Компанияның ақша айналымын басқару
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ..5
1. КОМПАНИЯНЫҢ АҚША АЙНАЛЫМДАРЫН БАСҚАРУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ ... ... ..8
1.1 Компанияның ақша айналымын басқарудың экономикалық мәні мен мазмұны ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...8
1.2 Компанияның ақша ағымдарын қалыптастыру көздері ... ... ... ... ... ... ... ... ..18
2. «АУРА ҚАЗАҚСТАН» ЖШС.НІҢ АҚША АЙНАЛЫМДАРЫНЫҢ ҚОЗҒАЛЫСЫНТАЛДАУ ... ... ...25
2.1 «Аура Қазақстан» ЖШС.нің шаруашылық қызметінің сипаттамасы және активтер құрамы мен құрылымын талдау ... ... ... .25
2.2 «Аура Қазақстан» ЖШС.нің ақша айналымын бағалаудағы меншікті және қарыз капиталдарын талдау ... ... ... .32
2.3 Компанияның ақша айналымын қалыптастырудағы «Аура Қазақстан» ЖШС.нің табыстылығын зерттеу ... ... ... 42
3 КОМПАНИЯНЫҢ АҚША АЙНАЛЫМДАРЫН БАСҚАРУДЫ ОҢТАЙЛАНДЫРУМӘСЕЛЕЛЕРІ ... ... ... ...52
3.1 Компанияның ақша айналымын басқарудың оңтайлы әдістері ... ... ... ... ... ..52
3.2 Компанияның ақша айналымын қалыпастыруда оңтайлы әдістерді пайдалануды жетілдіру ... ... ... ... ...59
Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... .75
Қолданылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... 78

Компаниялардың қаржыны басқаруда маңызды объектісі ақша ағыны − құн (Д-Т-Д) нысандарын жаңғыртудың және қосылған құнды қалыптастырудың экономикалық үдерістерін ортақтастыратын қолма-қол және қолма-қол ақшасыз нысандарындағы ақшаның қозғалысы болады. Ақша ағынының (ақша түсімі мен жылыстауы) құрамына қаржы көмегімен де қалыптасатын (қаржы ресурстары), сондай-ақ басқа әдістермен де тартылатын барлық ақша ресурстары қамтылады. Қаражаттардың түсімінде анықтаушы орынды өнімді, жұмыстарды және қызметтерді өткізуден (сату көлемі) түскен түсім-ақша, онан кейін несие ресурстары, әр түрлі тартылған ресурстар алады. Қаражаттардың жылыстауы дүркін-дүркін төленетін төлеулермен де (тауар-материал құндылықтарын сатып алу, қызметкерлерге жалақы мен сыйақылар төлеу, несиелерді өтеу, салықтар мен басқа міндетті төлемдерді төлеу және т.б.), сондай-ақ ұзақ мерзімді инвестициялардың болжамы негізіндегі күрделілерімен де байланысты.
Нарық жағдайында қаржылық ағымдарын басқару мәселелері отандық экономикалық ғылымның өзекті мәселелерінің бірі болып танылады. Қазақстанда нарық қатынастарының дамуы компанияның қызметін, соның ішінде қаржы ағымдарының қозғалысы саласын басқарудағы нарықтық қаржы құралдарын қолдану қажеттілігін анықтады. Отандық және шетелдік ғалымдардың қаржыны басқару туралы еңбектерінде «қаржылық ағымдары» түсінігі кездеспейді. Қолданыстағы анықтамалардың ешқайсы аталған категорияның спецификасын сипаттамайды, тек автордың жуықтауын білдіреді. Компанияның қаржылық ресурстары - қаржылық міндеттерді орындау және ұдайы өндірірісті кеңейту шығындарына арналған пайда және сырттан келетін түсімдер түріндегі ақша қаражатының бір бөлігі. Қаржы ресурстарының түсінігінен пайда болуына қарай олар ішкі (меншік) және сыртқы (тартылған) болып бөлінеді. Өз кезегінде ішкі ресурстар нақты өмірде стандартық есептерде таза пайда және амортизация түрінде, ал өзгертілген түрі - компания қызметкерлерінің алдындағы міндеттер түрінде беріледі. Ішкі немесе тартылған қаржы ресурстары да екі топқа: меншік және қарыз құралдарына бөлінеді. Оларды бұлайша бөлу сырттағы қатысушылардың фирманың осы кәсіпорнын дамытуға кәсіпкерлік не болмаса ссудалық капитал түрінде салынған капитал түрімен түсіндіріледі. Сәйкесінше кәсіпкерлік капитал салымдарының нәтижелері - тартылған меншік қаржы ресурстарының қалыптасуы, ссудалық капитал салымдарының нәтижесі – қарыз қаражаттары болып табылады. Бұл кезеңде қаржы ресурстарын қалыптастырудың екі барынша маңызды мәселелері байқалады, бұл несие мен қарыздарды тартудың жоғары пайыздары мен қарыз және меншік капиталдың ара қатынасы.

1. Современный словарь по логике/Под ред. Юрчука В.В. -М.: Современное слово, 1999. - С. 483.
2. Финансы: Учебник для ВУЗов/ Под ред. Проф. Л.А. Дробозиной. - М.: ЮНИТИ, 2001. - 527 с.
3. Бочаров В.В. Корпоративные финансы. - СПб: Питер, 2002. – 544 с.
4. Бертонеш М., Найт Р. Управление денежными потоками. -СПб.: Питер, 2004. - 204с
5. Управление финансами. Учебник/ под ред. Володин А.А. – М: Инфра-М, 2006г.-246с
6. Ковалев В.В. Финансы организаций (предприятий) Издательство «ТК Велби Проспект», 2008 год, 352 с.
7. Чухланцев Д. Управление финансовыми потоками компании. М.: Юнити, 2002. — 184 с.
8. Шевченко О.А. Место бюджета движения денежных средств в системе управления организацией // Финансовый менеджмент. - 2002. - № 4. -С. 36.
9. Өсербайұлы С. Корпоративтік қаржы. Оқу құралы. Алматы, Қазақ университеті. 2004ж.
10. Ермекбаева Б.Ж., Купешова Б.К. Корпоративные финансы. Учебное пособие. Алматы, 2007.
11. Бочаров В.В., Леонтьев В.Е.. Корпоративные финансы; СПб. Издательский дом «Питер», 2006.
12. Жуйриков К.К.,Раимов С.Р. Корпоративные финансы; Алматинская академия экономики и статистики, 2004.
13. Шеремет А.Д., Сайфулин Р.С., «Финансы предприятий», М. Издательский дом «ИНФРА-М», 2005.
14. Павлова Л.Н., «Финансы предприятий», М. Издательское объединение «ЮНИТИ», 2006.
15. Балабанов И.Т. Основы финансового менеджмента. – М.: Финансы и статистика. 2008.
16. Мельников В.Д. Основы Финансов: Учебник.- Алматы: ТОО «Издательство LEM», 2005.
17. Методические рекомендации по применению международного стандарта бухгалтерского учета № 33 «Прибыль на акцию» 24.01.2005
18. Дюсембаев К.Ш. Анализ финансового положения предприятия. Учебное пособие. Алматы: Экономика, 2005
19. Сатмурзаев А.А. Бухгалтерский учет на современном предприятии. Алматы: Экономика, 2005.
20. Финансовый менеджмент. Уч. для ВУЗов Поляк Г.В., И.А., Акадия Т.А. Краева Под ред. Проф. Г.Б. Поляка – М: Финансы, Юнити, 2007.
21. Финансовый менеджмент. Учебно- практическое руководство. Рук.Авт.Колл. к.э.н., доц. Е.Е.Стоянова.-М.: Перспектива, 2008.
22. Моляков. Финансы предприятий отраслей народного хозяйства, 2007.
23. Мейірбеков А.Қ., «Кәсіпорын экономикасы», Алматы-2003.
24. Аскарова Ж.А «Бизнесті бағалау». Оқу құралы. Алматы: Заң әдебиеті- 2006.
25. «Банкроттық туралы» № 67-1 ҚР-ның Заңы 21.01.2007 жыл.
26. «Акционерлік қоғам туралы» ҚР-ның Заңы 13 мамыр 2006 жыл № 415-II
27. «Қазақстан Республикасындағы бағалау қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңы, 30 қараша 2006 жыл.
28. Насырова М.Р., Тоқсанбай С.Р., Құлпыбаев С.Қ., Гуляева С.П., «Современный экономический русско-казахский толковый словарь справочник» - «Қазіргі экономикалық орысша-қазақша түсіндірме сөздік анықтамалық». – Алматы: 2003 жыл.

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
ӘЛ-ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
ЭКОНОМИКА ЖӘНЕ БИЗНЕС ЖОҒАРЫ МЕКТЕБІ
Қаржы кафедрасы
Қорғауға жіберілді
_______________ кафедра
меңгерушісі к.э.н., доцент
______________ М.Ж.Арзаева
ДИПЛОМ ЖҰМЫСЫ
ТАҚЫРЫБЫ:
Компанияның ақша айналымын басқару
050509– Қаржы мамандығы бойынша
Орындаған:
4 курс Ф07К3студенті _________________________ Байназаров А.Е.
(қолы, дата )
Ғылыми жетекші:
оқытушы _________________________ Ахметов А.А.
(қолы, дата )
Нормабақылаушы: _________________________ Садыханова Д.А.
(қолы, дата )
Алматы, 2011
Қазақстан Республикасының білім және ғылым министірлігі
әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті
Экономика және Бизнес Жоғары Мектебі
Қаржы кафедрасы
Дипломдық жұмысты орындауға берілген
ТАПСЫРМА
Студент Ф07К3 тобының студенті
Байназаров А .Е.
Жұмыстың тақырыбы: Компанияның ақша айналымын басқару
№ _________ _____ ________________________бұйрығымен бекітілген
Аяқталған жұмысты өткізу мерзімі ______________________________
Жұмысты бастыуға деген мәліметтер ______________________________
___________________________________ ______________________________
Диплом жұмысында қаралатын сұрақтардың тізімі немесе диплом жұмысының қысқа
мазмұны:
а) компанияның ақша айналымдарын басқарудың теориялық негіздері ретінде
компанияның ақша айналымын басқарудың экономикалық мәні мен мазмұны және
компанияның ақша ағымдарын қалыптастыру көздері теориялық тұрғыда
қарастыру;
б) Аура ҚазақстанЖШС-нің ақша айналымдарының қозғалысын талдау барысында,
шаруашылық қызметінің сипаттамасы және активтер құрамы мен құрылымына
талдау, сонымен қатар ақша айналымын бағалаудағы меншікті және қарыз
капиталдарына, ақша айналымын қалыптастырудағы табыстылығына зерттеу
жүргізу;
в) компанияның ақша айналымын қалыпастыруда оңтайлы әдістерді пайдалануды
жетілдіру жолдарын қарастыру
Диплом жұмысына дайындық
Кесте
№ Тарау аттары, қарастырылған Ғылыми жетекшіге
сұрақтар тізімі тапсыру мерзімі Ескертпелер
1 Әдебиеттерді іріктеу және
талдау. Негізгі көздер бойынша
библиография құру.
2 Ғылыми жетекшімен келісе отырып
диплом жұмысының жоспарын тұзу
(құрастыру)
3 1- тарауды тексеру.
4 Тәжірибелік материалдарды
жинақтау және талдау.
5 Ұсыныстар мен нәтижелер бойынша
ғылыми жетекшімен келісу.
6 Диплом жұмысына қойылған
ескертпелер бойынша
толықтырулар жасалып, кафедраға
соңғы нәтижені тапсыру
7 Пікір және Сын-пікірмен танысу
8 Пікір және Сын-пікірді есепке
ала отырып жұмысты қорғауға
дайындықтың аяқталуы
Тапсырманы беру мерзімі ___________________________________ _____
Қаржы кафедрасы
Кафедра меңгерушісі _________________________________ Арзаева М.Ж.
э.ғ.к., доцент
Ғылыми жетекші ___________________________________ Ахметов А.А.
оқытушы
Тапсырманы орындауға қабылдаған
Студент ___________________________________ _________ Байназаров А.Е.
Мазмұны
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...5
1. КОМПАНИЯНЫҢ АҚША АЙНАЛЫМДАРЫН БАСҚАРУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ...8
1. Компанияның ақша айналымын басқарудың экономикалық мәні мен
мазмұны ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..8
1.2 Компанияның ақша ағымдарын қалыптастыру
көздері ... ... ... ... ... ... ... ... ..18
2. АУРА ҚАЗАҚСТАН ЖШС-НІҢ АҚША АЙНАЛЫМДАРЫНЫҢ
ҚОЗҒАЛЫСЫНТАЛДАУ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ... .25
2.1 Аура Қазақстан ЖШС-нің шаруашылық қызметінің сипаттамасы және
активтер құрамы мен құрылымын
талдау ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ..2 5
2.2 Аура Қазақстан ЖШС-нің ақша айналымын бағалаудағы меншікті және қарыз
капиталдарын
талдау ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... 32
2.3 Компанияның ақша айналымын қалыптастырудағы Аура Қазақстан ЖШС-нің
табыстылығын
зерттеу ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ...42
3. КОМПАНИЯНЫҢ АҚША АЙНАЛЫМДАРЫН БАСҚАРУДЫ
ОҢТАЙЛАНДЫРУМӘСЕЛЕЛЕРІ ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ..52
3.1 Компанияның ақша айналымын басқарудың оңтайлы
әдістері ... ... ... ... ... ..52
3.2 Компанияның ақша айналымын қалыпастыруда оңтайлы әдістерді пайдалануды
жетілдіру ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ..59
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...75
Қолданылған әдебиеттер
тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ..78
КІРІСПЕ
Тақырып өзектілігі. Компаниялардың қаржыны басқаруда маңызды объектісі
ақша ағыны − құн (Д-Т-Д) нысандарын жаңғыртудың және қосылған құнды
қалыптастырудың экономикалық үдерістерін ортақтастыратын қолма-қол және
қолма-қол ақшасыз нысандарындағы ақшаның қозғалысы болады. Ақша ағынының
(ақша түсімі мен жылыстауы) құрамына қаржы көмегімен де қалыптасатын (қаржы
ресурстары), сондай-ақ басқа әдістермен де тартылатын барлық ақша
ресурстары қамтылады. Қаражаттардың түсімінде анықтаушы орынды өнімді,
жұмыстарды және қызметтерді өткізуден (сату көлемі) түскен түсім-ақша, онан
кейін несие ресурстары, әр түрлі тартылған ресурстар алады. Қаражаттардың
жылыстауы дүркін-дүркін төленетін төлеулермен де (тауар-материал
құндылықтарын сатып алу, қызметкерлерге жалақы мен сыйақылар төлеу,
несиелерді өтеу, салықтар мен басқа міндетті төлемдерді төлеу және т.б.),
сондай-ақ ұзақ мерзімді инвестициялардың болжамы негізіндегі күрделілерімен
де байланысты.
Нарық жағдайында қаржылық ағымдарын басқару мәселелері отандық
экономикалық ғылымның өзекті мәселелерінің бірі болып танылады. Қазақстанда
нарық қатынастарының дамуы компанияның қызметін, соның ішінде қаржы
ағымдарының қозғалысы саласын басқарудағы нарықтық қаржы құралдарын қолдану
қажеттілігін анықтады. Отандық және шетелдік ғалымдардың қаржыны басқару
туралы еңбектерінде қаржылық ағымдары түсінігі кездеспейді. Қолданыстағы
анықтамалардың ешқайсы аталған категорияның спецификасын сипаттамайды, тек
автордың жуықтауын білдіреді. Компанияның қаржылық ресурстары - қаржылық
міндеттерді орындау және ұдайы өндірірісті кеңейту шығындарына арналған
пайда және сырттан келетін түсімдер түріндегі ақша қаражатының бір бөлігі.
Қаржы ресурстарының түсінігінен пайда болуына қарай олар ішкі (меншік)
және сыртқы (тартылған) болып бөлінеді. Өз кезегінде ішкі ресурстар нақты
өмірде стандартық есептерде таза пайда және амортизация түрінде, ал
өзгертілген түрі - компания қызметкерлерінің алдындағы міндеттер түрінде
беріледі. Ішкі немесе тартылған қаржы ресурстары да екі топқа: меншік және
қарыз құралдарына бөлінеді. Оларды бұлайша бөлу сырттағы қатысушылардың
фирманың осы кәсіпорнын дамытуға кәсіпкерлік не болмаса ссудалық капитал
түрінде салынған капитал түрімен түсіндіріледі. Сәйкесінше кәсіпкерлік
капитал салымдарының нәтижелері - тартылған меншік қаржы ресурстарының
қалыптасуы, ссудалық капитал салымдарының нәтижесі – қарыз қаражаттары
болып табылады. Бұл кезеңде қаржы ресурстарын қалыптастырудың екі барынша
маңызды мәселелері байқалады, бұл несие мен қарыздарды тартудың жоғары
пайыздары мен қарыз және меншік капиталдың ара қатынасы.
Қаржылық ағымдарын басқару мәселелері отандық және шетелдік
әдебиеттерде кеңінен таралған. Стратегия мен тактика жалпы қаржыны басқару
мәселелері оның ішінде қаржылық ағымдарды басқару бойынша жалпы теория мен
методология Бланк И.А., Балабанов И.Т., Тренев Н.Н, Құлпыбаев С.Қ,
Өсербайұлы С.Ө., және тағы басқаларының еңбектерінде зерттелген. Бірақ
нақты салалар бойынша қаржылық ағымдар мәселелері өте аз зерттелген. Бұл
мәселені зерттеудің жетіспеушілігі мен өзектілігі қаржылық ағымдар,
қаржы саясаты, ақша ағымдарының қозғалысын анықтау көрсеткіштерін талдау
осы тақырыпты зерттеудің негізі болып табылады.
Қаржылық ағымдарды басқару санды және сапалы сипаттағы мақсатты
бағыттарды қуру мен қабылдау мен оған жетудегі тиімді жолдарын анықтау
үдерісін білдіреді. Қандай да болсын басқару оған қажетті ресурстарды,
олардың қаншалықты қандай мөлшерде қажеттілігін анықтау мәселелерін
шешудегі мәселені бағалауды білдіреді.
Бүгінгі компаниялардың қаржылық ағымдарын басқару қаржы ресурстарын,
бірінші кезекте ақшалай ресурстарын басқару мен байланысты.
Компанияның қаржылық ағымдарын басқару қойылған мақсаттарға жету ғана
емес, сонымен қатар компанияның басқарушы аппаратының қызметіне баға беруге
мүмкіншілік етеді.
Компанияның төлемқабілетсіздігінің алдын алу және дамуының негізгі
көздерінің қалыптастыру мақсатында қаржылық ағымдарын басқарудың
қажеттілігі экономикалық дамудың бүгінгі таңдағы өзекті мәселелердің бірі.
Қаржылық ағымдарды басқару тиімділігіне компанияның басшылары, оның
акционерлері, партнерлары, қаржы-несие ұйымдары, мемлекеттік бақылау
органдары көңіл бөледі.
Сонымен жоғарыда айтылғанның барлығы зерттеу тақырыбының өзектілігінде
күмән жоқ екендігін дәлелдейді.
Бүгінгі күні компанияның қаржылық ағымдары концепциясы қаржылық
басқарудың жеке дербес объектісі ретінде қаржы менеджметінің негізгі
мәселелерінің бірі болып отандық және шетелдік әдебиеттерде көрініс таба
бастады. Бұл концепцияның қолданбалы аспектілері қаржы активтерінің
қалдықтарын басқару, қаржы ресурстарын қалыптастыруды басқару мен
компанияға банкроттық қаупі төнген кездегі дағдарысқа қарсы басқару
мәселелерінің құрамында қарастырылатын. Компанияның қаржылық ағымдары
барлық түрлері мен нысандарында қаржы менеджментінің маңызды дербес
объектісі болып теориялық және тәжірибелік ұсыныстарды тереңдете
қарастыруды талап етеді. Ол компанияның дамуы мен қаржылық қызметінің
қорытынды нәтижесінің қалыптасу барысындағы ақша ағымдарын басқару
кезіндегі ролімен анықталады. Компания үшін қаржылық ағымдарын басқару
қажеттілігі жағынан мыналарды танылтады:
- айналым капиталын басқару (қолма-қол қаражаттардағы және босалқы
қорлардағы қысқа мерзімді қажеттіліктерін бағалау);
- күрделі салымдардың уақыт параметрлерін жоспарлау;
- күрділі салымдарды жоспарлау;
- компанияның экономикалық өсуін басқару.
Компанияның тиімді ұйымдастырылған қаржылық ағымдары оның қаржылық
сауықтылығының маңызды симптомы болып, жалпы қаржы шаруашылық қызметінің
жоғары нәтижедегі қорытындыларға жетудің алғы шарты болып табылады.
Дипломдық зерттеудің мақсаты компанияның қаржылық ағымдары мен олардың
компанияның қаржы шаруашылық қызметіндегі ролін зерттеу.
Қойылған мақсатқа сай келесідей мәселелер туындайды:
- компанияның қаржылық ағымдарын басқарудың теориялық негіздерін
қарастыру;
- қаржылық ағымдардың экономикалық мәні мен мазмұнын анықтау;
- қаржылық ағымдарды басқару негіздерін анықтау;
- зерттеу объектісінің мәліметтері бойынша қаржылық ағымдардың
қозғалысын талдау;
- зерттеу негізінде қаржылық ағымдарды жетілдіру жолдарын қарастыру.
Диплом жұмысының объектісі Аура Қазақстан ЖШС-нің қаржылық
ағымдары.
Диплом жұмысының пәні болып компанияның қаржылық ағымдары табылады.
Диплом жұмысының теориялық және әдістемелік негізі болып қаржы және
экономикалық талдау саласындағы отандық және шетелдік экономисттердің
еңбектері қарастырылды.
Дипломдық жұмыста теориялық талдау, жүйелік көзқарас, топтау,
жалпылау, салыстыру, функционалдық сыныптау және графикалық суреттеу
әдістемелері қолданылды.
Диплом жұмысының құрылымы, кіріспе, үш тарау, қорытынды және
қолданылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
Бірінші тарауда, компанияның ақша айналымдарын басқарудың теориялық
негіздері ретінде компанияның ақша айналымын басқарудың экономикалық мәні
мен мазмұны және компанияның ақша ағымдарын қалыптастыру көздері теориялық
тұрғыда қарастырылған.
Екінші тарауда, Аура ҚазақстанЖШС-нің ақша айналымдарының қозғалысын
талдау барысында, шаруашылық қызметінің сипаттамасы және активтер құрамы
мен құрылымына талдау жүргізілген, сонымен қатар ақша айналымын бағалаудағы
меншікті және қарыз капиталдарына, ақша айналымын қалыптастырудағы
табыстылығына зерттеу жүргізілді.
Үшінші тарауда, компанияның ақша айналымын қалыпастыруда оңтайлы
әдістерді пайдалануды жетілдіру жолдары қарастырылған.

1. Компанияның ақша айналымын басқарудың экономикалық мәні мен мазмұны
Компанияларда қаржыны басқарудың объектілері мыналар болып табылады:
жылжымайтын және жылжымалы мүлік, мүліктік құқықтар, жұмыстар және
қызметтер, ақпарат, зияткерлік (интеллектуалдық) қызметтің нәтижелері,
материялдық емес игіліктер.[1, 45б]
Қаржыны басқару уәждемелерге — адамдардың немесе ұжымдардың
қажеттіліктері мен тиісті қылықтарын анықтайтын мақсаттарды іске асыру
жөніндегі қызметке негізделеді. Уәждеме іскерлік белсенділікті, еңбек
өнімділігі мен сапасын ынталандыру үдерісінде көрінеді.
Жалпы қаржыны басқару ілгеріде баяндалған қағидаттарға негізделген. Ол
басқарудың тиісті элементтерін — ақпаратты, жоспарларды (болжауды),
ұйымдастыруды, реттеуді бақылауды кіріктіреді. Қаржы басқаруды жүзеге
асырудың шарты нарықтық ортаның болуы болып табылады, бұл орта бағалардың
еркін жүйесі, тауар мен қызметтердің рыногымен қатар еңбек, капиталдар,
өндіріс құрал-жабдықтары рыногының жұмыс істеуі, компаниялардың қызметін
мемлекеттік реттеудің заңнамалық реттемелеу кезіндегі кәсіпкерлік қызметті
коммерциялық есеп негіздерінде жүргізуге мүмкіндік береді. Сөйтіп,
компаниялардың қаржыны басқару шеңбері нарықтық факторлармен анықталады,
бұл оны жеке буындарында басқарушы субъектілердің басқарылу объектілеріне
ықпал жасауының экономикалық элементтері басым болуы мүмкін қаржыны
басқарудың жалпы шарттарынан ажыратады. Компаниялардың қаржыны басқару
жүйесі аса жылжымалы, өйткені бұл буындағы нысандардың, әдістердің арсеналы
жалпымемлекеттік қаржылардағыға қарағанда тым әр түрлі. Мысалы,
компаниялардың қаржыны басқаруы әр түрлі нысандардағы есеп айырысу (төлем
тапсырмасы, төлем талабы (талапшоты), әр түрлі акредитивтер, есеп айырысу
чектері және т.б.), барлық нысандардағы несиелендіру, бағалы қағаздармен
және валютамен жасалатын операциялар бойынша көп таралған операциялардан
басқа хеджирлеу, кепілдік-ипотекалық және сенімгерлік (трасттық)
операциялар, қаржы және операция лизингі, франчайзинг, бағалы қағаздар
бойынша трансферттер сияқты нысандар мен әдістерді қамтиды; валютамен,
бағалы қағаздармен жасалатын операциялар бойынша, қауіптердің барлық
түрлерін сақтандыру бойынша қаржы құралдарының жинақталымы айтарлықтай
кеңейеді.
Компаниялардың қаржыны басқару мына кезеңдердің дәйекті ауысымы
ретінде елестетуге болады:
1) ақша қаражаттарын (капиталды) пайдаланудың міндетін қою және
мақсатын анықтау;
2) ақша ағындарының қозғалысын басқарудың қаржылық әдістерін,
тәсілдерін таңдау;
3) қабылданған шешім бойынша инвестициялау жөніндегі шешімді бизнес-
жоспар немесе басқа ресімдеу түріндегі іс-әрекеттердің бағдарламасын жасау;
4) жобаның орындалуын ұйымдастыру;
5) атқарылу барысына бақылау жасау және қажетті түзетулер жасау;
6) қайта инвестициялаудың мақсаттары үшін жоба нәтижелерін талдау және
бағалау;
Компаниялардың қаржысын басқаруда маңызды объект ақша ағыны − құн (Д-Т-
Д) нысандарын жаңғыртудың және қосылған құнды қалыптастырудың экономикалық
үдерістерін ортақтастыратын қолма-қол және қолма-қол ақшасыз нысандарындағы
ақшаның қозғалысы болады. Ақша ағынының (ақша түсімі мен жылыстауы)
құрамына қаржы көмегімен де қалыптасатын (қаржы ресурстары), сондай-ақ
басқа әдістермен де тартылатын барлық ақша ресурстары қамтылады.
Қаражаттардың түсімінде анықтаушы орынды өнімді, жұмыстарды және
қызметтерді өткізуден (сату көлемі) түскен түсім-ақша, онан кейін несие
ресурстары, әр түрлі тартылған ресурстар алады. Қаражаттардың жылыстауы
дүркін-дүркін төленетін төлеулермен де (тауар-материал құндылықтарын сатып
алу, қызметкерлерге жалақы мен сыйақылар төлеу, несиелерді өтеу, салықтар
мен басқа міндетті төлемдерді төлеу және т.б.), сондай-ақ ұзақ мерзімді
инвестициялардың болжамы негізіндегі күрделілерімен де байланысты.
Компаниялардың қаржысын басқаруда ақша оның іс-әрекетінің мезгілдік
(уақытша) межелдемелері тұрғысынан функцияларды атқару кезіндегі өзге
нысанға, сапаға айналғанға дейін қаралады. Бұл аспектіде ақшаның уақытша
құнының барлығы есепке алынады: мұндай сомада бүгінгі ақша мен келешектегі
ақшаның сатып алу күші бірдей болмайды. Ақшаның қазіргі және келешектегі
құны өзара қайтымды. Қазіргі (бүгінгі) құн келешектегі құнға
компаундингілеу − күрделі пайыздарды есептеу арқылы, ал келешектегі құн
қазіргі құнға дисконттау − пайыздарды пайдаланып төмендету арқылы
жеткізіледі. Ақшаның келешектегі құнының есеп-қисабында инфляцияның
индекстерін есепке алу, яғни ақшаның құнын инфляциялық құнсыздануға
төмендету қажет.
Қаржыларды басқару келесі функцияларды атқарады:
- өндірістік немесе компания қаражаттарының айналымын ақшалай
ресурстар көздерімен, ақшалай ағымдарын қалыптасуымен қамтамасыз
ету. Шаруашылық және қаржылық қызмет үдерісінде компания толық
көлемде және теңдестірілген меншікті, тартылған және қарыздық
көздермен қамтамасыз етілуі қажет. Қаржыларды басқару үдерісінде
ақшалай ағымдар қалыптасады және компанияның даму және меншік
иесінің табысын арттыру мақсаттарына сәйкес негізгі және айналым
капитал құрамында көрініс табады, қаржылық нарықта ақшалай
қаражаттарды орналастырудың оңтайлану және рационализациялау
сұрақтары шешіледі.
- бөлу немесе компанияның ақшалай ресурстарын пайдалану және бөлу,
ақшалай ағымдарының қалыптасу функциясы. Бұл функцияның орындалу
үдерісінде компанияның капитал немесе мүлкінің құнын, меншік
иесінің табысын арттыру немесе оны сақтау үшін қаражаттарды,
есептер, төлемдер мен аударымдарды аванстау мен инвестициялау
нұсқауларын таңдауда, шаруашылық жүргізуші басқа субъектілермен
қатынастарды таңдауда компанияда бар қаржылық ресурстарды
пайдаланудың рационализациясы сұрақтары шешіледі.
- бақылау функциясы. Берілген функцияның мазмұны кәіспорын
ресурстарынынң айналымын түрлі әдістер мен тәсілдер арқылы нақты
бақылау мүмкіндігіне негізделеді. Қаржылық көрсеткіштер
мәндерінің өзгерістерін сандық бақылау қаржылық жағдайды,
капитал мөлшерін, оның өтімділігі мен төлемқабілеттілігін,
сонымен қатар меншік иесінің табыс көлемінің өсімін нақты
бағалауға мүмкіндік береді. Инвестициялау және қаржыландыру
үдерістерін бақылау көмегімен болашаққа қаржылық ресурстарды
тиімді пайдалану мен оларды сақтау және түрлі факторларды
есепке ала отырып, капитал құны мен оның құрылымын бағалау
жүзеге асырылады.[2, 86б]
Компаниядағы қаржыны басқару үдерісі өзімен бірге компания
экономикасын жалпы басқаруының негізігі бөлігін құрайды және ол келесі
кезеңдер арқылы жүреді: талдау, жоспарлау, орындау, түзету, бақылау.
Компанияның қаржылық механизмі келесі элементтерді қамтиды: қаржылық
әдістер, қаржы құралдары (тетіктер), нормативтік қамтамасыз ету, құқықтық
қамтамасыз ету, ақпараттық қамтамасыз ету.
Қаржылық механизм құрамында құралдар мен әдістердің өзара қатынасында
қазіргі кездегі тәжірибеде тауарлық және қор нарығының дамуына байланысты
белгілі өзгерістер туындады. Сонымен, қор нарығында қаржылық құралдарға екі
контрагент арасында кез келген келісімшарт жатады, оның нәтижесінде бір
серіктесте қаржылық актив пайда болса, екіншісінде үлестік және қарыздық
сипаттағы қаржылық міндеттеме пайда болады. Мұнда қаржылық құралдар бірінші
және екінші деңгейлі болып сипатталады. Олардың біріншісіне несиелер мен
қарыздар, акциялар мен корпоративтік облигациялар, дебиторлық және
кредиторлық қарыздар және т.б. жатады. Екінші деңгейлі қаржылық құралдарға
келесілер жатады: қаржылық опциондар, фьючерстер, форвардтық контрактілер,
пайыздық және валюталық своптер және т.б. Екінші деңгейлі қаржылық құрал
(дериватив) екі негізгі туынды сипатына ие:
- оның негізіне белгілі бір базисті актив енгізілген (тауар,
акция, облигация, вексель, валюта, қор индексі және т.б.);
- оның бағасы базистік активтің құны негізінде анықталады.
Көптеген қаржылық құралдар мен операциялардың негізіне бағалы қағаздар
(мемлекеттік және корпоративтік акциялар мен облигациялар) жатқызылған.
Бұдан басқа, бағалы қағаздар үлестік (акциялар) және қарыздық
(облигациялар) болып бөлінеді. Олар Қазақстан Республикасы Қаржы
министрлігінің реттеу мен бақылау объектісі болып табылады.
Тәжірибеде компанияның қаржылық механизмнің бірлік жүйесінен жеке
элементтерінің жойылуын болдырмау маңызды. Бұл шартты ескермеу шаруашылық
жүргізуші субъектінің қаржылық теңдігін жоғалтуға әкеледі.
Сурет 1. Қаржыны басқару механизмі
Дерек көзі: Управление финансами. Учебник под ред. Володин А.А. – М: Инфра-
М, 2006г.-246с
Бүгінгі күні компанияның қаржылық ағымдарын басқаруға көптеген көңіл
бөлінуде, бұл жолда белгілі прогресске жеткен. Ағымдық тәсіл компанияның
оперативтік және стратегиялық жоспарлауының негізгі элементі болып
танылады. Үнемдеу тек салықтық жоспарлау кезінде ғана болмай, қаржы
қаражаттарының бос қалдықтарын оңтайландыру мен компанияның дамуының ұзақ
мерзімді дамуын ескеру арқылы жүзеге асырылады. Ағымдық схемалар арқылы
компанияның жұмысы еш қиынсыздықсыз жүйелеуге беріледі де сандық мағынаға
ие болады. Логистикалық көзқарас бойынша ағымға келесідей анықтама
беріледі: ағым – бір бүтін болып қабылданатын, бір интервалда үдеріс
ретінде өмір сүретін, белгілі уақыт ұзақтығында абсолютті көрсеткіштермен
өлшенетін объектілер жиынтығы.[1, 302б]
Отандық және шетелдік ғалымдарының еңбектерінде көбінде қаржылық
ағымдар анықтамасы кездеспейді. Бұл анықтама берілген категорияның
айрықшалығын білдірмейді, тек жеке автордың көзқарасын сипаттайды.
Қаржылық ресурстар, олардың түсуі мен жұмсалуы, артылуы мен жетіспеуі
туралы сөз басталса, негізінде ақшалай қорлардың құрылуы мен пайдаланылуы
туралы айтылады. Олар ақша қаражаттарының ерекшеленген бөлігі, мақсатты
бағыты бар және қызмет етудің еркіндігі бар болып қарастырылады.
Ақшалай қорлар қоғамдық өнімнің құрамындағы мақсатты бөліктерді
салыстырмалы негіздеу мен бөліп қарастыру мен негізделген. Көптеген
зерттеушілер барлық ақшалай массаның айналымы мен оның активтерде
орналасуын ауқымдайтын ақша ағымдары мен қаржылық ағымдарын теңдестіріп
қарастырады.
Компания қаржысының бірегей түсінігі болмағандықтан ақша ағымдары мен
қаржылық ағымдарын теңдестіріп қарастыру туындаған.
Компания қаржылары ақша нысанындағы кеңейтілген ұдайы өндіріс
үрдісінің негізгі жақтарын көрсетеді және экономикалық заңдардың
талаптарына сай оның жүзеге асырылуына ықпал етеді. Олар ұлттық
шаруашылықтың әрі қарай дамуына қажетті жинақтар мен ақша кірістерін
қолдану мен бөлу үшін қолданады. Бұл даму экономиканың түбегейлі
өзгерістерінің мықты құралы, ұлттық шаруашлықты басқару жүйесінің маңызды
экономикалық құралы болып табылатын жақсы және төзімді шаруашылық жүргізуші
субьектілерінің қаржысына орнатуынсыз мәні жоқ. Олар басқа өндірістік
қатынастармен ұлттық шаруашылықтың төменгі звеноларын басқарудағы
шаруашылық қызметінің тиімділігіне тікелей әсер ету жиынтығында өз алдына
өндірістік қатынастарды негіздейді.
Ұлттық щаруашылықтың әрбір саласының қаржысы берілген саладағы техника-
экономикалық негізінен шығатын, үлкен айырмашылығы бар. Сондай-ақ,
шаруашылық ету субьектілерінің қаржы ұйымдарының негізгі қағидалары мен
мәні бірдей. Яғни, біріңғай экономикалық заңдармен және шаруашылық етудің
жалпы қағидаларымен шартталған. Шаруашылық ету субьектілерінің бастапқы
звеносына барлығын біріктіру қажеттілігін және мүмкіндіктерін алдынала
анықтайды.
Компания қаржысы мәні мен сыртқы формаларын көрсетеді. Негізгі құнды
категориясы – қаржылық ретінде анықтайтын сыртқы қаржыларының мазмұны
мәні ретінде сипатталады. Қаржының айқындау формасы және мәні өзара
байланысты. Бірақ олардың тұрақтылығының дәрежесі бірдей емес. Қаржының
айқындау формасы мәніне қарағанда тез және жиі өзгеретініне тартылған.
Мысалы, мемлекеттік бюджеттің компания нысандарымен арақатынасы бірталай
өзгерген және жетілдірілген: олар көп арналы төлемдерден кірісінен салық
салу табысына содан соң, табыс салығына трансформацияланған.
Шаруашылық қажеттіліктерін қаржыландыруға бюджеттен кері қозғалыс
құралы негізінен өзін-өзі қаржыландыру әдісімен алмастырылған; компания
ішінде ақша құралы қозғалысының нысаны, оның бөлімшелерінің яғни,
әкімшіліктерінің және жұмысшыларының арасы өзгереді. Демек, бұл арақатынас
эквивалентті сипатқа ие және коммерциялық негізге аударылады. Қаржылық
ресурстардың құрылымында, қалыптастыру және оларды қолдануға бағытталған
әдістерінде өзгерістер болып жатыр. Сонымен қатар, қаржы мәні өзгеріссіз
болып табылады. Ол жалпы өзгерістік қатынастармен ғана емес, сондай-ақ
олардың даму деңгейімен, шаруашылық , әлеуметтік және мәдени құрылыстағы
мемлекеттің ролімен және масштабымен алдын-ала анықтайды. Қаржылық қатынас
– бұл ең алдымен бөлу қатынасы болып табылады. Бөлу жүйесі өзгерістерге тап
болады. Яғни, бұл жүйедегі қайта құрудағы күшеюінде, бөлу қатанастарының
жеке ролінде және өндірісті тиімді ынталандырудағы қаржылардың қажетті
тұрақтылығы бар. Қоғамдық өнімді және ұлттық табысты бөлу әдістерінің және
нысандарының, қаржылық қатынасының мемлекеттің бюджет пен несиелік жүйемен
нарықтық дамуының қатынасының үдерісінде өзгеруі, шаруашылық механизмінің
ғылыми-техникалық прогресті күшейтуде жетілдіруі, көзделген даму
бағдарламасын іске асыруда, өндірістік қоғамдық еңбекті ұлғайтуда және
өндірістің өсуінің қарқынында қаржыларды және бөлу қатынастарының
ынталандыру ролін жоғарлату мақсаты бар.
Компанияынның иелігіндегі барлық ақша қаражаттары қаржы ресурстарын
танылтады, олар өндірісті дамытуға, өндірістік емес салалрдың объектілерін
ұстауға, тұтынуға, сонымен қатар резервтер құруға жұмсалады. Өндірістік-
сауда үдерісінде пайдаланылатын қаржы ресурстары (шикізат, тауарлар, еңбек
құралдарын, жұмысшы күшін және басқа да өндіріс элементтерін сатып алу)
ақшалай нысандағы капиталды білдіреді.
Сонымен, компанияның шаруашылық қызметі үдерісінде біз тек ақша
қаражаттары мен емес капиталмен істі боламыз. Компанияның қызметінің
нәтижесінде ақшалай ағымының жиынтығынан ерекше нысан - қаржылық ағым
бөлініп шығады. Ол, компанияның қаржылық ресурстарының құрылуы мен
пайдаланылуын қамтамасыз етеді. [2,7б.]
Компаниялар қаржысы түсінігі арқылы қаржылық ағымдар түсінігін
анықтаймыз, ол белгілі уақыт үзіндісі аралығындағы ақшалай нысандағы
капиталдың қалыптасуы мен пайдаланылуы мен байланысты және оны пайдалану
нәтижесінен таза пайдаға ие болумен байланысты қаржылық ресурстар
қозғалыстарының жиынтығы.
Қаржылық ағымдарға әсер етуші бір қатар факторлар мен шектеулерді
ұмытуға болмайды.
Қаржылық ағымдарға әсер етуші шектеулер: сыртқы және ішкі қаржылық
қатынастар. Қаржылық ағымдар компанияның сыртқы қатынастарымен қатар ішкі
сипаттағы қатынастарын сипаттайды.
Сыртқы шектеулер:
- компанияның тікелей қатысушылары мен қаржы нарығы инфрақұрылымының
мекемелері (коммерциялық банктер, қор және валюта биржалары,
сақтандыру компаниялары, инвестициялық қорлар мен компаниялар және
т.с.с.);
- операциялық қызмет бойынша тауар нарығы инфрақұрылымының мекемелері
(шикізат және материалдармен жабдықтаушылар, негізгі және
материалдық емес активтер сатушыларымен, дайын өнімді сатып
алушылар мен, тауар биржалары мен және т.с.с.);
- өндірістік инфрақұрылымының органдарымен (көлік компанияларымен,
байланыс мемкемелерімен және т.с.с.);
- және тағы басқалармен.
Ішкі шектеулер:
- басшы және еншілес компаниялар араларындағы;
- түрлі құрылымдық бөлімшелер араларындағы (жауапкершілік
орталықтары);
- компаниялар мен олардың құрылтайшылары, жұмысшылары араларында және
тағы басқалар.
Меншікті капиталды қалыптастыру мен бөлу, пайдалану мен байланысты
шектеулер. Компанияның қаржылық ағымдарының негізін меншік құқығы
негізіндегі иелігіндегі ақшалай активтерінің қозғалысы құрайды, яғни
ақшалай нысандағы меншікті капитал. Бұл сападығы меншікті капитал кеңінен
қарастырылған түрде ертеден жинақталған босалқы қор ретінде сипатталады.
Басқаша айтқанда, қаржылық ағымдар ақшалай нысандағы компания капиталының
мөлшері ретінде оның ақшалай активтерінің босалқы қоры көлемімен
сипатталады. Қаржылық ағымның капиталды қалыптастыру, бөлу және
пайдаланумен жоғарғы дәрежедегі байланысы капитал айналымы, капитал құны
мен құрылымы және тағы басқа да аспектілерді есепке алуды қаржылық
ағымдарды басқару үдерісінде қажет етеді.
Түрлі нысандағы несиелерді пайдалануды шектеу. Компанияның ақшалай
қаражаттарының қозғалысы ссудалық капиталды пайдаланумен үздіксіз
байланыста. Бұл байланыс, қазіргі кездегі шаруашылық қызметті жүзеге асыру
мақсатында несие нысанында ссудалық капиталды тартумен байланысты.
Бұл байланыс, компанияның ақщалай ресурстарындағы қажеттілікті
қанағаттандырудың негізгі маңызды көзі болып танылады. Компанияның
операциялық және инвестициялық қызметтері қаншалықты жоғары деңгейде
қаржыландырылса да меншікті капитал рентабелдігінің жедел өсуін қамтамасыз
ету үшін несиелік ақшалай ресурстарын тарту қажет.
Несие компанияның қызметінің қорлар айналымдылығының үзіліссіз болуын
қолдау, өндірістік үдеріске қызмет ету, өндірілген өнімді өткізу, тауарлар
алу мен инвестициялық қызметті жүзеге асыру үшін қажет. Компания несиенің
түрлі нысандарын (банктік, лизингтік, облигациялық және т.б.) пайдаланушы
болып табылады. Несие қандай нысанда болсын тартылса, оны алумен, оған
қызмет етумен, қайтарумен байланысты компанияның қаржылық ағымдарының оң
және теріс көрстеткіштері болып олардың жиынын көбейтеді.
Басқаша айтқанда, компанияның тартқан несиесі компанияның қаржылық
ағымдарының көлемі мен құрылымына, олардың жеделдігіне (ақшалай активтер
айналысының жылдамдығы), сонымен қатар олардың жеке түрлерінің теңділігіне
белсенді әсерін тигізеді.
Компанияның қаржылық ағымдарын тиімді басқару ссудалық капиталдың
ерекшеліктері мен нысандарын, несие нарығында пайыздық мөлшерлемелердің
қалыптасуын, және елдегі несиелік жүйенің ұйымдастырылу айрықшалықтарын
талап етеді.
Жеке активтерінің трансформациялануымен байланысты шектеулер.
Компанияның пайдалануындағы ақшалай активтері үзіліссіз қозғалыста болады,
ол олардың түрлері мен нысандарының әрқашанда өзгеріп отыруымен
сипатталады. Мұндай қозғалыс пен трансформация үдерісі экономикалық
теорияда активтер айналымдылығы терминімен сипатталып, қайталанбалы
циклдерден тұрады. Компания қорларының айналымы ақшалай формада немесе
өндіріске қажетті шикізаттар, материалдар және тағы басқа өндірістік
қажеттіліктерді пайдаланудан басталады. Мұны кейде 1-ші кезең деп те
атайды.
2-ші кезеңде өндіріс құралдарын және материалдарды пайдаланып бастаған
кездегі қатынастар. Олар жаңа өнім шығаруға бастайды және бұл кезеңде өнім
құны өндірістік құнынан тауарлы құнға өтеді.
3-ші кезең компанияның жалпы шығарған өнімдерін сатудан туынайтын және
ақшалай табыс алады. Бұл аралықта өндірілген құн тауарлы формадан ақшалай
формаға өтеді. Яғни, өндірісте ұдайы ұлғаймалы өндіріс қалыптасады. Бұл
бастапқы айналым жасаған активтер үстеме активтерді қалыптастырады. Бұл өз
кезегінде компания пайдасын қалыптастырады. [3,393 б]
Ұдайы өндiрiс өндiрiстiк капиталды пайдалану негiзiнде жүредi. Осы
үдерісте өнеркәсiп капиталы үш функционалдық форма алады. Ұдайы өндiрiстiк
үдерістi осыған қатынасатын өнеркәсiптiк капиталдың функционалдық
формаларының өзгеруi бағытынан қарасақ, оны мынадай түрде бейнелеуге
болады:
А – Т ... Ө ... Т1 – А1
Бұл мынадай заңды сатылардан тұрады:
А – Т ...
Өндiрiс факторлары нарығында тауар формасын алған өндiрiс
факторларына ақша капиталы жұмсалады. Сөйтiп, ақша капиталы өндiргiш
капиталға айналады. Бұл капиталдың функциясы - өндiрiске жағдайлар жасау:
... Ө ...
Өндiрiс үдерісiнде өндiргiш капитал тауарлық капиталға айналады және ол
үстеме құн өндiру функциясын атқарады:
... Т1 – А1
Тауарларға сiңген үстеме құн, оны нарықта өткiзген соң, кәсiпкердiң
қарамағына түседi. Бұл сатыда тауар капиталы тағы да жаңадан ақша
капиталына айналады. Тауар капиталының функциясы – үстеме құнды өткiзу және
сату.
Капиталдың iр формадан екiншi формаға айналатын қозғалысын оның
ауыспалы айналымы деп атайды. Формула көрсетiп тұр - капиталдың ауыспалы
айналымы пайда жасауды көздейдi:
d = A1 – A
Авансталған капиталдың барлығының қозғалысын үзiлмей қайталанып жүрiп
отыратын жеке акт емес үдеріс деп қарасақ, онда бұл капиталдың айналымы
болады.
Капиталдың айнылымы мен оның ауыспалы айналымы бiр-бiрiмен тура
келмейдi. Ауыспалы айналымның әрқайсысының нәтижесiнде кәсiпкерге ақшалай
формада авансталған капиталдың тек бiр бөлшегi қайтып келедi, барлық
капиталдық құн өз иесiне өзiнiң бастапқы ақшалай формасында толық қайтып
түскенде капитал толық айналым жасады деп есептеледi.
Капиталдың әр түрлi элементтерiнiң айналымы бiрдей жүрмейдi.
Капиталдық құнның айналымдағы әр қилы функцияларына сәйкес, капитал негiзгi
және айнымалы болып бөлiнедi.
Айналым активтерінің айналым циклы келесідей негізгі стадиялардан
тұрады:
- компанияның ақшалай активтерінің шикізат, материалдар, жартылай
фабрикаттарға айналу стадиясы;
- шикізат, материалдар, жартылай фабрикаттардың дайын өнім босалқы
қорларына айналуы;
- дайын өнім босалқы қорларының дебиторлық борышқа айналуы (тауарды
қарызға беру);
- дебиторлық борыштың ақшалай активтерге айналу стадиясы (дебиторлар
қарыздарын өтегенде).
Сонымен, айналым активтері айналыстың толық өту үдерісінде кезегімен
материалдық, қаржылық және ақшалай түрлерге трансформацияланады.
Айналымнан тыс операциялық активтерінің айналым циклы келесідей
негізгі стадиялардан тұрады:
- ақшалай активтердің өндірістік немесе материалдық емес активтерге
айналуы (сәйкес еңбек құралдары мен басқада күрдклі активтерді
сатып алу үдерісі);
- өндірілетін өнім құнына амортизацияланатын өндірістік негізгі
қорлар мен материалдық емес активтердің құнын біртіндеп көшіру
стадиясы;
- дайын өнім құрамындағы өндірістік негізгі қорлар мен материалдық
емес активтердің құнын ақшалай активтерге айналдыру (дайын өнімді
сату).
Компанияның ақша қаражаттарының қозғалысы туралы ақпарат қаржы
есептілігін пайдаланушыларға ұйымның ақша қаражаттарын жасау қабілеті мен
олардың баламаларын, сондай-ақ ақша қаражаттарына қажеттілікті бағалау үшін
негіз беретіндігімен пайдалы. Пайдаланушылар қабылдайтын экономикалық
шешімдер ақша қаражаттары мен олардың баламаларын жасау қабілетін, сондай-
ақ оларды уақытқа қарай бөлу мен оларды жасау айқындылығын қажет етеді.
Ақша қаражаттарының қозғалысы туралы есеп 7 (IAS) Халықаралық Қаржы
Есептілігінің Стандартымен сипатталады. Бұл стандарттың мақсаты ұйымның
өткен кезең ішіндегі ақша қаражаттарының қозғалысы туралы есеп беру арқылы
ақша қаражаттары мен ақша баламаларындағы тарихи өзгерістер туралы ақпарат
беруін талап етуде болып табылады, онда кезең ішінде операциялық,
инвестициялық және қаржылық қызметтен түскен ақша қаражаттарының түсімдері
мен төлемдерін жіктеу жүргізіледі.
Стандарттың талаптарына сәйкес ақша қаражаттарының қозғалысы туралы
есеп дайындауға және оны қаржы есептілігі берілетін әрбір кезең үшін өзінің
қаржы есептілігінің құрамдас бөлігі ретінде ұсынуға міндетті.
Қаржылық ағымдардың айрықша табиғаты ақша ағымдарының табығатынан
ерекше болады. Кәдімгі ақша ағымы бірегей эквиваленттерді айырбастау акты,
сатушыда тауарды нысанда, ал сатып алушыда ақшалай нысанда сипатталған.
Қаржылық ағым болса эквивалентсіз, шығарылған сома ештеңемен қалпына
келтірілмейді. Ақша сомасын алушы оған ие болады, ал төлеуші бұл сомаға
құқығын толық жоғалтады. Сонымен, қарапайым (бір актылы) қаржылық ағымдар
өзінің экономикалық табиғаты бойынша қалыптасу көздерін қалпына келтірмейді
және орнын толықтырмайды. Кейбір авторлар пікірі бойынша, қаржылық ағымдар
өндірілген ЖҰӨ-ді өсірмейді, және ол өнідріс саласына қызмет көрсететін
ақша ағымдарынан негізгі айрықшалықтары деп есептеледі. Мұнымен келіспеуге
болады, себебі, қаржылық ағымдар өзіне ақша мен альтернативті айналым
құралдарының қоғалысы (бартер, векселдер және басқа да ақшалай
суррогаттар). Сонымен, қаржылық ағымдар ақша ағымдары түсінігіне
қарағанда кең ұғым.
Ақша қаражатының қозғалысы (Cash Flow) жоспарының көмегімен кәсіпкер
өзінің айналым қаражатын анықтау үшін кез келген уақытта қысқа мерзімді
несиедегі қажеттіліктерін бағалай алады. Түсім есептері туралы есептен
ерекшелігі ақша түсімдері туралы есеп акция сату мен алынған ақша сияқты
барлық қаржы көздерінен түскен ақшалық түсімдерді есептейді, сонымен қатар
кейбір активтердің тарауы мен сатылуынан түскен қаржыны да есепке алады.
Шығындарға келсек, ақша түсімдері туралы есеп барлық шығындарға кеткен
ақшаны есептейді.
1.2 Компанияның ақша ағымдарын қалыптастыру көздері
Компаниялар қаржысы қандай да болсын мемлекет пен шаруашылық
субъектінің қаржы жүйесі, себебі материалдық өндірісте жиынтық қоғамдық
өнім бен ұлттық табыс қалыптасып алғашқы бөлініске түседі.
Қаржылық және шаруашылық қызметтің барлық операциялары қаражаттардың
қозғалысымен жүргізіледі – олардың түсуі мен жұмсалынуы. Бұл үзіліссіз
үдеріс ағым түсінігімен анықталады.
Қаржылық ағым уақыт ұзақтығында компанияның қаржы-шаруашылық
қызметімен жұмылдырылатын бөлінген және төленген қаржылық қаражаттар
жиынтығы. Басқаша айтқанда, қаржылық ағым – ол компанияның материалдық,
ақпараттық, және басқа да ағымдарымен байланысты қаржы ресурстарының
бағытталған қозғалысы.
Қаржылық ағым – ол экономикалық субъектілер араларындағы қаржы
ресурстарының ақшалай және ақша суррогаттары нысанындағы қозғалысы.
Бұл категорияның екіжүзді сипатын белгілеуге болады. Бір жағынан,
қаржылық ағымдар бөлу құралы ретінде екендігі объективті, екінші жағынан -
қаржылық ресурстар қозғалысының нақты нысаны ретінде болады.
Қаржы ағымдарының түсінігінен пайда болуына қарай олар ішкі (меншік)

капитал салымдарының нәтижелері - тартылған меншік қаржы ағымдарының

болып табылады .
Кәсіпкерлік капитал пайда табу және фирманы басқару құқықтарын алу
мақсатында әр түрлі фирмаларға салынған (инвестицияланған) капитал болып
табылады.
Ссудалық капитал – бұл қайтарымдылық және төлемділік шарттарымен
қарызға берілген ақша капиталы. Кәсіпкерлік капиталға қарағанда ссудалық
капитал фирмаға салынбайды, пайыздар алу мақсатында уақытша пайдалануға
беріледі. Бизнестің бұл түрімен арнайы мамандандырылған несие-қаржы
институттары (банктер, несие одақтары, сақтандыру компаниялары, зейнетақы
қорлары, инвестициялық қорлар мен тағы басқалар) айналысады.
Нақты өмірде кәсіпкерлік және ссудалық капиталдар өзара тығыз
байланысты. Қазіргі заманғы нарық шаруашылығы айтарлықтай
диверсификацияланған, яғни қызмет түрлері бойынша да, кеңістікте де
шоғырланған. Бүгінгі таңда диверсификация нарық шаруашылығын және оның
құржылық жүйесінің тұрақтылығы мен беріктігін қамтамасыз ететін маңызды
факторлардың бірі болып табылады. Бірақ диверсификацияны тереңдету қаржы
ағындары мен капиталдың шиеленісуіне, қаржы тәжірибесінде арнайы құралдарды
пайдалануды кеңейтуге сөзсіз алып келеді, ол компанияның қаржылық жұмысын
айтарлықтай қиындатады. [19.7]
Қаржы ресурстарын қалыптастыру көздері: табыс, амортизация, бағалы
қағаздарды шығару, несие беру және қаржылық лизинг.
Пайда жалпы мағынада компания табысының оның шығындарынан асып түсуі
ретінде түсінілетін компания қызметінің ақырғы қаржылық нәтижесі болып
табылады. Пайда - жалпы табысты алумен байланысты компанияның қаржы
ағымдарының негізгі көзі. Компанияның жалпы табысы – бұл материалдық
шығындарды есептей отырып, яғни еңбекке ақы төлеу мен пайдадан тұратын
өнімді өткізуден түсетін (жұмыстар, қызметтер) түсімдер.
Ақырғы қаржылық нәтижесі (пайда немесе зиян) өнімдерді (жұмыстар,
қызметтерді) өткізудің қаржылық нәтижесінен, негізгі қорлар мен
компанияның басқа мүлкінен және өткізуден тыс операциялар бойынша шығындар
сомасына қысқартылған осы операциялардан алынған табыстан жинақталады.
Өнімді өткізуден (қызметтер, жұмыстан) түсетін пайда (зиян) ҚҚС мен
акциздерді қоспастан қолданыстағы бағалармен және өнімді өндіру мен
өткізуге кеткен шығындармен бірге өткізуден алынған түсім арасындағы
айырмашылық ретінде белгіленеді.
Экспорттау қызметімен айналысатын компаниялар пайданы есептеу кезінде
өнімді өткізуден түскен пайдадан экономикалық тарифтерді алып тастайды.
Компанияның жалпы (жиынтық) пайдасының екінші құрамдас бөлігі – негізгі
құралдар мен басқа мүлікті өткізуден түскен пайда болып табылады.
Кесте 1
Меншікті құн, компанияның жалпы табысы мен пайдасының арасындағы байланыс
Материалдық шығындар Жалпы табыс
Еңбекке ақы төлеу Пайда
Меншік құн Таза пайда Пайдаға
салынатын салық
Өткізуден түскен түсімдер
Дерек көзі: Ковалев В.В. Финансы организаций (предприятий) Издательство ТК
Велби Проспект, 2008 год, 352 с.[6]
Жалпы пайданың үшінші бір құрамдас бөлігі - өткізумен байланысты емес
операциялардан, яғни негізгі қызмет түрімен: мүлікті жалға беру, компанияың
бағалы қағаздары бойынша табыс алуы, төленген айыппұлдардан алынған
айыппұлдар сомасының асып түсуі, бірлескен қызметтен алынатын пайда,
есептік жылда белгіленген өткен жылдардың пайдасымен және т.б. тікелей
байланысты емес операциялардан түсетін пайда болып табылады. Компания
жұмысының тиімділігін арттыру үшін өнімді өндіру мен өткізу көлемі
резервтерінің артуын, өнімнің меншік құнының төмендеуін, пайданың өсуін
анықтаудың маңызы ерекше.
Пайданы көбейту резервтерін іздестірудің негізгі бағыттарын белгілеу
үшін оны алуға ықпал ететін факторлар әр түрлі белгілер бойынша жіктеледі.
Сыртқы факторлар табиғат жағдайлары, бағаны, тарифтерді, пайыздарды, салық
ставкалары мен жеңілдіктерді, айыппұл шараларын мемлекеттік реттеу және
т.б. жатады. Бұл факторлар компанияның қызметіне байланысты болмайды, бірақ
пайда көлеміне айтарлықтай әсер етеді.
Ішкі факторлар өндірістік және өндірістік емес болып бөлінеді.
Өндірістік факторлар еңбек заттары мен құралдарын, еңбек және қаржы
ағымдарының болуы мен оларды пайдалануды білдіреді. Өз кезегінде олардың
өздері экстенсивті және интенсивті факторларға бөлінеді. Экстенсивті
факторлар пайданы алу үдерісіне сандық өлшемдер: еңбек заттары мен
құралдарының, қаржы ағымдарының көлемі, құрал-жабдықтардың жұмыс істеу
уақыты, қызметкерлердің саны, жұмыс уақытының қоры және т.б. арқылы ықпал
етеді.
Интенсивті факторлар пайдану алу үдерісіне сапалық өлшемдер: құрал-
жабдықтардың өнімділігі мен оның сапасы, материалдың алдыңғы қатарлы
түрлерін пайдалану мен оларды өңдеу технологиясын жетілдіру, айналым
құралдарының айналымдылығын күшейту, қызметкерлердің еңбек өнімділігі мен
біліктілігін арттыруы, өнімнің еңбек пен материалды көп қажет етуін азайту,
еңбекті ұйымдастыруды жетілдіру және қаржы ресурстарын барынша тиімді
пайдалану және т.б. арқылы ықпал етеді.
Өндірістік емес факторларға, мысалы, жабдықтау-тұрмыстық және
табиғатты қорғау қызметтері, еңбек ету мен тұрмыстың әлеуметтік жағдайлары
және т.б. жатады.
Компания қаржы-экономикалық қызметті жүзеге асырған кезде бұл
факторлардың барлығы өзара тығыз байланыста және өзара тәуелділікте болады.
Өнімнің меншік құн мөлшеріне тікелей әсер ету, демек, пайда материалдық
ресурстар қаншалықты тиімді және үнемді пайдалатындығымен байланысты болады
- өйткені меншік құн құрылымындағы материалдық шығындар үлесі әдетте 60-90%
арасында ауытқып отырады.
Пайда компанияның кеңейтілген өндіріс пен әлеуметтік даму жөніндегі
шығындарды бөлуге арналған компанияның негізгі қаржылық ағымдарының бірі
болып табылады.
Жалпы алғанда компанияның пайдасы жинақтау қорына, тұтыну қорына,
резервтік қорға және құрылтайшылардың (акционерлердің) арасында таратуға
бөлінеді. Жинақтау және тұтыну қорлары – бұл арнайы мақсаттағы қорлар. Олар
құрылтай құжаттарында белгіленгежағдайда құрылады.
Жинақтау қоры өндірістік және өндірістік емес мақсаттағы негізгі
қорларды сатып алу мен салуға және қайтарымдық сипаттағы басқа да
капиталдық салымдарға пайдаланылады. Жинақтау қорының бір бөлігі
қайтарымсыз сипатта жұмсалады. Есеп айырысу шотының актив балансында
есептелінген жұмсалынған ақша қаражатының орнына осы қаражатпен құрылған
басқа мүліктің эквиваленттік құны пайда болады.
Сонымен бірге жинақтау қорының есебінен қайтарымсыз сипаттағы
шығындар: ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізуге, табиғатты қорғау шараларына,
бағалы қағаздарды шығару және т.б. жұмсалатын шығындар қаржыландырылады.
Тұтыну қоры қызметкерлерді әлеуметтік және материалдық ынталандыру:
өндірістік қызметпен байланысты емес сыйақылар беру, сапар, емделу ақысын
төлеу, қызметкерлер мен олардың отбасы мүшелеріне арналған дәрі-дәрмектерге
ақы төлеу үшін жұмсалады.
Резервтік қор табиғат апаты салдарынан болған күтпеген шығындар мен
баланстық зиянды жабуға арналған. Ол Акционерлік қоғам, кооператив, шетел
инвестициялары бар компаниялар үшін міндетті болып келеді. Акционерлік
қоғам резервтік қорға эммисиялық шығындарды, яғни акцияларды номиналдық
құннан жоғары баға бойынша өткізуден алынған сату және номиналдық құнының
арасындағы айырым сомасын да кіргізеді.
Амортизация термині сөзбе сөз мағынада негізгі қорлардың мәңгілігі,
олардың тозуды өткере білу, қалпына келу қабілетін білдіреді.
Амортизация үдерісі негізгі қорлардың қызмет ету кезеңінде олардың
құнын бөліктер бойынша өндірілетін өнім мен жұмсалған негізгі қорлардың
орнын толтыру үшін осы құнды одан әрі пайдалануға өткізуді білдіреді.
Амортизация – бұл шаруашылық иерархиясының барлық сатысындағы қарапайым
және кеңейтілген өндіру мен ғылыми-техникалық дамудың маңызды кезі болып
табылады.
Амортизациялық аударымдар (негізгі қорлар құнының белгілі бір пайызы)
өнімнің өтуіне қарай амортизациялық қор деп аталатын арнайы қорда
жинақталады. Бұл амортизациялық қор (жинақталған ақша сомасы) негізгі
құралдардың тозған элементтерінің орнына жаңа заттық элементтерді сатып
алуға жұмсалады, яғни негізгі қорлар қалпына келтіріледі.
Өнім құнына берілетін өлшем біріншіден, негізгі қорлардың бастапқы
құнымен анықталады. Екіншіден, бұл өлшем негізгі құралдардың түрі ретінде
белгіленеді, себебі, мысалы, өнеркәсіпте ғимараттың нормативтік қызмет ету
мерзімі 30-50 жыл, ал машина мен құрал-жабдықтардың нормативтік қызмет ету
мерзімі 3-5 жылдан 15-20 жылға дейін. Үшіншіден, өнімге берілетін негізгі
қорлардың құн өлшемі өндірістің салалық ерекшеліктеріне де байланысты
болады.
Амортизациялық аударымдар көлемі негізгі қорлардың нормативтік қызмет
мерзімін есептей отырып, олардың бастапқы (баланстық) құнынан амортизация
нормалары бойынша анықталады. Амортизация нормасы – негізгі қорлардың құнын
жылына пайызбен қайтару болып табылады. Амотизацияны аударудың үш әдісі
бар: теңдей есептеу (басымдық көрсетуші); орындалған жұмыс көлеміне;
жылдамдатылған амортизация.
Қазақстан экономикасында, әдетте, тепе-тең (желілік) амортизация әдісі
қолданылады, яғни жыл сайын өнімнің құнына негізгі қорлар құнының бірдей
бөлігі енгізіледі.
Амортизацияны осылай есептеу әдісі өте қарапайым, көрнекі және белгілі
бір дәрежеде құнды ауыстыру үдерісін ескереді.
Шаруашылық етудің маңызды әдістерінің бірі эмиссия, яғни бағалы
қағаздарды шығару болып табылады. Бағалы қағаздарды шығаратын тұлғаның
бастамасы және сол тұлғаның атынан әрекет ететін шаруашылық агенті эмитент
деп аталады.
Бағалы қағаздар мынадай мақсаттарда шығарылады:
1) меншік белгілері бойынша компания нысанының өзгеруі;
2) жаңа компания құру және ол үшін қажетті капитал-ақша қаражаттарын
тарту;
3) бағалы қағаздарды сату арқылы қосымша ақша қаражаттарын тарту.
Акция оның меншік иесінің компанияың жиынтық капиталында өзінің үлесі
бар екендігін және компанияның қызмет қорытыныдысына сәйкес акциялар
бойынша бөлінетін кәсіпорнның белгілі бір бөлігіне құқығы бар екенін
куәландырады. Бұл акциялар бойынша табыс бекітілген деген сөз.
Облигация оны сатып алушы эмитенттің кредиторы болғандығын
куәландыратын несиелік куәлік болып табылады. Облигация иегері банктік
пайызбен салыстырылатын облигациялар бойынша белгілі бір табыстарды алуға
құқылы болады. Сондықтан да облигиялар бойынша табыс бекітілген сипатта
болады, бірақ компанияның шаруашылық қызметінің қорытындыларына тәуелді
болмайды.
Акциялардың барлық иелері инвесторлар, компания капиталына ақша
қаражаттарын салушылар деп аталады. Олардың ішінде ішкі инвесторларды –
Акционерлік қоғамның құрылтайшылары және сыртқы инвесторлар – Акционерлік
қоғам акцияларын бағалы қағаздар нарығында сатып алушыларды ажыратады.
Облигациялардың иелері инвесторлар болып табылмайды, олар Акционерлік
қоғамның кредиторлары ғана.
Қарыздық қаржы ресурстарын тартудың негізгі әдісі банктер мен басқа
заңды және жеке тұлғалардан несиелер алу болып табылады .
Компания ақша қаражаттарының сыртқы көздерін пайдалана отырып, артық
ақша қаражаттары бар және оларды тиісті шарттар бойынша ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz