Қазақстанның жазықтық жерінің топырақтары
1 Ормандық сұр топырақ
2 Қара топырақ
3 Қара топырақтың классификациясы
4 Қара топырақтың типшелері
5 Қара қоңыр топырақ
6 Күңгірт қара.қоңыр карбонаты топырақтың физикалық және ылғалдылық қасиеттері
7 Құба топырақ

Солтүстік Қазақстан облысының қиыр солтүстігіндегі орманды дала аймағында ормандық сұр топырақ кездеседі. Алып жатқан жер ауданы шамалы -76 мың га. Осы топырақтардың дамуына мерзімді шайылмалы су режимі ықпалын тигізеді. Аналық тау жыныстары жеңіл гранулометрлік құрамды болып келеді (құм, құмдақ және жеңіл саздақ).
Бұл топырақ көктеріңкі құрғақ жазықтар мен өзен аңғарларындағы ақ қайыңды – көк теректі және қарағайлы орман ішінде орманды –шалғынды аралас шөптер жамылғысы астында дамыған. Олардың өсімдік қалдықтарымен бірге топыраққа минералды элементтер және органиқалық заттардың мол мөлшері түседі.
Ормандық сұр топырақтың құрылысы және негізгі морфологиялық белгілері келесідей. Тың жерде оның үстінде Ад немесе Ао қабаты (дала немесе орман төсеніші) бар. Одан кейін орналасқан қаршірінді қабаты А1 – қарашірінділі және
А1 А2 – қарашірінділі – күлгінденген қабаттарға бөлінген.
Одан соң А2В ауыспалы қабат, ал оның астында иллювиалді В қабаты және аналық тау жынысы С орналасқан.
Ормандық сұр топырақтың А1 қабатының қалыңдығы 20-25 см, түсі біркелкі сұр немесе қара сұр, құрылымы әлсіз кесекті болып келеді. А1 А2 – қаршірінділі–күлгінденген қабаттың жаңғақты құрылымды түйіршіктері бетінде кремний тотығы себіндісі бар болып келеді. Бұл қабат біртіндеп А2 В – ауыспалы қабатқа айналады. Оның түсі сұрғыш қоңыр,жаңғақты құрылымды түйіршіктері бетінде кремний тотығы себіндісі бар. Иллювиальды В қабаты күрең түсті, құрылымы оның үстіңгі жағында ірі жанғақты, ал астына қарай призмалы болып келеді.Топырақтың астыңғы 150 см тереңдігіндегі қабатында ұзынша дақтар күйінде қарбонаттар жиналған. Бұл топырақтың ерекшеліктері: біріншіден, оның үстіңгі қабатындағы қарашіріндінің мөлшерінің астына қарай күрт кемуі, ал астыңғы қабаттарында біркелкі болып таралуы; екіншіден, оның үстіңгі қабаттарында кремний тотығы себіндісінің болуы және сіңіру кешені құрамында аздаған сутегі иондарының кездесуі әсерінен қарашірінді қабатының реакциясының қышқылдау болып қалыптасуы.
Ормандық сұр топырақ үш типшеге бөлінеді. Олар: ормандық ашық сұр топырақ; ормандық сұр топырақ және ормандық күңгірт сұр топырақ.
Күнгірт сұр топырақтың физикалық, химиялық қасиеттері, құнарлылығы ашық сұр және сұр топыраққа қарағанда жақсы болып келеді.
Қарашірінді мөлшері ормандық ашық сұр топырақтың үстіңгі қабатында 3-4%, сұр топырақта 4-6%, ал күңгірт сұр топырақта 6-7% болады.

Ормандық сұр топырақ
Солтүстік Қазақстан облысының қиыр солтүстігіндегі орманды дала аймағында ормандық сұр топырақ кездеседі. Алып жатқан жер ауданы шамалы -76 мың га. Осы топырақтардың дамуына мерзімді шайылмалы су режимі ықпалын тигізеді. Аналық тау жыныстары жеңіл гранулометрлік құрамды болып келеді (құм, құмдақ және жеңіл саздақ).
Бұл топырақ көктеріңкі құрғақ жазықтар мен өзен аңғарларындағы ақ қайыңды - көк теректі және қарағайлы орман ішінде орманды - шалғынды аралас шөптер жамылғысы астында дамыған. Олардың өсімдік қалдықтарымен бірге топыраққа минералды элементтер және органиқалық заттардың мол мөлшері түседі.
Ормандық сұр топырақтың құрылысы және негізгі морфологиялық белгілері келесідей. Тың жерде оның үстінде Ад немесе Ао қабаты (дала немесе орман төсеніші) бар. Одан кейін орналасқан қаршірінді қабаты А1 - қарашірінділі және
А1 А2 - қарашірінділі - күлгінденген қабаттарға бөлінген.

Ормандық сұр топырақтың А1 қабатының қалыңдығы 20-25 см, түсі біркелкі сұр немесе қара сұр, құрылымы әлсіз кесекті болып келеді. А1 А2 - қаршірінділі - күлгінденген қабаттың жаңғақты құрылымды түйіршіктері бетінде кремний тотығы себіндісі бар болып келеді. Бұл қабат біртіндеп А2 В - ауыспалы қабатқа айналады. Оның түсі сұрғыш қоңыр,жаңғақты құрылымды түйіршіктері бетінде кремний тотығы себіндісі бар. Иллювиальды В қабаты күрең түсті, құрылымы оның үстіңгі жағында ірі жанғақты, ал астына қарай призмалы болып келеді.Топырақтың астыңғы 150 см тереңдігіндегі қабатында ұзынша дақтар күйінде қарбонаттар жиналған. Бұл топырақтың ерекшеліктері: біріншіден, оның үстіңгі қабатындағы қарашіріндінің мөлшерінің астына қарай күрт кемуі, ал астыңғы қабаттарында біркелкі болып таралуы; екіншіден, оның үстіңгі қабаттарында кремний тотығы себіндісінің болуы және сіңіру кешені құрамында аздаған сутегі иондарының кездесуі әсерінен қарашірінді қабатының реакциясының қышқылдау болып қалыптасуы.

Қара топырақ
Орманды дала және дала аймақтарында қара топырақ типі аймақтық топырақ болып қалыптасқан. Бұл топырақ Солтүстік Қазақстан, Қостанай, Ақмола облыстарында кеңінен тараған, ал Павлодар, Ақтөбе және Батыс Қазақстан облыстарында шамалы ауданды алады. Қара топырақты орманды дала және дала аймақтарының алып жатқан жер ауданы 25,8 млн. га.
Қара топырақ физикалық, химиялық қасиеттері және құнарлылығы жағынан ең бағалы топырақ. Сондықтан Қазақстанның астық шаруашылығы өндірісі осы топырақ аймағында жақсы дамыған.
Қара топырақ аралас шөпті және далалық шөптесін өсімдіктер жамылғысы астында түзіледі. Оның құрылысы келесідей: Тың жерде үстінде Ад - дала төсеніші (кигізі) қабаты болады. Оның астында өте жақсы дамыған А- қарашірінді жиналу қабаты, одан төмен В1 - қарашірінділі аралық қабат, одан кейін В2- қарашірінді тілдері қабаты, ал оның астында аналық тау жынысы орналасқан.
Қарашірінді жиналу қабаты (А) қара-сұр немесе қара түсті, дәнше, дәнше-кесекті құылымды болады, қалындығы 25-30 см-ге дейін жетеді. А+В1 қабаттарының қуаты 50-70 см-ге дейін болады.
Қарашірінділі аралық (В1) қабатының түсі біркелкі емес, жалпы қара-сұр түсті қабатта күрең түсті дақтар кездеседі. Қарашірінді тілдері (В2) қабаты үші төменге қарай бағытталған күңгірт түсті қарашірінді тілдері және ашық түсті үші жоғарыға қарай бағытталған тау жынысының сынашаларынан құралған. Қара топырақтың жалпы қалыңдығы 100-150 см-ге жетеді.
Қара топырақтың түзілуі (генезисі) туралы ғылыми дұрыс көзқарасты В. В. Докучаев Орыстың қара топырағы (1883) атты енбегінде толықтырып, дамытып, қорытындылады. Ол қара топырақтың түзілуін аналық тау жыныстарында қарашіріндінің жиналуын далалық шөптесін өсімдіктердің қалдықтарының ыдырауымен және климаттың, жердің геологиялық жасының, өсімдіктердің, жер бедерінің және аналық тау жыныстарының өзара тығыз қарым-қатынасының әсерімен байланыстырды. Ол климаттың өсімдік түрінің қалыптасуына, дамуына оның қалдықтарының ыдырауына үлкен әсері бар екенін атап көрсетті.
Қара топырақтың түзілуі туралы, оның құрамы және қасиеттері жөнінде үлкен ғылыми жұмыстарды орыс ғалымы П.А. Костычев атқарды. Ол Россияның қара топырақты облыстары (1886) атты еңбегінде, қара топырақтың түзілуіне басты әсер ететін биологиялық процесс екенін және қарашіріндінің жиналуына, топырақтың құрылымының қалыптасуына негізінен шөптесін өсімдіктердің тамырларының ыдырауы ықпал ететінін дәлелдеді.
Қазіргі кезде жиналған мағлұматтар қара топырақтың құралуының негізгі ерекшеліктерін терең түсінуге мүмкіндік береді. Қара топырақтың түзілуі шымдану процесінің әсерінен жүреді. Яғни топырақтың үстіңгі қабатында қарашіріндінің мөлшерінің артуы, оның қалыңдығының жақсы дамып жетілуі, өсімдіктерге қажет қоректік заттардың жиналуы және топырақтың құрылымының қалыптасуы байқалады.
Қара топырақты дала аймағында 1га жерге жылына 10-20т шөптесін өсімдіктер қалдықтары түседі (барлық биомассаның
40-60%) және оның 40-60% өсімдік тамырларынан құралады. Олардағы күл 7-8% болады, ал қылқанды жапырақты орман қалдықтарында күл 0,7-1,7%, жалпақ жапырақты орман қалдықтарында 1,6-7,5% болады. Сонымен бірге шалғынды - дала өсімдіктері қалдықтарында азоттың, кальцийдің және басқа элементтердің мөлшері мол болады. Сондықтан, қара топырақтың түзілуінің тағы да бір ерешелігі-топыраққа өсімдік қалдықтарымен азоттың және басқа да күлді элементтердің мол түсуі болып саналады.
Топырақта қарашіріндінің құралуы сілтілі ортада, оттегімен жақсы қамтамасыз етілген, қолайлы ылғылдылық көрсеткіші қалыптасқан, артық шайылуы жоқ жағдайда азоты және сілтілі элементтері мол өсімдік қалықтары ыдырауынан қарымталы жүреді. Осындай жағдай орманды дала және дала аймағында шөптесін өсімдік қалықтары ыдырағанда қалыптасады.
Қарашіріндінің түзілуіне қолайлы жағдай бұл аймақта көктемде және жаздың басында байқалады. Осы кезде топырақта күзгі, қысқы ылғалдың, қардың еріген суының ылғалы жеткілікті және топырақтың температурасы қолайлы болады. Ал жаздың ыстық айларында топырақ құрғап, микробиологиялық процестер әлсірейді, түзілген қарашірінді қосылыстары күрделілене түседі де қарашіріндінің минералдануы саябырлайды. Ал күзгі ылғалдан микробиологиялық процестердің пәрменділігі артуы байқалғанымен топырақ температурасының күзде тез салқындап кетуі және қыс айларындағы топырақтың қатуы қарашіріндінің ыдырауын тоқтатады.
Қара топырақты аймақтың шөптесін өсімдіктерінің қалдығында кальций элементінің мол болуына байланысты топырақта Са(НСО3)2 түрінде биогенді кальцийдің түзілуі байқалады. Сондықтан пайда болған қарашірінді қосылыстары кальциймен қаныққан болып, олардың суда ерігіш түрлерінің пайда болып, топырақтың төменгі қабаттарына шайылуын тежейді. Түзілген қарашірінді қосылыстары ішінде гумин қышқылдары басым келеді, ал бос фульвоқышқылдар шамалы және олардың өзі күрделі құрылысты болады. Қарашірінділену кезінде пайда болатын қарашірінді қышқылдары өсімдік қалдықтарынан бөлінетін негіздермен және топырақ ерітіндісіндегі кальциймен бейтараптанып, топырақтағы минералдардың ыдырауына пәрменді ықпал тигізбейді. Топырақ түзілуі барысында пайда болған органикалық заттар топырақ минералдарымен әрекеттесе отырып, тұрақты органо-минералды қосылыстар түзеді. Осы қосылыстар құрамында өсімдіктерге қажет азот, фосфор, күкірт, кальций элементтері шоғырланып бекиді. Сонымен бірге қуатты дамыған шалғынды-даланың шөптесін өсімдіктерінің тамыр жүйесі және кальций гуматтарының (гумин қышқылдарының кальций тұздары) топырақтың жақсы дамыған дәнше, дәнше-кесекті бағалы құрылымының қалыптасуына ықпалдарын тигізеді. Сөйтіп жоғарыда көрсетілген жағдайлардың ықпалы орманды дала және дала аймақтарында құнарлы қара топырақ типінің түзілуін қамтасыз етеді.
Қара топырақтың классификациясы
Қара топырақты жеке тип ретінде қарастырып бірінші рет оның классификациясын құруды қолға алған В.В. Докучаев (1896) болды. Одан кейін қара топырақты типшелерге бөлу жұмыстарын
Н.М. Сибирцев (1898, 1901) жалғастырды. Оның классификациясында қара топырақ солтүстік, нағыз, кәдімгі және оңтүстік типшелеріне бөлінеді. Қара топырақ классификациясын құруға С.И. Коржинский, Л.И. Прасолов, Н.Н. Розов, Е.Н. Иванова және т.б. ғылымдар қатынасты. Ұзақ жылдар бойы қара топырақты зерттеген мәліметтерді жинақтап талдап, қорытындылай келе қара топырақтың ТМД мемлекеттерінде қазіргі қолданып жүрген классификациясы жасалынды. Осы классификация бойынша қара топырақ келесідей типшелерге, тектерге және түрлерге бөлінді (кесте)
Қара топырақ классификациясы
Типшесі
Тегі
Түрі
Күлгінденген
Сілтісізденген
Нағыз
Кәдімгі
Оңтүстік
Кәдімгідей
Карбонатты
Кебірленген
Карбонатсыз
Тереңнен
қайнайтын
Тығыздалған
Шала дамыған
Әлсіз дамыған
А+В1 қабаттарының қуатына байланысты:
А+В1 120 см, өте қуатты
А+В1=80-120 см, қуатты
А+В1=40-80 см, орташа қуатты
А+В1= 25-40 см, әлсіз қуатты
А+В125 см, өте әлсіз қуатты
Қарашірінді мөлшеріне байланасты:
9 %, мол қарашірінділі
6-9 %, орташа қарашірінділі
4-6 %, аз қарашірінділі
4 %, өте аз қарашірінділі
Қара топырақ тегінің негізгі диагностикалық белгілерінің сипаттамасы келесідей.
Кәдімгідей текке жататын қара топырақтың морфологиялық белгілері және қасиеттері қара топырақтың типшесінің негізгі көрсеткіштеріне сәйкес болып келеді. Топырақтың толық атауын көрсеткенде бұл тектің атауы жазылмайды.
Карбонатты текке жататын қара топырақта оның үстіңгі А қарашірінділі қабатынан бастап карбонаттар кездеседі. Сондықтан ол НСl ертіндісінен топырақтың үстіңгі бетінен бастап қайнайды.
Кебірленген текке жататын қара топырақтың В1 қабатының сініру кешенінде 5%-тен асатын натрий иондары бар және бұл қабат тығыздылған, майда тозаң бөлшектерге байытылған болып келеді.
Карбонатсыз текке кальций силикатына кедей аналық тау жыныстарында дамыған, топырақтың тік кескінінде карбонаттар жоқ, НСl ерітіндісінен қайнамайтын қара топырақтар жатады.
Тереңнен қайнайтын қара топырақ тегі жеңіл механикалық құрамды болып келеді, НСl ертіндісінен ВС немесе С қабатында қайнайды, яғни кабонаттар топырақтың терең қабаттарында кездеседі.
Тығыздалған қара топырақ тегінің негізгі белгілері - оның тік кескінінің өте тығыздалған болып қалыптасуы; генетикалық қабаттарға әлсіз жіктелуі; топырақтың үстіңгі бетінен бастап карбонатты болуы, және В қабатының кебірленген болуы.
Шала дамыған қара топырақ тегі ұсақ шоқылы аудандарда кездеседі. Топырақтың 40-80см терендіктегі қабаттары тығыз негізгі тау жыныстарының үстіне, не солардың үгіндісіне орналасқан және генетикалық қабаттары қуатсыз, әлсіз дамып, кейде олар түгел қалыптаспаған болып келеді.
Қара топырақтың типшелері
Орманды дала аймағында қара топырақтың үш типшесі дамыған. Олар күлгінденген, сілтісізденген және нағыз қара топырақ типшелері. Дала аймағында кәдімгі және оңтүстік қара топырақ типшелері түзілген.
Күлгінденген және нағыз қара топырақ типшелері Қазақстан жер аумағында кездеспейді.
Күлгінденген қара топырақ орманды дала аймағының солтүстік бөлігінде, орман аймағына жақын орналасқан жерлерде дамыған.Оның негізгі ерекше белгісі: В1 қабатының топырақ құрылымы түйіршіктері бетінде ақшылт келген кремний тотығы себіндісінің болуы; А қабатының түсі ақшылт қара; А+В1 қабаттарының қалыңдығы 50-80 см, карбонаттар 1,3-1,5 тереңдікке дейін шайылған. Бұл топырақтың үстіңгі қабатында қарашірінді мөлшері 5-8% болады.
Нағыз қара топырақ типшесі орманды дала аймағының оңтүстік бөлігінде негізінен Украина, Ресейдің орталық қара топырақты аймағында, Орал тауларының жақын өңірлерінде кездеседі. Бұл қара топырақ типшесінің негізгі ерекше белгісі- өте жақсы дамыған қалың қарашірінді қабытының болуы. А+В1 қабаттарының қуаты 90-120см-ге дейін жетеді. Сондықтан А қабатының астына орналасқан қарашірінді аралық қабат АВ1 және В1 қабаттарына жіктеледі. Үстіңгі қарашірінділі қабаттың түсі қара, құрылымы жақсы дамыған дәнше. Қарашірінді мөлшері 8-12%. Топырақ ортасының реакциясы бейтарап, физикалық, химиялық, ылғалдылық қасиеттері өте жақсы болып келеді. Ең құнарлы топырақ қатарына жатады.
Сілтісізденген қара топырақ типшесі Қазақстанның орманды дала аймағында Солтүстік Қазақстан облысының қиыр тегістігінде тараған.
Бұл қара топырақ типшесінің ерекше белгісі оның тұз қышқылы ерітіндісінен қайнау қабатымен қарашірінді қабатының бір-бірімен шектеспеуі. В2-қабатында карбонаттардың болмауы. Карбонаттар (НСО3-, СО[2]3- сілтілі иондар) қарашірінділі қабаттан шайылып, топырақтың астыңғы аралық ВС немесе аналық тау жынысы С қабаттарына жіпше тәрізді дақтар болып жиналады. Тұз қышқылынан бұл топырақтың қайнауы ВС немесе С қабатында байқалады.
Осы топырақтың қарашірінділі А қабаты қара-сұр немесе сұрғылт қара түсті болады, қабат тереңдеген сайын оның түсі біртіндеп ашық қара сұр түске көшеді немесе күреңденеді. Сәл тығыздалған және құрылымы дәнше тәрізді болады.
В1 қабаты біршама қарашірінділі жаңғақ тәрізді немесе кесекті құрылымды болады. А+ В1қабаттарының қуаты 40-80 см. В2 қабаты күрең түсті болады және жіңішкеше келген қарашірінді тілдері кездеседі.
Иллювиальді карбонатты ВСк қабаты құба-күрең түсті, жаңғақша немесе жаңғақшалы-призмалы құрылымды болады.
Гипс және тұзда ерігіш тұздар топырақ кескінінде байқалмайды.
Топырақтың үстіңгі қабатында қарашірінді мөлшері 3-7% болады. Топырақ ортасының реакциясы оның үстіңгі қабатында бейтарапқа жақын, ал астыңғы қабаттарда аздап қышқылданады. Осы топырақтың сіңіру сыйымдылығы жақсы, 100 г топырақта 40-50 м-экв, болады, және топырақтың сіңіру кешені негіздермен (Са[2+], Мg[2+]) толық қаныққан болып келеді. Сілтісізденген қара топырақтың құнарлылығы, физикалық, ылғалдылық, химиялық қасиеттері жақсы. Сондықтан олар өңделіп, жыртылып, егістік алқаптарға айналған. Осы жерлерде негізінен дәнді дақылдар егіледі.
Кәдімгі қара топырақ типшесі дала аймағында түзілген және жеке кәдімгі қара топырақ аймақшасын құрайды.Алып жатқан жер аумағы 12,0 млн. га. Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстарында кең тараған және Ақмола облысының солтүстік аудандарында кездеседі.
Бұл топырақтар Батыс Сібір жазықтығының көтеріңкі жерлерінде және Көкшетау қыратының ұсақ шоқылы жазықтарында орналасқан. Аналық тау жыныстары леске ұқсас карбонатты саздақтар, кейде балшық немесе құмдақ. Осы топырақтардың дамуы ылғалдылығы жеткілікті дала климаты аясында, топырақтың шайылмайтын су режимі бар, бозды-бетегелі-аралас шөпті және шұрайлы аралас шөпті- бозды өсімдіктер жамылғысы астында қалыптасқан.
Құрылымы және қасиеттері жағынан нағыз қара топыраққа ұқсас, бірақ бұл топырақта қарашіріндінің жиналуы баяу жүреді.Кәдімгі қара топырақтардың генетикалық қабаттары: А-қарашірінді жиналу қабаты, В1- қарашірінділі аралық қабат, В2- қарашірінді тілдері қабаты, ВС-аралық қабат және С-аналық тау жынысы.
Қарашірінді жиналу А қабатының қалыңдығы 23-30 см, түсі біртектес қара-сұр, құрылысы дәнге ұқсас, немесе дәнше-кесекті болып келеді. Біртіндеп келесі В1 қабатына ауысады. В1 қабатының түсі күрең реңді қара-сұр болады, құрылымы кесекті немесе кесекті призмалы, қалыңдығы 17-24 см. Жалпы қарашірінді қабатының (А+В1) қуаты 43-59 см-ге жетеді. В2- қабатының қалыңдығы 10-35 см, құрлымы кесекті, әлсіз байланысқан кесекті болып келеді. Аралық ВС қабатының қуаты 16-45 см, жалпы күрең-қоңыр түсті қабат бойында кейде қара-қоңыр түсті қарашірінді тілдері байқалады. Аналық тау жынысы 81-111 см тереңдіктен (орташа есеппен 97 см-ден) басталады.(2-сурет)
Тұз қышқылы ерітіндісінен қайнауы, көзге көрінетін, карбонат дақтардың байқалуы бұл топырақтың В1қабатынан басталады және оның мөлшері топырақ қабаты тереңдеген сайын молая береді. Суда еритін тұздар топырақтың үстіңгі қабатында жоқ. Олар тек аналық тау жынысы қабаттарында жиналған болып келеді.(3-сурет)
Кәдімгі қара топырақтың химиялық, химиялық-физикаклық қасиеттері өте қолайлы . Осы топырақтардың А қабатында қарашірінді мөлшері 5-7%. Алмаса сіңген катиондар мөлшері 100г топырақта 34-38 м-экв., және олардың басым бөлігі Са және Мg иондары. Топырақ ерітіндісінің реакциясы бейтарап немесе әлсіз сілтіленген (3-кесте). Топырақтың бір метрлік қабатында әр гектарға шаққанда қарашірінді қоры 500 тоннаға жетеді.
Гранулометриялық құрамы жағынан кәдімгі қара топырақтар саздақты және балшықты болып келеді, және оның құрамында тозаң бөлшектердің мөлшері мол (0,001 мм-ден кіші бөлшектер 35-40%). Сондықтан қарашіріндінің және тозаң бөлшектердің мол болуы осы топырақтардың суға төзімді, жақсы түйіршіктелген құрылымды болуына қолайлы әсерін тигізеді.
Мөлшері 0,25 мм-ден үлкен ылғалға төзімді құрылымы бар түйіршіктер қарашірінділі қабатында 40-60% болады. Бұл топырақтың физикалық қасиеттері де қолайлы. Қарашірінділі қабаттың тығыздылығы 1,0-1,1 гсм[3], қатты бөлігінің тығыздылығы 2,4-2,5 гсм[3], қуыстылығы 50-60%, су сыйымдылығы 35-40%.
Жеткілікті ылғалданған дала аймақшасында кәдімгі қара топырақтың келесідей тектері кездеседі:
- кәдімгідей (обычные)
- карбонатты
- кебірленген
- тереңнен қайнайтын
- жетілмеген
-шала дамыған.
Кәдімгі қара топырақтың кәдімгідей, кебірленген және карбонатты тектері Солтүстік Қазақстан облыстарында кеңінен таралған. М. Белгібаев ж.т.б. (1982) мәліметтер бойынша кәдімгідей қаратопырақ тегінің жер ауданы 3 млн 609 мың га; кебірленген тектің ауданы 2 млн. 117 мың га және карбонатты тектің ауданы 875 мың. га.
Кәдімгідей текке жататын қара топырақтың морфологиялық белгілері, қасиеттері кәдімгі қара топырақ типшесінің сипаттамасына сәйкес келеді, қасиеттерінің өзгеруі, ауытқуы байқалмайды. Бұл топырақ тегі Батыс Сібір жазықтығының тегіс, көтеріңкі жерлерінде, ал Сарыарқа төңірегінде ұсақ шоқылар арасындағы жазықтығында түзілген. Осы топырақтардың химиялық, физикалық қасиеттері өте жақсы. Жел эрозиясына (дефляцияға) шалдығу қарқыны төмен.Тың топырақтардың желге төзімділігі коэффициенті жоғары.
Кебірленген кәдімгі қара топырақ тегі шоқ ормандар аралығында және шоқылардың етектегі беткейлерінде ащы балшықты немесе ауыр саздақты аналық тау жыныстары үстінде қалыптасқан.Көбінесе осы топырақ тегі кебірлермен кешенді топырақ жамылғысын
құрап таралған. Бұл топырақтың қарашірінді қабатының қуаты кәдімгідей қара топырақ тегіне қарағанда кеміген болады. Айрықша белгісі В1 қабатында натрий иондары жиналған (5-15%), осы қабат тығыздалған және кесекті - призмалы, немесе жаңғақша тәрізді құрылымды болады. Сонымен бірге осы қабатта тозаң бөлшектер де шоғырланған. Тығыздылығы 1,4-1,6 гсм[3] дейін артады, су өткізгіштігі және қуыстылығы төмен. Қарашіріндінің және азоттың мөлшері кем, реакциясы сілтіленген. Осындай қолайсыз қасиеттерінің әсерінен бұл
Кәдімгі қара топырақтың химиялық, физикалық- химиялық қасиеттері (К.Ш.Фаизов ж.б., 2001)
Раз-
рез-
дің
рет саны
Топырақ атауы, мекені
Үлгі алынған қабат см
Қара-шірінді
%
Жалпы азот,
%
СО2,
%
Алмаса сіңген катиондар,
м-экв100г
Су ерітіндісі,
%
рН
Гранулометриялық құрамы
Са
Мg
Nа
қосын-дысы
тұз қалдық
сілті-лігі
0,01мм
0,001 мм
450
Кәдімгі қара
Топырақ
Қостанай облысы
0-10
9,2
0,370
жоқ
31,0
1,8
0,1
32,9
0,033
0,011
6,4
52,8
20,6
18-28
6,6
0,310
жоқ
25,6
5,4
0,1
31,1
0,014
0,008
6,5
59,4
28,9
35-45
3,2
0,170
0,4
25,5
3,6
0,2
29,3
0,018
0,011
7,0
62,5
35,6
55-65
2,6
1,6
-
0,013
0,075
8,9
64,2
38,0
80-90
1,2
5,7
-
0,761
0,035
8,4
60,9
35,2
150-160
-
3,5
-
0,759
0,025
8,1
61,6
38,8
190-200
-
2,8
-
1,416
0,019
8,3
58,9
26,8
150
Кебірлен-ген кәдімгі
қара топырақ,
Солтүстік
Қазақстан
облысы
0-10
4,8
0,251
жоқ
26,1
3,5
0,1
29,7
0,039
0,016
6,9
55,5
27,4
10-20
5,0
0,248
жоқ
-
-
-
-
-
-
6,8
59,8
26,7
33-43
2,4
0,150
жоқ
16,8
7,1
0,6
24,5
0,055
0,031
7,4
55,1
31,8
50-60
2,5
0,125
1,7
16,7
1,5
0,8
19,0
0,095
0,050
8,6
58,6
31,8
95-105
-
-
6,6
0,705
0,044
9,0
61,6
33,2
115-125
-
-
2,9
1,262
0,021
8,4
58,1
29,5
190-200
-
-
2,5
0,442
0,034
8,6
-
-
топырақ тегі ылғалданғанда қатты ісінеді, ал құрғағанда тығыздалады, топырақтың бетінде қабыршақ пайда болады. Көрсетілген себептер салдарынан осы топырақтарда өсімдіктердің өніп-өсуіне, дамуына қолайсыз жағдайлар қалыптасады.Карбонатты және кәдімгідей қара топырақ тектерімен салыстыра қарағанда кебірленген қара топырақтың дефляцияға шалдығу қауіпі біршама кем болып келеді.
Карбонатты кәдімгі қара топырақ тегі сәл бұдырлы немесе тегіс жазықтарда карбонатты лёсс тәрізді ауыр саздақ немесе балшық аналық тау жыныстары үстінде түзілген. Бұл топырақ тегі негізінен бір текті болып келген топырақ жамылғысын құрайды. Кебірлермен кешенді жамылғысы өте сирек кездеседі.
Карбонатты қара топырақтың ерекше айырмашылығы оның тұз қышқылы ертіндісінен ең үстіңгі бетінде немесе қарашірінділі А қабатында қайнауы. Яғни, карбонаттар топырақтың үстіңгі А қабатынан бастап кездеседі. Осы топырақтар көбінесе ауыр гранулометриялық құрамды болады. Сондықтан олардың ылғалдылық және физикалық қасиеттері қолайсыздау болып келеді. Су өткізгіштігі нашар, ылғалданғанда тұтқырланады, құрғағанда тығыздалады және топырақ терең қабаттарына дейін жарылады. Осы топырақтардың жарылуы құбылысы құрғақшылық жылдары кеңінен байқалады.
Карбонатты топырақтарды егістік жерлерде қарымталы өңдегенде оның үстіңгі қабатының құрылымы тез бұзылып, майдаланып, шаңданып кетеді. Сол себепті карбонатты топырақтар дефляцияға төзімсіз. Сонымен бірге бұл топырақтардың су эрозиясына шалдығу қаупі де елеулі болып келеді.
Карбонатты топырақтардың жел эрозиясына төзімсіз болу себебі құрамында лёсс тәрізді саздақ немесе балшық аналық тау жынысынан көшкен микроқұрылымды майда түйіршіктердің мол болып келуі. Өйткені карбонаттар әсерінен балшық бөлшектер 0,05-0,01 мм көлемдегі ірі шаң немесе 0,25-0,05мм көлемдегі ұсақ құм бөлшектерге коагуляцияланған болады. Сонымен бірге топырақтың дефляцияға төзімсіздігінің артуына оның құрамындағы карбонаттың мөлшері ықпал жасайды. Әсіресе топырақта кальций карбонатының (СаСО3) мөлшері 2-5% болғанда оның дефляцияға төзімсіздігі айқын байқалады.Осы мөлшердегі кальций карбонаты топырақ түйіршіктері арасындағы байланысты әлсіретіп, оның майда, микроқұрылымға айналуына ықпалын тигізеді.Ал топырақтағы СаСО3 мөлшері 5% асқанда ол топырақ түйіршіктерін біріктіріп, макроқұрылым пайда болуын қамтамасыз етіп, топырақтың дефляцияға төзімділігін арттырады (М.Е. Белгібаев ж.т.б. 1982)
Жалпы алғанда, кәдімгі қара топырақ типшесіне жататын топырақтардың қарашірінді қабаты жақсы дамыған. Онда қарашіріндінің, қоректік элементтердің мол қоры бар. Ылғалдылық және физикалық қасиеттері қолайлы. Сондықтан бұл топырақтар түгелімен ауыл шаруашылығында егістік алқаптарға айналдырылып игерілген. Бұл алқаптарда жаз мезгілінің екінші жартысында ылғал тапшылығы жиі байқалады, Сонымен бірге топырақтарда жылжымалы фосфор қоры аз болып келеді. Егістікте бұл топырақты қарымталы өңдеп, көптеген жылдар бойы органикалық және минералды тыңайтқыштар қолданбай дәнді дақылдар өндіру- топырақтағы қарашіріндінің, қоректік заттардың мөлшерінің кемуіне, топырақтың құрылымының нашарлауына әкеліп соқтыруы мүмкін. Сондықтан егістік жерлерде топырақта мол ылғал қорын жинап, сақтау шараларын іске асыру, органикалық және фосфорлы минералды тыңайтқыштарды кеңінен пайдалану және топырақты жел мен су эрозиясынан қорғау шаралары жұмыстарын тиянақты қолдану әрдайым қажет.
Оңтүстік қара топырақ типшесі дала аймағының жеткіліксіз ылғалданған оңтүстік бөлігіне орналасып, жеке аймақша құрайды. Алып жатқан жер ауданы 13,4 млн. га. Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Қарағанды облыстарында аз аумақта кездеседі, ал Қостанай, Ақмола, Павлодар облыстарында кең тараған.
Бұл топырақтардың генетикалық ерекшеліктерінің қалыптасуы осы аймақшада қалыптасқан ауа райының гидротермиялық режимінің топырақ түзелу процесіне әсерімен тікелей байланысты. Кәдімгі қара топырақ аймақшасына қарағанда, бұл аймақшада ауа райының құрғақшылығы басым, жазы ыстықтау, топырақтың ылғалдануының тереңдігі шамалы (100-150см) болуына байланысты далалық шөптесін өсімдіктер жамылғысы селдірлеу қалыптасады. Топыраққа түсетін өсімдіктер қалдығы кемиді және олар қарқынды түрде минералданып, ыдырайды. Сондықтан бұл топырақтарда органикалық заттардың мөлшері және қарашірінді қабатының қуаты кемиді.
Оңтүстік қара топырақ және кәдімгі қара топырақтардың негізгі ерекшеліктерінің бірі- олардың В2қарашірінді тілдері қабатының жақсы дамып, айқын көрініп байқалатыны. Оның себебі Солтүстік Қазақстанның жазы ыстық, құрғақ, ал қысы қатты аязды болуынан топырақтың терең қабаттарға дейін жарылып, сол жарықшақтарға қарашірінді қабатынан топырақтың жылжып түсуі.
Оңтүстік қара топырақтар көтеріңкі жазық жерлерде, бетегелі-бозды шөптер тобы жымылғысы астында дамыған. Топырақ түзуші тау жыныстары элювий, элювийлі-делювий, көне дәуірдің аллювийлі лесс тәрізді саздақтары және үштік кезеңнің балшықтары.
Оңтүстік қара топырақтың құрылысы және қасиеттері кәдімгі қара топыраққа ұқсас келеді. Оның генетикалық қабаттары;
Aд - A - В1 - В2 - С.
Қарашірінділі А қабатының қалыңдығы орташа есеппен 24 см, жыртылып игерілген жерлерде 21-30 см. Түсі күрең реңді қара-сұр болып келеді. Құрылымы тың жерде кесекті, жыртылып игерілген топырақта шаңды-кесекті.
В1 қабатының қалыңдығы 16-29 см, түсі қошқыл күреңнен сұр күреңге дейін өзгереді. Құрылымы кесекті немесе әлсіз кесекті. А+В1 қабаттарының қуаты 41-52 см.
В2 қабатының қуаты 19-33 см, түсі біркелкі емес, қарашірінді тілдері айқын байқалады. Бұл қабат тығыздалған болып келеді, құрылымы кесекті немесе тоңды кесекті.
Аралық ВС қабаты тығыздалған, карбонаттар мол жиналған.
Тұз қышқылы ерітіндісінен топырақтың қайнауы В1 қабатында немесе В2 қабатында байқалады. Карбонатты жаңа жарандылар ақ дөңгелек дақтар (ақ көздер) түрінде 40-60 см тереңдікте кездеседі.
Көзге көрінетін гипс кристалдары 150-200 см тереңдікте болады.
Оңтүстік қара топырақтың кәдімгі қара топырақтан морфологиялық айрықша ерекшелігі оның қарашірінділі А қабатының түсінің күрең реңді қара-сұр (күрең дақтары бар қара- сұр) қарашірінді қабатының қалыңдығының жұқалау және қарашіріндінің мөлшерінің кемірек болуы. Сонымен бірге бұл аймақшада ауа райының құрғақшылығының басым болуына байланысты карбонаттардың және ерігіш тұздардың (гипстің) аз шайылып, топырақтың тік кескінінде жоғарырақ орналасуы.(сурет
Бұл топырақтың А қабатында қарашірінді орташа алғанда 4-6 % болады. В1 қабатында оның мөлшері 2,1-4,9 % дейін, ал В2 қабатында 1,3-2,9 % дейін кемиді. Қарашірінді құрамында гумин қышқылдары, фульвоқышқылдарға қарағанда басым болады.(Сгқ:Сфқ1,5). Әр гектарда топырақтың 1м қабатында қарашірінді қоры 300-350 тоннаға дейін жетеді. Топырақтың сіңіру сыйымдылығы 100 г топырақта 25-30 м-экв болады. Сіңіру кешені негіздермен қаныққан, оның 70-90% кальций иондары, 15-25% магний және 1-2% натрий иондарынан құралған. Топырақ ерітіндісінің реакциясы жоғары қабатта сәл сілтілі, ал тереңірек қабаттарда сілтілі болып келеді (4-кесте).
Оңтүстік қара топырақтың физикалық қасиеттері жақсы. Қарашірінділі А қабатының тығыздылығы 1,0-1,16 гсм[3], қуыстылығы 50-60 %, ал В аралық қабатта тығыздылық 1,4-1,5 гсм[3] дейін артып, қуыстылығы 40-50 % дейін кемиді. Қатты бөлігінің тығыздылығы 2,30-2,45 гсм[3 ][ ]болып келеді (5-кесте). Бұл топырақтың қарашірінділі қабатында ең жоғарғы гигроскопиялық ылғал мөлшері 11,5-11,7 %, өсімдіктердің солу ылғалдылықы көрсеткіші 14,1-16,8 %, табиғи ылғал сыйымдылығы 30,2-38,9 % болады.
Гранулометриялық құрамы жағынан оңтүстік қара топырақтардың құмды, құмдақты, саздақты және балшықты түршелері кездеседі.
Оңтүстік қара топырақтың химиялық, физикалық- химиялық қасиеттері (К.Ш.Фаизов ж.б., 2001)
Раз-
рез-
дің
рет саны
Топырақ атауы, мекені
Үлгі алынған қабат см
Қара-шірінді
%
Жалпы азот,
%
СО2,
%
Алмаса сіңген катиондар,
м-экв100г
Су ерітіндісі,
%
рН
Гранулометриялық құрам
Са
Мg
Nа
қосын-дысы
тұз қалдық
сілті-лігі
0,01мм
0,001мм
409
Оңтүстік
кәдімгідей қара
топырақ,
Павлодар облысы
0-10
5,8
0,310
жоқ
20,9
3,5
0,2
24,6
6,4
42,2
21,6
20-30
2,3
0,170
-
17,4
3,5
0,2
21,1
6,5
42,3
28,8
35-45
1,6
0,130
-
15,6
3,5
0,3
19,4
7,0
37,4
26,2
70-80
-
-
4,5
-
-
-
-
8,4
29,5
23,6
120-130
-
-
2,7
-
-
-
-
9,2
28,9
23,0
190-200
-
-
2,2
-
-
-
-
9,3
27,1
22,7
3
Оңтүстік
кебірлен-ген
қара топырақ,
Қостанай
облысы
0-20
5,2
0,240
жоқ
19,0
3,0
0,1
22,1
0,046
0,019
7,0
28,9
15,6
30-40
2,2
0,100
-
10,0
2,0
1,0
13,0
0,030
0,009
7,5
34,9
23,0
60-70
1,2
0,100
5,1
12,0
4,6
0,7
17,3
0,057
0,039
8,5
52,0
34,4
100-110
-
-
3,8
-
0,124
0,051
9,2
44,1
29,7
140-150
-
-
0,9
-
0,429
0,026
8,2
22,6
15,1
Кесте
Оңтүстік қара топырағының физикалық қасиеттері (Н.М.Бакаев, 1975)
Топырақ
қабаты, см
Тығыздылығы
гсм[3]
Қатты бөлігінің тығыздылығы,
гсм[3]
Жалпы қуыстылығы,
%
0-10
0,95
2,30
59
10-20
1,02
2,35
57
20-30
1,19
2,37
50
30-40
1,26
2,37
47
40-50
1,30
2,39
46
50-60
1,35
2,44
45
60-70
1,37
2,43
44
70-80
1,44
2,42
40
80-90
1,49
2,45
39
90-100
1,54
2,45
37
Оңтүстік қара топырағының Қазақстан аумағында тараған тектері келесідей:
- кәдімгідей
- карбонатты
- кебірленген
- тереңнен қайнайтын
- фосфоритті
- шала дамыған
- әлсіз дамыған.
Солтүстік Қазақстан облыстарында әсіресе карбонатты оңтүстік қара топырақ кең тараған. Оның алып жатқан жер ауданы 3 млн 430 мың га. Кебірленген және кәдімгідей оңтүстік қара топырақ тектерінің ауданы тиісінше 2 млн 261 мың және 1 млн 430 мың га.
Кәдімгідей оңтүстік қара топырағы тегінің морфологиялық белгілері, химиялық және физикалық қасиеттері жоғарыда сипатталып өткен оңтүстік қара топырағы типшесіне сәйкес келеді.
Карбонатты және кебірленген тектерге жататын оңтүстік қара топырағының түзілу жағдайлары, қасиеттері, айрықша белгілері кәдімгі қара топырақ типшесінің осындай тектеріне ұқсас болып келеді.
Тереңнен қайнайтын оңтүстік қара топырағы тегі жеңіл гранулометриялық құрамды аналық тау жыныстары (құм, құмдақ, кейде жеңіл саздақ) үстінде қалыптасады. Бұл топырақ тегінде карбонаттар және суда ерігіш тұздар топырақтың терең астыңғы қабаттарына шайылған болады. Тұз қышқылы ерітіндісінен қайнауы және көзге көрінетін карбонаттар жиынтығы топырақтың ВС немесе С аналық тау жынысы қабатында байқалады. Осы топырақтың генетикалық қабаттарға жіктелуі әлсіз байқалады, қарашірінді қабаты созыңқы болып келеді. Қарашіріндінің мөлшері шамалы (1,5-3,0 %), қоректік элементтердің де қоры аз. Гранулометриялық құрамы жеңіл болып келгендіктен және қарашіріндінің мөлшерінің аз болуынан бұл топырақтардың құрылымы, түйіршіктелінуі нашар болып, топырақты өңдегенде майдаланып, үгіліп жел эрозиясына тез шалдығады.
Фосфоритті оңтүстік қара топырағы тегі Ақтөбе облысында тараған. Олар фосфорға бай топырақ түзуші тау жыныстарында дамыған. Қарашірінді қабаты 30-40 см, түсі біршама қоюланған қара-сұр. Топырақтың тік кескінінде фосфоритті қиыршық тау жыныстары үгінділері кездеседі. Тұз қышқылы ерітіндісінен қайнауы қарашірінді қабатының астыңғы жағында байқалады. Карбонаттардың шоғырлануы топырақтың 60-70 см қабатында. Топырақтың үстіңгі қабатында қарашірінді мөлшері 5-6 %, жалпы азот қоры 0,20-0,30 %. Бұл топырақтың химиялық ерекшелігі оның құрамында көп мөлшерде (1,3-6,0%) жалпы фосфор және жоғары дәрежеде жылжымалы фосфор
(4000 мгкг) мөлшерінің болуы (К.Ш.Фаизов, ж.т.б. 2001).
Шала дамыған оңтүстік қара топырағы Көкшетау қыраты, Орал үстірті және Мұғалжар таулары маңында кездеседі. Олар шоқылардың көлбеу беткейлерінде және шоқылар аңғарындағы көтеріңкі жазықтарда аралас шөпті-бозды-бетегелі өсімдіктер астында түзілген. Топырақ түзуші тау жыныстары шеміршекті-тасты саздақ. Олар саяз қабаттан кейін кездесетін тығыз негізгі тау жыныстары немесе олардың үгіндісі үстінде орналасқан.
Бұл топырақтардың морфологиялық ерекшелігі тік кескінінің яғни топырақтың қалыңдығының саяз болуы. Оның қуаты 40-80 см-ден аспайды. Сонымен бірге әр қабаттың қуаты әлсіз және олар қиыршық тасты болып келеді. Қарашірінді А қабатының қалыңдығы 14-20 см, шаңды-кесекті, немесе шаңды құрылымды. В қабаты қуаты (В1 және В2) 5-30 см. Химиялық және физикалық-химиялық қасиеттері толық дамыған топырақтардың қасиеттеріне жақын. Қарашірінді мөлшері 2-4 %-дан 5-7 %-ға дейін болуы мүмкін, жалпы азотттың мөлшері 0,30-0,50 %, алмаса сіңген негіздер 100 г топырақта 25-30 м-экв.
Бұл топырақтар шоқылардың беткейінде орналасқандықтан және қиыршық тасты болып келетіндіктен егістік жерге жарамсыз, сондықтан олар мал жайылымдары және шабындықтар ретінде пайдаланылады.
Әлсіз дамыған оңтүстік қара топырағы тегі Орал үстірті және Көкшетау қыраты өңірінің шоқылардың үстінде және тік беткейлерінде аралас шөпті-бозды-бетегелі өсімдіктер жамылғысы астында дамыған. Бұл топырақтардың айрықша белгісі топырақтың қабатынан қуаты 40 см-ден аспауы. Негізгі тау жыныстары 40 см тереңдіктен басталады. Топырақтың генетикалық қабаттарының қуаты тым әлсіз және кейде кейбір қабаттар болмайды. Топырақтың тік кескінінде қиыршық тастар мол кездеседі. Көбінесе бұл топырақтар аз өнімді мал жайылымы ретінде пайдаланылады.
Жалпы алғанда оңтүстік қара топырағы типшесінің табиғи құнарлылығы жақсы, олар қазіргі уақытта егістік жер ретінде игерілген. Бұл топырақтың тиімді құнарлылығын арттыру үшін мол ылғал қорын жинау шараларын жүзеге асыру қажет. (жерді парға қалдырып баптау, егістікті күзде өңдеу, қыста қар тоқтату). Сонымен бірге органикалық және минералды (әсіресе фосфорлы) тыңайтқыштарды пайдалану, жел және су эрозияларын болдырмау үшін қажетті шараларды кеңінен қолдану керек.
Шалғындық қара топырақ. Қара топырақ тараған аймақта ылғалдылығы мол ойпаттау төменірек орналасқан, жер асты ыза су
3-5 м тереңдікте болатын немесе еріген қар суы жиналатын аплқаптарда шалғынды қара топырақ типі түзіледі.Қазақстанның жазықтық жер аумағында осы топырақтар 1,6 млн.га ауданды қамтыған.Бұл топырақтың түзілуі жағдайының ерекшілігі олардың қара топырақ типіне қарағанда жақсы ылғалдық жағдайында және мол шалғындық аралас шөпті және далалық шөптесін өсімдіктер топтарының астында қалыптасуы болып саналады.
Шалғындық қара топырақтың құрылысы және басқа морфологиялық белгілері қара топырақ типіне ұқсас болып келеді. Бірақ бұл топырақтың қарашірінді қабатының түсі күңгірт қара-сұр немесе анық қара болады және бұл қабат өте жақсы дамыған. А+В1 қабат қуаты орташа есеппен 37-96 см-ге жетеді. Жеке А қабатының қалыңдығы 22-30 см, майда кесекті немесе кесекті құрылымды. В1-аралық қабаттың қуаты 40-60 см, кесекті немесе жаңғақша-кесекті құрылымды, тығыздалған болады. Бұл қабаттан кейін карбонаттар жиналған қабат біртіндеп аналық тау жынысы қабатына ауысады. Осы қабатта темір тотығы және глейлену процесі белгісі дақтары кездеседі.
Шалғындық қара топырақтардың үстіңгі А қабатында қарашірінді мөлшері 5-10 %-ға дейін болады. Сонымен бірге азоттың және басқада қоректік элементтердің қоры мол.Катиондар сіңіру көлемі 100 г топырақта 30-50 м-экв. Топырақ ерітіндісінің реакциясы оның үстіңгі қабатында бейтарап, ал астыңғы қабаттарында сәл сілтіленген. Гипс және ерігіш тұздар топырақтың 1-1,5 м қабатында кездеседі.
Шалғындық қара топырақтардың табиғи құнарлылығы өте жақсы. Олардың басым көпшілік ауданы егістік жерге айналдырылып, игерілген.
Қара қоңыр топырақ
Дала аймағының оңтүстігіне шектесіп орналасқан құрғақ дала мен шөл аймағының солтүстігіне шектесіп орналасқан шөл далада қара қоңыр топырақ типі дамыған. Бұл аймақтың жер ауданы 90,4 млн.га. Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Павлодар, Қарағанды облыстарының көп жерін, Қостанай, Ақмола, Шығыс Қазақстан облыстарының бірталай жерін алып жатыр.
Қара-қоңыр топырақтың құрылысы келесідей:
Тың жерде оның үстінде шөптесін өсімдіктер қалдықтарынан құралған Ад-дала төсеніші (дала кигізі) қабаты бар. Оның астында А-қарашірінді жиналу қабаты, одан соң В1- қарашірінділі аралық қабат, одан төмен В2-қарашірінді тілдері қабаты, оның астында ВК-иллювиалды карбонатты қабат орналасып, ол С аналық тау жынысы қабатымен шектеседі.
Қара-қоңыр топырақтың құрылысы және оның морфологиялық белгілері, химиялық қасиеттері қара топырақ типіне ұқсас болып келеді.
Қара-қоңыр топырақтың морфологиялық белгілерінің жалпы сипаттамасы келесідей:
Қарашірінді жиналу А қабатының қалыңдығы 10-30см, түсі күңгірт қара-қоңыр, нағыз қара қоңыр немесе ашық қара қоңыр болып келеді, құрылымы кесекті немесе шаңды кесекті болады.
В1-қарашірінділі аралық қабаттың түсі күрең реңді қара қоңыр, немесе күрең болады. Құрылымы кесекті немесе призмалы кесекті, карбонат қосылыстар кездесетіндіктен әдетте НСl ертіндісінен қайнайды.
В2- қарашірінді тілдері қабатының түсі біркелкі емес; күрең қара қоңыр қарашірінді тілдері мен күрең түсті аналық тау жынысының сынашалары кезектесіп орналасқан, тығыздалған болып келеді, құрылымы кесекті-жаңғақша немесе кесекті призмалы.
ВК-иллювиалды карбонатты қабат 40-60 см тереңдіктен басталады. Бұл қабатта мол жиналған карбонат дақтар кездеседі. Түсі сарғыш күрең, өте тығыздалған, құрылымы призмалы, призмалы-жаңғақшалы болады.
Топырақтың 80-120 см ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz