Тамақтанудың физиологиялық негіздері


Пән: Медицина
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 9 бет
Таңдаулыға:   

Тамақтанудың физиологиялық негіздері

Тамақтану бүкіл организмнің бір қалыпты дамуы мен үйлесімді қызметін қамтамасыз ететіндей болып ұйымдастырылуы тиіс. Организмнің физиологиялық қажеті көптеген жағдайға байланысты, олар ұдайы өзгеріп отырады. Организмнің тамақтан жұғымды заттарды дәл осы сәтте қажетті мөлшерде бойына сіңіріп зат алмасу процесінде бір затты екінші түрге айналдыратын, керекті кезінде пайдалануға болатындай қор жасайтын, реттеуші механизмі болады. Бірақ организмнің реттеу мүмкіндігінің белгілі шегі бар; ол мүмкіндік бала кезде және егде тартқан шақта көбірек шектеледі. Кейбір витаминдер, алмастырылмайтын амино қышқылын адам организмі зат алмасу процесінде жинақтай алмайды, ол дайын күйінде тамақпен бірге берілуі тиіс, өйтпеген күнде кісі тамақ жұқпайтын ауруға ұшырайды .

Қазақстанның өңіріңде халық денсаулығын анықтау, дәрігерлік бақылау және аурудың алдын - алу (4 астам адам), тағамтану мәселелерін (2000 астам адам) зерттеу негізінде біз мынадай қорытындыға келдік:

1. Әртүрлі топтағы адамдар денсаулығын зерттеуде дәрігерлер олардың қатерлі факторларға тұрақтылық дәрежелерін және тағамдық статусын ескермейді;

2. Зерттеулер жүйесінде адамның физикалық, психикалық, тағамдық және рухтық күйлері бағаланбайды, ол аурудың себебін анықтауда және оның ағымын болжауда кедергі келтіреді. Сондықтан да, бұл мәселелерге тиянақты ғылыми негіз беру өте орынды.

Жеке бас денсаулы ғ ы дегеніміз - сыртқы ортаның кез келген жағдайында ұзақ өмір сүруін, белсенді еңбек етуін қамтамасыз ететін және оның қатерлі факторларына қарсы тұратын адам организміндегі, психикасындағы гомеостатикалық және бейімделу процесстерінің белгілі динамикасы.

Міне, осы негізде денсаулықты қауіпсіз қалыпта сақтай білуді, өмір сүру салты мен әдет-ғұрпын, өмірдегі алатын орны мен дәрежесін, дұрыс тамақтануын, денсаулықты нығайтуға бағытталған іс-әрекетін, оған әсер ететін қатерлі факторларды толық түсіну керек.

Та ғ амтану дегеніміз - адамның денсаулығын және өмір сүру ұзақтығын жақсарту үшін тағам өндірісін, сапасын, қауіпсіздігін оның қолдану тәртібін қамтамасыз ететін және оның емдік, ауру тудыратын қасиеттерін зерттейтін білімдер жүйесі.

Денсаулықты бұзатын, ауру алды күйін дамытып, ауруға әкелетін қатерлі факторлар дегеніміз - тамақтану тәртібінің бұзылу нәтижесінде ішкі және сыртқы орта қарым-қатынастары мен жалпы адами тәртіп ерекшеліктерінің өзгеруі салдарынан қолайсыз нәтижеге әкелетін себептер.

Салауатты өмір салтын қалыптастыру және дұрыс тамақтану арқылы ауруды тудыратын күйзеліс кезеңдерінінің алдын алу

I. Құрсақ ішіндегі ұрықтың дамуындағы өзгерістердің алдын алу

  • Бірінші күйзеліс сатысы: бірінші аптадағы ұрықтың дамуы (имплантация)
  • Екінші күйзеліс сатысы: 3-12 апта (плацентация)
  • Үшінші күйзеліс сатысы: баланың туылуы (туу стресі)

II. Туғаннан кейінгі кезеңдегі балалар организміндегі өзгерістердің алдын алу

  • Төртінші күйзеліс сатысы: туылғаннан бастап

2 жасқа дейін (тамақтану тәртібінің өзгеруі) .

III. Мектеп жасына дейінгі балалар денсаулығы өзгерістерінің алдын алу

  • Бесінші күйзеліс сатысы: 2-7 жасқа дейін (бастапқы соматикалық конституцияның қалыптасуы)

IV. Мектеп жасындағы балалар денсаулығы өзгерістерінің алдын алу

  • Алтыншы күйзеліс сатысы: 7-10 жастағы төменгі класс оқушыларында (физикалық даму қасиетінің қалыптасуы)
  • Жетінші күйзеліс сатысы: 11-15 жастағы жас өспірімдерде (жыныстық даму және психикалық денсаулықтың қалыптасуы)
  • Сегізінші күйзеліс сатысы: 16-17 жастағы жоғары класс оқушыларында (ағза мен орталық жүйке жүйесінің жетілуі)

V. Өрбіту денсаулығы өзгерістерінің алдын алу.

  • Тоғызыншы күйзеліс сатысы: 17-35 жас және одан жоғары (өрбіту потенциалы мен жүйке жүйесінің қызметтік жетілу сатысы; жұбайлар сәйкестігі; балалар тууын реттеу; қызметтік, ішкі және сыртқы орта жағдайларындағы өзгерістер)

VI. Зейнеткерлік жастағы адамдар денсаулығы өзгерістерінің алдын алу

  • Оныншы күйзеліс сатысы: 58-65 жас және одан жоғары (әлеуметтік, зейнеткерлік жасқа байланысты физиологиялық өзгерістер)

VII. Егде жастағы адамдар денсаулығы өзгерістерінің алдын алу

  • Он бірінші күйзеліс сатысы: 75 жастан жоғары (өмір сапасының төмендеуі)

Орталық жүйке жүйесіндегі қозу мен тежелу процесстері арасындағы тепе-теңдіктің бұзылуы: ( 22%)

  • Шаршау
  • Еңбеккке ынталықтың төмендеуі
  • Жалқаулықтың басымдылығы
  • Мінездің өзгермелілігі (пассивтік, агрессивтік т. б. )

II. Вегетативтік жүйке жүйесінің, симпатикалық және парасимпатикалық реттеудің өзара қарым-қатынасының өзгеруі:( 30%)

  • Ағза мүшелері қызметінің физиологиялық шамада өзгеруі т. б.
  • Жалпы реттеушілік механизмдерінің өзгеруі

III. Нуртициологиялық өзгерістер: ( 48%)

  • Тағамтану тәртібінің бұзылуы
  • Ұтымды тамақтанудың болмауы
  • Тамақтануға байланысты өзгерістердің пайда болуы т. б.
  • Біріншіден, біздің халықтар арасында дұрыс тамақтану мәдиениеті әлі толық деңгейде қалыптаспаған, парықсыз тамақ қабылдау кеңінен дамыған. Жасына, жынысына, қуатына жыл мезгіліне, тәулігіне, артық не кем салмағына, ауру күйіне т. б. байланысты тамақтану ережелері әлі халықтар арасында жеткіліксіз.
  • Екіншіден, техникалық жетістіктерге байланысты дене қозғалысы шектеліп (гиподинамия), энергия шығыны азаюда. Оның үстіне қуатты тағамдар көп қолданылуда.
  • Үшіншіден, сыртқы ортаның теріс - факторлары әсерінен тағамдық заттар құрамы, сапасы өзгеріп, организмде зат алмасу өзгеріп, оның қорғаныстық, бейімдеушілік қасиеті төмендеуде.
  • Төртінші жағынан, әртүрлі әлеуметтік, экономикалық, адами факторлар әсерінен тағамдық заттардың, әсіресе дәрумендер, микроэлементтер, тағамдық талшықтар жеткіліксіздігінен ашаршылық, аурулық күйлер дамып соңғы кездерде ақыл-ой, дене мүшелерінде ақаулары бар балалар туыла бастады.
  • Бесіншіден, халықтар ішінде созылмалы аурулар көбеюі нәтижесінде тағамдық затттардың қорытылуы, сорылуы, пайдаланылуы өзгеріп сырқаттардың ағымы одан сайын күрделенуде.

Шығыс медицинасы тамақтану мәдениетіне айрықша көңіл бөледі. Олар тағамдардың құрамына еттің аз, керісінше көкөніс пен жеміс-жидектердің көп болғанын қадағалайды. Жаңа піскен жеміс-жидектер мен көкөністер-адам ағзасын жиналған қождарды(шлактан) арылтып, қажетті дәрумендермен толықтырады. Олар адамның қартаюына жол ашатын, құрамында токсикологиялық заттары бар ет өнімдерін жемеуге кеңес береді.

Тиімді тамақтанған адам біраз ауру-сырқауға ұшырамай, оларды оңай жеңіп отыратын болады. Тиімді тамақтанудың мезгілсіз, ерте қартаюдан алдын-ала сақтандырудағы маңызы зор. Асқазаны, жүрек-қан тамыры т. б. сырқатқа ұшырағанда тамақтанудың арнайы ойластырылып жасалған рационы мен режимі емнің бір түрі болып табылады.

Дені сау адамның тамақтану рационында ақуыз, май және көмірсулардың ара қатынасы 1:1:4-ке жуық болуы керек. 1 грамм ақуыздың, майдың және көмірсудың қуаттылық құндылығы олардың сіңімділігін ескергенде тиісінше 4, 9 және 4 ккал болады.

Дұрыс тамақтанбауға байланысты жастар арасында кездесетін аурулар

  1. Йодтың жеткіліксіздігінен болатын аурулар - 16%

2. Семіздіктің байқалуы- 20-30%

3. Жүрек-тамыр аурулары

4. Рактың кейбір түрлері

5. Диабеттің пайда болуы.

Артық салмаққа жол бермеу үшін «қара тізімдегі» тағамдарды біле жүрген жөн. Ол үшін тағамның этикеткасындағы «Е-ден» басталатын сандарға назар аударыңыз. Е103, Е105, Е111, Е121, Е121б, Е123, Е126, Е127, Е130, Е152, Е211, Е240, Е924а, Е924б, Е952, Е216, Е217 көрсеткіштерін мамандар денсаулыққа аса зиян дейді. Ал жарамдылық мерзімі үш айға жететін торттар, йогурттар, сырты табиғидан алшақ, тым ашық түспен боялған пирогтар да ағзаны асықпай уландыратын қоспалар көрінеді. Дайын шырындардың да пайдасынан зияны көп болып шықты.

Шұжық, сосискі, банкалардағы бұқтырылған ет сияқты консервіленген не қайта өңделген ет өнімдері де пайдасынан зияны басым тағамдар тізімінде екен. Сол себепті де ондай тағамдарды көп қолданбаған жөн. Ал «фабрикаттар» ала қалсаңыз, оның құрамына мұқият назар аударғаныңыз жөн. Өйткені өз денсаулығыңыз өз қолыңызда.

Минерал
Маңызды көздері
Қызметі
Минерал: Темір
Маңызды көздері: Бауыр, ет, құс, жұмыртқаның сарысы, сардиндар, скумбрия, бүтін дәнді өнімдер, нан, бұршақтар, саумалдық.
Қызметі: Эритроциттағы пигменттің компоненті бұлшық ет компоненті.
Минерал: Кальций
Маңызды көздері: Сүт, ірмішік, арқан балық, сардиндер, майшабақ, жасыл жапырақты көкөністер
Қызметі:

Сүйек пен тістердің өсуі

Бұлшық еттің жиырылуы

Жүйке серпінін тарату.

Минерал: Цинк
Маңызды көздері: Ет, балық, жұмыртқа, дәнді өнімдер, бұршақтар
Қызметі:

Тұлғалық даму

Қайта жаңғыру

Жарақаттың жазылуы

Минерал: Йод
Маңызды көздері: Йодталған тұз, теңіз өнімдері, топырағында йодтың көлемі жеткілікті аудандарда өсірілген жануар мен өсімдік текті өнімдер.
Қызметі: тамақтың құрамында йодтың жетіспеушілігінен зоб ауруы пайда болады

8 - 10 жастағы балалардың тамақтану рационынан алынып тасталуы керек.

Бала организмі нашар сіңіреді және оған уланып қалуы не ішек құртын жұқтыруы мүмкін.

Жоғары сынып оқушылары, лицейдегі төменгі курс студенттерінің оқу және тұрмыс жағдайлары ерекше күш жұмсауды талап етеді. Жас организмнің кейбір физиологиялық жүйелер әлі де толық қалыптасып бітпеген, сондықтан олар, тамақтану рациондарын бұзуға өте бейім келеді. Оқу кезінде тамақтану тәртібін бұзуға байланысты жасөспірімдердің көпшілігінде “жастар ауруы “деп аталатын ас қорыту жүйесінің ауыруы дамиды және қан қысымың көтерілуі, жүйке және басқа да аурулар байқалады. Бірнеше зерттеу мәліметтеріне қарағанда, қанағаттанарлық бағаға оқитын студенттердің 60% күніне екі рет тамақтанады, ал жақсы оқитын деген баға алатындар 80% үш рет тамақтанады.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының ұсынбасы

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Дұрыс тамақтану ережелері
Денсаулықтың гигиеналық негіздері
Диеталар сипаттамасы
Әскери далалық жағдайларда әскердің тамақтануына санитарлық қадағалау жүргізу және ұйымдастыру негіздері туралы ақпарат
Емдік тағам белгілеудің негізгі принциптері
«Әскери далалық жағдайларда әскердің тамақтануына санитарлық қадағалау жүргізу және ұйымдастыру негіздері.»
Зат және энергия алмасу туралы
Организм қажеттерінің қоректік заттардың белгілі бір мөлшерде және арақатынасында қанағаттандырылуы
Тамақтанудың физиологиялық мөлшері. Тиімді тамақтанудың физиологиялық негіздері
Тұрғындардың арасында белокты тамақтану проблемасының гигиеналық аспектілері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz