Киімді конструкциялау және тігу



I КІРІСПЕ ... ... ... ... ... 3

1 КИІМ ТУРАЛЫ ЖАЛПЫ МӘЛІМЕТ
1.1 Киімнің негізгі қасиеттері ... ...4
1.2 Костюмге жалпы сипаттама ... ...7
1.3 Костюм халықтық сәндік өнерінің бір бөлігі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...12
1.4 Костюм формасы мен силуэті ... ...15


II НЕГІЗГІ БӨЛІМ
2. 1 Адам бейнесінің өлшемдік cипаттамасы
2. 2 Киімнің технологиялық өңдеулері ... ... .20
2. 3 Киімнің сыртқы пішіні мен конструкциясының сипаттамасы ... ... ... ... ..23
III ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... .27

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ... ... .28
Бұл курстық жобадағы қаралып отырған арнайы киімдер яғни формалық, шинел, гимнастерка, китель т. б. Яғни бұл курстық жоба арқылы болашақ маман ретінде көптеген мәселелерді қарастыра отырып ең алдымен киімнің жоғарғы сапасының бәрінен бұрын қолданылатын материялдардың сапасына, олардың дұрыс таңдалуына, модельдік көркемдік бейнесін және конструкциясын дайындау технологиясын жетілдіруне байланысты болады. Жаңа заманға сай киім ассортиментін жетілдіру елеулі кеңейту. Тігін өнеркәсібіне байланысты халық шаруашылығын арнайы бұйымдармен (жұмыс киім, әскерге арналған киім тағы басқа) қамтамасыз етеді. Жапай өндірісте киім шығаратын техника мен технологиялардың өндіріс ұйымдастырудың деңгейі жоғары болып келеді. Киімді конструкциялау барысында ғылым мен техника өндіріс дамуының соңғы нәтижелері пайдалануы тиіс. Құрастыру көркем модельдеу, сосын киімді тігу-ұйымдастырудың кұрделі процесс. Киім құрастыру оның сызбасы мен пішілуіне тығыз байланысты. Таңдалған пішімге байланысты матаның ені мен түрі-түсі, мата бетінің бедеріне мата тығыздығына және адамның дене бітіміне байланысты болып келеді. Сызбаның торкөздеріне мойын айналымы, иық және жан тігістері, етек белгілері сызбалары толық түсуі керек. Киімнің пішілуі ең негізгі бөліктерден тұрады. Жең түбінің биіктігі тігілетін киімнің формасына байланысты. Сонымен бірге жеңнің тігілуіне, орналасуына, түріне қарай бірнеше топтары бар. Мысалы: тұтас пішілетін жеңдер реглан және жартылай реглан болып бөлінеді. Мұндай жеңнің жең түптері кең келеді. Сонымен қатар қондырмалы жеңдердің де бірнеше түрлері бар. Жең аузы жеңнің таңдалуына байланысты:көмкермелі, бүрмелі. әдіпті. қаттамалы болып тігіледі.
1. Никитина Е.Д. Талғатбекова А. Ж. Киімді конструкциялау. - Астана, 2008
2. Асанова А. Тастанбекова Г. Киімді конструкциялау және тігу тенхнологиясы. - Астана, 2008
3. Сатыбалдинова Б.С., Сәлімбаева М.А. Тігін өндірісінің технологиясы. - Астана, 2008
4. Асанова А., Айдынбекова Ж., Нұрпейісова С. Киімді конструкциялау.-Астана, 2008
5. Оралбекова А., Әбдіжаббарова С. Тігін өндірісінің жабдықтары. - Астана, 2008
6. Тәкішева Г.Ә., Асанова Б.Е. Киімді модельдеу және көркемдік безендіру. - Астана, 2008
7. Нұржасарова М., Кучарбаева К., Рүстемова А. Киімді дайындау технологиясы. - Астана, 2008
8. Жолдасбекова С. А. Костюм тарихы. —Алматы: Издат Маркет, 2006
9. Ермилова Е. В., Товченик И.А. Технология. - Алматы, 2008
10. Әбдіғапбарова Ұ.М. Қазақтың ұлттық ою-өрнектері (оқу құралы).-Алматы; Өнер, 1999
11. Әбдуалиева Ш. Халық қолөнері:-А: Рауан. 1992
12. Бағжаева С. Әйел және балалар киімдерін сәндеп өңдеу. Алматы: 1999
13. Байбатшаева А.Е., Жолдасбекова С.А. Тоқыма материалдарының негіздері. Шымкент: ОҚМУ, 2002
14. Жолдасбекова С.А. Киімді көркемдеп сәндеу.- Шымкент, М.Әуезов
15. атындағы ОҚМУ 2003
16. Левицкая Л.В. Технология швейных изделий: М.: - 1996
17. Труханова А.Т. Иллюстрированное пособие по технологии легкой одежды: -М.: 2000
18. Технология. Қазіргі заман талабының тұрмыс мәдениеті пәндерінен бағдарламалар жинағы. Алматы, 2000
19. Өстеміров К. Кәсіптік оқыту әдістемесі: Оқулық.-Алматы, 2006
20. Өстеміров К. Технология пәнін оқыту әдістемесі. –Алматы, 2008
21. Сыздықов О., Пошаев Д.Қ., Ортаев Б.Т. Технология пәнін оқыту
әдістемесі. Шымкент: Нұрлы әлем. 2010

Пән: Өнер, музыка
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 27 бет
Таңдаулыға:   
Ж О С П А Р

I КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .3

1 КИІМ ТУРАЛЫ ЖАЛПЫ МӘЛІМЕТ
1.1 Киімнің негізгі қасиеттері ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 4
1.2 Костюмге жалпы сипаттама ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 7
1.3 Костюм халықтық сәндік өнерінің бір бөлігі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ..12
1.4 Костюм формасы мен силуэті ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .15

II НЕГІЗГІ БӨЛІМ
2. 1 Адам бейнесінің өлшемдік сипаттамасы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...18
2. 2 Киімнің технологиялық өңдеулері ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...20
2. 3 Киімнің сыртқы пішіні мен конструкциясының сипаттамасы ... ... ... ... ..23
III ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 27

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..28

Кіріспе

Бұл курстық жобадағы қаралып отырған арнайы киімдер яғни формалық, шинел, гимнастерка, китель т. б. Яғни бұл курстық жоба арқылы болашақ маман ретінде көптеген мәселелерді қарастыра отырып ең алдымен киімнің жоғарғы сапасының бәрінен бұрын қолданылатын материялдардың сапасына, олардың дұрыс таңдалуына, модельдік көркемдік бейнесін және конструкциясын дайындау технологиясын жетілдіруне байланысты болады. Жаңа заманға сай киім ассортиментін жетілдіру елеулі кеңейту. Тігін өнеркәсібіне байланысты халық шаруашылығын арнайы бұйымдармен (жұмыс киім, әскерге арналған киім тағы басқа) қамтамасыз етеді. Жапай өндірісте киім шығаратын техника мен технологиялардың өндіріс ұйымдастырудың деңгейі жоғары болып келеді. Киімді конструкциялау барысында ғылым мен техника өндіріс дамуының соңғы нәтижелері пайдалануы тиіс. Құрастыру көркем модельдеу, сосын киімді тігу-ұйымдастырудың кұрделі процесс. Киім құрастыру оның сызбасы мен пішілуіне тығыз байланысты. Таңдалған пішімге байланысты матаның ені мен түрі-түсі, мата бетінің бедеріне мата тығыздығына және адамның дене бітіміне байланысты болып келеді. Сызбаның торкөздеріне мойын айналымы, иық және жан тігістері, етек белгілері сызбалары толық түсуі керек. Киімнің пішілуі ең негізгі бөліктерден тұрады. Жең түбінің биіктігі тігілетін киімнің формасына байланысты. Сонымен бірге жеңнің тігілуіне, орналасуына, түріне қарай бірнеше топтары бар. Мысалы: тұтас пішілетін жеңдер реглан және жартылай реглан болып бөлінеді. Мұндай жеңнің жең түптері кең келеді. Сонымен қатар қондырмалы жеңдердің де бірнеше түрлері бар. Жең аузы жеңнің таңдалуына байланысты:көмкермелі, бүрмелі. әдіпті. қаттамалы болып тігіледі. Негізінде адам дене бітімі 3 бөлімнен тұрады, бой биіктігі, кеуде айналымы, мықын айналымы. Бұл өлшем адамның жалпы өлшемі болып есептелінеді. Еңбекке қабілетті әр адамнан терең тәжірибелік және теориялық білімді іске шығармашылықпен қарауды талап етеді. Тігін өндірісінің алдында тұрған салмақты мәселелер де тек білікті мандар арқылы шешімін таппақ. Киім ассортименті оның пішіні мен селуеті жең және жағасына пішімін айқындайтын үлгі құрылымына байланысты.

1 Киім туралы жалпы мәлімет

1.1 Киімнің негізгі қасиеттері

Жалпы киім ұғымы адамдардың уақытқа және қоғамдық жағдайларға сәйкес сұлулық туралы белгілі бір ұғыммен бейнелейтін сәнмен тығыз байланыста болады. Қай заманда болмасын адамзат алдындағы ұлы мұрат - міндеттердің ең басты - өз ісін, өмірін жалғастыратын, салауатты ұрпақ тәрбиелеу. Ал ойлы - пайымды, білімді, мәдениетті, іскер, еңбекшіл азамат тәрбиелеуді адамзаттың ақыл - ойымен мәдениетінің дамуындағы бағалы байлықтың бәрін игере отырып, оны бүгінгі ұрпақтың санасына ұстаздық шеберлікпен біртіндеп сіңіру арқылы ғана жүзеге асыруға болады. Адамзат қоғамы дамыған сайын бұл көзқарастар өзгереді, яғни сәнде үнемі жаңарып отырады. Киімді әркім өз бетінше таңдайды, таңдау барысында адам жеке талғамы мен сән ағымына сүйенеді. Жақсы киіне білуде өнер.
Киім таңдаудағы жақсы талғамды білдіретін кең тараған анықтамалардың бірі - әдемілік, сәнділік. Сәнділік ұғымы ең алдымен киім түсі мен сәніне қарай дұрыс құрай білуге тікелей байланысты, киімге деген талғампаздық адамның өзіне сын көзбен қарай алатынының белгісі болып табылады. Киімді жарасымды етіп пішу - қонымды киімдердің кепілі екенін ұмытпауымыз керек. Сонымен қатар киім адамды қоршаған ортаның табиғаттың түрлі әсерлерінен қорғайды оны тұтыну мәні мен бірге қызмет ететін маңызы бар. Киімнің шығуы адам еңбегінің ерекшелігіне қоғамдық өндіріс пен мәдениеттің дамуына тығыз байланысты. Алғашқы кезде киімді қазақтар мал терісінен илеп жүнен тоқып тігіп киетін болған киін бертін келе матаға жүн салып сыратын болды. Қазіргі кездегі киімдер мынадай түрлерге бөлінеді: ерекше маталарды қажет ететін өндірістік, арнайы киімдер, жұмысқа, қыдыруға, саяжай мен куроттарға, әскери адамдардың теміржолшылардың, спорттық деп және тағы басқа.
Киім-утилитарлық және эстетикалық қызыметтерді атқаруға, адам денесін сыртқы әсерден қорғауға арналған бұйымдардың жиынтығы. Киім сөзімен мағыналас қолданылатын Костюм ұғымы кең мағынаны қамтиды. Қазіргі кездегі костюмнің атқаратын қызметі сан алуан ол ең бірінші қажеттілік болып табылады [1]. Өйткені киім адам ағзасын табиғаттың және өндірістің ортаның әртүрлі зиянды әсерлерінен қорғайды. Қазіргі заманғы барлық киімдер екі классқа бөлінеді тұрмыстық және өндірістік.
Тұрмыстықтың өзі келесі класстарға бөлінеді: сырт киім, жеңіл киім, көрсетті бұйымдар, бас киім.
Сырт киімге - пальто, жәкет, тон, шекпен, бешпент, плащ, куртка жатқызылады.
Жеңіл киім - көйлек, жейде, болузка, қалат, белдемше тағы басқа.
Бас киімдерге - құлақшын, фурашка, күнқағар, телпек, қалпақ, тақия, бөрік жатады. Тұрмыстық киімдерді былайша ажыратуға болады: жасына және жынысына қарай бөлінеді. Және ерлер мен әйелдер киімдері үш түрлі жас молшерін кіші, орта, аға топтар болып ажыратылады. Киімдер маусымдық мерзіміне қарай жаздық , қыстық, маусымдық және мерзімде кис беретін киімдер болып та бөлінеді. Қазіргі заманғы жастардың талап - талғамын елеп-ескере отырып, сән жаңа стильге көшіп отыр. Сән ешқашан да ескіні мүлде жоққа шығармайды. Ол бүгінгі таңда көпшілік көңілінен шыққан үлгілерді пайдалана отырып оларды уақыт талабына сай талғаммен жетілдіре түседі. Оларды пішу және тігу аса күрделі болғандықтан оны осы заманғы өнеркәсіп орындары ғана шығара алады. Қазіргі кезде жастар арасында сәнге деген көзқарас өте айқын байқалады.
Олардың көпшілігі сәннен алған біршама үлгілерді пайдаланады. Мысалы : 60 - шы жылдары кең өріс алып жастар үлгісіне айналған, қысқа тар етекті белдемшелер қазірде сәнің биік сатысынан көрінеді. Оны орнықты кию тазалықты, әдемілікті, көріктілікті талап етеді. Осындай сәндегі киімдерді тігу, елімізде жылдан - жылға дамып келеді.
Киімнің негізгі қасиеттері деп ауа өткізгіштігі, төзімділігі, зиянды заттардан қорғауы, гигеналық тағы басқада қасиеттері бар. Киімнің ауа өткізгіштік қасиетті деп адам денесіне ыңғайлы, суықты, жылыны бірқалыпты ұстауын айтамыз. Төзімділік қасиеті деп киімнің тозуын айтамыз яғни киімнің шыдамдылығын, көпке шыдауын. Мысалға: жуған кезде киімнің оңып, созылып кетуі, кожа киімдерінің суыққа төзімді болуы тағы басқа. Зиянды заттардан қорғауы күннің сәулесінен, ыстықтан, суықтан, шаң тозаңнан, кейбір химиялық заттардан қорғау жатады [2].
Гигиеналық қасиеті деп киімнің адам денесінен бөлініп шығатын тер бөлініп шығатын заттарды соруы денені құрғақ әрі таза ұстауға пайдасы өте мол қоғамдық дамудың қазіргі сатысында киім деп өсімдік, мал тектес және жасанды материалдардан тігіп адамды қоршаған ортаның қолайсыз әсерлерінен қорғайтын, ағзаның қалыпты және сақтайтын температурасын сонымен бірге оған әртүрлі көрік беретін заттар жиынтығын айтады [3]. Киім қасиеттері ол тікелей матаға және киілетін орынға байланысты өйткені күн ыстық кездері ауа өткізбейтін болғандықтан адамға ыңғайсыздық тудырады. Киімнің тағы бір қасиетті жуған кезде тар немесе қысқа болып қалатындығын ескеген жөн. Көбіне төзімді киімдерге дженсилік маталардан тігілген киімдер жатады.
Ұсақ бөлшектерді өңдеу
Белдікті тігу технологиясы
Пагонды өңдеу технологиясы
Ілмекті өңдеу
Киім бөлшегін өңдеу
Жан қиығын өңдеу
Иық қиықтарын өңдеу
Астарды бұйымға қосу

1.2 Костюмге жалпы сипаттама

Костюмді тігуге кеткен мата және де ұсақ - түйек материалдар жиыны болды.
1, 5 м мата түсі қанық көк 1800тг
0, 5 м қызыл түсті мата 800тг
1, 5м астарлы мата 400тг
1м қатырма 325тг
12 дана ілмек 150 тг
2 дана плетчик 120тг
4 дана тас 500
3 түрлі шынжыр 0, 5 м - ден 400тг
1 дана машина жіп 35 тг қанық көк
Бұл қатаң стильдегі костюмдерідң бірі. Ол әскери формаға ұқсас жартылай қынамалы, ұзындығы бөкседен түсетін тік жағалы. Артқы бөлік:
- қақ ортасынан тігіс түскен және 2 иық тұсынан кант түсіріп тігілген.
- бүйір тұсынан ойық етіп басқа матадан тігілген. Ойық астынан тағы бір ойық түскен. Осыған кант түсірілген.
- артқы бөліктің ортасынан белдікті өткізуге арналған төртбұрыш мата жапсырылған, оған кант берілген.
Алдыңғы бөлік:
- дәл артындағыдай етіп 2 ойық түсірілген. Осы 2 ойықты тігіп болған соң жан тігістерін қосамыз. 2 жан тігісін тігіп болған соң иықты қосамыз. Бұл киімнің кеуду бөлігінің біткені. Кеуде бөлігін тігіп болған соң жеңді қосамыз - қолтық астынан 2 қымтыма түсірілген. Алдыңғы бөлікті артқы бөлікке қоспас бұрын тігіп аламыз
- жең бұл 2 тігісті болып келеді. Жеңді қоспас бұрын жең нүктесін тауып аламыз. Сосын барып қосамыз. Содан соң жағаны қосамыз. Жағасына кант берілген. 2 иығынан пагон қойылған. Содан соң плетчик қоямыз.
Астар кең етіп пішілді. Ол адамның қимыл - қозғалысына ыңғайлы болу үшін пішіледі. Астарды тікпес бұрын жеңін етегін қайырып астарды сосын барып тігеміз. Астарды ең алдымен қосу үшін жеңінен бастап тігеміз. Қосар алдында жеңінен не болмаса жанынан тігіп жатқан кезде ашық тастап кетеміз. Ол астарды киімге теріс қаратып тігу үшін керек.
Астарды тіккенде жеңнен кейін жанына яғни бортқа қосамыз. Сосын астын қосамыз. Барлық бөлшектерді тігіп біткен соң сәндеу жұмыстарына кіргіземіз. Ол бұйымды әдемі етіп көрсету үшін тігіледі. Костюмді белдікке. Өңірдің астыңғы бөлігіне білінбейтін етіп ілмек тігілді белдікке де, ілмек тігілді. Жағасына екі жанынан шынжыр ілдім, сәнді көріну үшін.
Ең соңында бұйымды үтіктейміз.
Іс тігуге пайдаланылатын құрал - жабдықтар
1. ине
2. жіп
3. сымтаспа
4. оймақ түрлері
5. қайшы
6. түйрегіш
7. бор
8. сызғыш
Ине; ежелгі дәуір адамдарының мата туралы түсінігі болмаған. Бұдан 600 жыл бұрын инелер болаттан жасала бастады. Инелер қол инесі және іс машинасының инесі болып екіге бөлінеді. Қол инесінің диаметрі, ұзындығы әр түрлі. Қайс тігетін 3 нөмірімен қалың матаны нөмір, ал таралмайтын 3 нөмір, кестетігетін 0, 2 нөмір болады. Іс машинасының инелері жуандығына қарай бөлінеді. Қол инесі мен іс машинасының инелері мата түріне қарай сай тігу керек.
Жіптер; қазіргі заманғы жіптер саласы әр түрлі синтетикалық жіптер төзімді мықты келеді. Жібек жіптер қасиеті жағынан тігін машинасына жарамды. Сонымен қатар жібек жіп сырт киімнің бедері тігістерінде түйме торлағанда өте қолайлы. Бұл тігісі машинасына жарамсыз. Себебі үзілгіш өңгіш №10, 20, 30, 40, 50 - түрлері бар. Ине ежелгі дәуір адамдарының мата туралы түсінігі болған жоқ. Олар киімді жануарлардың терісінен жасады [4].
Аң терісін тігу үшін балықтың сүйегін қыздырып біз ретінде пайдаланды.
Кейін біздің ұшын бұрғылап көз жасады. Содан біздер алғашқы инелер есебінде қолданылды. Сүйек инелерден кейін қола, сосын темір, күміс инелер пайда болды инелер негізінен екіге бөлінеді қол инесі және машина инесі. Қол инесінің диаметрі мен ұзындықтары әр алуан, он екі нөмірі бар.
Ал машина инелерін тек жуандығына қарап ажыратады іс тігетін ине түзу сырты жылтыр үшкір болып келеді.
Жіптер ерте кезде жіпті сол тігілетін бұйымның матасының ұзын бойынан жыртып алған. Пішілген бұйымды көктемей бірден тіккен.
Сонымен қатар көркем тігіс түрлерін де пайдаланған. Ретіне қарай жөрмелеу тігісі, қайып тігісі, шаша қайып тігісі пайдаланған. Жібек жіптер қасиеті жағынан жарамды. Тігілетін киімнің өңіне байланысты жай жіптерді пайдалануға болады.
Сантиметрлік таспа дитциметрлік, миллиметрлік бөліктерден тұрады. Таспаны өлшеу алдында жаңа таспамен тексерген жөн немесе мүмкіндік болса жаңа таспа пайдаланған жөн.
Жұмыс орнын ұйымдастыру ережелері
Машина жұмыстарын орындауға арналған жұмыс орнын, және электр қоспасы бар столмен жабдықталады. Сонымен қатар винтті айналмалы орындықпен жабдықталады. Бұл орындық адам бойына қарай орындық биіктігін құрастыруға мүмкіндік береді. Машина столының астыңғы оң жағында токқа қосатын арнайы қысқыш бар.
Машина столының беті тегіс және таза болуы шарт. Машинлардың ортасында қол жұмыстарын орындауға арналған стол орналастырылған.
Стол бетіне тек қана өңделетін детальдар және өңдеуге керекті құрал -жабдықтар жатуы тиіс. Табиғи жарықтан басқа бөлменің ішінде жергілікті жарық күші болуы тиіс.
Жұмыс аяқталған соң, өңделетін жұмыскер өзінің жұмыс орнын тазалап барлық құралдардаы өз орнына қойып, машиналармен жарық машина көзін өшіру керек. Дұрыс ұйымдастырылған жұмыс уақыты мен жұмыс орны, еңбек өнімділігі мен сапасын арттырады [5].
Пішу жұмыстарының техникалық шарттары.
Пішуге арналған детальдар негізгі және көмекші бұл лекалдар арқылы бүкпелердің, бүрленің, қалталардың орныласу жайларын анықтауға арналған. Барлық лекалдар негізгі жіптің бағыты көрсетіледі.
Лекалды орналастыру кезінде негізгі жіптің бағытынан басқа матаның суреті мата түрлерінің бағыты ескеріледі. Егер мата суреті және түрінің белгілі бір бағыты бар болған жағдайда бір уақытта пішуі шаот. Түгі және біркелкі боялған болмаса суретінің бағыты жоқ. Әр түрлі бағытта орналастырылған [6].
Қауіпсіздік техникасының ережелері.
Қол жұмысының ержелері:
- Ине мен түйреуіштерді арнайы тостақшаға қадап қою керек.
- Инені киімге қадауға ауызға салуға тиым салынады.
- Көктеу жұмыстарын орындағанда саусаққа оймақ кию керек.
- Қайшы ұсынғанда сабымен ұсыну керек [7].
Тігін машиналарында сітейтіндерге арналған ереже:
- Тігін машиналарында жұмыс істеуге алғашқы нұсқадан кейін ғана кірісуге болады.
- Жұмыс бастар алдында машинаның жөнді екенін тексеру қажет, ахауы
болса механикті шақыру керек.
- Жұмыс кезінде қолды машина инесіне жақын ұстауға болады.
- Метал тежеуіште резеңке киесіз жұмыс істеуге болмайды.
- Электр двигательін өшірмей тұрып мойканы тазалауға және майлауға сондай-ақ машина инесіне ременді салуға тиым салынады.
- Машинаның айналып тұрған бөлігі жанына қайшы және басқа аспаптарды қоюға тиым салынады [8].
Электр үтігімен жұмыс істеуге арналған ереже:
- Үтікті электр жүйесіне қосқанға дейін тұғырын тексеру керек.
- Электр үтігінің ыстылығын саусақпен тексеруге болмайды.
- Электр үтігін желіге қосқанда және ажыратқанда бауынан ұстауға болмайды.
- Ысып тұрған үтікті суға салып немесе су бүркіп суытуға болмайды.
- Үтікті электр бауының үстіне қоюға болмайды
- Ахаулы үтікпен жұмыс істеуге және электр сымын өз білгенінше жөндеуге болмайды.
- Үтікпен жұмыс істегенде резеңке төсеніш төселу керек.
- Жұмыс біткен соң үтікті аяқ астында электр көзінен ажырату қажет.
- Жарақаттанғанда , дене күйгенде медициналық пунктке бару қажет [9].
Негізгі сызба тор
1. А1 а1 =СгII +Пг=45, 5+7=52, 5
2. А0 а=Шс+Пшс=19. 5+1=205
3а1 а2=Шг+(СгII - СгI)+Пшп=17, 5+(45, 5 - 45)+0, 5=18, 5
4А0 У=0. 4 Дтс=0. 4 * 43=17. 2
5. А0Г= Взу+ Пспр+25+0. 5=25. 5
6. А0 Т=Дтс+Пдтс=43+0. 5=43. 5
7. Т Т1 =1. 5
8. ТБ=0. 5 * Дтс - 2=0. 5 * 43 - 2=19. 5
9. ТН= Дизд = 70
10. Г1 Г2 = = 6, 8
Артқы бой сызбасының есебі
1. А0 А2 = +Пшс= +0. 5=7
2. А2 А1= = =2, 3
3. А2П1 = Шп+1, 5=13+1, 5=14, 5
4. Г1 П1 =Впк + 0дтс=45+0, 5= 45, 5
5. А2 в= = = 4, 5
6. в в1 = 2, 0
7. в в2 =7
8. Г1 П3= +2=+2=9, 8
9. Г1 1= 0, 2 Г1 Г4 +0, 3=0, 2 * 14, 5+0, 3=3
10. Г1 Г2= ==7, 3
Алдыңғы бой сызбасының есебі
1. Г1 Г3 = - 1, 0=- 1=9, 2
2. Т9 А3 =Дтп + 0, 5 + Пдтс+0, 5=44+0, 5=44, 5
3. А31 А4 = А А1 - 0, 5=7 - 0, 5=6, 5
4, А31 А5 = А31 А4 +1, 0=6, 5+1=7, 5
5. А4 Г7=Вг =24
6. А4 А9 2*(СгІІ - СгІ)+(0, 2 - 2, 0) = 2*(45, 5 - 45) - 1, 5=2, 5
7. Г4 П6 == = 7, 5
8. А9 П5 = Шп=13
9. Г4 2=0, 2 Г1 Г4 =0, 2*13, 5=2, 7
10. 3 - 4=1 - 1, 5
Қымтыма
S1В=Аа1 =(Cт+Пг ) - ТТ1 = 52, 5 - (39, 5+2) - 1, 5= 12, 5
Г3 2 S = = 1, 3
Г3 3 S == 0, 3
Жең
Др 62 О2 Л = Дрзоп : 2+3= 62 : 2+4, 5 =35, 5
Оз30 О2
Окис 1, 8 қымтыма М1 М2=( Окис+Поп)
Покс 6 - 8 = (62 - 37) - (18 - 6) =13, 3:3= 6, 6
Негізгі өлшем
СШ мойынның жартылай орамы19. 5см
СгІ кеуденің І - ші жартылай орамы45см
СгІІ кеуденің ІІ - ші жартылай орамы 45. 5см
Сг ІІІ кеуденің ІІІ - ші жартылай орамы 44см
Ст белдік жартылай орам39. 5см
Сб бөксенің жартылай орамы 52см
Дтс артқы бойдың бетке дейінгі ұзындығы 43см
Впк артқы бойдың белге дейінгі көлбеу ұзындығы 45см
Вг кеуде биіктігі 24 см
Шг кеуде кеңдігі 17. 5см
Цг кеуде ортасы 15см
Шс арқа жалпақтыға 19. 5см
Бпрз арқадан қолтық ойындысына дейін. 25см
Оп иық орамы 30см
Оз білек орамы 18см
Др жең ұзындығы 62см
Шп иық орамы 13см
Ди жалпы ұзындық 70 см
1.3 Костюм халықтық сәндік өнерінің бір бөлігі

Киім-кешек ұғымы адамның денесін толық немесе жеке бөліктерін жауып тұратын, жамылғылар жиынтығы. Ол уақытқа және қоғамдық жағдайларға сәйкес сұлулық туралы белгілі бір ұғымды бейнелейтін модамен тығыз байланысты болады. адамзат қоғамы дамыған сайын бұл көзқарастар өзгеріп мода ағымы да үнемі жаңарып отырады. Әр дәуірге, тарихи кезеңдерге сай киімнің өзіндік ерекше формасы мен пішімі, сәнделулері мен киім матасы, түсі, суреті және костюмді үйлестіріп тұратын бұйымдар жиынтығы бәрі қосылып арнайы бір стиль құрайды.
Киім стилі-дәуірінің айнасы, яғни сол дәуірдің мәдениетін адамның тұрмыстағы жағдайын, мемлекетті, кластық тобын айқындайды. Белгілі кезеңдегі өнер түрлерін, яғни архитектура мен мүсіндеу, сұңғат және киім пішімдерінің стильдері өзара ұқсастықта болады. олардың масштабына, шешіміне, жасалынған материалына қарамастан, жекелей бір мәдени символға бағынышты болады. алғашында дейін киімнің жеңі алдыңғы және артқы боймен тұтас пішімді, тек ХІІІ ғасырдан бастап қондырша жеңді жең ойындыға қосып тігетін болса, ХVІІІ ғасырдан кейін ер костюмдерінің шалбарлары 2 бөліктен тұрып, белін баумен баумен байлап жүрген, тек ХVІІІ ғасырдан бастап шалбар 4 бөліктен тігілетін болған [10].
Қазақ халқының ұлттық киімі мен қол өнерінің қалыптасуына елдің экономикалық сауда-саттық, климаттық және әлеуметтік жағдайы мен діни сенімдері әсер етті. Онда халықтың әсемдік талғамы, өмір салты, өткендегі әлеуметтік хал-ахуалы айқын сенімді. Түр-түсі, пішімі жағынан қазақтың киім-кешегі әлеуметтік топтың бәріне бірдей ортақ. Пішімі қарапайым болғанымен, дана жағдайына ыңғайлылығымен, сан алуан әшекейлерімен ерекшеленеді.
Ұлттық киімдеріміз біздің ата-бабаларымыздың жауынгер, жаугер, батыр, жау-жүрек халық болғандығын көрсетеді. Оның тірлігі үнемі аттың жолында, түйенің қолында жүрген, көбіне машырай жайма-шуақ жүре алмаған.
Қазақ халқы киім-кешек тігуде әуелде Үндістаннан әкелінген шыт, батсайы, мәуіті маталары Қытайдан әкелінген жібек матаны, Италиядан әкелген барқыт матасын. Англиядан әкелген шұға маталарын пайдаланды. Бул маталармен қазақ арғы ата-бабасы секілді, Оңтүстік Қазақстаннан өткен көне Жібек жолы торабында айырбас саудамен алып отырған. Өлгенмен қазақ жерінде жүн маталары бізге белгілі [11].
Адам баласы мыңдаған жылдар бойы табиғатқа тәуелді болып келді. Табиғаттың тылсым күштеріне сан-алуан ауыр сынына төтеп беру жолында адамдар ұзақ күрделі даму сатыларынан өткенін жақсы білеміз. Осындай күрделі даму барысында қоғамдық еңбектің түрлі сатылары пайда болды. Соның негізінде халық өнері дамыды, тұрмысқа қажетті заттардың қатары көбейді, киім түрлері мен үлгілері көбейді.
Адам ой - өрісінің өсіп, тұрмысының дамуында киім-кешектің аса маңызды роль атқарғаны белгілі. Оның бәрі табиғаттың өзгеруіне, ыстық пен суықтың алмасып отыруына тығыз байланысты болса, келе-келе киім түрлері адамның жынысына қарай бала мен үлкендерге, сән мен тойға, батыр мен малшыларға, байлар мен кедейлерге лайықталып, әлеуметтік өмірге байланысты бөліне бастады. Алайда сонау көне ғасырларда пайда болған көптеген киім түрлері мен үлгілері бізге жеткен жоқ. Оның ішінде былғары мен киізден жасалған киімдер, ағаш, сазбалшықтан жасалған аяқ-киім, киімдердің үлгілері болғандықтарын тарихшылардың еңбектерінен білеміз. Ертіс өңірінен табылған жіптермен өрнектеп, безендіре кестелеген былғары аяқ-киім, қысқа шекпен мен ұзын шапан киім тігу оны дамыту өнерінің көне айғағы іспетті.
Шеберлер мен қолөнершілер де осы тұрғыда жұмыс істей келіп, қолдан жасалған, өңделген материалдармен қатар, қоғамдық өндірістің фабрикалардың материалдары кеңінен пайдаланылатын. Теріден небір керемет тендар, тұлыптар, кеудешелер, тері шалбарлар, жарғақ шалбарлар тіккен. Бірақ кейін өзінің жалғасын таба алмай үзілуге мәжбүр болған.
Халық шеберлері киім тіккенде іс тапсырушының талғамын, жас ерекшелігін, дене бітімін, бет әлпетін мұқият ескерген. Киім-кешекті әр жерде мүмкіншілігіне қарай өзінше тіккенімен, бүкіл қазаққа тән түр ұқсастығын, пішімін, бояу-нақышын сақтап, әсіресе оның қыздар, әйелдер, кейдуаналар китіндерін ажырата білген.
Қазақы киім өзіне тән ерекшеліктерін сақтап бізге жеткен, заттық-тұрмыстық мәдениеттің бірден-бір көрінісі. ХIХ ғасырдың аяғы мен. ХХ ғасырдың басында товарлық өндірістің дамуы, көрші халықтармен экономикалық және мәдени қарым-қатынастың, нығаюы, әсіресе Қазақстанға орыстардың, украиндардың, немстердің, татарлардың, тағы да басқа халықтардың көптеп қоныс аудара бастауына байланысты қазақ тұрмысына ене бастаған өзгерістер, сол сияқты қалалық сәнінің әсері ұлттық киімге өз ықпалын тигізбей қойған жоқ.
Әйтседе қазақы киімнің бірте-бірте тұрмыстан шыға бастауы кеңес өкметі жылдарындағы қазақ ауылын жаңа негізде қайта құру үрдісімен байланысты еді. Өйткені адамның жеке басына қажетті киімнің барлық түрін-ішкі жейдеден пальтоға дейін дайын күйінде сатып алуға мүмкіндік туғандықтан, үй жағдайында киім тігудің азая түскені, көп жерде бұл кәсіптің мүлдем жойылып кеткені осы кезеңмен тұстас болды.
Қазақтың киім-кешегін халықтың өткендегі өндіргіш күштерінің деңгейін, шаруашылығының даму үрдісін, тіпті меңіреу табиғаттың әсерін, сол сияқты көрші елдердің ықпалын аңғаруға болады. оның ізін жоғалтпай, әрін тоздырмай әлі де болса ел иелігіне қызмет ететіні даусыз. Оған дәлел әр түрлі маталардан тігілетін шапан, бешпент, камзолдардың, аң терілерін, қаракөл елтірісінен, жұқа ақ киізден тігілетін бас киімдердің, кебіс-мәсінің, тағысын тағылардың республика тұрғындары арасында кеңінен қолдау тауып келе жатқаны. Қазақы киімнің қонымдылығы, пішімінің мұқият ойластырылғаны ондаған киім үлгілерінде де кеңінен пайдалануға болатынын көрсетеді. Тіптен егде тарта бастағандардың киім-кешегіндегі жас ерекшеліктеріне байланысты европалық нұсқа мен дәстүр сарынының қатар пайдаланылып келе жетқанының өзінде үлкен мән бар.
Қазақы киім-көненің көзі. Оны ескерткіш ретінде болашақ ұрпаққа сақтау қажеттігін ескерейік, оған барынша қамқорлық жасап, қалпына келтіру, баламаларын көптеп шығара түсу басты парыз болмақ. Себебі: уықыт өткен сайын ұлттық киімді сақтап, зеттеп білудің қиынға түсе беретіні де күмән туғызбаса керек. Мәселен, ұлттық киімді этнографиялық жолмен, яғни далалық энцлопедиялар арқылы іздестіріп, киім-кешектің әлі де болса сақталып қалған нұсқаларын жинап, хабарлаушылар арқылы ел аузындағыларды жазып алғанның өзінде, олардың білетіндерін, әке-шешелерінен, ата - әжелерінен естігендерін қоса есептегенде, біздің бар мүмкіндігіміз хронологиялық жағынан ХІХ ғасырдың аяғы мен ХХ ғасырдың басымен шектеледі. Киім-кешекті зерттеп білудің бірден-бір тиімді жолы жазба деректер болғанымен, оларда қазақы киімге тікелей қатысты мағлұмат жоқтың қасы. Өкінішке қарай, көне тарих жайлы көптеген ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ақпараттық технологияны пайдалану арқылы оқушылардың конструкторлық білімін дамытудың шарттары
Әйел шалбарларының үлгілерін конструкциялау
Киімнің адам тіршілігіндегі маңызы
«Ай-ару» ұлттық киім үлгілері зерттеулері
Киім үлгілерін модельдеу
Үлгіні мата бетіне орналастыру
Іскерлік әйел костюмін конструкциялау және үлгілеу
Тігу технологиясы
Киімнің функциялары
Иық нүктесінен түсірілген жең ұзындығыныңарақашықтығы
Пәндер