Бүйректердің өзектері мен шумақтарының эпителий тіндерінде дегенеративті өзгерістері


Пән: Ветеринария
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 31 бет
Таңдаулыға:   

Мазмұны

Аннотация

Нормативтік сілтемелер

Анықтамалар

Белгілер мен қысқартулар

Кіріспе

1 Негізгі бөлім . . . 9

1. 1 Нефроздар . . . 9

1. 2 Нефросклероз . . . 11

1. 3 Бүйректердің қабынуы . . . 13

1. 4 Нефрозды анықтау және емдеу шаралары . . . 14

2 Өзіндік зерттеулер . . . 17

2. 1 Proanamnesis . . . 17

2. 2 Anamnesis vitae . . . 17

2. 3 Anamnesis morbi . . . 17

2. 4 Status prоesens universale . . . 18

2. 5 Status prоesens localis . . . 22

2. 6 Diagnosis . . . 23

2. 7 Decursis morbi et therapia . . . 24

2. 8 Еріkrisis . . . 36

3 Техника қауіпсіздігі . . . 40

Қорытынды . . . 39

Пайданылған әдебиеттер тізімі . . . 40

Нормативтік сілтемелер

Осы курстық жұмыста келесі нормативтік құжаттарды қолдануға сілтемелер жасалған:

МЖМБС2Л04-2006КҚБЖ(ЕСКД) . Негізгі жазбалар.

МЖМБС 2. 301 -68 КҚБЖ (ЕСКД) . Форматтар.

МЖМБС 2. 601 -2006 КҚБЖ (ЕСҚД) . Пайдалану құжаттары.

МЖМБС 2. 304-81 КҚБЖ (ЕСКД) . Сызбалық шрифттер.

МЖМБС 2. 701-84 КҚБЖ (ЕСКД) . Схемалар. Түрлері мен типтері. Орындауға қойылатын жалпы талаптар.

МЖМБС 2. 321-84 КҚБЖ (ЕСКД) . Әріптік белгілеу.

Кіріспе

Малдардың өнімінің сапасын арттырудың негізгі тірегі - ол уақытында өнімді аз бергін көрі малдарды шығыстан шығарып, олардың орнын жоғарғы өнімді дұрыс малдармен толықтырып отыру.

Малдарды күтіп-бағуды жақсылап ұйымдастыру, олардың ауру - сырқаудан аман болуын қадағалау, күтіп-бағылуын дұрыстау, ауру бола қалған жағдайда уақытында емдеу әдістерін қолдану, ауруды болдырмау үшін оның алдын алу шараларын уақытында жүргізу - жалпы мал мамандарынан бастап сол салада істеп жүрген барлық еңбекқерлердің ең негізгі жене күрделі міндеттерінің бірі. Малдар ауруларының арасында ас қорыту мен тыныс алу жүйелерінің, суық тию аурулары жиі кездеседі. Бұл аурулардын себептері мен даму процестері әртүрлі болып келеді. Сондықтанда бұл жүйелердің негізгі аурулары көп себептері бар аурулардың қатарына жатады.

Бүйректердің өзектері мен шумақтарының эпителий тіндерінде дегенеративті өзгерістер пайда болып, организмде жалпы зат алмасуының бұзылуымен сипатталатын ауру.

Қанның сары суындағы ұсақ дисперсияды альбуминдер мен альфа-глобулиндердін азаюы ондағы коллоидты-осмостық қысымды өзгертеді. Осының салдарынан су мен натрийдің реабсорбциясы бұзылып, ісіктің пайда болуына бірден-бір себеп болады.

Ұзаққа созылған улану гипофиз-бүйрек безі жүйесінің реттеушілік қабілетін бұзады. Оған бүйрек торшаларындағы тотығу процесінің бұзылуы қосылып, организмде белок пен майдың алмасуының бұзылуын одан ары асқындыра түседі.

Бүйректерде амилоидоз-белоктың түзілуі салдарынан зәр арқылы гамма-глобулин мен фибриногеннің көптеп бөлінуі организмде қарсы денелердің түзілу процесін нашарлатып, індетті-септикалық процестің дамуының бірден-бір себебі болады. Амин қышқылдары мен калийдің организмнен кем бөлінуі бүйректердің қызметін одан ары нашарлата түседі.

Ауру малдың халі жақсара бастағанда амилоидтар тарқан, зәрде белок азайып, организмде су мен тұздың, белоктың, майдың алмасулары қалыптасады. Полиурия байқалады. Қан сары суындағы альбуминнің мөлшері қалыпты жағдайға келеді.

Ауру малға жақсы жағдай жасап, аурудың белгілеріне қарсы дәрілер қолданады. Ас қорыту жүйесінің аурулары мен жүректі емдейді. Зәр шығаруды үдететін теофилин, темисал, меркузал дәрілерін қолданады. Венаға 20-40 %-ды глюкоза ертіндісін жібереді.

Нефрит пен нефрозды уақытында дұрыстап емдеу керек. Малдарды суықтықтан, уланудан сақтандыру керек.

1 Негізгі бөлім

1. 1 Нефроздар (Nephrosis)

Бүйректердің өзектері мен шумақтарының эпителий тіндерінде дегенеративті өзгерістер пайда болып, организмде жалпы зат алмасуының бұзылуымен сипатталатын ауру.

Ауру барлық малдарда кездеседі. Әсіресе жылқылар, шошқалар, иттер жиі ауырады.

Себептері. Негізгі себептері организмде септикалық процесті тудыратын барлық факторлар. Ауыр металл тұздарымен, хлорорганикалық қосылыстармен, өсімдік уларымен уланулар; анемияның гемолитикалық түрі; кетоздар; мастит; туберкулез; плевропневмониялар; созылмалы іріңді процестер; қотырлар; аумақты күйіктер; ас қорыту жүйесінің аурулары аурудың себептеріне жатады.

Дамуы толық зерттелмеген. Қалай болғанда да аурудың дамуының негізінде сенсибилизация, аутосенсибилизация процестері; организмнің иммунобиологиялық жағдайының нашарлауы жатыр. Организмге түскен, не өзінде түзілген улы заттар бүйректер арқылы бөлінгенде олардың шумақтарында иммунобиологиялық реакцияларға қатысады да, капиллярлардың негізгі мембраналарын жарақаттайды. Осының салдарынан олигурия, анурия процестері туындайды. Шумақтардағы сүзілу, өткізу процестері үдейді, протеинурия пайда болады. Протеин зәр арқылы көп бөлінетіндіктен қанда оның мөлшері азаяды (гипопротеинемия) . Бүйректердің ирелеңдеген өзектерінде дегенеративті өзгерістер дамиды.

Қанның сары суындағы ұсақ дисперсияды альбуминдер мен альфа-глобулиндердін азаюы ондағы коллоидты-осмостық қысымды өзгертеді. Осының салдарынан су мен натрийдің реабсорбциясы бұзылып, ісіктің пайда болуына бірден-бір себеп болады.

Ұзаққа созылған улану гипофиз-бүйрек безі жүйесінің реттеушілік қабілетін бұзады. Оған бүйрек торшаларындағы тотығу процесінің бұзылуы қосылып, организмде белок пен майдың алмасуының бұзылуын одан ары асқындыра түседі.

Бүйректерде амилоидоз-белоктың түзілуі салдарынан зәр арқылы гамма-глобулин мен фибриногеннің көптеп бөлінуі организмде қарсы денелердің түзілу процесін нашарлатып, індетті-септикалық процестің дамуының бірден-бір себебі болады. Амин қышқылдары мен калийдің организмнен кем бөлінуі бүйректердің қызметін одан ары нашарлата түседі.

Ауру малдың халі жақсара бастағанда амилоидтар тарқан, зәрде белок азайып, организмде су мен тұздың, белоктың, майдың алмасулары қалыптасады. Полиурия байқалады. Қан сары суындағы альбуминнің мөлшері қалыпты жағдайға келеді.

Өлекседегі өзгерістер. Аурудың жіті түрінде бүйректерде дегенеративті өзгерістер; күңгірттеніп ісінген, ирелеңдеген өзектерде майлы инфильтрат, не өлі еттенген. Бүйректердің көлемі ұлғайған, қанға толы, болбыр, капсуласы оңай белінеді. Асқынған түрінде бүйректер бозарған, сарғыш түсіті. Созылмалы түрінде белок пен майдың алмасулары бұзылады, амиломд бүйректерде ғана емес бауырда, көкбауырда да болады. Кейде капилляр амилоидпен бітеліп қалуы да мүмкін. Бүйрек шумақтары дәнекер тінмен өсіп, бүріскен. Майдың алмасуы бұзылғанда бүйректер жұмсарып, ағарады.

Клиникалық белгілері. Қосалқы түрінде негізгі аурулардың белгілері анықталады. Өзінің негізгі белгілеріне несептегі өзгерістерді келтіруге болады. Оның тығыздығы жоғарылайды, онда белок анықталады. Тұнбада гиалинді, түйіршікті цилиндрлер, бүйрек эпителийі. Қанда эритропения, нейтрофилді лейкоцитоз; гипо-, диспротеинемия. Уремиялық синдром бүйректердің қызметінің жеткіліксіздігін туғызады, олигурия біртіндеп анурияға айналуы мүмкін. Ауру малдың халі жақсара бастағанда полиурия байқалады.

Созылмалы түрінде ауру мал арықтаған; қабағында, төсінде, аяқтарында, ұманың тұсында көлемді ісіктер пайда болады. Кілегей қабықтары, терісі бозарған. Бауырдың көлемі ұлғайған, жүректің қызметі нашарлаған. Қанда А:Г төмендеген, азот қалдығы, хлоридтер, холестерин, линоидтар көбейген. Аурудың барысын 3 сатыға бөлуге болады:

1. Аурудын белгісіз сатысында протеинурия және аздаған хорестеринемия аныкталады;

2. Ісіну сатысы - мұнда организмнің негізгі қызметтері сақталған жалпы жағдайы қанағатганарлық;

3. Арықтау сатысында қанда азотемия, холестеринемия, гипопротеинемия анықталады.

Нефроз перитонитпен, плевритпен, бронхопневмониямен аскынуы мүмкін. Ауру мал қатты уланғанда анурия мен уремиядан өліп кетуі мүмкін. Амилоидозда ауру жай дамиды.

Анықтау үшін ауру мал туралы мағлұматқа, негізгі клиникалық белгілеріне, қан мен несепті лабораториялық тексерудің нәтижелеріне сүйенеді.

Ауруды емдеу жан-жақты жүргізілуге, аурудың негізгі себептерін жоюға бағытталады. Неғүрлым тезірек организмнен уды аластау керек. Ол үшін асқазан мен ішектерді тазалайды, антидот, сүт, жұмыртка; суды аз, белокты азықты көбірек береді. Рационға бұршақты шөп, жем; шошқа мен иттерге мал тіндерінен жасалған азықтарды қосады. Антибиотиктер мен сульфаниламид препараттары негізгі ережелерді сақтай отырып қолданылады.

Гормон препараттарын (тиреоидин, АКТГ, преднизолон, норадреналин) қолданудын нәтижесі жақсы. Мәселен, тиреоидинді қолданғанда:

• организмде зат алмасу процесі жақсарады;

• тіндерден судың бөлінуі жақсарады;

• зәр шығару процесін үдетеді;

• организмде белоктың түзілуін жақсартады;

• қандағы холестеринді азайтады.

Зәр шығаруды үдететін, ацидозға қарсы әсер ететін, жүректің қызметін жақсартатын дәрілерді қолданады. Зәр шығаруды үдету үшін калий ацетатын, теофилинді, темисалды қолданады. Азотемия болмағанда 10 %-ды меркузал ертіндісін венаға, не тері астына жібереді. Венаға 20-40 %-ды глюкоза ертіндісіне кофеин қосып жібереді. Анурияда қан ағызуға болады. Ас қорыту жүйесінің ауруларын емдейді.

Аурудан сақтандыру шаралары негізгі ауруларды емдеуге, организмді улы заттардың түсуінен қорғауға бағытталады.

1. 2 Нефросклероз

Бүйректердің артериолдары жарақаттанып, дәнекер тінмен өсіп, паренхимасынын өлі еттенуінің салдарынан олардың несеп түзу және шығару процестерінің бұзылуымен сипатталатын ауру. Ірі қарада жиі кездеседі.

Себептері. Ауру асқынған нефриттер мен нефроздың соңғы стадиясы деп қарау керек. Көп жағдайларда дәрігерлер зәр шығару ағзаларының ауруларын уақытында анықтамағанда, ол аурулар нефросклерозға айналғанда ғана біледі. Құрамында қышқылы көп азық, көп мөлшерде жем, ұзақ уақыт улану; қышыма, экзема, қотырлар аурудын себептеріне жатады.

Дамуы. Бүйрек шумақтарындағы, өзектеріндегі эпителийлердің бүлінуі нефрондардың өлуін туғызады. Бүйректердегі қан айналысының нашарлауы оның парехимасындағы зат алмасуын бұзады. Осының салдарынан өлген нефрондардың орнына дәнекер тіндердің өсуі үдейді. Шумақтар мен өзектер қысылады, өлі еттенеді; олардағы сүзілу, реабсорбция процестері бұзылады, не тоқтайды. Бүлінбеген бөліктерде қан айналысы күшейе түседі де, жалпы қан айналысы бұзылады. Ренин, ангиотензин 2 көп түзіліп, қанға сіңеді. Ол барып қанның қысымын жоғарлатады, жүрек еттері қалыңдайды (гипертрофия) . Екінші жағдайда ренин ферменттердің әсерімен қанның сары суындағы глобулинмен қосылып гипертензин түзеді. Олда жоғарыдағыдай әсер етеді. Бұл өзгерістер жүрек пен қан тамырларының қызметтерін нашарлатады, суықтардың жиналынан ісіктер пайда болады. Бүйректердегі белу процесі бұзылғандықтан организмде қышқылдар шоғырланып ацидоз дамиды. Осы өзгерістердің барлығы уремиялық синдромды тудырады.

Өлекседегі өзгерістер. Бүйректердің көлемі кішрейген, тығыз, сырты бұдырланған. Капсуласы паренхимасына жабысып қалған. Бүйректерді кескенде оның әр жерінде сұрғылт-сары, ақшыл түсті дақтарды байқауға болады. Кейде сұйыққа толы қуыстар кездеседі. Гистологиялық тексерулерде бүйректердің сау жерлерімен қатар дәнекер тін өскен бөліктерін анық көруге болады. Өлі еттенген жерлерге әк тұзы сіңіп қатаяды- петрификация.

Клиникалық белгілері. Ен негізгі белгісі - полиурия. Зәрдің бөлінуі қалыпты жағдайдағыдан 2-3 еседей көбейеді. Бүйректердің консистенциясы қатты, сырты бұдырланғае, ауырсынғандық байқалмайды. Ауру мал жай қозғалады, жылдам шаршайды, тәбеті жоқ. Бірте-бірте арықтайды. Қайта-кайта су іше береді. Иттер құсады, терісі қышиды. Кілегей қабықтары бозарған, дененің төменгі жақтарында әртүрлі көлемді ісіктер анықталады. Ас корыту жүйесінің ағзаларында қабыну процесінің белгілері байқалады. Жүрек пен қан тамырларының жеткіліксіздігінің белгілері: тамырдың соғысы жиі, артерияда канның қысымы жоғары, жүректің көлемі ұлғайған, жүрек түрткісі күшейген, шашыраңқы; бірінші сазы ақырын, күңгірт; ал екінші сазы р. о. ортада катты естіледі.

Бүйректердін қызметінің жеткіліксіздігі полиуриямен; несеп тығыздығының төмендеуімен; несепте белок, эпителий, лейкоциттер, бүршікті-гиалинді цилиндрлер және эритроциттердің болуымен сипатталады. Қанда азот қалдығы мен хлоридтер көбейеді.

Барысы. Ауру айлап, тіпті жылдап созылуы мүмкін. Аскынған ауыр түрі өлім-жітіммен аяқталады. Ұзаққа созылған аурудан мал арықтап барып өлуі де мүмкін.

Ауруды анамнез, клиникалық белгілері арқылы анықтауға болады.

Саралау. Ауруды қантты және қантсыз диабеттерден ажырата білу керек. Бұл ауруларда полиуриямен сипатталады, бірақ несепте белок болмайды және бүйректердің жеткіліксіздігінің белгілері білінбейді.

Емі. Ауру малға жақсы жағдай жасап, аурудың белгілеріне қарсы дәрілер қолданады. Ас қорыту жүйесінің аурулары мен жүректі емдейді. Зәр шығаруды үдететін теофилин, темисал, меркузал дәрілерін қолданады. Венаға 20-40 %-ды глюкоза ертіндісін жібереді.

Сақтандыру. Нефрит пен нефрозды уақытында дұрыстап емдеу керек. Малдарды суықтықтан, уланудан сақтандыру керек.

1. 3 Бүйректердің қабынуы

Бүйректердің паренхимасының, әсіресе ирелендеген шумақтарының қан тамырларының жарақаттанып қабынуымен сипатталатын ауру.

Аурудың барысы бойынша жіті және созылмалы түрлерін, ал орналасуына байланысты шоғырланған және жайылыңқы түрлерін ажыратады. Малдарда көбінесе гломерулонефрит ретінде кездеседі. Олардын ішінде иттер мен шошкаларда жиі анықталады.

Себептері. Нефрит өз алдына жеке ауру болып сирек кездеседі. Қосалқы ауру ретінде жұкпалы, құрт аурулары, септикалык іріңді процестер аскынғанда пайда болады,

Аурудың дамуы өте күрделі және жете зерттелмеген. Оған әсер ететін жағдайлар:

• организмнің қолайсыз жағдайға қарсы тұру қабілетінің нашарлауы;

• физикалық факторлардың әсері: суық тию, төлдердің бүйректерінде қан айналасының бұзылуы;

• химиялык факторлар: дәрілердің үлкен дозасы, уланулар;

• механикалық факторлар - әртурлі жарақаттар;

• малдың қатты күюі, күйзелуі, гиподинамия;

• рационда тұздын көп, ретинолдын аз болуы.

Қалай болғанда да ауру жоғарғы факторлардың әсерлерінен организмнің резистенттілік қабілетінің нашарлауынан басталады. Жүйке жүйесінің және ішкі бездердің реттеушілік қызметтері бұзылады, бүйректердегі қан тамырлары зақымданады, зат алмасу процесі бұзылады, Тітіркендіру салдарынан рефлексті түрде, бас ми қабығындағы қоздыру-тежеу процестерінің тепе-теңдік қабілеттілігі өзгеріп, оларда доминантты орталықтар пайда болады. Ми қабының астыңғы бөліктерінің қызметінің қалай болса солай үдеуінің салдарынан бүйрек шумақтарындағы қан тамырлары қысылып, олардағы зат алмасу процесі бұзылады. Егерде қан тамырлары көпке дейін қысылатын болса, кейде ағза салданып қалуы да мүмкін. Онда қан тамырларының өткізгіштік қабілетінің жоғарлауы салдарынан қабыну процесі үдей түседі.

Аурудың созылмалы түрінің дамуында гуморалды факторлардың - әсіресе рениннің ролі зор. Қан айналуы азайған бүйректерде ренин көп түзіледі де, қанның қысымын одан ары жоғарлатады. Капиллярлардың қабырғасы арқылы тек альбуминдер ғана емес, қанның басқа элементтері де өтіп кетеді. Су мен хлоридтердің алмасуларының бұзылуы ісіктің пайда болуын туғызады. Су мен тұздың жинақталуына көп түзілген антидиуретин өз әсерін тигізеді,

Бүйрек шумақтарындағы (Шумлян-Боумен) қан тамырларының жарақаттануы олардың сүзу процестеріне қатысатын беттерінің көлемін азайтады. Несеп бөлу жолдарының өзектерінде глобулиндер, фибриногендер шоғырланады, зәрдің қышқылдығы жоғарылайды, цилиндроурия пайда болады.

Өлекседегі өзгерістер:

  • бас, аяқ жақтарда; кеуде, іш тұстарында тері астының шелі ісінген;
  • бүйректердің көлемі ұлғайған, капсуласы оңай белінеді;
  • бүйректі кесіп қарағанда оның шумақтарының суреті өзгерген, қабынып қызарған, үлкейген;
  • қатты қабынғанда капсулада ұйыған белок, эритроциттер мен түлеген эпителий клеткалары бар; кейде ирелеіиіген түтікшелерде майдың, белок түйіршіктерінін өзгерген түрлері байқалады;
  • гистологиялық құрылыстары өзгерген.

Клиникалық белгілері. Аурудың басында дене қызуы көтеріледі, ауру мал әлсін-әлсін тынышсызданады, бүйректерінің тұсын сипалағанда ауырсынғандық байқалады. Қарынның, кеуденін, жұткыншақтың, қабақтың астыңғы тұстарында ісік. Көрінетін кілегей қабықтары бозарған, қанның қысымы жоғары, жүректің сол жақ қарыншасы кеңейген, қабырғасы қалыңдаған, тамырлары қатайган. Р. о. ортада жүректің екінші сазы қаттырақ естіледі. Қан айналысының кіші шеңберінде қан тоқыраған, кейде ентікпе, жөтел, ылғалды сырыл пайда болады. Ауру мал жиі-жиі несеп бөлуге тырысады, бірақ олигурия, кейде тіпті анурия болуы да мүмкін. Несеп лай, кейде ақшыл-қызыл, не қоңыр түсті болып келеді. Кебінесе қышқылдығы жоғары болады.

Қан сұйық, меншікті салмағы төмен, эритроциттер мен гемоглобин аз, азотты зат қалдықтары көп. А:Г төмен. Аурудың жіті түрінде тромбоциттер аз, ал ауру мал жазыла бастағанда олда көбейе бастайды.

1. 4 Нефрозды анықтау және емдеу шаралары

Барысы. Аурудың жіті түрі 1-2 жұмаға созылуы мүмкін. Уақытында дұрыс ем қолданғанда ауру мал жазылып кетеді. Аурудың асқынған, жайылыңқы түрі уремиялық синдром басым болған жағдайда өлім-жітіммен аяқталады.

Ауруды анықтау үшін ауру мал туралы жиналған анамнезге, негізгі клиникалық белгілеріне және лабораториялық зерттеулердің нәтижелеріне сүйенеді.

Саралау. Нефриттің жіті түрі көбінесе індетті аурулардан кейін болады. Онда несеп синдромдарынан: олигурия, зәрде қан, белок, бүйрек эпителийі, цилиндрлер.

Нефрозда зәрде қан жоқ және қанның қысымы көтерілмейді. Жүрек еттерінде гипертрофия жоқ.

Аурудың болжамы бүйректердің жарақаттануларының көлеміне және аурудың барысына байланысты. Уремиялық синдром дамығанда өлім-жітіммен аяқталады.

Емі. Ауру малдың күтіміне, азықтын сапасына көңіл аудару керек. Олардың үстін тазалап, желдеткіші бар, таза бөлмеде ұстайды. 1-2 күнге ашықтыру диетасын тағайындауға болады. Одан кейін женіл қорытылатын, белогы мен тұзы аз тағам береді. Рационда натрий аз, калий мен кальций иондары, аскорбин қышқылы, ретинол, В витамимдері жеткілікті болуы керек. Бүйрек маңайына новокаин блокадасын жасайды. 10 %-ды хлорлы кальций глюконатына, немесе 0, 5-1 %-ды новокаин ертіндісіне аскорбин қышқылын қосып венаға жібереді. Антибиотиктер мен сульфаниламид препараттарын барлық ережені сақтай отырып қолданады. Улануға қарсы қан ағызып, глюкоза ертіндісін венаға жібереді. Ол организмнің жалпы резистенттілік қабілетін жаксартады.

Жүректің қызметі нашарлағанда жалын гүлінің, строфант ертіндісін, оттегін қолданады. Зәрдің бөлінуін жақсарту үшін темисал, новурит, фонурит береді. Күкірт қышқыл магнезий жақсы есер етеді. Ол суды, тұзды өзіне сіңіреді, қанның қысымын реттейді, қан тамырларының өзектерін кеңейтеді, зәрдің бөлінуін үдетеді. Жүйке жүйесіне жақсы әсер етеді. Оны 25 %-ды ертінді ретінде, 0, 2-0, 4 мл/кг қлшерінде еттің ішіне жібереді. Ауру малдың сіңірі тартылын қалған жағдайда хлоралгидрат, немесе морфий ертінділерін қолданады. Медицинада соңғы кезде гормон препараттарын жиі қолданып жүр: преднизолон, кортизон, АКТГ. Ацидозда соданың ертіндісінің көмегі жақсы. Сондай-ақ жылулық процедуралары жақсы нәтиже береді.

Сақтандыру. Малдың күтімі мен рационына көңіл аударады. Суықтықтан, уланудан қорғайды. Бүйректердін тұсын жарақаттан сақтау керек. Ас тұзының азықта қалыпты жағдайда болуын қадағалайды. Індетті, хирургиялық, гинекологиялык, ауруларды уақытында емдеп жазады.

2 Өзіндік зерттеу

Өзіндік зерттеу жұмысымды М. О. Әуезов атындағы ОҚМУ-нің Агроөнеркәсіптік факультетінің «Ветеринарлық медицина және зоотехния» кафедрасына қарасты Ветеринарлық клиникасында бастадым.

Өзімнің курстық жұмысымның тақырыбына сәйкес, нефроз және нефрит ауруымен ауырып тұрған сиырды емдедім. Жетекшім Б. К. Ильясов болды.

2. 1 Proanamnesis

Амбулаторлық журналындағы тіркеу нөмірі -1

Емдік мекеме мекен-жайы: Шымкент қаласы,

Емдік мекеме аты: М. Әуезов атындағы ОҚМУ-дың «Агроөнеркәсіптік» факультетінің «Ветеринарлық медицина және зоотехния» кафедрасының клиникасы

Иесі- Досаева Гүлжан 5. Иесінің мекен жайы: Шымкент қаласы, Қазұғұрт мөлтек ауданы, Қожамберді көшесі №5 жеке үй

6. Мал түрі- сиыр

7. Жынысы-ұрғашы

8. Тұқымы- Әулие-ата

9. Түсі- ақ ала

10. Жасы- 8 жасар

11. Салмағы- 430кг

12. Лақап аты-Марис

13. Дәрігерге көріну күні: 11. 04. 2011ж.

14. Сауығу күні: 30. 04. 2010ж.

15. Алдын ала қойылған диагноз: нефроз және нефрит.

2. 2 Anamnesis vitae

Маристы иесі өз үйінде асыраған. Мал жайылымға шығарылған. Азықтандыруы зоотехникалық нормаға сай болған (қоректік заттар, витаминдер, минералды заттар) . Сүтті бағытта өсірілгендіктен құнарлы азықпен (жем) күніне екі рет (азанда, кешке) азықтандырған, жайылымда дала шөбімен қоректенген, судан мұқтаждық көрмеген. Қыста сиырдың буаздығы жақсы өтіп, ешқандай асқынуларсыз төлдеген. Профилактика мақсатында вакциналарды уақытылы қабылдаған. Осы уақытқа дейін ешқандай аурумен ауырмаған.

2. 3 Anamnesis morbi

Егесінің мәліметтері бойынша мал 20 күн бұрын әлсіздене бастаған. Ауру мал жабырқаңқы, кейде ессіз, терең ұйқыға кетеді. Тәбеті жоқ, өнімділігі, жұмысқа қабілеттілігі төмендеген. Қосалқы түрінде негізгі аурулардың белгілері анықталады. Өзінің негізгі белгілеріне несептегі өзгерістерді келтіруге болады. Оның тығыздығы жоғарылаған, онда белок анықталған. Тұнбада гиалинді, түйіршікті цилиндрлер, бүйрек эпителийі. Қанда эритропения, нейтрофилді лейкоцитоз; гипо-, диспротеинемия. Уремиялық синдром бүйректердің қызметінің жеткіліксіздігін туғызған, олигурия біртіндеп анурияға айналған. Ауру малдың халі жақсара бастағанда полиурия байқалады. Ауру мал арықтаған; қабағында, төсінде, аяқтарында, ұманың тұсында көлемді ісіктер пайда болған. Кілегей қабықтары, терісі бозарған. Бауырдың көлемі ұлғайған, жүректің қызметі нашарлаған.

Ен негізгі белгісі - полиурия. Зәрдің бөлінуі қалыпты жағдайдағыдан 2-3 еседей көбейген. Бүйректердің консистенциясы қатты, сырты бұдырланған, ауырсынғандық байқалмаған.

2. 4 Status proesens communis universale

1. Жүрек - қан тамыр жүйесін зерттеу

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Нефроздар
Мал аурулары
Зәр шығару жүйесі туралы түсінік
Сойып ашу хаттамасы
Жылқы аурулары
Терісі бағалы аң бауырының майлы дистрофиясы»
Несепті зерттеудің диагностикалық маңызы жайлы
Несептегі белокты анықгау
Созылмалы бүйрек ауруы
Несептің физикалық және химиялық қасиетін анықтау
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz