақтары қысқарып, ұшындағы гүлі ең соңында ашылады (қарақат, қырыққабат,
мойыл, мия, қараған, інжу). Кейде шашақ гүлшоғырда 2 немесе 4 гүл ғана
болады, мысалы, шеңгел, асбұршақ, жабайы бұршақ және т.б.
Жай масақ шашақ гүлшоғырына өте ұқсас. Айырмашылығы, гүлдері сағақсыз
бекінеді (жолжелкен, сүйсін).
Собық масақ гүлшоғырына ұқсас. Айырмашылығы, орталық негізгі сабағы
жуан және жамылғы орама жапырақтары бар (жүгері, калла).
Қалқанша гүлшоғырының негізгі сабағында ұзын орналасқан гүлдерінің
сағақтары ұзарып, гүлшоғырдың беткі деңгейімен бірдей болып теңеледі (алма,
алмұрт, долана).
Орталық негізгі сабақтары қысқарған жай гүлшоғырға жай шатыр, шоғырбас,
себет жатады.
Жай шатыр гүлшоғырының негізгі сабағы қысқарған. Оның дәл ұшынан сағағы
ұзын біркелкі шоғырланған бірнеше гүлдер бір жерден шығып таралады (пияз,
адамтамыр [женынень]), наурызшешек, ақшұнақ).
Шоғырбас гүлшоғырында қысқарған жуан негізгі сабаққа сағақсыз гүлдер
топтанып, тығыз орналасады (бас тәрізді, домалақ пішінді болғандықтан
осылай атаған), түрі өзгерген шатыр десе де болады (беде).
Себет гүлшоғыры қысқарған әрі жалпақ. Жуан негізгі сабаққа ұсақ гүлдер
топтанып, тығыз орналасады. Оның жиегін (айналасын) жасыл түсті орама
жапырақтар қоршап тұрады (күнбағыс, бақбақ, өгейшөп, гүлкекіре).
2. Күрделі гүлшоғырлар жай гүлшоғырлардың ары қарай бірнеше қайтара
бұтақтануынан пайда болады. Олар: күрделі шашақ (сыпыртқы гүлшоғыр деп те
атайды), күрделі масақ, сырға, күрделі шатыр, күрделі қалқанша.
Күрделі шашақ (сыпыртқы гүлшоғыр) негізгі сабақтан бұтақтанып, гүлдері
екі қатарда шашақталады. Жанама бұтақтануы ұшына жақындаған сайын
кішірейеді (жүзім, гүлшетен, тары, күріш).
Күрделі масақ орталық сабаққа бірнеше жай масақша гүлдер топтанады. Әр
масақшада 2-3 гүлден болады (бидай, қарабидай, бидайық).
Сырға гүлшоғырын жай және күрделі гүлшоғырға жатқызады. Масақ пен шашақ
гүлшоғырына ұқсас. Айырмашылығы негізгі орталық сабағы өте иілгіш және
гүлдеп болған соң өсімдіктен тұтас үзіліп түседі (қайың, терек, тал,
көктерек).
Күрделі шатыр жай шатыр гүлшоғырынан құралады. Себебі жай шатырдағы
жеке гүл сағақтарында бірнеше гүлден топталып, шоғырланған (сәбіз,
балдырған, аскөк).
Күрделі қалқанша - негізгі сабақтың буынаралығы қысқарып, түрін
өзгерткен күрделі шашақ. Жанама сабағының буынаралығы қарқынды дамып,
негізгі сабақпен теңеледі (қараұшқат, шәңгіш, кербезгүл).
Тозаңдану
Тозаңдану - аталық тозаңының аналықтың аузына түсуі. Тозаңданудың
мынадай түрлері болады.
1. Өздігінен тозаңдану - бір гүлдің өзі аталық тозаңының сол гүл
аналығының аузына (қос жынысты гүл) түсуі.
2. Айқас тозаңдану - бір гүлдің аталық тозаңының екінші гүл аналығының
аузына түсуі. Айқас тозаңдануды бунақденелілер арқылы айқас тозаңдану және
жел арқылы айқас тозаңдану деп екіге бөледі.
3. Жасанды тозаңдану - адам әрекетінің нәтижесінде тозаңдану, яғни
аталық тозаңды гүлдің аналығына салу.
4. Табиғи тозаңдану - гүл тозаңдануының жел, су, жануарлар, құстар
және бунақденелілер арқылы іске асауы.
Тұқым
Тұқым - тұқым бүршігінен дамитын көбею мүшесі. Жемістің ішінде
орналасқандықтан жемістің бір бөлігі деп есептеуге болады.
Гүлді өсімдіктер қосжарнақтылар және даражарнақтылар деп екіге
бөлінеді. Тұқым тұқым қабығынан (қауызы), ұрықтан, эндоспермнен және тұқым
кіндігінен тұрады.
Тұқым қабығы қалың, тығыз, сырты тегіс жылтыр, түрлі түсті. Қабығы
тұқымды кеуіп кетуден, мезгілсіз өнуден, зақымданудан, шіруден сақтайды.
Ұрық алғашқы тамыршадан, алғашқы сабақшадан және бүршікшеден тұрады.
Эндосперм дәнектің едәуір бөлігін алып жатыр. Эндосперм клеткаларында
крахмал, белок, май заттары жиналады. Дәнектің төменгі ұшында эндоспермге
тығыз жанасып бекінген ұрық бар. Ұрықпен эндоспермнің арасында жұқа бір
жарнақ орналасады. Жарнағында қоректік заттар қоры болмайды.
Даражарнақтылардың тұқым жарнағы тұқым өнген кезде эндоспермдегі қоректік
заттарды ерітетін зат бөледі. Ерітетін зат ортаникалық заттарды сұйылтады.
Тұқым өнуі үшін алдын ала су, жарық, физиологиялық белсенді заттар және
оған ауаның температурасы қолайлы болуы қажет, сонымен қатар тыныштық
керек.
Тұқым төмендегідей қызмет атқарады:
- өсімдіктің жаңаруы (тұқыммен көбею);
- өсімдіктердің қолайсыз жағдайда тіршілік етуі;
- қоректік қор затын жинау;
- өсімдіктердің таралуы (жел, жануар, бунақденелілер, сүт.б.).
Тұқымның тыныштық кезеңі. Тұқымдары іле-шала өнбей, ұзақ жылдар бұйығу
(тыныштық) кезеңінде болып, шығымдылығын да ұзақ жылдар (40-90 жыл)
сақтайтындар (ағаш өсімдіктері, орманда өсетін шөптектестер, арамшөптер
және т.б.).
Тұқымдардың бұйығу кезеңі түрліше. Ұрығы толық жетілмесе, әбден жетілу
үшін бұйығу кезеңіне көшеді. Тұқым қауызы қатайып, суды өткізбейді, газды
нашар өткізеді. Бұйығу кезеңінің тұқымдар үшін басты маңызы қысы қатты
болатын аудандарда мезгілсіз өніп кетуден сақтайды.
Бұндай Тұқымдарда тыныс ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz