Тамақтан улануды (жұқпаларды) болдырмау үшін сақталуға тиіс он «алтын» ереже


Пән: Медицина
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 3 бет
Таңдаулыға:   

Тамақтан улануды (жұқпаларды) болдырмау үшін сақталуға тиіс он «алтын» ереже

http://ses.vko.gov.kz/images_news/000195.jpg Қазіргі уақытта азық-түліктің түрі мол, кез-келген талғампаз өзіне қажетін таба алады, салтанаттар мен мерекелерде дастархан толы жайылады. Дегенмен, тамақ өнімдерінің сақтау ережелері мен мерзімі немесе дайындау мен термикалық өңделу тәртібі сақталды ма деген сауалдарға көп ойланып жатпаймыз. Өкінішке орай, тамақтан улану әркімнің де басынан өтуі мүмкін, әсіресе ыстық жаз мезгілінде мұндай жайттан ешкім сақтандырылмаған. Алайда, өзіңізді және жақындарыңызды қалай сақтандыруға болады? Бұл үшін төмендегі «алтын ержелерді» сақтауға кеңес береміз. Осы қарапайым ережелерді орындау арқылы сіз өз және өзгелердің денсаулығын сақтайсыз. Денсаулық -алтыннан да қымбат зор байлық болғандықтан, ережелерді «алтын» деп атауды жөн көрдік.

1. Қауіпсіз тамақ өнімдерін таңдаңыз, ол үшін:

- азық-түлік сатып аларда рұқсат беретін құжаттарды, оның сапасы мен қауіпсіздігін растайтын сертификатты, жарамдылық мерзімін сұрау,
- өнім қандай жағдайда сатылып жатқандығына, оны сақтайтын тоңазытқыштың бар болуына назар аудару, тауардың сапасына күмән туса, сатып алудан бас тарту,
- ұйымдастырылмаған орындардан тамақ өнімдерін сатып алмау. Рұқсат беретін құжаттары жоқ, антисанитариялық жағдайда, мысалы, жол шетінде сатылатын тамақ өнімдерінің сапасы мен қауіпсіздігіне ешкім кепілдік бере алмайды. Әсіресе, мұндай жерлерден термикалық өңдеуден өтпеген балық, ет пен сүт өнімдерін (ірімшік, қаймақ) сатып алу өте қауіпті.
- бақша дақылдарын, жемістерді кесілген күйде сатып алуға болмайды, микробтар беткі қабаттан жұмсақ жеріне қарай жылдам өтеді; түрі нашар, бұзылған жемістерді де сатып алудың қажеті жоқ - оларда улы заттар (афлотоксиндер, нитрозаминдер) және зең саңырауқұлақтары болады. Естеріңізде болсын, қоздырғыш өнімнің дәмдік сапасын және сыртқы түрін (түсін, жұмсақтығын не қаттылығын) өзгертпейді, оның құрамына жұқпаның енгендігін тек зертханалық әдіспен ғана растауға немесе жоққа шығаруға болады.

http://ses.vko.gov.kz/images_news/000195a.jpg 2. Тамақты дайындау технологиясын сақтаңыз.
- Көптеген шикі өнімдерде, әсіресе, етте, құс етінде, шикі сүтте, жұмыртқаларда патогенді микроағзалар ұялаған болуы мүмкін. Пісіру (қуыру) кезінде бактериялар жойылады. Дегенмен, қаперлеріңізде сақтаңыздар, тамақ өнімінің барлық бөлігінде температура 70° С төмен болмауы тиіс, бұл үшін тамақты әзірлеу уақытын қадағалау қажет (мысалы, жұмыртқаны 10 минут бойы, етті 3-3, 5 сағат қайнату керек) .
- Етті, құс етін, жұмыртқаны пісіру алдында, және шикідей пайдаланылатын өнімдер - жемістер мен көкеністерді, аскөк және т. б. мұқият жуу керек;
- Сүтті, әсіресе, пастерленбегенді қайнатқаннан кейін ғана пайдалану қажет.

3. Пісірілген тамақты бірден пайдаланыңыз.

- Дайындалған тамақ бөлме температурасына дейін салқындатылғанда, ондағы микробтар жылдам көбейе бастайды. Осындай күйде көп уақыт бойы тұрса, адамның тамақтан улану қаупі арта түседі. Өз денсаулығыңыздың қамын ойласаңыз, тамақты әзірлей сала, жеп тауысуға тырысыңыз.

4. Азық-түліктерді мұқият сақтаңыз.

- Егер сіз тамақты көп дайындап, және пайдаланғаннан кейін қалған бөлігін сақтап қойғыңыз келсе, есіңізде болсын, тамақ ыстық (60° С жуық не артық) немесе суық (10° С жуық не артық) күйде сақталуы тиіс. Сіз тамақты 4-5 сағат бойы сақтағыңыз келсе, бұл өте маңызды ереже.
- Балаларға арналып әзірленген тамақты мүлдем сақтамаған абзал.
- Тамақтан улануға әкелетін бірден-бір қателік -көп мөлшердегі жылы тамақты тоңазытқышта сақтау. Тамақ көлемі мол болғандықтан, тоңазытқыш ішінде жылдам салқындай қоймайды. Тамақ өнімінің ортасында жылу сақталғанда (10° С шамасында) микробтар жылдам пайда болып, адам денсаулығына қауіпті мөлшерге дейін көбейеді, мұндай тамақ өнімдерінің сыртқы түрі мен дәмі өзгермейді.

http://ses.vko.gov.kz/images_news/000195b.jpg 5. Алдын ала дайындалған тамақты мұқият қыздыру керек.
- Сақтау кезінде тамақта пайда болған микроағзалардан сақтанудың ең тиімді жолы - қыздыру (тамақты дұрыс сақтағанның өзінде микробтар көбеймесе де, мүлдем жойыла қоймайды) . Тамақтанар алдында тағы бір мәрте қыздырыңыз (қайнатыңыз), оның ішкі температурасы 70° С кем болмауы тиіс.

6. Шикі және піскен тамақ өнімдерін қатар сақтамаңыз.

- Дұрыс дайындалған тағам шикі заттармен қатынасқа түсу арқылы ластануы мүмкін. Бұл қатынас бірден білінеді (мысалы, тоңазытқышта қатар тұрса, сатып алынғаннан кейін сөмкеге бірге салынса), немесе байқалмауы да мүмкін (шикі және дайын өнімді бір пышақпен, не бір тақтайда кесу) . Сондықтан ас үйіңізде шикі және піскен тамақ өнімдерін кесуге арналған кем дегенде 2 пышақ, 2 тақтайша болу қажет.

7. Қолыңызды жиі жуып тұрыңыз.

- Тамақтанар немесе тағам дайындар, баланы тамақтандырар алдында, дәретханаға барғаннан, далаға шығып, қоғамдық орындарға барғаннан кейін міндетті түрде қолыңызды сабынмен жуыңыз.
- Балық, ет, құс еті сияқты шикі өнімдерді турағаннан кейін, басқа өнімдерді өңдеуге кіріспес бұрын қолды тағы бір мәрте жуған жөн.
- Егер сіздің қолыңызда сызат (жарақат) бар болса, тамақ әзірлемес бұрын оны міндетті түрде таңып, немесе

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Микроклимат. Ластану
Микроб әсерінен болатын тағамдық токсикоздар мен токсикоинфекциялар туралы мәлімет
Тағамдық аурулардың жіктелуі
Тыныс алу туралы
ҚАЗІРГІ ЗАМАНҒЫ ОҚУ-ТӘРБИЕ ЖҰМЫСЫНДА ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ ЖӘНЕ НЫҒАЙТУДА ХАЛЫҚТЫҚ ДӘСТҮРЛЕР МЕН ӘДЕТ-ҒҰРЫПТАРДЫ ПАЙДАЛАНУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
Ауыр металдар препараттарының рецепттері
УЛАНУ КЕЗІНДЕГИ АЛҒАШКЫ ДӘРІГЕРГЕ ДЕЙІНГІ КӨМЕК
Халықаралық стандарттау және техникалық реттеу (сүт өнімі мысалында)
Өсімдік және хайуанаттар уларымен уланған кездегі алғашқы көмек
Дәрілік шөптер және минерал тектес заттар
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz